Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать
  1. Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары

Үйлестіру қызметтің мақсатына жету үшін оның қатысушылары әр нысанды өзара байланысқан іс-әрекеттерді қолданады. Үйлестірудің негізгі нысандары мыналар:

  • құқық қорғау органдары басшыларының үйлестіру жиналысыҒ

  • қылмыспен күресу бойынша ақпаратпен алмасу;

  • келісілген істер жүргізу үшін және жергілікті құқық қорғау органдарының қылмыспен күресуіне көмек көрсету, дұрыс тәжірибені зерделеу және оны тарату;

  • нақты қылмысты тергеу үшін жедел тергеу тобын құру;

  • қылмысты ашу және жол бермеу мақсатындағы іс-шараларды өткізу, сонымен қатар оларды шешуге икемдейтін себептер мен жағдайларды жою;

  • жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін пайдалану, бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу;

  • қылмыспен күресу бойынша құқық қорғау процесінің жұмыс барысында жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне көмек көрсету;

  • біріккен бұйрықтар, нұсқау, ақпараттар, хат және т.б шығаруды ұйымдастыру, басшылық ету, біріккен бюллетендер және тағы басқа ақпараттар дайындап, құжаттар шығару;

  • үйлестірудің жұмыс жоспарларын құрастыру және бекіту;

  • түрлі мәселелер бойынша бірігіп заңдардың сақталуын қадағалау;

  • аймақтық қылмыспен күресу бағдарламаларына ұсыныстар енгізу үшін бірлесіп ұсыныстарды құрастыру.

Бұл нысандар тізімі жеткілікті болып табылмайды, тәжірибе барысынла үйлестірудің тағы басқа нысандары қолданылуы мүмкін.

Аталған нысандардың ішінде құқық қорғау органдары басшыларының кеңесі ең маңыздысы болып табылады. Кеңесті төраға-прокурор басқарады. Қажет болған жағдайда, қадағалау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Осы мәселелердің талқылауына құқық қорғау органдарының, үйлестіру отырыстың қатысушылары тең құықғымен пайдаланады. Егер құқықтық органдардың басшыларымен кеңестің шешімдері мақұлданса, ол қабылданды деп саналады.

Құқық қорғау органдарының басшылары бұйрықтар, нұсқаулықтар, өкімдер және тағы басқа ұйымдастыру -өкімдік шаралар шығару жолдарымен шешеімдердің орындалуын жүзеге асырады.

Үйлестіру кеңестің мүшелері олардың қарамағына қатысты және құзыретіне жататын және өздері оны басқаратын шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. Онымен қоса, үйлестіру кеңесін шақыру, оның төрағасы болу құқықтары берілген. Жоғарыда аталып кеткен үйлестіру өкілеттіктерімен қоса, прокурор үйлестіру процесінде өз қадағалаушылық құқық толық мөлшерде сақтайды. Үйлестірушілік қызметтегі барлық қатысушылардың қылмыспен күресу бойынша әрекеттердің заңдылығын қадағалау прокурордың маңызды міндеті болып табылады. Тәжірибеде үйлестірудің ең тиімді және нәтижелі нысаны – түрлі құқық қорғау ведомстволары нақты қылмысты тергеу-жедел тобын (бригадаларын) құру жолмен бірлесіп тергеу өткізк. Осындай топтарды құру жэәне олардың қызметтерін қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен және де ҚР прокуратурасы туралы заңымен реттеледі.

Қолданыста болған заңнама бойынша бұрынғы құқықтық тәртіп тәжірибесінің қылмыспен күресудің үйлестіру қызметінде сот органдары маңызды рөл атқарған. Алайда сот құқық қорғау органдарының жүйесінен мемлекеттік биліктің дербес тармағына бөлініп кеткен соң, құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметіне қатысу нысаны да өзгерді.

Прокуратура органдарының және басқа да үйлестіру қатысушыларының соттармен және әділет органдарымен бірлескен әрекеттері мынадай уағдаласқан өзара қарым-қатынас жасау нысанында өткізіледі:

  • қылмыскерді соттау жағдайы туралы өзара ақпарат алмасу;

  • қылмыстық күрес бойынша шараларды жетілдіру барысында соттың статистикамен соттағы тәжірибелік материалдарды пайдалану;

  • қылмыстық күрес бойынша заң жобаларын дайындаудағы біріккен жұмыстар;

  • тиісті мамандар қатысқан осынедай біріккен семинарлар мен коференциялар жүргізу, құқық қорғау органдарының біліктілігін арттыру үшін сәйкес сапалы мамандарыды жұмысқа тарту;

  • ҚР Жоғарғы Сот отырысында Сот төрағалары, әділет органдары басшылары қатысуымен ақпарттық біріккен хаттар, анықтамалар және шоулар жіберу;

  • Құқық қорғау органдарының басшылары үйлестіру жиналсын қадағалаушысы ретінде немесе өз органдары бойынша үйлестірудегі ақпарат беруші тұлға ретінде қатыса алады. Бұл іс-әрекет қылмыспен күрес барысында басқа да құқық қорғау органдарының қызметін тереңдетуге және мәртебесін көтеруге бағытталған. Соттардың төрағалары, әділет органдарының басшылары мыналарға құқылы:

  • Құқық қорғау органдары басшыларының мәжілістерінде бақылаушы немесе өз органдарының қызметі жөнінде хабардар ететін тұлға ретінде қатысуға;

Қылмыспен күрес бойынша бірлескен қызметінің басқа түрі тәрізді осы өзара іс-әрекет жасау нысаны құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын тереңдетуге және құқықтық мәртебесінің дамуына бағытталған.