Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азастанны сырты саудасы

.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
33.3 Кб
Скачать

Қазақстанның сыртқы саудасы және оның мәселелері

Әр түрлi елдер әлемдiк экономикада жалпы және оның, жекелеген тауар рыноктарында әр түрлi орын алады. Халықаралық сауданың әрбiр қатысушысы өз мүдделерiн қорғау мақсатында қандай да бiр ic-әрекет атққаруға тырысады, яғни осы салада белгiлi бiр саясат жүргiзедi. Халықаралық сауда саласында саясаттың негiзгi eкi түpi бар:  • халықаралық сауда саясаты;  • сыртқы сауда саясаты.  Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымы (БСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.  Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:  • осы елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін өзгерту;  • экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;  • елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету (шикiзат, энергия және т.б.);  • экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.  Кейбiр мақсаттар ұзақ мерзiмдi сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлiнiсiне кipy дәрежесi мен әдiсiн өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөpi аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негiзгi eкi бағыты бар:  • epкін сауда саясаты;  • протекционизм.  Epкін сауда саясаты таза күйiнде мемлекеттiң сыртқы саудаға тiкелей араласудан бас тартып, рынокқа негiзгi реттеушi рөлiн жүктеуiн бiлдiредi. Бiрақ бұл мемлекеттiң осы шаруашылық ic-әрекетiнiң бағытына әсер етуден толық шектелуiн бiлдiрмейдi. Мемлекет өз шаруашылық субъектiлерiне максималды еркiндiк беру ушiн басқа елдермен келiсiм-шарттарға отырады . Epкiн сауда оң саяси салдарға әкеледi, өйткенi елдердiң өзара байланыстылығы күшейiп, бiр-бiрiне дұшпандық әрекетінің мүмкiндiгiн төмендетеді.  Epкін сауда саясатының жүргiзiлуi экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкiндiк бередi. Ic жүзiнде, epкін сауда саясаты таза күйiнде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.  Протекционизм - отандық экономиканы шетелдiк бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Epкін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктың күштердің еркін іc-әpeкеті жоққа шығарылады, өйткенi әлемдiк рыноктағы жекелеген елдердiң экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлi, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іc-әрекетi пайдасыз болуы мүмкін. Күштi шетелдiк мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін. 

Экономикалық әдебиетте кедендiк баждардың табиғаты мен олардың атқаратын функциялары туралы бiрде бiр мәлiмет жоқ.  Нарықтық экономика жағдайында және СЭҚ либерализациялауда кедендiк баждар СЭҚ-тің маңызды экономикалық реттеушiсi болады. Кедендiк баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу немесе шығаруды қолдауға немесе оларды шектеуге, отандық тауарлар өндiрушiлердiң тауарларын басқа да ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестерiне бiрдей тепе-тең экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, валюта-қаржылық жүргiзуге СЭҚ субъектiлерiнiң қызметiн жалпы мемлекеттiк, ұлттық мүдделерге бағыттауға мүмкiндiгi бар.  Тарифтi саясатты қолдану тиiмдiлiгi туралы көптеген көзқарастар бар.  Экономикалық саясат құралы ретiнде тарифтi қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бiрқатар дәлелдер келтiруде:  1. Тарифтер экономикалық өсудi тежейдi;  2. Тариф - тұтынушыларға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады;  3. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдiң экспортына нұқсан келтіреді;  4. Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейiнiң қысқаруына әкеледi;  5. Тарифтердi бiр жақты енгiзу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледi.  Ал тарифтердi жақтауға мынандай дәлелдер келтiрiледi:  1. Тариф - жас салаларды қорғайды;  2. Тариф - жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру құралы;  3. Тариф - бюджеттiк түсiмдердiң маңызды көзi;  4. Тариф - ұлттық қауiпсiздiктi, елдiң халықаралық беделiн қорғайды.  Кедендiк тарифтер көп түрлiгi және орындайтын мәселелерi бойынша мүмкiндiгiне байланысты экспорт-импорт мәмiлелерiн реттеуде өте кең қолданылады. Көбiнесе импорттық баж салықтары протекционистiк шара ретiнде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсiмдердi ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.  Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды негiздеуге, олардың ұлттық және әлемдiк шығындар мен бағалар арасындағы үйлестiрудi, тұтынушының параметiрлерi мен тауардың сапасын есептеуде, т.б. жеке бағытты алуды талап етедi. Өткен кездегi әкелу баждары анықтаған кезде, яғни 19 ғ. жене 20 ғ. басында фискалдық бағыт болды. Баждар жоғарғы деңгейде анықталды және мемлекеттiң табыс көздерiнiң маңыздыларының бiрi деп қарастырылды. Сонымен бiрге бұл ұлттық экономиканы ағылшын тауарларының eнуінен қорғаудағы мәселенi шешуге мүмкiндiк бердi, себебi Англия басқа елдерден бұрын өнеркәсiптiк революция жолына түсті, оның өнімі жоғары революция жолына түсті, оның өнімі жоғары бәсекелестiк қабiлеттi болды және көбiнесе Европа мен Америка елдерiнiң тауарларынан асып түсті.  20 ғасырда кедендiк баждардың төмендеу тенденциясы, мемелекеттiң табыстарын қалыптастырудағы оның рөлiнiң әлсiреуi байқалды, бiрiншi орынға олардың реттеушi функциясы шығарылды, ал ол өз кезегiнде импорттық тауарларды әкелуге шектеу қоюға немесе рұқсат бермеумен шектелген жоқ. Кедендiк баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнiмдi оның импортындағы қажеттiлiктi, ұлттық және әлемдiк бағалардың деңгейiн ескере отыру бойынша детальдi дифференциялау қажеттiгi өсті.  Бұрынғы КСРО елдерiмен сауда, негiзiнен, eкi жақты үкiметаралық келiсiмдерiмен реттелiп, клиринг негiзiнде жүзеге асырылды. Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саясаты, оның егемендік алуы мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруы барысында қалыптасты. Тәуелсiз сыртқы сауда саясаты - республиканың әлемдiк қауымдастыққа кipyiнің қажеттi шарты болып табылады.  Тәуелсiздiк жарияланғаннан кейiн, Қазақстан сыртқы экономикалық ic¬әpeкeтін ырықтандыру жолына түстi. 1992 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық реформаларды жүргiзу кезеңiндегi Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ic-әрекетiн ұйымдастыру туралы" жарлығы қабылданды. Сонымен қатар әр түрлi өнiмдердiң бағаларын ырықтандыру туралы бiрқатар құжаттар қабылданды.  Сыртқы экономикалық ic-әрекеттi ырықтандыруда алғашқы маңызды қадам 1993 жылы жасалды. Онда квоталар саны 34-ке дейiн, ал лицензиялар ¬61-ге дейiн қысқартылды. Республикааралық сауданың үкiметаралық келiсiмi мен қамтылуы 60 пайызға төмендедi. Экспорттық өнiмге деген мемлекеттiк тапсырыс жүйесiн келiсiм бағалар жүйесi алмастырды. 145 өнiмге орташа мөлшерi 15 пайыз болатын экспорттық салықтар енгiзiлдi. Импорттық лицензиялар 5 өнiм түpiнe берiлiп, импорттық салық мөлшерi 0,5 пайыздан 21 пайызға дейiн болды. 20-дан астам кәсiпорындар сыртқы экономикалық ic-әерекетте жеңiлдiктерге ие болған.  1994 жылы лицензиялау (34 өнiмге дейiн) мен квоталауға жататын тауарлар санының (7 өнiмге дейiн) азайтылуы жүргiзiлдi.  1994 жылы 15 шiлдеде ҚР Президентi қаулысымен "Экономикалық дағдарыстан шығу және реформаны тереңдету бойынша үкімет ic-әрекетiнің бағдарламасы қабылданды.  1995 жылы ҚР сыртқы саудасын ырықтандыруда мынандай қадамда жасалды: ұлттық және жеке қауіпсіздік, денсаулыққа деген көзқарастарға байланысты бiрқатар тауарлар тізімінен басқа, барлық экспорттық және импорттық квоталар алынып тасталынды; стратегиялық тауарлардың сыртқы саудасына монополия жойылды; экспортерлердің валюталық табысының міндетті сатылуы тоқтатылды; биржалық және аукциондық сауда ұлғайтылды.  1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан, Беларусь Кедендiк Одағы туралы келiсiмге қол қойылды. Кейiн оларға Қырғызстан мен Тәжiкстан қосылды. Оның басты мақсаты - кедендiк кедергiлердi жою, адамдар, тауарлар, капитал мен қызмет көрсетудiң epкін ауысуы үшiн бірыңғай экономикалық кеiстiк құру болып табылады.  1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыртқы экономикалық ic-әрекеттi ырықтандыру" туралы Жарлығы қабылданды.  1995 жылы 23 наурызда Президент Жарлығымен "ҚР шетелдік инвестициялар туралы" заң қабылданып, ол Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың экономикалық және құқықтық негiздерiн анықтап, инвестицияларды қорғауға берiлетiн мемлекеттік кепілдік тіpкeді.  1996 жылы экспорттық өнімгe салынатын барлық кедендiк баж салықтар алынып тасталынды, инвестициялық тауарларға импорттық тарифтер төмендетілді.  1997 жылы бәсекелестiктi жоғарылату мақсатында тауар импортындағы шетелдiк инвесторларына берiлетiн жеңiлдiктер алынып тасталынды. Тек Қазақстан Республикасының территориясында өңделуге арналған өнімге жеңілдіктер сақталынды.  1997 жылдың 20 шiлдесiнде ҚР Кеден Комитетi мен Ұттық банк "ҚР экспорт-импорттың валюталық бақылауын ұйымдастыру туралы" Ереже қабылдады. Ол экспорт-импорттық валюталық бақылау тәртiбiн орнатып, экспорттан түскен валюталық табыстың дер уақытында келуi мен импорт мақсаттарында валюта қаржыларын пайдалануын заңдылығы мен негiзделгенiн бақылау тәртiбiн белгiледi.  1997 жылдың 28 ақпанында Үкіметі "ҚР тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" заңын қабылдады. Сөйтiп, көрiп отырғанымыздай, сыртқы сауданың ырықтандырылуы қаржы секторының ырықтандырылуын ынталандырды.  Сыртқы сауда ырықтандырылуы iшкi рынокқа ғaнa әсер етiп қойған жоқ. Қазақстанның шет елдердiң, ОЭСР рыноктарына шығу мүмкiндiктерi кеңейдi. Бiздiң республикамызға қатысты нарықтық емес экономикалы елдерге салынатын көптеген кедендiк баж салықтары мен санкциялар төмендетiлiп немесе алынып тасталынды.  Қазақстан Европа Одағы, АҚШ, Канада, Скандинав елдерінің рыноктарында ең тиiмдi жағдайлы мәртебеге ие болды.  1993 ж. - Европа Одағы, 1992 ж. - Канада, 1994 ж. - АҚШ, Қазақстанды Генералды преференциялар жүйесiне қабылдаған.  Алдыңғы жылдардағыдай, 1998 жылы да елдiң сауда балансы тepic болды. Оның құрылымындағы алыс шет елдермен сауда операциясының сальдосы оң, ал оны ТМД елдерiмен саудасындағы экспорттан импорттың асып түcyi ауқымды болды. Бiрақ бұрыңғы одақтас республикаларға арналған экспорт көлемi алыс шет елдерге арналған экспорт көлемiнен өте жоғары. 1998 жылғы экспорттың төмендеуi, ТМД елдерiндегi валюта құнсыздануы, Қазақстан үшiн сауда жағдайын қиындатты.  Әлемдiк қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан Республикасына импорт көлемi азайды, 1998 жылы 6588,6 млн. долл. болып, ол 1997 жылдың 92% құрады. Негiзгi экспорт тауарларына бағаның төмендеуi алыс шет елдерге экспорттық 8,8%-ке төмендеуiне әкелдi, әcipece Азия - Тынық мұхит аймағында қазақстандық қара және түстi металдарды тұтынуы күрт төмендедi. 1997 жылы әлемдiк бағалардың төмендеу тенденциясы 1998 жылы да байқалды.  Экспорт құрылымында дәстурлi түрде басым белiгi минералды өнiмдер, асыл емес металдардан тұрды. Экспорттың құндық мәнi өзгергенiмен, оның алдыңғы жылдармен салыстырғанда құрылымында елеулi өзгерiстер болмады.  Қазақстан Республикасының импорты ресей рублiнiң құнсыздануына байланысты ресей тауарларының арзандауы және cоған сәйкес қазақстандық тауарлардың бағаға байланысты бәсекелестiгi төмендеп, республикаға ресей тауарларының әкелiнуiнiң күрт өcyiмен сипатталды. Кедендiк Одақ шеңберiнде шекаралар ашықтығы, әcipece Ресеймен шекаралас аудандарда ресей тауарлардың демпингтiк бағалар бойынша eнyiнe мүмкiндiк бердi. Осы жағдайларға байланысты Ресейге қазақстандық тауарлардың экспорты төмендеді.  Жоғарыда көрсетiлген жағдайларға байланысты Қазақстан 1999 жылдың қаңтар айында бiрқатар демпингке қарсы шаралар қолданды. ҚР мен РФ үкіметтepi арасында "РФ-нан 1 - категориялы тауарлардың әкелiнуiне уақытша тыйым салу туралы" мәжiлiстемеге кол қойылды. Кейiнiрек, Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелетiн тауарларға 200% кедендiк тариф енгiзiлдi.  Бұл шаралар - Қазақстанның сыртқы саудасындағы протекционизм бағытындағы қадамдары болды. Ол eкi мақсатты көздедi. Бiр жағынан - жергілікті өндірушілерді өндіpісті көтеруге ынталандырып, олардың ішкі рынокта позициясын нығайтуға мүмкiндiк беру және ТМД елдерiнiң сапасыз, арзан тауарларына тосқауыл қою; екiншi жағынан -контрабандалық тауар көлемi күрт өсiп, мемлекеттiк бюджетке төлемдер төмендеп, бәсеке, тауарлар ассортиментi азайғаны және жергiлiктi өндiрушiлер өз өнім сапасына талаптарының төмендеуi болды.  1999 жылдың 5 көкек айында ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк валюталық курсты epкін қалқуға жiберу туралы бiрлескен шешiм қабылдады.  Осы шешiмдi қабылдауға әлемдiк қаржы дағдарысы, ТМД елдерiнiң валюталарының құнсыздануы, демпингтiк бағалар бойынша импортың өcyi, экспорт бағаларының төмендеуi, әсер eттi. Одан басқа, валютаның жоғары бағамы Ұлттық банкпен жасанды түрде ұстанып, ол мақсаттарда ҚР алтын¬валюттiк (резервтерi) қорлары пайдаланылды.  Сөйтiп, бұл шара экспортқа бағытталған салаларды қолдау, импортты шектеу, нақты айырбас бағамын орнату, жергiлiктi өндiрушiлердi қорғау мақсатында жүзеге асырылды. Бүгiнгi күнi Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары бар.  Оның негiзгi әріптестерiне Ресей, ТМД елдерi, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Туркия, Корея жене т.б. елдер кiредi.  Экспорт пен импорт құрылымын бағалауда оның дәстүрлi болып қала беретiнiн баәқаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы рынокқа әлi де шикiзат өнімімен шығады. Өңдеушi өнеркәсiптiң бүгiнгi күнi, өкiнiшке орай, бәсекелестiгi төмен, оны қайта жарақтандыру үшiн көп қаржы мен уақыт керек. Әлемдiк қауымдастықта лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға инвестицияларды тартып, өндiрiсiн ұлғайтуымыз қажет. ҚР импорттық құрылымның басым бөлiгi дайын өнім, машина, құрал-жабдық, халық тұтыну тауарлардан тұрады.  Қазiргi уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:  • импорт құрылымын рационализациялау;  • жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру үшiн протекционистік саясат жургізу;  • өндiрiстi жаңарту үшiн қазiргi заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру жатады.  2004 ж. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 32 877,4 млн. АҚШ долларына жеттi. Негiзгi тауар айналымын экспорт құрады. ТМД елдерiнен басқа мемлекеттермен сауда балансы оң болды, яғни 7 315,0 млн. АҚШ долларға жеттi. Ал ТМД елдерiмен сауда байланысының балансы тepic нәтиже көpceттi, бұнда - 2020,7 млн. АҚШ доллары болды.  2004 ж. экспорт көлемi 20 096,2 млн. АҚШ доллар құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 55,5%-ға apтық болды. Соның iшiнде ТМД елдерiнен басқа мемлекеттерiмен сауда байланысының экспорты 15 999,0 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткiш 2003 жылмен салыстырғанда 60,9%-ке өстi. ТМД елдерiне экспорт көлемi 4 097,2 млн. АҚШ долларына жеттi, бұнда 37,5%-ке өсті.  Қазақстан Республикасының экспортын негiзгі бөлігін шикiзат өнiмдерi құрайды. Оларға минералды өнiмдердiң 64,3 % және металлургия өндiрiсiнiң 20,4% жатады.  Минералды енiмдердiң экспорты 13 727,2 млн. АҚШ долларын құрады, соңғы жылмен салыстырғанда 5 410,9 млн. АҚШ долларына өстi. Металлургия өндiрiсiнiң өнiмдерiнiң экспорты 2004 жылы 3 897,3 млн. АҚШ долларға жеттi.  Қазақстан өнiмдерiнiң негiзгi сатып алушылары Швейцария (бүкiл экспорттан 18,7%),

Ресей Федерациясы (14,1 %), Қытай (9,8%), Италия (15,5%) жене Иран (3,5%).  2004 жылдың импорт көлемi 1 278,1 млн. АҚШ долларына жеттi, ол 2003 жылмен салыстырғанда 52%-ғa өстi. Негiзгi импорт тауарларын машиналар мен құрал-жабдықтар, көлiк құралдары, химиялық және сонымен байланысты өндiрicтiк саладағы өнiмдерi (каучук, пластмасса), дайын азық-түлiк өнiмдерi, тоқыма және тоқыма бұйымдары, минералды өнiмдер, құрылыс заттары құрайды. Импорт көлемiн негiзiн Ресей Федерациясы (37,7%), Германия (8,2%), Украина (5,7%), Қытай (5,9%), АҚШ (4,4%) және Жапония (3,10/0) мемлекеттерi құрайды.  2004 жылда Қазақстан Республикасы 171 мемлекетпен сауда байланыстарында болды, ал 2003 жылы тек қана 153 мемлекет болды.  2004 жылы Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша сыртқы сауда айналымы келесiдей болды: бүкiл тауар айналымының 16,1 % Алматы қаласына келедi, Атырау облысына (16,8%), Қарағанды облысына (10,5%), Маңғыстау облысына (8,7%) және Ақтөбе облысына (9,9%). Соның iшiнде экспорт бойынша Атырау облысына - 21,7 %, Қарағанды облысына - 12,5%, Маңғыстау облысына - 10,3% және Ақтөбе облысына - 11,6%. Сонымен қатар бүкiл импорттың 33,1% Алматыға, Aстанағa - 8,9%, Қарағанды облысына ¬7,2%, Ақтөбе облысына -7,2% және Маңғыстау облысына - 6,3%.  1997-2000 жылдардағы мемлекеттiк бюджет табыстарына кеден төлемдерiнiң түсyiнің динамикасын талдау белгiлi бiр өсудiң байқалғандығын көрсетеді.  1997 жылдардағы 7994 млн, тенгеден 2000 жылғы 18472 млн, тенгеге дейiн мемлекеттiк бюджет табыстарының жалпы сомасында кедендiк төлемдердiң үлес салмағы 2000 жылы 3.5%-ғa дейiн өстi. Бұл кеден төлемдерiнiң өсу қарқынының табыстары мен салықтардың өсу қapқынының жоғары болумен түсiндiрiледi. Кеден және салық заңдарына сәйкес кеден төлемдерiнен басқа тауарларды кедендiк территорияға әкелгенде кеден органдарымен мемлекеттiк бюджет табыстарына салықтық төлемдер есептелiнiп төленедi: ҚҚС және акциздер 2000 жылы импортталатын тауарлардан түскен ҚҚС 1999 жылмен салыстырғанда 55,3%-ғa ұлғайғандығын атауға болады. Сонымен бiрге, импортталатын тауарлардан акциздердiң түcyiн 7,1 %-ғa төмендеген.  Кедендiк табыстардың түсу мөлшерi мемлекеттiк бюджет табыстарының жалпы көлемiнде: 1997 жылғы 7,0%-дан 2000 жылдың екiншi жартысында 10,8%-ғa дейiн өстi.  Мемлекеттiк бюджеттке 2000 жылғы кедендiк төлемдер мен салықтар түciмiн талдау бiршама облыстарда кеден түсiмдерiнiң едәуiр бөлiгi Алматы қаласының салық комитетiне ( 19054 млн. тенге), Батыс Қазақстан облысы (67,17млн. тенге), Қарағанды облысы ( 5221млн. тенге) келуi. Алайда, жоспардың барынша орындалуы Ақмола облысының салық комитетiне (46,30%), Атырау облысына (45,4%), Солтүстiк Қазақстан облысына (29,7%) келедi.  Кедендiк төлемдер мен салықтар Республикалық және жергiлiктi бюджет арасында тартылады, мұнда, олардың басым бөлiгi Республикалық бюджетке келедi. Осылайша, 2000 жылы Республикалық бюджетке 55726 млн. теңге немесе 98,2 % жалпы сомадан кеден табыстары туссе, жергiлiктi бюджетке 1042 млн. теңге немесе 1,8%-ғa түстi. Мемлекеттiк бюджетке кеден баждары мен салықтардың түсу жоспарының орындалуы 2000 жылы 5,7%-ды құраса, көбiнесе баждар бойынша жоспардың орындалу есебiнен қорғау шаралары ретiнде алынатындары 51,8%, экспорттық кеден баждарын алумен байланысты 46,6%, кедендiк бақылау және процедуралар бойынша алымдардан 26% импортталатын тауарларға ҚҚС-ның жоспарының орындалу 6% құрады.  Бұл Қазақстан Республикасының кеден органдарының белсендi шаралар жургізгендігін көрсетеді. Болжамдық еспетегi төлемдер мен алымдағы жинақтарының ұлғаюы үкiметпен қабылданған заңнаманы жетiлдiру шаралары есебiнен, сондай-ақ кедендiк бақылауды күшейту жолымен байланысты.  Әкелу баждары ұлттық бағалар динамикасы мен деңгейiне, iшкi өндiрiс жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетiн мемлекеттiң табыстарының деңгейiне ықпал етедi.  Баждар деңгейi ұлттық бағалар деңгейiне тiкелей әсер етедi және олардың арасында тура пропорцианалдық байланыс бар: баждардың төмендеуi iшкi бағалардың төмендеуiне әкеледi, ал жоғарлауы өcyiнe әкеледі.  Кеден тарифтерiне қатысты, айтсақ олар ұзақ мерзiмдiк болашақта айтарлықтай рөл атқармайды, бiрақ сауданы либерализациялаумен байланысты қысқа мерзiмдi жоспарда пайданың көзi ретiнде маңызды рөл атқарады. Сонымен бiрге импортқа тарифтер құрылымы бiрқатар критерилерге жауап беру керек:  • тарифтер контрабанданың пайда болуына әкелетiндей соншалықты жоғары болмауы керек немесе өте дифференцияланған болмауға тиiс, өйткенi бұл iшкi салалардың қорғанысының бұрмалауына әкеледi;  • тариф деңгейi басқа салықтармен бiрге бағдарланып, олардың әрбiр салықтық бюджет табыстарына қажет салымдардың жалпы көлемiн анықтауғa болады;  • қысқа мерзiмдi табыстарға деген қажеттiлiктi қанағаттандырылғаннан соң бюджет тапшылығы бақылау үшiн және басқа да орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспардағы салықтардан аз теуелдi болуды қамтамасыз ету үшiн тарифтердi бiртiндеп қысқартады.  Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың көмегімен экономикалық өсудiң мүмкiндiгi пайда болды.  Қазақстан Республикасының экспортын мемлекеттiк реттеудiң жүйесiнiң орталық буыны бұл кезеңде сыртқа шығарудың қаржы несие механизiмi болуы керек, яғни, өзіне ішкі нapық пен экспорттық операцияларды сақтандыруда қызмет ететiндерге қарағанда қолайлырақ жағдайда берiлетiн экспорттық несиелер, сондай-ақ экспортты ынталандыру қаржы тeтіктepi - салықтық жеңiлдiктер мен тiкелей субсидиялар, экспортерлерге шикiзатты шығару кезiндегi кедендiк жеңiлдiктер, егер олар қайта экспорттау үшiн қолданылса.  1999 жылдың екiншi жартысынан бастап Қазақстандағы экономикалық жағдайдың жақсаруы жүзеге асып, экономикалық өсу басталды. Бұл үкіметтің сыртқы экономикалық іc-әрекетті реттеудегі сауатты әpeкeті, теңгенің еркін жүзуге жiберiлуi, шикiзатқа әлемдiк бағаньщ өcyi мен әлемдiк қаржы нapықтарындaғы жағдайдың жақсаруына байланысты болды.  1999 жылы Қазақстанның сауда режимiн реттейтiн бiрқатар заңдар қабылданды:  - 1999 жылдың 1 шiлдесiнде ҚР Үкіметінің "1999-2000 жылдарда ҚР тiкелей инвестицияларды тарту бағдарламасы туралы" қаулысы;  - 1999 жылдың 13 шiлдесiнде "Демпинге қарсы шаралар туралы" ҚР заңы;  - 1999 жылдың 11 ақпанындағы "Өсiмдiктер карантинi туралы" ҚР заңы;  - 1999 жылдьщ "Стандартизация туралы" ҚР заңы;  - 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi "Сертификация туралы" ҚР заңы;  - 1999 жылдьщ 16 шiлдесiндегi "ҚР-ғы кедендiк ic туралы" ҚР заңы.  Осы шаралардың бәрi де республиканың құқықытық-нормативтi базасын әлемдiк қауымдастыққа қабылдаған заңдылықтар мен нормаларға жақындата бастап, бұл сыртқы экономикалық iс-әрекетiмiзде оң көзқарастарды тудырды.  2000 жыл Қазақстан үшiн барлық жағдайда ұтымды болды да, көптеген макроэкономикалық көрсеткiштер жоғары деңгейге жеттi. 2000 жылдың 1 тоқсананында экспорт 1960 млн. АҚШ долларына жетiп, ол 1999 жылдың 1 тоқсанының 190,7% және 4 тоқсанының 97,5% құрады. Импорт болса 1550 млн. АҚШ доллары болып, 1999 жылдың 1 тоқсанының 112% және 4 тоқсанның 96,7% құрады.

2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралығында көмірді сыртқа сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік кұралдарын сатып алуға жұмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Сонымен, дүниежүзілік сыртқы сауда — халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы күрделі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.