Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 вариант - курсовой - РГВП.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
180.28 Кб
Скачать

1 Жатық және көлбеу қазбаларды өткен кездегі аттыру жұмыстарын жобалау

Сабақтың мақсаты мен міндеттері. Бұрғылап аттыру жұмыстарының негізгі параметрлерін анықтауды үйрену.

Сабақтың мазмұны.

1.1 Атылғыш затты таңдау (АЗ)

АЗ ұсынылған өндірістік атылғыш заттар тізімінен [1] шахтының газдылық режимін, жыныстардың беріктігі мен сулылығын ескеріп таңдайды, 2 кесте.

Газ бен шаң бойынша қауіпсіз шахталарда (кеніштерде) сақтық қасиеті жоқ ұнтақты және түйіршіктелген атылғыш заттарды таңдау керек: детонит М, тасты аммонит № 1, тасты аммонал № 3, гранулиттер және т.б. Газ бен шаң бойынша қауіпті шахтыларда сақытық қасиеттері бар АЗ қолдану керек: жынысты кенжарларда – аммонит АП-5ЖВ, аралас және көмірлі кенжарларда – аммонит Т-19, метан бойынша аса қауіпті кенжарларда - угленит Э-6.

1.2 АЗ шартты шығынын анықтау

АЗ шартты шығыны анықтау үшін проф. Н.М. Покровский формуласын қолданады

, кг/м3, (1)

мұнда q1 = 0,1f – қалыпты аттыру шарттарындағы АЗ шығыны;

f – жыныстардың беріктік коэффициенті;

f0 – жыныстардың құрылымын ескеретін коэффицент, келесі мәндерге ие болады: тұтқыр, серпінді және кеуекті - 2,0; дұрыс жатпаған және ұсақ шытынаған - 1,4; тақталы қабатталған, шпур бағытына перпендикулярлы - 1,3; ұсақ қабатты - 0,8;

v – жыныстардың қысылу коэффициенті, бір ашық беті болғанда , екі ашық беті болғандаv = 1,1-1,5;

Sвч – қазбаның өтілетін қимасы, м2;

- АЗ жұмыс қабілеттілігін ескеретін коэффициент;

АВВ – қабылданған АЗ жұмыс қабілеттілігі, см3, 1 кесте;

- АЗ патронының диамертрін ескеретін коэффициент, диметрі 28, 32, 36, 40 және 45 мм болатын патрондар үшін сәйкес тен 1,14; 1,0; 0,89; 0,8; 0,71.

Кесте 1 – АЗ патрондағы тығыздығы

АЗ түрі

Аммониттер

Аммоналдар

Детонит М

Угленит Э-6

6ЖВ

Тасы № 1

АП-5-ЖВ

Т-19

тасты № 3

М10

АВВ, см3

360

450

320

270

450

430

470

150

Δ, кг/м3

1000-1200

1430-1580

1000-1150

1050-1200

1000-1100

950-1200

920-1200

1100-1250

1.3 Шпурдың тереңдігін анықтау lшп

Қолмен бұрығлау құралдарын қолданған кезде шпцрлардың тереңдігі АЗ түрі, жыныстардың беріктігі мен қазбаның өтілетін қимасының ауданы бойынша 2 кестеден қабылданады. Бұрғылау қондырғыларын қолданған кезде шпурлардың тереңдігі машиналардың техникалық мүмкіндіктерімен шектеледі де 3 кестеден қабылданады.

Кесте 2 – АЗ түріне, жыныстардың беріктігі және қазбаның өтілетін қимасына байланысты шпурлардың тереңдігі

АЗ түрі

Жыныстар дың беріктік коэффициенті

Өтілетін қимасы келесі мәндерге ие болғандағы м2 шпурлардың тиімді тереңдіктері (м)

7

10

15

20

25

Аммонит

АП-5ЖВ

2,5

5

8

12

2,3

1,9

1,6

1,4

2,6

2,1

1,8

1,5

2,8

2,3

1,9

1,7

3,0

2,4

2,1

1,8

3,2

2,6

2,2

1,9

Аммонит

Т-19

2,5

5

8

12

2,2

1,8

1,5

1,3

2,5

2,0

1,7

1,5

2,7

2,2

1,9

1,6

2,9

2,3

2,0

1,7

3,1

2,5

2,1

1,8

Угленит Э-6

2,5

5

2,0

1,6

2,2

1,8

2,4

2,0

2,6

2,1

2,8

2,2

Кесте 3 – Бұрғылау машинасының техникалық мүмкіндігіне байланысты шпурлардың тереңдігі

Бұрғылау қондырғысының атауы

Подача жүрісі, м

Шпурлардың тереңдігі, м

БУ-1, БУР-2, СБУ-2

1БУ-1, 1СБУ-2

БКГ-2

1БКГ-2

БУЭ-1м, БУЭ-3Т

ПНБ-2Б

2ПНБ-2Б

2,75

3,3

2,8

3,3

3,0

2,5

2,75

2,5

3,1

2,5

3,0

2,7

2,2

2,5

1.4 Шпурлардың санын анықтау

Шпурлардың санын келесі фомуламен анықтайды

, дана (2)

мұнда Δ – АЗ патрондағы тығыздығы, кг/м3 (кесте 1);

- АЗ патрон диаметрі, м;

- шпурларды толтыру коэффициенті, келесі мәндерге ие болады 0,4-0,5 шпурдың диаметрі 32 и 36 мм болғанда және 0,5-0,65 шпурдың диаметрі 40-45 мм болғанда;

lз – шпурдағы зарядтың ұзындығы, м;

k – АЗ оқтаған кездегі тығыздалуы, қарапайым патрондар үшін 1,1 тең және кесілген патрондар үшін 1,2 тең.

Шпурлардың нақты саны қабылданған вруб түріне және кенжардағы шпурлардың орналасу схемасына байланысты қабылдайды.

Кезкелген беріктігі бар жыныстарда сыналық врубтар (бір немесе бірнеше қатарлы) және тік врубтар қолданылады. Кенжарда қолданылатын шпурлар жинағы врубты, көмекші және контурлы болып бөлінеді.

Врубты шпурлар кенжардың ортасында қолданылады. Олар қосымша ашық бет жасау үшін арналған, бұл жағдайда заряд жарылысының күші есейеді. Врубты шпрлардың тереңдігі басқа шпурларға қарағанда 10-15% артық алынады. Врубты шпурлардың саны қабылданған вруб түріне байланысты алынады. Тік сыналы вруб үшін врубты шпурлардың саны Nвр = 4-12 дана. Қос врубты шпурдың аралығы 0,35-0,5 м құрайды, кенжар кеңістігіне құлау бұрышы 80-85°.

Контурлы шпурлар қазба пішіні бойынша жыныстарды бұзу үшін арналған. Оларды қазба периметрі бойынша жобалық қимадан 15 – 20 см аралықта орналастырады. Беріктігі орташа жыныстарда өтілген кезде шпурлардың ұштарын қазбаның жобаланған контурында орналастырады. Сонымен, контурлы шпурларды кенжарға көлбеу бұрышпен орналастырады, көлбеу бұрышы 75-85° болады. Контурлы шпурлардың зарядтары ең соңғы болып аттырылады.

Контурлы шпурлардың арақашықтығы келесі формуламен анықталады

, м. (3)

Контурлы шпурлардың саны келесі формуламен анықталады

, дана, (4)

мұнда Р − шпурлардың орналасу периметрі, м.

Көмекші шпурларды кенжарға тік бұрышпен бұрғылайды, врубты және констурлы шпурлардың аралығында біркелкі орналасатырады. Олар негізгі сілемдегі жыныстарды бұзуға арналған, врубты шпурлар атылғаннан кейін атылады.

Көмекші шпурлардың санын келесі формуламен анықтайды

, дана. (5)

1.5 АЗ шығынын анықтаймыз

Жалпы АЗ шығыны келесі формуламен анықталады

, кг. (6)

Шпурлардағы орташа заряд мәні келесі формуламен анықталады

, кг. (7)

Врубты, көмекші және контурлы шпурлардағы зарядтардың көлемін анықтау үшін орташа заряд көлемін келесі түзету коэффициенттерге көбейту керек — врубты шпурлар үшін 1,2, көмекші және контурлы шпурлар үшін — 0,85-0,9

, , . (8)

Шпурлардағы АЗ патрондарының саны келесі формуламен анықталады

, , , (9)

мұнда рпат – АЗ патронының салмағы, кг. Алынған мән бүтін санға дейін жуықталады.

Нақты врубты, көмекші және контурлы шпурлардағы зарядтардың көлемі келесі формаламен анықталады

, кг , кг, кг. (10)

АЗ циклдегі нақты шығыны келесі формуламен анықталады

, кг. (11)

Циклдегі шыққан жыныстар көлемі келесі формуламен анықталады

, м3, (12)

мұнда η – шпурды қодлану коэффициенті (ШҚК), 4 кестеден жыныстардың беріктігіне байланысты қабылданады.

Кесте 4 –Шпурды қолдану коэффициенті

Жыныстардың беріктік коэффициенті,

ШҚК,

1,5 – 3

0,95 – 1,0

4 – 6

0,85 – 0,95

7 – 15

0,8 – 0,85

15

0,75 – 0,8

АЗ шпурдың 1 м шаққан шығыны келесі фомуламен анықталады

, кг/м, (13)

мұнда – барлық шпурлардың жалпы ұзындығы, м.

    1. Бұрғылап аттыру жұмыстарының паспортын құру

Есептелген параметрлерге негізделе отыры бұрғылап аттыру жұмыстарының паспорты құрылады, оның құрамына шпурлардың орналасу схемасының үш проекциясы, шпурдағы зарядтың конструкциясы, шпурлардың нөмірі мен атылу ретін, шпурлардың ұзындығы мен құлау бұрышын, шпурдағы заряд көлемін көрсететін кесте. БАЖ паспортының мысалы 1 суретте көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]