Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все файлы 2 / ЕНТ К тарих / Ист Каз-на 7,9-11 / 9 сынып Қазақстан тарихы 500 сұрақ.doc
Скачиваний:
104
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
141.82 Кб
Скачать
  1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар кімдер?

  2. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы кім?

  3. 1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы?

  4. Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі қай ел?

  5. 1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет?

  6. 1979 ж. 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала?

  7. Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жылы?

  8. О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы қалай аталады?

  9. 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған басшы кім?

  10. 1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны қалай аталады?

  11. ХХ ғ.-ң 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған кім?

  12. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісінің себебі?

  13. 1967 ж. Л.И.Брежнев КСРО-да қандай қоғам орнады деп мәлімдеді?

  14. 1975 ж. Алматыда шыққан «Аз и Я» кітабының авторы кім?

  15. 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына енгізілмек болған облыстарды ата?

  16. 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі не?

  17. 1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған кім?

  18. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» қай жылы ұсынды?

  19. 1960 жылдардың ішінде айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым қалай аталды?

  20. 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдерді ата?

  21. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы қалай аталады?

  22. 1972 жылы салынған электр станциясын ата?

  23. 1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек қалай аталады?

  24. Республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығы қай жер?

  25. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған зауытты ата?

  26. Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл?

  27. Батыс Қазақстандағы атом полигоны қалай аталады?

  28. Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейін жасалған ашық жарылыстың саны қанша?

  29. Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны қанша болды?

  30. 1967 жылдың аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны қанша болды?

  31. 1970 жылдары жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшкен кәсіпорындар пайызы қанша болды?

  32. 1970 жылдар ішінде Қазақстанда көмірді арзан бағамен, ашық әдіспен өндірген өндіріс орнын ата?

  33. 1960 жылдың ІІ жартысында Өзеннен мұнай, газ құбырлары тартылған қаланы ата?

  34. 1984 жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі қанша болды?

  35. 1960 жылы Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт?

  36. 1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон қалай аталады?

  37. 1960-70 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт?

  38. 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар?

  39. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген ауданды ата?

  40. 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан Қазақстан нешінші орын алды?

  41. 1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ болып қай жер саналады?

  42. Капустин Яр атом полигоны орналасқан облысты ата?

  43. 1960 жылдардың ішінде былғары аяқ-киім фабрикасы салынған қала қалай аталады?

  44. 1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала қалай аталады?

  45. 1970 жылдары республика одақта жетекші орынға қандай өндіріс бойынша шықты?

  46. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары кімдер?

  47. Өзен орнынан алғашқы мұнай алынған жыл?

  48. 1970 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа үлгісін енгізуге тырысқан кім?

  49. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мектептерге көмек көрсетуге қор жасау үшін ұйымдастырылған шара қалай аталды?

  50. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін не салынды?

  51. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қай жылы қолға алынды?

  52. Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу қай оқу жылдарынан бастау көзделді?

  53. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны қай жылдар ішінде өріс алды?

  54. 1984 жылғы кезекті мектеп реформасы бойынша қарастырылған шара қалай аталды?

  55. 1965-1966 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны қанша болды?

  56. 1965 жылы республика халық шаруашылығындағы жұмыс істеп жатқан дипломды мамандардың саны қанша болды?

  57. 1970 жылдар ішінде жүздеген мектептер қай жерлерде жабыла бастады?

  58. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің бәрі дерлік қандай мектептер болды?

  59. 1960-1970 жылдары катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген ғалым кім?

  60. 1960-1970 жылдары гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен ғалымды ата?

  61. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен ғалымды ата?

  62. Еңбегі Лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғалымы?

  63. 1960-1980 жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым кім?

  64. 1960-1980 Жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым кім?

  65. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласын ата?

  66. Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы?

  67. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі кім болды?

  68. «Қан мен тер» триологиясының авторы кім?

  69. КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған, майталман ақын?

  70. Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты жазған жазушы кім еді?

  71. Әбу Насыр әл Фараби туралы жазылған «Ұстаздың қайтып оралуы» романының авторы кім?

  72. Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы кім?

  73. Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушы?

  74. Ұлы Отан тақырыбына жазған шығармалары оқырман көңілінен шыққан жазушы?

  75. Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы кім?

  76. XX ғасырдың 60-80 жылдары ғылыми еңбектерді бағалау оның авторларына ғылыми дәреже беру қай қалада шешілді?

  77. Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған адам?

  78. XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған ансамбльді ата?

  79. XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған әнші кім?

  80. XX ғасырдың 70-80 жылдары есімі әлемге әйгілі болған әнші кім?

  81. Тоқырау жылдарында Қазақстанда жазылған ғылыми еңбектердің басым көпшілігі қай тілде жазылды:

  82. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласын ата?

  83. Тоқырау жылдарында қазақтардың үлесі тым аз ғылым саласын ата?

  84. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы?

  85. 1970 жылы дүние жүзі тарихшыларының назарын аударған жаңалық не болды?

  86. 1948 жылы республикада 15 жасқа дейінгі оқуға тартылмай жүрген балалардың саны қанша болды?

  87. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде қандай мамандық иелерін даярлау басым болды?

  88. Қазақстанда 1954 жылдан бастап ашыла бастаған оқу орындарын ата?

  89. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильмдер қалай аталады?

  90. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған «Атаманның ақыры» кинофильмінің қоюшы-режиссерлері кімдер?

  91. 1970 жылы туғанына 1100 толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы кім?

  92. 1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар қалай аталады?

  93. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым қай жылы ішінде құрылды?

  94. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы кім?

  95. Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы қай жылы жарық көрді?

  96. Целиноград оқиғасы қай жылы болды?

  97. 1960 жылы Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы болып кім тағайындалды?

  98. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша неміс автономиясының әкімшілік орталығы қай қала болуы тиіс еді?

  99. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен кім?

  100. Қапшағай электр станциясы қай жылы салынды?

  101. Жамбыл электр станциясы қай жылы салынды?

  102. Семей облысы, Шұбартау ауданының комсомол ұйымы бастама көтеріп,мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге қай жылы шақырды?

  103. 1980 жылдардың ортасында республикадағы жоғары оқу орындарының саны қаншаға жетті?

  104. 1980 жылдардың ортасында республикадағы орта арнаулы оқу орындарының саны қанша болды?

  105. КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам қай жылы жасалды?

  106. Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған адам?

  107. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қай жылы, қай айда қабылданды?

  108. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп кімді сайлады?

  109. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы етіп кімді сайлады?

  110. «Жасақшы Савицкийді өлтірді» деп айып тағылған, жас демократ, жалынды ақын?

  111. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны қанша болды?

  112. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендердің саны неше?

  113. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар қалай аталды?

  114. Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар?

  115. «Қазақ КСР-індегі Тілдер туралы Қазақ КСР-нің Заңы» қай жылы қабылданды?

  116. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде дені студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы?

  117. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын?

  118. 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып кім сайланды?

  119. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ кім еді?

  120. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог кім?

  121. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған-тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған адам кім?

  122. Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді қай жылы аяқтады?

  123. Прагада Варшава шарты ұйымының жұмысы қай жылы тоқтатылды?

  124. Антиядролық, экологиялық қозғалыс қалай аталды?

  125. Антиядролық, экологиялық қозғалыс қай жылы бой көтерді?

  126. «Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі кім болды?

  127. 1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны қанша болды?

  128. 1989 жылдың шілдесінде жұмысшылардың бас көтеруі өткен қала ?

  129. 1989 жылдың маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өткен қала?

  130. 1988 жылы республикадан сыртқа шығарылған өнімнің бағасы қанша с болды?

  131. 1988 жылы Қазақстанға сырттан әкелінген өнімнің бағасы қанша болды?

  132. 1990 жылдары Қазақстанның сыртқа шығарған өнімінің негізі қандай өнімдер болды?

  133. 1980 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқа шығарған өніміндегі шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің үлесі неше пайызды құрады?

  134. Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен «әл-Баракабанк-Қазақстан» банкі қай жылы құрылды?

  135. 1991 жылдың қарашасында құрылған Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен банкі қалай аталды?

  136. 1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған әуе қатынасы қалай аталды?

  137. 1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған автобус қатынасы қалай аталды?

  138. 1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы қалай аталды?

  139. 1990 жылы қарашада құрылған тұңғыш «әл – Барака – Банк Қазақстан» банкін құруға қатысқан ел?

  140. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, шетелдермен біріккен кәсіпорындардың саны қанша болды?

  141. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, біріккен кәсіпорындар ашқан елдің саны қанша болды?

  142. 1990 жылдары Қазақстан шетелдер капиталын әкелу үшін сырттан тартылған инвесторды пайда салығынан неше жылға босатты?

  143. 1990 жылдары Қазақстан шетелдер капиталын әкелу үшін сырттан тартылған инвесторды 5 жылға дейін қандай салықтан босатты?

  144. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң қалай аталды?

  145. 1980 Жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң қалай аталды?

  146. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстанда құрылған банк қалай аталды?

  147. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымыа дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін мектептің саны қанша болды?

  148. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымыа дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін балбақшаның саны қанша болды?

  149. Алғаш рет балама кандидаттардың дауысқа түсу құбылысы көрініс берген, Қазақстанның Жоғары және жергілікті кеңестеріне сайлау қай жылы өтті?

  150. 1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс қалай аталды?

  151. «Азат» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы не болды?

  152. 1989 жылдың шілдесінде Қарағандыдағы кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл ұшып келген Қазақстанның басшысы кім?

  153. Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі қай жылы болды ?

  154. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан қанша студент шығарылды?

  155. Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін талдауға талпыныс қандай съезде жасалды?

  156. Жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының I сьезі қай жылы өтті?

  157. Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қай жылдан бастап қойыла бастады?

  158. 1990 жылы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиген оқиға қалай аталды?

  159. 1990 жылы 25 қазанда болған оқиғаны ата?

  160. 1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңес қабылдаған құжат?

  161. 16 желтоқсан қандай күн?

  162. Жоғары Кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі қай жылы тағайындалды?

  163. 1990 жылы сәуірде Жоғары Кеңестің мәжілісінде Қазақ КСР-інің Президенті болып кім сайланған?

  164. Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы құрамынан шығатыны жөнінде қашан мәлімдеді?

  165. 1990 жылдың соңына қарай КОКП қатарындағы Қазақстандағы коммунистердің саны қанша болды?

  166. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім не болды?

  167. Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы қалай аталды?

  168. КСРО өмір сүрген жылдар?

  169. 1991 жылдың желтоқсанындағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы қай оқиға болды?

  170. 1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары бас қосқан қаланы ата?

  171. 1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт не болды?

  172. 1991 жылы желтоқсанның 13-күні Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары бас қосқан қала ?

  173. Қазақстан Республикасы атауы қашан қабылданды?

  174. Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала?

  175. Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі?

  176. Н.Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі?

  177. 1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы қалай аталды?

  178. 1991 жыл 16 желтоқсан күні қандай құжат қабылданды?

  179. 1991 жыл 21 желтоқсан күні қандай оқиға болды?

  180. 1992 жыл 2 наурызда Қазақстан қандай ұйымға мүше болды?

  181. 1991 жыл 13 желтоқсан күні қандай саяси оқиға болды?

  182. Қазақ халқының Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы патша отаршылдары мен большевиктік шовинистік аппаратқа қарсы болған көтерілістерінің саны қанша болды?

  183. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттерді ата?

  184. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз қандай сөзбен алмастырылды?

  185. Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қай жылы қабылданды?

  186. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қай жылы қабылданды?

  187. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қашан қабылданды?

  188. 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі?

  189. Қазақстанда жергілікті кеңестер қай жылы өзін-өзі тарата бастады?

  190. 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституция бойынша республикадағы биліктің қайнар көзі:

  191. 1993 жылдың 13 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің таратылғанын ресми түрде жариялаған кім?

  192. Қазақстанда Жоғарғы Кеңес ресми түрде қашан таратылды ?

  193. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялардың саны қанша болды?

  194. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар қалай аталды?

  195. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық саяси бірлестіктердің саны қанша болды?

  196. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы ?

  197. 1995 жылдың 26 сәуіріндегі референдумға қатысушыларға қойылған сұрақ қалай аталды?

  198. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қай жылы қабылданды?

  199. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі кім болды?

  200. Президент жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қашан құрылды ?

  201. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата қалай аталды?

  202. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент қай жылдан бастап тұрақты жұмыс істей бастады ?

  203. Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердің мәселесінің шешімі қалай аяқталды?

  204. Қазақстандық студенттер шетелдердің оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алған бағдарлама қалай аталды?

  205. Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы бас қосқан қаланы ата?

  206. Алғашында «Шанхай бестігі» (кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталды) басшыларының алғашқы кездесуі қай жылы өтті?

  207. 1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны қанша болды?

  208. Қазақстанда жекешелендірудің II кезеңі қай жылы басталды?

  209. «Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1998 жыл қандай жыл болып бекітілді?

  210. Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1999 жыл жарияланды

  211. 1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал қалай аталды?

  212. XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны кім?

  213. ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым А.Құнанбайұлының мерейтойы қай жылы болды?

  214. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы қалай аталды?