Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

сауат ашу 2

.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
37.68 Кб
Скачать

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу

Тақырыбы:Ю дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Балаларды Ю дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу,олардың сөздік қорына мән беріп,байланысытырып сөйлеуге үйрету,ұғымталдыққа тәрбиелеу.Дидактикалық материалдарды пайдаланып,балалардың ойлау қабілетін,қиялын зейінің дамыту.Қолдарын жазуға жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:кеспе әріптер,суреттер,текшелер.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,жұмбақ,ребус шешу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру

Шеңберге дөңгеленіп тұрады бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Бүгін біз оқу іс-әрекетінде Ю дыбысымен,әрпімен танысамыз.Біз дыбысты естиміз,бірақ көрмейміз.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Өте дұрыс.Өткен сабақты қайталап шықтық,ал бүгін біз ю дауысты дыбысымен танысамыз.Ю дыбысы бар сөздерді айтып көрейікші:аю,ою,жию,тою,тию,юла,қию.

Педагог төмендегі үлгідей бір шумақ өлең оқып,өлеңде ю дыбысы кездесетін сөзді тапқызады.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Ю дыбысына мысалдар келтіру:жаю,ою,аю,Юра.

-Енді,балалар,біз «Кім жылдам?»ойының ойнаймыз.Бұл ойында жылдам сөйлем құрауымыз керек.

-Теледидардан аю көрдім.

-Әжем ою ойды.

-Аю,ою,ұю,құю,жию сөздерінде ю дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?

Ю дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі,ауада жазып қолды жаттықтыру.

Дәптермен жұмыс:

Аю,ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы ю дыбысының орның ажыратқызады.Балалардың өздеріне ю дыбысының сөздің аяғында келетін сөздер ойлатады.Дәптердегі буындарды,сөздерді құратып оқытады.Барлығы хормен қайталап оқиды.

Ю дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстырылады.Ю дыбысының екі (иу) дыбыстан тұратындығы «неше дыбыс,неше әріп бар?»тапсырмасын орындату арқылы түсіндіріледі.

Сергіту сәтін өткізу.

Сызба арқылы сөйлем құрату.Үлгі:

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

Балалар жауап береді.

Балалар өлеңдегі ю дыбысы бар сөздерді айтады.

Балалар ойынға жаппай қатысады.

Балалар педагогпен бірге ю дыбысын жазып үйрененді.

Балалар дәптердегі сөздерді хормен оқиды.

Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың ю дыбысына байланысты сөздерді қайталап сұраған соң,пысықтап қорытындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Х дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Сөз,сөйлем жайында түсініктерін бекіту.Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру.Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып,сөйлем,сөз құрастыру және оны талдауға үйрету.Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.Жазу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,ойын,қол жаттықтыру жұмысы.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:кеспе әріптер,суреттер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотиваиялық-қозғаушылық

Кіріспе әңгіме өткізу.

Педагог алдыңдағы сабақтарда өтілген дыбыстар туралы алған білілмдерін «Сөз құра,көп құра»дидактикалық ойыны арқылы пысықтайды.

Мысалы:а-алма,д-доп,дос,дойбы,дөңгелек,қ-қияр,қарбыз,қала,с-сағат,сағыз.

Дидактикалық ойын ойнау арқылы өткен сабақтарда өткен әріптерді еске түсіреді.

Балалар сөздерді қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақтарды шешу:

Аяғы жоқ,қолы жоқ.

Жүрмейтұғын жолы жоқ.(Хат)

Сәлем алып алыстан

Туысынан таныстан,

Келетұғын хат,хабар

Қай әріптен басталар?(Хат)

Дәптермен жұмыс.

Хат,дәріхан,шахмат сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы х дыбысынын сөздің аяғында келетін сөздер ойлатылады.Дәптердегі буындарды,сөздерді құратып оқытады.Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.Педагог х әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша х дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі х дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады.Сөйлем құрау тапсырмасын орындайды.

Суреттегі заттардың аттарын атап,сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды.Хат,хор,шахмат.

Хат деген сөзде үш дыбыс бар.Х дыбысы сөздің басында келіп тұр.

Х-дауыссыз,а-дауысты,т-дауыссыз.

Кеспе дыбыстарды пайдаланаып сөз құрастырып жазғызу.

Мысалы:хор,халат,т.б.

«Неше сөз бар?»дидактикалық ойыны.Шарты:педагог немесе балалар құрамында х дыбысы сөзді қатыстырып,бірнеше сөйлем айтады.Балалар сөйлем ішінен х дыбысы бар екенің анықтайды.

Мысалы:

-Мен ағама хат жаздым.

-Бұл сөйлемде төрт сөз бар.

-ауылдан хабар келді.

-Үш сөз бар.

Х дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Жанылтпаш жаттату.

Хабиба сөмке көтерген,

Хат-хабар күнде әкелген.

Хатипа мен Ханипаға,Қамарға

Харьковтегі Хамит аға

Хат жазыпты.

Хабарла!

Қол жаттықтыру,дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешеді.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Дәптердегі буындарды,сөздерді құрап хормен оқиды.

Х әрпін дәптерге бастырып жазады.

Суреттерге қарап аттарын атайды.Дыбыстық талдаулар жасайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.

Жанылтпаш жаттайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы х дыбысы туралы білімдері бекітіледі.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Һ дыбысы және әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.Дидактикалық материалды пайдаланып,балалардың ойлау қабілеттерін,қиялын дамыту(буын құрау,сөз құрату,жұмбақ,жанылтпаштар айту),игерген білімдерін бекіту.Һ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Балалардың Һ дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табуына назар аудару,олардың сөздік қорына мән беріп,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:кеспе әріптер,суреттер,әліппе-дәптер.

Оқу іс-әректінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберге тұрып,бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Шеңберге тұрады,лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың сабаққа дайындықтары тексеріледі.

-Сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

«Маған таныс емес сөз»дид ойыны.

Шарты:Педагог бірнеше сөзді айтады.Балалар өөздеріне таныс емес сөзді тауып айтады.

Мысалы:алма,асық,қала,қаҺар,хат.

ҚаҺар сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.ҚаҺар-ашу,ыза,айбар.ҚаҺар сөзіне дыбыстық талдау жасатылады.

Дәптермен жұмыс.

АйдаҺар,жиҺаз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы Һ дыбысының орнын ажыратқызады.Балалардың өздеріне Һ дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер айтылады.Дәптердегі буындарды,сөздерді құратып оқытады.Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.Педагог Һ әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша Һ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі Һ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады.

ЖаҺан,қаҺар,ЖауҺар сөздерін дыбыстық талдау жасатылады.»Сөйлем құра»тапсрымасын орындайды.

«Кім дұрыс айтады»ойыны жарыс түрінде өткізіледі.Өтілген дыбыстарды дауыстап айтады.Олардың ішінен дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Сұрақтарға жауап бердеді.

Өткен сабақтарда өткен әріптерді қайталап хормен айтып береді.

Сұрақтарға жаппай жауап береді.

Балалар ойынға жаппай қатысады.

-ҚаҺар

Педагогпен бірге талдау жасайды.

Дыбыстық талдаулар жасайды.

Хормен уынмен оқиды.

Педагогпен бірге жазып үйренеді.

Һ дыбысының орнына сөзө ойлап табады.

Жарыс түрінде ойын ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекітіледі.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:В дыбысы және әрпі Ф.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:В, Ф дыбыстарының және олардың әріп таңбаларымен таңыстыра келіп, в, ф дыбыстары бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы олардың сөздік қорын молайтып,сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Жазуға қолдарын жаттықтыруға дағдыландыру.Балалардың ойлау қабілеттерін,қиялын зейінің дамыту. Әдемі, сауатты жазуға баулу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:кеспе әріптер, буындар, суреттер,текшелер,бетперделер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог оқу іс-әрекетін Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» жұмбақ-өлеңін оқумен бастайды.Жұмбақтың шешуі:көктем мезгілі.

-Көктемде қандай гүлдер өседі?

-Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?

-Анамыз гүлдерді қайда салады?

-Вазаға

+Ваза сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

-Бізге таныс емес қай дыбыс?

- Фонтан, фото, футбол сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі ең бірінші дыбысты айтқызу.

- Кофе, фотоаппарат, телефон сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ф дыбысының орнын ажыратқызады.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

-Көктем мезгілі деп айтады.

Балалардың жауабы.

-Аналарымызға,.

-Вазаға

Дыбыстық талдау жасайды.

-В дыбысы

Балалар сөздерді буынға бөледі.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Бүгін біз в және ф дауыссыз дыбыстарымен танысамыз.

Жұмбақ шешу.

Бір атым бар-

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген.

(Балалардың жауабы:велосипед)

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды?

(Балалардың жауабы телефон)

-В, ф дыбыстары дауысты дыбыс па,әлде дауыссыз дыбыс па?

Тақтаға бір бала шығып велосипе телефон сөздерін текшелер арқылы жазады,қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

-Велосипе телефон сөздерінде неше буын бар?

- Балалардың өздеріне ф дыбысының сөздің басында, ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.

Дәптермен жұмыс.

Вагон,ваза,аквариум сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы в дыбысының орнын ажыратқызады.Балалардың өздеріне в дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады.Дәптердегі буындарды,сөздерді құратып оқытады.Барлығы хормен қайталап оқиды.

Педагог в, ф әріптерін ауада жазып көрсетеді,осыдан соң балаларға жаздырады.Дәптердегі үлгі бойынша в, ф дыбыстарының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

В дыбысын қатыстырып,сөйлем ойластырады.

Педагог төмендегідей өтірік өлең оқиды,балалар өлең жолдарынан в дыбысы бар сөздерді тауып айтады.

Волгасы бар құланға,

Вена бойы ұнайды-ақ.

Вагон тіркеп қыранға,

Великпенен жүр айдап.

Педагогті мұқият тыңдайды.

Жұмбақты шешуге тырысады.

Велосипед деп жауабын табады.

Телефон деп жауабын табады.

-Дауыссыз.

Педагогтің сұрағына жауап береді.

Педагогпен бірігіп дыбыстық талдау жасайды,

Дәптерде жазылған сөздерді буынға бөліп оқиды.

Дәптердегі үлгі бойынша в әрпін бастырып жазады.

Педагогті мұқият тыңдап,тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Саяхат»дидактикалық ойыны.Ойын шарты:Педагог Вена қаласы жайлы бейнекөрініс көрсетеді немесе Вена қаласының сәулетті жерлерінің суреттерін көрсетеді.Осы қала туралы қысқаша мәлімет беріп кетеді.

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

«Жалғасын тап» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: педагог сөздің алғашқы буындарын айтады, соңғы буынын бала тауып, сөзді айту керек. Мысалы: Фут-... , фон-... , теле-... , т.б.

Оқу іс-әрекетін фатима, финал, кофта, фонар сөздерінде неше әріп бар екенін цифрмен көрсетеді. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

Жұмбақтар шешу.

Арқасын тіреп жабысып,

Екі «р» қалған қабысып,

Бұл қай әріп? «Ф»

Иілген ұршық –

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (Ф)

Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп? (Ф)

Ойынға жаппай қатысады.

Вена қаласы жайлы суреттерді қарайды.

Оқу іс-әрекеті бойынша педпгогтің сұрақтарына жауап береді.

Балалар сөздердің соңғы буынын тауып сөздерді айтады.

Балалар сөздерді құрастырып, сөйлем құрайды.

Балалар жұмбақтарды шешеді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Игеру керек: тәжірибені игеру.

Меңгеру керек: ағаштың неден ауыратынын түсіне білуі.

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу

Тақырыбы: Ё дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, касса, монтер, елка, шахтер суреттері, әртүрлі текшелер.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру

Шеңберге дөңгеленіп тұрады бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Бүгін біз Ё дыбысымен танысамыз.

Жұмбақ шешу.

Қысы-жазы бір түсте.

Ол не?

- Шырша.

- Шырша сөзін орысша қайталаймыз.

Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.

Ё – дауысты дыбысы, екі дыбыстан жасалған (и+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: монтер,м шахтер, т.б.

- Ёлка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?

Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы Ё дыбысының орнын ажыратқызады.

Сергіту сәтін өткізу.

Биік болып өсеміз,

Елкалардай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Дәптермен жұмыс:

Шахтер, монтер сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ё дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне

ё дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.

Жазу жұмысы..Педагог ё әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша ё дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Педагог актёр, монтёр сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, осы сөздерді торкөздерге жаздыртады.

«Мен бастаймын, сен аяқта» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: Педагог: «шахтёр», «монтёр» - дейді.

Балалар жұмбақты шешуге тырысады.

Балалар шырша деп жауабын айтады.

- Ёлка

Балалар орыс тілінен енген сөздерді қайталайды.

Балалар жауап береді.

Балалар Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Балалар өлеңді қимылдармен көрсету арқылы сергіту сәтін орындайды.

Балалар дәптердегі сөздерді хормен оқиды.

Педагогпен бірге жазып үйренеді.

Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар «Шахтёр көмір қазады»,

«Шахтёр темір қалпақ киеді»,

«Монтёр электр желісін жөндейді», - деп жауап қайтарады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекеті шахтёр, монтёр туралы өлең жаттаумен аяқталады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ё әрпінің екі дыбыстан құралатынын

Игеру керек: тәжірибені игеру.

Меңгеру керек: дыбыстық талдау жасай білуді

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу

Тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: э дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды э дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу. Олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту. Ойын арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог төмендегідей өлең жолдарын оқиды.

  • Нан!

Нанда еңбек, нанда ән.

Нанда жұмыс,

Нанда сән,

Нанда үлкен мән

Сондықтан ол – нан!

Элеватор сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді.

Элеватор – мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.

Балалар өлең нан туралы екенін айтады. Педагог нанның дастарқанға қысқаша келу жолын түсіндіріп кетеді.

Балалар элеватор сөзінің мағынасымен танысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Бүгін біз сауат ашу сабағында э дыбысымен танысамыз. Э дыбысын айтып көрейік.

- Э-э-э

Э дыбысының дауысты дыбыс екені айтылады.

Жұмбақ шешу.

Өзі тым күшті

Жерді қазып бітті.

(Экскаватор)

Балалар, - экскаватор сөзінде неше буын бар?

  • Экс-ка-ва-тор.

  • Э дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр? Сөздің басында.

- Шырша сөзін орысша қайталаймыз.

Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.

Ё – дауысты дыбысы, екі дыбыстан жасалған (и+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: монтер,м шахтер, т.б.

- Ёлка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?

Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы Ё дыбысының орнын ажыратқызады.

Сергіту сәтін өткізу.

Биік болып өсеміз,

Елкалардай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Дәптермен жұмыс:

Шахтер, монтер сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ё дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне

ё дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.

Жазу жұмысы..Педагог ё әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша ё дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Педагог актёр, монтёр сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, осы сөздерді торкөздерге жаздыртады.

«Мен бастаймын, сен аяқта» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: Педагог: «шахтёр», «монтёр» - дейді.

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

Э дыбысын қайталап айтады.

Балалар экскаватор деп жауабын айтады.

Балалар жауап береді.

Балалар сұраққа жауап береді.

Балалар дәптердегі сөздерді хормен оқиды.

Педагогпен бірге жазып үйренеді.

Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар «Шахтёр көмір қазады»,

«Шахтёр темір қалпақ киеді»,

«Монтёр электр желісін жөндейді», - деп жауап қайтарады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекеті шахтёр, монтёр туралы өлең жаттаумен аяқталады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ё әрпінің екі дыбыстан құралатынын

Игеру керек: тәжірибені игеру.

Меңгеру керек: дыбыстық талдау жасай білуді