ы негіздері пнінен тест сратары
.doc
Құқық негіздері пәнінен тест сұрақтары
! Құқық пайда болды:
* мемлекеттен кейін;
* мемлекеттен бұрын;
*+ мемлекетпен қатар;
* ерте орта ғасырда;
* орта ғасырдан кейін.
! Егер субъект белгіленген қағиданы орындамаған жағдайда қолданылатын жаза түрі
мен көлемі құқықтық норманың қай бөлігінде нақты анықтамасы беріледі:
* гипотеза;
* диспозиция;
*+ санкция;
*диспозиция және гипотеза;
* диспозиция және санкция.
! Мына деректердің қайсысы позитивті құқыққа жатады:
* салт- дәстүр;
* +зандық актілер;
* доктриналар;
* хандық құқық;
* шариғат.
! Құқықтық норма құрылымында белгілі бір элементтің болмауы мүмкін бе:
* жоқ;
*+ иә;
* ерекше жағдайларда;
* құқықтық норма жағдайына байланысты;
* құқық бұзушылық орын алмаған жағдайда.
! «Құқық жүйесі» мен «заң шығарушылық жүйе» сөздерінің мағыналары синоним
бе:
* иә;
*+ жоқ;
* йә, тек құқықтық мемлекетте;
*йә, тек ерте заманда;
*йә, тек орта ғасырда.
! «Қоғамдық келісім- шарт туралы...» еңбектің авторы:
* Аристотель;
*+Жан-Жак Руссо;
* Френсис Бэкон;
* Гегель;
* Монтескье.
! Тұлғаның еркіне қарай заңды айғақтар (факт) мынадай түрлерге бөлінеді:
*+оқиға мен әрекет;
*шынайылық пен ниет;
*мүмкіндік пен мүмкіндіктің болмауы;
*әрекетсіздік пен ынта;
*мүмкіндік.
! Қай сөздің мағынасы кең:
*+құқық тармағы;
* құқықтық институт;
* заң шығарушылық институт;
* заң шығарушылық құқық;
* қарапайым құқық;
! Құқық дегеніміз- бұл...
*+ Мемлекет бекіткен жалпыға бірдей міндетті, мемлекет тарапынан қорғалатын
және қамтамасыз етілетін нормалар жүйесі;
* қоғамдық қатынастарды реттейтін заңи актілер жиынтығы;
* заңи актілерді қолдану барысында пайда болатын құқықтық қатынастар жүйесі;
* қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі;
* мемлекет бекіткен міндетті норма.
! Соттық прицеденттер қандай құқықтық жүйеге тән:
* романо-германдық құқық жүйесі;
*мұсылман құқық жүйесі;
*+англо-саксондық құқық жүйесі;
* оңтүстік- африкандық құқық жүйесі;
*шығыс құқық жүйесі.
! Позитивті құқық бұл...
*+ мемлекет тарапынан берілетін құқық;
* адамға тумысынан берілетін құқық;
* құдайдан адамға берілген құқық;
* мемлекет алдында ерең еңбегін үшін;
* мұрадан қалған құқық.
! Өмір сүру құқығы неге қатысты:
*шынайы құқық;
*+позитивті құқыққа;
*белгіленген құқыққа;
* объективті құқыққа;
* субъективті құқыққа.
! Құқық құрғау тәсіліне қарай санкциялар мынадай негізгі түрлерге бөлінеді:
* міндеттемелік және құқық қорғаушылық;
* императивті және диспозитивті;
*+ құқықты қалпына келтіруші және жазалаушы;
* бланкетті және тиым салушы;
* құқық қорғаушылық және диспозитивті.
! Құқық бұзушылық – бұл...
*келісім қағидаларын құқықтық бұзушылық немесе кінәлілік;
* + әрекетке қабілетті тұлғаның кінәлі құқыққа қайшы әрекеті;
* қылмыстық заңмен жазаланатын кінәлі қоғамға қауіпті әрекет;
* кінәлі құқыққа қайшы аса қауіпті әрекет;
*қоғамдық қауіпті құқық бұзушылық.
! Заңнамаларға жатады…
*барлық заңдар мен заңға қатысты құқықтық актілер;
*+тек заң актілері;
* барлық заңдар, заң актілері, сот тәжірибесі;
*заңдарды және президент жарлықтарын;
* үкіметтің барлық бұйрықтарын және президент жарлықтарын.
! Мемлекет пен құқықтың шынайы пайда болу теориясы:
* мемлекетті құдайдың жаратылысы ретінде қарау;
* мемлекетті күштеу мен басып алу арқылы пайда болды деп қарастырады;
*мемлекетті отбасының пайда болуы мен өркендеуінің нәтижесі деп қарастырады;
*+мемлекетті еркін келісім-шарт арқылы пайда болды деп қарастырады;
*тайпалар арасындағы қақтығысты тоқтату нәтижесінде пайда болды деп
қарастырады.
! Құқықтың теологиялық теориясы құқықтың пайда болуын былайша түсіндіреді...
* монарх пен оның жанындағылар қызметінің нәтижесі;
*+Құдай әсерінің нәтижесі;
* адамдардың бірнеше ұрпақтарының талпынысы мен тәжірибесінің нәтижесі;
* дау- жанжалды шешу нәтижесі;
*мемлекет дамуының нәтижесі.
! Келісім- шарт теориясы бұл-
* Құқық заңдар жиынтығы болып табылмайды, ол халықтық сана- сезімнен туады,
күтпеген кезде пайда болады;
* құқық бұл адамға тумасынан табиғаттан берілген сый;
* адамдардың қарым- қатынасын реттеп отыру үшін құқықты құдай жаратты;
* қоғамдық өмірді реттеп отыру үшін құқық керек;
*+ рулар арасындағы дау- жанжалдарды тоқтату.
! Алғашқы құқықтық актілерге жатпайды:
*Хаммурапи Заңдары- Вавилон б.э.д. XVIII ғ.;
* Сали құқығы;
* Ринуар құқығы;
* Бургунд құқығы;
* +Конституция.
20. Жеңіл құқық бұзушылық:
* қылмыстық;
* азаматтық;
* +әкімшілік;
*қаржылық;
* медициналық.
! Төменде келтірілген түсініктердің қайсысы «мемлекет» мағынасына жақын?
* Билеуші маныңдағылар (жоғары билеушінің);
*+ қоғамдық форманың ұйымдастырылуы, саяси жүйенің негізгі институты;
*өндірістің барлық түрінің жеке иегері болуы;
*саяси әрекеттерді реттейтін саяси институт;
*әлеуметтік құбылыстарды реттейтін институт.
! Қазақстанда мемлекеттік билікті іске асырады:
*+ҚР- ң Президенті;
*ҚР- ң Бас Прокуроры;
*ҚР-ң Үкіметі;
* ҚР-ң Премьер-министрі;
* ҚР-ң сенат төрағасы.
! Қазақстан Республикасының Парламенті:
*Заң шығарушылық функцияларды іске асыратын Жоғарғы атқарушы орган;
*Құқықтық- шығармашылық функцияларды іске асыратын жергілікті заң шығарушы
орган;
*+өкілеттілік функцияларды іске асыратын Жоғары өкілетті орган;
* Жоғарғы Заң шығарушы және атқарушы орган;
*Жоғарғы атқарушы орган.
! Конституция бұл – ...
*билікті жүзеге асыру құралы;
*+ мемлекеттің негізгі Заңы;
* мемлекет пен азамат арасындағы келісім;
* халықаралық қатынастарды реттейтін Заң;
*билік бөлінісі құралы.
! «Унитарлы мемлекет»:
* «Одақ» сөзі бар мемлекет;
* +мемлекетте бір дін мен ортақ дәстүрдің болуы;
* мемлекет ішінде мемлекет тектес құрылымдардың болуы;
* Автономиялық Республикалары бар мемлекет;
* ортақ мақсатпен біріккен біртұтас мемлекет.
! Республика Президентінің өкілеттілік мерзімі:
*екі рет қатарынан;
*+5жыл.
*7жыл.
* 6 жыл.
* 8 жыл.
! Мемлекеттік аппарат бұл- ...
* Мемлекет функцияларын іске асыратын шенеуніктер қызметі;
*Мемлекеттік құрылыс элементі;
*+өкілетті мемлекеттік органдардың өз құзіреті шегінде алдына қойған мақсатқа сай
міндеттерді орындау жүйесі;
*ерекше құқықтарға ие мемлекеттік қызметкерлер;
* мемлекет аясында жұмыс жасайтын барлық шенеуніктер.
! Мемлекет функциялары түрлері:
* +ішкі, сыртқы;
* қамтамасыз ететін;
*құқықты басқарушы;
* саяси;
* әлеуметтік.
! ҚР- ң Конституциясы бойынша халықтың және мемлекет атынан сөйлеуге кімге
құқық берілген?
* +Парламентке;
* Конституциялық кеңеске;
* Үкіметке;
* Жергілікті атқарушы органдарға;
* Соттарға.
! ҚР-ң мемлекттік құрылысы:
* Федерация;
*+Унитарлы мемлекет;
* Ассоциация;
* Концессия;
* Автономиялық.
! Мемлекет функциясын жүзеге асырудың құқықтық формалары қандай?
* құқықтық шығармашылық;
* құқықтық қолдану;
* +құқық қорғау;
* құқықтық іс- әрекет;
* құқықтың өзара қарым- қатынасы.
! Мемлекет дамуының белгілі бір кезеңдерінде қоғам өміріндегі әлеуметтік
мақсаты мен рөлін көрсететін мемлекет қызметінің жалпы бағыттары:
*+мемлекет функциялары;
* мемлекет тетіктері;
* мемлекет түрі;
* мемлекет міндеті;
* мемлекет дамуы.
! Мемлекеттің сыртқы функциялары:
*+ әскери- саяси және басқа мемлекеттермен байланыс;
* азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қорғау;
*экологиялық;
*әлеуметтік;
* экономикалық.
! Мемлекет функциясының жүзеге асырылуының негізгі формаларын атаңыз:
*соттық;
*бақылау- қадағалау;
* +құқықтық және ұйымдастырушылық;
* құқық қорғаушылық;
* құқық қолданушылық.
! Қоғамдық өмірдің құбылысы, олардың өзара байланысы мен өзара ықпалдасуы
ретінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің жалпы
заңдылықтарының сипатын көрсетіңіз:
* +мемлекет және құқық теориясы пәні;
*мемлекет және құқық теориясының ғылыми жүйесі;
* мемлекет және құқық методологиясы;
*мемлекет және құқық әдістері;
* құқық жүйесін.
! Басқару формасы- бұл...
* мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы;
*+елдегі жоғарғы билікті ұйымдастыру тәсілі;
* мемлекеттің аумақтық құрылымы;
* мемлекеттің аумақтық бөлінісі;
* билікті қоғамдық өмірде қолдану.
! Мемлекеттік құрылымның қай формасы орталық пен аймақтарда өзінің билік
органдарын йеленуге мүмкіндік береді?
*унитарлық;
*+ федерация;
* конфедерации;
* автономия;
*монархия.
! Саяси тәртіп- бұл...
* мемлекеттің аумақтық- саяси бөлінісі;
* мемлекетте қызмет ететін саяси партиялар мен ұйымдардың жиынтығы;
* +мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері, тәсілдері мен құралдарының
жиынтығы;
* саяси және әлеуметтік институттардың жиынтығы;
* саяси партиялардың жиынтығы.
! Төменде көрсетілгендердің ішінен демократиялық саяси тәртіпті сипаттайтын
белгілерді көрсетіңіз:
* тұлға және оның құқықтары аяққа тапталады, билік бөлінісі мен тәуелсіз сот
әділдігі жоқ;
* +түрлі саяси партиялардың, кәсіподақтардың, өзге де құрылымдардың іс-
қимылының еркіндігі;
* қоғамды басқару көпшіліктің мүддесін қолдамайтын бір тұлға немесе топтың
жүзеге асырылуы;
* түрлі саяси партиялардың іс-қимыл еркіндігі, билік бөлінісі жоқ және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектеледі;
* халықтың саяси өмірге белсенді қатысуы, формальды түрде оппазицияның
қатысуы.
! Мемлекеттің функциялары - бұл:
* мемлекет органдары қызметінің бағыттары;
* мемлекеттің мақсаттары мен міндеттері;
*+мемлекет қызметінің негізгі бағыттары;
*мемлекеттің жүйесі;
* мемлекеттің әдістері мен жүйесі.
! Мемлекеттік органдарды билік бөлінісінің принциптері бойынша сыныптайды:
* жоғарғы және жергілікті;
* +Заң шығарушы, атқарушы, сот;
*құқықтық шығармашылық, құқық қорғау, құқықтық қолдану;
*Заң шығарушы және атқарушы;
*Заң шығарушы және сот.
! Әлеуметтік норма және құқық нормасы ұғымдарының арақатынасын анықтаңыз:
*бұл бірегей ұқсас түсініктер;
*әлеуметтік нормалар – бұл құқық нормаларының бөлігі;
*+құқық нормалары – бұл әлеуметтік нормалардың бөлігі;
*құқық нормасы – бұл экономикалық нормалардың бөлігі;
*құқық нормасы – бұл саяси нормалардың бөлігі,
! Заңдық нормалар гипотезасының мақсаты қандай:
* құқықтық салдарды көрсетеді;
* құқықтық қатынас субъектілерінің ортасын анықтайды;
*+норманың іс-қимылға енуінің фактілік жағдайын көрсетеді;
* жазалау көлемін көрсетеді;
* құқық бұзушылықтың жүзеге асу жағдайын көрсетеді.
! Заңды басқа нормативтік актілерден өзгешелейтін белгіні көрсетіңіз:
*белгілі бір тәртіппен басылады;
* жалпыға міндетті сипатқа ие;
* +жоғары заңдық күші бар;
* ерекше қасиеттерге ие;
* құқық қолдану сиапты бар.
! Қандай нормативтік-құқықтық актіде адам мен азаматтың негізгі құқықтары,
бостандықтары мен міндеттері бекітілген?
* халықаралық келісімде;
* +Конституцияда;
* Конституциялық заңдарда;
* «Азаматтылық туралы», «Соттар туралы» Заңдарда;
* Еңбек кодексінде;
! Қазіргі қолданыстағы ҚР- ң Конституциясы қай жылы қабылданды?
* 1993 ж.
*+1995 ж.
* 1998 ж.
* 2007 ж.
* 1991 ж.
! ҚР Конституциясының мәні кімнің еркіндігі мен бостандығын білдіреді?
* азаматтың және заңды тұлғалардың;
*+халықтың;
* заңды тұлғалардың;
* ҚР-ң азаматының және азаматтығы жоқ адамдардың;
* элитаның.
! «ҚазКСР мемлекеттік егемендігі» туралы декларация қай жылы қабылданды?
*+1990 ж. 25 қазан;
*1991 ж. 25 қазан;
*1992 ж. 25 қазан;
*1993 ж. 25 қазан;
*1989 ж. 25 қазан.
! ҚР-ң тұнғыш Конституциясының қабылданған жыл:
* 1991 ж.
* 1995 ж.
* 1992 ж.
* +1993 ж.
* 1994 ж.
! Конституцияға сәйкес мемлекетімізде Жоғарғы Заң шығарушылық билікке кім йе?
* ҚР-ң Үкіметі;
*+ ҚР-ң Парламенті;
*ҚР-ң Конституциялық соты;
*ҚР-ң Конституциялық кеңесі;
*ҚР-ң Жоғарғы соты.
! ҚР-ң қарулы күштерінің Жоғарғы қол басшысы болып кім табылады?
*қорғаныс министрі;
*Бас штабтың басшысы;
*+ҚР-ң Президенті;
*ҚР-ң сенатының төрағасы;
*Үкімет төрағасы.
! Сенат қабылдаған заңды қайта қарауға жіберу құқығы кімнің құзіретіне жатады:
* +ҚР-ң Президентіне;
* ҚР-ң премьер министріне;
*ҚР-ң Бас прокурорына;
* ҚР-ң Конституциялық сотының төрағасына;
* мәжіліс төрағасына.
! Қазақстан Республикасының азаматы қанша жастан бастап өзінің құқықтары мен
міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алады?
*21 жастан;
*14 жастан;
*+18 жастан;
* 17 жастан;
* 16 жастан.
! ҚР-сы мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі:
* 4 жыл;
* 2 жыл ;
*5 жыл;
* 3 жыл;
*6 жыл..
! Латынның constitution сөзінің негізінде құрылған «Конституция» мағынасы:
*келісім:
*көзқарастар жүйесі;
*+ бекітілу, құрылым;
*ереже;
*бұйрық.
! Тәуелсіз ҚР-ң тұнғыш Конституциясының құрылысы:
*+ 4 бөлім, 21 тарау және 131 бап;
* 4 бөлім, 23 тарау және 141 бап;
* 6 бөлім, 21 тарау және 131 бап;
*5 бөлім, 23 тарау және 141 бап;
* 7 бөлім, 21 тарау және 131 бап.
! Конституцияға сәйкес әлеуметтік құқық – бұл...
* +мемлекеттен нақты материалдық және материалдық емес көмек алу мүмкіндігі;
*мемлекеттен саяси комек алу мүмкіндігі;
*мемлекеттен экономикалық көмек алу мүмкіндігі;
*мемлекеттен мәдени құндылықтарды алу мүмкіндігі;
* мемлекет тарапынан қорғанысқа ие болу мүмкіндігі.
! Депутат еңбек (кызмет) тәртібін бұзған жағдайда қарастырылады:
*әкімшілік жауапқа тарту;
*еңбектік жауапқа тарту;
* +тәртіптік жауапқа тарту;
* азаматтық жауапқа тарту;
*қылмыстық жауапқа тарту.
! Президент болып сайлана алады:
*Қазақстан Республикасының 35 жастан асқан азаматы азаматы;
*30 жастан асқан талаптарға сай келетін ҚР азаматы;
* Қазақстанда кем дегенде 10 жыл тұратын , 40 жастан асқан;
*+ Қазақстанда кем дегенде 15 жыл тұратын , 40 жастан асқан;
* Қазақстанда соңғы 15 жыл тұратын.
! Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, бір тұлға Республика
Президенті бола алмайды:
*бір реттен артық емес;
*+ екі реттен артық;
*үш реттен артық;
*дұрыс жауабы жоқ;
*төрт реттен артық.
! Президент мерзімінен бұрын босату немесе тақтан бас тарту не қайтыс болған
жағдайда, қалған мерзімге Республика Президентінің құзыреті жүктеледі:
*оның жанұясының мүшелеріне;
* Премьер-министрге;
* +Парламент Сенатының төрағасына;
*Мәжіліс Төрағасына;
* Жоғарғы сотқа.
! Қазақстан Республикасы Президентін сайлау реті шешіледі:
*Парламенттегі жарлықпен;
* Премьер министрдің шешімімен;
*+Конституция және сайлау туралы заңмен;
*Сайлау комиссиясының төрағасымен;
*Министрліктермен.
! Үкімет отырысы шақырылады:
* Сенат пен Мәжіліспен;
*+Премьер-министр және Президентпен;
* Жоғарғы сот және Конституциялық кеңеспен;
*тек президентпен;
*Мәжіліспен.
! Шет мемлекеттердің Конституциялық құқығы бұл - ...
*ұлттық мемлекеттік құқық дегенмен бірдей;
* +біртұтас конституциялық құқық ғылымының тармағы;
* құқықтың жеке тармағы;
*Конституциялық құқықтың ажырамас бөлігі;
* щет мемлекеттердің құқығы.
! Конституциялық құқықта басым әдіс...
*реттеудің диспозитивті әдісі|;
* +реттеудің императивті әдісі;
*реттеудің сызықтық жүйесі;
*реттеудің шығыстық әдісі;
*реттеудің салыстырмалы әдісі.
! Экстрадиция – бұл...
*әскери дау- жанжалдың нәтижесінде мемлекеттің бір бөлігінің бөлінуі;
* +сот және тергеу амалдарына байланысты тұлғаның бір мемлекеттен екінші
мемлекетке берілуі;
*қолданыстан/ ұстанымнан шығып қалған дәстүр;
*нашақорлыққа тәуелділерді емдейтін орган;
*өте сирек қолданатын дәстүр.
! Сецессия – бұл…
* монархтың кәмелетке жасы толғанға дейін оның мiндетiн жанұяның басқа мүшесi
өз мойнына алатын мерзiм;
*шұғыл сұрақтардың шешiмi үшiн Парламент сессиясының кезектен тыс
шақырылуы;
*+ федерацияның құрамынан субъектiнiң шығуы.;
* объектiнiң қылмыс құрамынан шығуы;
*субъектінің қылмыс құрамынан шығуы.
! Арнаулы құқықтан айыруды қолданады:
*+Судьялар;
*Парламент депутаттары;
*Сенат төрағасы;
*Президент;
*Әкімдер.
! Жазылмаған конституция қай мемлекеттерде кездеседі:
*Финляндия, Ұлыбритания, Кувейт;
*Ұлыбритания;
*Ұлыбритания, Франция, Люксембург;
*+ҰлыбританияжәнеЖаңа Зеландия;
*Ұлыбританияжәне Люксембург.
! Дүние жүзіндегі жазылған алғашқы Конституция:
* Франция;
*+АҚШ;
*Греция;
*Ұлыбритания;
* Италия.
! Кантондар - бұл федерацияның субъекттерi…
*Үндістанда;
*+Швейцарияда;
*Канадада;
* Австрияда;
*АҚШ- та.
! Белсендi сайлау құқығы - бұл…
*+белгілі бір кандидатқа дауыс беру немесе барлық ұсынған кандидатураларға
қарсы дауыс беру;
* сайлана алу құқығы;
* нақтыбір кандидатқа үгiттеу жүргізе алу;
*шетелдiктердiң дауыс беру құқығы;
* кез келген мемлекетте дауыс беру құқығы.
! Конфедерация әлемде қаншалықты көп:
*+ бiр де бiр жок;
*(Сенегамбия ) бiр;
*10 көбiрек;
*9 көбірек ;
*7 көбірек.
! Соттық преценденттер құқықтың қайнар көзі ретінде көрінеді:
* мұсылман құқық жүйесінде;
*+ англо-саксон құқық жүйесiнде;
* романо-германдық құқық жүйесінде;
* шығыс құқығында;
* еуропалық құқықта.
! Кiрiспе - бұл…
*+ Конституцияның кiрiспесі;
* Конституцияның бiрiншi бабы;
*өзгермелі Конституция ережелерi;
*Конституцияның қорытынды бөлімі;
* Конституцияныңекінші бабы.
! Үндістан мемлекетінің билік жүйесі:
*+президенттiк республика;
*парламенттiк республика;
*монархия;
*конституциялық монархия;
*авторитарлық республика.
! Жапонияның басқару формасы- …
*парламенттiк республика;
*президенттiк республика;
*+конституциялық монархия;
* абсолюттiк монархия;
*президенттік- парламенттік.
! Президент Германияда қандай жолмен сайланады…
* төте сайлаулар;
*+жанама таңдаулар;
* құпия дауыс беру;
* депутаттармен сайланады;
*билік мүрагерлікпен беріледі.
! Ұлыбритания - бұл…
* +унитарлы мемлекет;
* конфедерация;
* федерация;
* бiрлестiк;
*абсолюттік монархия.
! Қандай шет мемлекеттерде доктриналық құқық дерек көзері танылады?
*тек қана мұсылман елдерінде;
*романо- германдық құқық жүйесіндегі мемлекеттерде;
* +кейбір англо- саксондық құқық жүйесіндегі мемлекеттерде және мұсылман мемлекеттерінде;
* құқықтар және мұсылман елдердiң англо- саксон жүйесiнiң кейбiр елдерiнде;
* шығыс елдерiнде;
* еуропалық елдерде.
! ҚР- ң құқық қорғау органдарына жатпайды:
* Прокуратура;
*Ішкі істер органдары;
*Ұлттық қауіпсіздік органдары;
*+ Сот;
*милиция;
! Құқық қорғау органдары қызметінің бір бағыты:
*+азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiнің қорғауын
айтады;
* Сот билігі;
* өмiр сүруді талқылау;
*Қылмыстық жауаптылық;
* шабуылдың шағылысуы.
! Прокуратура органдар жүйесін басқарады:
* ҚР- ң Президенті;
* ҚР-ң Парламенті;
*+ ҚР-ң Бас прокуроры;
* ҚР-ң прокуратурасы;
* ҚР- ң Үкiметi.
! Iшкi iстер органдары міндеттерінің бірі:
* +қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
* азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
* Сот билігі;
*қылмыстын алдын алу;
* заң шығарушылық.
! Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi құқылы:
* кінәләуға;
*+азаматтардан қоғамдық тәртіптің орындалуы және қоғамдық қауiпсiздiктi талап
етуге;
*телефонның бар- жоқтығын тексеруге;
*құқық пен бостандықтарды қорғауды;
* адам өлтіруге.
! Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қару қолдануға құқылы, қандай жағдайда?
*жеке өз мақсаттарына ;
* тәртіпті сақтауға;
* өз өмірін сақтауға;
*қауiпсiздiк үшін;
* +азаматтарды қылмыскерлерден қорғау, тұтқындағыларды босату.
! ҚР-ң Бас прокуроры қанша жылға сайланады:
*10 жыл;
* 20 жыл;
*16 жыл;
*+ 5 жыл;
*6 жыл.
! ҚР-да Сот билігі кімге тиесілі?
*+тек соттарға;
*Ішкі істер министрлігіне;
* парламентке;
*соттарға, үкіметке және ІІМ;
*ҚР-ң Президентіне;
! ҚР-ң Сот жүйесін неден құралады?
* ҚР-ң Жоғарғы соты;
* Жергілікті сот;
* Конституциялық сот;
*+ ҚР-ң Жоғарғы соты және жергілікті соттар;
* аудандық соттар .
! Жоғарғы сот органдары болып табылмайды:
* қадағалау алқасы;
* азаматтық iстер бойынша алқа;
* қылмыстық iстер бойынша алқа;
*+Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
*ҚР-ң Конституциялық соты.
! Аудандық (қалалық)сот мыналардан тұрады:
*+төраға және судьялардан;
*тек судьялардан;
* тек төрағалардан;
*+төрағалық коллегиядан;
*коллегия және соттардан.
! ҚР-ң соттарының арнайы киімі:
* шапан;
*+мантия;
* арнайы киім;
*әскери киім;
* арнайы киімі жоқ.
! Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады:
* Соттың;
* Жоғарғы кеңестің;
* Президенттің;
*+ Қазақстан Республикасынын;
* ҚР-ң Парламентінің.
! ҚР-ң Жоғарғы Сот төрағасы мен судьяларын кім сайлайды?
*+Жоғарғы Сот кеңесiне негiзделген республиканың президентiнiң ұсынысы
бойынша Сенат тағайындайды;
*Жоғарғы Сот кеңесiнiң ұсынысымен республиканың президентi тағайындайды;
*Президент тағайындайды;
* ҚР-ң мажіліс депутаттарының ұсынуымен Президент тағайындайды;
*ҚР-ң Үкімет тағайындайды.
! Қандай жағдайда Сотттың Заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді
қолдануға құқығы жоқ?
*+Конституцияда көрсетілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығы
шектелген жағдайда;