Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_GRAMMATIKA.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
137.22 Кб
Скачать

1 Билет Сөздің тура және ауыспалы мағыналары

Сөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:

  1. Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.

  2. Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыс мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.

Мысалы: Тура мағына Ауыспалы мағына

Терең көл терең ой

Ашық терезе ашық мінез

Домбыра шерту сыр шерту

2 Билет (омоним)

Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат — жұмыс көлігі;

  2. Ат — есім, атау;

  3. Ат — етістік (бұйрық рай).

3 билет

Антонимдер – мағыналары бір, біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер.

Мысалы:аласа – биік, ұзын – қысқа, жақын – алыс т.б.

4 билет

Синонимдер айтылуы әртүрлі, мағыналары бір – біріне жақын сөздер.

Мысалы:

  1. Адам, кісі - человек

  2. Ат, есім, ныспы - имя

  3. Әлем, дүние, жер жаһан - мир

5 билет

Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. 

Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).

2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).

3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).

4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).

6 билет

Хабарлы сөйлем. Белгілі бір оқиға, құбылыс туралы ойды екінші біреуге жай хабарлап айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы ауыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Төле би ақылды, әділ, шешен, әрі халық қамын ойлайтын қайраткер бейнесінде суреттеледі.

7 билет

3. Сұраулы сөйлем.

Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады:

1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?

2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?

8 Билет

2. Бұйрықты сөйлем

Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.

2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!

Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]