Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

4.6 Өнімді өңдеу

Астық массасының құрамында оның компоненттерінің бірі – қоспалар мен негізгі дақылдың құндылығы шамалы дәндері болып табылады. Пайызбен көрсетілген қоспалардың жалпы астық массасына қатынасы астықтың ластануы деп аталады. Қоспалардың мөлшері өсіру технологиясының деңгейіне, егін жинау тәсілдері мен жинау техникасының жай-күйіне, егін жинағаннан кейінгі астықты өңдеу және сақтау дұрыстығына тәуелді. Барлық қоспалардың әсері төмендегілерден байқалады:

- астықтың қайта өңдеу өнімдерінің сапасы төмендейді;

- қайта өңдеу өнімдерінің шығымы азаяды;

- астық сақтауды қиындатады (арамшөптер тұқымдары кішірек піседі және 10-20 %-ға ылғалы негізгі дақылдан жоғары ж.б.);

- қиын бөлінетін қоспалар көпсатылы әрі күрделі тазалауды талап етеді және өңдеу шығынын арттырады.

Астықтың ластануын 13586.2-90 МҮҚ талаптарына сәйкес анықтайды. Ол үшін саңылау диаметрі 6 мм елеуіште елеп, орташа үлгіден (массасы 1000 ±10 %) ірі қоспаларды – сабан, масақ, топырақ кесегі ж.б. – аластатады.

Тауарлық астықты жинағаннан кейін өңдеу бірінші және екінші реттік тазалау деп бөлінеді. Алғашқы тазалауда астық массасынан ірі қоспалар мен өсімдік қолдықтарынан аластатады. Екінші тазалау машиналарын сатылатын астық базистік кондицияға дейін өндейді. Ылғалдылығы —14,5 %, шөпшар қоспасы-1 %, астық қоспасы-2 % [17].

Қалдықтын құрамында астықтың толық құндылығы 35% аспауы тиіс. Астықты кептіріп және тазалайтын машиналарда зақым келтірмейтіндей өңдеу керек. Осы талаптар жүзеге асырылуы үшін комбайндардан келіп түсетін астық тез арада өңделуі керек және ол мемлекетке тапсырылғанша немесе кептірілгенше сақталуын қамтамасыз етілуі тиіс.

5 Жобаның экономикалық тиімділігі

Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнмен, рентабельділік, ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығымен және т.б.  Өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін сипаттау үшін жалпы өнім және таза табыс, жер көлемі, еңбек шығындары, негізгі және айналым капиталы толығымен кіреді. 

Кәсіпорындардың рационалды мамандануы жерді өндірістің, еңбектің және материалдық құралдардың басты құралы ретінде неғұрлым тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Тиімділікті жалпы, тауарлы өнімнің көлемі, жалпы және таза табыстың келесілерге шаққандағы көлемі бойынша анықтауға болады:

• 100 га ауыл шаруашылық жеріне және 100 га жыртындыға;

• 1 жұмыскерге және 1 адам күнге (адам-сағатқа);

• 100 тг негізгі өндірістік қорларға;

• 100 тг барлық өндірістік шығындарға.

Бұл көрсеткіштердін әр қайсысы өндірістік ресурстарды пайдалану бойынша экономикалық ақпарат береді. Мысалы, жалпы және тауарлы өнімнің жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы көлемі ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы - жердін пайдалану деңгейін сипаттайды.

Бұл көрсеткіштердін қатынасы шаруашылықтың тауарлылығы туралы толық көрініс береді. Жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы жалпы және таза табыс кеңейтілген ұдайы өндірісті ұйымдастыру тұрғысында жерді пайдаланудың экономикалық жағдайын синтездейді.

Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың ең маңызды жақтарын сипаттайтын басқа бір қатар көрсеткіштер мен толықтыруларды ұсынады. Жүйелі толықтырушы көсеткіштердің қатарына жатады:

• өнімділік және еңбек ақы;

• өнімнін өзіндік құны;

• күрделі салымдардың тиімділігі.

Ұсыныстарда астық өндірісінін тиімділігінің сапалық жағына ерекше екпін жиі жасалады. Салалық үйымдастыру рационалдылығының ең маңызды көрсеткіштеріне еңбек өнімділігін, өнімнің өз құнын, дақылдың шығымдылығын, негізгі және айнымалы қорлардың тиімділігін, жер және еңбек ресурстарын пайдалануды жатқызған дұрыс.

Жүйені жаңа көрсеткіштермен толықтыру теңденциясына қарсы кейбір авторлар бұл жүйеде негізгі көрсеткішті ерекшелер оны қалыптасып жатқан экономикалық жағдайдың тұрғысынан қолданудың дұрыстығын негіздеуге тырысуда. Мұндай көрсеткіш ретінде көбіне өндірістін рентабелділігі ұсынылады.

Экономикалық тиімділікті анықтау үшін өндіріс үрдісіне әсер етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші факторларды есептейміз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне егіннің дұрыс пісуі, мал шаруашылығындағы өнімділік және т.б. сонымен қатар еңбек шығындарын есепке аламыз. Табысы бар кәсіпорын рентабельді болып саналады. Неғұрлым табыс көлемі көп болса, соғұрлым өнім көлемі артады.

Рентабельділік - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады.  Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді. Рентабельділіктің өсуіне ықпал етуші факторлар - сатылған өнімнің ассортименті, оның көлемі мен құрылымы, бағасы мен өзіндік құны. Өзін - өзі ақтауды қамтамасыз ету үшін шаруашылықтың рентабельділігі 20 - 25% болуы керек.

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.  Кәсіпорындарда өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.  Тиімділік көрсеткіштерінің құрамындағы табыстылық көрсеткішін жеке топқа бөлуге болады. Активтердің табыстылық көрсеткіштері және меншік капиталының табыстылығымен қатар оларға ағымды активтердің табыстылығы, ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы, негізгі қызмет табыстылығы және қарыз капиталының табыстылығы жатады.

Егер өнім шығарылымы кез келген сараланған көрсеткіштермен есептегенде құндық көрінісімен өлшенсе, ол жалпы (мысалы, жалпы материалдық қажеттілік) деп аталады. Егер өнім шығарылымы заттай көрініспен өлшенсе, онда ол үлестік (мысалы, үлестік материалдық қажеттілік) деп аталады [18].

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды және керісінше, шикізат материалдар шығындарының нормасының өсуі еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаражаттардың қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында сонан соң табысты талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қарылық жағдайында елеулі көрініс табады.

«Ақмола-Феникс» АҚ-ның дәнді дақылдардың өндірісінің тиімділігі аталған шаруашылықта қалыптасқан нормативтік деректерге сәйкес жасалған технологиялық карта негізінде анықталды. Шаруашылық шығындарын «технологиялық карта» жасау арқылы есептеу тиімді әдіс болып табылады.

Технологиялық карта – бұл өнім өндірісінің технологиясы, агрегат құрамы, жұмыстың әр түрін және жалпы барлық технологияның орындауға қажетті материалды және еңбек шығындары анықталған құжат.

Қазіргі кезде көптеген шаруашылықтар технологиялық картаны жасамайды. Менің ойымша технологиялық картаны есептеу арқылы шығындарды төмендетуге болады.

«Ақмола-Феникс» АҚ-ның дәнді дақылдарды өсірудің экономикалық көрсеткіштері 15-кестеде келтірілген.

Жұмыскерлердің еңбек ақысының шығынын анықтау. Адам –сағатты еңбек шығынын (адам-күндегі) норма смена санын агрегатқа қызмет көрсететін жұмыскерлер санына көбейту арқылы табылады.

Жалпы табыс – жалпы өнім құнымен материалдық шығынның айырмасы.

Жтөқш;

Таза табыс - жалпы өнім құнымен өндірістік шығынның айырмасы.

Ттөқш;

Пайда – сатудан түскен түсіммен толық өзіндік құнның айырмасы.

П=Ст.төқ.

Рентабелдік деңгейі – пайданың толық өзіндік құнға қатынасы.

Рд=П/Төзін.құн*100%

Технологиялық карта бойынша барлық шығын – 218471499,12 тг

Астықтың жалпы түсімі: 2014 жылғы орташа өнімділік 11 ц/га

11 ц/га х 15664 га = 172304 ц

Жалақыны есептеу. Ең төменгі еңбек ақы * разряд коэффициент* салалық коэффициент * ауысым нормасына [Қосымша Б].

Мысалы, мехток 3 бірлік екі ауысымға – 6 адам. 50000 тонна*31,5 тг/тн = 1575 мың. тг [Қосымша Г].

1гектарға кеткен жанар-жағар майдың шығыны =ж.ж.м.кг/га х 105 тенге

1гектарға кеткен жанар-жағармайдың толық шығыны [Қосымша Б].

Жанармай шығыны 69,6 л/га құрды, оның бағасы:

Ж.ж.м.кг/га – бүкіл операциялардың жанар-жағармай кг/га.

105 тг -1 литр жанар – жағармай құны.

69,6 кг/га х 105 тг = 7308 тг

Жаздық бидай тұқымына кеткен шығын 1 га:

1 кг жаздық бидай тұқымы -29 тг

29 х 120 = 3480 тг

Амортизацияға жалпы құрылған шығынан 10 пайыз қосамыз - 1388,5 тг.

Ағымдағы жөндеу 1 га -1582 тг

Сонда шаруашылықта 1гектарға кеткен жалпы шығын 13947 тг. құрайды.

Сатудан түскен түсім 8000 т х 36303 тг/т = 290420 мың. тг

1 гектардан түскен түсімнің құны тг 454913888 : 15664 га=29042 тг

Пайда 454913888 - 218471499 = 236442389 тг.

1 га-дан түскен пайда , тг: 236442389 : 15664 =15095 тг

Рентабельділік, 15095 : 13947* 100 = 108 %

Ұсынылған технологияға экономикалық тиімділік:

кесте 14

Ауыспалы егiстегi тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиiмдiлiгi

Көрсеткiштер

Минералдық тыңайтқыштар

N

Р

К

1. Ауыспалы егiске енгiзiлген тыңайтқыштар, ц/га

1

1,7

1,5

2. Ауыспалы егiске тыңайтқыш қолданудан алынған қосымша өнiм, ц/га

9,2

3. Ауыспалы егiсте алынған қосымша өнiмнiң құны, тг/га

38640

4. Қосымша өнiмдi өндiруге және жинауға, тыңайтқыштарды сатып алуға, оларды енгiзуге кеткен шығын, тг/га

16996

5. Шартты таза табыс, тг/га

21644

6. 1 теңге шығынның өтелiмдiлiгi

2,27

7. Рентабельдігі, %

127

1) Ауыспалы егiске енгiзiлген тыңайтқыштар, ц/га

Nф.сN кг ә.е.з/34,6%=35/34,6=1 ц/га

Рф.с=Др кг ә.е.з/46%=80/46=1,7 ц/га

Кф.с =Дк кг ә.е.з/55%=80/55=1,5 ц/га

2)Ауыспалы егiске тыңайтқыш қолданудан алынған қосымша өнiм, ц/га

ПN=1,24-0,14N-NO3+1,62ТКылғ +0,06P/N

ПNбидай =1,24-0,14*7+1,62*0,86+0,06*26,5/7=1,9 ц/га

Пр=өніморт*%тиімділігі/100

Бидай өнімділігі 10,5 ц/га

ПрIiбидай =10,5 *30%/100%=3,1 ц/га

ПрIIIбидай =10,5 *20%/100%=2,1 ц/га

ПрIvбидай =10,5 *20%/100%=2,1 ц/га

Прбидай = ПрIIбидай+ ПрIIIбидай+ ПрIVбидай=3,1+2,1+2,1=7,3 ц/га

Пбидай = ПNбидай + Прбидай = 7,3 ц/га+1,9 ц/га=9,2 ц/га

3) Ққө=П* Баға

П-алынған қосымша өнім, ц/га

Б-1 центнер өнім бағасы, тг

Бидайдың 1ц бағасы 4200 тг

Ққө = 9,2*4200 = 38640 тг

4) Шығын жалпықұн + Шқосымша

Тқұны -тыңайтқыш құны

Тқұны = Тф.с* Тбағасы

Аммиак селитрасының 1ц бағасы - 5500 тг

Қос суперфосфаттың 1ц бағасы – 8000 тг

Хлорлы калийдың 1ц бағасы – 2970 тг

Тқұны = 1*5500 + 1,7*8000 + 1,5*2970 = 23600 * 0,6 = 14160 тг (40% мемлекеттік дотация)

Шқосымша= Тқұны *20%/100%

Шқосымша – қосымша өнімді өңдіруге және жинауға, тыңайтқыш енгізуге қосымша шығын тыңайтқыш құнынан 20% құрайды.

Шқ= 14160 *0,2 = 2836 тг

Шж= 14160 + 2836 = 16996 тг

5) Шартты таза табыс, тг/га

Шт.т = Ққөж = 38640-16996 = 21644 тг /га

6) 1 теңге шығынның өтелiмдiлiгi = Ққө / Шж= 38640/16996 = 2,27

7) Пайдалылық, % = Шт.т/ Шж*100% = 21644/16996 *100 =127 %

Нөлдік технологияны қолданғандықтан келесідей жұмыстарға кеткен шығындар азайды [Қосымша В] :

  • Ерте көктемгі тырмалау тырмалай жұмыстары 1449379,7 тг

  • Аралық культивация 3365063,2 тг

  • Жерді жырту 434408,9 тг

  • Тұқымға дестеге шабу 1659273,4 тг

  • Дестені жинау және бастыру жұмыстары 1708763,1 тг

  • Жазық тілгіш культиватормен күзгі өңдеу 9429920,2 тг

  • Өсімдік қалдықтарын тегістеу 2365183,2 тг

Қосымша кеткен шығындар бұл:

Тыңайтқыштардың құны 1022607 тг

Фунгицидтерді қолдану 1047737,5 тг

Үнемделген жұмыстардың нәтижесінде жанармай шығыны 33% -ға төмендеді.

Амортизация 1016,2 тг азайды, ағымды жөндеу 1322 тг болды.

Шаруашылықта 1гектарға кеткен жалпы шығын 9518,53 тг

Пайда 727862220,8 - 145025659,0 = 582836562 тг.

1 га-дан түскен пайда , тг: 582836562 : 15664 = 37209 тг

Рентабельділік, 37209 : 9519 * 100 = 390 %

кесте 15

«Ақмола-Феникс» АҚ-ның дәнді дақылдарды өсіру технологиясының экономикалық көрсеткіштері

Рет №

Көрсеткіштер

Қолданыстағы технология

Ұсынылған технология

1

Егістік ауданы, га

15664

15664

2

Жалпы астық түсімі, т

17230,4

25062,4

3

Астық өнімі, ц/га

11

16

4

Сатылған астық, т

8000

11300

5

Сатудан түскен түсім 1 га, теңге

29042

46467,2

6

1 ц астықты сату құны, теңге

3630,3

4300

7

1 га барлық тікелей шығындар, теңге

13947

9519

8

1 га шартты таза пайда, тг

15095

37209

9

1 ц астықтың өзіндік құны, тг

1394

579

10

Астық өндірісінің рентабельдігі, %

108

390

14-кесте деректерін талдай келе мынандай қорытынды жасауға болады: Шаруа қожалығы қарастырылған жылдары тұрақты түрде таза пайдамен рентабельді жұмыс істеуде, алайда астық өндірісін арттырудың мынандай агрошараларын іске асырған дұрыс: себумен бірге түйіршіктелген суперфосфат пен аммоний селитрасын енгізу астық өнімін арттыра түседі; шаруашылықта ауыспалы егісте алғы дақыл ретінде бұршақ тұқымдастармен бірге химиялық парды қолданамыз. Ол бізге арамшөптермен ластануын азайтады, қоректік заттарды жинап жетіспеген элементтерді шашып енгізуге мүмкіндік береді. Жиналған астықты стандарттарға сай өңдеу және сақтау оның өсіп-өңуіне, сақталған кездегі шығының, физика-химиялық қасиетіне едәуір әсер етеді.

Біздің ұсынған агрошаралар түптеп келгенде астық өнімін көпжылдық орташа өніммен салыстырғанда 5-6 ц/га арттырып шаруашылыққа қосымша әр гектардан 37209 теңге таза пайда әкелді және дәнді дақылдардың өндірісінің рентабельділігін 108%-ден 390%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жоғарғы кестеден көріп отырғанымыздай шаруашылықтың қаржылық нәтижесі берілген.

Қорыта келе нарықтық жағдайда шаруашылықтың дамуының жеделдетудің ең басты мәселелерінің бірі салалар тиімділігін көтеру болып табылады. Өндіріс тиімділігі бұл күрделі экономикалық категория, бұл экономикалық заңдылықтардың орындалуын және шаруашылық қызметінің басты мақсатын кез келген іс шараның нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан қабылданған жүйенің экономикалық тиімділігі шаруашылық үшін бұл жүйенің нәтижесін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]