Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-apta.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
31.46 Кб
Скачать

І семестр

5-тақырып. Уақыт және адам. Уақыт алтыннан да қымбат. Омоним. Сөздердің көп мағыналығы.

Практикалық семинарлық сабақтың жоспары

1. Омоним. Сөздердің көп мағыналығы туралы айтып өту, жаттығулар орындау.

2. Уақыт және адам. Уақыт алтыннан да қымбат тақырыптары бойынша тапсырмалар орындау, сұхбаттасу, әңгімелесу , студенттердің қызығушылығын, белсенділігін жұмыс істеу қабілетін арттыру.

.

Омоним. Сөздердің көп мағыналығы

Кез келген ұлттың тілінде кейбір сөздің бірнеше мағынасы болуы болады. Мысалы: бас – голова, таудың басы – вершина, пик, бұлақ басы – источник родника, жұмыс басы – на работе. Берілген сөздердің жұмсалу мағыналары әртүрлі болғанмен, байланыстары да бар. Сондықтан бұндай сөздерді көп мағыналы дейміз.

Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы.

Мысалы: Бас. Адамның басы. Судың басы (бұлақ). Сөздің басы (сәлем). Таудың басы (шың).

Айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омоним дейді.

Мысалы: Ат. Ат (лошадь) жарысы басталды. Нәрестеге ат (имя) қойылды. Тирде көздеп ат (стреляй).

Мысалы: Жақ. Адамның жағы. От жақ. Маған жақ бол. Қара бояу жақ.

Омонимдердің жасалу жолдары

Жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс), жастық (жас+тық)

Кірме сөз арқылы: ақ (парсыша – бақт), сап (арабша - саф)

Сөздің дыбыстық өзгеріске ұшыруы: біз (бігіз)

Жаттығу жұмыстары.

1 - жаттығу. Омонимдерді табыңыз.

Салмақты бала асықпай заттарды сөмкеге салды. Ол кешегі шыны ыдысын шынымен жоғалтып алыпты. Мыстан кемпір Қобыланды батырды жердің түбіне батырып жіберді. Олар қалаға ертең келіп қалады. Жазда жаңбыр жаумады. Тал түсте далаға шықты. Бала бал арасын тамашалады. Ол тартпаның тұтқасын тартты.

2 - жаттығу. 1) Төмендегі мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2) Мәтіннен омоним сөздерді тауып, олардың қалай жасалғандығын түсіндіріңіз.

Дүниеде не өлмейді?

Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» –деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді

Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып:

Ағын судың өлгені –

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені –

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені –

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені –

Қар астында жатқаны

Ажал деген атқан оқ.

Бір алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді, -

дейді.

Мәтінге арналған сөздік:

Дүниеде не өлмейді? - здесь: Что на свете вечно?

Бір ауыздан - единогласно

Ағын - течение

Қату - замерзать

Жабу - покрывать

Еңкею - наклоняться, пригибаться

Астыңда - здесь: под

Ажал - Смерть

Қақпан - Капкан

Ғалым – ученый

3-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің әр мағынасына сөйлем ойлап жазыңыздар да, олардың көп мағыналы не омоним екенін ажыратыңыздар.

1. Қол: а) адамның дене мүшесі, ә) әскер. 2. Жаз: а) жыл мезгілі, ә) жазу, б) бүктелген нәрсені жаю, в) аурудан айығу. 3. Ана: а) шеше, ә) туған тіл. 4. Жүз: а) бет, әлпет, ә) суда жүзу, б) жердің беті, в) пышақтың өткір жағы, г) сан.

Уақыт және адам

Адамның өмірі уақытпен тығыз байланысты. Адам кім? деген сұраққа жауап берсе, уақыт әрдайым қашан? деген сұраққа жауап береді. Мысалды алыстан іздемей-ақ әрқайсымыз кешегі, бүгінгі және ертеңгі өмірімізді ойша шолып қарайтын болсақ бәрібір кім? қашан? деген сұрақтарға соқпай кете алмаймыз. Өйткені, адамның тыныс-тіршілігі ешқашан уақыттан тыс болуы мүмкін емес. Сен қашан ұйқыңнан оянасың? Қашан сабаққа барасың? Сабақтан қашан келесің? Ұйықтауға қашан жатасың? Бұл сұрақтарға жауап бергенде адамның бір күнгі өмірі туралы білуге болады. Ал уақыт ұшқыр, ол қайталанбайды. Біз шартты түрде адамның өміріне қатысты уақытты өткен күн, бүгінгі күн, және ертеңгі күн деп бөлгенмен, бүгінгі күн бәрібір ертеңге айналады. Ал ертеңгі күн бүгін болады да, ол да өте шығады. Орыс халқында күндер жүріп өтеді, айлар жүгіріп өтеді, жылдар ұшып өтеді (дни идут, месяцы бегут, года пролетают) деген сөз бар. Ол өмірден алынған шындық. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол өзгереді. Сол сияқты уақыт көшіне ілескен адам да өзгереді. Ойлап қараңыздаршы, кешегі мектеп оқушылары болған сіздер бүгін студентсіздер. Ал ертең маман болып шығасыздар.

Бұл өзгерістердің бәрі уақытпен байланысты. Адам әлде бір жерден, географиялық нүктеден, мысалы қаладан немсе әлде бір оқиғалардан тыс болуы мүмкін. Бірақ та ол ешқашан уақыттан тыс бола алмайды. Уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі. Сондықтан ол секунд, минут, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр деп бөлінеді. Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең - ол ғасыр. Сол ғасырдың өзі секундтардан тұрады. Небір үлкен оқиғлардың өзі қас қағым сәтте (миг) болады.

Адам мен уақытты бөлек, жеке-жеке қарастыру ешкімнің қолынан келмейді. Адамның қолынан көп нәрселер келеді. Біраз нәрсені жасап өзгерте алады. Бірақ адам уақытқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды. Уақытын бағалап, оның қадірін түсінген адам, ең ақылды, ең бақытты адам. Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Уақытпен үйлесім таппаған қоғам да өркениет көшінен артта қалады. Қандай істе болсын уақытты ұтымды пайдалану - үлкен өнер.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен омоним сөздерді теріп жазыңыз.

3-тапсырма. «Уақыт» сөзімен тіркесетін сөз тіркестерімен танысыңыз. Осы сөз тіркестерімен бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз.

уақыт - время, момент, дата, срок

уақыт аз қалды - осталось мало времени

уақытын белгілеу - установить время

уақыт және кеңістік - время и пространство

уақыт зымырап өтіп барады - время летит быстро

уақыты келді - настало время

уақыт күтпейді - время не ждет

уақыт қымбат - время дорого

уақыт озған сайын - с течением времени

уақытты босқа өткізу - попусту тратить время

уақытты мақсатсыз босқа өткізу - бесцельно тратить время

уақыттың босқа өтіп кеткеніне өкіну - жалеть о потерянном времени

уақытын жоғалту - терять время; потерять время

уақыт өткізу - убивать время

уақыт өткен сайын - с течением времени

уақыт табу - находить время

уақыт тас екеш, тасты да тоздырады - время и камень точит

уақытым жоқ - мне некогда

4-тапсырма. Өзіңіз туралы мәтін құрастырыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Мен 1984 жылы, сәуір айында дүниеге келдім. Жұлдызым - тоқты. Көктем айында туғандықтан болар мен көктем мезгілін ерекше жақсы көремін. Әсіресе, наурыз айын ұнатамын. Себебі, наурыз айында күн жылынып, қар ери бастайды. Жер көгеріп, адамдардың көңіліне үміт, қуаныш ұялайды.

5-тапсырма. Әлем ойшылдарының уақыт туралы айтқан қанатты сөздерін оқып, аударыңыз.

Өмір – мұхит, уақыт — толқын. (Абай)

Уақытты босқа өткізу — ең ауыр шығын. (Ж.Бюффон)

Адам баласының табиғаты қызық қой, — байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. (Абул-Фарадж)

Ұйықтар алдында өткен күніңді, өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма. (Пифагор)

Уақыт – біздің ойымыздан да жүйрік. (Анжелика Миропольцева)

Уақыт күтпейді. (Вальтер Скотт)

Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені ең дұрыс жол. (В.Г. Белинский.)

Жастық өз уақытын білмейді. (Р. Хорезми)

Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді. ( А.В. Суворов).

Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. (Гете).

Ал, біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада немесе біраз күннің ішінде бітіреміз деп жобалай саламыз. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз», – деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген оймен бір сағаттан соң оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз», – деп жатып кеп ашуланған екен.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

• Уақыт деген не?

• Уақыт мемлекет үшін керек пе?

• Уақытты үнемдеу деген не?

• Уақытты үнемдеу – тек жеке адам үшін емес, мемлекет үшін қажет дегенді қалай түсінесіз?

• Бос уақытты қалай пайдалану керек.

• Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

• «Уақыт адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе?

• Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?

7-тапсырма. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, олармен сөйлем құраңыз.

Жүректің кілті_________________________________________________

Ақылдың кені_________________________________________________

Білім бұлағы__________________________________________________

Қалың ой_____________________________________________________

Суық сөз_____________________________________________________

8-тапсырма. Өлеңді жаттайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]