- •2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
- •Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
- •Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шаралары Мейірбике міндеттері:
- •Асептика және антисептика
- •Емделушілердің шалдығуы
- •Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру
- •Науқастың қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтардың мейірбикенің киімі мен терісіне түсуі Мейірбикенің іс- әрекеттері:
- •Пациенттің биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі
- •Пациенттің биологиялық субстраттарының мейірбикенің бет терісі мен ерніне түсуі
- •Биологиялық субстраттардың мейірбике мұрынының кілегей қабығына түсуі
- •Зарарлы болу қауіпі бар құрал-сайманмен саусақтарды жарақаттау
- •Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
- •3.Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері. Емдеу бөлмелерін жинастыру түрлері. Мейірбикенің жұмыс орнын жұмысқа дайындау
- •Стерилизация (залалсыздандыру) . Стерилизация алдындағы тазарту
- •Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:
- •Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды) Азопирам сынамасы
- •Сынама жүргізу
- •Фенолфталеин сынамасы
- •Мейірбикенің сыртқы келбеті:
- •Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру
- •4.Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау және санитарлық тазалықты ондеу.
- •1) Дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;
- •2) Гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
- •3) Науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.
- •1) Жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);
- •2) Бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) - жоспарлы жатқызу;
- •3) Басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің келісімімен);
- •4) «Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өз бетімен келуі).
- •Қабылдау бөлімінің құрылысы:
- •Науқасты ауруханаға қабылдау
- •5.Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •1. Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай
- •2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс
- •3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.
- •Артериалды пульс
- •18 Жастан жоғары адамдардағы ақ деңгейінің жіктелуі (артериялық гипертензия бойынша воз, моаг, лчс VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.
- •1 Дәреже 140-159 90-99
- •2 Дәреже 160-179 100-109
- •1. Пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
- •0,5% Гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель.
- •1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз.
- •1. Қолғапты кию
- •1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру,
- •12Литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр
- •100Мл 10%-NaCl-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.
- •1. Науқасты шалқасынан, тізесін бүгіп, шат аралы-
- •1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
- •1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
- •Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу
- •Ойылудың даму кезеңдері
- •Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі
- •13.Науқасты бақылау. Дене қызуын өлшеу. Жеке бекет.
- •1) Тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі гс-тан аспайтын тәуліктік тербелумен;
- •1. Терморегуляция
- •2. Дене қызуын өлшеу
- •1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз!
- •1. Емделушіні жылыту;
- •14.Сау адамның тамақтану тәртібі. Науқастарды тамақтандыру
- •2. Гастростоманың немесе еюностоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, өңешке жасалған операциядан кейін.
- •4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ертінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су, физиологиялық және т.Б. Ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.
- •15.Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру
- •Зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты асқазан тесігі (гастростома) арқылы қоректендіру
- •Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру
- •Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу
- •Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу
- •1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
- •2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.
- •3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.
- •4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.
- •1. Жеке адамды құрметтеу.
- •1.Мейірбикелік үрдіс
- •Бағалау
- •Медбикелік диагноз (диагностика)
- •Мейірбикелік көмекті жоспарлау
- •Жоспарлауды жүзеге асыру
- •Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау
- •Топтары. Жаздырып алу, тарату, сақтау, қолдану түрлері
- •«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:
- •3.Дәрілік заттарды энтеральді және ингаляциялық жолдармен енгізу
- •Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:
- •4.Ем шаралар бөлмесі мейірбикесінің жұмыс тәртібі
- •3% Хлорамин ерітіндісіне- 60 мин экспозиция;
- •1. Жұмыс кезінде мүмкіндігінше бір рет қолданатын саймандарды қолдану.
- •1. Әсерінің жылдамдығы.
- •2. Мөлшерлеудің дәлдігі, өйткені асқазан сөлінің және ас қорыту ферменттерінің дәрілік заттарға әсері болмайды.
- •3.Бауырдың кедергілік ролі болмайды.
- •1) Крафт-пакетті ашыңыз және оның ішкі (залалсыздандырылған) жағын шприцті жинау үшін қолданыңыз;
- •1 .Инъекция жасайтын жерді спиртке батырылған екі домалақтанған мақтамен алдымен үлкен аймақты сонан соң инекция жасайтын аймақты сүрту қажет.
- •Егу бөлмесін жинау
- •Жеке қауіпсіздік барьерлері
- •Егу жасауға дайындалу
- •Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу
- •Антибиотиктерді еріту
- •1:1 Тәсіл мен антибиотикті еріту:
- •5. Тері ішіне, тері астына егу алгоритмдері
- •1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;
- •Көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберу ерекшеліктері, системаны құрастыру
- •I. Көк тамырлық инъекция жасаудың реті.
- •II. Көк тамырға құюды жургізудің реті.
- •1. Науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;
- •1.Дәріні енгізуді тоқтату,
- •Кальций хлоридін қолдану ерекшеліктері
- •Инсулинді енгізу ерекшелігі
- •7.Инъекциядан кейін байқалатын асқынулар
- •7.Науқас жағдайын сараптау
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •8.Зертханалық зерттеу әдістері
- •10.Эндоскопиялық зерттеу әдістері
- •12 .Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілері .Гипертониялық криз,журек аймағында ауыруы.
- •1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
- •III. Мейірбикелік іс-әрекеттер сипаты:
- •I. Мейірбикелік диагноз: Қыжылдау
- •I. Мейірбикелік диагноз: Тәбеттің болмауы
- •I. Мейірбикелік диагноз: Асқазан - ішектен қан кету
- •1. Егер олар ішке қабылданған болса, онда асқазанды шаю жүргізіледі.
- •16.Жүрек пен өкпе қызметін қарапайым түрде қалыпқа келтіру
- •17.Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастардың күтімі.
- •1. Преагония
- •2. Агония
- •3. Биологиялық өлім
1. Терморегуляция
Сау адамның қалыпты жағдайда дене қызуы тәулік бойы 37˚С-тан аспайды. Бұл жылу өндіру және жылу беру сияқты күрделі жылу реттеу жолымен қамтамасыз етіледі. Жылу өндіру бұлшық ет және ішкі мүшелердегі тотығу процестері арқасында жүзеге асырылады. Алмасу процестерінің өнімділігі неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым жылу жасау көбейе түседі. Жылу беру - терідегі бай тамырлар торына байланысты болады. Олар өз сағасын бірден тез өзгерте алады. Жылу беру - жылу тарату, жылу сәулелену және булану жолдарымен жүзеге асырылады.
Ағзаның жылу өндіруі жеткіліксіз болса немесе ағза салқындағанда тері тамырлары рефлексті түрде тарылады да, жылу беруі төмендейді. Тері құрғақ, суық болады, кейде қалтырау пайда болады. Ол қаңқа бұлшық еттерінің жылу жасауының жоғарылауына әкеліп соғады. Керісінше, жылу көп болған жағдайда (ағза қызғанда) тері тамырларының рефлекстік түрде кеңеюі байқалады. Терінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды, сондықтан жылу беру, оны өткізу және сәулелендіру жоғарылайды. Егер бұл механизмдер жеткіліксіз болса, тер бөлу кенеттен күшейеді. Тер дене бетінен булана отырып, ағзадағы жылудың өте күшті бөлінуін іске асырады.
Сонымен, терморегуляцияның күрделі механизмі ағзаның ішкі ортасындағы температуралық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, ол алмасу процестерінің қалыпты жүруі үшін қажетті болып келеді.
2. Дене қызуын өлшеу
Күні бойы кездесетін дене қызуының физиологиялық ауытқулары тәңертеңгі және кешкі қызу арасындағы айырмашылық орташа есеппен алғанда 0,3-0,5 градусты құрайды.
Жастарға, орта жастағы адамдарға қарағанда сәби жастағы және қарт адамдардың дене қызуы төмендеу болады.
Ерте балалық шақта тәулік ішінде үлкен ауытқулармен көрінетін дене қызуының аса тұрақсыздығы байқалады. Қалыпты жағдайда дене қызуы ас қабылдағаннан кейін физикалык күшті жұмсай отырып, жұмыс істегенде айқын көрінетін көңіл-күй жағдайлары, әйелдерде жүктілік және етеккір келу кезеңдерінде аздап жоғарылайды. Қалыпты жағдайларда сау адамдардың дене температурасы физиологиялық жағдайларына байланысты 0,5°С деңгейінде ауытқиды. Сонымен қатар, қалыпты жағдайда теріде өлшенетін дене қызуы (табиғи қатпарлардағы) кілегей қабаттағы қызудан (ауыз қуысы, тік ішегі, қынап) 0,5-0,8°С төмен. Қолтық асты аймағындағы дене қызуы 36-37° С-қа тең.
Жоғарыда айтылған деректерге сүйене отырып, дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек: таңертең - ұйқыдан кейін, ашқарынға(сағат 7.00 - 9.00 аралығында) және кешке -күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (сағат 17.00-19.00 аралығында). Кейбір жағдайларда (дәрігердің белгілеуі бойынша) дене қызуын әрбір 3 сағат сайын өлшеу керек, оны температураның профилін өлшеу деп атайды.
Дене қызуын қалыпты жағдайда максимальді медициналық термометрмен өлшейді. Ол бір шетінде сынап орналасқан резервуарды жұқа шыныдан жасалған және корпустан тұратын аспап. Резервуардан термометрдің басқа шетіне капилляр шығады. Кызған және көлемі үлкейген сынап капилляр бойымен жоғарыға көтеріледі. Капилляр бойында термометр шкаласы орналасқан. Шкала температураның нақты градусына дейін анықтауға есептелген. Ол үшін оның бойында осыған сай арнаулы бөлінулер бар. Медициналық термометрмен 34-42° С-қа дейін дене температурасын өлшеуге болады.
Термометр сынап бағанасының ең жоғары көтерілу биіктігін керсетеді, сондықтан ол ең жоғары (максимальді) деп аталады.
Бірақ капиллярдың төменгі бөлігі бірден тарылып, кедергі жасағанынан сынап өзегінен резервуарға өзінен-өзі аға алмайды.
ЕСКЕРТУ!
Сынапты резервуарға қайтару үшін термометрді сынап бағанасы 35° төмен орналасқанға дейін сілку керек. Манипуляцияны жүргізгеннен кейін термометрді зарарсыздау керек: 15 минутта 1% деохлор немесе 3% су тотығы ерітіндісінде 80 минут батыру, дезинфекциялық ерітінді қоңыр шыныдан жасалған ыдысқа құйылу қажет, себебі күннің көзінде, жасанды жарықта ерітінді өз қасиетін тез жоғалтады.
Абайлаңыз! Термометр жұқа нәзік шыныдан жасалған. Ма-нипуляцияны орындау алдында міндетті түрде термометрдің бүтіндігіне көз жеткізу керек.
Құрамында сынабы бар аспаптармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесі
Медициналық термометр жұмыс барысында сынуы мүмкін. Ұсаққа бөлініп, ыдырап кететін сынаптың өзі зиянын тигізбейді. Сынаптың буы өте қауіпті. Сынап буы - нейротоксикалық у. Сондықтан сынапты тез жинап алу керек. Науқастарды бөлмеден шығарып, сынапты шаңсорғышпен немесе жұмсақ нанның ортасымен батыра отырып жинайды. Жиналған сынапты тығыз жабылатын шыны ыдысқа орналастыру керек. Содан соң қолды мұқият жуу керек.
Емделушінің дене қызуын өлшеу
Мақсаты: науқастың жағдайын бақылау.
Қажетті заттар:
- медициналық термометр
- астауша
- сүлгі
- дене қызуын есепке алу журналы
- қызу парағы
- зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс
- таза термометрді сақтауға арналған ыдыс
- мақта
Іс-әрекеттер алгоритмі: