Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

салы

.pdf
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.28 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тлеужанова Д.А. Жолдояқова Г. Е. Матайбаева Г.А.

«Салықтар және салық салу» пәнінен

ОҚУ ҚҦРАЛЫ экономикалық мамандықтар ҥшін

АСТАНА 2012

1

«С. Сейфуллин атындағы

«Бекітемін»

ҚАТУ» АҚ оқу-әдістемелік кеңесі

«С. Сейфуллин атындағы

отырысында қаралды, баспадан

ҚАТУ» АҚ ОӘК тӛрағасы

шығаруға мақұлданды

_____________________

Хаттама №___ ___________ж.

«____»_______________

Автор: «Қаржы» кафедрасының доцент м.а., э.ғ.к. Тлеужанова Д.А., Жолдояқова Г.Е., Матайбаева Г.А.

«Салықтар және салық салу» пәні бойынша оқу құралы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді оқу бойынша барлық қажетті ақпараттардан тұрады.

Пікір берушілер:

1.С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-ң «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. Жұманова Д.Т.

2.«Қаржы академиясы» АҚ-ның кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д, профессор Искакова З.Д.

«Қаржы» кафедрасының отырысында қарастырылған және ұсынылған « » 2012 ж., хаттама №

Экономика факультетінің Әдістемелік комиссиясымен қарастырылып мақұлданған.

« » 2011ж., № хаттама.

2

 

 

Мазмҧны

 

Алғы сӛз

5

Глоссарий

6

1

Бӛлім. Салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері

 

1

 

Тақырып. Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық

 

салуды құрудың негіздері

11

2

тақырып. ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен бүгінгі

 

жағдайына сипаттама

19

3

Тақырып. Салық саясаты: типтері, мақсаттары және міндеттері

23

4

Тақырып. Салық механизмі: мазмұны, құрылымы және элементтеріне

 

сипаттама

24

1

Бӛлім тақырыптары бойынша тесттер

28

2

Бӛлім. Меншікке салынатын салықтар

 

5

Тақырып. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы

32

6

Тақырып. Кӛлік құралдарына салынатын салық

35

7

тақырып. Жер салығы

37

2

Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері

46

2

Бӛлім тақырыптары бойынша тесттер

52

3

Бӛлім. Тҧтынуға салынатын салықтар

 

8

Тақырып. Қосылған құнға салынатын салық

62

9

тақырып. Акциздер

74

10

Тақырып. Экспортқа рента салығы. Ойын бизнесіне салық

76

3

Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері

79

3

Бӛлім тақырыптары бойынша тесттер

87

4

Бӛлім. Табысқа салынатын салықтар

 

11

Тақырып. Корпоративтік табыс салығы

95

12

Тақырып. Тіркелген салық

106

13

Тақырып. Жеке табыс салығы

107

14

Тақырып. Әлеуметтік салық

122

15

Тақырып. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары

 

мен тӛлемдері

124

4

Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері

133

4

Бӛлім тақырыптары бойынша тесттер

143

5

Бӛлім. Арнаулы салық режимі

 

16

Тақырып. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимі

155

17

Тақырып. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық

 

режимі

157

18

Тақырып. Ауыл шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіруші заңды тұлғалар

160

3

мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

 

5

Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері

162

5

Бӛлім тақырыптары бойынша тесттер

162

6

Бӛлім. Алымдар мен бюджетке тӛленетін басқа да міндетті

 

тӛлемдер

166

19 Тақырып. Алымдар және тӛлемақылар

192

6

Бӛлім тақырыптары бойынша практикалық сабақ есептері

 

7

Бӛлім. Салық әкімшілігін жҥргізу

 

20 Тақырып. Қазақстан Республикасының Салық қызметі: құрылымы,

 

құқықтық базасы, ұйымдастыру ерекшеліктері мен басқа мемлекеттік

193

органдармен бірлесіп қызмет етуі

 

21 Тақырып. Салықтық бақылау және тексерудің қажеттілігі мен

195

экономикалық мазмұны

 

 

 

209

Ҧсынылатын әдебиеттер тізімі

 

«Салықтар және салық салу» пәні бойынша сызба тҥріндегі

 

қосымшалар

211

4

Алғы сӛз

Нарықтық экономиканы басқарудың неғұрлым тиімді нысандарының бірі мемлекетті салықтық реттеу болып табылады. Салықты пайдалана отырып, мемлекет екі мақсатты кӛздейді. Біріншісі, барлық деңгейлер кірістерін толтыруға бағытталады. Бұл мемлекеттің фискалдық функциясына негізделеді. Екіншісі, мемлекетпен реттелетін рыноктық экономиканың басқару жүйесін қамтамасыз ету. Мемлекеттiң күрделi әлеуметтiкэкономикалық механизмiнiң қалыпты қызмет етуi, кӛбiнесе, оның тұрақты қаржылық қамтамасыз етiлуiне тәуелдi. Қазақстан Республикасының бюджеттiк-салықтық қатынастарының даму проблемалары мыналар болып табылады: аумақтық билiк органдарына қаржы ресурстарын жұмылдыру, бюджеттердiң шығыстарын қаржыландырудағы қажеттiктiң әлеуетіне сәйкестiк жүйесiн реттеу. Жалпы бюджеттердiң кiрiстерiнiң неғұрлым маңызды кӛзі салықтар болып табылады. Осы тұрғыдан болашақ қаржыгерлер ретінде студенттер салықтар және салық салу жүйесі бойынша толық мағлұматтар алуы қажет.

Бұл оқулық «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» акционерлік қоғамының «Қаржы» кафедрасында «Салықтар және салық салу» пәнін оқыту «Қаржы» мамандығы 3 курс студенттеріне арналған оқу жоспарында қарастырылған.

«Салықтар және салық салу» пәні бойынша оқулық – бұл білім берудің кредиттік жүйесіне сәйкес, «Қаржы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізі болып табылатын, пәннің мазмұнының сапалы меңгерілуін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік материалдардың толық жиынтығын сипаттайды. Оқулықта ұсынылған білім берудің жүйелі кешені мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

-кәсіби маңызды дағдылардың қалыптасуы;

-студенттердің тек дәріс барысында алынған білімді меңгеруі ғана емес, олардың дербес ізденуі, жағдайды талдау және бағалау арқылы ӛзіндік тұжырымдарын қалыптастыра алуы;

-ақпараттық қоғам және бәсекелестік орта жағдайында студенттерді жұмысқа дайындау үшін ӛзекті білім беру нәтижелеріне қол жеткізу.

5

ГЛОССАРИЙ

ақпаратты ӛңдеу жӛнiнде кӛрсетілетін қызметтер – ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты ӛңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру жӛнiнде кӛрсетілетін қызметтер;

арнаулы салық режимi – салық тӛлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерi мен жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн тӛлемақыны есептеу мен тӛлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды кӛздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi;

бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары;

басқа да мiндеттi тӛлемдер – уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік меншіктегі объектілерді пайдалану және мемлекет берген қызметті жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру үшін бюджетке белгiлi бiр мӛлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (кеден баждарын қоспағанда, тӛлемақы, алымдар, баждар);

бересi – салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бӛлігінде кӛрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде тӛленбеген салықтың және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдердің сомасы;

борыштық бағалы қағаздар – мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;

борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт – борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;

борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі – купон) –

шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен тӛлейтін (тӛленуге жататын) сома;

борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы – шығарылым шарттары бойынша купон тӛлеу кӛзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;

грант – белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін ӛтеусіз негізде:

6

мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;

гуманитарлық кӛмек - халықтың ӛмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы тӛтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, ӛзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына ӛтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бӛлетiн мүлiк;

демеушiлiк кӛмек – осы кӛмектi кӛрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында ӛтeуciз негiзде:

жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, кӛрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, ӛнертапқыштық қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;

коммерциялық емес ұйымдарға ӛздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;

дивидендтер – акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша тӛленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша тӛленуге жататын табыс; заңды тұлға ӛз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бӛлетiн таза табыстың бiр бӛлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бӛлуден түсетiн табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың ӛзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:

тауарлардың, жұмыстардың, кӛрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тарапқа ӛткізілу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға

7

немесе олардың ӛзара байланысты тарапына ӛткізілу құны арасындағы оң айырма;

тауарлардың, жұмыстардың, кӛрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тараптан сатып алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың ӛзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы теріс айырма;

үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың ӛзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың ӛзара байланысты тарапы ӛтемей, заңды тұлғаның ӛзі ӛтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;

дизайнерлік қызметтер кӛрсету – кӛркемдік нысандарын,

бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жӛнінде кӛрсетілетін қызметтер; кӛркемдік конструкциялау;

жалған кәсіпорын – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі;

жеке тҧлғаның жеке мҥлкі – жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкі;

жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жӛнiндегi операцияларды жүргізу құқығын иеленушi жеке немесе заңды тұлғалар;

заңды тҧлғаның қҧрылымдық бӛлімшесі – филиал, ӛкілдік; инжинирингтік қызметтер кӛрсету инженерлiк-консультациялық

қызметтер кӛрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн дайындау, ӛндiрiстi ұйымдастыру және басқару, ӛнімдердi ӛткізу саласында ұсынымдар әзiрлеу;

келісімшарттық қызмет – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;

консультациялық қызметтер кӛрсету – басқарушылық,

экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды қоса

8

алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және ӛзге де нысандағы консультациялар беру жӛнінде кӛрсетілетін қызметтер;

қатысу ҥлесі – акционерлiк қоғамдарды және пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізуге мүлкiмен үлестік қатысуы;

ӛзара байланысты тарап - ӛзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға;

ӛткiзу – сату, айырбастау, ӛтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер кӛрсету, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушыға беру;

роялти – мыналар үшiн:

пайдалы қазбаларды ӛндiру және техногендiк құралымдарды қайта ӛңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; ӛнеркәсiп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайзчартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерiн, сондайақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазуды немесе ӛзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн тӛленетiн тӛлем;

салық агенті – осы Кодекске сәйкес тӛлем кӛзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жӛніндегі міндет жүктелетін адам;

салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ ӛсімпұлдар мен айыппұлдардың тӛленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада кӛрсетілген ӛсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Респуликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бӛлігінде кӛрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;

салық режимі – осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдерді тӛлеу жӛніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық тӛлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;

салықтар – осы Кодексте кӛзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мӛлшерде жүргiзілетiн, қайтарымсыз және ӛтеусiз сипатта болатын, бюджетке тӛленетiн мiндеттi ақшалай тӛлемдер;

салық тӛлеуші – салықты және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдерді тӛлеуші болып табылатын адам;

9

салық тӛлеушінің (салық агентінің) жеке шоты – салықтың және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және тӛленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ ӛсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;

салық тӛлеушiнiң электрондық қҧжаты – белгiленген электрондық форматта берiлген, қабылданғаннан және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық тӛлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;

туынды қаржы қҧралы – құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды кӛздейтін шарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп кӛрсетілген туынды қаржы құралдарының комбинациясын білдіретіндер жатады.

Туынды қаржы құралдарының базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, ӛзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкiн;

тҧлға – жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым осы Кодекстiң мақсатына орай олар ӛздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па – осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;

уәкілетті мемлекеттік органдар – салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ӛздерінің құзыреті шегінде осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдарымен ӛзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

электрондық салық тӛлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық құжаттармен алмасу кезінде салық қызметі органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімнің негізінде салық қызметі органдарымен электрондық тәсілмен ӛзара іс-қимыл жасайтын салық тӛлеуші.

10