Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_meditsina.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
176.92 Кб
Скачать

(N,f) реакциясы бойынша радионуклидтерді алу мысалдары.

Бір элементтің әртүрлі изотоптарының химиялық қасиеттері бірдей болады Осылайша химиялық элемент секілді, оның изотоптары да ағзаның биохимиялық реакцияларға қатысуы бірдей болады. Медициналық мақсатта тек "таза" изотоптарды ғана емес, сонымен қатар басқа заттармен химиялық қосылысын қолданады. Сондықтан бұл қосылыстарды радиофармацевтикалық препараттар деп атаған дұрыс, олардың молекулаларында адамның ағзасына диагностикалық және емдеу мақсатында енгізуге болатын радионуклид пен химиялық зат болады. Радионуклид белгілі бір спектрдағы энергияны сәулелендіріп, денені аз сәулелендіріп, зерттеліп жатқан органның жағдайын көрсету керек.

А)РФП синтез әдісімен алу. I. Бірінші әдіс – радионуклидтерді, элементтер секілді атомдық реакторда уранның бөлңнуі нәтижесінде түзілген өнімнен алады. Нейтрондармен атқылау кезінде тің ыдырауынан түзілетін өнімнің 60 жуық түрі белгілі. Мысалы: а)қалыпты элементтерді зарядталған бөлшектермен, нейтрондармен және гамма – сәулелермен сәулелендіру жолымен,сәулелендіру нәтижесінде олар радиоактивті элементке айналады; б) нейтрондармен атқылау(көп таралған әдіс): Реакциялар нәтижесінде түзілген элементтер нысанның (мишень) изотоптары болады. ; в) Түзілген радионуклидтер нысанның изотоптары болмайды: . II. Радионуклидтерді алудың әдісі – циклотрондық жолмен алу. а) (d,n ) реакциялары – дейтрондармен атқылау кезінде нысаналардан нейтрон және үш маңыздылығы жоғары элемент оттегі, азот, көміртек элементтерінің гамма сәулелерді бөлетін радионуклидтері түзіледі. Олардың барлығының да өмір сүру периоды аз (2 – 30 минут аралығында): б) реакциялар - бөлшектермен атқылау. Әсерлесу нәтижесінде екі бөлшек қалыптасады (нейтрон және протон): ; в) реакциялары - бөлшектермен атқылау. Нысан ядроларымен әсерлескенде екі нейтрон түзіледі: .

Барынша мүмкiн және өлiммен аяқталар дозалар. Радиациондық қауіпсізідк нормалары ионизациондық сәулеленудің адамға тигізетін әсері бойынша келесі шарттарда таралады:

  • Сәулеленудің техногенді көздерін қалыпты эксплуатациялау кезінде

  • Радиациондық апат кезінде

  • Табиғи сәулелену көздері кезінде

  • Медициналық сәулелену кезінде

Радиоциондық қауіпсізідк нормалары негізгі дозалық шектерді орнатады.Негізгі дозалық шектерге жатады:эффективті доза,көз жанарының,терінің,буынның сәулеленуінің эквивалентті дозасы.Персоналдың немесе тұрғындардың сәулелену дозаларын бағалау кезінде сәулелену сипатын білі қажет.Жалпы сәулелену кезінде доза эффективті дозамен салыстырылады,ал аймақтық сәулелену кезінде дененің сәулеленген бөлігінің эквивалентті дозасымен салыстырылады. Барынша мүмкін шекті дозалар кестесі.

2 бэр (20 мЗв) - ұйғарыңды шекті доза-Атомдық өнеркәсіп салаларында және ионизациондық сәулелену көздерімен жұмыс жасайтын адамдарға (А категориясы) арналған эквивалентті доза (1 жылға).Осындай жылдық дозада адам ағзасы 50 жыл тең мөлшерде сәулеленседе ешқандай денсаулыққа қауіпті өзгерістер байқалмайды.

0,5 бэр (5 мЗв) - шекті доза – Атом өнеркәсіп салаларының маңайында немесе санитарлық қорғаныс аймақтарында өмір сүретін адамдарға (Б категория) арналған ұйғарыңды жеке сәулеленудің эквивалентті дозасы.Осындай жылдық дозада адам ағзасы 70 жыл сәулеленседе денсаулыққа зиян әсерін тигізбейді.

0,05 бэр (0,5 мЗв) - Барлық халықтың ішкі және сыртқы сәулеленуінің жеке ұйғарыңды шекті дозасы.

10 бэр (0,1 Зв) - жыл бойына ұлпа және мүшелерде байқалатын өзгерістер көрінбейді.

75 бэр (0,75 Зв) - қандағы елеусіз өзгерістер.100 бэр (1Зв)-сәулелік аурудың төменгі шегі.

300-500 бэр (3-5 Зв) - сәулелік аурудың ауыр деңгейі,сәулеленген халықтың 50% көз жұмады.

Барлық жұмысшылардың табиғи сәулелену дозасы жылына 5 мЗв-тан аспау керек.Профилактикалық медицианалық тексерілу кезінде эффективті доза 1 мЗв-тан аспау керек.

Өліммен аяқталатын дозалар

3-5Гр - Жұлын миының зақымдануы салдарынан сәулеленгендердің 50% бір немесе екі ай ішінде көз жұмады.

10-50Гр - Ішкі қан құйылуы салдарынан(ішек-қарын трактісінде) бір немесе екі апта аралағында адам көз жұмады

100Гр - Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан бір немесе екі сағат ішінде адам көз жұмады

Гамма камерасы.

Қазіргі заманғы радионуклидті диагностиканың негізгі құрылғысы болып табылады. Гамма камералар онкологиялық,жүрек қантамырларының және басқа да аурулардың алдын алу мақсатында пациент организмінің ішкі органдарында және физиологиялық жүйелеріндегі радиофрмаперпараттардың кинетикасын зерттеу үшін қолданылады. Гамма камералар қалалық клиникалық емханалардың радиоизотопты диагностикалық лабораторияларында, медициналық ғылыми зерттеу институттарында, онкодиспансерлерде және басқа да медициналық мекемелерде қолданылады.Қалқанша безі,бүйрек,бауыр және өт қабы,өкпе,жүрек және т.б диагностикалық зерттеулерінен басқа заманауи гамма камералар пациенттің бүкіл денесін сканерлеп,үш өлшемді ақпарат алу үшін ішкі органдарының компьютерлік томографиясын қамтамасыз ету керек.Қазіргі заманғы гамма камера көпканалды коллиматордан,беттік ауданы үлкен кристаллдан (NaCl), жарық өткізгіш оптикалық байланыс үшін кристалдың гексагональді ФЭК матрицасы мен сигналдардың амплитудасы және координаттарын анықталуын қамтамасыз ететін электронды құрылғының аналогты блогынан тұрады. Осы аталған компоненттер қалыңдығы жетерлік қорғасын экранында бекітілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]