Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10-20.doc
Скачиваний:
728
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
316.93 Кб
Скачать

10 билет

  1. Мемлекеттік қызметшінің түрлері

Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші - бұл мемлекеттік саяси қызметкерлердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті атқаратын мемлекеттік қызметкер;Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін санаттар белгіленеді, лауазымдық санаттарды және әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді.

2) Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет етуі саяси сипатта болатын және саяси мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін жауаптылық жүктелген мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік саяси қызметкерлердің құқықтық мәртебесі заңның 7 бабында анықталған. Саяси лауазымдарға мына лауазымдар жатады:

1) ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;

2) ҚР парламентінің Палаталары және оның төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;

3) ҚР Конституциясына сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметкерлер;

4) Орталық атқару органдары мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік

2.Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың Қазақстандық моделі.

Мемлекет басшысы қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын жасауды Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында жеке «кәсіби үкімет» басымдығында бөліп атады. Бүгінгі қолданыстағы заңнамалар мемлекеттік қызметтің жаңа қазақстандық үлгісінің құқықтық негізін қалайды. Елімізде 1999 жылдың 23 шілдесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң, бұдан соң мемлекеттік қызмет саласын реттейтін бірқатар заңдық күші бар құқықтық актілер қабылданды. Осылайша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып мемлекеттік қызмет реформасын табысты жүргізіп келеді. Елімізде «мемлекеттік қызмет» деген ұғым қалыптасып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ережесі заңды түрде бекітілді, мемлекеттік қызметке келудің, онда болудың және қызметті тоқтатудың мәселелеріне байланысты талаптар белгіленді. Сонымен қатар, кадрларды басқару саласында оның тиімділігін арттыруға негіз қалаған белгілі жүйе қалыптаса бастады.

Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және оны кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі «Мемлекеттік қызмет өтілі туралы ереже», «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілік кластары туралы ереже», «Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттары туралы ереже» және басқа да бірқатар маңызды құжаттар кадрларды басқарудың нормативтік-құқықтық базасын айтарлықтай нығайтты.

2005 жылдың 3 мамырында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі туралы Елбасының Жарлығы шықты. Ал 2011 жылдың 1 сәуірінде оның жаңа нұсқасы бекітілді. Дәйекті және жүйелі жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтің «Қазақстандық моделі» қалыптасты, мемлекеттік басқарудың оңтайлы жүйесі жасақталды, мемлекеттік аппарат жұмысының нәтижелілігі артты. Дейтұрғанмен, мемлекеттік қызметті жетілдіру – тұрақты назар аударуды қажет етіп отыратын және үздіксіз жүргізілетін процесс деп айтуға болады.

Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері Мемлекет басшысының ерекше назарында. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылдың 17 маусымында Астанада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда… «…бұдан былайғы реформаларды белсенді жүргізудің негізгі элементі ретінде мемлекеттік қызметтің жаңа сапасын талап етеді» – деді. Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы тұжырымдама дайындалуда. Онда, біріншіден, мемлекеттік қызметтің өзінің мәртебесін нығайтып, мемлекеттік кадр саясатын Қазақстанның айрықша маңызды ұлттық басымдығы санатына көтеруді, екіншіден, мемлекеттік қызмет қағидаттарын қайта қарау. Кадрларды іріктеу, сапасын арттыру бөлігінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің, мемлекеттік органдардағы кадр қызметтерінің рөлін күшейту керектігі, ол үшін оларды әдістемелік тұрғыда агенттікке бағындыру керек екені де айтылған.

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі қазіргі кадрлық жағдай, әкімшілік реформа жүргізу қажеттілігі кадрлық жұмыс жүйесін ұйымдастыруда айтарлықтай өзгерістерді қажет етеді. Шындығында кадр қызметтерінің жұмысы бүгін жоғары басшының нұсқауы бойынша жаңа қызметкерді «қаттаумен» шектелетіні ешкімге жасырын емес. Мемлекеттік органдардағы кадрлар қызметінің беделі мен рөлі қазіргі кезде өте төмен және ол қалдықтық принципі бойынша қалыптасқан. Мемлекеттік қызмет жүйесінің кемшіліктері де көріне бастады. Олар, әсіресе, конкурстық іріктеу процедураларында, кадрлар резервін жасақтауда, мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауда, бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органға ауысу кезінде байқалады. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық қорғау жағынан, әсіресе негізсіз жұмыстан шығару, болмаса төмендету тұрғысында проблема болып отырғаны рас.Қазіргі кадрлық резерв мәселесінің де кемшіліктері, осал жерлері көріне бастағаны бәрімізге аян. Мемлекеттік қызметке келген кезде кадрлық резервті «керек адамды» қабылдау үшін пайдалану жағдайлары байқалады, демек ол сыбайластыққа жол ашады.

3.Кадрлық потенциал.Кадрлық саясатпен қатар кадрлық потенциалдың маңызы зор болып табылады. Персоналды дамыту- жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтамыз.

Персоналды дамытудың негізгі элементі- оқыту болып табылады. Персоналды оқыту –бұл мақсатқа бағытталған , жоспарланған , білімге ие болудағы маманданған мұғалімдер,басшы , мамандармен байланыста болып тәжірибиелігін жоғарылату болып табылады.

Оқыту оқуға деген қажеттіліктен басталады. Ол бірнеше деңгей бойынша жүзеге асады.

Бірінші деңгей- ұйымның жалпы қажеттілігі . Бұл қажеттілік кадрдың анализденуі қажет болып табылады.

Екінші деңгей-бөлімнің оқуға деген қажеттілігі. Бұл қажеттілік оқытатын маманның қатысуымен осы ұйымның менеджері арқылы жақсы анықталады. Мұнда қосымша анализді жүргізу маңызды болып табылады.

Ол-бөлімнің ағымдағы жағдайын анализдеу.

Үшінші деңгей – жүзеге асырылатын жұмыстардың деңгейі .Мұндағы негізгі талап – нақты жасалынатын жұмыстардың барлық қызметтері және іс-әрекеттерін анықталады. Оқуға деген қажеттілік әріптестердің арасында тест жүргізу анкеталық сұраулар бойынша анықталып отырады. Оқытуды ұйымдастыру мен оның мақсатына сәйкес кәсіби оқытудың 2 түрін көрсетуге болады:

1.нақты мамандандырусыз , яғни оқып жатқан оқу адамның біліктілік деңгейіне байланыссыз қандай да бір жалпы кәсіби білімдерді алу; 2.нақты мамандандыру,яғни өзінің негізгі мамандығынан басқа белгілі бір бағыт және проблема бойынша жаңа мамандыққа бейімделу.

Жалпы оқудың 3 түрін көрсетуге болады. Олар: 1.Кадрдың кәсіби дайындығы – анық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған білімді игеру, шеберлік , дағды , тәртіпті жүргізу жақтары болып табылады.

2.Кадрдың мамандануын жоғарылату-лауазымын жоғарылату барысында білімді , шеберлікті жинау мақсатында оқытылуы болып табылады. 3.Кадрдың кәсіби қайта даярлануы.

Кадрды дамыту бірінші кезекте тұруы қажет,ол үшін: 1.оқуға ынталы жұмыскерді қолдау;2.білімдер мен озат тәжірибиелерді тарату;3.жас білікті қызметкерлерді оқыту;4.кадрлар тұрақсыздығын төмендету. Кәсіби даму қызметкерлердің өзіне оң әсер етеді. Біліктілігін жоғарылата отырып , олар еңбек нарығында бұдан да жоғары бәсекеге қабілетті болады және ұйым ішінде , одан да тыс жерде кәсіби өсу үшін қосымша мүмкіндік алады.

Мекемеде кадрлық потенциал 2 түрде болады:

1.Ішкі 2.Сыртқы. Сыртқы кадрлық потенциал потенциалды қызметкерлерге кез-келген деңгейдегі міндеттер және жұмыстар таныс болып табылады. Жұмысты ең кіші лауазымнан , сонымен қатар,ең жоғары деңгейдегі басшылықтан бастауға болады. Мекеме бұл жерде маманданған қызметкерлерді жұмысқа алуға дайын, егер ол қызметкер өзінің потенциалын ашуға немесе жүзеге асыруға ынтасы болса. Мұндай кадрлық потенциал дамушы кәсіпорындарға өте қажет , себебі бұл нарықты тез жаулап алуға жылдам түрде өсуге , өзінің саласында көсбасшы болуына өте үлкен дәрежеде көмек береді. Ішкі кадрлық потенциал мекеме ешқандай қызметтік лауазымы жоқ жаңа қызметкерлерді алумен бағытталған. Мұндай кадрлық потенциал анық корпаративтік мәдениетті іске асыруға , жауапкершілікті қалыптастыруға , бизнестің дамуымен байланысты мекемелерде қолданысқа ие. Кадрлық потенциал тек мамандандырылған кадр ғана емес , сонымен қатар әлеуметтік – психологиялық түрге бағытталуы.

Кадрлық потенциал біріккен жүйені көрсетеді,яғни мұнда кадрларды ішкі және сыртқы басқару бөлімдері балансталып отырылуы қажет.Мұндай жағдайда капиталдық салымға деген қажеттілік,оқыту және қызметкердің мүмкіндіктерін көсету болып табылады. Мұндай байланыстарда кадрлық потенциалды басқарудың келесі принциптері ұсынылады:

1.әріптесті сыйлау, яғни оның мамандану ерекшелігі , моральдық және көсбасшылық сапасы бойынша;

2.әрбір қызметкердің жауапкершілігі, яғни ол компанияда нақты немен айналысуы қажет екенін анықтауы қажет;

3.қызметкер кімге бағынатынын білуі қажет;

4.еңбек сапасы;

5.ынталандыру.

Ішкі және сыртқы кадрлық потенциалдың ерекшеліктері.

Ерекшелік

Кадрлық потенциал

Ішкі

Сыртқы

Артықшылықтар

Бизнеске байланысты жоғарылау, қызметкердің потенциалдық білімі, орташа жалақыға мүмкіндік,синергизм тиімділігі.

Міндетті жүзеге ас ырудың жаңа жақтары , мотивацияға аз шығындалу, фирманың имиджын іске асыру,бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Жетіспеушіліктер

Жаңа орында психологиялық түрде сыйыспауы.

Бейімделу кезеңі ұзағырақ, топта жұмыс істей алмау,лауазымына сәйкес келмеуі.

11 билет

  1. Мемлекетті басқаруда мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі

Қазақстанда жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау.

«Қазақстан дамуының жаңа белесіндегі «Қазақстан-2030» Стратегиясында» біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың және мемлекеттік қызметті және кадрлық саясатты қайта құрудың 30 маңызды бағыттары анықталды. Аталмыш маңызды тарихи құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны корпусын жаңартуға арналған дәйекті бағам, біліктілігі дәрежесіне орай талаптар орнату, іріктеу, дәуірлес кезеңде кадрларды мемлекеттік аппарат қажеттілігін және болашағын есепке ала отырып оқыту сияқты бағыттарға басымдылық белгіленген.

Реформа Қазақстанда тиімді, заманға сай мемлекеттік қызметті және сауда экономикасына оңтайлы басқару құрылымдарын құруға бағытталған.

Мемлекеттік басқармаларды реформалаудың басым бағыттарының бірі кадрларды алу, даярлау әрі алға жылжыту. Мемлекеттік қызмет беделін құру және қолдау стратегиялық мақстын қою қажет.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасының маңызды бөлімі басқарма жүйесін кадрлармен бекіту болып табылады. Бұл жерде Халықаралық конференция қатысушыларының 21 ғасыр шегіндегі мемлекеттік басқарманы жетілдіруге қатысты ұсыныстары маңызды рөлді ойнады.

Бірыңғай кадрлық саясатты жүргізу үшін, республикалық және жергілікті деңгейде, Қазақстан Республикасы президенті арқылы, ақпараттық-аналитикалық қамту қызметімен және оның аймақтағы сәйкес құрылымдық бөлімшелерімен берге, кадрлық саясат және мемлекеттік қызмет мәселелеріндегі мемлекеттік органдар қызметінің координациясын қамту, мемлекеттік қызметкерлер туралы мәлімет банкін құру және оларға дәрежелік категорияларды беру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік орган құру қажет деп танылды.

Органдардың есеп жүйесін және органдардың дерек есептілігін құру, мемлекеттік қызметкерлерді дайындауға және қайта даярлауға бірыңғай мемлекеттік қалып орнату, оқу орындарының міндетті түрде лицензиясы болуын қадағалау және меншіктік қалпына қарамастан сондай қызметтерді енгізетін орталықтар құру; кәсіби деңгейін, басқару персоналы жұмысының сапасын анықтайтын жүйені жетілдіру және енгізу, жұмысшылардың мемлекеттік қызметі барысында әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік басқару тәжірибесінде ұлттық нақышты ескеру, әйелдерді мемлекеттік басқару аясына белсендірек тарту, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту барысында орталық-азиялық елдердің ықпалдастығын дамыту және т.б. ұсынылды, осының барлығы Қазақстан Республикасында мемлекеттік кадрлық қызметтің ары қарай жетілуіне, мемлекеттік қызмет институтының дамуына септігін тигізеді.

2.Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесті құру.Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметінің жаңа моделінің тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) жүзеге асыру шеңберінде Агенттіктің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) қызметін ғылыми-талдамалық сүйемелдеу мақсатында құрылған. 3. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес атқарады. 4. Сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың қызметшілерінен, мемлекеттік қызмет саласында дәстүрлі түрде зерттеу жүргізетін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйым мүшелерінен құрылады.

2. Сараптамалық кеңестің мақсаттары мен міндеттері 5. Сараптамалық кеңестің негізгі мақсаты - Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Агенттік пен Академияға ақпараттық, талдамалық, ғылыми және сараптамалық сүйемелдеу болып табылады. 6. Сараптамалық кеңестің міндеттері Тұжырымдаманы жүзеге асыруға бағытталған келісілген ұсыныстар мен мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі баяндамалар, мақалалар және басқа да талдамалық материалдар дайындау болып табылады.

3.Сараптамалық кеңестің функциялары мен өкілеттіктері: 7.Сараптамалық кеңес өз құзыреті шеңберінде: 1) Агенттік пен Академия басшылығының қарауына мемлекеттік қызметті жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындап тапсырады; 2) Агенттiк пен Академияның басшылығына мемлекеттiк қызметті жетілдіру сұрақтары бойынша есептерді, қорытындыларды, баяндамаларды және басқа да талдамалық құжаттарды жетілдіріп ұсынады; 3) өзінің отырыстарында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерін тыңдайды; 4) Агенттік Төрағасына мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша тапсырма беру мен тиісті нормативтік құқықтық актілерді шығару туралы ұсыныстар береді.

4. Сараптамалық кеңестің құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру 8. Сараптамалық кеңес Төрағадан, оның орынбасарынан және мүшелерінен құрылады. 9.Сараптамалық кеңес Төрағасы: 1)Сараптамалық кеңес қызметіне басшылық етеді; 2)Сараптамалық кеңестің отырыстарына төрағалық етеді; 3) отырыстардың өткізілу уақыты мен Сараптамалық кеңес отырыстарында қарастырылуы тиіс сұрақтарды белгілейді. 10. Сараптамалық кеңестің Төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Сараптамалық кеңес Төрағасының орынбасары атқарады. 11. Кеңес қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін Сараптамалық кеңестің хатшылығы жүзеге асырады. 12. Сараптамалық кеңестің хатшылығы функцияларын Академияның Мемлекеттік басқаруды жаңғырту институты атқарады. 16. Сараптамалық кеңестің отырыстарына қатысуға қоғамдық бастама негізінде Сараптамалық кеңес аккредиттеген сарапшылар мен мамандар, сонымен қатар құзыреттеріне Сараптамалық кеңес отырыстарында қарастырылатын мәселелер кіретін қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар тартылуы мүмкін. 21. Сараптамалық кеңес қабылдаған шешімдер хаттамамен рәсімделіп, ұсыныс сипатында болады. Сараптамалық кеңес отырыстарының хаттамаларын, есептерін, қорытындыларын Сараптамалық кеңестің Төрағасы бекітеді.

3.Мемлекеттік қызметтің модельдерін сипатта. Бірінші моделде билік органдары президент немесе үкімет бекітетін басымдықтар тізбесі мен елдің әлеуметтік дамуының стратегиялық мақсаттары қалыптастырылады (мысалы, «Қазақстан-2030» стратегиясында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламалары, Президенттің халыққа жолдауы, өзгеде стратегиялық жоспарлары). Кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дамудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді белгілейді және осының негізінде-ақ іс-шаралар жоспары мен бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырады. Олармен оны іске асыру үшін оларды қаржыландыру бойынша негізделген есебі ұсынылады. Осының негізінде жақын және келесі қаржылық жылдарға бюджет қалыптасады. НББ-ның кейбір элементтері бар ондай модель қазір Қазақстанда енгізілуде. (3-сурет).

3-сурет. Ел дамуының мақсаттары негізінде бюджеттік қызметтер құнын бағалау моделі

Екінші моделде бастапқы кезеңде мемлекеттен қызметтерді алуда қоғамның қажеттіліктері айқындалады, мысалы, құқықтық тәртіп, денсаулық сақтау және басқа салаларда. Ондай ақпараттарды жинаудың әртүрлі тәсілдері бар: қоғамдық пікірді сұрау, мамандандырылған зерттеулер, нақтылы саладағы сарапшы пікірі, бизнес-қауымдастықтары мен бірлестіктердің қорытындылары және басқалар. Жиналған ақпараттар қандайда бір белгісі бойынша (мысалы, салалық немесе ведомстволық) сыныпталады және кейіннен мақсаттардың, міндеттердің тізбесі және айқындалған поблемаларды шешу үшін қажетті іс-шаралар қалыптасады. Мақсаттар, міндеттер мен іс-шаралар бағдарламалар бойынша құрылымдалады. Бұдан әрі бағдарламалардың, яғни оған қосылған іс-шаралардың құнының бюджеттік бағалауы жүргізіледі. Бағалау әдістері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, нарықтағы ұқсас қызметтердің баламалы құны не болмаса сараптық қорытындылар. Бағдарламаларда мемлекеттің жылдан жылға өтетін міндеттерімен бірге жаңаларында көрсетілген. Нәтижесінде оларды қаржыландырудың көлемі мен көзін көрсете отырып іске асырылуы ұсынылатын бағдарламалар тізбесі қалыптасады. (4-сурет).

12 билет

1.Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың жолдары. Мемлекеттік басқару органдары, ең алдымен, мемлекеттік басқару қызметін атқаратын күрделі механизмдер жүйесі. Бүгінде, мемлекеттік басқару дегеніміз – адамдардың әлеуметтік қызметі және соның негізінде қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік ортада жүзеге асырылып, әлеуметтік ортаның ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді. Қазақстанның бүгінгі әкімшілік реформала­рының барысы биліктің, мемлекеттік саясаттың, қоғамдық ой-пікірлердің бірден-бір зейін қояр нысаны болып отырғанын көрсетеді. Тәуелсіздік жариялаған алғашқы кезеңнен бастап, бүгінгі таңға дейін атқарылып келе жатқан оң істер түбегейлі саяси, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық өзгерістер мен реформалар кезеңі деп айтсақ артық етпейді. Қазақстан Республикасында бірнеше жыл қатарымен мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру мен жетілдіру процестері үздіксіз жүргізіліп келеді. Стратегиялық мақсаттарға табысты қол жет­кізу мен бәсекеге қабілетті дүниежүзінің 50 елдерінің қатарына ену бойынша, басымдықтарды жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2006 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформалары бастама алды. Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясының ашылуында «Корпоративті басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарын шетелдің озық үлгілерін, тәжірибелерін қолдана отырып, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер саны көптеп кездеседі. Тиімділік теориясының дамуына экономика, басқару және мемлекеттік басқару теориялары зор үлес қосады. Алайда, бағалау көп жағдайда көрсеткіштер және аттестациялау түрінде жүргізіліп келеді. Бағалаудың мұндай түрлері мемлекеттік қызметшілер тарапынан ресмилік деп, олардың еңбегіне сай жалақы алуына еш әсерін тигізбейді деп қабылданады. Осылайша, мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен дамытудың маңызы арта түсті. Дүниежүзілік тәжірибе мемлекетті басқарудың мінсіз құрылымы ешбір елде қалыптаспағанын көрсетеді. Дегенмен, мемлекеттік билік орган­дарының қызметін жетілдіру әрбір елдің не­гіз­гі мақсаттарының бірі болып табылады. Қа­зақстанда алдағы кезеңде мемлекеттік орган­дардың тиімділігі мен еңбек нәтижелігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік органдар қызметін нақты бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның нәтижесінде Қазақ­стан Республикасы Президентінің бастама­сымен 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі» бекітілді . Қазақстанда жүйені әзірлеуге бірқатар алғы­шарттар әсер етті: – мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдар­ла­маларды іске асыру тиімділігін бағалау мен олар көрсететін мемлекеттік қызмет сапасы арасында өзара байланыс жоқтығы; – көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бағалау мен бақылау жүйесінің болмауы; – мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесінің олар көрсететін қызмет сапасын ынталандыру деңгейінің төмен­дігі. Осыған орай, бағалау жүйесіне сәйкес, мемле­кеттік қызметті реформалаудың негізгі мақсаты болып азаматтық қоғам дамуы мүддесін көздей отырып, мемлекеттілікті нығайту таңдалды. Мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалайтын аталған жүйе орталық мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер, агенттіктер және т.б.) мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жетілдіру мен жұмысының нәтижелігін арттыру мақсатында әзірленген құжат болып табылады. Жүйені әзірлеу барысында туындаған мақсаттар: – мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау кезінде отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді қолдана отырып, неғұрлым дәл нысандарды, бағалау тәсілдері мен әдістерін таңдау; – тиімділікті бағалауға қажетті институционалды және нормативті базаны құру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жұмысының, қызметінің, еңбегінің тиімділігін бағалаудың жалпы кешенді жүйесін қалыптастыру. Қызметті бағалау жүйесінің басты мақсаты кез келген деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мен міндеттер мен қызметтердің жүзеге асырылудағы тиімділік көрсеткіштерін анықтау. Елбасының барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметтері тиімділігіне әр жыл сайын бағалау жүргізу жүйесін бекіту арқылы Қазақстан мемлекеттік басқару саласында сапалы жаңа кезеңге аяқ басты. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік органдарды жетілдірудің стратегиялық міндеттеріне келетін болсақ: – бүгінгі таңда нарықтық бастама мемлекеттің белсенді де жедел араласуын қажет етеді; – экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенді саясат мемлекеттің рөлін көтеруді білдіреді. Нәтижесінде – бұл қоғамның қажеттілігі­не сәйкес, тиімді заңдар мен нормативті-құқықтық актілерді дайындау және орындау; – мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру – Қазақстанның болашағын анықтайтын негізгі фактор. Яғни, бұл – маңызды стратегиялық міндет. Сондықтан, бүгін мемлекеттік қызметші­лердің және мемлекеттік органның жалпы жұмы­сы­ның тиімділігін арттыру керек және тиісінше, мем­лекеттік ресурстарды ұтымды қолданған жөн; – мемлекеттік аппараттың жалпы және оның жекелеген буындарының жұмысының тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруге жағдай жасауы керек [4]. Мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін арттырудың халықаралық тәжірибеге жаңадан еніп келе жатқан әдістерінің бірі – АҚШ ғалым­дарымен жасалған теңдестірілген көрсеткіш жүйесі. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін мемле­кеттік органдар қызметіне ендіру бір қара­ғанда жеңіл әрі қарапайым болып көрінгенімен, шын мәнінде үлкен күрделі әрекеттерді талап ететін іс.

2.Мемлекеттік қызметтерді стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру.Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері және қызметтің нақты түріне қойылған стандарттар шеңберінде мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін корғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынасты ұтымды деңгейіне жеткізу болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі міндеті мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету болып табылады, атап айтқанда:

- мемлекеттік қызметтерді жіктеу;

- мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілерін және олардың құрамын анықтау;

- стандарттау объектілеріне қойылатын негізгі талаптарды және олардың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ұйымдастырылуын және технологиясын анықтайтын құжаттардың құрамы мен мазмұнын бірегейлендіру;

- атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруға сапа басқару жүйесін енгізу;

- әкімшілік кедергілерді жою.

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі қағидалары:

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұтынушыға клиент ретінде бағдарлау қағидасы. Мемлекеттік қызмет стандарттарын әзірлеу барысында мынадай талаптардың орындалуын қажет етеді:

- тұтынушылардың қажеттіліктерін және үміттерін зерттеу, ең бірінші, мемлекеттік қызметтердің сапасы, олардың көрсетілу тәртібі мен мерзімі, бағасы және басқа сипаттары;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ететін тұрақты кері байланыс жүйесін орнату.

Мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабардар ету қағидасы. Бұқаралық ақпарат құралдарын, компьютерлік желілерді және т.б. қоса, әр түрлі хабар көздерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабармен тұрақты қамтамасыз ету жүйесін орнату және қолдану.

Орындаушының мүдделілігі қағидасы. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру барысында, орындаушының мемлекеттік қызметтің тиісті түрін сапалы және уақтылы көрсетуге мүдделі болуын талап етеді.

Стандарттардың жүйелілігі және ұтымдылығы қағидасы. Әрбір жаңадан шығарылып жатқан стандарт тұтынушы үшін қарапайым және түсінікті болуы тиіс және кызметтерді жабдықтаушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге қайшылығы жоқтығы тексерілуі тиіс. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар мен шарттардың санын азайтуға ұмтылу қажет.

Ғылыми ізденістерді және инновацияларды пайдалану қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу жұмыстарын өткізуді, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әлемдік тәжірибесін және практикасын талқылауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне инновациялық шешімдер енгізуді талап етеді.

Жауапкершілік қағидасы. Мемлекеттік қызметтердің сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың жеткілікті жауапкершілігінің болуын талап етеді.

Екі жақтама бақылау қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысына тиімді және ұтымды ішкі және сыртқы бақылау жүйесінің орнатылуын талап етеді.

«Бір терезе» қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін, тұтынушының бір орындаушыға баруын талап етеді. Бұл талаптың орындалуы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы бір бірімен байланысты органдар қызмет көрсету уақытын азайту мақсатында өздерінің әрекеттерін барынша үйлестіруі керек.

3.Мемлекеттік қызметтің түрлерін атаңыз. Мемлекеттік қызмет, бірінші кезекте, қызмет көрсететін субъектіні сипаттайды: бұл әрқашан мемлекеттік органдар. Көптеген шет елдерде мемлекеттік қызметтер – мемлекет «қызметтер жеткізушісі» ретінде қаралатын азаматтың, заңды тұлғаның және билік қатынастарының негізгі нысандарының бірі. Осылайша, мемлекеттік қызметтер оларды тек мемлекеттік құрылымдармен тікелейлей орындауды білдіреді.

«Көпшілік қызметтер» «мемлекеттік қызметтерге» қарағанда әлдеқайда кең, оларды мемлекеттік те және мемлекеттік емес құрылымдар да көрсетуі мүмкін, бірақ бастысы, оларды біріктіретіні – бұл оларды орындаудағы қоғамның мүдделілігі, қоғамдық мүдде, әлеуметтік мәні. Ондай қызметтерді кім орындайды – шешімі бір қатар мән-жайларға байланысты тұтынушы үшін жиі екінші кезектегі мәселе, сонымен бірге мұнда негізгі өлшемдердің бірі қызметтерді орындау тиімділігі болып табылады.

Әдебиетте көпшілік қызметтердің мынадай белгілері келтірілген:

1) олар қызметтердің жалпы мәнді бағыттарын қамтамасыз етеді;

2) оларды пайдаланатын субъектілердің шексіз тобы бар;

3) не мемлекеттік және муниципиалдық билік органымен, не басқа субъектілермен жүзеге асырылады;

4) көпшілік және жеке меншікке негізделеді.

Көпшілік қызметтерді көрсету меншіктің кез келген нысанында негізденуі мүмкін. Бірақ, ондай қызметті (бірніші белгі) жүзеге асыруда қоғам мүддесінің болуы әрбір нақтылы жағдайда қандай субъект (мемлекеттік орган, мемлекеттік емес ұйымдар) көпішілік қызметтерді орындайтынына қарамастан билік олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жеке меншік сектор белігілі бір түрдегі көпшілік қызметті көрсетуге жағдайы немесе ықыласы болмаған жағдайда мемлекеттік орган ондай қызметтерді орындауды өзіне алуы тиіс. Мысалы, қоқысты, қалдықтарды шығару, сумен жабдықтау, басқада ұқсас қызметтер сол немесе басқа субъектілердің мүдделілігіне байланыссыз көрсетілуі тиіс. Осылайша, мемлекеттік билік органы не көпшілік қызметті орындауға субъектіде мүдделілікті қалыптастыруға не оны орындауды өзіне алуға міндетті.

Әлеуметтік қызметтеросы қызметтер көрсетілетін сала бөлінеді. Бұл – денсаулық сақтау, мәдениет, білім, ғылым, ол өз өзіне олардың жалпы мәнді бағыттарын көрсетеді және көпшілік қызметтер қатарына қояды. Шындығында, әлеуметтік қызметтер көпшілік қызметтердің барлық белгілерін қамтиды және өзінің мәні бойынша көпшіліктік болып табылады, бірақ бөліну өлшемі бойынша (мемлекеттік қызметтерден айырмашылығы) олар көрсететін субъектілер тобы емес, олар іске асырылатын сала болып табылады. Әлеуметтік қызметтер көрсетілуі мүмкін және әлдеқашан мемлекеттік құрылымдармен қатар коммерциялық және коммерциялық емес мемлекеттік ұйымдармен көрсетілуде. Тиісінше әлеуметтік қызметтер мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Мысалы, білім және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметік қызметтер өздерінің мәндері бойынша көпшіліктік болып тұрып, тіршілік етуі мен дамуы Конституцияда көзделген мемлекеттік жүйенің міндетті сақталуы кезінде мемлекеттік ретінде де және білім мен денсаулық сақтаудың жеке меншік жүйесінде де болуы мүмкін.

Басым мемлекеттік қызметтердің құрамын анықтау үшін олар белгілі бір талаптарға сәйкес болуы қажет.

Мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштері әзірленетін басым қызметтер тізбесін анықтау кезінде негізгі сипаттамалар:

- көрсетілетін қызметтердің әлеуметтік және экономикалық мәні;

- көрсетілетін қызметтердің жалпылығы;

- республика халықы, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ азаматтар үшін алынуы міндетті қызметтер;

- жемқорлық генді қызметтер.

Толық бағалы мемлекеттік қызметтер өте көп еместігін атағаны жөн. Бұл бәрінен бұрын ақпаратар беру (құқықтық және әсіресе құқық қолданушылық), сондай-ақ консультативті және өзгеде қолдаулардың әртүрлі нысандары. Осылайша, мемлекет функциясының елеусіз бөлігін көрсетудің өзі қызметке келтірілуі мүмкін, ал қалғандары – бұл оның табиғаты мен тағайындалуына негізделген мемлекеттің міндеті.

Жоғарыда айтылғандардан қоғам үшін қажетті және пайдалы көпшіліктік функциялар тек мемлекетпен ғана орындалмауы мүмкін. Көпшіліктік қызметтерді көрсету бойынша функцияларды мемлекеттік емес құрылымдарға беру мемлекеттік органдарда сақталған функцияларды неғұрлым табысты орындауда мемлекеттің күшін шоғырландыруға, бюджет шығындарын қысқартуға көмектесеті және ақырында тиісті статусты сақтау мен қолдауда оларды орындауыш мемлекеттік ұйымдардың мүдделілігі арқасында берілген функцияларды іске асыру тиімділігін арттырады.

13 билет

1. Кадр саясатын жетілдіре отырып, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ҚР мемлекеттік қызметінің заманауи моделі меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке еңбектеріне негізделген жүйе қағидасына негізделген. Ол міндетті конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді құқықтық және әлеуметік қорғау, тең еңбекке тең төлемақы, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, қызмет нәтижесін жақсарту мақсатында үнемі оқыту сияқты элементтерден тұрады. Дәл осы элементтер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізіне алынды.

Мемлекеттік кадр саясатының негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметке дайындығы мен дарындылығы басым азаматтарды тарту, олардың тиімділігі мен біліктілігін жоғарылатуға жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттік кадр саясатының уағызы – мемлекеттік институттарды нығайту мен дамыту, жалпыұлттық стратегиялық және ағымдағы бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік билікке сенімін жоғарылату, мемлекеттік қызметкерлердің отаншылдық және әлеуметтік жауаптылығын қалыптастыру, тұтас мемлекеттің бәсекеге жоғары қабілеттігіне қол жеткізу.Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі конкурстық – мансаптық. Яғни мемлекеттік қызметке ашық конкурстық негізде өту мүмкіндігі.Жаңа мемлекеттік қызметтің моделін әзірлеу кезіндегі қалаулы негізгі алғышарттар.

  1. мемлекеттік қызметтің өзінің мәртебесін нығайтып, мемлекеттік кадр саясатын елдің айрықша маңызды ұлттық басымдығы санатына көтеру;

2. мемлекеттік қызметтің қағидаттарын қайта қарастыру. Оның негізінде Өлшемлі білушілік (меритократия), Адалдық, Тиімділік ұғымдары жатуы керек.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін төмендегіні ұйғару қажет:

  1. мемлекеттік кадр саясатының мәртебесін нығайтуға жаңа кадр саясатының негізгі ережелерін әзірлеу және бақылау, жоғары буын қызметшілерін өсіру және тағайындау үшін жауапты тиісті Ұлттық комиссия құрылатын болады (бастапқыда ҚР Президенті басқаруы мүмкін);

  2. барынша талантты және даярлығы мол үміткерлерді әзірлеудің, сынақтан өткізу мен кәсіби өсуінің жаңа жүйесін ендіру үшін Агенттіктің жанынан Мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару жөніндегі ұлттық орталық құру;

  3. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы негізінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мемлекеттік саясатын басқарудың таңдаулы мектебін құру.

Саяси қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер нақты шектеледі. Яғни елдегі саяси қызметшілердің саны шектеулі болуға тиіс.Сайлауларда жеңген партия ұсынатын жария тұлғалар саясатшылар болады. Тиянақты іріктелген және өздерін профессионал ретінде таныта білген «А корпусы» мемлекеттік басқарудың өзіндік құралы, кадрлық арқауы болып, Қазақстан үшін қазір қажетті мемлекеттік биліктің реттілігі мен жүйелігін қамтамасыз ете алады деген үміт бар. Оның негізгі – бірінші деңгейі жоғарғы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын жауапты хатшылар, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың басшылары. Мұндай құрылымда жауапты хатшылар институты мемлекеттік орган аппаратының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етудің тиімді және нақты факторы болады.Бұл корпустың екінші деңгейі болып атқарушы органдардың шешуші департаменттерінің директорлары, комитет төрағалары, аудандар мен қалалардың әкімдері танылады.Жаңадан іріктелген кандидаттар үшінші деңгейден бастауға тиіс, өзінің біліктілігі, тиімділігі және адалдығымен алдағы көтерілуіне лайық болуы керек.Мемлекеттік және жеке компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, білім, ғылым, мәдениет қызметкерлері іріктеу мен оқытудың арнайы жүйесі арқылы «элиталық корпустың» мүшелері бола алады. Бұл мемлекеттік емес сектордағы талантты және сәтті менеджерлер үшін «әлеуметтік лифт» болмақ.Бұл корпустың үміткерлеріне іріктеудің нақты және анық ережелері, мемлекеттік мәселелерді жүйелік жүргізу, шешім қабылдау бойынша қатал талаптар бекітіледі және ең бастысы үміткердің моральдық қасиеті мен абыройына жоғары талаптар қойылады. Ротация бұл корпустың міндетті шарты болады. Бір мемлекеттік органнан басқасына, ведомство ішінде мемлекеттік менеджерлер мемлекеттік басқарудың өзара байланыстылық үрдісін толыққанды сезініп, атқарушы биліктің ауқымды және жүйелік көрінісін көре алады. Кадр резервінің қалыптасқан жүйесін де өзгерту қажет. Себебі заң тәртібінен алшақтау жиі орын алуда. Корпус мәселесінде де кадр резерві басты назарға ілінбек. Корпустан корпусқа ауысу қатал регламентеліп отырады. Осылайш кез келген әкімшілік мемлекеттік қызметші «А корпусының» іріктеуіне өтініш бере алады. Алайда, сәйкес еңбек өтілі де болуға тиіс, минимум 4-5 жыл.

Үнемі оқыту мен біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметтің басты басымдықтарының бірі болуы керек.Бұл орайда мемлекеттік қызметтің элиталық корпусының құрылуы мен дамуында маңызды рол атқаратын таңдаулы мектептің жасақталуы орынды. Мұндай мектеп болашақ лидерлерді іріктеу мен дайындау жүйесінде маңызды түйінге айналуы керек. Жаңа мектеп заманауи білім институты болмақ.Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы – мемлекеттік қызметтің моделін жаңарту бойынша ұсынылған негізгі әдістер және елдің жаңа кадр саясатына – ойластырылған және тыңғылықты есептелген ұсыныстар. Олар мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасының негізіне алынуға тиіс. Бұдан былай мемлекеттік қызмет халыққа қызмет етудің жай ғана құралы болмауға тиіс. Ол халықтың ынтасына сүйеніп, оның әлеуетімен бекітілуге тиіс. «Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» есте сақтаған жөн.[8]

2.Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары. Мемлекеттік қызметшілер:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

      2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

      3) қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге;

      4) мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

      5) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;

      6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

      7) мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

      8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

      9) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;

      10) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

      11) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

      12) жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға;

      13) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

      14) кадрларды туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

      15) бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

      16) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;

3.Кадрлық резерв. «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының кадрлық резерв жөнінде жағдайы бойынша кадрлық резерв ұсынуға қажетті кәсіби, жеке және моральді- этикалық қасиеттерге ие, банктегі басқарушылық қызмет орнын басуға арналған қажетті дайындықтан өткен арнайы қалыптасқан қызметкерлердің контингенті болып табылды.

Кадрлық резервпен жұмыс жасауды басқару келесі шаралардан тұрады:

  1. Резервті жоспарлау;

  2. Резервке үміткерлерді таңдау;

  3. Жеке жоспарға сәйкес үміткерлерді дайындау;

  4. Резерв құрамына енген үміткерлерді ваканттық орындарға ұсыну;

  5. Басқарушылардың жаңа қызмет орындарына алғашқы бейімдеу (адаптация)

Осы жағдайға сәйкес кадрлық резервтің құрамы келесідей:

  1. Бас банктің басқарушылық қызмет орнына резерв Бас банктің қызмет номенклатурасына сәйкес;

  2. Облыстық/ аймақтық филиалдардың басқарушылық қызмет орындарына резерв облыстық/ аймақтық филиалдардың басқарушылық қызмет номенклатурасына сәйкес;

  3. Райондық филиалдар бойынша басқарушылық қызмет орындарына резерв райондық филиалдардың қызмет номенклатурасына сәйкес;

«Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамындағы кадрлық резервті жоспарлау және қалыптастыру тәртібі.

Кадрлық резервті жоспарлау келесіге негізделген:

  1. Үміткерлерге қойылатын талаптарды анықтау- (іріктеу критерийлерінің тізімі) сәйкес қызметке қойылатын кәсіби талаптар мен басшыға қойылатын жеке талаптар негізінде құрастырылатын іріктеу критерийлерінің тізімі;

  2. Басқарушылық қызмет номенклатурасы, ұйымдық құрылымның өзгеруі мен ваканттық орындарды есепке ала отырып, банктің резерв қажеттілігінің саны мен құрылымын анықтау.

Кадрлық резервтің қалыптасуы үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

-Банктің басшылары автоматты түрде есепке алынады (аттестация) бағалаудың жағымды нәтижесі негізінде немесе үміткерлердің келісуі негізінде ;

-Банктің басқа қызметкерлері ұйымдық құрылымдардың ұсыныстары негізінде жеке іріктеуге жатқызылады (бөлім қызметкерлерінің 50% үміткерді қолдаған жағдайда) кезекті аттестация/ бағалаудың қорытындысы, қызметкерлердің жеке ісі мен бөлім басшысының ұсынысы негізінде қорытындыдан іріктеу.

Кадрлық резервте баламалы үміткердің болуымен қатар, сыртқы ұйымдардан үміткерлердің болуы жағдайында «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамында басқа ұйымдарда сияқты конкурстық комиссия құрылады.

Резервтен басшы қызметіне тағайындалғаннан кейін, аттестация/ бағалау қорытындысы бойынша қызмет бабымен өсу мақсатында болашақта жаңа жеке дайындық жоспары ұсынылуы мүмкін.

Жетекшілер де: үміткерлердің дайындығына оперативті басшылық етуді жүзеге асырады, жеке жоспарды дайындауға қатысады; үміткердің оқу, ротация/ тәжірибе алу (стажировка) нәтижелерін қадағалайды, бағытталған қызмет орнындағы жеке жұмысқа үміткердің дайындық деңгейі туралы қорытынды жасайды.

Кадрлық резерв жайында ақпарат персоналды басқару департаментінде сақталады.

Кадрлық резерв жайында ақпарат кадрлық резерв жөніндегі комиссияға, персоналды басқару департаментінің қызметкерлеріне, резервпен жұмыс жасайға жауапты адамдарға, құрылымдық бөлімшелерінің басшылықтарына, басқарушы директорларға, банк Басқармасының мүшелеріне олардың атқаратын қызметтерінің шеңберінде қол жетерлік.

Сонымен, кадрлық резерв жөнінде ақпарат конфиденциалды сипаттағы ақпарат болып саналады. Кадрлық резерв жайындағы ақпаратқа құқығы бар қызметкерлерді конфиденциалды ақпаратқа қойылатын талапты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңды күші бар заңнамасы мен банктің ішкі ережелеріне сәйкес жауапқа тартылуы қарастырылады.

14 билет

1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметке кадрлар іріктеу тәртібі. Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеру мәселесі Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережемен регламенттеледі. 2000 жылдың қаңтар айынан бастап республикада мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу өткізу процесі енгізілді, ол азаматтардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізудегі конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу Бос әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс бірқатар кезеңдерді қамтиды:

  • конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

  • конкурстық комиссия құру;

  • бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талдау,

  • үміткерлерді іріктеу;

  • әңгімелесу;

  • конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органдар хабарландыруда мемлекеттік органдардың мекен – жайын көрсете отырып, конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялаған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады. Әрбір конкурстың шарттарына сәйкес үміткерлер заңнамаларды білуі бойынша міндетті компьютерлік тестілеуден өтуі тиіс. Тестілеудің мақсаты үміткерлердің қабілеттерін объективті бағалау болып табылады. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына байланысты әр түрлі тестілеу бағдарламалары белгіленеді. Қазіргі уақытта тестілеу бағдарламалары үміткерлердің қабілеттерін бағалайтын заңнамаларды білу тестін, сондай - ақ логикалық вербальдық емес тесті (санаттарға байланысты) қамтиды. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер құжат қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны белгіленген тәртіппен Агенттікте немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің елдің барлық 16 өңіріндегі өңірлік тестілеу орталықтарында өтеді. Қашықтықтан тестілеу жүйесі Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде жүргізіледі, ол бірегей талаптар мен тестілеудің барынша объективті рәсімдеріне кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасына бақылау орнатуға мүмкіндік береді. Тестерді қолданудың аса жоғары стандарттарын бұлжытпай пайдалану әлеуетті проблемалар мен асыра пайдаланушылықты болдырмауға және олардың басымдылығын толығымен мемлекеттік қызмет үшін және конкурстық іріктеуге қатысушы әрбір үміткер үшін барынша пайдалануға, көпшілік үшін әділдік пен тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тестілеуден табысты өткен үміткерлер конкурстық іріктеудің келесі кезеңі - әңгімелесуге жіберіледі. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны тестілеу өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке сапаларын бағалау болып табылады. Қорытынды отырыста конкурстық комиссия ұсынылған құжаттар, тестілеу нәтижелері және өткізілген әңгімелесу негізінде үміткерлерді бағалайды және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Тек үміткерлердің бірі ғана оң қорытынды алады, екінші мықты үміткер кадрлық резервке қосу үшін ұсынылуы мүмкін. Егер конкурс нәтижесінде бос лауазымға орналасуға лайықты үміткер анықталмаған жағдайда, мемлекеттік орган қайта конкурс жариялайды. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін көзделген заңнама талаптарын сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға орналасуға құқылы.[13,51б]

1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;

3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік орган бос лауазым орнына конкурс жариялаған кезде жасы 18 төмен емес ҚР азаматтары аталмыш бос орынға үміткер ретінде конкурсқа қатыса алады. Конкурсқа қатысушының тапсырған құжаттары толық және өзінің біліктілік талаптарға сай болған жағдайда ол тест тапсыруға қатысады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi сынақ:

1. Мемлекеттiк әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн.

2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.

4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттау. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.

Mемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервінуәкілетті орган мен оның аймақтық бөлімшелері қалыптастырады. Кадрлар резерві: конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадрлар резервіне тіркеу үшін ұсынған азаматтардан;

мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даялаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізде оқудан өткен азаматтар; мемлекеттік органдар кәсіби деңгейін көтеру мақсатында халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген азаматтардан; аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервіне есепке алуға ұсынған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден жасақталады.

2.Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.

      Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнінде қажетті шаралар қолдануы тиіс. Қажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік орган басшылығын хабардар ету жатады.

      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейін мемлекеттік органның басшылығы олар бойынша, оның ішінде, егер оның іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметшінің қызметін одан әрі жалғастыруға теріс ықпал ететін заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттік қызметшіні заңсыз қудалаудан, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.

      Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.

      Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

3.Мемлекеттік қызметтердің жіктелуі. Мемлекеттік қызметтердің негізгі жіктеуі МЖ 04-2003 Өнімдердің экономикалық әрекет түрлері бойынша жіктеуінің 75.11 бөлімі «Мемлекеттік басқару және қоғамдық әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы қызметтер» тобында көрсетілген.

1. Осыған қоса, мемлекеттік қызметтер мынадай белгілер бойынша жіктеледі:

- қызмет жабдықтаушының ұйымдық-құқықтық статусы бойынша;

- қызмет тұтынушының ұйымдық-құқықтық статусы бойынша;

- қызмет көрсету формасы бойынша;

1.1. Қызмет жабдықтаушының ұйымдық-құқықтық статусы бойынша, мынадай топтарға ажыратуға болады:

- қызметтерді тұтынушыларға тікелей көрсететін мемлекеттік органдар;

- мемлекеттік орган болып табылмайтын және жұмысы мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер тарапынан көрсетілетін қызметтер;

- мемлекеттік тапсырыстарға тендерді жеңіп алған мемлекеттік және жеке ұйымдар тарапынан көрсетілетін қызметтер.

1.2. Қызмет тұтынушылардың ұйымдық-құқықтық статусы бойынша, мынадай топтарға ажыратуға болады:

- жеке тұлғаларға көрсетілетін қызмет;

- заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет.

1.3. Қызмет көрсету пішіні бойынша, мынадай топтарға ажыратуға болады:

- қағаз үстінде;

- ақпараттық-коммуникациялық байланыс арқылы;

- электрондық байланыс арқылы;

- тікелей кездесу кезінде ауызша түрде.

Нақты практикалық міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әр түрлі топтарға көрсетілетін қызметтердің осы жіктеуіне толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.

15 билет

1.Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары. Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілеттілігін арттыруда негізгі бағыт -мемлекеттік қызметкерлерді мамандармен қамтамасыз ету механизмін жетілдіру болып табылады. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшілік реформаны қарқынды жүргізу ретіндегі төртінші мәселесінде «Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру қажет, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры», -деп атап өтті. Ал, 2011 жылы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы» қабылданды. Онда мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ағымдағы ахуалды талдау ұсынылған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен оны іске асырудың түйінді тетіктері айқындалған. Мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып - меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру табылатыны хақ.

Сондықтан да, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.

 Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған, соған қоса мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тиімді кадр тетіктерін – мемлекеттік қызметке кірудің тиімді әрі айқын тәртібін, үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған. Оны іске асыру 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралыққа есептелген:

Бірінші кезеңде (2011–2012 жылдар) Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған:

1) үш корпусқа негізделген мемлекеттік қызмет лауазымдарының жаңа тізілімін енгізу;

2) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметтің кадр резервін қалыптастыру рәсімдерін жақсарту;

3) жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығын қалыптастыру;

4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің технологиялары мен қағидаттарына негізделген жаңартылған оқыту бағдарламаларды енгізу;

5) мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру;

6) мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жүйесін енгізу;

7) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу;

8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау жүйесін енгізуге, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үшін кері байланыс тетігін дамытуға бағытталған шараларды іске асыру көзделеді.

Екінші кезеңде (2013 – 2015 жылдар) мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу, кәсіби даму мен оқытудың дара жоспарларын енгізу, қашықтықтан оқыту жүйесін кеңейту; мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру; әкімшілік этиканы басқарудың екі деңгейлі жүйесін әзірлеу сияқты мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеуі мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;

      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.

      Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, біреулердің мүдделерін қолдаған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің табысымен сәйкеспейтін заңсыз табыс пен мүлік алған деп негізсіз көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оны теріске шығару, оның ішінде сот арқылы теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы

      Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс.

3.Мемлекеттік қызмет объектілері. Іс түрінен және басқа жіктеу белгілерінен тәуелсіз түрде, мемлекеттік қызметтердің объектілері мыналар болып табылады:

- жіктеу және терминология;

- біркелкі қызметтердің топтарын және шағын топтарын, қызметтердің әр түрлі түрлерін, жеке қызметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер тізімі;

- мемлекеттік қызметтердің әр түрінің нақты сапа және қолжетімділік көрсеткіштеріне қойылатын талаптар;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушыға қойылатын талаптар;

- қызметтерді көрсету процедурасы;

- лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері (орындамағаны) бойынша шағымдану тәртібі мен мерзімі;

- қызмет тұтынушыларын хабардар ету түрлері және әдістері;

- тұтынушылармен жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың біліктілігі, жауапкершілігі және бағыныштылығы;

- қызмет көрсету орнындағы шарттар;

- тұтынушылармен жұмыс істеудің жалпы ережелері.

Жіктеу және терминология, осы ретімен 6 және 3 бөлімдеріндегі талаптарға сай болуы тиіс.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер тізімі мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

- көрсетілетін қызметтер құрамы тұтынушы үшін анық және айқын болуы тиіс;

- түпкі нәтижесі және қызмет көрсету пішіні көрсетілуі тиіс;

- мемлекеттік қызметтің нақты бір түрін көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе ұйымның атауын қамтуы керек.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті мыналарды қамтиды:

- мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тәртібі және технологиялық тізбегі;

- қызмет көрсету уақытының және жеке процедуралардаң ұзақтығы;

- мемлекеттік қызмет тұтынушысының алатын түпкі нәтижесінің толық анықтамасы.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктеріне байланысты тұтынушыларды хабардар етудің мынадай формаларын және әдістерін пайдалану орынды:

- арнайы басылымдар;

- вебсайттар;

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалық беттер;

- жарнамалық парақшалар;

- мекеменің өз орнынан басқа жерге орналастырылатын мекеме туралы көрнекі мәлімет;

- мекеменің ішінде орналастырылатын мекеме жұмысы туралы көрнекі мәлімет;

Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушы туралы жалпы мәлімет мыналарды қамтиды:

- жабдықтаушының толық атауы;

- заңды адресі;

- жұмыс уақыты;

- телефон нөмірлері;

- вебсайт және электрондық поштасы;

- қалалық (жергілікті) көлік жүру бағыттары.

1.2 Мемлекеттік қызметтер тізімі туралы мәлімет бар .

1.3 Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға тікелей көрсетуші лауазымды тұлғалар туралы мәлімет мыналарды қамтиды:

- тегі, есімі, әкесінің аты, лауазым атауы, кабинет нөмірі;

- тұтынушыларды қабылдау уақыты;

- негізігі міндеттері мен шешетін сұрақтарының көрсетілуі;

- даулы немесе түсініксіз сұрақтарды шешу үшін тікелей жетекшісінің тегі, есімі, әкесінің аты, лауазым атауы, кабинет және телефон нөмірі.

16 билет

1.Еуропа елдеріндегі мемлекеттік қызмет тәжірибесі. Франция, Нидерланды, Дания, Ұлыбритания сияқты унитарлы мемлекеттердің өзгешелігі, басқарудың екі нұсқасы арасындағы ауыспалы тепе-теңдік, яғни, бір жағынан жалпы ұлттық тәртіпті орнататын орталықтанған билік, екінші жағынан жергілікті құрылым ерекшеліктерін ескеретін, орталықсыздандыру.

Мемлекеттік қызметтің еуропалық үлгісіне талпынатын Еуропалық Одақтың әкімшілік жүйелері, оның негізгі жұмыс істеу механизмі мен қағидаларын, бірегейлендіруге тырысады. Римдік келісім-шарттың 48-ші бабына сай Еуропалық Одақтың кез-келген мемлекеттік қызметшісі жоғарғы деңгейдегі қызметтен басқа қалған барлық қызметтерде, егер сол нақты мемлекеттік сектордың талаптарына сай біліктеріне ие болса, өзінің мансабын әрі қарай жалғастыра алады, яғни бұл жерде баспалдақтық жүйе қолданылады. Мемлекеттік қызметтің мансаптық жобасы Германия, Австрия, Жапония елдерінде кең тараған. Ал, позициялық жоба Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде кең тараған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің баспалдақтық және позициялық модельдерінің элементтерін қамтып, аралас болып қалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде корпустық вертикаль: мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс табатын болды.

Мемлекеттік қызметтің екі нұсқасында да мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылатындығын байқауға болады. Дегенмен, әр елде оқу бағдарламалары, оқыту жүйесі сол елдің даму заңдылықтары мен ұлттық нұсқаларына бағытталғандығын куәландырады. Мысалы, Франция мен Германияда мемлекеттік басқарудың аймақтық институттарымен (Франция) және мемлекеттік қызмет колледждерімен (Германия) орындалатын ұзақ мерзімді оқу кестелері жасалынған. Соған қоса, Францияда міндетті оқыту бағдарламасы да оқу жүйесіне енгізілген, яғни директордың орынбасары сияқты белгілі бір лауазымда отырған қызметкерлерді оқытудың міндетті бағдарламасы бар. Францияда міндетті оқыту белгіленген мерзімдерде өткізіледі. Оқу Мемлекеттік басқарудың Ұлттық Мектебімен (ENA, 1945 жылы құрылған), аймақтық институттармен және министрліктердегі мамандандырылған мектептермен өткізіледі. ENA-дан бітіріп шығу жоғары әкімшілік лауазымдарға отыруға мүмкіндік ашады. ENA жыл сайын 100 студент қабылдайды (оның ⅓ - шетелдіктер).

Ал, Германияда оқу жүйесі федералдық және жергілікті деңгейде оқытылады. Жоғары лауазымды шенеуліктерді мол және стратегиялық басқарудың қазіргі заманғы әдістеріне, ақпараттық технологияларға, адам ресурстары мен коммуникация тәсілдеріне үйрету жүйелі түрде өткізіліп отырады. Ұлыбританияда білім алудың аса назар аударатын жүйесі бар. Ұлыбританияның мемлекеттік қызметінің ұйымдастырылуына жауапты министрлер кабинетінің хатшылығы басқару құрылымының жоғары дәрежесіне міндетті бағдарлама ұсынады, бұл бағдарламаларға кәсіп-керліктің және жеке сектордың қызметшілері қатыса алады. Грецияның оқу жүйесінің айтарлықтай ерекшеліктері жоқтығын байқай аламыз.

Мемлекеттік қызмет институционалдануының шетелдік тәжірибесінің нәтижелерін келтіре келе, кешенді және координацияланған процесс әдістерін талап ететінін атап өту керек. Ең маңыздысы, бұл шарттар мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау шеңберіне жатады. Сондай-ақ, Еуропа елдеріндегі мемлекеттік қызметкерлер үшін қызметтік мамандандырылғандығын бағалау мақсатында ресми және бейресми түрде мемлекеттік аттестациядан өту жүйесі қалыптастырылған. Германияда мемлекеттік басқарудың федералдық заңына сәйкес федералдық мемлекеттік қызметшілердің білімі мен жұмысты атқаруы әр бес жыл сайын және қажет болған кез-келген жағдайда да бағаланып отырады. Ал, Данияда өзінің бейресми рәсімімен және ашық диалогымен сипатталатын персоналды бақылау жүйесі жетілдірілген. Персоналды бағалау тігінен (тікелей басшыларымен) және көлденеңінен (жұмыстағы әріптестерімен) өткізіледі.

2.Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылары мынадай басқару функцияларын орындауы керек:

- тұтынушылардың мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік дәрежесімен қанағаттанушылығын тұрақты зерттеу, олардың үміттерін және қалауларын анықтау;

- мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процесін есепке алу;

- тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тұрақты бақылау жургізу;

- көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларды жоспарлау және қаржылай негіздеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында көрсетілген нақты нәтижелер мен мекеменің қызметкерлерінің нақты іс-әрекеттері арасында өз-ара байланысты қамтамасыз ететін ынталандыру жүйесін шығару және енгізу.

3.Мемлекеттік қызмет субъектілері. Мемлекеттік қзмет ету субъектілеріне мыналар жатады:

1) шаруашылық мүдделерді тасымалдаушылар;

2) анықтаушылар;

3) экономикалық мүдделерді атқарушылар.

Шаруашылық мүдделерді тасымалдаушыларға – бір-бірінен мүліктік, табыстық табыстары бірдей болса да, қызмет түрлері бойынша, мамандықтары бойынша айырмашылықтары бар әлеуметтік топтар жатады. Яғни, бұларға жұмысшылар мен кәсіпорын иелері, фермерлер, жер иелері, ұсақ және ірі кәсіпкерлерді, басшылар мен акционерлерді, мемлекеттік қызметшілер мен шаруашылықтарды және т.б. Яғни, осы топтардың әрқайсысының өзіндік мүдделері, әлеуметтік-экономикалық жағдайына негізделген талаптары бар болуы мүмкін. Бұл топтардың әрқайсысы өз мүдделерін бұқаралық ақпарат құралдарына, мектептерде мемлекеттік мекемелерге талап немесе ұсыныс жасай алады. Экономикалық мүдделерді тасымалдаушылар дамыған елдерде түрлі одақтарға, ассоциацияларға, бірлестіктерге бірігіп, белгілі бір халықтың немесе топтардың мүдделерін білдіре алады. Бұл бірігу мемлекеттік басқару құрылымдарына топтық әсер етуші болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдағы топтық мүдделерді мемлекет үнемі ескеруге тиіс, мемлекет қандай да бір міндетті белгілеген уақытта экономикалық одақтар мен экономикалық мүдделерді білдірудің нақты ұсыныстарын есепке алған жөн.

17 билет

1.Мемлекеттiк қызметтер көрсету. 1. Мемлекеттiк қызметтер көрсету

1. Мемлекеттiк органдар, өзге де мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерi болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi мемлекеттiк органдар қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi қызмет мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмiн бекiтедi .

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерi оны көрсету үшiн мемлекеттiк органдардан, өзге де мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардан қосымша ақпарат алу қажет болатын қызметтi ұсыну кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбеген болса, жеке және заңды тұлғалардан оны талап етпестен қажеттi ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге тиiс.

Мемлекеттiк қызмет көрсету- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген функциялар мен өкiлеттiктерге негiзделген, бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңды мүдделерiн қорғауға және қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттiк қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет.

2.Дүниежүзілік тәжірибедегі мемлекеттік қызметі. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік басқаруда кадр саясатын қалыптастырудың теориялық тұжырымдамалары. Мемлекет – арнайы басқару мен мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекеттік қызмет функцияларының халықаралық тәжірибесінде:

  • континенталдық «мансаптық»;

  • англо-саксондық «позициялық»;

  • шығыс-азиялық «элиталық мемлекеттік қызмет»;

  • мемлекеттік қызметтің корпоративтік үлгілерін бөліп көрсетуге болады.

Дүниежүзілік тәжірибе, оның ішінде жеке сектор сараптамалары бойынша, бағалаудың негізгі түрлері бар.

Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызметтің екі үлгілік моделін бөліп қарастыруға болады – сатылы және позициялық.

Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару тәртібіне қатысты осы модельдердегі айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар жалпы шарттар тән.

Біріншісі – мемлекеттік қызметшілерді саяси «тағайындалатындар» және кәсіби «орындаушылар» деп бөлу. Екіншісі – мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады.

Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдердегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады.

Қазіргі кезде, көптеген елдер мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесінің ерекшелектерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді.

Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданылады, ол саяси шешімдер қабылдау процесін оларды іске асыру процесінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.

Шетелдік тәжірибені қарастыру барысында негізгі үш ерекшеліктерді атап өтуге болады. Біріншіден, мансаптық шенеуніктер мен саяси шенеуніктердің арақатынасы АҚШ-та - 1:5, ал Англия мен Францияда - 1:40.

Екіншіден, жоғарғы шенеуніктердің кәсіби карьерасын және мобильді болу типін анықтайтын мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы: континенталдық Европа елдерінде қызметтік құқыққа бағынатын кәсіби кадрлық мемлекеттік қызмет жүйесі құрылды, ал англосаксондық мемлекеттерде мемлекеттік қызмет қарапайым еңбек заңнамасы негізінде қалыптасады және анағұрлым ашық болады.

Үшіншіден, кәсібилік дәстүр: мысалыға АҚШ-та жеке бағыттағы жұмыста негізгі күшті тар ауқымды маманға жүктейді, ал Ұлыбританияда жалпы характердегі білімі бар дженералисттерге береді. Бірақ соңғы кезде мемлекеттік қызметте сонымен қоса жоғарғы шенеуніктермен жұмыс істеу аясында жақындастық пайда болуда, ол мемлекеттік басқарудың ұлтаралық тануымен байланысты.

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құқықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы мензаңдарына,ҚазақстанРеспубликасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.Агенттік туралы ережені, сондай-ақ оныңқұрылымымен штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.. Агенттікмемлекеттік мекеменіңұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақзаңдарғасәйкес банктерде шоттары болады. Агенттік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Агенттік пен оның аумақтық органдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды. Аумақтық органдар өз қызметін заңдарда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.  Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында консультативтік-кеңесшi органдары - тәртіптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi

Агенттiктiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:        1) мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;        2) мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау;       3) мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу;        4) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлаужәне олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;        5) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.

Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес  заңдардабелгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:        1) мемлекеттік қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп, жүзегеасыруға қатысады;        2) мемлекеттiк қызмет қызметкерлері жөнiнде республикалық мәлiметтер базасын және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн кадр резервiн түзедi; Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резерві туралыереженiәзiрлеп,Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге ұсынады;       3) мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін әзірлейді және қалыптастырады;        4) әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді жәнебекітеді ;        5) Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттары бойынша тізілімінжәне өзге де актілерді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;       6) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;        7) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;        8) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіреді;        9) мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға үміткерлерді сынақтанөткізеді;мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды және персоналды басқарудың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асырады;       10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтауын бақылауды жүзегеасырады;  тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiңар-намыс кодексiн(Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) бұзған С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы әкiмшілiк мемлекеттiк қызметшiлерiне, сондай-ақ орталық құқық қорғау органдарының және арнаулы қызметтердiң бiрiншi басшыларынан, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарларынан басқа, осы органдардың тәртiптік жауапкершілiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған басқарма басшыларына дейiн қоса алғандағы лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптiк iстердi қарайды.

18 билет

1.Мемлекеттік қызметтер реестрі. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi - мемлекеттiк қызметтер көрсетудi алушыларды, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт, қаулыларымен.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты- мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң, нысанының, мазмұны мен нәтижесiнiң сипаттамаларын қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың француздық моделін қолдануы.«Қазақстан – 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттік қызметті дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесін жақсарту»; «мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік қызметтің жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» осы тұжырымдамамен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру негізіне алынған.

Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызметтің конкурсты-мансаптық үлгісі жүргізілуде. Аталмыш үлгі өзін айтарлықтай тиімді екендігін танытты, алайда казақстандық үлгі тек жақсы ұйымдастырылған түрде ғана емес, сонымен қатар, ТМД елдері үшін үлгілі нұсқа ретінде болуы қажет. Белгіленген мәселелі сұрақтарды есепке ала отырып, мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесінің әрі қарайға жетілдіруде келесі ұсыныстарды бөліп көрсетуге болады.

Осы ретте, мемлекеттік қызметтің конкурсты-мансаптық үлгісін алдағы уақытта жаңғыртуды жүзеге асыруды келесі кесте түрінде көрсетуге болады (2-сурет).

1998 жылы 18 қыркүйекте алғаш рет посткеңестік кеңістікте, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен мемлекет Басшысына тікелей бағынышты және есепті құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. Аталмыш орган мемлекеттік қызмет аясында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Осылайша, ел Президентінің «Қазақстан – 2030» стратегиясында қойылған міндеттер негізінде мемлекеттік қызмет реформасы мемлекеттің маңызды институты ретін негіз қалады.

Елбасының саяси еркінің және уәкілетті органның арқасында, біршама аз уақыт ішінде мемлекеттік қызмет байланысын регламенттейтін жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және 20 заңдық актілер қабылданды. Жаңа Заңды қабылдау мемлекеттік қызметтің шетелдік жүйесін алдын ала мұқият зерделеуді қажет етеді. Халықаралық тәжірибе сараптамасы көрсетіп отырғандай, демократиялық мемлекеттің негізгі мемлекеттік қызметі болып меритократия болып табылады.

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істегері агенттігінің функциялары. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: -мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;  -мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау;  -мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу;  - мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру;  -мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.  Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

-мемлекеттік қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысады; 

-мемлекеттiк қызмет қызметкерлері жөнiнде республикалық мәлiметтер базасын және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн кадр резервiн түзедi;

-Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резерві туралы ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге ұсынады;

-мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін әзірлейді және қалыптастырады; 

-әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

  -Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттары бойынша тізілімін және өзге де актілерді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады; -мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;  -мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;  -мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіреді; 

-мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға үміткерлерді сынақтан өткізеді;

  -мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

 

19 билет

1.Мемлекеттік қызметтер регламенті. Регламент және стандарт

1. Мемлекеттiк орган өз қызметiн ұйымдастыру мен оның iшкi тәртiбi мәселелерi бойынша регламент қабылдайды.

2. Мемлекеттiк орган iшкi қызметiн ұйымдастыру мен оның тәртiбi және мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандартын қабылдайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандарты мен регламентi мемлекеттiк органның құзыретiне кiретiн әрбiр мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша қабылданады. V085113 , V085153 , V085127

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандарты, мемлекеттiк органның регламентi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгiлiк стандарттар мен регламенттер негiзiнде әзiрленедi.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті мыналарды қамтиды:

- мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тәртібі және технологиялық тізбегі;

- қызмет көрсету уақытының және жеке процедуралардаң ұзақтығы;

- мемлекеттік қызмет тұтынушысының алатын түпкі нәтижесінің толық анықтамасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]