Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
t_1241_uelsizdik_referat.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
58.08 Кб
Скачать

Кіріспе

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты. ХХІ ғасырда әңгіме жанрына тағы бір топ жас буын өкілдері келіп қосылды. Олардың қатарында мерзімді басылым беттерінде әңгімелері жиі жарияланып жүрген Қ. Аманжолұлы, Қ. Әбілқайырұлы, М. Омарова, Л. Қоныс, Ә. Қоспағарова, Б. Дәулетбаева, Л. Имашева, А. Мантаева, Ж. Мамырәлі, М. Мұқашев, Б. Сарыбай, т.б. қаламгерлерді атауға болады. Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ әңгімелерінде жаңашылдық лебі есті. Дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да мазмұн мен идеяда жаңашылдықтар, көркемдік жаңа айшықтаулармен ерекшеленді. Сонымен бірге қазіргі әңгімелер әлем әдебиеті мен жүрек соғысы бірге соғып, әлемдік, жалпы адамзаттық проблемаларға еркін араласып, еркін пікір жүргізіп отырған , әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүр, жаңа бағыттарға үн қосып, әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүрлерді еркін пайдаланды. Қазақтың салт-дәстүрін, наным-сенімін жырға арқау етті.Ұлттық рух, елдің еркіндігін сақтау, кемел болашақтың тізгінін ел болып ұстау, жақсысын ардақтау сияқты ойлы әңгімелер көптеп жазылды. Бұл әңгімелер ұран сарынында емес, салмақты ойлар негізінде туындап жатты.Өткенін саралады, қазіргі күнін таразылады, кемел болашақтың тізгінін қалау үшін бірлікке, имандылыққа, сабырлылыққа үндеді. Иман жайындағы әңгімелер көптеп жазыла бастады.Қазіргі қазақ поэзиясында ердің рухын көтер азаматтық рухтағы әңгімелер аз емес.Қазіргі қазақ әңгімесіндегі өмір мен өлім баса назар аударатын сала болып отыр. Себебі, соңғы кезде көптеген қаламгерлер өлім тақырыбын өз шығармаларына арқау етіп алуы жиі кездеседі. Өмір сүре білу − әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауыртпашылықтарды көтере алмай, өзіне-өзі қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда.

    1. Қазіргі қазақ әңгімесіндегі өмір мен өлім

Қазіргі қазақ прозасындағы өлім тақырыбында жазған шығармалардың қатарына Т.Нұрмағамбетовтің «Күнді жек көру» әңгімесін алуға болады. Осы заманғы фон. Әңгімеде исламға шет суицид тақырыбы сеңдей сіресіп тұр. Авторлық тұжырымдама бойынша мынау Бекбай – қазақ ұлтының бейнесі. Амал жоқ, солай деуге тура келеді. Өз ұлтын неге сонша қаралайды? Автор сонда қазақтың болашағын осылай көре ме? Бекбайда жан жоқ сияқты, қуыршақ. Баласын құтқарушы періште көретіні де аса сендірмейді. «Бекбай өз әйелінен өзі шошып жүрді». Мынау − енді отбасы деуге ауыз бармайтын хал. Бекбай еркек пе, жоқ па? Неге сонша жігерсіз, бос белбеу? Қазақтың бәрі сондай ма? Автордың айтпағы не? Әңгіме соңында да автор біраз үміт шоғын қыздырғанмен, «Бекбай күнді жек көріп кетті» деуі арқылы сол әлсіз үміттің күл-талқанын шығарады. Бұл ненің белгісі? Қазақ прозасын шарттылық жайлап алды. Жаны жоқ құр дүниелерді көп қаузайды. Соның кесірінен көркем сөз қорланып жатыр. Жақсылықты емес, жамандықты шегіне апарып тірнектейді. Жазушының миссиясы төмендеп кетті. Бекбай шартты кейіпкер болғандықтан, ол туралы тұшынып сөз айту − қиынның қиыны. Тірінің белгісі жоқ. Суға кеткен тал қармайды дейтіндей ештеңе табылмайтыны ұлтқа жабылған жала тәрізді ауыр әсері бар. [1] Д.Амантай «Мен сізді сағынып жүрмін» атты повесінде өлім мен өмір концептісін негізгі арқау етіп алған. Қаламгер кейіпкерінің «ой ағымын» күйінішке толы ауыр мұңның текетіресі арқылы пайымдаған. Ар тазалығын ой мен жады тазалығымен қатар қойып, пенде атаулы жүрексінетін «мәңгілік бар – шындық» үшін, кейіпкер өзін жазым етіп отыр. Автор шеберлігінің өзі кейіпкерінің суицидтік іс-әрекетін құптамағандығын, жақтамағандығын «Құдайды іздеп кеткен» пендесінің: «Менің өлгім келмейді екен», – деген ақтық сөзімен білдіруінде. Г.Шойбекованың да «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесінің идеясы − суицид. Әңгіменің басты кейіпкері қылқаламмен сурет салатын бойжеткен ғана. Оның аты-жөні, кескін-келбеті жазылмаса да, дүниетаным дербестігі, тағдыр-талайы – тайталасқан жан әлемін алдымызға жайып салады. Оның шеше алмаған түйіні: «біреу жоғары, біреу төмен; біреу білімді, біреу топас; біреу өтірікші, біреу қатыгез», «адал аңдардан, жалғандықтан, денесіндегі тыртығын жасырып, әдемі көйлек киген қоғамнан жеритіндей». Мұның барлығы кейіпкер жанының қайшылықты, үйлесімсіздігінен дерек береді. Жазушы кейіпкерінің өмірден түңілуінің себебін анасымен тіл табыса алмауына әкеп тірейді. Бұл – «жәннат ананың аяғының астында» деген қазақы танымымызға тосын идея. Кеіпкер ана құрсағында жатқанында нағашы атасы мен қос нағашы ағасы дүние салғандықтан, шешесі мұның жарық дүние көруін қаламапты. Әкесінің ақ тілегімен ғана пәни ғаламның есігін ашса да, азапты жолы ана құрсағында басталыпты. Қолға алған ісін аяғына дейін апармайтын, болмашы сынға сіркесі су көтермейтін «боркемік, күйгелектігі» соның салдарынан деп ой түйдіреді. Автор танымы қоғамдық құбылыстан тысқары, айнымалы, тербелмелі, тұрлаусыз, толқымалы адам жанының қайшылыққа толы екендігін, адам жаратылысынан бара-бара жалғыздық тығырыққа тірейтін заңдылығын белгілеп тұр. Дегенмен, автордың жалғыздыққа бой ұрған, сәтсіздіктен, рухани жүдеушіліктен қажыған адамның бейнесін беруге ұмтылғандығымен суицидке бой ұрғандығына өрсей кейіпкер бейнесі жасанды шыққан. «Уақыт емші», − дегендей анасымен өмір бойы тіл табыса алмай, өзінен-өзі жеріп, ел-жұртты жатсынған кейіпкерді ақтау қиын. Өз кемшілігін көре алмай, көрсе де, білсе де мойындай алмай жүрген кейіпкерін жазушы басқа сипатта көрсетуге ұмтылған. Әлбетте ол − жалғыздық жанын жеген жан. Өзінің тұла бой толған күмән. Қадір түні мінәжат қылып, Құдайдан өзіне өлім тілейді. Қадір түні! Ол «Тіршілікке қарсы тіршілік» атты картина салған. Ана махаббатына да күдікпен қарайды. Қысқасы, мінезі суретшіден ғөрі тамұққа қуылған малғұндыққа ұқсас. Әңгіменің тұла бойы толы парадокс. Тым биік пафос, шарттылыққа толы. Әңгімеде жалғандық мол. Автор әлімсақтан адамзатқа аян шындықтарды қайталайды. Ажалды күтіп жатқанда келген мистикалық Дауыс иесі суретшіні қабірдегі Әңкүр-Мүңкірдей тергейді. Ол − әңгімеде Құдайдың тұлғалануы. Жалпы автор философиялық трактат жаздым деп ойлайды, бірақ бәрі жаттанды, жалпақшешей сөздердің жиынтығы. Логикалық тұрғыдан ақталмайды. Қазақ прозасындағы бір сарынды, біртекті проза осындай жаттандылықтан туады. Соны, көркемдік тәсілі өзгеше дүниелер сирек. «Көк жерге, жер көкке тәуелді». Ар соты − бұл да. Жалғыздық диалогы. «Жылылықтың да салмағы бар». Бұл енді сендіреді. Суретші Дауысқа: «өмір сүру ережесін үйрет», − деп өтінім жасайды. Суицидтен арылып өмір сүруге ол тез оралады. Қалай тіршіліктен тез жерінсе, солай тез сүйінеді. Психологиялық конфликт (дау) мен психологиялық ақталу әңгімеде атымен жоқ. Кейіпкер – шартты. Ол бақшадағы қарақшы сияқты, иығына жалбыратып киім ілгенмен, жан жоқ. Қоғамдағы адамдарды доңыздар мен тауықтарға теңеу де құрғақ уағыз ғана емес, мизантропия (адамды жек көру). Бұлай ойлау тегінде жазушылықтың кредосына жат. Шынайы жазушы мейірімді ұлықтайды. [2] Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесіндегі кейіпкері өз-өзінен, өсіп-өнген ортасынан жеріп жүрсе, А.Алтайдың «Сібір офицері» атты әңгімесіндегі Бурахан бүкіл саналы өміріне, адамдық болмысына, қазақы танымына төңкеріс жасаған Желтоқсан көтерілісінің елесінен құтыла алмай әлек. Сол бір қанды оқиғаның ізі жанына жазылмас жара салып, ақыры кейіпкер өмірмен өз еркімен қоштасуға бел буып отыр. Қаламгер кейіпкерінің өзіне-өзі қол салуына қоғам, кеңестік саяси жүйе кінәлі десе, екінші бір «Альпинист» деген әңгімесінде автор тәккапарсынған талай таудың кеудесін басып, менменсінген талай шыңның ұшарын таптаған, өмірінің мәні де, сәні де тау деп түйсінген альпинист жігіттің азаматтық болмысын оқиғаны шиеленістіре барып, шешеді. Авторлық таным әңгіменің өн бойында: таулар ғана өз болмысын бұзбаған, таулар ғана тәңір алдында таулық мінезін сақтап тұр, таулық миссиясын адал атқаруда», − деп сендіргенмен, шығарма соңында өзінің адамдық болмысын таудан да биік ұстап, өмірден озған альпенист Тайшын бейнесі нанымды суреттелген. Қасындағы серігі, бауырындай болған жас жігіттің өмірін сақтап қалу үшін арқанды қиып жіберіп, альпенист Тайшынның өзін-өзі өлтіруі арқылы автор танатологиялық сарында мүлдем басқа сипатты таңдап алған. Суреткер таудың биіктігі мен адами болмыстың биіктігін психологиялық параллелизм тұрғысынан қатарластыра алған. «Адам парасаты биіктігінің қасында таудың биіктігі бұйым емес», − деп ой түйдіреді авторлық таным. [3] Қорыта келгенде, қазіргі қазақ әңгімелеріндегі өмір мен өлім концептісі сан арналы түрлі пішінде бейнеленеді. Әсіресе, өзін-өзі өлтіру сарыны – шешуі жоқ күрмеулі тақырып болса да, қазақ қаламгерлері өзіндік көркемдік шешім табуға тырысқан. Аталмыш тақырыпта қарастырылған әңгімелер әртүрлі болғанымен, қаламгерлердің айтары бір. Ол − әрқашан да, тіпті өлім алдында өзінің болмысыңды төмендетпей биік ұстау. Авторлардың ұсынатын тұжырымдамасы – нендей жағдай болса да, осалдық танытып, күнәһар болып, өзіне-өзі қол салудан жирендіру.

1.2 Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі фантастикалық антропологияның көріністері

Қазақ әдебиетінде М.Қабанбайдың аяқталмай қалған шығармасы «Кентавр», А.Алтайдың «Кентавры». А.Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесін қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның үлгісін көрсететін туындылар деп айтуға толық негіз бар.

А.Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесі де А.Алтайдың «Кентаврындай» фантастикалық антропологияға жатады. Автор бұл жерде құс мүсіндерін көркемдік деталь ретінде алып отырғанымен, артынша бірден символдық рәмізге айналдырады. Қаламгер анасы мен қызының басындағы көрер көзге көрінбейтін трагедиясының, қасіретінің жан дауасын адамзат санасынан тысқары жұмбақ – құстар әлемінен іздейді. Сюжет желісін де сол арнаға қарай бұрады.

М.Мағауин әңгімелеріндегі айшықты прозаның ерекшелігі − композициядағы ішкі ырғақтың жасалымынан байқалады. Мысалы: «Коммунизм! Не ішем, не кием демейсің. Жаппай теңдік. Бәрі ақылды. Бәрі білімді. Бәрі – бір тілде сөйлейтін бір ұлыс өкілі. Капитал әлемі қирап, аштан өліп жатқан кезде жер шарының алтыдан бір бөлігінде – Совет Одағында осындай пейіш орнамақ» Бұл әңгімеде заман, қоғам екі уақыттық бөлікке бөлінген. Мысалы, «баяғыда», «өткенде» және «енді алда». Нешеме жыл мызғымыстай болған кеңес қоғамының, «Коммунизм» идеясының елесін суреттейді. Сондай-ақ композициялық ырғақ «Шипалы Арасан» хикаятында кеңістікті бейнелеуде «Гетенің қамалы» және «тас қақпа» деп беріледі.

Тас қамал – Үй – адамның жеке әлемі. М.Мағауин үшін үй образы «тірі жан» сипатында. Ол қуана алады, қайғыдан жылай алады. Ол өзінде тұрған барлық адамдарды есінде сақтайды, солардың аруағымен, жанымен тығыз байланыста. Үй – биік өрелі, ұлы ақынның тұрған жері. Құрылым құраушы лейтмотивтікқызметтер көркемдік кілт (код) түрінде келіп, автордың ұстанымын, кеңірек алғанда, авторлық дүниетанымын танытады. Үйдің аса маңызды атрибуттарының бірі ретіндегі терезенің мәні үйді әдемілеп, жарық күнмен байланыстыратын семонтикамен өзектес. «Ашық терезе» − көптеген қаламгерлердің әңгімелерінде осы мағынада қолданылған. Мағауиннің үйді игеру, иелену, қоныстану (обретение) мотивінің ерекшелігі: үй − адам баласының кіндік қаны тамған жер немесе ыстық пен суықтан қорғайтын қорған ғана емес, ол адам жан-дүниесіне тұрмыстың, өмірдің үйлесімін сіндіретін қасиетке ие.

Сапар, жол ұғымдары Т.Нұрмағамбетовтің «Туған ауыл түтіні» мен «Айқай» повестері мен Д.Әшімханов шығармашылығында үлкен маңызға ие. Жол шегу − уақытты ауыстыру, өмірді тану, сонымен бірге уақытты, кеңістікті шектеушіліктен арылудың жолы екендігін тұжырымдайды. Д.Әшімхановтың «Жер аңсаған сары атан» повесі − орнаментальды-өрнекті прозаның стилімен жазылған шығарма. Автор өрнекті прозаның стиліне «сары» сөзін икемдеп алады. Автор оқиға желісін өткенге көз жүгірту арқылы шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әңгімені бастайды. Қаламгер бұл жерде де детальға жүгінеді. Жазушы өрнекті прозаның стилімен мамаағашқа екпін түсіре, алдағы келе жатқан трагедиялық жағдайды тұспалдайды.

Т.Нұрмағамбетовтің шығармаларындағы «иіс» аса маңызды, «Туған үйдің түтінінің иісі», «Ата қоныстың, кіндік қаны тамған жердің», «жалғыз ұлдың иісі» атрибут ретінде алынады. Баланың иісі, әке үйінің иісі (нан, ананың киімі, оның қабірінің бір уыс топырағы) − бұлардың барлығы кейіпкер жан дүниесінің тереңіне бойлап, көмескіленген анаға, туған жерге деген махаббатын қайта жаңғыртады. Иіс мотиві өзіндік авторлық ремаркамен беріліп «туған үй иісі» бүгінгі замандастарға адамның қасиеті туралы ой түсіріп, жан әлеміндегі тылсым, тұнық сезімдердің оянуына түрткі болады.

Ал. Т.Шапай шығармашылығындағы айшықты прозаның көрінісін беретін тағы бір атрибут − айна. «Айна сарай» мен «Әулие» әңгімесіндегі айна лейтмотиві – адамның әлемді оның алғашқы танымдык қасиеттерін тануын мегзейді. Бұл символ − «жарык дүние бастауынан, күннің шығысынан көрге дейінгі түсініксіз, беймәлім жайттардың» рәмізі.

Д.Амантай прозасындағы «ақ түс» ғажайып құбылыстарды тануға жұмсалған (әйел образы, түс, Ыстықкөл және қар, ақ түс және өлім). Ең алдымен «ақ түс» түс (ұйқы) образында табиғат тамашасынан эмоционалдық, сезімнің оянуы арқылы, қызға деген махаббаты оянуы арқылы кейіпкер күнделікті өмірдегі күйкі тірліктен биіктейді. Кейіпкер жан түкпірінде өзіне өзі есеп береді, өзіндегі өзгеріс себебінің таңғажайып сәтін, рахатын жібергісі келмейді. Сондықтан оның ернін жымқырып, үнсіз отыруына мән берілген. Дидардың кейіпкерлері әрдайым жалғыз, тек бір сәт қана өзге адамның жан дүниесімен шарпысып қалады. Сондай-ақ жазушы шығармашылығында қара су, қарағайлы орман, күн сәулесі, түн, жаңбыр негізгі рөл атқарады. Қар мен жаңбыр ­ жазушы өмірінің тұрақты атрибуты. Қардың өзінің әр түрлі мағынасын кұлпырта пайдаланады. «Бір уыс топырақ» әңгімесіндегі қар ұшқыны, қалың қар т.б. Жазушының көптеген шығармаларына ене отырып, қар образы кейіпкердің жан түпкіріндегі сырын ашудың лейтмотивіне айналды. Ал, «Қасқыр құйрық қарағай» Алтай орманының, Қарқаралы өңірінің белгісі ретінде алынған. [4]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]