Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабораторные работы.docx
Скачиваний:
74
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.91 Mб
Скачать

№1 Зертханалық жұмыс

Терезелермен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Терезені ашу, жабу және кішірейту. Терезелерді рет-ретімен орналас- тыру жұмысы және жұмыс үстелінде жаңа бума құру және жою.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Терезе экраны ашылғанда, оның оң жақ жоғары бұрышында үш батырмасы орналасқан, оларбейнесінде көрініп тұрады.

Терезені кішірейту. Бұл белгені басқанда терезе тапсырмалар тақтасында жиналып жасырылып тұрады.

Терезені үлкейту. Терезе жұмыс үстелін түгел алып тұратындай үлкейеді де, белгі мынадай күйге келеді, бұл қайта қалпына келтіруге арналған белгі.

Терезені жабу. Бұл батырманы басқанда, программа жұмысын аяқтайды да, терезе жабылады. Бір мезетте бірнеше терезелермен жұмыс істеуге болады. Ол үшін мына әрекеттерді орындау керек.

1. Жұмыс үстелінде Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Оны терезенің мынандай (-) белгісімен жинаңыз.

2. Дәл осылай Қоржын терезесінде ашып, (-) белгісімен жинаңыз.

3. Желілік орта терезесінде ашып, (-) белгісімен жинаңыз.

4. Тапсырмалар тақтасында жиналып тұрған терезелерді ашыңыз.

5. Тапсырмалар тақтасының бос жеріне, тышқан батырмасының оң жағын басып, контекстік менюден каскад батырмасына басыңыз.

6. Каскад терезелерді баспалдақ түрінде орналастыруы тиіс.

7. Осы жанама мәзірдің қалған бірнеше командаларын пайдаланып терезелер қандай түрде орналасатынын көруіміз керек. Ол үшін тапсырманы қайтадан қайталаймыз.

7.1 Контекстік менюде жоғарыдан төмен (Сверху вниз) батырмасын таңдасақ, терезе тігінен орналасады.

7.2 Солдан оңға (Слево направо) терезе жатығынан орналасқанын көрсетеді.

7.3 Бәрін жина (Свернуть все) терезе тапсырмалар тақтасында бірден жиналып қалады.

8. Терезелерді біртіндеп ашып белгісімен жауып тастаңыз.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру.

1. Жұмыс үстелінің бос жеріне, тышқанның оң жақ батырмасын басып шыққан контекстік менюден Бума құру (Создать папку) батырмасына басыңыз. Жұмыс үстелінде Жаңа бума (Новая папка) пайда болады. Бумаға өз атыңызды теріп ENTER пернесіне басыңыз.

2. Өзіңіздің сақтаған бумаңыздың атын фамилияға өзгертіңіз. Ол үшін тышқанның бағытын бумаға апарып оң жақ батырмасын басып, шыққан контекстік менюден Атын өзгерту (Переименовать) жолын таңдаңыз.

3. Енді осы буманы жұмыс үстелінде қалдырмай жойып тастаңыз. Ол үшін тышқан бағытын бумаға апарып оң жақ батырмасын басып шыққан контекстік менюден Жою (Удалить) батырмасына басыңыз. Бұл жағдайда жойылған объект қоржынға түседі.

4. Қоржынға шертіп, ашылған тізімнен өз бумаңызыды ерекшелеңіз және жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановить) жолын таңдаңыз.

5. Қалпына келген бумаңызды қоржыннан тыс жою үшін, буманы ерекшелеп Shift+Delete пернелерін басыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс столында бір мезетте неше терезе ашуға болады ?

2. Бума құру тәсілдері?

3. Терезенің неше белгісі бар?

4. Буманы жою тәсілдері?

№2 Зертханалық жұмыс

MS DOS oперациялық жүйесі

Жұмыстың мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінде командалармен жұмыс істеп үйрену.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Пуск-Программы-Стандартные-Командная строка бағытымен MS DOS операциялық жүйесін жүк-теңіз.

2. С-дискісіне көшу үшін Cd\ командасын теріп ENTER пернесін басыңыз.

3. Курсор С- дискісіне көшкенін көрсетеді.

2.1.-сурет. MS DOS операциялық жүйе терезесі

4. Dir- командасымен С-дискісіндегі каталогтар мен файлдар жинағын тексеріп көріңіз.

5. С-дискісіне Md Көлік командасы арқылы жаңа каталог құрыңыз.

6. Dir-командасымен С-дискісінде

жаңа каталогтың құрылғанын тексеріп көріңіз.

7. Құрған каталогыңыздың атын Ren Көлік Техника командасы арқылы

өзгертіңіз.

8. Dir-командасы арқылы каталогтар тізімінен құрған коталогты тексеріңіз.

9. Аты өзгерген каталогты Rd Техника командасының көмегімен жойыңыз.

10. Dir-командасы арқылы каталогтар тізімінен құрған коталогты тексеріңіз.

11. Ver-командасы арқылы осы компьютердің версиясын көруге болады.

12. Data-командасы арқылы осы компьютердің ағымдағы күнін көре аласыз.

13. Time-командасы арқылы осы компьютердің ағымдағы уақытын көріп басқа уақытқа өзгерте аласыз.

14. DOS–операциялық жүйесінен Exit командасы арқылы шығыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. MS DOS операциялық жүйесінің қызметі?

2. MS DOS ОЖ командаларының жазылуларын көрсетіңіз.

3. Командалардың қызметі?

3 зертханалық жұмыс

Санау жүйелерімен танысу

Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерге санау жүйелері және олармен жұмыс істеуді меңгерту. Бір санау жүйесінен басқа да санау жүйелеріне ауыстыруды үйрету.

Қысқаша теориялық мағлумат

Екілік санау жүйесі.

Компьютерде әдетте ондық емес позициялық екілік санау жүйесі, яғни 2 негіздеуіші бар санау жүйесі қолданылады. Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрлардың көмегімен жазылады және екілік сан деп аталады. Тек қана 0 және 1 цифрларынан тұратын екілік саннан ондық санды ажырату үшін екілік санды жазуда екілік санау жүйесінің индексіне белгі қосылады, мысалы, 110101,1112. Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.

Ондық сандар сияқты, кез-келген екілік санды екілік санға кіретін цифрлар салмағының айырмашылығын анық бейнелейтін қосынды түрінде жазуға болады. Бұл қосындыда негіздеуші ретінде 2 санын қолдануға болады. Мысалы: 1010101,101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады:

1010101,1012 =1*26+0*25+1*24+0*23+1*22+0*21+1*20+1*2-1+0*2-2+1*2-3

Бұл қосынды ондық сан үшін жазылған қосындының ережесі бойынша жазылады. Берілген мысалда екілік сан жеті санды бүтін және үш санды бөлшек бөліктерінен тұрады. Сондықтан бүтін бөліктің үлкен цифрі, яғни бірі 27-1=26-ға көбейтіледі, бүтін бөліктің нөлге тең келесі саны, 25-ке көбейтіледі және т.с.с., кішкентайға, үшіншіге, дейін екінің дәрежесі кемуі бойынша цифрдың бөлшек бөлігі 2-3-ке көбейтіледі. Осы қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай отырып, 85,625 санын аламыз. Осылайша, 1010101,101 екілік саны 85,625 ондық санына сәйкес келеді, немесе 1010101,101=85,62510

1. 111000112=127+126+125+024+023+022+121+120= 128+64+32+2+1=22710

2.0,101000112=12-1+02-2+12-3+02-4+02-5+02-6+12-7+12-8 =0,5+0,125+0,0078+0,0039=0,636710