Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tariiiikh

.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
629.25 Кб
Скачать

Палеолит тұрақтары алғаш табылған Қазақстанның аймағы: Қаратау жотасы

Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріне жататын мәдениет: Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Қазақстанда алғаш пайда болған тайпалық одақтар: Сақтар

1958 жылы Х.Алпысбаев жетекшілігімен ежелгі палеолит тұрақтары табылған аймақ: Жамбыл обл.

Антропогенез дегеніміз - . адамның сырт келбетінің эволюциясы..

Социогенез дегеніміз - қоғамдық қатынастардың дамуы...

1927 жылы синантроп табылған өңір: Қытайда

Питекантроп (тік жүретін адам) табылған жер: Ява аралы

Матриархат дегеніміз - әйел адамдардың қоғамдағы дәрежесінің жоғарылығы

«Неолиттік төңкеріс» дегеніміз - тасты бұрғылау, егеу, тегістеу технологияларын игеру...

«Патриархат» терминінің мағынасы: қоғамда ер адамдардың үстемдік етуі

Қоланың құрамы: мыс пен қалайының қорытпасы

Ежелгі дәуірде Қазақстанда металлургияның дамыған аймағы: Жезқазған өңірі

Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан археологиялық экспедициянының жетекшісі: Әлкей Марғұлан

Андронов мәдениеті таралған аймақтар: Қазақстан, Сібір және Орта Азия

Тас дәуіріне жататын ең ежелгі ескерткіштер табылған Қазақстан территориясындағы таудың атауы: Қаратау

Б.з.д VI ғ. сақтармен соғысқан мемлекет: Парсы мемлекеті

Сақтар туралы алғаш рет жазба деректерін қалдырған тарихшы: Геродот

Б.з.д. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар одақтасқан халықтар: парсылар

Сақтар мәдениетіне тән өнер стилі: аң стилі

Б.з.д. ІІІ ғ. сақтардың орнына келген үйсіндердің территориясы: Жетісу аймағы

Үйсіндердің жоғары билеушісінің титулы: гуньмо

Сақтармен соғыста жеңіліп, қаза тапқан парсы патшасы: Кир

Александр Македонский бұйрығымен Сыр бойында салынған қала: Александрия Эсхата

Сақ тайпаларының орналасу ареалы: Қазақстан және Орта Азия

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтардың территориясынан өткен керуен жолының атауы: Дала жолы

Қазақстанның парадарайа-сақ тайпалары мекен еткен аймағы: Сырдария өзенінің төменгі ағысы мен Арал теңізі бассейіні

Сақтардың «шошақ бөрікті» аталған тайпалары: тиграхаудалар

Қазақстанның тиграхауда-сақ тайпалары мекендеген аймағы: Жетісу

Сақ-хаомаварга атауының мағынасы: аттас сусын дайындайтын сақтар

«Тарихтың атасы» деп аталған ежелгі автор: Геродот

«Алтын адам» табылған Есік қорғаны орналасқан облыс: Алматы облысында

Александр Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылатын шығарма: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы

Сақтар қоғамындағы үш әлеуметтік топ: жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері

Үйсіндердің астанасы: Чигучен

Үйсіндермен дипломатиялық қатынас жасаған мемлекет: Қытай

Ғұн тайпаларының жылжуымен байланысты болған тарихи оқиға: халықтардың ұлы қоныс аударуы

Ғұндардың Еуропаға жорығын басқарған қолбасшы: Атилла

Үйсіндерге қарсы соғыста ғұн билеушісі Чжи-чжидің одақтасқан мемлекеті: Қаңлы мемлекеті

Ғұн қоғамы бөлінген тайпа саны: 24.0

Қаңлылардың астанасы болған қала: Битянь

Кельтеминар мәдениетінің таралған аймағы: Батыс Қазақстан

Үйсіндерде жеке меншіктің болғандығы туралы мәлімет беретін тарихи деректер: Сыма-Цянь «Тарихи жазбалар»

Сарматтардың мекен еткен территориясы: Батыс Қазақстан

«Азиялық скифтер» аталған тайпалық одақ: сақтар

Ғұн билеушілерінің титулы: шаньюй

Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің орналасқан территориясы: Жетісу

Сақ патшалары сайланған әлеуметтік топ: әскерилер

Геродот еңбектерінде Аракс деп аталған өзеннің қазіргі атауы: Сырдария өзені

Шығыс Қазақстан территориясында табылған сақтардың қорғанын атаңыз: Берел

Ирандықтардың сақтар туралы мәлімет берілген көне жазба кітабы: Авеста

Орта қола дәуірінің хронологиялық кезеңі: Б.з.д. XY-XIII ғғ.

Қаңлылардың Жетіасар мәдениетінің таралған негізгі аймағы: Қуандария

Көне Арқайым қаласының орны табылған территорияны көрсетіңіз: Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасы

Энеолит дәуіріне жататын Ботай мәдениетінің орналасқан территориясы: Солтүстік Қазақстан

Тотемизм дегеніміз -…: жануар немесе өсімдікке табыну

Мезолиттің хронологиялық шеңберін көрсетіңіз: Б.з.д. 12-5 мың жылдық аралығы

Кремация дегеніміз - мәйітті өртеу

Ежелгі және орта ғасырларда Еуразия кеңістігі арқылы өткен керуен жолы: Ұлы Жібек жолы

Шығыс Қазақстандағы Берел қорғанын зерттеген археолог ғалым: З. Самашев

Солтүстік Қазақстан өңірінен табылған Ботай мәдениетін зерттеген археолог-ғалым: Зайберт В.Ф.

Кельтеминар мәдениетінің таралған аймағы: Батыс Қазақстан

«Андронов мәдениеті» атауының шығуы: ескерткіштің табылған жері Андроново селосының атына қарай

Андронов мәдениетін кезеңдерге бөлген ғалым: К.В.Сальников

Еуропаға ғұндардың қоныс аударуының екінші кезеңі: Б.з. 93 жылы

Батыс Қазақстанның палеолиттік ескерткіштерін зерттеген ғалым: Ж.К. Таймағамбетов

Екі жағынан да өңделген палеолиттік шапқыш құрал: Бифас

Оңтүстік Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіші: Арыстанды

Кейінгі полеолит дәуірінің хронологиясы: Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл

Жебелі садақ пен бумеранг пайда болған дәуір: Мезолит

Кейінгі палеолит дәуіріндегі ежелгі адам: Неандерталъдық

Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілдері? Тасты жару арқылы

Шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өңдеу кезеңі: Қола

Рулық қауым кезіндегі меншіктің түрі: Ортақ меншік

«Қытай адамы» аталды: Синантроп

Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші Шульбинка тұрағы аймағы: Шығыс Қазақстан

Еуропаға ғұндардың қоныс аударуының екінші кезеңі: Б.з. 93 жылы

XI-XII ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропада түркі тілдес халықтардың ішінде саны жағынан көбі: қыпшақтар

1312 жылы ислам мемлекеттік дін болып жарияланды: Алтын Ордада

XI ғасырда Қарахандықтардың Батыс және Шығыс хандықтарының шекарасы өткен өзен: Араб географы Ибн-Хаукаль (X ғ.): «..олардың жерінен өту үшін 30 күн қажет» деп жазған мемлекет атауы: Сырдария

Араб географы Ибн-Хаукаль (X ғ.): «..олардың жерінен өту үшін 30 күн қажет» деп жазған мемлекет атауы: Қарлұқ

1236-1243 жылдары Шығыс Еуропаға жасалған жеті жылдық жорықтың нәтижесінде Бату іргесін қалаған мемлекет: Алтын Орда

1218 жылдың жазында Шыңғыс хан Мұхаммед Хорезм шахқа жіберген сауда керуенінің көпестері өлтірілген қала: Отырар

Монғол империясы бөлінген кезде Шығыс Дешті Қыпшақ кірген ұлыс: Жошы

Қарахан мемлекетінде болған «иқта» терминінің мағынасы: салық жинау құқығы

Моңғол шапқыншылығынан Отырар қаласын қайсарлықпен қорғаған қала билеушісі: Қайыр хан

Қазақ халқының қалыптасу үрдісі аяқталды: XV-XVI ғғ.

Қазақ хандығының құрылуының алғашқы кезеңіндегі алып жатқан территориясы: Шу мен Талас бойы

Шығыс Дешті Қыпшақтағы Шайбанид Әбілхайыр ұрпақтарының билігі тоқтады: Қазақ хандығының құрылуынан

Қазақ хандығының негізін салушылар: Керей мен Жәнібек

Қазақстан территориясында исламды мемлекеттік дін деп жариялаған алғашқы мемлекет: Қарахан мемлекеті

Мәскеу мемлекетімен алғашқы байланыс орнатқан Қазақ хандығының ханы: Қасым

Қазақ хандығының халқы 1 млн.-ға жетті: Қасым хан тұсында

1428 - 1468 жылдардағы Көшпелі өзбек мемлекетінің билеушісі: Әбілхайыр

Жүсіп Баласағұнның еңбегі: «Құтты білік»

Қазақстан территориясына монғолдардың басып кіруі басталды: 1219 жылы

Қожа Ахмед Яссауидің мавзолейі орналасқан қала: Түркістан

Көне түрік жазба ескерткіштері «Күлтегін» мен «Тоныкөк»: тарихи поэма

Керей мен Жәнібек негізін қалаған мемлекет: Қазақ хандығы

Орхон өзенінің бойында керейіттердің ордасы орналасқан қала: Қатын-Балық

Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан кесенесі жатады: XIV-XV ғғ.

Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған: Тоғылық Темір

XVI ғасырға жататын Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі: Тарих-и- Рашиди

«Құтты білік» поэмасының авторы: Жүсіп Баласағұн

«Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы: Махмұд Қашғари

XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының саяси және діни орталығы болған қала: Түркістан

Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643 жыл

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегіндегі Қазақ хандығының құрылған уақыты: 1465-1466 жылдар

XIII ғ. Азия, Шығыс және Орталық Еуропа жерлерін қамтыды: моңғол шапқыншылығы

Мұсылмандарды қудалауымен танымал болған, монғол шапқыншылығының қарсаңында Қарақытай еліне қашып барған: Күшлік

Қазақстан жерінде Мұхаммед Хорезм шахтың әскерімен монғол әскерлерінің алғашқы кездескен жылы: 1216 жыл

1236 жылы монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығын басқарған: Бату

«Шыңғыс-нама» еңбегінің авторы: Өтеміс қажы

ХIV ғ. ортасында Моғолстанның саяси өмірінде маңызды рөл атқарған тайпа: дулат

1370 жылы ұзақ күрестен кейін Мауреннахрдың билеушісі болған: Әмір Темір

ХV ғасырдың соңында Қазақ хандығының күшеюіне себеп болған: Моғолстанның құлдырауы, Жетісудың Қазақ хандығының құрамына қосылуы, Мәуреннахрдағы тимуридтер билігінің әлсіреуі

Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» заңдар жинағының бірінші бөлімі «Жасақ» деп аталса, екінші бөлімінің аты: билік

Шариғат шарттарына негізделіп хан мен сұлтандар есебіне малдан алынған салық атауы: зекет

1219 жылы Шыңғыс ханның Мауереннахрға шабуыл жасауына себеп болған: 1218 жылы Отырар қаласында Шыңғыс хан жіберген саудагерлердің өлтірілуі

Шыңғыс хан кезіндегі Монғол империясының астанасы: Қарақорым

Түргеш қағанатының өмір сүрген жылдары: 704-756 жж.

Түрік қағанатында қағандар сайланған ру атауы: түрік-ашина

Еуропалық деректердегі қыпшақтардың аталуы: комондар

Батыс Түрік қағанатының орталығы: Жетісу

Қимақ қағанатының өмір сүрген жылдары: IХғ.-ХІ ғ. басы

1007 жылы наймандар мен керейіттер қабылдаған дін: неостариандық бағыттағы христиан діні

Ортағасырдың басында «Әлемнің төрт патшалығы» туралы түсінік қалыптасты. Соған сәйкес солтүстіктегі «Сәйгүліктер патшалығы» аталған: Түрік қағанаты

Тарихи деректерде «маңғыт жұрты» деп аталған: Ноғай Ордасы

Тарихи деректерде «Көшпелі өзбек мемлекеті» деп аталған: Әбілхайыр хандығы

IX-X ғасырларда шығыстың «екінші ұстазы» атанған: әл Фараби

«Көне түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы дала» және т.б. еңбектердің авторы, түркітанушы: Л.Н.Гумилев

Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтардың әлеуметтік топ атауы: төре

1457 жылы Сығанақ қаласының түбінде Көшпелі өзбек мемлекетінің ханы Әбілхайыр талқандалды: ойраттардан

1598 жылы Қазақ хандығының тағына отырған билеуші: Есім

XVII ғ. соңы- XVIII ғ. басында Қазақ хандығының саяси жағдайын тұрақтандырған: Тәуке хан

ХII –ХV ғғ. түркі тілдес деректердегі «қазақ» этнонимінің мағынасы: «еркін адам»

Рабиға бегім кесенесі орналасқан қала: Йасы

XV ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақтағы атақты жырау: Асан қайғы

Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек тараған әулет: жошы

Ежелгі түрік руникалық жазба ескерткіштерінің атауы: орхон-енисей

542 жылы «Түрік» этнонимі алғаш рет кезедеседі: қытай деректерінде

Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552-603 жж.

Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 603-704 жж.

Орталық Азияда Түрік қағанаты саяси үстемдікке жетті: 553-572 жж.

Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған Қарахан мемлекетінің билеушісі: Мұса хан

Оғыз мемлекетіндегі әскер басшысының дәрежесі: сюбашы

Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты: IX-XI ғғ.

Қимақ қағанатының өмір сүруінің хронологиялық кезеңі: IX-XI ғғ.

568 ж. Түрік қағанатының Маниах бастаған Константинопольдегі елшілігіне қарсы сауда және әскери келісім жасаған мемлекет: Иран

751 жылы Атлах қаласы маңында (Талас өз. маңы) халықтар арасында болған елеулі шайқас: Арабтар мен қытайлар

Қарахан мемлекетінің Батыс - орталығы Бұхара қаласы және Шығыс - орталығы Баласағұн қаласы болып бөлінген жыл: XI ғасырдың 1-ші жартысы

Батыс Қыпшақ және Шығыс Қыпшақ хандықтарының арасындағы шекара болып белгіленген өзен: Еділ

Мұхаммед Хорезмшах 1216 жылы қыпшақтарға қарсы жорығында Торғай даласына жеткен кезде қақтығысып қалған әскерлер: Шыңғыс ханның

Ақындардың сөз жарыстыру сайысы: айтыс

Моғолстан мемлекетінің астанасы: Алмалық

Ноғай ордасы ыдыраған соң, оның бір бөлігі Қазақстанның қай өңіріне өтті: Кіші жүз

Ноғай ордасының құрамында басым болған тайпалар: маңғыттар

Батыс түрік қағанатында бұйрықтар мен тархандардың атқарған міндеті: заң шығару

«Жүз» терминінің анықтамасы: тарихи-шаруашылық аймақ

Билеушілері елбөрілі әулетінен шыққан мемлекет: Қыпшақ хандығы

1227 жылы Жошы өлгеннен кейін тақ мұрагері болған: Бату хан

Халқы «сары» және «қара» болып бөлінген мемлекет: Түргеш қағанаты

Қарлұқтардың құрамына кірген тайпа: бұлақ, шігіл, ташылық

ХІV ғ. ортасы ХVІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан құрамына енген мемлекет: Моғолстан

Оғыз мемлекетінің бірнеше тайпалары екіге бөлінді: бұзұқ және ұшық

Оғыздар мемлекетінің астанасы: Янгикент

Ноғай Ордасының негізін салушы: Едіге

1580-1582 жылдарда Қазақ хандығының билеушісі болған Жәнібек ханның ұрпағы: Шығай

Тәуекел ханның мұрагері Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығының астанасы: Түркістан

Қарахан әулетінің негізін салушы: Сатұқ Боғра хан

Қарахан мемлекетінде исламның мемлекеттік дін болып жарияланған уақыты: 960 жыл

Қарахан мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 942-ХІІІ ғ.

Қарақытай мемлекеті билеушісінің дәрежесі: горхан

Монғол тіліндегі «найман» сөзінің мағынасы: «сегіз»

Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) құлаған уақыты: 1125 жыл

Әл-Идрисидің «Кіші картасында» «Қыпшақ даласы» (Сахра аль-кыфчак) этнотопонимі орналасқан теңіздер аралығы: Каспий мен Арал

1538-1580 жылдардағы Қазақ хандығының ханы: Хақназар хан

1380 жылғы Куликова шайқасында жеңіліс тапқан Алтын Орда ханы: Мамай хан

965 жылы Киев князі Святославпен одақтаса отырып оғыздар талқандаған қағанат: Хазар қағанаты

1594 жылы Мәскеуге достық қатынасты орнату үшін барған қазақ елшісі: Құл-Мұхаммед

Жоңғар хандығының құрылған жылы және негізін салушы: 1635 жыл, Батыр қонтайшы

Ақ Орданың негізін салушы және алғашқы ханы: Орда Ежен

1348 жылы Моғолстанның негізін салған хан: Тоғылық Темір

Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ

Монғол империясының саяси өмірінде маңызды рөл атқарған жиын атауы: құрылтай

1321 жылы Алтын Ордада Өзбек хан тұсында жүргізілген реформа: ақша

Ноғай Ордасының деректердегі атауы: «маңғыт жұрты»

Монғол империясында әскерді азақ-түлікпен қамтамасыз ету үшін халықтан жиналатын салықтың аты: тағар

XIV-XV ғасырларға жататын ноғайлы дәуірінің тарихи-батырлық эпикалық жыры: «Қырымның қырық батыры»

Деректерде «Ұлы жыршы» аталаған XIII ғасырдың ақыны: Кетбұға

XIV-XV ғасырларға жататын Дешті Қыпшақтағы белгілі жырау: Сыпыра

Қыпшақ хандығы жайлы XIV ғасырда жазылған әдеби шығарма: «Кодекс Куманикус»

Алтын Орда дәуіріндегі күй-аңыз: «Ақсақ құлан»

XV ғасырда Сығанақ қаласында салынған кесене: Көк кесене

XV ғ. соңы – XVI ғ. басында Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін күресіндегі басты қарсыласы: Мұхаммед Шайбани

1513 жылы Қасым хан тұсында Қазақ хандығына қараған қала: Сайрам

Қазақ ханы Есімнің қазақ-қырғыз достығына арнап Ташкентте орнатқан ескерткіш-мұнарасы: «Көкемнің көк күмбезі»

1686-1693 жылдары Қазақ ханы Тәуке қазақ-орыс қатынасын нығайту мақсатында бес рет елші жіберді: Сібірге

1687 жылы Тобыл қаласына қазақ елшілігін бастап барған батыр: Тәшім

1573 жылы Қазақ хандығына келген алғашқы орыс елшісі: Третьяк Чебуков

1574 жылы 30 мамырда Иван Грозный ағайынды Строгановтарға салықсыз сауда жасау туралы грамота ұсынды: қазақтармен

1236-1242 жылдары Шығыс Еуропаға жасалған жеті жылдық жорықтың нәтижесінде 1243 жылы Бату іргесін қалаған мемлекет: Алтын Орда

Тәуке ханның ұйымдастыруымен жоңғар басқыншыларына қарсылық көрсету мақсатында үш жүз қазақтарының құрылтайы өтті: 1710 жылы Қарақұмда

1723 жыл қазақ халқының тарихына енді: «Ұлы жұт жылы»

1723 жылдың қыркүйегінде Әбілқайыр ханның қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың әскерін бастап еділ қалмақтарының қоныстарына жорық жасауының мақсатын көрсетіңіз: Қалмақ ханы Аюке мен Жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан арасында әскери одақты жасатпау мақсатында

1697 жылы Галдан Бошоктының орнына билікке келген: Цеван-Рабдан

1710 жылы Қарақұмда өткен құрылтайда жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды: Бөгембай батыр

Әбілқайыр хан бүкілқазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланған үш жүз қазақтары құрылтайының өтілген жері және уақыты: 1726 жылы Ордабасында

Аңырақай шайқасының болған жылы: 1730 жылы

И.Д. Бухгольц экспедициясы жұмысының барысында Ямышев бекінісі салынған жыл: 1715 жыл, 1 қазан

Омбы бекінісінің негізі қаланды: 1716 жыл, 20 мамыр

П.Северский басшылығымен Железинск бекінісінің негізі қаланды: 1717 жыл

И.М. Лихаревтың басшылығымен Өскемен бекінісінің негізі қаланды: 1720 жыл

Әбілқайыр ханның жіберуімен құрамы жеті адамнан тұратын Құтлымбет Қоштаев бастаған қазақ елшілігінің Ресей патшайымы Анна Иоановнаға барған жыл: 1730 жыл

Орта Жүзді Ресей құрамына енгізу жөніндегі орыс патшаймының Жарлығы шыққан жыл: 1734 жыл

Жаңа қосылған қазақ жерлерінде бекіну мақсатында обер-секретарь И.К.Кириллов басқарған «Қырғыз қайсақ экспедициясы» (Орынбор) құрылған жыл: 1734 жыл

И.К.Кирилловтың Ор бекінісінің (қазіргі Орынбор) салуының мақсаты: Ресей империясының отарлау саясатының шығыс бағытындағы тірек базасы

Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның Ресей империясына ант берген жыл: 1740 жыл

Ішкі саяси күрестерге байланысты Әбілқайыр ханның Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқан жыл: 1748 жыл

XVIII ғасырдың ортасындағы Оңтүстік Оралдағы ірі экономикалық орталық: Орынбор қаласы

Дәстүрлі қазақ қоғамында «ақ сүйек» әлеуметтік тобына енген: төрелер және қожалар

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің қызметі: көшпелі қауымдағы сот билігі

Төлеңгіттер: сұлтандар сословиесінде қызмет етушілер

Көшпелі қоғамның саяси жүйесінің негізі ретінде хандар сайланған әлеуметтік топ: төрелер

Қысқы уақытта қазақтарға Жайықтың батыс жағына (оң жағалау) мал жаюға тыйым салу туралы патша жарлығы шыққан жылды көрсетіңіз: 1756 жыл

Жайықтың батыс жағына (оң жағалау) мал жаюға тыйым салу туралы 1756 жылғы патша Жарлығының түпкілікті мақсаты: қазақ қауымдарын экономикалық жағынан әлсіретіп, сыртқы ықпалдан шектеу

Ресей патшайымы Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей құрамына енгізу жөніндегі грамотаға қол қойды: 1731жыл, 19 ақпан

1749 жылы Петербор сарайының шешімімен Кіші жүздің ханы етіп бекітілген Әбілқайыр ханның ұлы: Нұралы

Орынбор губернаторы барон Игеольстромның Кіші жүзде жүргізген реформасының нәтижесі: реформа толығымен жүзеге аспай мүлдем алынып тасталды

Бұл заң жобасының негізінде Кіші жүзде хандық билік жойылды: «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»

Ұлы жүзде хандық биліктің жойылуы Оңтүстік Қазақстанды Қоқан хандығының жаулауымен және Түркістан қаласынан соңғы қазақ ханы Тоғайдың қуылуымен байланысты болды. Хандық биліктің жойылған жылын көрсетіңіз: 1816 жыл

1822 жылы Орта жүзде хандық биліктің жойылуы байланысты болды: «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» қабылдануымен

М.М.Сперанский әзірлеген қазақ өлкесін басқарудың жаңа жүйесінің атауы: «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»

Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған көтерілістің негізгі себептерінің бірі: Нұралы ханның биліктен кетуі

Кенесары Қасымұлы қаза болған жер: Майтөбе

1837-1847 жж. ұлт-азаттық көтеріліс барысында Кенесары Қасымұлының негізгі мақсаттарының бірі: Абылай ханның мұрагерлеріне тиесілі қазақ жайылымдарында құрылған Сібір әкімшілігінің әкімшілік округтерін жою

1865 жылы қазақ даласын басқару Ережесінің жобасын әзірлеу мақсатында патша үкіметі: Дала комиссиясын құрды

«Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі Ережеге» патша II Александр қол қойды: 11 шілде, 1867 жыл

«Торғай, Орал, Ақмола және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі Ережеге» патша II Александр қол қойды: 21 қазан, 1868 жыл

Бөкей (Ішкі) Ордасында хандық билік жойылды: 1845 жыл

«Уақытша Ережеге» сәйкес Бөкей (Ішкі) Ордасы енді: Астрахань губерниясына

1867-1868 жж. «Уақытша Ережеге» сәйкес облыстарды басқарды: әскери генерал-губернаторлар (әскери округтарды басқарушылар

Қазақстанда 1867-1868 жылдардағы реформаның жүзеге асырылуының нәтижесі: қазақ қоғамында ру ақсүйектері әсерінің әлсіреуіне әкелді

1773 жылдың 5 қазанынан қоршауға алынған қала: Орынбор

Орынбор губерниясы қысқартылды: 1775 жыл

Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Сырым Датұлы: қазақ жасақтарының қолбасшыларының бірі

Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себептері: жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің қазақтардың «ішкі жаққа», Жайықтың арғы бетіне өтуге тыйым салу, ру старшындарының құқығын шектеу, хан, сұлтандар, Жайық казак әскерлері мен патша әкімшілігі тарапынан ашық тонаушылық

Нұралы ханның биліктен кетуін және Кіші жүзді үш бөлікке («негізгі ордалар») бөлу туралы мәселе қараған Кіші жүз старшындарының съезі өтілді: 1785 жыл

II Екатерина патшайым Нұралы ханның биліктен кетуі туралы рескриптіге (жарлыққа) қол қойды: 3 маусым, 1786 жыл

Кіші жүзді басқаруға арналған жоба («Игельстром реформасы») Ішкі істер Коллегиясында талқыланып, бекітілді: 1786 жыл

О. Игельстром өз «реформасын» жүзеге асыру барысында тыйым салды: Жайық казак әскерлеріне қазақ ауылдарына шапқыншылық жасауға

I Павелдың Жарлығымен Бөкей (Ішкі) Ордасы құрылды: 11 наурыз, 1801 жыл

Жер қатынастарының негізіне айналған жерге жеке меншік жүйесі XIX ғасырдың II жартысында қазақ қоғамында жер пайдаланудың «қауымдық-рулық» принципіне негізделген хандықты көрсетіңіз: Бөкей хандығы

Бөкей Ордасында хандық жерінің 85% -ы иелікте болды: Жәңгір ханның және көшпелі ақсүйектердің

Нарын құмындағы Жасқұс алқабында Жәңгір ханның тұрақты ордасының құрылған жылы: 1827 жыл

Қазақстанда өз кезеңіндегі жаңалық ретінде танылған еуропалық үлгідегі мектептер дүниеге келді: Жәңгір ханның тұсында

Бөкей сұлтанның Орал қаласына жақын жерде Орынбор әкімшілігінің жоғары шенділері және көптеген дала шонжарлары қатысқан салтанатты жағдайда ресми түрде Бөкей Ордасының хандығына көтерілген жыл: 7 шілде, 1812 жыл

1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді «Ішкі Орданың ханы» деп тану туралы грамотаға қол қойды, дегенмен, ертедегі рәсім сақтала отырып («ақ киізге көтеріп») хандыққа көтерілген жыл: 26 маусым, 1824 жыл

I Николай патша өз қолымен: «Тым өкінішті, ол өте-мөте адал берілген еді» - деп жазған ханды көрсетіңіз: Жәнгір

Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылып, оны басқару берілді: орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңеске

Жоңғар хандығы құлағаннан кейін Қазақстан аумағына екі ірі топқа бөлінген Цин әскері басып кірген жыл: 1756 жыл

Түркістан қаласында барлық үш жүздің өкілдері бас қосқан құрылтайда Абылайды ақ киізге хан етіп көтерген жыл: 1771 жыл

Абылай ханның ішкі саясатының негізгі бағыты: биліктің орталықтандырылуын нығайту және хандықтың саяси жүйесін реформалау

XVIII ғасырдың 70-ші жылдарындағы Абылай ханның сыртқы саясатының нәтижесі: Қазақ мемлекеттігі тұтастығының қалпына келтірілуі

А.Левшин: «…өзін, қажет болуына қарай, бірде орыстардың, бірде қытайлардың боданы екенін мойындады, ал шын мәнінде тәуелсіз әмірші болды» - деп пікір білдірген қазақ ханы: Абылай хан

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін (1822 жылға дейін) Орта жүз бен Ұлы жүздің аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыстың әсері: Қазақ хандығы саяси жүйесінің ыдырауына және өз тәуелсіздігінен айрылуына әкелді

XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың басында Ресейдің Орта жүздегі саяси белсенділігінің артуының негізгі мақсаты: Қазақстанның солтүстік және шығыс аумағын империя құрамына қосу үшін қолайлы жағдай жасау

XIX ғасырда (1810 жылдан 1866 жылға дейін) Оңтүстік Қазақстан жерін экспансиялық нысанға айналдырған мемлекеттер: Хиуа, Бұхара және ең үлкен дәрежеде Қоқан

XIX ғасырдың 50 жылдарында Сырдарияның төменгі ағысында болған көтерілістің қолбасшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы

1867-1868 жылдардағы реформаға сәйкес Ақмола облысы енді: Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына

Жеті Жарғы» заңдар жинағы қабылданды: Тәуке хан тұсында

Ресейге ант беру мақсатында Кіші жүзге келген орыс елшілігін басқарған: Тевкелев

Ш.Уәлихановтың Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болып сайланған жыл: 1857 ж.

1867-1868 жылдардағы реформаға сәйкес қазақ даласы бөлінді: үш генерал-губернаторлыққа

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енген облыстар: Сырдария және Жетісу

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақстанда құрылған облыстар: Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу

Қазақ хандығының астанасы – Түркістан қаласын орыс әскерлері жаулап алған жыл: 1864 ж.

1836-1838 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мақсаты мен міндеттері қамтылды: Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде

1870 жылы Маңғыстаудағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілері: Досан Тәжіұлы және Иса Тіленбайұлы

1891 жылғы Ереже бойынша Дала генерал-губернаторлығының орталығы болған қала: Омск

XIX ғасырдың І жартысында Хиуа ханы Мұхаммед-Рақым 2000 қазақ ауылын шауып, тонаған жылды көрсетіңіз: 1820 жыл

Ы.Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген жылды көрсетіңіз: 1857 жыл

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына дипломатиялық қатынас орнатуға құқық берілген мемлекеттер: Қытай, Иран

Қазақ жерлері Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жарияланған жылды көрсетіңіз: 1868 жыл

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығының құрамына енген облыстар: Орал, Торғай

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылданған жыл: 1822 жыл

«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылданған жыл: 1824 жыл

«Сібір қырғыздары туралы Жарғының» авторы: Сперанский

«Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» авторы: Эссен

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар басшылығында отырған: әскери генерал-губернатор

Қоқандықтардың тірегі болған Ұлы жүздегі Таушубек бекінісін орыс әскерлерінің басып алған жылды көрсетіңіз: 1851 жыл

1860 жылғы қазанның 19-21 аралығында Қоқан хандығы мен Ресей арасында болған үш күндік шайқастың атауы: Ұзынағаш шайқасы

1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша «Сібір қырғыздары облысы» енді: Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына

1839 жылдан бастап Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының орталығы: Омск

1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша округтерге формальды басшылық берілді: аға сұлтанға

1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша мұрагерлік билік танылды: болыс сұлтанының билігі

1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазақ даласында сатылуға тыйым салынды: шарап (вино)

1845 жылға дейін Қазақстанда хандық билік сақталды: Бөкей Ордасында

Қазақ өлкесін басқару жобасын әзірлеу үшін Л.Гирс басқарған «Дала комиссияссы» құрылған жылды көрсетіңіз: 1865 жыл

II Александр патша «Сырдария және Жетісу облыстарын басқару жөніндегі Ережені» бекітті: 1867 жыл

II Александр патша «Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ережені» бекітті: 1868 жыл

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді: Шыңғыс тұқымдары

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша полиция, әскери бөлімдер, уез мекемелері және бекіністер бағынышты болды: уез басшысына

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысының территориясындағы полициялық және үлестіруші (распорядительная ) билік берілді: ақсақалдарға

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша салықтан босатылды: Шыңғыс тұқымдары

1886 жылы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ережеге» сәйкес Түркістан өлкесінің құрамына енген облыстар: Сырдария, Ферғана, Самарқанд

1891 жылғы «Ережеге» сәйкес Дала генерал-губернаторлығының құрамына енген облыстар: Семей, Ақмола, Жетісу

1891 жылғы «Ережеге» сәйкес құрамына Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулие-Ата және Ташкент уездері енген облыс: Сырдария

1838 жылғы 12 шілдеде Ақбұлақ және Қиыл өзендері арасындағы ауданда қаза тапқан көтеріліс қолбасшысы: Исатай

1841 жылдың қыркүйегінде қазақтың үш жүздің ықпалды билері, сұлтандары қазақ жерінің ханы етіп сайлады: Кенесары Қасымұлын

1833 жылдың жазында Орынбор өлкесінің әскери губернаторы болып тағайындалды: Перовский

1853 жылы 28 маусымда бұл бекіністі орыс әскерлері басып алып, Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды: Ақ-Мешіт

1858 жылы Қашғар аймағын зерттеу мақсатында сауда керуені құрамында көпес түрінде жіберілген ғалым: Ш.Ш.Уәлиханов

Полковник М.Г.Черняев Мерке мен Әулие-Ата бекінісін басып алған жыл: 1864 жыл

1864 жылы маусымда полковник Н.А.Веревкин басып алған бекініс: Түркістан

1864 жылы бұл бекіністердің жаулануымен Орынбор және Сібір әскери шептері түйісті: Түркістан және Шымкент

Генерал-майор М.Г.Черняев Қоқан мен Бұхара арасындағы жанжалды пайдаланып, 1865 жылдың маусымында жаулап алған қала: Ташкент

Абылай хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыруға тиісті қайраткер ретінде жырға қосып, оның Ресей мен Қытай арасында өз мүддесін қорғап қалу саясатын мақұлдаған жырау: Бұқар

Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған жоқтау (естірту жыры) авторы, қазақтың белгілі жырауы: Үмбетей

Қазақтардың 1723 жылғы Жоңғарлармен күресі көрініс тапқан өлең: «Елімай»

Домбырашы және сазгер, «Ақтабан шұбырынды», «Қайың сауған», «Аңшы зары» күйлерінің авторын көрсетіңіз: Құрманғазы

Исатай Тайманұлына арналған «Кішкентай» күйінің авторы: Құрманғазы

1870 жылы «Сырдария және Жетісу облыстарын басқару жөніндегі уақытша Ереже» енгізілген аймақ: Манғыстау

Заң бойынша Ақмола облысына шаруалардың қоныстануына ресми түрде рұқсат берілген жылды көрсетіңіз: 1889 жыл

1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстануы туралы және аталған сословиелердің адамдарын ерте уақытта қоныстандыруға жатқызу тәртібі туралы» Ереже бойынша қоныс аударуға рұқсат берілді: Ішкі істер және мемлекеттік меншік министрлігі ұйымдарының шешімімен

1896-1903 жылдар аралығында Ақмола, Семей және Торғай облыстарының 12 уезіне статистикалық сипаттама жасаған экспедиция басшысын көрсетіңіз: Ф.А.Щербин

1891 жылғы «Ережеге» байланысты Қазақстан территориясында жойылды: билер соты

Орынбор округы құрылды: 1865 жыл

Түркістан әскери округы құрылды: 1867 жыл

1881 жылы ұйғырлар мен дұңғандардың Іле аймағынан Жетісуға қоныстануға негіз болған құжат: Санкт-Петербор келісімі

ХІХ ғасырда Қазақстанда ашылған еуропалық үлгідегі мектептердің негізгі мақсаты: өлкеде отарлау іс-шараларын жүргізу мақсатында жергілікті өкілдерден ұсақ шенеуніктер әзірлеу

Ш. Уәлихановтың жоғары ғылыми баға алып, әлемге танымал болған еңбегі: «Алтышар және Нан-Лу провинциясының алты шығыс қалалары туралы»

Ы. Алтынсариннің белсенділігімен Торғай облысында ашылған оқу орнын көрсетіңіз: орыс-қырғыз мектептері

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ірі темір жол желісі: Орынбор-Ташкент темір жолы

1750 жылы Аяқ жеріндегі шайқас: Қазақтар мен жоңғарлар арасында

Бұрынғы Бөкей ордасының Астрахан губерниясы құрамына кірген жылы: 1872ж.

1857 жылы 9 қаңтарда Арықбалық жерінде талқандалған отряд: Жанқожа Нұрмұхамедов

1857-1858 жылдардағы ембілік қазақтар көтерілісінің басшысы: Есет Көтібарұлы

Ақпан төңкерісінен кейін Торғай облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары: Ә. Бөкейханов

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Жетісу облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары: М. Тынышбаев

1917 жылы Қазақстанда құрылған жұмысшылар мен Кеңестерді қолдайтын революцияшыл-демократиялық жастар одақтарының бірі: «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы (Қара жұмыста істейдіндер одағы)»

«Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен одағын (Қара жұмыста істейдіндер одағы)» ұйымдастыру мен нығайтуға үлес қосқан большевиктер: А. Розыбақиев, Ж. Бабаев, Х. Фариденов

«Қазақ жастарының революциялық одағының» негізін салған: Т. Рысқұлов

1917 жылы 21-28 шілдеде Орынбор қаласында: І Бүкілқазақ съезі өтті

1917 жылы 21-28 шілдеде Орынбор қаласында өткен І Бүкілқазақ съезінде қаралған маңызды мәселелердің бірі: ұлттық автономия, жер мәселесі

1917 жылы 21-28 шілдеде Орынбор қаласында өткен І Бүкілқазақ съезінде «тәуелсіз автономиялық мемлекет құру» қажеттігін айтқан қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Дулатов

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланған мерзімді басылым: «Қазақ» газеті

Түркістан автономиялық Уақытша үкіметінің алғашқы төрағасы: М. Тынышбаев

«Үш жүз» партиясының саяси бағыты: социалистік

1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында: Орынборда ІІ Бүкілқазақ съезі өтті

«Алашорда» (Алаш автономиясының үкіметі) басшылығына ұсынылған кандидатуралар: Ә. Бөкейханов, Б. Құлманов, А. Тұрлыбаев

Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы: 1917 ж. қазан – 1918 ж. – наурыз аралығы

Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкіметінің ұстанған бағыты: Кеңестерге қарсы күштермен бірігу

«Әскери коммунизм» саясатының мәні: азық-түлікті жоспарлы түрде бөлу (азық-түлік салғырты)

Азамат соғысы жылдарында Қазақстандағы партизан отрядтарының бірі: Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары»

Азамат соғысы жылдарында Қазақстанда соғысқан Қызыл Әскер бөлімдеріне көмек көрсеткен: Ә. Жангелдин экспедициясы

1919 жылы 21 желтоқсанда алашордашылардың Кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігінің себебі: 1919 жылы 4 қарашада Кеңес үкіметінің «Алашордашыларға амнистия жариялау туралы» қаулысының шығуымен

1919 жылы 10 шілдеде: Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды

Азамат соғысының соңғы майданы жойылды: 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданы

Түркістан (Қоқан) автономиясы талқандалды: 1918 жылы ақпанда

1920 жылы 26 тамызда: Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» Декретке қол қойылды

1920 жылғы қазанның 4-12 аралығында Орынборда: Қазақ АКСР жұмысшы, шаруа, және Қызыл әскер депутаттарының құрылтай съезі өтті

Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық Атқару комитетінің төрағасы: С. Меңдешев

1920 жылы 26 тамызда Қырғыз (Қазақ) АКСР-сы құрылған кезде оның құрамына енбей қалған облыстар: Сырдария, Жетісу

1921 жылдың күзіне қарай республика бойынша аштыққа ұшырағандар саны: 1 млн. астам адам

1921 жылы қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні: нарықтық экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу

1928 жылы 27 тамызда қабылданды: «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» Декрет

1928 жылы 27 тамызда қабылданған«Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» Декретке сәйкес тәркіленді: 700-ге жуық шаруашылық, 140 мыңнан астам мал

«Үш жүз» социалистік партиясының әрекет еткен аймақтары: Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстары

1917 жылғы ақпан революциясы сипаты жағынан: буржуазиялық-демократиялық

«Үш жүз» социалистік партиясының негізін салған: М. Айтпенов

«Үш жүз» социалистік партиясының өмір сүрген уақыты: 1917-1919 жж.

«Алаш» саяси партиясының идеялық бағыты негізделді: қазақ халқының ұлттық теңдігі мен саяси бостандығы, ұлттық мемлекетті құруға

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған жергілікті жердегі өкілетті органдары: облыстық және уездік қазақ комитеттері

Қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың еңбегі: «Түркістан Кеңестер билігі астында»

Қырревкомның 1920 жылғы 9 наурызда қабылдаған шешімі: Алашорда үкіметін тарату

1924 жылғы ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Қырғыз (Қазақ) АКСР-на қайтарылған жерлер: Жетісу және Сырдария облыстары

Қазақ халқының байырғы тарихи атауын қалпына келтіріп, Қырғыз АКСР-інің аты Қазақ АКСР-і деп өзгертілуі туралы шешім қабылданды: 1925 ж. сәуірдің 15-19 аралығында өткен Кеңестік Қазақстанның Ү съезінде

1937 ж. 26 наурызда: Қазақ АКСР-сы Қазақ КСР Кеңестік республика болып қайта құрылды

Алғашқы Кеңестік Қазақ КСР Конституциясы қабылданды: 1937 ж. наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезінде

Қазақстанда ұжымдастыруды жүргізудің әдістері: еріктілік принципі бұзылып, күштеп отырықшыландыру арқылы

Ұжымдастыру кезінде Қазақ халқының ұлттық қасіретіне жол берген мемлекет басшылары: Ф. Голещекин, Е. Ерназаров, И. Құрамысов

Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны: 2 млн. астам адам

1905 жылы тау-кен жұмысшыларының ірі әрі ұйымдасқан толқуы болған өнеркәсіп: Успен руднигі

ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша үкіметінің аграрлық саясатын сынға алып сөз сөйлеген қазақ депутаты: Бақытжан Қаратаев

ЖЭС жылдарында экономиканың дамуы: нарықтық экономикаға көшумен байланысты

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Торғай өңіріндегі қолбасшысы: А. Иманов

1929 жылы қарашада күштеп ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі болған аймақтардың бірі: Қостанай округі Батпаққара ауданы

1925 жылы желтоқсанда БК (б)П ХІҮ съезінде Кеңес Одағы бағыт алды: индустрияландыруға

Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы қадамдары жүргізілді: өлкені геологиялық жағынан зерттеумен

Индустрияландыру кезінде «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын емес, бастысы – жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту» – деп мәлімдеген мемлекет басшысы: Голощекин

Индустрияландыру кезінде «Қай жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары, қай жерде жүн болса, сол жерде жүн жуу және шұға фабрикалары салынсын» - деген мемлекет қайраткері: С. Сәдуқасов

Түркістан-Сібір теміржолына Жәрдем комитетінің төрағасы болған мемлекет және қоғам қайраткері:

Т. Рысқұлов

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда большевиктердің халық ағарту саласындағы негізгі идеологиясы: халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңіру

С. Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған туындысы: «Қамар сұлу»

«Оян қазақ» еңбегін жазған қоғам қайраткері, талантты жазушы және публицист: М. Дулатов

Қазақстанда патшалық саясатты әшкерелеуде, қазақ халқының ұлттық өзіндік сана-сезімін қайта өркендеуінде үлкен рөлге ие болған газет: «Қазақ»

1940 жылы желтоқсанда Фашистік Германия тарапынан қабылданған Гитлердің «Барбаросса» жоспарының мәні: КСРО-ны талқандап шығыста «өмір кеңістігін қамтамасыз ету»

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан майданға жіберілген адам саны: 1 млн. 200 мың адам

Қазақ АКСР-інде «Сауатсыздықпен күрес» қоғамының құрылу мерзімі: 1924 жылы сәуір айында

1929-31 жылдары «Кіші Қазан» және Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар қозғалысы бұқаралық сипатқа ие болды. Қазақстан территориясында тіркелген көтеріліс саны: 372.0

Фашистердің жоспары бойынша құрамына Қазақстанның енуі тиісті ел: Үлкен Түркістан

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда құрылған дивизиялар саны: 12 атқыштар, 4 атты әскер

Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі ескеріліп, Ресей батыры және Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілген қазақ ұшқышы: Б. Бейсекбаев

Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеу түбіндегі ұрыстарда ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлер:

Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров

Прибалтика жерінде (Витебск облысы, Освейский ауданы) астыртын партизандық қозғалыс жетекшілерінің бірі болған қазақ жауынгері: Ахмедияров Ғ.

Берлин ратушасының төбесіне ту тіккен 1008 атқыштар полкінің қазақ жауынгерлері: К.Маденов және Р.Қараманов

Е. Бекмахановтың ресми түрде айыпталуының басы болған «Қазақстан тарихын маркстік-лениндік тұрғыда зерделейік» атты мақала авторлары және басылым атауы: «Правда» газеті, Т. Шойынбаев, Х. Айдаров, А. Якунин

1951 жылы рухани салаға партиялық бақылауды күшейту жөніндегі шаралардың нәтижесінде Едіге батыр туралы эпосты жариялағаны үшін қуғынға ұшыраған қазақ зиялысы: Қ. Сәтпаев

Ж. Шаяхметовтың Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары: 1946-1954 жж.

1921-1922 жж. жер-су реформаларының негізгі мақсаты: жерді, суды пайдаланудағы отаршылдықтың қалдықтарын жою

1928-1932 жж. Қазақстанда алғашқы бесжылдық кезінде салынған ірі құрылыс: Түркістан сібір темір жолы Теміртау

1958 жылы әлеуметтік мәселенің шешілмеуіне байланысты жаппай тәртіпсіздік көрініс тапқан Қазақстан қаласы: Теміртау

1949 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған қазақ жазушысының роман-эпопеясы: М.Әуезов «Абай жолы»

Қазақ халқының бес арысы атанған – А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов ақталған жыл: 1988 жыл

«Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының басты мақсаты: ядролық полигондарды жабу

БОАК 1919 жылғы 4 қарашадағы қаулысында Кеңес үкіметіне қарсы күреске қатысқан Алашорда мүшелері туралы айтылған пікір: амнистия жасалды

1989 жылы ұлтаралық қақтығыс орын алған жер: Жаңа Өзен

Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы: 1946 жыл 1 маусым

1979 жылы Неміс автономиясының құрамына енгізуге жоспарланған облыстар территориясы: Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау

1979 жылы Ақмола қаласындағы халықтың шеруге шығуының себебі: неміс автономиясын құру

1946-1950 жылдар аралығында КСРО-да қабылданған IV бесжылдық жоспардың негізгі экономикалық міндеті: қираған халық шарушылығын қайта қалпына келтіру

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ тілін орыс графикасына (кириллицаға) негізделген жаңа алфавитке көшіру туралы» Заңы қабылданған жыл: 10 қараша, 1940 жыл

1934 жылы Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны: Қазақ мемлекеттік университеті

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кері зардаптарын көрсетіңіз: жер эрозиясы дамыды, экологиялық тепе-теңдік бұзылды

КСРО Министрлер Кеңесі қаулысы бойынша 1948 ж. салынған ядролық полигон түйіскен үш облыстың жері: Семей, Павлодар және Қарағанды

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталу мерзімі: 1954 жыл

Семей полигонында алғаш ядролық сынақ өткізілген жыл: 1949 жыл

Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынып, «Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы: Мұнайлы Ембі

«Халық қаһарманы» атағын алған Желтоқсан оқиғасының құрбаны: Қ. Рысқұлбеков

1916 жылы Қарқарадағы көтеріліс жетекшісі: Ұзақ Саурықов

1974 жылы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының КСРО мемлекеттік сыйлығын иеленген қойылымы: «Қан мен тер»

Е.Бекмаханов еңбегін бағалап, қолдағаны үшін катаң сөгіс беріліп, ректорлық қызметінен босатылған қазақ зиялысы: Ә.Тәжібаев

Қазақ АКСР-де ұжымдастыруды аяқтауға белгіленген мерзімі: 1932 жылдың көктемі

КОКП ОК –нің «Қазақ КСР партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсанға берілген баға: ұлтшыл жастар бүлігі деп бағаланды

ХХ ғасырдың 80-жылдарында Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитеттің басқарушысы:

М. Шаханов

Олжас Сүлейменовтың 1975 жылы жарық көрген кітабы: «Аз и Я»

1954 жылы: тың және тыңайған жерлерді игеру басталды

Қазақ ұлттық театрында тұңғыш рет қойылған пьеса: «Еңлік-Кебек»

1917 жылы IV Жалпытүркістандық съезд шешімімен құрылған мемлекет: Түркістан автономиясы

Қазақ КСР-да «Тіл туралы» Заң қабылданды: 22 қыркүйек, 1989 жылы

Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту шешімі қабылданған жыл: 1991 жылғы 10 желтоқсанда

Алғаш кеңестік қозғалыс «Невада - Семей» бастамасының құрылған жылы: 1989 жылғы ақпан

1964 – 1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы: Д. Қонаев

Ел өміріндегі шартты түрдегі «тоқырау жылдары» кезеңі: ХХ ғасырдың 70 жылдарының ортасы мен 80 жылдарының ортасы

ХХ ғасырдың 60 жылдары Семей қаласында құрылған жастар ұйымы: «Тайшұбар»

1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясы бойынша «кеңестік қоғамның басқарушы және бағыттаушы күші»: коммунистік партия

1989 жылы Қазақстанның КП ОК І Хатшысы қызметіне сайланған саясаткер: Н.Назарбаев

«Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуына мұрындық болған тұлға: О.Сүлейменов

1990 жылы 25 қазанда болған тарихи оқиға: «Мемлекеттік егемендік туралы» декларация қабылданды

Қазақстандағы көшпелі шаруашылықтың түпкілікті жойылған жылы: 1930 жылдары

1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастардың бас көтеруі себебі: қайта құрудың демократиялық принциптерін сақтау үшін

1917 жылға дейін Қазақстанда қазақтардан қоныс аударушылар қорына тартылып алынған жер көлемі: 45 млн. десятина

ХХ ғ. 70-жылдарына қарай республика халық шарауашылығының жалпыодақтық мәнге ие болған саласы: мұнай өндіру және химия саласы

Республикада 1970-1980 жылдарда ұлт саясаты бұрмалануының көрініс табуы: қазақ тілі тек тұрмыстық деңгейде ғана қолданатын болды

1963 жылы 5 наурыздағы КСРО мен АҚШ арасында ядролық қаруды сынауды тоқтату туралы келісімінің әсері: Семей ядролық полигноындағы сынақтар жер астында ғана жүргізілді

ХХ ғ. 80-ж. М.Шахановтың ұйымдастырған қозғалысының шешуге қатысты экологиялық мәселелері: Арал-Балқаш экологиясы

ХХ ғ. 20-30 жылдары ғалым-этнограф А.В.Затаевичті «маржан теруші» деп атануының себебі: қазақ халқының әндері мен күйлерін жинақтады

Кеңес үкіметінің Алашорданы тарату туралы шешімі қабылданған уақыт: 1920 жылы, наурыз

1960 жылдары құрылған бейресми «Жас тұлпар» студент жастар ұйымының белсенді мүшесі: Мұрат Әуезов

КСРО өмір сүрген жылдар: 1922-1991 жылдар аралығы

Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Жеке басқа табынушылықты әшкерелеу» туралы баяндамасы баспасөз бетінде жарық көрген жыл: 1989 жылы

1939 жылғы 23 тамызда КСРО мен Германия арасында қол қойылған келісім: өзара соғыс ашпау туралы келісім

«Қазақ» газетінің жарияланып тұрған мерзімі: 1913-1918 жж.

Қазақстандағы күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі болған жылдар: 1929 -1931 жж.

«Кемелденген социализм» идеологиясының шегіне жеткен кезі: 1960-1970 жж.

Е. Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі: «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында»

Ұлы Отан соғысы кезінде алғаш рет Кеңес Одағының батыры атағын алған Қазақстандық жауынгер: К.А.Семенченко

Ұлы Отан соғысы жылдарында генерал-майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия: 316-атқыштар дивизиясы

1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер: «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл»

1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң: «Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялары туралы»

1916 жылы «Орталық Азия және Қазақстан ер азаматтарын тыл жұмыстарына алу туралы» патша Жарлығы шыққан уақыт: 1916 жылдың маусымы

1932 жылғы аштыққа байланысты Ф.И. Голощекинге Бесеудің хатын жазғандар: Ғ. Мүсірепов,М. Ғатауллин,М.Дәулетқалиев,Е. Алтынбеков, К. Куанышев.

«Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декрет: 1923 жылы 22 қарашада қабылданды

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанда: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды

1991 жылы 1 желтоқсанда республика өмірінде болған оқиға: Қазақстан Республикасының Президентін бүкіл халықтық сайлау

Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды: 1992 жыл, 2 наурыз

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылған уақыт: 1991 жыл, 21 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей полигонын жабу жөніндегі» Жарлыққа қол қойды: 1991 жыл, 29 тамыз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы бүкіл халықтық референдум өткен уақыт: 1995 жыл

Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшқан жыл: 1991 жыл, 2 қазан

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге енгізілді: 1993 жыл, 15 қараша

«Қазақстан Республикасының Ұлттық рәміздері туралы Заң» қабылданған уақыт: 1992 жыл, 4 маусым

Қазақстан Республикасы Президентінің «1986 ж. 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» Жарлығы шыққан уақыт: 1991 жыл, 12 желтоқсан

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Орхон-Енисей жазуларының көшірмесі әкелінді: 2001 жылы

1989-1991 жж. Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым: «Семей-Невада» қозғалысы

1991 жылдан бастап Қазақстанда Лениндік Коммунистік Жастар Одағы (ЛКЖО) аталды: Қазақстан жастар одағы

1991 жылғы 2 қазандағы тарихи оқиға: ғарышқа тұңғыш қазақ азаматының ұшуы

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы үшін айыпталғандардың «Желтоқсан» партиясын құрған уақыты: 1990 жыл

1991 жылы желтоқсанда құрылған Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығына (ТМД) енбеген республикалар: Эстония, Латвия, Литва, Грузия

1994-1995 жж. шетел инвестициялары республика экономикасының қай саласына тартылды: шикізат саласына

Алғашқы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры: С.Нұрмағанбетов

Қазақстан Республикасы Туының авторы: Ш.Ниязбеков

Қазақстанда 2006 жылы жарыққа шыққан тарихи көркем фильм: «Көшпенділер»

Қазіргі кезеңде Қазақстандағы облыстар саны: 14.0

Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшылығына Н.Ә.Назарбаев сайланған уақыт: 1989 жыл, маусым

КСРО-ның таратылуы туралы шешім қабылдаған Беловьеже келісімінің уақыты: 1991 жыл, 8 желтоқсан

1998 жылдан бастап Қазақстан шығармашылық жастарының жыл сайын өткізіліп тұратын фестивалі: «Шабыт»

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тұңғыш Конституцияны қабылдаған жыл: 1993 жыл, 28 қаңтар

Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгілеу туралы» Заңның қабылдануы: 1990 жыл, 24 сәуір

1995 жылы қабылданған Конституция бойынша Парламентті тарату құқығы беріледі: Қазақстан Республикасы Президентіне

Қазақстан Республикасындағы Үкіметті басқарады: Премьер-министр

Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда мемлекеттік билік тармақтарының бірі деп жарияланды: Сот билігі

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды: 1998 жыл, 20 мамырда

Егемен Қазақстан мемлекетінің астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды: 1998 жылы

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу органы ретінде құрылды: Қазақстан халықтары Ассамблеясы

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы: Президент

1993 жылы партияның ХІХ съезінде Қазақстан Коммунистік партиясының өзгертілген аты: Қазақстан Социалистік партиясы

2000 жылы 1 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан патриоттары партиясы құрылды. Партияның төрағалығына сайланған: Ғ.Қасымов

2003 жылы 23 қазанда құрылған және төрайымы Д. Назарбаева болып сайланған партия: «Асар»

1996 жылдың басына қарай 1490 жекешелендірілген мемлекеттік нысандар: ауыл шаруашылық кәсіпорындары

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қазақстанның ядролық қарудан азат территория екендігін жариялаған жыл: 1993 жыл

1995 жылы ЮНЕСКО аясында 150 жылдығы тойланған ұлы қазақ ойшылы: А.Құнанбаев

Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының ресми тұсаукесері өтті: 1998 жылғы, 10 маусымда

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанда «Әлемдік және дәстүрлі-ұлтық діндер басшыларының съезін» өткізу бастамасын көтерген жыл: 2003 жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (2006 ж.) атты Жолдауында ұсынған стратегиясы: дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру

1992 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың «Шеврон» корпорациясы арасындағы келісім бойынша құрылған бірлескен кәсіпорын: «Теңізшевройл»

«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы жарияланған жыл: 2010 жыл

1997 жылы қыркүйекте Президенттің өкімімен қабылданған білім саласына қатысты мемлекеттік бағдарлама: «Орта білімді ақпараттандыру»

1994 жылы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы елдерден мүлде жаңа бірлестік құрып, оны атауды ұсынды: Еуразия Одағы

1997 жылы 28 ақпандағы Алматы декларациясында Орталық Азия елдерінде 1998 жыл жарияланды: «Қоршаған ортаны қорғау» жылы

Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының ресми тұсаукесері өтті: 1998 жылғы, 10 маусымда

1992 ж. 15 сәуірінде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған: А.Х.Арыстанбекова

1992 жылы 22 мамырда Қазақстан мүше болып енген Халықаралық ұйым: ЮНЕСКО

1993 жылы Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің басшылары Аралды халықаралық құтқару қорының президенті етіп сайланған: Н.Ә.Назарбаев

2002 жылы маусымда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің алғашқы саммиті өткен қала: Алматы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (2006 ж.) атты Жолдауында ұсынған стратегиясы: дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру

1992 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың «Шеврон» корпорациясы арасындағы келісім бойынша құрылған бірлескен кәсіпорын: «Теңізшевройл»

«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы жарияланған жыл: 2010 жыл

1997 жылы қыркүйекте Президенттің өкімімен қабылданған білім саласына қатысты мемлекеттік бағдарлама: «Орта білімді ақпараттандыру»

1994 жылы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы елдерден мүлде жаңа бірлестік құрып, оны атауды ұсынды: Еуразия Одағы

1997 жылы 28 ақпандағы Алматы декларациясында Орталық Азия елдерінде 1998 жыл жарияланды: «Қоршаған ортаны қорғау» жылы

Бөкей ордасында хандық билікке келгеннен кейін патша әкімшілігінің қолдауына сүйеніп көшпелілерді отырықшылыққа икемдеп, хуторлар салуды жақтаған, шөп шабу және орман шаруашылығын енгізіп, мектептер, училищелер, мешіттер ашып, сауданың дамуына үлес қосқан билеуші: Жәнгір

Мемлекеттік билікті алғаш рет үш тармаққа бөлуді жариялаған құжат: «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация

1988 жылы ақталған қазақ халқының бес арысы: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылы жарық көрген еңбегі: «Ғасырлар тоғысында»

Қазақстан Республикасы Ислам Конференциясы Ұйымына толық құқықты мүше ретінде енді: 1995 жылы 12 желтоқсанда

Қазақстан Республикасында 2005 жылы 4 желтоқсанда: Қазақстан Республикасының Президентін сайлау шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы жоғары дамыған қоғамды құру үшін ұстанатын бағытты көрсетіңіз: қазақстандық өзіндік даму моделі

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ұлттық бірлік пен тарих жылы» болып жарияланды: 1998 жылы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» бағдарламасына байланысты Қазақстан Еуразия кіндігі бола отырып, тез қарқынмен дамып келе жатқан үш аймақты байланыстыра алады: Ресей, Қытай, мұсылман әлемі

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі: халық

Қазақстан Республикасы Президентінің атап өткен әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кірудегі басым бағыттардың бірі: әлемдік экономикаға интеграциялану

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ұлттық бірлік пен тарих жылы» болып жарияланды: 1998 жылы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» бағдарламасына байланысты Қазақстан Еуразия кіндігі бола отырып, тез қарқынмен дамып келе жатқан үш аймақты байланыстыра алады: Ресей, Қытай, мұсылман әлемі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]