Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ арналан материалдар.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Тәуке ханның «Жеті» жарғысы

Жәңгірден кейін хан Тәуке, одан кейін Болат, Сәмеке, Ұлы жүзде Жәңгірдің шөбересі Жолбарыс хан болды. Орта жүзде Болаттың ұлы Әбілмәмбет хан болды. Осыдан кейін хандық Жәңгірдің балаларының басқа бұтағына көшті.

Ақыл парасатының арқасында Әз Тәуке атанған ханның тұсында «Жеті жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып құқығының тамаша ескерткіші туды. Әз Тәуке шығарған «Жеті жарғыда» бұрынғы заң жобаларының жақсы жағы сақталып, жеке адамның бас амандығы, ар-намысы мен мал-мүлкін қорғау мәселелері баса айтылған. Тәлім-тәрбие беру мен ел ынтымағын сақтауға қатты көңіл бөлінген. «Жеті жарғыда» әдет-ғұрыптағы күрделі жеті мәселе қамтылған. 1) Тіл тигізу, балағаттау, ұрып-соғу, денеге зақым келтіру, әйел зорлауға берілетін жаза 2) Кісі өлімі. 3) Ұрлық-қорлық, барымта 4) Зайыбының көзіне шөп салу 5) Әдепсіздік, ата-ананы сыйламау, үлкендерді тыңдамау 6) Жеті ата ішінде қан араластыру 7) Көшіп-қону, жер дауы.

15-СОӨЖ : «Менің елім Қазақстан»

1) «Менің елім Қазақстан» тақырыбына қосымша мәлімет алып,сол үзінді-мәтіндермен жұмыс жасау;

2) мәтінге қатысты сөздік құрастыру;

3) жер-су атауларын теріп жазып, шығу тарихын жазыңыз;

4) ситуативтік тапсырма: «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білесің».

5) газет материалдарымен жұмыс.

16 - СОӨЖ. Мемлекеттік рәміздер

Шаңырақ

Шаңырақ-киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Ол киіз үйдің ең маңызды, аса күрделі бөлшегі болып табылады. Шаңырақтың шеңбері көбінесе тораңғыдан немесе қайыңнан иіп жасалады да, қосылған жерлері жалтырауық металмен құрсауланады. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын деп атайды.Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз-қаламдықтар теседі. Шаңырақ тоғынның үстінен түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын-шашын іркілмеуі үшін айқастыра дөңестеліп бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін шығады.

17 – СОӨЖ. Мемлекеттік тіл– қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл дегеніміз – сол мемлекетте тұратын барлық халыққа ортақ, күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын тіл. Мемлекеттік тілдің 50 шақты қызметі болады. Басты қызметтері ретінде оқу тілі (оқулық тілі), оқыту тілі, ғылым тілі, іс – қағаздар тілі, газет – жорнал тілі, театр тілі, әдебиет тілі, ауызекі сөйлеу тілі т.б. тілдерді айтуға болады.

Өзін қазақ халқының өкілімін немесе осы мемлекеттің азаматымын деп есептейтін әрбір адам мемлекеттік тілді білуі керек. Сол тілде жазылған газет – жорналды, көркем әдебиетті, ғылыми еңбектерді оқымаса, онда оны өз Отанының азаматы деп айтуға болмайды. Өйткені, өз Отанының азаматы болу деген сол жер үшін аянбай еңбек етіп, оның ауыртпалығына төзу деген сөз – Республикамыздың экономикасын көтеру, өнеркәсібін, ғылымын, техникасын, мәдениетін арттыру деген сөз.

Тіл халықтың ең басты және ең үлкен белгісі. Кез келген халықтың өз тілі болады, өз тілі жоқ халық жоқ.. Сол себептен ғалымдар «Тіл халықтың жаны», «Халық бар жерде – тіл бар, тіл бар жерде халық бар, бірінсіз олардың бірі болмайды», -дейді.

(Н.Қ.Мұхамадиева, Н.Ә. Үстемір. Қазақ тілі, «Sansam»,2006, 9б.)