Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VI.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
114.57 Кб
Скачать

Х. Педагог (ұстаз) психологиясы

 

Педагог кәсібі. Мұғалім мамандығы «Адам-Адам» (Е.А. Климов бойынша) типіне қатысты. Бұл мамандық адамның келесі қасиеттерін айқындайды; адамдармен қарым-қатынас жасағанда өзін-өзі жақсы сезіну, дұрыс қарым-қатынасты талап ету, өзін басқа адымның орнына ойша қоя алу, жақсы қабілеті, басқа адамдардын ойын, көңіл күйін, мпқсатын тез түсіну, басқалардын жеке қасиеттері жайлы есте қалдыру және ойда ұзақ ұстауы жақсы болуы керек және т.б.

       Мұндай мамандыққа ие адамға тән нәрселер:басқару,оқыту,тәрбиелеу, адамдардың әртүрлі сұраныстарына байланысты пайдалы іс- әрекетерін іске асыру; тыңдау, ой өрісі кең болу, сөйлеу мәнері; көңілден шығатын ақыл- кеңес, ақылды, сезімтал және адамның мінезін байқау, ойша басқа адамның ішкі дүниесін модельдеу қабілеті, әрқашан адамның болашақта жақсы бола алатынына сенуі, жалын қабілеті; байқау қабілеті;жалпы адамзатқа қызмет етудің дұрыс идеясының терең және оптимистік сенімі;стандарттық емес ситуациялардың оң шешімі;  жоғары дәрежедегі өзін өзі басқару.

       «Адам-Адам» типі бойынша жұмыс істейтін адамның профессионалдық қажеттілігін өтеу үшін қиындық туғызатын жарамсыз бірнеше қасиеттері бар.Ұстаз мамандықты таңдауға кесірлі нәрселер: ол тіл ақауы,кекеш сөйлеуі, тұйықтық, мүгедектік.Сонымен бірге тым шабан қозғалатыны, сылбырлық, енжарлық, адамға деген немқұрайлық жатады.Бұл типке кіретін ұстаз мамандығының тағы бірнеше арнаулы талаптары бар, олардың арасындағы ең маңызды болып профессионалдық білгірлік және дидактикалық мәдениет болып табылады.

       Мұғалімдік мамандықты еңбек құралы жағынан қарастырғандағы, көңіл аударатын жері, ол басқа да типтермен байланысты, әсіресе «Адам-Белгі» түрімен байланысы күшті.

        Белгілер және көбіне тілдік жүйелер ұстаздық мамандықта тарихи – қоғамдық тәжірибені тасымалдайтын негізгі құралдары, сонымен қатар тілдік жүйе игеру құралы болып келеді.Қазіргі білім беру процесінде компьютерлік техника соңғы рында емес.Ұстаз оны білім беруде оқу құралы ретінде пайдаланады.

      Әрбір мамандық типінің әрекет құрамын сараптап, Е.А.Климов оларды IV топқа бөледі:

I.                   Қозғалу әрекеттері (орын ауыстыру, орналасуы, бұрылу және т.б.);

II.                Танымдық әрекеттері (оның ішіне логикалық,қабылдау,қиядау);

III.             Кісілердің қарым – қатынас әрекеттері:диагностикалық,талап ету әрекеттері, серіктесті информациялар арқылы басқару әрекеті;

IV.            Келісім күші бойынша әрекеттер.

       Ұстаз – мамандық субъектісі ретінде осы аталған барлық әрекеттерді атқарады.Олар ұстаздық интелектуалды және мінез құлық мәдениетін анықтайды.

      Кәсіби іс - әрекет субъект қойған мақсатына байланысты  мынандай топтарға жіктеледі: танымдық, түрлендіру, іздену.Сонымен  қатар олар алдағы ойларды шешетін жаңа тәсілдер мен құралдарды табу процесстермен байланысады.

      Ұстаздық іс - әрекет ,ең алдымен ,оның субъектісінің жаңа амалдарды түрлендіру және іздену мәселелерін қоя және шеше алу шеберлігін ,сонымен бірге оларды шешетін тәсілдерді қарастырады.Функционалдық еңбек құралдарының  ең бастысы (ауыз екі және жазба тілі, бейнелер».Ұстаз тілі , әрине, оның іс - әрекетінің маңызды белгілерінің бірі.Ұстаздық іс - әрекеттің субъектісі ретінде бұл мамандықтың барлық күрделілігі мен көп жақтылығын байқаймыз.Әрине бұл ұстаздың мақсатын, міндетін, құралдарын, тәсілдерін анықтауынан байланысты.

  Педогог мамандығын таңдау. Е.А.Климов мамандық таңдауға ықпал ететін сегіз түрлі негізгі факторларды айтады:

             1. үлкендердің ,отбасының ұстанымы;

             2.  құрбы – құрдастардың ұстанымы;

             3. мектептегі педогогтардың, сынып жетекшілердің               ұстанымы;

             4. жеке өмірлік және кәсіптік жоспары;

             5. қабілеті;

             6. қоғамдық талаптарды ескеру;

             7. мамандық туралы ақпараттар;

             8. икемділік

  Осы ықпалдар мамандық таңдауға сөзсіз қажет нәрселер. Педагогтың мамандықты таңдаушыға ерекше ұстамы; баланы шексіз сүюі, оған өмір тәжірибесін  игеруге көмектесу. Басқа сөзбен айтқанда педагогтың іс әрекетінің  мазмұны (баланы оқыту, үйрету қабілетінің күшті болуы) шәкіртінің педогогтық амандықты мамандықты таңдауға улкен ықпал етеді.

         Педогогикалық іс әрекеттер мен шұғылдануға улкен ықпал ететін нәрселер;

- мұғалім және ұнататын оқу пендері;

- Отбасы, отбасылық дәстүрлер;

- жұмысқа деген тәжірибелілігі;

- ұстаздық ету іс әрекеттерден қанат алуы;

Педагогтың субьективті қасиеттері. ХХ ғ. басында Г.Ф. Каптеревтің айтуынша «Мұғалім тұлғасы оқу жағдайында бірінші орын алады, осы немесе басқа қасиеттері оқытуда тәрбиелік жағынан жоғары немесе төмен түсуіне ықпал етеді» деген. Ендеше педагогтың қандай қасиеттері ең негізгі етіп анықталған? Ен басты болып «арнай ұстаздық қасиет (бұған кіретін мұғалімнің ғылыми дайындығы» және) «ұстаздың өзіндік таланты».

         «Бірінші қасиеттің объективті сипаты мұғалімнің беретін пәнінің білім деңгейімен, осы мамандық бойынша ғылыми деңгейімен, бір-біріне жақын пәндері мен, таныстылығы айқындалады. Одан кейін пәннің әдістемесімен, ортақ дидактикалық принциптерімен таныс болғанда, баланың табиғи қасиеттерін білу жағдайда анықталады; екінші қасиеті – ұстаздық өнері, ұстаздың өзіндік таланты мен шығармашылығында субъектибті мінезімен анықталады».

         Екіншісі өзіне педагогикалық, такт, педагогикалық дербестікті қосады. Мұғалім ерікті еркін жасаушы, арқашан өзі ізденісте дамуда болуы тиіс. Г.Ф. Каптеревтің ойы бойынша дарынды мұғалім мен  шәкірті біріктіретін нәрсе «өздігінен білім алу мен дамуды талап етуі», және олар шын мәнінде бір аламның екі қарама қарсы жағын көрсетеді әрі оқу барысында мұғаліммен шәкіртің шынайы оқу  ынтымағы мен психология табиғатын түсіну негіз болады.  

     П.Ф. Каптерев жеке мұғалімнің «ерекше адамгершілік қасиеттері» болуы керек деп атап корсеткен.

     Бұл қасиеттерге; әділдік, зейінділік, сергектік, адалдық, төзімділік, балаларға деген шынайы махаббат кіреді. Оның үсіне балаға және жастық шаққа деген сүйіспеншілік, ұстаз мамандығына деген сүйіспеншілік.

         Шынында, балаға және ұстаз мамандығына деген сүйіспеншілік ұстазға профессионализмді қамтамысыз етеді.   Қазіргі барлық зерттеушілердің айтуынша, балаларға деген махаббат қана мұғалімнің маңызды жеке басының жеке кәсіби ерекшелігі болып саналады, онсыз ешбір педогикалық іс - әрекет тиімді бола алмайды.

         В.А. Крутецкий бұл тұжырымға баламен жұмыс істеу мен қарым - қатнас жасауға мұғалімнің әуестігі болуы тиіс деп ой қосады. Соны мен бірге атап көрсететін маңызды нәрсе бар мұғалім үшін ол оның өздігінен жетілуі, өздігінен дамуы, өйткені К.Д. Ушинский дәл айтқандай, «ұстаз оқыса ғана өмір сүреді, қалай ол оқуын тастаса, солай оның ұстаздығы өледі».

 

                              

 

Н. В. Кузьмина бойынша, субъективті факторлар құрамына: тип бағыты, қабілеттік пен білгірлік деңгейі, бірлікке арнайы - педагогикалық әдістемелік, әлеуметі психологиялық, дифференциалды – психологиялық, аутопсихология кіреді.

Бұл құрылымның  үш негізгі компонентер анық: жеке адамдық дербес- педагогикалық,  кәсіби педагогкикалық. Соңғы компоненттің құрылымына мына кәсіби білім мен ұстаздық шебелік кіреді. Бұған жататындар: өз мамандығын жете білушілік басқа ғылым салаларының қосқан үлесін білу (педагогика, методика, әлеуметтік және жас кезеңдерінің психологиясы) және өзін - өзі сауаттандыру.

Орнықты ойлау процесінің негізгі ерекшелері: тиімді әлеуметтік тәжірибені жинақтау, өзін- өзі түсіну қабілеті және өзге адамды түсіну, олардың өзара қатынасы және жеке кісі аралық жағдайды болжау.

Аутопсихологиялық жете білушілік, кәсіптік өзіндік сана, өзін –өзі тануы - өзіндік даму түсінігіне енеді.

Адами – қасиеттерінің құрылымынаи мынадай мінездемелер ұсынылады.

                        

         Кәсіптік бірлік А. К. Марков  бойынша «мұғалімнің еңбегі ең жоғарғы дәрежедегі педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатнас, мұғалімнің жеке тұлғасы қалыптасады және оқушының оқуында және тәрбиеленуінде  ең жақсы нәтижелерге жетеді».

Бұлардың үлкен қадыр қасиеті педагогикалық мінездеменің кәсіпті жете білушілік үш жақты мұғалімнің еңбегін қарастырады: оның технологиясы- мұғалімнің жеке іс-әрекеті педагогикалық қарым-қатнасы және мұғалім тұлғасы.

 

 

         Педагогтың тағы бір қасиеті эмоциялық қақтығыстарға төтеп беру қабілеті (психофизиологиялық шаршауға қарсылығы). Оның негізгі түрлері мыналар: 

         - Жүдеу, шаршау

          - Психосоматикалық  қабыну;

          - Ұйқысыздық:

          - Адамға  келеңсіз  нұсқау  жасау:

          - Жұмысқа  келеңсіз  нұсқау  жасау:

          - Өзінің міндетіне  көңілсіз  қарау:

          - Психостимуляторларды  ( темекі,  кофе, арақ, дәрі  дәрмек )           пайдалану:

          - Тәбеттің  жойылуы  немесе артық  тамақтану:

          - Өзін  өзі  төмен  бағалау:

          - Агрессияның  артуы:

          - Пассивтік  артуы  ( цинизм,  пессимизм,  апатия )

          - Өзін  орынсыз  кінәлі  санауы.

         Соңғы  айтылған  симптом  тек  қана  басқа  адамдармен  профессионалды,  қарқынды  қарым  қатынас  жасаған  адамдарға  тән. Эмоционалды  күю  синдромы  көбіне  кәсіби  жарамсыздығы  бар  мұғалімдерде  басым  болады.

         “ Әрекет – қарым  -  қатынас  -  жеке  тұлға  ”  үлгісінде  педогогикалық  екі  топ  қабілеттілігін  айқындауда  бес  кәсіби  маңыздылық  сапа ерекшеленеді. 

              

  

А.К.Марковтың  мұғалімнің  профессиялық  білгірлігінің  модульі

 

Мүғалімнің     еңбегі

          Жеке еңбегі жағынан психологиялық модулі

Мұғалім еңбегінің объектілік қажеттілігі

Мұғалім еңбегінің психологиялық мінездемесі

 

 

Профессиялық білімділік

 

Профессия -лық педогокика -лық қабілет

Профессия-лық ұстаным

Профессия -лық психология-

лық сапасы

Еңбек процесі

педагогикалық іс әрекет

 

 

 

 

педагогикалық

мұғалім қарым қатынасы

 

 

 

 

мұғалім тұлғасы

 

 

 

 

Еңбек нәтижесі

оқушылардың білімділігі

 

 

 

 

 

Оқушылардың тәрбиелігі

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық қабілеттер. Педагогикалық әрекеттің субьектісінің жеке психологиялық ерекшеліктері адам қабілеттерімен байланысты болып және оның белгілі бір қасиеті болып келеді.

Табиғи ой қабілеттерін адамдардың жеке-типологиялық айырмашылық 

шеңберінде зерттегенде атап өтетін нәрселер ол психофизиялогиялық құбылыстар, талаптар және қабілеттердің өзіндік психологиялық актуальды деңгейі (адамның жеке – психологиялық ерекшеліктері ретінде) өзара байланыста болады. Қабілет әрекетті анықтайды және әрекетте қалыптасады.

           Б. М. Теплов бойынша қабілет әрекетте құралды және динамикалық түрлерде көрінеді.Оның құралдары мен тәсілдерінің меңгерілуі шапшандық, тереңдік, мықты сияқты түрлерде көрінеді. 

         Н.Д. Левитов негізгі педагогикалық қабілеттердің келесі түрлерін көрсетеді: балаларға білімді қысқаша, қызықты формада оқыту қабілеті; байқап отырып балаларды байқау қабілеті; дербес және шығармашылық ойлау қабілеті; тез және нақты жағдайға үйрену; ұйымдастыру қабілеті.

Осы бес қабілетті дамыта және бөлшектей отырып Ф. Н. Гоноболин олардың он екі түрлі қабілетін айтады. Оларды біріктіре отырып, келесі топтарды айтайық. Оқу материалын түсінікті етіп, оны өмір ағынымен байланыстыру дидактикалық қабілеттер тобын құрайды. Баланы түсіне алуы, балаларға деген қызығушылық жұмысына шығармашылықпен қарауы, балаларға деген байқаушылығы – бұның бәрі адам қабілетінің екінші тобы болады. Балаларға педагогикалық еркін ықпалы, педагогикалық талабы, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын қалыптастыра алу қабілеті – бұл интрактивті – коммунактивті қабілеттер болады. Ең маңызды төртінші топ Ф.Н. Гоноболин бойынша, ол мұғалімнің шебер сөйлей алу қаьілеті болады. Оған маэмұнды, ашық, түсінікті, бейнелей сөйлеу және айтқанына сендіру сйяқтылар жатады. 

Педагогикалық қабілеттердің барлығын қамтыған жүиелер ол В.А. Крутецкий жасаған топтар. Ол әр бір топқа анықтама берген, соған тоқтала кетейік:

1Дилактикалық қабілеттер – балаларға оқу материалдарын жеткізе беруі, материалды немесе проблеманы анық және түсінікті жеткізу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, балалардың ойлау қабілеттерін туғызу. Егер мұғалімнің дидактикалық қабілеттері бар болған жағдайда кез – келген оқу материалын қажеттілігіне қарай ауырды жеңіл етіп, күрделіні қарапайым етіп, түсініксізді тұсінікті, анық етеді...

Кәсіби шеберлікке білімді жай ғана тапқырлықпен емес, қазіргі заманға сай және түсінікті тілмен жеткізу мен бірге баланың өздігінен жұмысын ұйымдастыру қабілеті, өздігінен білім алуы және де баланы дұрыс бағыттай алу қабілеттері кіреді.

2. Академиялық қабілет – белгілі бір ғылыми мамандықта болады. Мысалы: математика, фиэика, биология және әдебиет тағы басқалары. Білімді мұғалім әр салада тек берілген сабақты кесте бойынша ғана өтпей, оны терең әрі кең түрде зерттей отырып, осы салаға үлкен қызығушылық таныта білу керек.

3.Перцептивті қабілет - әр оқушының ішкі дүниесіне ене білу, психологиялық білімділік,әр оқушының психикасын өте білімді жолмен түсіне білу керек.

4. Сөйлеу бейімділігі – сөйлей отырып өз ойыңды өре анық, дәл, әр түрлі мимика, пантомимикамен жеткізе білу. Қабілетті мұғалім өз сөзін сабақ барысында оқушыға толық бағыттайды. Жаңа сабақ өткізу барысында мұғалім өз ішкі дүниесімен оқушының жауабын немесе сөйлеу сөзін толық түсіне білу керек. Өз ойын оқушыға анық, тура, жеңіл түсіндіру керек.

5. Ұйымдастыру бейімділігі – бұл біріншіден оқушы ұжымын әр түрлі күрделі жұмыстарға бейімді ұйымдастыра білу, екінші өз деген мақсатыңды толық жеткізіпжоғары деңгейде ұйымдастыра білу.Өз жұмысында дұрыс кестелеп, оны тексереп тұру керек. Білімді мұғалімде өз уақытын жұмыс кестесімен толық істеу және тиімді берілген уақытта бітіру қалыптасады.

6.Авторитарлық қабілет – бейімділіктін бұл түрі оқушынын тікелей эмоциялық еркіне әсер етіп, сол арқылы олардың арасында беделді болады  (өз пәнін өте жаксы меңгеріп , түсіндірсе беделі жоғары болады). Авторитарлық бейімділік жігер сапасынан(шыдамдылық, тұрақтылық, төзімділік, т.б.) тағы сол сиякты оқушының тәрбиесі мен оқуына деген жауапкершілік, өз сенімділігін тәрбиеленущіге беруінде.

7.Коммуникативті қабілет – баламен әңгімелесу, әр оқушының көңіліне дұрыс жол таба білу, онымен жаксы қарым – қатынаста болу.

8.Педагогикалық немесе болжаулық қабілет – қабілеттің бұл түрі оқушылармен жүргізген соңғы жұмыстардын нәтижесін білуге, оқушыдан болашақта қандай адам шығатынын болжап білу.

9.Зейінін бөле білу қабілеті –бір уақытта әр түрлі жұмыс саласында қажетті іс шара. Қабілетті, тәжрибелі ұстаз әр оқушының не істеп отырғанын, не істеп шұғылданып отырғанын,не ойлап отырғанын біліп тұрады.

Көріп отырғандай қабілеттін бұл түрлері ұстаз үшін ең қажетті, ең тиімді, пайдалылары. Бір қабілет оқушының ұйымдастыру бейімділігін анықтаса, екіншісі сөйлеу бейімділігін, үшіншісі әңгімелесу бейімділігін анықтайдй. Осы қабілеттер арқылы ұстаздың оқушылар арасында беделі артады. Осындай қасиеттері бар педагог нағыз білімді, абыойлы ұстаз бола алады. ------------

Педагогтың дара қасиеттері. Ұстаздың жеке дара қасиеті деп – жауапкершілік, төзімділік, еңбексұйгіштік, қарапайымдылық, т.б. қасиеттері үлгі тұтылады.

Әсіресе сөйлеу шешендігі мен ойлау қабілеті, оқушының жандүниесін түсіне білу және осыған тиімді іс - әрекет қолдануы әрі ұстаздың ғылыми жұмысына үлкен назар аударуы оның қабілеті мен қасиетін анықтайды.

Зерттеу барысында педагогты жеке субьект ретінде оның педагогикалық шеберлігін қарастыра отырып оның жеке дара ерекшелігімен байластырады.

Орыс психологтары мұғалімдерге осы жеке дара ерекшеліктеріне көп көңіл бөлген. Осы қасиеттері арқылы тәжрибелі деген ұстаз портретін көруге болады.

а) Жеке дара ерекшелігі педагогикалық қызметте.

Н.В. Кузьминаның айтуы бойынша педагогикалық қызметтің шыңы  - жеке дара ерекшелік ең қажетті қозғаушы күші болып табылады. Ол ұстаздың мақсатқа жету барысында үш сатыны атап көрсеткен:

І. Шынайы педагогикалық қызмет;

ІІ. Немқұрайлы педагогикалық қызмет;

ІІІ. Шынайы емес педагогикалық қызмет.

Осы үш талғамның біріншісі  педагогикалық қызметте үлкен биіктен көрінуге көмектесетін зор қабілет болып табылады.

б) Шеберлік құрлымдағы педагогикалық әрекеттің субьектісі.

Жеке дара ерекшелік ұстаз мінезінде және шеберлігінде үлкен рөл ойнайды. А. К. Марковтың құрлымдық структурасында ереже, педагогикалық шеберліктегі модельдер, шеберлік қағида, ұстаздық еңбек; өзіне және басқаларға баға беру айтылады. Ұстаздың қоғамдағы бағасы өз - өзіне сенімді болғанда ғана шынайы болады.

в)  Адамның педагогикалық  әрекеттегі сәйкестігі.

Жеке тұлғалық құрлымды педагогикалық әрекет субьектісінің қасиеттеріне талдау жасағанда, оны индивидті, туа біткен және жеке тұлғалық сипатпен байланыстыруға болады. Жеке тұлғалық құрылымды К.К.Платонов ұсынған болатын.

К.К.Платонов жеке тұлғаны күрделі құрылым ретінде қарастырады, оны төрт иеарархиялық құрлымға бөледі:«Төртінші ең төменгісі, негізгі биологиялық жеке тұлғаның құрлымы,оған темперамент, жас ерекшелігі, жыныс ерекшеліктері сияқты қасиеттері кіреді. Олар қайталау, жаттығу жолымен қалыптасады, үшінші құрлымға әлуметтік жолмен жасалған жаттығулардың негізінде биологиялық талаптардың жеке ерекшелігіндегі психологиялық процесс, ол бейне формасы ретінде болып келеді; екінші құрлым тәжірибе, оған білім, еп-дағдылар және әдеттер кіреді, олар оқу барысында пайда болады; бірінші ең жоғарғы құрылым әлуметтік құрылым сипатындағы кісінің өмірлік бағыты болып келеді. Ол тәрбиелеу жолымен қалыптасады ».

Берілген жеке тұлғалық құрылымндағы маңызды байланыстар: әлеуметтік және биологиялық ,оқыту мен тәрбиелеу,психологияның бейне формалары және жинаған тәжірбиесі.

      Жеке тұлғалық құрылым жайында осындай мәлімет ала отырып және әрбір құрылымның қабілеттерді қалыптастыруына байланысты мұғалім әрекетіндегі адамның психологиялық мінезднмесінің сәикестігіне үш жоспар шығара аламыз: бірінші сәикестік бағдарлама бейімділік, жарамдылық жалпы ерекше емес мағынада болады. Бұл адамның биологиялық , анатомия-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерді анықтайды. Педагогикалық әрекеттегі бейімділік “Адам-Адам”типінің әрекетіне қайшылықтың  жоқтығын көрсетеді  (мысалы,есту мүкістігі,тіл мүкістігі,және жарым естілік т.б).Ол адамның интеллектуалъды даму нормасын , жақсы эмоционалъды күйді және де коммуникативті- танымдық белсенділіктің дұрыс даму деңгейде дамуын анықтайды. 

Мұғалімнің өз мамандығына сәйкес келуінің екінші жоспары – даярлық. Ол «Адам – Адам» кәсіби типіне рефлекстенген бағытты және пәндік бірлікті, сонымен бірге коммуникативті – дидактикалық қажеттіліктерді қарастырады. Бұл сәйкестік К.К. Платоновтың және тұлғалық құрылымның барлығынада функционалды түрде жүреді. Қосылу сәйкестіктің үшінші жоспары. Ол сөйлеушімен жеңіл, лайықты қарым- қатынас жасауды оның реакциясын байқау, барлық нәрсені дұрыс қабылдау қарым- қатынасты ләззәт алу қарастырады балалардын реакциясын қабылдап алу мен интерпретациялауы, көру мен есту сигналдарын сараптап алу «жақсы коммуникатор» ретінде қабылдайды. Жақсы педагогикалық қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын қарастыра отырып, зерттеушілер арнайы мұғалімнің камуникативті қабілеттеріне қатты назар аударады. Себебі қазіргі уақытта кейбір мұғалімдер «педагогикалық қатынастың құрылымдық заңдарын біле бермейді, өйткені олардың камуникатипті мәдениеті аса дамымағандықтан». Мұнда ескеретін бір жайт бар ол педагогикалық әркеттің сәйкестігі әрбір қаоастырылған жоспардын мақсатқа бағытталған  жұмысының нәтижесінде даму мүмкіндігі. Мұғалім өзінің мамандығының барлық жоспарға сәйкестігі мен педагогикалық әрекеттің талабы мектепке дейінгі және бастауыш балаларымен жұмыс істегенде айқын байқалатынын көре аламыз. Педагог- психолог ғалымдар ұстаздарға тән елуге жуық дара қасиеттеріді анықтаған. Оларды атап айтсақ: әдептілік, ойлампаздық, талғампаздық көрегенділік, жылыжүректілік, ықыластылық, төзімділік, ұстамдылық, ілтипаттылық, биязылық, адамгершілік (гуманистік), азаматтық, іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, жомарт жасандық, идеяға сенімділік, ынталық, белсенділік, ақжүректілік, көншілдік (ұжымшылдық), сыншылдық, қисындылық (логикалық), балаларға (кішілерге) сүйіспеншілдік, байқампаздық, табандылық, жауапгершілік, жайдарлылық, ақкөңілдік, жинауылық, ұқыптылық, ашықтық, үйірмелдік, саяси кемелдік, тектілік, ұлт жандылық (патриот), шыншылдық, білімпаздық (жан-жақты білімді), мұқияттылық, принципшілдік, тыңғылықтылық, бастамашылдық, өзіне сыншылдығы, сыпайылық, қарапайымдылық, әділдік,тайқырлық, батылдық, жаңалыққа құштарлығы, жақсыға ұмтылушылық, әрқашан білімін көтеруге ұмтылушылық, намысшылдық, өз басының қадірін түсіну, сезімталдық, көңіл күйдің әсерленгіштігі.

 

   Педагог әрекетімен адамның сәйкестігі

 

Сәйкестіктің түрлері

Жарамдылық (пригодность)

Даярлық (готовность)

Қосылу (включаемость)

Толық сәйкестік

Бар

Бар

Бар

Толық емес, бірақ

пактиканың нәтижесінде оңай жойылады

Бар

Бар

Жоқ

Толық емес сәйкестік,өзін-өзі тәрбиелеу мен білім алу нәтижесде жойылады

Бар

Жоқ

 Бар

Сәйкестік жоқ, бірақ өзін өзі тәрбиелеу оқыту және тренининг нәтижесінде қалыптасады

Бар

Жоқ

Жоқ

Кәсіби әрекеттің сәйкесіздігі-кәсіби даяр емес адам

Жоқ

Жоқ

Жоқ

                

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]