Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

4. Қол жүгі мен багажды алып жүру

 

226. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жолаушыларға автобустың салонында тегін, өлшемі 60х40х20 см аспайтын және салмағы 35 кг аспайтын бір орын қол жүгін, сондай-ақ ұсақ жануарлар мен құстарды торлармен тасымалдауға рұқсат етіледі.

227. Қол жүгінің буып-түйілуі мен тасымалдануы басқа жолаушылар мен автобус салонының жабдығына қандай да болмасын залал (ластану немесе зақымдану) келтіру мүмкіндігін толық болдырмауы тиіс.

228. Жолаушыларға автобустың багаж бөлімшесінде отырғызу орнынан жеткізу орнына дейін оны алып жүрудің белгіленген құнына сәйкес әрбір багаж орнын алып жүру ақысын төлеп багажды алып жүруге рұқсат етіледі. Жолаушы қол жүгін автобустың багаж бөлімшесінде алып жүре алады.

229. Багаж жарамды орамада тапсырылады. Жолаушының тасымалдауға қабылданған багажына багаж түбіртегі беріледі.

230. Багажды тасымалдауға тапсыру кезінде жолаушы оның бағасын белгіленген алым төлеу арқылы көрсетуі мүмкін. Бұл ретте багаж түбіртегіне тиісті жазу жасалады.

231. Багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе зақымдануы байқалған кезде багаж иесінің, тасымалдаушы өкілінің немесе жүргізушінің және құқық қорғау органдары қызметкерінің немесе жергілікті атқарушы органдар өкілінің қатысуымен актінің екі данасы жасалады.

Актіде иегердің тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайы, қабылданған және берілген орындардың саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдану сипаты, көрсетілген бағаның, егер ол құжат жүзінде ресімделген болса, сомасы көрсетіледі

Актінің бір данасы багаж иесіне тапсырылады.

232. Тасымалдауға қабылданған багаж, егер оны тасымалдаушы мойындаса немесе багаж тасымалдаудың тағайындалған жеткізу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 7 күн ішінде келмесе жоғалған деп есептеледі.

233. Тасымалдаушы багаждың жоғалғаны, жетіспегені және зақымдалғаны (бүлінгені) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

 

5. Багаж автомобильдерімен багажды тасымалдау

 

234. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында тасымалдаушы багаж автомобильдерінің қозғалысын ұйымдастырған жерлерде жолаушылар багажды багаж автомобилінде тасымалдау үшін тапсыруы мүмкін.

Аралық аялдама пункттерінде багажды багаж автомобилінде тасымалдауға қабылдау жолаушы тиісті маршрут бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) көрсету кезінде жүргізіледі.

235. Тасымалдауға тапсырылатын багаж өзінің сипаты мен орамасы бойынша багаж автомобиліне тиеуді және орналастыруды қиындатпауы, сондай-ақ басқа жолаушылардың багажына зиян келтірмеуі тиіс. Ыдыс пен орама барлық тасымал бойы багаждың бүтіндігі мен сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

236. Багажды багаж автомобилімен жіберуге тілек білдірген жолаушы оны тапсыруға алдын ала - автобус жөнелтілгенге дейін 10 минуттан кешіктірмей ұсынады.

237. Багаж автомобилінде тасымалдауға жарамсыз орамадағы багаж қабылданбайды. Орамасының, багаждың жоғалу немесе бүліну қаупін туғызбайтын осындай кемшіліктері бар багаж, багаж түбіртегіндегі осы кемшіліктер туралы белгі арқылы тасымалдауға қабылдануы мүмкін.

238. Багаж автомобилінде тасымалдауға багажды қабылдау кезінде жолаушыға багаж түбіртегі беріледі.

239. Багаж автомобилінде тасымалданатын багаж бару пунктінде багаж түбіртегін көрсетушіге беріледі.

240. Багаж автомобилімен тасымалдауға қабылданған багаж бару пунктіне, жолаушының осы пунктке кесте бойынша келген күнінен кешіктірмей жеткізіледі.

241. Бару пунктінде жолаушы талап етпеген багаж жауапты сақталу үшін тасымалдаушыға беріледі, ол үшін багаждың иесінен тиісті ақы талап етіледі. Багажды сақтау орны тасымалдаушының қарауы бойынша таңдалады.

242. Багажды тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы, багажды тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап және оны жолаушыға (багажды алуға уәкілетті адамға) бергенге дейін немесе багаж талап етілмеген жағдайда, оны сақтау камерасына тапсырғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

243. Багаж автомобилімен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетіспеуін және зақымдануын (бүлінуін) анықтау, тасымалдаушының залалды өтеу тәртібі мен өлшемдері осы Қағиданың 235-238-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]