Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гидравлика.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
291.84 Кб
Скачать
    1. Гидрожетектің негізгі есебі

Қайтымды және түсуші қозғалысты гидроқозғалтқыш немесе айналмалы қозғалысты гидромотор жұмыс органына момент бере алады. Кинематикалық тізбектің көмегімен механикалық мүшенің бір саны күш береді.

Әрбір механикалық немесе гидравликалық жүйеде қатаңдық бар, яғни күшке байланысты деформацияланады. Осыған байланысты гидрожетекті есептегенде саңылау мен серпімділік байланысын ескерген жөн. Есептеу схемасын екі немесе үш массалы жүйеге эквивалентті серпімді байланыс және жиынтық саңылау арқылы келтірген дұрыс.

Тәжірибелік және инженерлік есептеуде серпімділік пен саңылауды санамай механикалық байланысты абсолютты қатты деп алуға болады. Сонымен қатар, элементтердің қозғалысын және гидрожетекті әрбір соңғы элементіне қарастыруға болады. Есептеу схемасына бір қатаң механикалық жүйеге жиналып және эквивалентті масса, энерция моменті және оған әсер етуші гидроқозғалтқыш моменті, жиынтық қарсыласу моменті кіреді. Гидромотор білігінде болатын жұмысшы органның қарсыласу моменті үйкеліс күшімен пайдалы жұмыс әркетінен пайда болады. Пайдалы жұмыс технологиялық операцияның орындалуымен байланысты.

Үйкеліс күші механикалық және гидравликалық байланыс арқылы есептеледі. Қарыласу моменті реактивті болуы мүмкін. Яғни айналыс бағытына байланысты өз белгілерін өзгертеді. Активті момент (салмақ күшінен серіппенің қарсыласуынан және т.б.) гидрожетектің қозғалысын тоқтатады немесе қозғалуға көмектеседі. Моменті бір шүлдік (ось) тең екінші шүлдікке ауыстырғанда пайдалы әсер қоэффициентін ескеріп, энергетикалық байланыс жүйесін аламыз. Қуат ревенсінің негізін былай жазуға болады:

Мсώп/ήп= Mгώг

Mг=Мсώм (/ ώг/ήп )=Мс/(i ήм)

Мұнда

Мс Mг - сол кездегі момент және жұмыс органының қарсыласу моменті,

i=ώг/ώм – беріліс саны;

ώг/ώм ώп - механикалық беріліс және гидроқозғалтқышқа тән жұмыс органының бұрыштық жылдамдығы.

Гидромотор білігі және беріліс санды жұмыс органы арасындағы берілістер келесі формула бойынша анықталады.

Мr =Mc / (i1 i2 … in) (ήn1 ήn 2 ... ήnn).

Кедергі күшінің тізбегі моменттерге тең болады. Егер жұмыс органының түсуші жылдамдық қозғалысы V болса, ал гидроқозғалтқыш бөлігінің бұрыштық жылдамдығы ώг, болады, сонда

Fcv / ήm = Mг ώг,

Мұнда

Fc – жұмыс органының кедергі күші.

Осыдан гидромотор білігінің жылдамдығына келтірілген кедергі моменті

Mг= Fcv/ ώг,ήп.

Айналыс қозғалысына келтірілген жағдайда түсуші қозғалыс үшін келтірілген күш

Fc= Mг ώг,ήг/v.

Айналыс моментінің басым болуына байланысты, инерция моменті мен бұрыштық жылдамдықтардың динамикалық әрекеттерін бір энерция моментімен ауыстыруға болады. Гидромотор білігінің бұрыштық жылдамдығы:

Iώ²г2 == Iг Iώ²г/2+I1 ώ²/2+ Iώ² I2 ώ²2/2+ ... + In ώ²m/2.

Онда эенрцияның жиынтық моменті гидроқозғалтқыш бірлігіне келтірілген;

I=Ir+I1 (ώ1/ ώ2)²+ I2 (ώ2/ ώr)²+ …+ In (ώn/ ώr)²,

Мұнда

Ir, In- гидроқозғалтқыш роторымен білікте орналасқан элементтер (жұлдызша, муфта т.б.) инерция моменті.

Дененің массалық айналысының инерция моменті;

Iв = mr²,

Мұнда

r – масса орталығының радиусы.

Тұтас цилиндрдің инерция моментіндегі радиус бойлық оське қатысты болады;

Iц = mR² /2.

Ауыл шаруашылық машиналарының жұмыс органдарының массасы келтірілген ілгермелі қозғалысы кинематикалық эенергия ревенсі негізінде іске асады

mv² /2 = I ώ²г/2.

Осыдан гидроқозғалтқыш білігіне келтірілген инерция моменті

I = m (v/ ώг )².

Егер жетек механизмінде айналу және қайтымды түсуші элементтер бар болса, онда қозғалтқыш білігіне келтірілген жиынтық момент инерциясы осылай анықталады:

I=Ir+I1/ i1²² + I2 / (i1 i2) + … + In ( i1² i2² … in²) + m (v /ώr)².

Түсуші қозғалысқа инерцияның моментін келтіру жинақталған масса арқылы жүзеге асады;

m= I (v/ ώr)².

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]