Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать

Заттарды иіскеп көру Зертханада жұмыс істеу тәсілдері

Зертханалық жұмыс2

Химиялық ыдыстар жӘне олармен жұмыс істеу тӘртібі.

Химиялық тәжірибелердің көпшілігі өте жұқа шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Бұндай шынылар кәдімгі шыныға қарағанда температураның тез ауытқып кетуіне төзімді келеді. Өте көп қолданылатын ыдыстарға жататындар:

шыныдан жасалған сынауық, стакан, колбалар (Вюрц, конус тәрізді, түбі дөңгелек, түбі жалпақ колбалар) мен реторталар. Сонымен қатар шыны ыдысқа кристаллизаторлар, әр түрлі воронкалар немесе құйғылар, сағат шынысы, аллонж жатады. (3-сурет).

7 3-сурет

1- сынауық, 2- колба,3- құйғы, 4- стакан, 5-тамшуыр, 6- склянка, 7- отбақыраш

Ірі кристалл заттарды еріту алдында оларды ұнтақ күйге дейін үгітеді. Ол үшін фарфордан,шыныдан, металдан жасалған табақшалар мен келішелер қолданылады. (4-сурет)

1 2 3

4-сурет

1-шыны, 2- фарфор,3- металл үгіткіштер

. Күйдіргіш сілтілерді және күшті улы заттарды үгіту үшін бетке маска мен респиратор, ал қолға- резина қолғап киеді. Өте улы заттарды ауа сорғыш шкафта жүргізеді. Еріткіштердің көлемдері өлшеуіш цилиндрлар мен мензуркалар (5-сурет) арқылы өлшеніп алынады және миллилитрмен (мл) өрнектеледі. Еріткіш пен затты стаканға салғаннан кейін шыны таяқшамен араластырады. Бұл процесті тездету үшін ерітіндіні қыздырады(6-сурет). Сулы ерітінділер дайындау үшін міндетті түрде дистильденген су пайдаланылады.

5-сурет 6- сурет

Өлшеуіш ыдыстар Қатты заттардың суда еруі

Осы және басқа да химиялық ыдыстар мен құралдардың атқаратын қызметімен, қолданылатын орнымен жұмыс барысында біртіндеп танысамыз.

Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Қондырғыларды жинау.Таразы және таразыда өлшеу.

Тақырыбтың негізгі сұрақтары:

  1. Қондырғы жинаудның негізгі ережелері.

  2. Қондырғы жинау және оған қажетті тетіктерді дайиндау.

  3. Тәжірибе өткізуге зат алу.

  4. Техникахимиялық таразылардың құрылысы.

  5. Техникахимилық таразыда өлшеу ережелері.

  6. Өлшеудің орташа квадрат қателігі.

Мақсат:

  • қондырғыларды жинауды үйрену

  • техникахимилық таразыда жұмыс істеу ережелерімен танысу

  • техникахимилық таразыда өлшеп, оның орташа квадрат қателігін есептеу

Студенттердің алған білімің деңгейі.

Білу қажет:

  • негізгі қондырғыларды

  • қондырғыларды жинау ережесі

  • тапсыпма бойынша қондырғы жинауды

  • таразыда өлшеудің негізгі ережелерін

  • техникахимилық таразыда өлшеуді

  • өлшеудың орташа квадрат қателігін есептеуді.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары.

Тәжірибе өткізуге арналған заттарды алу.

Практикалық жұмысты орындау кезінде заттар өте аз мөлшерде қолданылады. Олар реактивтер прабиркаларда сақталады. Пробиркадағы қатты заттар микроқасықшамен, ал сұйықты пипеткамен алады. Әрбір қатты заты бар пробирканың тығынында қасықшасы болуы қажет. Бір қасықшаны әр рүрлі заттарға қолдануға болмайды.

Пробиркаға қатты зат саларда қасықшаны пробиркаға салуа болмайды, қасықшаны пробирканың аузында ғана ұстау қажет. Қажетті затты пробирқаға салғаннан кейін, қасықшаны реактиві бар пробирқаға салу қажет.

2-10 тамшы реактивке тамшы немесе капилляр пипеткасын қолданады.Пипеткалардың үсті ашық және резеңке қалпағы бар болады.

Үсті ашық пипеткамен ерітінді алу үшін, оны реактивте бар пробирқаға салып, ерітінді пипеткамен жоғары көтерілгеннен кейін, пипетканың екінші ашық жағын саусақпен басып тұрып, ерітіндіден суырып алады.Содан кейін саусақты сәл көтеріңкіреп 2-3 тамшы ерітіндіні пробирқаға тамызады да, пипетканың, саусақпен тесігін жауып реактивті бар пробирқаға салады.

Ерітінді алатын пипетканы жұмыс жүргізіп жатқан пробирқаға салуға болмайды. Резенке қалпағы бар пипеткамен ерітіндіні алу үшін пипетканың резеңке қалпағын екі саусақпен қысып ерітіндіге батырады да, саусақты жібереді, ерітінді жоғары көтеріледі. Пипетканы ерітіндіден алып, жұмыс жүргізетін пробирканың аузына апрып, екі саусақпен қалпақтан қысып ерітіндіні тамызады.

Қондырғыларды жинау.

Хмиялық эксперимент кезінде қондырғы жинауға көп ауқыт кетеді. Тәжірибенің қондырғының дұрыс жиналуына, таңдап алынуына байланысты болады. Қарапайым қондырғылар 2-6 суреттердегідей түйіндерден;

  • реакция өтетін бір немесе бірнеше колбадан, пробиркалардан және соңғы өнімді қабылдайтын қабылдағыштан;

  • қажетсіз қоспаларды жұтатын ыдыстар жиынтығынан;

  • негізгі реакция өтетін колба немесе қондырғыдан тұрады.

Қондырғы жинаудың негізгі ережелері.

  1. Қажетті қондырғыны жинамастан бұрын ыдыстардың тазалығын, жұмысқа жарамдылығын тексеріп алу қажет.

  2. Диаметрлері сәйкес келетін түтіктерді, тығындарды, қондырғыларды даярлап алу қажет.

  3. Тамшылатқыш құйғышы бар қондырғыларды жинағанда құйғыштың ұшы сұйықтыққа батып тұруы қажет. (Неге?)

  4. Реакцияның нәтежесінде бөленген газ қажетсіз қоспаларды жұтатын ыдысқа бір ұшы сүйыққа батырылған түтік арқылы өту қажет. (Неге?)

  5. Қондырғы артық кедергісіз жинауы қажет.

Тапсырма:

  • Қажетті заттарды дайындап, қондығы жинау,

  • әртүрлі бұрышпен түтіктерді ию,

  • түтіктің диаметірне сәйкес тығындарды тесіп дайындау.

Зертханалық жұмыс 2

Таразы және таразыда өлшеу.

Рычагты таразыда өлшеу дегеніміз, затты массасы белгілі таразы тастарының массасымен салыстыру болып табылады. Таразы тастарының массасы белгілі бірлікте (мг, г, кг, т.б) болады. Таразы лабораториядағы ең қажет қондырғылардың бірі, қандай жұмыс болмасын керек заттың оны салатын ыдыстың массасын анықтау қажет болып табылады.

Затты 0,01 г. Дәлдікпен өлшеу үшін технохимилық таразы қолданылады. Технохимиялық және аналитикалық таразының құрылысы бірдей.

1- сурет. Технохимиялық таразы және таразы тастары.

(1- баған, 2- арретир, 3-табақшалары, 4-стрелка, 5- шкала, 6-орнықтырма, 7-горизонталь бағытта орнықтыруға арналған бұранда, 8-иін ағаш, 9 табақшаларды тенестіруге арналған бұрандалар).

Екі иығы тең металл рычагың екі басында және ортасында, үш призма орналастырған. Ортадағы призма тіреу нүктесі болатын орталық тағандағы пластинқаға орналастырылады. Бұл пластинка аналитикалық таразыда агаттан жасалған. Ал шеткі екі призма таразының табақшалары ілінеді. Шкалада горизонталь бағыттан аутқыды көрсететін стрелка шкалад нөльді көрсетеді. Таразыны орнықтырып алғаннан кейін орнынан қозғауға болмайды. Таразыдада өлшеместен бұрын оның жұмысқа жарамдылығын тексеріп алады. Көтеріліп, түсірілетін иін ағашты арретирлеп, таразыны жұмысқа дайындайды. Стрелканың шкаладағы нольдік нүктеден ауытқуын бақылайды. Егер стрелка екі жаққа бірдей бөлекке ауытқыса, онда таразыда жұмыс істей беруге болады. Таразыны жұмысқа дайындағаннан кейін арретирді түсіріп қояды.

Таразыда жұмыс істеу ережелері:

  • таразының табақшасына заттарды, таразы тастарын салып, қайтадан алу үшін, таразыны арретирлеу қажет.

  • таразының табағына лас және сулы, қыздырылған заттарды салуға болмайды.

  • сүйықтықты өлшегенде оны таразыға және таразы тастарына тигізбе.

  • өлшенетін зат таразының сол жақ табағына салынады.

  • қатты затты әйнекшеге, бюкске, глянс қағазға салып өлшейді.

  • таразы тастарын пинцетпен алып, сол ұяшыққа қайтадан салу керек

  • затты өлшеу ушін, ең бірінші сол заттың салмағына шамамен жуықтау деген таразы тасын табақшаға салады, егер тас ауыр болса, одан жеңіл келесісін салады да, екі табақша теңескенше қайталайды, таразы тастарының массамын еспетеп, жұмыс дәптеріне жазу керек

  • бір жұмысқа қолданылатын заттарды тек бір таразыда өлшейді

  • затты өлшеп болғаннан кейін табақшаларды босатып, таразыны арретирлейді, табақшада затты қалдыруға болмайды.

Таразыда өлшеудің орташа квадрат қателігі.

Әрбір өлшеген сайын өлшеу қатілігі кетеді. Заттың шын массасына жуықтау үшін сол затты 4-5 өлшеу керек. Бір затты келесі өлшеу кезінде таразының табақшасынан алмайды. Бірінші өлшеу келесі өлшеуден таразыны арретирлеумен ғана ерекшеленеді. өлшеу кезінде кететін қателікті орташа квадрат қателік түрінде береді. Орташа квадрат қатілікті есептеу мынандай түрде жүргізіледі:

Мысалы 1,2,3 .... п өлшеу кезінде келесі мәндер алынды десек а1, а2, а3 ...., ап, Осы алынған мәндердің арифметикалық орта шамасын табамыз:

Орташа квадрат қателік келесі түрде анықталады:

Сонымен заттың салмағы А=а тең.

Тапсырма:Лаборанттан массасы 1-100 г аралығында зат алып, оны техникахимиялық таразыда 0,01 дәлдікпен бірнеше рет өлшеніз. өлшеудің орташа квадрат қателігін есептеніз.Бақылау сұрактар.

  1. Лабораторияда қолданылған химиялық ыдыстарды атаныздар.

  2. Өлшеуге арналған ыдыстар және олардың қолданылуы.

  3. Фарфор ыдыстар және олардың қолданылуы.

  4. Ыдыстарды жуу және оларды кептіру.

  5. Таразының құрылысы.

  6. Таразыда өлшеудың негізгі ережелері.

  7. Өлшеудың орташа квадрат қателігін анықтау.

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Сүзу.

Тақырыбтың негізгі сұрақтары:

  1. Қарапайым және қатпырлы сүзугі

  2. Қалыпты қысымда сүзу

  3. Вакууммен сүзу

  4. Ыстықтай сүзу.

Мақсат:

  • Қалыпты қысымда, вакууммен, ыстықтай сүзуге арналған қондырғыларды жинап үйрету.

  • Сүзіп үйрету.

Студенттердің алған білімің деңгейі.

Білу қажет:

  • Қарапайым және қатпарлы сүзгінің қолданылуы,

  • Сүзуге арналған қондырғыларды жинауды,

  • Тұнбаны басқа ыдысқа шығынсыз ауыстыруды,

  • Сумен жұмыс істейтін насосты іске қосып, оның қолданылуын,

  • Ыстықтай сүзудің методикасы.

Сүзу.

Сұйықты ерімейтын қатты заттан тазарту ушін, сүзу әдісі қолданылады. Сүзу кезінде сұықтықты тесікшелері, бар материал-сүзгіден өткізеді. Сүзгіш материалдар ретінде кварц құмы, асбест, шыны-мақта, фосфор пластинкалар(Гуч ыдысы), нығыздалған шыны (Шот ыдысы), текстильді маталар, мақта, қағаз сүзгілер қолданылады.

Сүзілетін сұйықтықтың қасиетіне байланысты әртүрлі материалдан жасалған сүзгілер қолданылады.

Лабораторияда көбіне қағаз сүлгілер қолданылады. Олар қарапайым және қатпарлы болады. Егер сүзілген тұнба әрі қарай пайдаланылатын болса, қарапайым сүзгі қолданылады. Қарапайым сүзгіні құйғыштың өлшемдеріне сәйкес, шаршы қағазда дәл ортасынан бүгіп, сүзгінің жиегі құйғыштың жиегінен 0,5 см. Төмен түсіп тұратындай етіп бүктелген шаршының жиегін доға етіп қайшымен қию арқылы даярлайды.

Полотно 50

Төрт бөктелген сүзгінің бір бөлігін ашып, құйғышқа салады да, бір саусақпен басып тұрып дистеленген сумен сулайды. Суланған сүзгі құйғыштың қабырғаына жабысып тұруы қажет.

Бүл сүзгіні даярлау қарапайым сүзгі сияқты, бірақ шаршы қағазға бірнеше рет бірдей бөліктерге бүктеу арқылы жасалады.

Оңай сүзілетін сұйықтықтырды-қалыпты қысымда, қиын сүзілетіндерді вакуум арқылы сүзеді.

Тұтқыр және қаныққан ерітінділер ыстықтай сүзіледі.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары.

Қалыпты қысымда сүзу.

Қалыпты қысымда сүзу ушін, стақан, құйғыш және сүзгі мен таяқшадан түратын қондырғы жинайды:

Қалыпты қысымда сүзіге арналған қондырғы.

Құйғышқа сүзгіні салып, сүзілетін сүйықтықты таяқшаның бойымен құяды. Сүзіп жатқан сұйықтық азайғанда оны шайқап, сүзіге тағыда құйып қояды. Сүзгіден өткен сұйықтық фильтрат немесе сүзінді деп аталады. Сүзгіде қалған тұнбаны дистеленген сумен немесе арнайы сүіқтықпен шаяды. Тұнбаға шаятын сүйытқы құяды да, ол ағып кеткенше күтеді, сосын тағы құйып, осылай бір неше рет қайталанады. 4-5 рет шайқағаннан кейін, оның тазалығын тексереді. Ол үшін сүзгіден 1-2 тамшы алып шайылып жатқан ионға сапалы реакция жасайды. Егер тұнба түзілсе жууды әрі қарай жалғастырады. Шаюға қолданған сүітқі негізгі сүйіндіден бөлек жинайды (Неге?). Қиын ерійтін және баяу сүзілетін тұнбаларды бөлініп алу үшін және шаю үшін декантация әдісі қолданылады. Ол үшін тұнбаны сүзбестен бұрын оның стаканнын түбінде тұндырады ал ерітіндісі сүзіледі де тұнбаға шаятын сұйытқыты құйып араластырады, оның тұынын құтып қайталап тағы ерітіндісін сүзеді.

Тапсырма:

  • қалыпты қысымды сүзіге арналған қондырғыны жинау керек,

  • металл штативтің құрылысымен және жиналуымен танысу қажет,

  • 50 мл. құм-су, балшық-судан тұратын қоспаны сүзу қажет,

  • тұнбаны таяқшаның қөмегімен басқа ыдысқа аустырып үйрену қажет,

Вакууммен сүзу.

Қатты затты сүйықтан бөлуді тездету үшін вакууммен сүзі қолданылады. Төменгі қысымда сүзі үшін Бунзен колбасына Бюхнер құйғышынан тұратын қондырғы жинау қажет. Бюхнер құйғышына біреуі диаметірне сәйкес, ал екінші одан 0,5 см. үлкендеуі екі сүзгілерді салады. Кіші сүзгі құйғыштын түбіне салынатын онын үстіне үлкен сүзгіні сулап алады, осы қондырғыны су насосына жалғап сүзгілердін құйғышқа жабысуын байқалады. Таяқшаның қөмегімен тұнбасы бар ерітінді Бюхнер құйғышына құйып оны сақтандырғыш ыдыстар арқылы насосқа жалғап сүзуді жүргізеді. Сүзіп болғаннан кейін Бюхнер колбасын сақтандырғыш ыдыстан ажыратып суды тоқтатады. Тұнбаны құйғыштан алып сүзгі қағазға ауыстырады. Бюхнер құйғышынын орнына Гуч тигілін немесе Шоттын шыны құйшын қолдануға болады.

Тапсырма:

Вакууммен сүзіге арналған қондырғыны жинап, насостын құрлысымен танысу қажет.

Бақылау сұрактар.

  1. Сүзі дегеніміз не?

  2. Жәй және қатпарлы сүзгілердін атқаратын қызметтері.

  3. Сүзгі материалдарды атаныздар.

  4. Қалапта қысымда сүзідін методикасы.

  5. Қысыммен сүзідін методикасы.

Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Заттарды тазарту әдістері.

Тақырыбтың негізгі сұрақтары:

  1. Заттарды тазартдың негізгі әдістері.

  2. Қайтадан кристалдантыру, өнімнің %-тік шығымын есептеу.

  3. Бірден буландыру, өнімнің %-тік шығымын есептеу.

Мақсат:

  • Қайтадан кристалдандыру және бірден буландыру әдістерінің методикасын меңгеру.

  • өнімнің шығымы мен қоспанын мөлшерін есептеп үйрену.

Студенттердің алған білімің деңгейі.

Білу қажет:

  • заттарды тазалатудың негізгі әдістері,

  • қайтадан кристалдандырудың әдістерінін негізін,

  • кез-келген затты (аммоний хлориді, йод силицыл, бензой қышқылдары) бірден буландыру методикасын ,

  • өнімнің %-тік шығымын есептеу.

Қайта кристалдандыру.

Қайта кристалдандыру әдісті қатты заттардың температураға байланысты ерігіштігіне негізделген№

Егіштік қаныққан ерітіндінің концентрациясымен анықталады. Бұл шама берілген жағдай үшін тұрақты.

Ерігіштік 100 г ерітіндіде немесе еріткіште еріген заттып проценттік мөлшерімен сипатталады.

Ерег жоғарғы темпиратурада қаныққан ерітінді дайындап, оны суытса, еріген заттың ккристалдары тұнбаға түседі де, қоспаның мөлшері аз болғандықтан ол ерітіндіде қалады.

Осы әдіспен затты қоспасынан тазартады.

Қайта қристалдану әдісінің мағынасын түсіну үшін келесі мысалдықарастырайық.

Калий бихроматын қайтадан кристалдандыру қажет болсын. 600С темпиратурада 200 мл К2Сr2О7 қаныққан ертіндісін дайындау үшін қанша тұз және су керек екенін есептей қажет. Ерігіштік таблицасынан 600С темпиратурада К2Сr2О7-ныңерігіштігі 32,8 % екенін анықтаймыз. Тұздың мөлшерін есептеймыз

100 г - 32,8 г

200 г - х г К2Сr2О7

Судың мөлшері 200-65,6=134,4 г немесе мл.Таразыда 65,6 г К2Сr2О7 өлшеп стақанға салып, суды мензуркамен өлшеп құяды. Ерітінді араластыра отырып қыздырып, қатпарлы сүзгімен ыстықтай сүзіге арналған қондырғыда сүзеді.

Егер ерітінді сүзілгеннен кейін қанықпаған болса, фарфор ыдысқа құйып, бетінде жұқа қабықша пайда болғанша суалтады. Егер баяу суытылса ірі кристалдар, ал тез суытылса кіші кристалдар түзіледі. Суыту кезінде орташа кристалдар алуға тірісу қажет (неге ?)

Түзілген кристалдар вакууммен сүзу әдіспен ерітіндіден бөліп алады. Кристалдарды суық еріткішпен жуады. Жуғаннан кейін оны сүзгі қағазына салып, ауда кептіреді. Құрамындағы кристалданған судан арылту үшін кристалды эксикаторда кептіреді. Ауадағы су тамшылармен әрекеттесетін кристалды, бірден эксикаторда кептіреді.

Қайтадан кристалдану кезінде 100С темпиратурада 55 г құрғақ К2Сr2О7 және 105 мл қаныққан ерітінді алынсын. Ерігіштік таблицасынан 100С темпиратурадағы К2Сr2О7 тұзының ерігіштігін қарасаныз, ол 7,8 г. Енді 105 г ерітіндідегі тұздың массасын есептейміз.

100 г - 7,8 г

105 г - х г г К2Сr2О7

Алынған заттың құрамында таза 55+8,1=63,1 г К2Сr2О7 бар.

Немесе %-тік мөлшерде

65,5 - 100 %

63,1 - х %%

Қоспаның массасы 65,5-63,1=2,5 г немесе % бойынша 100% - 96,1%=3,69 %.

Егер ерітіндіде көп зат қалса оны қайнатып суалтып затты бөліп алады.

Ерігіштігі белгісіз затты қайтадан кристалдандыру үшін не істейді? Ол үшін аз мөлшерде еріткіш алып берілген температураға дейін қыздырып қайтадан кристалдандыратын затты салады. Оны ерітіп, ерітіндіні сүзіп, сүзіндіні бетіне жұқа қабықша тұрғанша султады.

Түзілген кристалдарды бөліп алып тазалығын тексереді де таразыда өлшеп массасын дәптерге жазады. Органикалық еріткіштерді қолданғанда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

ТапсырмаОқытушынаң тапсырмасы бойынша берілген темпиратурада затты қайта кристалдандырыңыз. Жұмыс жоспарын жасаңыз. Негізгі кристалдың және қоспаның шығымын есептеңіз.

Бірден буландыру.

Оқытушыда (амоний хлориды иод салицил бензой қышқылдары) заттардың бірін алып бірден бұландыру әдісімен тазартып балқу темпиратурасын анықтауға сақтаныз.

Кейбір заттарды қыздырғанда олар балқымай-ақ бірден буланады. Мұндай заттардың буы суынғанда олар газ күйінен қатты күйге көшеді.

Бірден бұландыру әдісінде қолданылатын ыдыстар суретте көрсетілген. Колбаны және фарфор ыдысты су жылытқышында қыздырады. Құм жылытқышта да қыздыруға болады.

Тапсырма Иодты тазарту. Стақанның түбінде йод және 0,2 г калий иодидінің қоспасын салып, суық су құйылған дөнгелек табанды колбамен жауып, стақанды құм жылытқышқа қойып қыздырады. Зат бұланғаннан кейін оны колбаның түбінен шыны қалақшамен қырып түсіріп, бюкске салып таразыда өлшейді. өнімнің %-тік шығымын есептеу қажет.

Бақылау сұрақтары

  1. Қатты заттарды тазарту әдістерінің методикасы.

  2. Қаныққан ерітінді дегеніміз не?

  3. Өнімнің шығымын қалай есептейді?

  4. Қандай заттарды бірден буландыру әдісімен тазартады?

Зертханалық жұмыс №5

Тақырыбы Таза заттың физика-химиялық сипаттамаларын анықтау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Қатты заттардың балқу температурасын аңықтау.

  2. Пикнометр және ариометр әдістері бойынша сұйықтықтың тығыздығын анықтау.

Мақсат

  • қатты заттыңбалқу температурасын аңықтау әдісін меңгеру

  • сұйықтықтың тығыздығын пикнометр және ариометр әдістері бойынша анықтауды үйрену.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары.

Қатты заттың балқу темпиратурасын анықтау.

Заттың тазалығын анықтау үшін, сандық та, сапалық та әдістер қолданылады. Сапалық долмен заттың құрамында қандай қоспалар бар екендігін анықталса, сандық әдіспен негізгі заттың мөлшерін анықтауға болады. Химиялық әдітермен қатар физикохимиялық, физикалық тұрақтыларын (балқу тепиратурасы, тығыздығы т.б.) анықтау әдісі де қолданылады.

Химиялық таза зат теқ қана белгілі бір темпиратурада балқиды немесе қатады, сондықтан заттың балқу темпиратурасын бле отырып, оның тазалығы жөнінде айтуға болады.

Заттың балқу темпиратурасын анықтау үшін сүреттегідей колба, термометр, термометрге бегітілген балқу темпиратурасы анықталатын зат бар капилярдан тұратын қондырғы жинайды.

Ол үшін ұнтақталған затты капилярдың жиегімен іліп алып, тығыз толтырылу үшін қатты беткен орналастырылған 50-60 см шыны түтіктің бойымен лақтырады. Капилярдағы заттың биіктігі 2 мм болу қажет. Затпен тығыздалған капилярды дөнгелек резеңкемен термометрге бекітеді. Капилярдағы зат сынып бағанының ортасында тұруы керек. Термометрді заттың балқу темпиратурасын анықтауға арналған ыдысқа орналастырады да электроқыздырғышта қыздырады. Қыздыру жылдамдығы 1-20С болуы қажет. Заттың балқуын бақылып отырып, бірінші тамшы пайда болған кезде температурасының дұрыстығына көз жеткізу үшін, осы тәжірибені екінші дайындалған капиллярмен қайталайды. Бірақ затты қыздыру жылдамдығын 10С-ға кемітіп, қыздыру темпиратурасын 100С-ға төмендетеді. Бірінші тамшының пайда болу темпиратурасын белгіліп, алынған мәндерді анықтамада берілген мәндермен салыстырылады.

Пикнометр әдісі бойынша сұйықтықтың тығыздығын аңықтау.

Салыстырмалы тығыздықты алынған сұйқтықтың массасының дистиленген су массасына қатысымен әрекетеуге болады (бірдей жғдайда). Сұйықтардың тығыздығын анықтау үшін пикнометрия әдісі қолданылады. Ол үшін, ең бірінші көлемі 10-25 мл болатын бос пикнометрді таразыда өлшеп (m), содан кейін зерттелетін сұйықтықпен (m1) өлшейді. Зерттелген сұйықтықтың тығыздығы мына түрде анықталады:

m2- су толтырылға пикнотрдің массасы.

Бұл әдісті тұтқыр емес сұйықтықтарға қолдануға болады. Тұтқыр сұйықтықтрдың тығыздығын ариометр әдісмен немесе гидростатикалық таразы арқылы анықтайды.

Жұмыстың соңында тәжірибеде кеткен абсолют және салыстырмалы қателіктерді есептеу қажет.

Ареометр әдісі бойынша сұйықтықтың тығыздығын анықтау.

Ареометр – жоғарғы бөлігнде тығыздық бірлігінде градуирленген шкаласы бар қалытқы. Жұмыс істеу принципі Архимед заңына негізделен. Тығыздықты анықтау үшін ариометрді ерітіндіге салады да, сұйықтықтың деңгейіне сәйкес келген ариометрдің көрсетуін анақтайды.

Сұйықтықтың тығыздығы анықталғаннан кейін концентрациясын химиктің анықтамасынан қарайды.

Бақылау сұрақтары

  1. Заттардың балқу температурасын аңықтауға арналған қондырғының құрылысы қандай?

  2. Проценттік қателік қалай есептеледі?

  3. сұйықтық тығыздығы дегеніміз не?

  4. газдың ауа бойынша тығыздығы

а) 0,9б)2,45

осы газдың 1 литрінің массасын есептеңіз.

Зертханалық жұмыс №5

Тақырыбы Сұйықтықтарды тазарту – айдау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Айдай.

  2. Ағын суды тазарту..

Мақсат

  • сұйықтарды тазарту метоликасын меңгеру.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары.

Ағын суды тазарту.

Ол үшін суреттегідей қондырғы жинайды. Ағын суға калий перманганатын қосып Вюрц колбасына (1) құяды. Оның ішіне капилляр түтіктер салады (неге?). колбаны термометр (6) кигізілген тығынмен жабады. Термометрдің сынап деңгейі колбаның бүйіріндегі түтіктің деңгейінде болуы қажет.

Колбаны тоңазытқышпен (2) жалғап, тоңазытқыштың бүйір түтіктерін ағын суға жалғайды. Су төменнен жоғары қарай беріледі (неге?). айдалған су қабылдағышта (3) жиналады. Қабылдағыш ыдыс хлоркальций түтігі (5) мен аллонж (4) кигізілген тығынмен тығындалады да, аллонж тоңазытқышпен жалғанады.

Бақылау сұрақтары

  1. Айдау дегеніміз не?

  2. Қалыпты жағдайда 1 грамм-эквивалент сутегі және оттегі қанша көлем алады?

  3. Әртүрлі газдарды алуға арналған қондырғылардың суреттерін салыныз.

Зертханалық жұмыс -6

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстары

Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстары

Мақсаты: Негізгі стехиометриялық заңдармен және молекулалық

масса, эквивалентті анықтау жолдарымен танысу;

Тәжірибе 1.Негізгі оксидтердің гидратациясы. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстарының сумен реакцияға түсуін кальции оксидінің гидратация реакциясы арқылы көрсетуге болады.

Шыны стаканға әктің бірнеше түйірін салып үстінен су құйяды. Кальций оксиді алдымен суды бойына сіңіріп,содан кейін жылдам реакция жүре бастайды, реакция жүргендігінің белгісі су буының шығуы сонымен бұрқылауы.Алынған сумен араласқан әктің өніміне қызыл лакмус немесе түссіз фенолфталеин ерітіндісін құяды. Индикаторлардың түсінің өзгеруі сілтінің бар екендігін көрсетеді.

Тәжірибе 2.Барлық негізгі оксидтер гидратация реакциясына түсе бермейді.

Темір,мыс,алюминий оксидтерінің кішкене түйірін алып үстіне су құяды.Реакция барысында ешнәрсе байқалмайды. Индикаторлардың түсінің өзгеруібайқалмайды.негізгі оксидтердің біразы гидратация реакциясына түсе бермейді.

Тәжірибе 3.Негізгі оксидтердің қышқылдармен реакцияға түсуі.Мыс оксидінің кішкене бөлігін пышақпен алып үстінен сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын (1:5) мөлшерде құйып пробирканы жайлап қыздырамыз.Егер ерітіндінің түсі өзгерсе онда мыс тұзының пайда болғанын байқаймыз.Мыс тұзының толық еруі үшін қышқылдың артық мөлшерін кұйып пайда болған суспензияның қара түске боялуын байқауға болады.

Тәжірибе 4.Қышқылдық оксидтердің гидратациясы.

Фосфор бес валентті оксидінің кішкене бөлігін сумен араластыруға болады.

Пробиркаға 1 грамм Фосфор бес валентті оксидінің кішкене бөлігін салып үстінен су құйямыз.Пробирканың қызғанын байқаймыз.Фосфор бес валентті оксидінің сумен араласқаны арқылы реакцияға түскендігін байқаймыз.Индикаторлардың түсінің өзгеруі ерітіндіде қышқыл бар екендігін көрсетеді.

Тәжірибе 5.Барлық қышқылдық оксидтер гидратация реакциясына түсе бермейді.Жақсы шайылған кремний оксидін алып дистилленген сумен араластырып көбірек шайқайды.Алынған ерітіндіге көк лакмуспен тексеріп көреді.Реакция барысында ешнәрсе байқалмайды. Индикаторлардың түсінің өзгеруі байқалмайды. қышқылдықоксидтердің біразы гидратация реакциясына түсе бермейді.

Тәжірибе 6.Қышқылдық оксидтердің негіздермен әрекеттесуі.

Кольбаға көміртек төрт валентті оксидін толтырып бетін пробкамен жауып қояды.Газ өткізгіш трубка арқылы оның соңғы жағын суға батырады.Ешнәрсе байқалмайды.Содан кейін кольбаға 2-3 грамм натрий немесе калий түйіршіктерін салады.Кольбаны жақсы араластырады.көміртек төрт валентті оксидінің сілтімен араласатынын байқауға болады.

в) Жазық түкті кольбаны көміртек төрт валентті оксидімен толтырамыз.Кольбаға 7-8 гр. Қатты натрий немесе калий гидроксидін саламыз.Газ өткізгіш трубка арқылы кольбаны жабамыз.

Кипп аппаратының кранын ашса, (IV) көміртегі оксиді шыға алмайтындықтан, ерітінді жоғарғы шарға көтеріледі. Бірақ колбаны бірнеше рет сілкісе негіз бен (IV) көміртегі оксиді арасында реакция басталады. (IV) көміртегі оксиді сілтімен әрекеттескендіктен Кипп аппараты жұмыс істей бастайды. Реакция қарқынды жүреді, колбаның түбіне негіз және реакция өнімдері жабысып, су тамшылары бөліне бастайды. Колба өте қатты қызады, егер түбіне парафин салса, ол балқып ағады.

Жылудың бөлінуін суға малынған қағазды колбаның түбіне койып көруге болады. Су буының бөлінуін көруге болады.

Колба суығаннан кейін оған тұз немесе күкірт қышқылының аздаған мөлшерін қосады. Колбада пайда болған карбонат қышқылмен әрекеттесіп, (IV) көміртегі оксидін түзілетіндіктен көпіршіктерді көруге болады.

7 тәжірибе. Негіздердің суда еруі, маталарға сілтілер ерітінділерінің әсері. а/ Пробиркаға сілтінің (KOH, NaOH) біраз мөлшерін салып, аздап су қосады, пробирканы шайқағаннан кейін жылу бөлінгенін байқайды, негіз суда ериді.

б/ Сілті ерітіндісі бар пробиркаға /алдынғы тәжирибеден/ жүн талшығын салады. Пробирканы қыздырғаннан кейін жүн талшығын алып, ауада созады. Талшық ыдырайды.

в/ Пробиркаға аздап ізбес салып /гашеная известь/, жартылай су қосып , жақсылап араластырады. Ізбестің ерігені байқалмайды. Бірақ оған фенолфталеин ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосса, оның түсі гидроксотобы бар екендігін дәлелдейді, яғни ізбес біраз ериді.

8 тәжірибе. Ерімейтін негіздер алу. Стаканның төрттен бір бөлігін натрий гидроксиді ерітіндісімен толтырып, мыс гидроксидінің қоймалжын тұнбасы түскенше мыс купоросын қосады. Алынған мыс гидроксидін Бюхнер құймвсында вакумды насос қолданып, фильтрлеу керек. Фильтратта сілті орта болмағанға дейін тұнбаны бірнеше рет сумен жуу керек. Индикатор-фенолфталеин.

9 тәжірибе. Ерімейтін негіздердің қасиеттері. /Алдынғы тәжирибеде алынған мыс гидроксидін қолданады/.

а/ Стаканға мыс гидроксидінің ұнтағын салып, су қосып, 3-4 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосады. Фенолфталеин түсі өзгермейді.

б/ Түбінде мыс гидроксиді бар пробирканы штатив лпкасына қыстырып, қатты қыздырады. Су бөлініп, мыс гидроксиді мыс /ІІ/ оксидіне айналады.

Бқл тәжирибені слюда пластинасында да жасауға болады. Пластинаға мыс гидроксидін салып, тигелді қысқышпен қстап, спиртовка жалынында жақсылап қыздырады. Мыс гидроксиді қарайып, мыс /ІІ/ оксидіне айналады.

в/ Мыс гидроксиді бар стаканға тұз немесе күкірт қышқылының ерітіндісін қосады. Мыс гидроксиді мен қышқыл арасында бейтараптану реакциясы жүреді.

9 тәжірибе. Амфотерлі қосылыстарды алу және олардың қасиеттері.

а/ Стиақанға 10-15 мл 0,1н күйдіргіш натрий ерітіндісін құйып, оған осы концентрациядағы мырыш сульфаты немесе хлоридін тұнба түскенше қосады. Алынған тұнбаны екі стақанға бірдей етіп бөлу керек. 1 стаканға 1 н тқз немесе күкірт қышқылының ерітіндісін, ал екіншісіне 1н натрий гидроксидінің ерітіндісін тұнба ерігенше қосады. Байқалған құбылысты түсіндіріңіз. Басқа да тұздармен осындай тәжирибелерді жүргізіңіз /Алюминий, хром сульфаттары/.

Зертханалық жұмыс -7.

Химиялық реакция кинетикасы.

Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі.

Тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық тепе -

теңдік.

Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция жылдамдығына

концентрацияның, температураның, катализатордың әсерін қарастыру;

химиялық тепе -теңдіктің тұрақтануы мен ығысуына әртүрлі факторлардың

әсерін қарастыру;

Сабақтың жоспары: