Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

диас

.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
16.07 Кб
Скачать

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

СӨЖ №5

Тақырыбы: Электрлік оқшаулағаш материалдар

Мамандық: Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

Орындаған: Омирзаков Диас

Тексерген:ЯшкинаА.Б.

Астана 2016

Мазмұны:

  1. Электр оқшаулағыштар және шайырлар................................................................................................................2-3

  2. Шеллак..........................................................................................3

  3. Қолданылуы...................................................................................................4

  4. Қолданылған әдебиеттер..............................................................................5

1.Электрлік оқшаулағыш материалдар

Электрлік техникалық материалдардың ішінде электрлік оқшаулағыш материалдардың маңызы жоғары. Жалпы , өнеркәсіпте пайдаланылатын электрлік оқшаулағыш материалдар (диэлектриктер) агрегаттық күйлеріне байланысты қатты, сұйық және газ тәріздес болып үш түрге бөлінеді. Олардың негізгі бір тобына қатаятын жоғары полимерлік материалдар жатады, яғни, олар бас кезде сұйық материал болуы мүмкін , ал оларды өнеркәсіпте қолданғанда қатайып, электрлік изоляциялық қасиеттерін байқатады.

Сонымен бірге, қатты электрлік оқшаулағыш материалдардың өздері табиғатта кездесуі мен кездеспеуіне байланысты, табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Ондай қатты электрлік оқшаулағыш материалдар, химиялық құрамына қарай органикалық және биорганикалық юолып екіге бөлінеді. Электрлік оқшаулағыш материалдар өздерін құрайтын молекулаларының мөлшеріне , яғни, олардың санына байланысты жоғары молекулалық және төменгі молекулалық болып тағы да екі топқа бөлінеді. Жоғары молекулалық диэлектриктер физикалық және жылулық қасиеттеріне байланысты термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді. Кейбір сұйық диэлектриктер химиялық процестердің нәтижесінде біртіндеп кеуіп, қатты күйге көшеді. Ондай диэлектиртерге лактар жатады.

Төменде табиғи және жасанды қатты диэлектриктерге сипаттамалар беріледі, олардың құрамына тоқталып, оларды өнеркәсіпте жасаудың технологиясы қарастырылады. Термопластикалық және термореактивті диэлектриктерде түсініктеме беріледі. Жоғары полимерлік материалдардың , атап айтқанда, полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, полиамид, полиформальдегид және тағы басқалардың

Электрлік техникалық, механикалық, жылулық және физика химилық қасиеттері сипатталады. Олардан басқа өнеркәсіпте кездесетін электрлік техникалық материалдардың қасиеттері мен олардың өнеркәсіпте пайдаланылуы туралы мәліметтер беріледі.

Шайырлар – химиялық табиғатының ұқсастығымен және өздеріне тән физикалық ерекше қасиеттерімен ерекшеленіп, сипатталатын және кең тараған материалдар тобы.

Шайыр - табиғи және синтетикалық түрлері бар.

Табиғи шайырлар кейбір өсімдіктердің қалыпты физиологиялық алмасу кезінде бөліп шығаратын, мөлдірлігі мен бояуы әр түрлі аморфты өнімдері (янтарь, канифоль және т.б.). Табиғи шайырлар қыздырғанда, органикалық еріткіштерге салғанда ериді немесе көпсиді, жұқа қабыршаққа айналуға икемді.

Синтетикалық шайырлар поликонденсация арқылы алынатын олигомерлердің дәстүрлі атауы. Олар пластмасса, желім, жылтырсыр өндірісінде шикізат, қымбат материалдар ретінде, қағаз өндеуде қолданылады.

Шеллак

Табиғи шайырдың бір түрі-шеллак. Ол спиртте жақсы ериді, кӛмірсутекте ерімейді. Оның электрлік қасиеттері мынандай: =1013 -1015 Омм; =3,5; tg=0,01; Eпр.=20-30 МВ/м. 50-60 ˚С температурада 15 жұмсарады, ары қарай қыздырғанда балқиды. Ұзақ уақыт бойында қыздырғанда балқымайтын, ерімейтін күйге кӛшеді. Яғни, шеллак әлсіз термореактивті материал. Электр техникасында шеллак лактар жасауға, миканиттер жасауға пайдаланады. Синтетикалық жасанды шайырлар электрлік оқшаулағыштар ретінде кеңінен тараған.