- •1.Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.
- •2. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.
- •3. Экономикалық теорияның нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi.
- •6.Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясы.
- •7. Постиндустриалдық экономика теориясы және қазіргі даму сатысының көріністері мен ерекшіліктері.
- •8. Нарықтық экономика: мән-мағынасы және қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •10. Экономикалық ресурстар және негізгі өндіріс факторлары
- •11.Рынок: мән-мағынасы, түрлері және орны мен рөлі.(5 даристи оқындар)
- •12. Ұлттық валюта: тарихы, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері.
- •Экономикалық шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •26. Олигополистік нарық.
- •31.Капитал айналымы. Капиталдың толық және ауыспалы айналымы
- •32. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамтудың мәселелері
- •33. Экологияның экономикалық мәселелері
- •34. Аd-аs моделіндегі макроэкономикалық тепе – теңдік
- •35. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау
- •36. Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация
- •37. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •38. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі мен оның негізгі реттеу бағыттары.
- •39. Мемлекеттік реттеудің түрлері мен әдістері.
- •40. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.
- •41. Циклдық толқуларды мемлекеттің реттеу мәселесі.
- •42. Макроэкономикалық тұрақсыздық және тұрақтандыру саясаты
- •44. Жалақының түрлері мен формалары. Лоренц қисығы
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •45 Фискалды саясат, оны іске асырудың мәселелері.
- •46 Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің қарызының мәселелері, оларды шешу жолдары.
- •47 Қаржы саясаты және оның экономиканы реттеудегі рөлі.
- •14 Тақырып;
- •48 Салық туралы теориялар және экономикалық саясаттағы орны мен рөлі.
- •49. Монетарлық теорияның экономикалық саясаттағы рөлі
- •50.Монетарлық саясат және оны іске асыру мәслелері
- •51. Дағдарыс және оның түрлері
- •52. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оны қазіргі кезеңде Қазақстанда іске асыру мәселелері
- •53. Меншік обьектілері мен субьектілері
- •54.Несие капиталының халықаралық нарығы және валюта жүйесі
- •55 Меншік объектілері мен субъектілері
- •56 Дүниежүзілік сауда: қазіргі кездегі түрлері мен құрылымы.
- •57 Дүниежүзілік экономикалық байланыстардағы Қазақстанның орны.
- •58 Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері
- •59. Жұө және оны есептеу тәсілдері. Дефлятор
- •60 Салық түрлері, Лаффер қисығы
- •61.Кәсіпкерліктің ұйымдық экономикалық формалары:
- •66. Жұмыссыздық дегеніміз не? Түрлері, мәндері. Жұмыс күші
- •67. Лаффер қисығы нені сипаттайды?
- •69. Филлипс қисығы нені көрсетеді? Қай жылы
- •70. Қаржы дегеніміз не? Атқаратын қызметтері
- •71. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Бюджет тапшылығы, пайда болу себептері. Мемлекеттік қарыз дегеніміз не?
- •72. Халықаралық сауда дегеніміз не? Сауда теориялары, олардың мәні. Халықаралық сауданың негізі.
- •73. Протекционизм дегеніміз не? Сыртқы сауда саясатының типтері
- •74. Халықаралық сауда және оның мәні. Халықаралық еңбек бөлінісі
- •75. Валюталық курс оны реттеу тәсілдері. Валюталық жүйе
- •79. Экстенсивті және интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •82. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
- •83.Өндіріс және ұдайы өндіріс
- •84. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
- •85. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •85 Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •86 Нарықтық тепе-теңдік. Икемділік түсінігі
- •87 Фирманың өндіріс шығындары мен табыстары
- •Экономикалық шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар
- •88 Шығындардың мәні, түрлері
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •89 Табыс және пайда, түрлері
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •90 Жер рентасының түрлері және жердің бағасы
1.Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантелизм. Ең алғаш экономикалық ілім XVI-XVII ғасырларда меркантелизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар-ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрас математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.