Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа каз..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
810.5 Кб
Скачать

9 Тақырып. Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру. Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері. Өндірісті ұйымдастыру және басқару

  1. Тау – кен өнеркәсібіндегі өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері.

  2. Негізгі өндірісті ұйымдастыру.

  3. Өндірісті даярлау.

  4. Тасымалдау және көтеру көмекші өндірісін ұйымдастыру.

  5. Басқарудың негізгі қағидалары мен тапсырмалары.

  6. Басқарудың әлеуметтік психологиялық негіздері.

  7. Қазіргі кездегі басқарудың әдістері, олардың нарықтық экономикадағы ерекшеліктері.

  8. Тау – кен кәсіпорынының өндірістік құрылымы.

  9. Өдірістік үрдістердің жекелеген бөлімдеріне бизнес – жоспар құру.

Ұсынылатын әдебиет 1,2,3,4,6.

10 Тақырып. Еңбек ақы төлеу қорын жоспарлау және басқару және еңбекті ұйымдастыру. Еңбек ұжымын басқару

1. Еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

  1. Еңбек ақы төлеудің негізгі нұсқалары мен жүйелері.

  2. Еңбекті ұйымдастыру түсінігі және тапсырмалары.

  3. Жұмыс орындарын ұйымдастыру, жабдықтау және қызмет көрсету.

  4. Еңбек ұжымын дербес басқару.

  5. Ұжымдық келісім – шарттар.

  6. Шаруашылық есебі.

8. Кәсіпорындар туралы заңдар, кәсіпорын нұсқалары және олардың шаруашылық жүргізуінің негізгі қағидалары.

Ұсынылатын әдебиет 1,2,3,4.

Студенттердің білімін бағалау белгілері

Пән бойынша емтихан бағасы аралық бақылау (60% дейін) және қорытынды аттестаттау (емтихан) (40% дейін) бойынша үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталады және кестеге сәйкес 100% дейін мәнді құрайды.

Әріптік баға бойынша бағалау

Сандық бағалауэквиваленттері

Меңгерілген білімдердің проценттік мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

Өте жақсы

В+

В

В-

3,33

3,0

2,67

85-89

80-84

75-79

Жақсы

С+

С

С-

D+

D

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

Қанағаттанарлық

F

Z

0

0

30-49

0-29

Қанағаттанарлықсыз

«А» (өте жақсы) деген баға, студент семестр барысында пәннің барлық бағдарламалық сұрақтары бойынша өте жақсы білім көрсеткен, сонымен қатар, өздік жұмыс тақырыптары бойынша жиі аралық білімін тапсырған, оқылатын пән бойынша негізгі бағдарлама бойынша теориялық және қолданбалы сұрақтарды оқуда дербестік көрсете білген жағдайда қойылады.

«А-» (өте жақсы) деген баға негізгі заңдар мен процестерді, ұғымдарды, пәннің теориялық сұрақтарын жалпылауға қабілетін өте жақсы меңгеруін, аудиториялық және дербес жұмыс бойынша аралық тапсырмалардың жиі тапсырылуын болжайды.

«В+» (жақсы) деген баға, студент пәннің сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды көбінесе «өте жақсы» және кейбіреулерін «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.

«В» (жақсы) деген баға, студент, пәннің нақты тақырыбының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды уақытында «өте жақсы» және «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.

«В-» (жақсы) деген баға студентке, егер ол аудиториялық қалай болса, дәл солай СӨЖ тақырыптары бойынша пәннің теориялық және қолданбалы сұрақтарына жақсы бағытталады, бірақ семестрде аралық тапсырмаларды жиі тапсыратын және пән бойынша семестрлік тапсырмаларды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болған жағдайда қойылады.

«С+» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «жақсы» және «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.

«С» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.

«С-» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша жалпы мағлұматтандырылған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D+» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және аудиториялық сабақтар мен СӨЖ бойынша білімі төмен, сондай-ақ, сабақтар босатқан жағдайда қойылады.

«F» (қанағаттанарлықсыз) деген баға студент, СӨЖ және сабақтардың түрлері бойынша теориялық және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтарға жиі қатыспайтын және уақытында семестрлік тапсырмаларды тапсырмайтын жағдайда қойылады.

«Z» (қанағаттанарлықсыз) деген баға студент, СӨЖ және сабақтардың түрлері бойынша теориялық және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтардың жартысынан көп қалатын және семестрлік тапсырмаларды ұсынбаған жағдайда қойылады.

Аралық бақылау оқытудың 7-ші, 14-шы апталарында жүргізіледі және бақылаудың келесі түрлерінен шыға отырып, ұйымдастырылады:

Бақылау түрі

%-тік мәні

Оқытудың академиялық кезеңі, апта

Барлығы, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысушылық

0,66

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

10

Модульді тапсыруы

5

10

15

Бақылау жұмысы

1,0

5

5

5

5

20

СДЖ

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

Емтихан

40

Барлығы (аттестация бойынша)

30

30

60

Барлығы

100

Саясат және рәсімдер

«Тау-кен кәсіпорынының экономикасы, жоспарлау және басқару» пәнін оқу кезінде келесі ережелерді сақтауды өтінеміз:

1 Сабаққа кешікпей келуді.

2 Дәлелді себепсіз сабақ босатпауды, ауырған жағдайда анықтама, ал басқа жағдайларда түсініктеме хат ұсынуды.

3 Студенттің міндетіне барлық сабақтарға қатысу кіреді.

4 Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсыру.

5 Жіберілген практикалық сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру.

6 Оқу процесіне белсене қатысу.

7 Дәріс кезінде ұялы телефонын пайдаланбау.

8 Курстастарға және оқытушыларға шыдамды, ашық және тілектес болу.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілушілік

Автордың

аты-жөні

Оқу-әдістемелік әдебиеттің атауы

Баспа, басылып шығатын күні

Даналар саны

кітапханада

кафедрада

Негізгі әдебиеттер

В.Н.Задорожный

Экономика, организация и планирование горного производства

Москва, Недра, 1998г.

10

1

Н.Я. Лобанов,

Организация, планирование и управление производством в горной промышленности

Москва, Недра, 1989г.

10

1

Н.И. Жазлов

Основы управления в горной промышленности

Москва, Недра, 1987г.

10

1

В.И. Ганицкий

Организация и управление горным производством.

Москва, Недра, 1991г.

10

1

Сборник задач по организации, планированию и управлению горным производством.

Москва, Недра, 1987г.

15

1

Астахов А.С.

Экономика и менеджмент горного производства. Книга 1,2. Основы экономики горного производства.

Учебное пособие . Академия горных наук, 2002, 368 с.

10

1

Қосымша әдебиеттер

О.Ю. Мамедов,

Современная экономика.

Ростов на Дону изд. «Феликс», 1998.

15

-

М.С. Мокий, Л.Г. Скамой, М.И. Трубочкина

«Экономика предприятия».

М:ИНФРА М, 2002

5

1

Жиделева В.В., Каптейн Ю.Н.

Экономика предприятия.

М: ИНФРА М, 2002

5

1

Н Л. Зайцев.

Экономика промышленного предприятия,

М: ИНФРА М, 2002

10

1

В.А. Швандер

Экономика предприятия. Тесты. Задачи, ситуации. Учебное пособие.

3-е изд. Перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ, 2003.- 254с

-

1

С.Ф. Покропивный

Экономика предприятия. Задачи Ситуации. Решения: учебное пособие

Киев. Знания-Пресс, 2001- 344с

10

-

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

Бақылау түрі

Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиеттер

Орындау

ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

Жазбаша бақылау жұмысы

Өткен материалдарды меңгеру

Негізгі әдебиеттер

2 апта

Жазбаша жұмыс

3

апта

Модуль тапсыру

Өткен материалдарды меңгеру

Негізгі және қосымша әдебиеттер

15 мин/адам

Дербес жауап

7 апта

Жазбаша бақылау жұмысы

Өткен материалдарды меңгеру

Негізгі әдебиеттер

1 апта

Жазбаша жұмыс

7

апта

Жазбаша бақылау жұмысы

Өткен материалдарды меңгеру

Негізгі әдебиеттер

1 апта

Жазбаша жұмыс

11

апта

Жазбаша бақылау жұмысы

Өткен материалдарды меңгеру

Негізгі әдебиеттер

1 апта

Жазбаша жұмыс

14

апта

Модуль тапсыру

Өткен материалдарды меңгеру

Негізгі және қосымша әдебиеттер,

әдістемелік нұсқаулар

15 мин/адам

Дербес жауап

14 апта

Емтихан

Семестрдегі материалдарды меңгеру

Негізгі және қосымша әдебиеттер

2 сағат

Қорытынды тесттік сұрау

Сессия мерзімі

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар(тест тапсырмалары)

1 Жабдықтарды экстенсивті қолдану резервіне жазылғандардың қайсысы жатпайды:

А)жабдықтардың тоқтап қалуын азайту

Б)ауысымдылық коэфицентін көтеру

В)әсер етпейтін жабдықтардың ара салмағын азайту

Г)жаңа, көбірек өндіретін жабдықтарды тауып алу

2 Қор қайтару шыққан азық-түліктің негізгі қорларға бөлінуімен анықталады. Бірақ бұл жағдайда негізгі қордың құны қалай есептелінеді?

А)жыл басында

Б)жыл аяғында

В)олардың орта жылдық құндылығы сияқты

3 Дәл осы уақытта негізгі өндірістік қорлар бағалау әдісінің қай түрі олардың құндылығын көрсетеді?

А)алғашқы құн арқылы

Б)қалпына келтіру құндылығы арқылы

В)қалған алғашқы құн арқылы

Г)қалған қалпына келтіру құн арқылы

4 Ең жақсы қолдану арқасында, негізгі қордың қай бөлігінде кәсіпорынның қор қайтаруы жүреді?

А)ғимараттарда

Б)құрылыстарда

В)жұмыс машиналарында

Г)көліктік құралдарда

Д)жоғарыда аталғандардың бәрі

5 Амортизациялық бөліп шығару нормасы кіммен орнатылады?

А)кәсіпорынның өз еркімен

Б)министерствамен

В)үкіметпен

6 Негізгі қордың қалпына келтіру құны қалай анықталады?

А)жыл сайын

Б)үкіметтің арнайы шешімі бойынша

В)әр 51 жыл сайын

7 Жабдықтардың қалпына келтіру құндылығы дегеніміз не?

А)жабдықтардың жөндеуден кейінгі құны

Б)жабдықтардың тозық есебімен құны

В)дәл осы уақыттағы жабдықтарды жасау құндылығы

8 Ғимарат амортизациясының нормасы 2%. Бұл ғимараттың қызметінің мерзімі қаншаға тең?

А)оны есептеу мүмкін емес, деректер толық емес

Б)50 жыл

В)100 жыл

Г)200 жыл

9 Негізгі қор - .... ретінде қолданылатын мүлік бөлігі

А)еңбек заты

Б)еңбек құралы

В)жұмыс күші

10 Қалпына келтіру құндылығы - бұл алғашқы құндылық:

А)өткен уақыт кезеңіндегі бағамен және шартпен

Б)келешек уақыт кезеңіндегі бағамен және шартпен

В)дәл осы кезеңдегі бағамен және шартпен

11 Негізгі қор дегеніміз не?

А) Еңбек құралдарында заттай көрсетілген, ұзақ уақыт кезеңінде өзінің натуралды формасын сақтайтын және тек бірнеше өндірістік цикл өткеннен кейін қайтарылатын, өндірістік қордың бір бөлігі

Б)айналым құралдарының анықтамасына жақын анықтама

В) экономикалық категория: негізгі қорлар ақша көрінісінде негізгі құралдарды білдіреді;

Г) өндіріс процесіне тікелей қатысатын, еңбек заты;

12 Негізгі қорды бағалау кезінде қолданылатын негізгі экономикалық көрсеткіштерді көрсетіңдер:

А)негізгі қорды қолданудағы интенсивтік көрсетеді

Б)өндірістік аудандарды және құрылғыларды қолдану көрсеткіші

В)рентабельділік нормасы және негізгі қордың қор қайтару көрсеткіші

Г)негізгі қорды бағалау кезінде қолданылатын көрсеткіштер а,б,в жауаптарында көрсетілген

13 Негізгі өндірістік қорлар өз құндылығын ... жібереді.

А)сатылған өнімге

Б)жалпы өнімге

В)таза өнімге

Г)шартты таза өнімге

14 Негізгі өндіріс қорының жылдық орташа мөлшер құнын оның құндылығы көрсетеді

А)жыл басында

Б)жыл аяғында

В)жыл басында, қорға жыл бойы кірген құндылықтарды қосып

Г)жыл бойы енгізілген және жойылған негізгі қордың орташа жылдық мөлшер құнын қосып жыл басында

Д)жойылған қордың құнын және жыл басында

15 Амортизацияны есептеген кезде қандай құндылық қолданылады

А)алғашқы

Б)қалпына келтіру

В)қалған

Г)жойылған

16 Экономикалық процесс кезінде негізгі өндірістік қордың қандай тозық түрлері ескеріледі

А)күш қуаттық, адамгершілік, әлеуметтік

Б)күш қуаттық

В)күш қуаттық, адамгершілік

Г)адамгершілік

Д)күш қуаттық және әлуметтік

Е)адамгершілік және әлеуметтік

17 Қор қайтару өндірістік өнім құндылығының .... қарым қатынасы тәрізді есептеледі

А)негізгі өндірістік қордың орташа жылдық мөлшер құнына

Б)алғашқы құндылыққа

В)қалпына келтіруге

Г)қалдыққа

18Алмастыру коэфиценті .... қарым қатынасы тәрізді есептеледі

А)жалпы станокалмастырушылардың тәулік ішінде істеген ісінің, жабдықтау нормаларының орташа жылдық мөлшер құнына

Б)бір тәулік ішінде істелген істердің, алмастыру санының, орнатылған жабдықтар санына

В)үлкен алмастырудағы жұмыс істеп тұрған жабдықтардың санының қолда бар жабдықтар санына

Г)жалпы станокалмастырушылардың тәулік ішінде істеген ісінің, жұмыс істеп тұрған жабдықтардың ең көп болған алмастыру кезіне

19 Жабдықтарды жүктеу коэфиценті ... қарым қатынасы тәрізді анықталады

А)өндірілген өнім санының орнатылған жабдықтар санына

Б) өндірілген өнімнің санының жабдықтар паркінің жылдық тиімді жұмыс қорына қатынасы

В)жылдық бағдарламадағы станок сиымдылықтың жабдықтар санына

Г)жылдық бағдарламадағы еңбек сиымдылықтың жабдықтар санына

Д) жылдық бағдарламаның станок сыйымдылығының жабдықтар паркінің жылдық тиімді жұмыс қорына қатынасы

20 Қолда бар өнімнің қор сиымдылығы өндірілген өнімнің құнына келетін негізгі өндірістік қор құнын көрсетеді яғни:

А)жыл аяғында негізгі өндірістік қор құны

Б)аралас және негізгі кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық қоры

В)негізгі кәсіпорындардың негізгі қорының орташа жылдық мөлшер құны

Г)негізгі қордың баланстық құны

21 Жабдықтар жұмысының жылдық уақыт қорына жабдықтың жасы қалай әсер етеді?

А) әсер етпейді

Б) жастық сипатқа пропорциалды қысқарады

В)әрбір жастық интервал үшін жылдық уақыт қорының белгілі бір қысқару пайызы сәйкес

22 “Кәсіпорынның айналым қорлары” түсінігі өзіне нені қосады?

А) негізгі және қосалқы материалдар, өзінің шығарған жартылай фабрикаттары, өнімді толықтыратын сатып алынатын жартылай фабрикаттар;

Б) Өндірістік циклда бір рет қатысып және өзінің құнын толығымен шығаратын өнімнің өзіндік құнына аударатын өндіріс құралдарының бөлігі;

В)Өндірістік циклда көп рет қатысып және өзінің құнын шығаратын өнімнің өзіндік құнына аударатын өндіріс құралдары;

Г)Өндірістік циклда көп рет қатысып және өзінің құнын шығаратын өнімнің өзіндік құнына бірден аудармай тозуы бойынша бөліктеп аударатын еңбек құралы;

Д) өнімді дайындауға қажетті еңбек құралы

23 Кәсіпорынның айналым өндірістік қорының құрамына қандай материалды – заттық элементтер кіреді?

А) шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, сатып алатын бұйымдар, артық бөліктердің, отынның өндірістік қоры, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары;

Б)Станоктар, агрегаттар, ыдыс, сөрелер

В)дайын өнім, кассадағы және кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары;

Г) кәсіпорынның пайдасы, мердігерлерге қарыздар;

24 Минималды запас дегеніміз не?

А)жаңа партияны сатып алуға тапсырысты орындауға қажетті, запас мөлшері;

Б) жеткізу уақытының және тұтыну көлемінің кездейсоқ ауытқуларын есепке алатын запас мөлшері;

В) жеткізу партиясының тиімді мөлшері

Г) басқалар;

25 Белгілі бір мерзім үшін запастардың айналым коэффициенті неден тәуелді?

А) бастапқы және соңғы запастардан

Б) орташа запастан

В)сататын өнімнің өзіндік құнынан және орташа запастан

Г) жоғарыда аталғанның бәрі

26 Айналым капиталы дегеніміз не?

А)өндіріс және айырбас циклында түрі өзгеретін және өндірістік запас, дебиторлық қарыз, ақша қаражаттары және бағалы қағаздар түрінде шығатын кәсіпорынның капиталының бір бөлігі;

Б)міндеттемелер сомасын алып тастағандағы заңды және жеке тұлғалардың активтерінің таза құны;

В) ұзақ мерзімді қызмет ететін материалды – заттық элементтердің жиынтығын білдіретін, кәсіпорынның капиталының бір бөлігі;

Г) еңбек заттарын сатып алуға кеткен, авансталған капиталдың бір бөлігі;

27 Төменде аталғандардың қайсысы айналым қорларына жатады?

А) Саланың, кәсіпорынның материалдық ресурстары;

Б) Кәсіпорынның көліктік құралдары, өндірістік ғимараттар, құрылғылар;

В) дайын өнім, тиелген, жолдағы өнім, акциялардағы, есеп айырысу шотындағы, кассадағы ақша қаражаттары, барлық қарыздардың түрлері;

Г) пайда

28 Жазылғандардың қайсысы өндірістің айналым құралдарының құрамына кіреді?

А)қоймадағы дайын өнім, отын, артық бөлшектер, материалдар запастары

Б)айналым қорлары және айналу қоры

В)қоймадағы дайын өнім,аяқталмаған өндіріс

Г)Қоймадағы дайын өнім, цех жабдықтары

Д) өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақтағы шығындар

29 Жазылғандардың қайсысы аяқталмаған өндіріске жатады?

А)өндірістік процеске әлі кірмеген еңбек құралдары

Б)өндірістік процеске кірген бірақ әлі өңдеу сатысында тұрған еңбек құралы

В)өндіріс циклінің үздісіздігін қамтамасыз ететін, кәсіпорында белгілі бір мөлшерде бар, еңбек құралы

Г)өндірістің жаңа өнім түрлерін өндірумен және оларды игерумен байланысты шығындар

30 Айналым құралының айналымдылық коэфиценті нені сипаттайды?

А)еңбектің техникалық жабдықтарының деңгейі

Б)айналым құралдарын қолданудағы қарқындылық

В)бір айналымның орташа ұзақтығы

Г) өндірістік қордың бір теңгесіне келетін, сатылған өнім мөлшері

31 Көрсеткіштердің қайсысы өнімнің материал сиымдылығын мінездейді

А)өндірістің техникалық деңгейі

Б)бір бұйымды дайындауға кететін материалдардың жалпы салмағы

В)өнім дайындауға кететін материалдар шығындарының нормасы

Г)материалдарды үнемді қолдану

32 Қандай көрсеткіштер айналым құралдарын тиімді қолдануды сипаттайды?

А)өндіріс рентабельділігі, пайда

Б)қор қайтару, өнімнің қор сиымдылығы, еңбекті қор қаруландыру

В)айналымдылық коэфиценті, бір айналымның орташа ұзақтылығы

Г)айналым құралының қайтымдылық деңгейі

33 Айналым құралдары өзінің қозғалысында қандай кезеңнен өтеді?

А)ақшалай

Б)өндірістік

В)тауарлық

Г)жоғарыда аталғандардың барлығы

34 Айналым құралдарына кіреді:

А)көліктік құралдар

Б)жұмыс машиналары және жабдықтар

В)аспап

Г)айналым қоры және айналыс қоры

Д)айналым қоры және дайын өнім

Е)айналыс қоры және өндірістік запастар

35 Айналым құралдары қандай кезеңнен өтеді?

А)ақшалай және тауарлық

Б)ақшалай және сатылған

В)тауарлық, өндірістік, ақшалай

Г)ақшалай, сатылған, тауарлық

Д)сатылған, ақшалай

36 Нормаланған айналым құралын құрамына қай өндірістік қор элементі кірмейді?

А)өндірістік запастар

Б)толық аяқталмаған өндіріс

В)өлшегіш приборлар

Г)дайын өнім

Д)сатып алынған жартылай фабрикаттар

37 Айналым құралының қай элементі нормаланбайды?

А)өндірістік запас

Б)толық аяқталмаған өндіріс

В)дебиторлық қарыз

Г)болашақтағы кезеңдегі шығындар

Д)дайын өнім

38. Запастың қай түрлері өндірістік запасқа кірмейді?

А)ағымдағы запастар

Б)орнатылмаған жабдық запастары

В)сақтандыру запасы

Г)көліктік запас

Д)технологиялық запас

39. Айналым құралдарының тиімділігін бағалау кезінде қандай көрсеткіш қолданылмайды?

А)алмастыру коэфиценті

Б)айналым саны

В)бір айналымның ұзақтығы

Г)айналым құралдарын босатудың құндылығы

40. Айналым санын бағалау кезінде қандай көрсеткіштер қолданылады?

А) тауарлы өнімнің құны

Б)өткізілген тауардың құны

В)өткізілген өнімнің өзіндік құны

Г)айналма қордың құны

Д)айналма қордың қалдығы

41.Бір айналымның ұзақтығын бағалау кезінде қандай көрсеткіштер қолданылады ?

А) бір жыл ішіндегі жұмыс күнінің саны

Б)бір жыл ішіндегі күнтізбелік күндердің саны

В)кәсіпорынның жұмыс тәртібі

Г)өндірістік қорлардың орташа жылдық құны

Д)айналма жабдығының мөлшері

42.Айналма жабдығының жүктелу коэффициентіне не енеді?

А)өткізілген өнімнің құны

Б)өткізілген өнімнің өзіндік құны

В)айналма қордың құны

Г)айналма жабдығының орташа жылдық құны

Д)өндірістік қорлардың орташа жылдық құны

43.Факторлардың қайсысы өндірістік қорлардың мөлшерінің төмендеуіне әсер етпейді?

А)материалдарды тұтыну мөлшерінің төмендеуі

Б)еңбек өнімділігінің өсу шегі

В)қалдықтарды қолдану

Г)материал сапасының артуы

Д)тапшы материалды алмастыру

44.Төмендегілердің қайсысы жұмысшылар категориясына жатпайды?

А)жұмыскерлер

Б)қызметкерлер

В)жөндеуші

45.Мамандық деген не?

А)арнайы дайындықты қажет ететін және тіршіліәк етудің көзі болып табылатын еңбек әрекетінің түрі

Б)тіршілік көзі болып табылатын мамандық

В)жұмыскер орындай алатын кез келген жұмыс түрі

46.Қоғамның құқыөты мүшесінің қайсысы жұмыскер болып

табылады?

А)жұмысты орындаушылар

Б)еңбек өнімін өндірумен тікелей айналысатын адамдар

47.Қандай жұмысшылар қызметкерлер категориясына жатады7

А)көбінесе еңбек өнімін өндірушілерді басқаруды қамтамасыз ететін ой еңбегінің жұмыскерлері

Б)кәсіпорын иесінің қызметінде тұрғандар

48.Төмендегі қызметиесінің қайсысы”жетекші”категориясына жатады?

А)Диектор

Б)директордың орынбасарлары

В)бас мамандар

Г)Аға инженерлер

Д) Цех бастығы

49.Кадрлардың тізімдік саны деген не?

А)кадрлардың тізімі бойынша саны

Б)кадрлардың белгілі мерзімге қатысты тізім бойынша саны

В)жұмысқа бір айдың ішінде келетін жұмыскерлер саны

50.Кадрлардың жалпы айналымының коэффициенті қалай анықталады?

А) жұмыскерлердің орташа тізімдік санға есеп беру мерзімінде қабылданған және шығарылғандардың жиынтық санының қатынасымен

Б)жұмыскерлердің тізімдік санға есеп беру мерзімінде қабылданған және шығарылғандардың жиынтық санының қатынасымен

51.Еңбек өнімділігі деген не ?

А)уақыт бірлігінде өнім өндіру

Б)өнім бірлігіне кеткен еңбек шығыны

В)өндіру және көп еңбек сіңіруді қажет ету көрсеткіштерімен анықталатын адамдардың пайдалы әрекетінің дәрежесі

52.Өндіру деген не?

А)өнімді шығаруға кеткен еңбек шығындары

Б)кәсіпорын өндірген өнімнің жалпы саны

53.”Көп еңбек сіңіруді керек қылушылық”ұғымын анықтаңыздар7

А)өнім бірлігіне кеткен еңбек шығыны

Б)еңбек бірлігіне кеткен материалдық жабдық шығыны

54.Факторлардың қайсысы еңбек өнімділігіне әсер етеді?

А)еңбектің үдемелі қарқындылығы

Б)детальдің станоктан шығу уақыты

В)өнім бірлігіне өндіруге кеткен еңбек шығыны

Г)еңбек ресурстарын орынды пайдалану

Д) жұмыскердің уақыт қоры

55 Төмендегі жағдайлардың қайсысында қоғамдық еңбектің өнімділігі артады?

А)негізгі техналогиалық жабдықтау паркі жұмысының уақыт қорының артуы

Б)ұлттың кіріс өсуінің қарқыны жұмыскерлер санының өсу қарқынымен салыстырғанда алда

В)жұмыс уақытының құрылымының өзгеруі

Г)жабдықтау бірлігін орташа өндірудің өсу шегі

Д)толық спиналы бос тұрудың қысқаруы

56 Көрсеткіштердің қайсысы еңбек өнімділігінің бағалық көрсеткіші болады?

А)бір көмекші жұмыскерге келетін өндірілген өнімнің саны

Б)өнім бірлігін өндіруге кеткен уақыт шығыны

В)жабдық бірлігіне келетін өндірілген өнімнің құны

Г)өнеркәсіптік -өндірістік қызметтің бір орташа тізімдік жұмыскеріне келетін өндірілген өнімнің құны

Д)бір жұмыскерге келетін материал құны

57 Қай көрсеткіш еңбек өнімділігінің еңбек көрсеткіші болып саналады?

А)станок алмастыру

Б)көп еңбек сіңіруді керек қылушылық

В)материал сыйымдылығы

Г)қор сыйымдылығы

Д)энергия сыйымдылығы

58.Қай ұғым өндіруді сипаттайды?

А)орташа бір станокта өндірілген өнім саны

Б)өнеркәсіптік-өндірістік қызметтің бір орташа тізімдік жұмыскеріне келетін өндірілген өнімнің құны

В)өнімнің жоспарланған көлемін өндіруге кеткен уақыт

Г)шығарылып жатқан өнімнің номенклатурасы

Д)бір жұмыскерге келетін негізгі өнімнің құны

59.Төменде берілген потенциолды мүмкіндіктердің қайсысы халықтың –шаруашылықтық қорларға жатады:?

А)жаңа еңбек құралын жасау

Б)арнайы бағытқа бағындыру

В)бірлестіру

Г)өндірісті орынды орналастыру

Д)еңбек құралдарын нәтижелі қолдану

Е) өнім бірлігін өндіруде еңбек шығынының төмендеуі

60. Төменде берілген потенцияларды мүмкіндіктердің қайсысы салалық қорларға жатады?

А) Жаңа еңбек құралдарын жасау

Б) Арнайы бағытқа бағындыру

В) Бірлестіру

Г)өндірісті орынды орналастыру

Д) Еңбек құралдарын нәтижелі қолдану

Е) өнім бірлігін өндіруде еңбек шығынының төмендеуі

61. Төменде берілген мүмкіндіктердің қайсысы өндістің ішкі қорларына жатады?

А) Жаңа еңбек құралдарын жасау

Б) Арнайы бағытқа бағындыру

В) Бірлестіру

Г)өндірісті орынды орналастыру

Д) Еңбек құралдарын нәтижелі қолдану

Е) өнім бірлігін өндіруде еңбек шығынының төмендеуі

62. Мына шарттардың қайсысы сандық қорларды сыйпаттайды?

А) Бұйымның көп еңбек сіңіруді қажет қылушылығының төмендеуі

Б) Маман қызметкерлердің үлесінің артуы

В) Жасалған деталь санының өсуі, жұмыс уақытының жоғалуының қысқаруы

Г) Жабдықтау паркінің өсуі

63. Жұмыскерлер босатылуының жалпы санының сипаттамасы7

А) Еңбек өнімділігінің артуы

Б)барлық фокторлар бойынша есептелген жұмыскерлер санының қысқаруы есебінен ұнемдеу суммасы

В)жұмыскерлер құрылымының өзгеруі

Г)мөлшерді орындау коэффицентінің өсуі

Д)бұйымның көп еңбек сіңіруді қажет қылушылығының төмендеуі

64.Қай көрсеткіштің өсуіне жалақы жағдай жасайды?

А)еңбек өнімділігі

Б)қор қайтару

В)материал сиымдылығы

65.Еңбек төлемі ұйымының ұстанымдарын көрсетіңіз?

А)еңбек санына тәуелді төлем

Б)жұмыскерлердің мамандануына және еңбек шартына тәуелді төлем ақының дефференцияасясы

В)шынайы толем ақының артуы

Г)еңбек өнімділігінің өсу қарқының төлем ақының өсу қарқына артуы

Д)материалдың ынталылық пенматериалдық жауапкершіліктің сәйкестігі

66.Еңбек төлем ұйымының кәсіп орындағы негізгі элементерін арттыру:

А)еңбек төлемінің формасы және жүйесі

Б)еңбек бойынша мөлшер

В)төлем ақы бойынша мөлшер

Г)әлеументтік сипаттағы үстеме, қосымша төлем және төлем жүйесі.

67.Еңбек төлемінің қандай формаларын білесіз?

А)кесімді

Б)мерзімді

В)окладтық

Г)аккордтық .

68.Еңбек төлемінің тарифті жүйесінің негізгі элементтерін атаңы?

А)тариф сеткасы

Б)тарифтік еңбек ақы мөлшері

В)қызметтік нұсқау

Г)тарифтік-маманданған анықтамалар

Д)тарифтік еңбек ақыға қосымша төлем

69.Қандай жағдайда еңбек төлемінің кесімді түрін мақсатқа сай қолданады?

А)жұмыстың сандықкөрсеткіштері болған кезде

Б)жұмыс сапасының нақты есебі мүмкін болған кезде

В)өндіруді ұлкейтуге жағдай жасау қажет болған кезде

70Қандай жағдайда еңбек төлемінің мерзімді түрін мақсатқа сай қолданады?

А)өндірудің сандық көрсеткіштері болған кезде

Б)жұмыстың жоғарғы сапасын қамтамасыз еткен жағдайда

Г)қызмет көрсету бойынша жұмыстың орындалуы кезінде

Д)жұмыскерлер еңбегі нақты мөлшерге сай келмегенде

71.Кесімді-сыйлық төлемі деген не?

А)жалақы,сыйлық,ақша

Б)жалақы, жоғарылатылған ақшалай сыйлық

В)жалақы,азайтылған ақшалай сыйлық

72.Бағалау қалай анықталады?

А)уақыт мөлшерін тарифтік еңбек ақы мөлшеріне көбейтумен

Б)өндіру мөлшерін тарифтік еңбек ақы мөлшеріне көбейтумен

В)өндіру мөлшерін тарифтік еңбек ақы мөлшеріне бөлумен

Г)тарифтік еңбек ақымөлшерін уақыт мөлшеріне бөлумен

73.Жалақы қорының жоспарлы өсуі қалай анықталады?

А)жұмыскерлер санын бір жұмыскердің жалақысына көбейтумен

Б)жұмыскер санын бір жұмыскер дің тарифтік еңбек ақысына бөлумен

74.Қандай басқару органы жалақы қорының құрамын қалыптастырады?

А)кәсіпорын дерексиясы

Б)мемкомстат

В)үкімет

75.Сәйкестікті орнатыңыз?

А)өнімнің өзіндік құны

Б)құн

В)шығындардың экономиалық элементері

Г)калькуляцияның баптары

Д)өндірістік шығындар

Е)өндірістен тыс шығындар

76.Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу қандай қызымен атқарады?

А)детальді дайындаудың бағасын анықтау үшін

Б)тура және жанама шығындарды есептеу үшін

В)өнімнің нақты тұрінің бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін

Г)өндіріске кеткен шығындар сметасын құру негізгі

77.Экономикалық элементтер бойынеша шығындар топтамасыны қандай шығындар жатады?

А)технологиалық мақсаттағы жылу мен энергияға кеткен шығындар

Б)өндірістік жұмыскерлердің негізгі жалақысына кеткен шығындар

В)амортизацияға кеткен шығындар

Г)өндірісті дайындауға және игеруге кеткен шығындар

Д)өндірістік жұмыскерлердің қосымша жалақысына кеткен шығындар

78.Калькуляциалық баптар бойынша шығындар топтамасына қандай шығындар жатады?

А)шикізатқа және негізгі материалдарға кеткен шығындар

Б)еңбек төлеміне кеткен шығындар

В)негізгі өндірістік қордың амортизатциясына кеткен шығындар

Г)технологиялық мақсаттағы жылумен энергияға кеткен шығындар

Д)қосымша материалдарға кеткен шығындар

79.Еңбек төлеміне кеткен шығындар шығындар топтамасының қай түріне жатады?

А)экономикалық элементер бойынша шығындар таптамасы

Б)калькулациялы баптар бойынша шығындар топтамасы.

80.Өнімнің өзіндік құнын өндіруді басқару және ұйымдастыруға кеткен шығындар қандай шығынға жатады?

А)тура

Б)жанама

В)ауыспалы

Г)тұрақты

Д)жабдықтау қызметі бойынша

81.Цех шығындарына қателікпен енгізілген шығындарды табыңыз.

А)цех ғимаратының амортизациясы?

Б)цех технологінің жалақысы

В)слесарь-жөндеушінің жалақысы

82.Жабдықты ұстау және пайдалану шығындарының сметасына қателікпен енгізілген шығындарды көрсетіңіз?

А)көмекші жұмыскердің жалақысы

Б)жабдықтың амортизациясы

В)қозғалтқыш энергия

Г)цех лабораториясының жұмыскерлерінің жалақысы

83.Шығындардың қайсысы тура шығынға жатады?

А)кәсіпорын жұмысымен байланысты шығындар

Б)өнімнің нақты түрін өндірумен тікелей байланысты шығындар

84.Төменгі шығындардың қайсысы негізгі өндіріс өнімінің өзіндік құнына қате енгізілген?

А)өнімнің жаңа түрі өндірісінің дайындығы мен игерілуіне кеткен шығындар

Б)өнімді өндірумен тікелей байланысты шығындар

В)өткізуші шығындар

Г)кәсіпорынның мәдени-тұрмыстық обьектілеріне қызмет көрсетуге байланысты шығындар

85.Қай шығындар ауыспалыға жатпайды?

А)шикізат пен негізгі материал шығындары

Б)өндіріс жұмыскерлерінің негізгі жалақысы

В)өндірісті дайындауға кеткен шығындар

Г)цех шығындары

86.Шығындардың кешендік баптарын көрсетіңіз.?

А)шикізат және негізгі материалдар

Б)өндіріс жұмыскерлерінің қосымша жалақысы

В)цех шығындары

Г)технологиялық қажетті жылу және энергия

87.Шартты-тұрақты шығындарға қайсысы жатады?

А)шикізат пен негізгі материялға кеткен шығындар

Б)өндіріс жұмыскерлерінің негізгі жалақысы

В)басқарушы қызметкерлердің жалақысы

88.Өзіндік құнның қай бабы жанама шығындарға жатпайды?

А)жабдықты ұстау және пайдалануға кеткен шығын

Б)цех шығындары

В)жалпы завод шығындары

Г)өндірісті игеру және дайындауға кеткен шығындар

Д)өндірістен тыс шығындар

89.Өзіндік құнының қай бабы шартты-тұрақты шығындарға жатпайды?

А)цех шығындары

Б)жалпы завод шығындары

В)қайтымды қалдықтар

Г)некеден жоғалту

Д)өндірістен тыс шығындар

90.Тура шығындарға қайсысы жатпайды?

А)шикізат және материалдар

Б)қайтымды қалдықтар

В)негізгі өндірістік жұмыскерлердің жалақысы

Г)жабдықты пайдалану және ұстау үшін кеткен шығындар

Д)құрал-жабдықтың тозуы.

91. Цехтік шығындарға қандай шығындар элементі кірмейді?

А) Қосалқы жұмысшылардың, ИТР, қызметкерлердің, төменгі қызмет көрсетуші қызметкерлердің жалақылары

Б) Барлық энергия түрлерінің құны

В) Негізгі материалдар құны

Г) Амортизация

Д) Жөндеу

92. Цехтік өзіндікқұнға қандай өзіндікқұн бабы кірмейді?

А) Шикізаттар және негізгі материалдар құны

Б) Жалпы заводтық шығын

В) Амортизация

Г) Цехтік шығындар

Д) барлық энергия түрлері

93. Экономикалық элементтер бойынша шығындардың топтасуны мақсаты неде?

А) Жоспарланған өндіріс көлеміне өнімнің өзіндік құнын анықтау

Б) Өнім бірлігіне тірі және өткен еңбек құнын анықтау

В) Материалды жеткізу көлемін анықтау

Г) Өндірістік қорды анықтау

Д) Бағаны құру базасының қалыптасуы

94 Калькуляциялық бап бойынша топтасуының мақсаты неде?

А) Ағымдық шығындардағы қажеттілікті анықтау

Б) Бірлік өзіндікқұнды анықтау

В) Өндірістік өнімнің өзіндікқұн құрылымын анықтау

Г) Өнім бірлігін өндіруге шығындардағы үлестік қатысуын анықтау

Д) Өзіндікқұнын түсіру жоспарын талқылау

95 Нақты пайданы кескіндейтін және оның құрылуына қатысатын өзіндікқұн көрсеткіші қандай?

А) Тауарлық өнімнің өзіндікқұны

Б) Жалпы өнімнің өзіндікқұны

В) Жүзеге асырылған өнімнің өзіндікқұны

Г) Аяқталмаған өндіріс өзіндікқұны

Д) Салыстырмалы өнім өзіндікқұны

96 Қандай фактор және түпнұсқа өзіндікқұнын түсіруге ішкі өндірістік резервке жатпайды?

А) Материалдық шығындарды төмендету

Б) Еңбек өндірісінің өсуі

В) Амортизациялық есеп айырысуына үнемдеу

Г) Кооперативтік жеткізу үлесін үлкейту

Д) Қайтарымсыз қалдықтарды қысқарту

97 Материалдық ресурстар бойынша үнемдеуді анықтауда қандай көрсеткіш қолданылмайды?

А) Материалдық ресурс шығындарының нормасы

Б) Материал құны

В) Қайтарымсыз қалдықтар

Г) Материалдық ресурстарды қолдану коэффиенті

Д) Дайындау мөлшері

98 Жалақы бойынша есептесуінде үнемдеуге қатыспайтын көрсеткіш қандай?

А) Еңбек сыйымдылығы жаспарлы жасау

Б) Ортасағаттық тарифтік ставка

В) Еңбек сыйымдылығы фактілі жасау

Г) Әлеуметтік сақтандыруға есеп айыру

Д) Өндіріс көлемі

99 Амортизациялық есеп айырысудағы бағаны үнемдеуге қандай көрсеткіштер қатысады?

А) Жабдықтардың баланстық құны

Б) Амортизация мөлшері

В) Жабдықтар қызметінің мерзімі

Г) Өндіріс көлемінің өзгерісі

Д) Жабдықтардың жұмыс уақытының жылдық қоры

100 Қандай өндіріс еңбек сыйымдылығына жатады, егер құрылымдағы өзіндікқұн ең үлкен үлес салмағы келеді:

А) Амортизацияға

Б) Негізгі материалға

В) Жалақыға

Г) Барлық энергия түрлеріне

Д) Тасымалдау шығындарына

101 Баға құрылымына не кіреді?

А) Өзіндікқұн (өндірісті кідірту)

Б) Жанама салықтар

В) Пайда

Г) Рентабельдік

102 Өзіндікқұн немесе өндірісті кідірту не болып саналады?

А) Шығындар, тікелей өндіріспен байланысты

Б) Өндірісті дайындаудағы шығындар

В) Ақша түрінде өрнектелген, өндірістегі және өнімді іске асырудағы шығындар жиынтығы

Г) Шығындар, өнімді жетілдірумен, жұмысшылар квалификациясын жоғарылатумен байланысты

103 Өндіріс көлеміне қатысты шығындар қалай бөлінеді?

А) Өндірістік және өндірістік емес

Б) Тікелей және жанама

В) Ауыспалы және тұрақты

Г) Ағымды және бір уақытты

104 Өнімнің өзіндік құнға қатысты әдіс бойынша шығындар қалай бөлінеді?

А) Өндірістік және өндірістік емес

Б) Тікелей және жанама

В) Ауыспалы және тұрақты

Г) Ағымды және бір уақытты

105 Өндіріс көлемінің өзгерісі есептегі өнім бірлігінің үнемі өзгерісте болып тұратын қандай шығындар?

А) Тұрақты

Б) Тікелей

106 Өнімнің рентабельділігін қандай қатынаспен анықтауға болады?

А) Түсім, іске асырудан материалдық шығындарға

Б) Өзіндікқұнға пайданың абсолюттік шамасы

В) Материалдық шығындарға пайда

Г) Еңбекақы төлеу қорына пайда

107 Фирманың фактілі пайда шамасын қалай анықтауға болады?

А) Баланстың актив және пассив арасындағы өзгешелік

Б) Есеп беру периодының кірісі мен кідірту арасындағы өзгешелік

108 Кәсіпорындағы пайдаға салық ставкасы қандай?

А) 13 % кем емес

Б) 22 %

В) 30 %

Г) 35 % жоғары емес

Д) 43 % жоғары емес

109 Жанама салықтарға қандай салықтар жатады?

А) Қосымша құнға салық

Б) Пайдаға салық

В) Акциз

Г) Мүлікке салық

110 Қосылған құн болып не саналады?

А) Еңбекақы төлемі және пайда қосындысы

Б) Дайын өнім құны және шикізат құны және материалдар арасындағы өзгешелік, оларды дайындау барысында қолданылатын

В) Барлық материалдық шығындар және іске асырудан түскен түсімнің ерекшелігі, осы өнімнің өзіндікқұнында кескінделген

Г) Пайда қосындысы және амортизация

111 Ішкі акцизді тауарларға акцизді ставка қалай орнатылады?

А) Абсолютті қосындыдағы (теңгедегі) ие болу бірлігіне

Б) Акцизді есептемегенде шығарылатын баға бойынша пайызбен

В) Шығарылатын бағаға пайыз қатынасы бойынша, өндіріс кідірісін, пайда және акциз қосындысын қоса

112 Тәжірибеде бағаға ең басты нені қосады?

А) НДС, кейін акциз

Б) Акциз, кейін НДС

113 Делдалдық қосымша немен қалыптасқан (жеңілдік)?

А) Кідірістік қатынас

Б) Делдалдың пайдасы

В) Пайдаға салық

Г) НДС

Д) акциз

114 Кәсіпорынның қандай шаруашылық операциясы жеңілдік бағамен байланысты емес?

А) Өлшенетін шығындар және нәтижелер

Б) Капиталдық салым вариантын таңдаудағы экономикалық негіздеу

В) Өнім бірлігінің жабдық сыйымдылығының қалыптасуы

Г) Өндірушілерді және тұтынушыларды ынталандыру

Д) Тауар сапасы

115 Қандай экономикалық процесс өнім бағасына әсер етпейді?

А) Өндіріс

Б) Үлестіру

В) Айырбас

Г) Өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне баға

Д) Тұтыну

116 Кәсіпорынның жеңілдетілген бағамен қалыптасуына қандай көрсеткіш қатыспайды?

А) Өнім бірлігінің өзіндікқұны

Б) Рентабельділік деңгейі, өзіндікқұн бойынша есептелген

В) Рентабельділік деңгейі, өндірістік қор бойынша есептелген

117 Тауар өндірушіге қандай шарттар рұқсат етілген?

А) Бекітілген баға бойынша өнімді іске асыруға саудалық делдалдан талап ету

Б) Өнімнің тиеуін тоқтату немесе бас тарту, егер саудалық делдал өзінің баға саясатын жүргізсе

В) Сатушылар санын көбейту

Г) Нарықтағы бәсекелестерден құтылу үшін өзінің өнімін өзіндікқұннан төмен сату керек

Д) Бағаны жоғарылату керек

118 Бағаның диверсификациясы қандай мақсатта қолданылады?

А) Нарықты жаулап алу

Б) Тұтынушылар талғамын меңгеру

В) Іске асыру көлемін көбейту

Г) Нақты тұтынушыларды тарту

119 Баға диверсификациясымен төмендегі позициялардың қайсысымен байланысты емес?

А) Резервтелген баға

Б) Сатылып жатқан тауар саны

В) Бағаларды қайта қарастыру

Г) Баға келісімі

Д) Сатып алушының кірісі

120 Сапаны жоғарылатумен қандай шарт байланысты емес?

А) ҒТП жетістіктерін енгізу

Б) Жеңілдетілген баға өсімін қамсыздандыру

В) Делдалдың саудалық саясатына әсері

Г) Тұтынушылардыњ нақты пайдасына кепіл

Д) Жоғарғы және төменгі баға шекара есебі

121 Қаржы деген не?

А) Ақша қатынасы жүйесі

Б) Өндірістік ресурстар

В) Ресурстар қозғалысы

Г) Ақшалық кірістерді қалыптастыру және қолдану

122 Қаржы функциясын көрсетіњіз?

А) Үлестірімділік және бақылау

Б) Фискальды

В) Қайта өндіруші

Г) Ресурстардың пайда болуы

123 Қаржылық жүйе деген не?

А) Мемлекеттік және аумақтық қаржы

Б) Кәсіпорын қаржысы

В) Несиелік мекеме қаржысы

124 Қаржылық ресурс формасы қандай?

А) Қорлық

Б) Ақшалық

В) Тауарлық

125 Қаржы механизмі деген не?

А) Қаржылық әдіс

Б) Қаржы рычагы

В) Құқықтық, нормативік, ақпараттық қамсыздандыру

Г) Өндірістік мекеме

126 Қаржылық әдіс не болып саналады?

А) Шаруашылық процеске әсер ету әдісі

Б) Ақша ағынына әсер

В) Нарықтық қатынасқа әсер

127 Қаржы ресурсы деген не?

А) Ақша қаражаты

Б) Иммобилизациялы қорлар

В) Айналымдық қаражат

128 Қаржы ресурстарын қалыптастыру түпнұсқасы қандай?

А) Ұйымдастырушылар салымы

Б) Несиелік қаражаттар

В) Мемлекеттік субсидиялар

Г) Кәсіпорын мүлкі

129 Кәсіпорын шығындар құрамына қандай көрсеткіштер кіреді?

А) Шығындар, өзіндікқұнға қосқанда

Б) Қаржылық көрсеткіштер

В) Ресурстарды қолдану

130 Кәсіпорынға қандай салық салынбайды?

А) Пайдаға салық

Б) Құнға қосылған салық

В) Экологиялық салық

Г) Мүлікке салық

Д) Приоритетті саланы қолдау үшін қалыптасу қорына арнайы салық

131 Қандай функция салықтыққа жатпайды?

А) Реттеуші

Б) Ынталандырушы

В) Үлестірімділік

Г) Қамтамасыздандырушы

Д) Фискальды

132 Қандай кәсіпорындық жанама салық жекеге жатпайды?

А) Кірістік салық

Б) Кәсіпорын пайдасына салық

В) Мүлікке салық

Г) Қосылған құнға салық

Д) Ақшалық капиталға салық

133 Қандай функция кірістік салықтың өзіне тән емес?

А) Сұранысты ынталандыру

Б) Кризистік жағдайды жұмсарту

В) Баға өсуін ұстап тұру

Г) Бюджеттің көбеюіне мүмкіндік туғызу

Д) Салық льготының қалыптасуы

134 Пайдаға салықты аудару үшін қандай көрсеткіш қолданылады?

А) Баланстік немесе жалпы пайда

Б) Іске асырудан түскен пайда

В) Таза пайда

Г) жеңілдік

Д) Мүлікті іске асырудан түскен пайда

135 Қандай жеңілдіктер өнеркәсіптік кәсіпорынмен қолданылмайды

А) Жеке өндірістің дамуын қаржыландыру жеңілдігі

Б) Баланстағы кәсіпорынның өндірістік емес қорлардың құрылымы

В) Істен шыққан мүлік құны жеңілдігі

Г) Қайырымдылық мақсатындағы салымдар

Д) Экологияны қамтыған капиталдық салымдарға жеңілдігі

136 НДС абсолютті шамасын анықтауға қандай көрсеткіш қатыспайды?

А) Іске асырылған өнім құны

Б) Материалдық шығындар құны

В) Шартты ауыспалы шығындар

Г) Бағаны реттеу бойынша сату үшін салық ставкасы

137 Қаржыға қандай қызмет жатпайды?

А) Ақша ресурстармен қамсыздандыру

Б) Ақша кірістерін үлестіру

В) Ағымдық кідірістерді қалыптастыру

Г) Бақылау

Д) Ынталандыру

138 Қаржылық жоспарға қандай кірістік бабы кірмейді?

А) Кіріс, кәсіпорынның ақшалай жинақысын құрушы

Б) Кіріс, қаражатты ішкі қайта үлестіру нәтижесі

В) Акциз бойынша кіріс

Г) Қаражаттың сыртқы түпнұсқадан түсуі

139 Қаржылық жоспарға қандай шығындар мен есеп айырысулар кірмейді?

А) Өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығын