Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бизнес жоспар(Таза су) Абайлы Ж.doc
Скачиваний:
131
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
941.57 Кб
Скачать

Жобаның концепциясы

Бұл концепцияда ауыз суын өндіру және оны ыдыстарға құю бойынша типтік компанияның ашылуы қарастырылған. Бұл жоба бизнес-жоба құрамы бойынша шөлмектелген өнімдері нарығындағы жаңа ойыншылар үшін көмекші құрал ретінде дайындалған. Бұл даму жолы ұсыныстық сипаты ие және тек жалғиыз дұрыс әдіс теп қарастырылмайды. Жобада жабдықтарға, қызметкерлерге және өнімді алға жылжытуға жұмсалатын шығындар максималды көрсеткіштермен алынған. Нақты жағдайларда әр иелік етуші тұлға оны өзінің қалауы бойынша тиімді етіп өзгерте алады. Сонымен қоса барлық есептеулер қала жағдайларында, халқы 500 мыңнан асатын жерде жұмыс істейтін кәсіпорын үшін жасалған, ал басқа жерлер үшін тиісті өзгертулер енгізу керек. Сипатталған үрдістерде пайдаланылатын барлық жабдықтар, көліктер және жұмсалатын материалдар сапасы бойынша барлық талаптарға сай және қолданысқа ұсынылған.

Алынатын негізгі су көзі артезиан ұңғымалары мен арналарының суы (су ағызу арналарының суы да болуы мүмкін), ол үш сатылық тазартудан өтеді. Технологиялық үрдісте аса жоғары сапалы жұмсалатын материалдар пайдаланылады. Ыдыстарға құю аса ірі Ресейлік «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ компаниясы дайындаған жабдықтың көмегімен жүзеге асырылатын болады. Су сыйымдылығы 19 литр (5 галлон) болатын ыдыстарға құйылады, олар сауда орталықтарына, үйге және кеңсеге тегін жеткізу жолымен сатылады. 19-литрлік ыдыстарды пайдалану қолайлы болу үшін қосымша жабдықтар ұсынылады: әр түрлі кулерлер мен тығындар, шүмектер.

Компания ауыз суын өндіруді, ыдыстарға құюды, сақтауды және жеткізуді жоспарлауда.

Негізгі өнім – поликарбонатты шөлмектерге құйылған ауыз суы, сыйымдылығы 18,9 л. Ауыз суының минералдық деңгейі 100-500 мг/л және ішуге де, тамақ дайындауға да, сусын дайындауға да жарамды.

Өнім Р МемСт 52109-2003 «Ыдыстарға құйылған ауыз суы. Жалпы техникалық шарттар» және Р МемСт 51074-97 «Тағамдық өнімдер. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай болуы керек.

Өнімнің (қызметтің) сипаты

Бұл жоба төңірегінде тауардың бір түрі өндірілетін болады – сыйымдылығы 19 литрлік шөлмектерге құйылған ауыз суы.

Шөлмектелген су — жеке таратылу үшін шыны немесе пластик ыдыстарға шөлмектерге құйылған су түріндегі тағамдық өнім болып табылады. Ыдыстың сыйымдылығы 0,33- литрлік шөлмектерден бастап 22-литрлік кулерлерге арналған ыдысқа дейін жетеді.

Суларды осы санатқа жатқызу бойынша нақты критерийлері жоқ асханалық минералды суларға қарағанда (жалпы минералдық шамасынан басқа) шөлмектелген ауыз сулары үшін нормативтік құжаттама дайындалған, онда судың құрамы нақты анықталған, бұл шөлмектелген суды «Бірінші санатты ауыз суы» және «Жоғары санатты ауыз суы» деп жіктеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шөлмектелген ауыз суының сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты талаптар екі нормативтік құжаттармен анықталады:

1. Р МемСт 52109-2003 «Ыдысқа құйылған ауыз суы»

2. СанЕжН 2.1.4.1116-2002 «Ауыз суы. Ыдысқа құйылған ауыз суына қойылатын гигиеналық талаптар. Сапаны бақылау».

Осы құжаттарға сай ауыз сулары адамның тұтынуы үшін микробиологиялық, паразитологиялық және радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы тиіс, жағымды органолептикалық қасиеттері болуы шарт. Осындай талаптарға сай келетін және толық жауап бере алатын ауыз суын адам өмір бойы, шексіз мөлшерде тұтына алады. Қазіргі уақытта ауыз суының сәйкестігін бағалауды (сертификатталуын) қауіпсіздіктің 86 көрсеткіші бойынша анықтайды (9- критерий эстетикалық қасиеттеріне, 55- критерий химиялық құрамының зиянсыздығына, 2 – критерий радиациялық қауіпсіздігіне, 11- критерий эпидемиялық қауіпсіздігіне, 9- критерий макро және микро элементтік құрамдарының физиологиялық толықтығына қатысты анықталады). Ауыз су құрамындағы тұздың жалпы мөлшері бойынша 1 г/дм аспауы керек.

Шикізат ретінде артезиан көздері мен орталықтандырылған су құбыры арналарынан алынатын су қолданылады, ол үш сатылық тазартудан өткізіледі. Технологиялық үрдісте аса жоғары сапалы материалдар пайдаланылады– кварцтық құм, антрацит, кокостық белсендендірілген көмір, жуғыш және залалсыздандырғыш құралдар.

Ыдыстарға құю аса ірі Ресейлік «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ компаниясы дайындаған жабдықтың көмегімен жүзеге асырылатын болады. Су сыйымдылығы 18,9 (әрі қарай – 19 литрлік) болатын ыдыстарға құйылады, олар сауда орталықтарына, үйге және кеңсеге тегін жеткізу жолымен сатылады.

Су үшін есеп айырысуда бірден кассалық аппарат пайдалана отырып жасауға болады (мысалы, жеке тұлғалармен), сондай-ақ ақшасыз есеппен, ай қорытындысы бойынша (әдетте заңды тұлға ретіндегі сатып алушылармен) жасалады. 10 Су құйылған 19 литрлік ыдысты пайдалану қолайлы болу үшін қосымша жабдықтар ұсынылады: кулерлер және әр түрлі тығындар. Туынды тауарлар — термотөзімді стақандар, стақан астына қоятын жабдықтар және т.б.