Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_otvety.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
366.08 Кб
Скачать

Лексика Замандас келбеті.

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 10 студент оқиды. Оның 4-еуі қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.

Мысалы Асел, Гүлдана - қазақ, олар орта бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар.

Ал, Оляныі ұлты – орыс, ол ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.

Оляның көзі үлкен. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.

Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Қанат пен Рустам – қазақ, қараторы, шаштары қысқа қиылған. Рустам денелі, кең иықты,ал Қанат арық. Святослав, Дима, Сергей, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты.

Адамның жан дүниесі қандай? Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не? Адам қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс? Сіздің тобыңыздағы студенттердің келбеті қандай? Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың келбеттері қандай? Ұлты –татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз кім? Тобыңыздағы ұлдардың келбеті қандай? Олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді, олар кімдер?

Отан отбасынан басталады

Менің отбасым туралы

Отбасы – шағын мемлекет. Біздің тәуелсіз елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы – адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.

Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.

Мен 1994жылы Қостанай облысыТаранауданында тудым. Менің атымЖанар. Біздің отбасымыз үлкен емес, отбасымызда4адам бар. Олар :анам,әжем және мен.Менің анамның аты Гүлнар. Ол оператор, Қазақстан темір жолында еңбек етеді. . Анамның жасы 51-де. Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы қара, қысқа , қой көзді, кірпіктері ұзын, қыр мұрын және ол ең сымбатты, аяулы ана. Мен оны өте қатты сүйемін.

Әжем - зейнеткер. Мен кішкентай болғанда әжем мені тәрбиеледі, өйткені анам жұмыс істеді. Әжемді де мен өте қатты сүйемін. Оның жасы қазір 75-те.

Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бірінші курс студентімін. Менің болашақ мамандығым – инженер.

Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату – тәтті тұрады!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]