Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+ПРАКТИКАЛЫ ДІСТЕМЕЛІК НСАУЛАР.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
56.59 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Капканщиков С.Г. Государственное регулирование экономики: учебное пособие/ М.: КНОРУС, 2006. – 352 с.

  2. Национальная экономика: Учебник/ Под общ. ред. А.В. Сдоровича, А.А.Абишева. – Алматы: Экономика, 2009. – 536 с.

  3. Государственное регулирование рыночной экономики: Учебник/ Под общ. ред. В.И. Кушлина. – М.: Изд-во РАГС, 2006. – 616 с.

  4. Экономикалық саясат. Лекциялар. – Алматы: Экономика, 2002.

  5. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. – Алматы: Экономика, 1998. – 248 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Погорлецкий А.И. Экономика зарубежных стран: учебник. – СПб: Михайлова В.А., 2000

2. Темирбекова А.Б. Аграрная политика в Казахстане. Монография. - Алматы: ТОО «ИздательствоLЕМ». – 2004. - 184 С.

3. Ойкен В. Основные принципы экономической политики. - М: Прогресс 1995.

4. Осипов Ю. Основы теории хозяйственного механизма. -М: МГУ. 1994.

5. Экономика и бизнес. Под ред. Камаева В. Д. - М: МВТУ. 1993.

6.Гайнуллин Ф.Р.Экономическая политика. Учебное пособие. Алматы: 1999

7. Фишер С. и др. Экономика. -М: Дело. 1997.

8. Мэнкью Н. Макроэкономика. -М: МГУ. 1994.

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Практикалық сабақта (семинарда) сұрау процессі бірнеші әдістемемен жүргізіледі.

Біріншіден, ашық тест сұрақтары бойынша. Әр бір тақырып бойынша студентке тест беріледі. Әр бір сұраққа бес жауап беріледі. Соның ішінен студент бір дұрыс жауабын табу керек. Бір сұраққа жауап беруге бір минут беріледі. Тест сұрақтарына жауап беру үшін, студент дәріс пен оқұлықтарды оқып келу керек.

Мысалы, бірінші тақырып бойыша тесттер және оларға жауаптар:

1. Рынок кемшіліктеріне жатпайды:

А. Қайта өндірілмейтін ресурстарды сақтауды қамтамасыз ете алмауы;

В.Қоршаған ортаны қорғауға экономикалық механизмнің жоқтығы;

С. Жалпы адам ресурстарын пайдалануды бақылай алмайды;

Д. Ұжым пайдаланудағы тауар мен қызмет өндірісін ынталандырады;

Е. Еңбек және табыс құқығына кепіл бермейді.

2. Мемлекеттік реттеудің ең жоғары мақсатты:

А. қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп.

В.экономикалық өсу,

С. жұмыс бастылығы,

Д. бағаның тұрақты деңгейі және ұлттық валютаның тұрақтылығы,

Е. қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі.

3. Экономикалық саясаттың қолданбалы мақсаттары:

А. барлық қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі, экономикалық өсу,

В. экономикалық өсу, жұмыс бастылығы, бағаның тұрақты деңгейі, сыртқы экономикалық тепе-теңдік,

С. экономикалық өсу, жұмыс бастылығы, қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп,

Д. қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі,экономикалық өсу, жұмыс бастылығы,

Е. қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі, қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп.

4. Формалды институттарға жатады:

А. Жазылмаған ережелер,

В. Заңдар;

С. Дәстүрлер,

Д. Салттар,

Е. Принциптер.

5. Формалды емес институттарға жатады:

А. Дәстүрлер;

В. Органдар;

С. Ұйымдар;

Д. Заңдар;

Е. Тұрақталған ережелер.

6. Индикативті жоспарлау көбінесі келесі модельге сәйкес:

А. Американдық,

В. Швед,

С. Неміс,

Д. Француз,

Е. Қазақстандық

7. Әлеуметтік бағытталған келесі модель:

А. Американдық,

В. Швед,

С. Неміс,

Д. Француз,

Е. Қазақстандық

8. Адам қызметінің басты уәжі оның жеке мүддесі деп санайды:

А. Неоклассиктер;

В. Кейнсиандықтар;

С. Неокейнсиандықтар;

Д. Институционалистер;

Е. Марксисттер.

9. Еркін бәсеке қоғамның максималды әл-ауқатына әкеледі деп санайды:

А. Неоклассиктер;

В. Кейнсиандықтар;

С. Неокейнсиандықтар;

Д. Институционалистер;

Е. Марксисттер.

10. Мемлекет рөлің тәртіп сақтау, жеке меншікті және бәсекені қорғаумен шектеген:

А. А.Маршал;

В. Э.Чемберлин;

С. Л.Мизес;

Д. А.Смит;

Е. Дж.Кейнс.

11. Мемлекетті экономикалық процесті жоспарлауға және реттеуге қатыстыруға болмайды, ол тек экономикалық тәртіптің элементтерің құрастыру тиісті деп санаған:

А. А.Маршал;

В. Э.Чемберлин;

С. Л.Мизес;

Д. А.Смит;

Е. В.Ойкен.

12. Нарық механизмінің тиімді қызмет етуінің манызды шарты ретінде тұрақты ақша айналымын санайды

А. М.Фридмен,

В. Э.Чемберлин;

С. Л.Мизес;

Д. А.Смит;

Е. В.Ойкен.

13. Кейнстің экономикалық жүйенің концепциясы келесіні қоспайды:

А. Экономикаға мемлекеттің қатысу себептерің бағалау;

В. Мемлекеттің экономикаға қатысудың мақсатарын құру;

С. ЭМР-дің әдістерін анықтау;

Д. ЭМР-дің бағыттарын, түрлерін анықтау;

Е. Мемлекеттің экономикаға араласпайтың себептерін анықтау.

14. Экономиканы мемлекеттік индикативтік жоспарлау концепциясы қай бағытқа сәйкес:

А. Классикалық;

В. Неоклассикалық;

С. Институционализм;

Д. Кейнсиандық;

Е. Неокейнсиандық.

15. Қоғамдық игіліктерге жатады:

А. Тамақ,

В. Киім,

С. Өнер,

Д. Туризм,

Е. Жолдар.

16. Игілікті өндіру мен тұтынумен байланысты, бірақ осы рыноктық мәмлеге қатысы жоқ адамдарға түсетін пайда мен шығындар:

А. Трансакциондық шығындар,

В. Сыртқы эффектілер;

С. Тұрақты шығындар;

Д. Өзгермелі шығындар;

Е. Қоғамдық игіліктер.

17. Мемлекет қыхметтеріне жатпайды:

А. Экономиканың құқықтық негіздерін дайындау және бекіту,

В.Макроэкономикалық дамудың басымдылығын анықтау,

С. Әлеуметтік құндылықтарды іске асыру,

Д. Трансакциондық шығындарды максимизациялау.

Е. Қоғамдық игіліктерді өндіру.

18. Трансакциондық шығындар келесімен байланысты емес:

А. Тауар өндіру;

В. Баға туралы ақпараттарды іздеу,

С. Әріптестерді таңдау,

Д. Шартқа отыру,

Е. Меншік құқығын қорғау.

19. ЭМР-дің объектілеріне жатады:

А. Экономикалық циклдар;

В. Фирманың жоспары;

С. Өндіріс шығындары;

Д. Негізгі капитал;

Е. Пайда.

20. Экономикалық саясаттын мемлекеттік емес субъектілеріне жатады:

А. Министрліктер;

В. Агенттіктер;

С. Әкімшіліктер;

Д. Кәсіподақтар;

Е. Муниципалды ұйымдар.

Жауаптары:

1Д; 2Е; 3В; 4В; 5А; 6Д; 7В; 8А; 9А; 10Д; 11Е; 12А; 13Е; 14С; 15Е; 16В; 17Д; 18А; 19А; 20Д

Екіншіден, жабық тест сұрақтары бойынша. Студентке ашық жауаптары жоқ сұрақ қойылады. Сұраққа жауап студент ауызша немесе жазбаша береді. Жауабы қысқа және дұрыс болу керек. Жазбаша категориялар бойынша сұрақ қоюлуы мүмкін. Мысалы, оқытушы категорияны атап, оның анықтамасын жазу үшін студентке бір минут береді.

Мысалы. Сұрақ: Тауар деген не? Жауабы: сатуға арналған өнім.

Сұрақ: Ақша деген не? Жауабы: жалпы эквивалент.

Үшіншіден, ауызша дәрісте қаралған сұрақтарды талдау. Мысалы, тақырып бес сұрақтан тұрады. Әрбір сұраққа бір студент жауап береді. Басқа студенттер сұрақ қойып, немесе сұрақты толықтырып балл жинай алады. Осындай сабаққа қатысу үшін студент дәрістен басқа да ақпарат жинау керек.

Мысалы:

3-тақырып. ЭМР-дің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі

  1. ЭМР-ді ұйымдастырудың теориялық негіздері.

  2. Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі. Аймақтық басқару органдары.

  3. Жекешелендіру. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.

  4. Мемлекеттік кәсіпкерлік.

  5. Мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі.

Төртіншіден, топтық ойын. Барлық семинарға қатысатын студенттер сұрақ санына сәйкес топтарға бөлінеді. Олардың арасында сұрақтар бөлінеді. Топтардың арасында сұраққа толық жауап беру бойынша және қызық сұрақтар қою бойынша бәсеке орын алады.

Мысалы:

4-тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

  1. Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері, үлгілері.

  2. Ауыспалы экономиканың заңдылықтары.

  3. Нарық: түсінігі, құрылымы, түрлері.

Студенттер үш топқа бөлініп, әр бір топ бір сұраққа толық жауап береді. Басқа топтар сұрақ қояды және толықтырады. Оқытушы бағаны әрбір студенттің қатысқанына қарай қояды, немесе жеңген топқа жоғары, басқаларына төмеңрек баға қоялады.