Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая Корм.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
228.35 Кб
Скачать

Кіріспе

Мал азығын өндіру саласындағы зерттеу жұмыстары мен нақты шаруашылықтардағы жағдайларға сүйенетін болсақ,болашақта мал шаруашылығың дамуы ,ең алдымен, табиғи мал азықтық жерлерді жақсартудың интенсивті технологияларының негізінде жүзеге асырылмақ . Республикадағы жалпы жайылым көлемі 182 млн га, шабындықтар көлемі 4,7 млн га құрайды.

Қазақстанның құрғақ далалы өңірлерінде соңғы ондаған жылдар бойы табиғи шабындық пен жайылымдарды жақсарту жұмыстары,жүйелі түрдегі түгендеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазақстанның құрғақ далалы аймағындағы мал азықтық жерлердің саны шамамен 53 млн.га алып отыр,соның ішінде Ақмола облысына тиесілі табиғи мал азықтық жер көлемі 7112,6 мың.га, оның 6843,8 мың.га жері жайылым.Зерттеу жұмыстары жүргізілетін Еңбекшілдер ауданындағы ауыл шаруашылық бағыттағы жер көлемі 628,8 мың га,ал соның ішінде жайылым аумағы 357, 1 мың га алып жатыр.

Соңғы 20 ішінде мал жаюдың әсерінен далалық шөптердің сиреуімен қатар фитоценоз құрамының өзгергені байқалып отыр. Барлық табиғи мал азықтық жерлердің өнімділігі, сонау 20-25 жыл бұрын себілген мал азықтық астық тұқымдас шөптердің өнімділігінен біршама төмен болып отыр,сол себепті осы жерлерге жақсарту жұмыстарын жүргізу қажет.Сондықтан аймақтық топырақ-климат жағдайларын ескере отырып, осы бағытта аймақтық жақсарту жүйесін құрастырып,мал азықтық жерлерді тиімді пайдалану сұлбасын жүйелі түрде әзірлеу қажет.

Курстық жұмыстың міндеті: Фитотопологиялық және

фитоценологиялық бағалау жұмыстарын жүргізу,жаңа агрофитоценоз қалыптастыру үшін мал азықтық шөптерді таңдау, үстіртін жақсарту технологиясын жасау үшін мал азықтық шөптерді себудің оңтайлы мерзімін таңдау, себілген мал азықтық шөптер мен шөп қоспасының алғашқы жылдардағы күтіп-баптау технологиясын дайындау.

Курстық жұмыстың мақсаты: Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, «Ақжар-Агро» ЖШС-нің құрғақ далалы аймағы жағдайындағы табиғи мал азықтық жерлерге фитотопологиялық және фитоценологиялық бағалау жұмыстарын жүргізу және жоғары өнімін алуға мүмкіндік беретін шабындық пен жайылымдық жерлерді қалыптастыру және тиімді пайдалану үшін ресурс үнемдегіш технологияны әзірлеу.

Әдебиетке шолу

1.1 Қазақстанның құрғақ далалы және далалы аймақтарындағы жайылымдық жерлердің сипаттамасы, фитоценоз құрамы және өнімі

Қазақстанда мал шаруашылығын қарқынды өндіруде жайылымның маңызы өте зор. Жаз кезінде мал жайылымынан 60%-ға дейін азықтық өлшем және шамамен 70%-ға дейін қорытылатын протеин қабылдайды. Орманды – далалық аймақта жайылым кезеңі 160 – 200 тәулік, далалық аймақта - 180 – 220 тәулік, шөлейт аймақта-220 – 280 тәулік және шөл аймақта барлық мал шайылымдықта жыл бойы бағылады. Қазақстан бойынша жайылымжылықты пайдалану кезеңі орташа жарты жылдан астам.

Жайылымдық шөптің қоректілік бағасы өте жоғары. Табиғи жайылымнан алынатын сапасы орташа азықтың 100 кг құрғақ затында 65 а.ө. және шамамен 6,5 кг қорытылатын ақзат бар. Ал құнарлы жайылымдықтардың, әсіресе екпе астықты – бұршақты шөп қоспасының 100кг құрғақ затында

10 кг – нан жоғары қорытылатын ақза және 100 кг дейін азықтық өлшем бар. Яғни құнарлылығы жағынан мұндай астық сұлыға жақындайды. Жайылымдық шөпте жақсы дайындалған пішенге қарағанда қоректік заттар 1,5 есеге дейін жоғары болатынын көптеген зерттеулер көрсеткен (Ю.К.Олль, 1958ж.). Оның себебі көк шөпте кептіру кезінде қоектік заттардың азаюында. Сонымен қатар, кептірілген шөп мал организмінде көк шөпке қарағанда

10 – 20% нашар қорытылады[3].

Пішенге қарағанда жайылымдық көк шөпте каротин (провитамин А) мөлшері шамамен 10 есеге дейін көп сақталады. Және де көк азықта Д, С, Е витаминдері жоғары.Жайылым азығының сапасының мал өнімін жоғарылатудағы әсерін француз ғалымы А.Вуазэнің (1959 ж.) зерттеулерінен де көруге болады: жоғары сапалы жайылымды (астықты – бұршақты шөп) сауын сиырлар 13,3кг (құрғақ массасы) дейін азық жегенде тәуліктік сүт беруі 21 кг болса, сапасы орташа жайылымнан тек 5 кг ғана сүт сауылған, ал сапасы нашар жайылым малдың тірі жүруін ғана қамтамасыз етуге ғана жараған. Тағы да айта кететін жайт, жайылымда бағытталған малдың барлық потенциалдық мүмкіндіктері толығымен ашылды. Жайылымда бағытталған мал ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді, қысқы кезеңге жақсы шыдайды, организмі ауру – сырқауларға аз шалдығады және жас төлдер жақсы өсіп, дамиды.

Далалық аймақта жайылымға мал жаю орманды – далалық аймаққа қарағанда 7 – 10 күндей ертерек басталады, яғни мамырдың орта кезінде. Жайылымды бір рет пайдаланған кезде, ең жоғарғы өнім жаздың басына келеді. Бұл жердегі жайылымдарды үш мезгіл пайдалануға болады: көктемде – бозды – бетегелі жайылымды, жазда – далалық – астық тұқымдыс жайылымды және көлтабандарды, күзде – жусанды – соранды жайылымды. Бұл аймақта жайылымдық кезеңдер бойынша азықтың түсімі азды – көпті біркелкілеу[4].

Ең жоғарғы өнім көктемнің аяғы мен жаздың басында алынады, содан кейін құрғақ алқаптың шөбі қураған соң, оттылықтың өнімі төмендейді, бірақ осы уақытта көлтабандар мен өзен алқаптарынан жоғары өнім алуға болады.

Күзде жауатын жаңбырдың әсерінен алқаптарда алшынкөктер түсімі көбейеді. Бірақта жайылымдық кезеңнің басында да және аяқ кезінде де мал басы толық азыққа қамтамасыз етілмейді. Сондықтан осы кезеңдерде жайылымдық азық егістікте өсірілетін азықпен толтырылады. Осындай мүмкіншіліктер далалық және құрғақ далалық аймақта малдың кейбір түрлерін жайылымда 170 – 195 күнге дейін бағуға болатынын көрсетті.

Далалық аймақта бозды – бетегелі, боз – жусанды және бетегелі – жусанды жайылымдар мен шабындықтар көптеп кездеседі. Бұл өсімдіктердің құрғақ өнімі орташа 5,0 ц/га.

Шалғындық өсімдіктер өсіп-дамуы үшін көп су қажет етеді. Мысалы, 1 тонна құрғақ өнім құру үшін (транспирацияға, жерден булануға) 400-ден 1200 м3 және одан да көп су шығыны болады екен. Судың жетіспеуі де, артық мөлшері де және ыза суының жер бетіне жақын орналасуы шалғындық өсімдікке теріс әсерін тигізеді. Су мөлшері құм топырақта 2,5-3 %, құмбалшықты топырақта 10-12 % және балшықты топырақта 14-18 % болған жағдайда негізгі шалғындық шөп түрлері қурай бастайды. Ал суы шектен тыс мол жерлерде су және ауа режимі нашарлап, соның салдарынан шалғындықтағы негізгі бағалы тамырсабақты және сиректүпті астық тұқымдас шөптер орнына сапасы төмен және зиянды шөптер басып кетеді. Су режимін жақсарту және реттеу су жайылатын өзен алқаптары мен көлтабандарда жүргізіледі.

Су жайылмаған жерге су беріледі, су тұрып қалған шалғындық құрғатылады. Соңғы кездері шалғындықты жүйелі суару жұмыстары қолға алынып жатыр. Ол үшін жаңбырлатқыш машиналар (ДДА-100М, ДДН-70, “Волжанка” , “Фрегат” , ДДН-100) қолданылады. Өзен алқаптары мен көлтабандарды жаз кезінде жаңбырлатып суарған кезде шалғындық жердің шөбі қаулап өсіп, екі рет пішенге шабуға болатыны және өнімінің 3-4 есеге дейін көтерілгені байқалады[1].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]