Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 та__ырып. Биржевое дело.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
143.36 Кб
Скачать

11 Тақырып. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру

1. Қор биржасының пайда болуы және биржалық сауданың дамуы

2. Қор биржасының мәні

3. Биржаның қызметі мен түрлері

4. Биржа және биржалық инфрақұрылым ұйымдары

5. Биржа ісін реттеу

1 сұрақ. Қор биржасының пайда болуы және биржалық сауданың дамуы

Қазақстан Заңында «Биржа – қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды аппараттық – техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект» деп жазылған [33;1.].

Әлемде алғашқы тауар биржалары XVI ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында: 1531 жылы – Антверпен (Нидерландыда), 1549 жылы – Лион, Тулуза (Францияда), 1556 жылы – Лондон (Ұлыбританияда) пайда болды. Ресейде алғашқы биржа І-Петрдің басшылығымен Санкт-Петербургте 1703-1705 жылдарда құрылды. АҚШ-та (Чикагода) 1848 жылы пайда болды.

Әдетте көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мыс., базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі. Тарихи осындай жерлердің бірі биржа деп аталды. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда жүргізілетін және тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын жатады. Міне осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізетін ұйымдармен біріктіреді. Әйтсе де, әшейін саудадан биржалық сауданың ерекшеліктері бар:

  • биржада тауардың өзі сатылмайды, тауардың үлгілері немесе арнайы сипаттамасы бойынша тауарды сатып алу-сатуға шарт жасалады;

  • биржалық саудаға ұсақ тауар өндірушілер немесе жеке сатып алушылар қатыспайды, әдетте оған тауарлардың үлкен партияларын сататын және сатып алатын сатушы-делдалдар қатысады.

Алғашқыда тауар биржасы саудаға нақты тауар түсетін орын ретінде, яғни онда тауарлар сатылатын және сатып алынатын биржа ретінде пайда болды. Алайда экономиканың қарқынды дамуы және сауда көлемінің жедел өсуіне байланысты бүкіл тауарлар қозғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес еді. Нәтижесінде ХХ-ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға ауысты. Дегенмен тауар биржасы біржола жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі түрлі жолмен дами бастады. Еуропаның көптеген тауар биржалары тауар нарықтарының конъюнктурасын айқындайтын, кеңес беретін және т.б. іс-шаралар жүргізетін орталықтарға айналды. Бірсыпырасы фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни фьючерстік шарт жасасу негізінде тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастырды. Фьючерстік биржалық сауданың механизмі әмбебап болғандықтан оны қор биржалары да, валюта биржалары да меңгерді. Нәтижесінде бір жағынан әртүрлі биржаның арасындағы көптеген өзгешіліктер жойылса, екінші жағынан барлық биржалар әмбебап биржалар ретінде қызмет етуде. Тауар биржасы қазіргі биржалардың алғашқы нұсқасы. Оларда сатылған активтер түріне (тауар, бағалы қағаз, валюта) байланысты кейін қор биржасы және валюта биржасы бөлініп шықты.

Биржа дамуының болашағын айтатын болсақ, қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресті пайдалану электрондық биржаны тарихи аренаға шығарды, яғни биржалық сауданың бүкіл процесі компьютерленген. Осы бағытта биржалық және биржадан тыс нарықтардың айырмашылығы жойылып, нарықтық активтердің барлық түрін сататын, басқаратын және ұйымдастыратын бірегей электрондық нарық пайда болады. Сөйтіп, XVI ғасырда пайда болған ежелгі «биржа» атауы жаңа типтегі бірегей электрондық нарық компаниясына өтуі мүмкін. Сонда биржа ұғымының мәні қазіргіден мүлдем басқаша түсіндірілетін болады. Осы айтылғандарды 8.2. суретпен өрнектелік.

Тарихи мәліметтер биржа ұғымы үнемі өзгеріп отыратын түсінік екенін аңғартады. Егер 8.1. суретте сауда өтетін орынға және көтерме сауда нарығына көңіл бөлінсе, ал келесі 8.2. суретте электрондық сауда формасын падалануға байланысты сауданы қызмет орнында да өткізуге болатыны аңғарылады. Сондықтан қазіргі кезде саудаға арнаулы орын – сауда залын дайындаудың қажеттілігі жойылды. Ал биржаның көтерме сауда нарығы сияқты міндетті белгісі де өзгерді. Себебі, электрондық жүйе арқылы бұрынғыдай активтердің үлкен партиясы емес, кез-келген мөлшерін сатуға мүмкіндік туды. Айта кететін жәйт, биржаның клиенттерін, яғни сатып алушы мен сатушыны бір-бірімен өзара кездестіретін биржалық делдалдар қазіргі уақытта да нарықтық қатынастардың негізі ретінде өз маңызын жойған жоқ. Алайда автоматтық жүйе арқылы сатушы мен сатып алушыны іздестіру болашақта биржалық сауданың бұл негізін де керек қылмайтын сыңайы бар.

Тауар биржасы

Тауар биржасы

Қор биржасы

Валюта биржасы

Әмбебап (тауарлы- фьючерстік) биржа

Фьючерстік (опциондық) биржа

Электронды биржа

«Биржа» болашақ бірегей электрондық нарықты ұйымдастырушы ретінде

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]