Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыс6.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
4.33 Mб
Скачать

2 М-830в қолға ұсталатын кіші габотитті мультиметр

Біздің елімізде және бүкіл әлемде де танымал мультиметр - бұл М830В (2 сурет). Құрылғы жиырма шақты әртүрлі сауда маркаларымен әртүрлі региондар мен елдерге арналып шығарылады, бірақ ішкі құрылысы бірдей. Практикада М830В өзін сенімді етіп көрсетті. Бұл мультиметр нақты және әртүрлі өлшеулерді жүргізе алмайды, бірақ тұрмыстық жағдайда қолайлы және арзан. Саудада кең таралған жаңа моделі – М830SB (2 сурет). ОЛ алдынғысынан 1,5 есе жеңіл, бірақ дәл сондай мүмкіндіктерге ие. М830В мультиметрі тұрақты кернеу мен токты, айнамалы кернеуді, кедергіні, транзисторлардың ток өткізуінің статикалық коэффициентін өлшеуге арналған. Өлшеу қорытындылары 3 ½ разрядты өлшемді сұйық кристалды индикаторда көрсетіледі. Құрылғы автоматты түрде өлшенетін кернеу мен токтың полярлығын анықтайды. Секундына 2-3 өлшеу орындалады. Өлшенетін шамаларды және өлшеу шегін таңдау орталық ауыстырғышпен қолмен ауыстырылады – мультиметр үшін классикалық компоновкамен. Құрылғы 0 ден 40С дейінгі температура диапазонында жұмыс істейді.

Бұл құрылғының негізі болып екілік интегралды жұмыс істейтін цифрлі – аналогтық ауыстырғыш болып табылады. Толық аналог мамандарға ИМС 572ПВ5 белгілі. Берілген микросхеманың ерекшелігі – кірістік сингалдарда және кернеулерде диффиренциалды кірістің болуы. Бұл арқылы микросхемаға жалғанбаған кернеуді өлшеп, сигнал тізбектерінде симфазды кедергілерді жояды. Басқа артықшылығы болып өзінің кернеу көзінің болуы. Бұл арқылы құрылғы сұлбасы жеңілдеп, бағасы арзандайды. Мультиметр сұлбатехникасы классикалық сұлбасы бойынша ИМС қолданумен (4 сурет) бір нақты резистік бөлгішпен R1, R2, R3, R5, R7, R10, R11, R15, R16 резисторлы барлық өлшеу режимінде құрылған. R12, R13 резисторлары ғана ерекше, себебі олар тек токты өлшеу режимінде шунт тәрізді өлшеудің белгілі шеттерінде қосылады. Ол құрылғының бағасын арзандатса да мамандарға ауыстырғыш режимін және өлшеу шектерін күрделендірткізеді. Сондықтан ондай құрылғыларда көп позициялық ауыстырғыш (3 сурет) болады. Ол өлшеу шектерін орнатудан басқа, өлшенетін шамаларды да таңдайды. Ауыстырғыш конструкторы мультиметрдің негізгі платасында 11 басылған шеңберлі жолдардан құрылады. Сұлбадан көрініп тұрғандай ішкі екі жол (шартты 1 және 2 жолдар) ток көзін өшіреді. 3 суретте ауыстырғыш өшірілген қалыпта бейнелегенден. 3, 4 жолдар индикатор разрядтары арасындағы нүктелерді қосуды басқарады. Бұл үшін VT2 ... VT4 транзисторлары қолданылады. R1 ... R11, R15, R16 резисторлары жоғарыда аталғандай, кернеуді, токты және кедергіні өлшегенде кірістік бөлгішті қамтамасыз етеді. Тұрақты және айнымалы кернеуді өлшеу режимінде бұл бөлгіш 10 және 11 жолдардың сегменттері үстінгі жартысында қосылуымен R29 резисторы арқылы АЦП (31) кірісіне жалғанады. Мұнда VD1- 9 және 10 жолдар төменгі сегменттерін коммутациялайтын және айнымалы кернеу мен токты өлшеуде жұмыс атқаратын бірлі жарымпериодты түзеткіш. Кернеу мен токты өлшеуде 35 ИМС жермен (6 мен 7 жолдар) және қорғаушы диод қосылмаған VT1 транзисторы қосылады. Ол кедергіні өлшеуде және жартылайөткізгіштерді тестілегенде шамадан көп жұмыс істеуден қорғайды. Токты өлшегенде шамадан көп жұмыс істеуден F1 сақтаушысы қорғайды. Сұлбадағы жалғыз реттейтін элемент – кернеу көзін реттеуді болдыратын, сонын арқасында өлшеудің ауытқуын азайтатын R22 резисторы. Тұрақты токта кедергіні өлшеу, АЦП (шеттері 1,32) (4 сурет) тұрақты ток генераторы қамтамасыз ететін, берілген ток өткенде өлшенетін кедергіде кернеудің төмендеуін өлшеу стандартты сұлба бойынша орындалады. Бөлгіш ретінде резистордың комментациялық жиынтығы қолданылады.

Ток транзисторды бойынша статикалық коэффициентті беруін өлшеу белгіленген мәнді базалық токпен (R6, R8 - 220 кОм-нан) коллекторлық токты өлшеумен орындалады. Әртүрлі өткізгішті транзистордың параметрлерін өлшеу кернеу көзінің полярлығын коммутациялаумен қамтамасыз етіледі. Мультиметр пластмассалы корпустан жасалған. Құрылғының өлшеу тізбегінде қосылыстарды азайту үшін оның артқы қақпағы алюминилік экраннан тұрады. Құрылғының барлық сұлбасы, ауыстырғышымен қоса, бір баспа платасынан тұрады. Индикатор баспа платасымен токты өткізетін резина арқылы контактілейді. Индикатор платаға ілгіштері бар пластмассамен бекітіледі. Батареяларын ауыстыру үшін бүкіл корпусты бөлшектеу керек. Разрядталған батарейкамен өлшеулер жүргізу құрылғының сынуына әсерін тигізеді. Бұл жағдай көп кездеседі, себебі құрылғыны автоматты түрде өшпейді. Кірісінде жұмыстың шектен тыс асуы да сынуға әкеледі. Оның себебі, мысалы, ток өлшейтін режимді орнатып, үлкен кернеуді өлшеу. Екі жағдай да АЦП-нің істен шығуы байқалады. Сонымен қатар эксплуатацияда өлшеу тізбегінен өшірмей, өлшей шектері мен режимдерін ауыстыру құрылғыға теріс әсерін тигізбей қоймайды. Бұл жағдайда құрылғының басылған жолдары жанып кетіп, жөндеуге келмейтіндей күй кешеді. Ол ауыстырғышы бар құрылғылардың бәрінің жетіспеушілігі болып саналады.