Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

макал мател

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
15.18 Кб
Скачать

Мақал – мәтелдер халық шығармашылығының төл жемісі, тәрбие теориясы. Мақал – мәтелдерді көне түркі тілінде «аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл «атадан балаға мирас болып» келе жатқан қазына деген сөз.

Әр халықтың мақал - мәтелі сол халыхтың өзі жасаған логикалық формуласы, ережесі. Ол көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп – жеңіл, оп оңай, бір- ақ сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Туған елдің қадір – қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей – ақ: «Ел іші алтын бесік», «Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты екі – үш сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы К.Д. ушинский мақал – мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы деп санады. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал – мәтелдер, сондай – ақ басқа да қанатты нақыл сөздер, сөздің інжу – маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған.

Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін құбылыс. Мақал-мәтелдер - халық даналығының айнасы, оларды тудырған  халықтық тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің нәтижесі болып келеді. Олардың бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқы-қысқа нақыл сөзге айналып тілде сақталып қалады. Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан сөйлеген сөзде оны  пайдалана білу керек-ақ. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал » деп, атам қазақ бекер айтпаса керек.  Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Осындай мол меңгерілген рухани мұра Абайдың болашақ туындылары мен шығармашылығында көрініс тапқан. Мысалы: «Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде «не күн туды басыңа», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп» деп кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың қара сөздерінде, оның ішінде «отыз тоғызыншы» қара сөзінде: «Ағайынның азары блоса да, безері болмайды», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Сонымен қатар, мақал- мәтелдер  М.Ғабдуллин, М.Әлімбаев, Б.Адамбаев,  Б.Абдуллина, А.Сабыр,  Р.Сәрсенбаев еңбектерінде әр қырынан қарастырылған. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады»,─ деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады. Мақал-мәтелді өз кезегінде зерттеп, ерінбей ұзақ жинаған тұлғалардың бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. МәшҺүр-Жүсіп жазбаларында сақталған мақал-мәтелдер тақырыптарының көп түрлілігімен де құнды. МәшҺүр-Жүсіп жинаған мақал-мәтелдерді төмендегіше топтастырып көрсеткен: Өнер-білім туралы; Ынтымақ-бірлік жайында; Адамгершілік-сыйластық жайында; Адамның мінез-құлқы жайында; Денсаулық турасында; Ел мен жер жайлы; Еңбек туралы; Озбырлық-жауыздық жөнінде; Әділдік жайында; Барлық пен жоқтық турасында; Семья, қоғам хақында; Мәселен 1) Өнер-білім, ақыл туралы мақал-мәтелдерді сараптасақ: Ақыл − білім азығы, білім − ырыс қазығы; Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады; Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады; Өнер алды – қызыл тіл; Өнерді үйрен де, жирен; Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Қазақ жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз).  Қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен «Қазақ Жұмбақтары» жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыровтар жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев, К.Баянбаев, Қ.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]