Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

все файлы 2 / ЕНТ К тарих / Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар

.doc
Скачиваний:
145
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
172.54 Кб
Скачать

www.testent.ru

Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар.

  1. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу

  2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді

  3. 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»

  4. Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр

  5. Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:1724-1725жылы

  6. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы

  7. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна

  8. XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:Әбілқайыр хан

  9. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы

  10. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын

  11. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс-Ор

  12. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев

  13. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:Барақ сұлтан

  14. Орынбор қаласының салынуы-1743 жылы

  15. 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

  16. 1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан

  17. XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп: Колыван шебі

  18. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары:Семей,Өскемен,Бұқтырма

  19. 1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу

  20. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға

  21. Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды:1756 жылы

  22. 1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан:Әбілмәмбет

  23. 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның

  24. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз

  25. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан:Абылай

  26. Абылайдың бас мирасқоры:Уәли

  27. XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі:Ақтамберді

  28. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы:П.Рычков

  29. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: 1773-1775 жж.

  30. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері:Кіші және Орта жүз

  31. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған:Жер мәселесі

  32. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:Досалы

  33. Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс:Кулагин

  34. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі:Зәбір

  35. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді:Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен

  36. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым

  37. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға

  38. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:Пресногорьковск

  39. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны:Досалы

  40. С.Датұлы старшын болған ру:Байбақты

  41. 1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер:Хиуа хандығы

  42. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:Айшуақ

  43. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады:Хан сарайына

  44. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды:Ералы

  45. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға

  46. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі:Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді

  47. 1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:Қаратай

Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті: Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды

  1. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған:барон Игельстром

  2. Бөкей Ордасының территориясы:Еділ мен Жайықтың аралығы

  3. Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:Жасқұста

  4. Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл:1827 жыл

  5. 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар

  6. ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап: 850 000 шақырым

  7. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде

  8. 1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған: полковник Геке

  9. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай:Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы

  10. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом

  11. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады: Балқы бидің

  12. Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары:А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы

  13. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан: Хиуа ханы

  14. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды:Үш жүзді

  15. Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны:80 нен астам

  16. 1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері:Долгов пен поручик Герн

  17. Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы

  18. Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:1847 жылы Майтөбеде

  19. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:Хиуа хандығы

  20. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы:Иман батыр

  21. Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған хан:Қоқан ханы

  22. Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді:хандық сотты

  23. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл:1841 жылы

  24. Кенесары Қасымұлы ерекше көңіл бөлген шаруашылық саласы:егіншілік

  25. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі:Патша өкіметінің қазақ жерін отарлауын тежеу

  26. Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған: Ж.Нұрмұхамедұлы

  27. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл:1843 жыл

  28. XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған:Есет батыр

  29. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:Арыстан Жантөреұлы

  30. 1868-1869 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:Орал, Торғай

  31. XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық:Шаңырақ салығы

  32. XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді: 1 сомнан 3 сомға дейін

  33. 1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:Жамансай көлі маңында

  34. 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41

  35. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы

  36. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3000

  37. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі:Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы

  38. 1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді: Кавказдан

  39. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды

  40. «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:Маңғыстау көтерілісі

  41. XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс:Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы

  42. Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды: Жатақтар

  43. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында ашылды:1832 жылы

  44. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту

  45. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалды: Болыс сұлтаны

  46. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді:Болыс сұлтандар

  47. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл:50-70 шаңырақтан

  48. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:10-12 ауыл

  49. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар:Тек сұлтандар

  50. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказ

  51. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: Дворян

  52. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:1845 жылға дейін

  53. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты:1824 жылы

  54. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: Ф.Гирс

  55. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған:Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау

  56. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:Ш.Уалиханов

  57. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл: 1867 ж. 11 шілде

  58. «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл:1868 жылы 21 қазан

  59. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды:Облысты

  60. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:100-200

  61. 1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны:Билер мен қазылар соты

  62. 1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен:Әскери губернатор

  63. 1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды

  64. 1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: Шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру

  65. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар:Шыңғыс тұқымдары

  66. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария

  67. 1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері:Маңғыстау приставтығы

  68. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік:Түркістан генерал-губернаторлығы

  69. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ:Сырдария облысы

  70. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд

  71. XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір:Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті

  72. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы

  73. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық: Батыс-Сібір

  74. 1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор

  75. XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын:Батыс, Шығыс

  76. Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы

  77. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтардан үш жылға босатылды

  78. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады: Колпаковский

  79. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке:Жетісу

  80. 1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны:37

  81. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған: Орыс, украин шаруаларының қоныстануы

  82. Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы:1820 жылы

  83. Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны:2000 жуық ауыл

  84. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы

  85. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған:Тентектөре батыр

  86. Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы:Жалайыр

  87. Қапал бекінісі салынды:1847 жылы

  88. Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы

  89. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы:Үйсін

  90. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай көз тіккен аймақтары: Жетісу мен Іле өңірі

  91. Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек

  92. Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:1851 жылы 7 шілде

  93. 1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі:Ақмешіт

  94. 1854 жылы көктемде құрылған бекініс:Верный

  95. Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл:1855 жыл

  96. ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уалиханов

  97. Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей патшасына

  98. 1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер: Ұзынағаш

  99. 1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы:Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті

  100. Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған:М.Перемышельский

  101. Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж облысы

  102. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі: Англия

  103. 1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс:Түркістан

  104. Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 1865 жыл

  105. 1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы:Бұқар хандығы

  106. 1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:Түркістан

  107. 1812 ж. Отан соғысы кезінде ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын: Б.Тілекұлы

  108. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы

  109. Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: Жанжігітұлы, Байбатырұлы

  110. 1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Н.Жанжігітұлы

  111. Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері:22 000 сом

  112. 1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет: Қытай

  113. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты:Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау

  114. ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі: Бұқтырма

  115. ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім:Қарулы казактар бөлінді

  116. ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары: Петропавл, Семей

  117. Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары:өнеркәсіптік дайын бұйым

  118. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г.Глазенап

  119. Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С.Мадатов

  120. Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов

  121. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім: ХІХ ғ. 30 жылдары

  122. ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі:Ақмола облысы

  123. 1897 жылғы халық санағы бойынша халық ең көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный

  124. 1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:Кяхта

  125. Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды:1851 жылы

  126. 1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі:Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды

  127. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт:Петербург келісімі

  128. ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле су жолының ашылуы

  129. 1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі:Сүйдін

  130. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке:Қарқара

  131. 1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі: Семей сауда округі

  132. 1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: Халық соттары

  133. 1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу

  134. ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 ай абақтыға жабу

  135. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі: Цинь өкіметі қысым көрсетті

  136. Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам»

  137. А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»

  138. 1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық:Кіші Орда

  139. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: Г.Карелин

  140. Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл: 1829 жылы

  141. 1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор

  142. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы:Левшин

  143. ХІХ ғасырдың І жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын: Шернияз

  144. ХІХ ғасырдың І жартысында Шернияз ақынның әдебиет саласына қосқан жаңалығы:Суырып салма өнерді жетілдірді

  145. Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдар:1804-1846 жылдары

  146. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын:Сүйінбай Аронұлы

  147. Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл:1868 жыл

  148. ХІХғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана:Семейде

  149. Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған ұлы ақын: Абай

  150. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу» жөніндегі шаралары жарияланған жыл: 1867 жыл

  151. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала:Орск

  152. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған генерал-губернаторлық: Түркістан

  153. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала:Атырау

  154. Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар: Бұхара мен Ташкент

  155. 1870 жылы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы: 16 жасқа дейін

  156. 1870 жылғы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша оқу жылы осы айлар аралығында болды:мамыр-тамыз

  157. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді: 1910 жылға

  158. 1896 жылы Ресейдің әр түрлі оқу орындарында оқыған Торғай облысының қазақ студенттерінің саны: 50 ге жуық

  159. Петербург университетінің стипендиаты, семейлік алғашқы қазақ заңгері:Ж.Ақбаев

  160. Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ: П.Семенов – Тянь-Шанский

  161. Ш.Уәлиханов қайтыс болған жер: Алтын Емел жотасы

  162. Ш.Уалихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы соңғы еңбегі жарияланды: 1865 жылы

  163. Ш.Уалихановтың туған жері: Құсмұрын бекінісі

  164. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашғар сапарынан туған еңбегі

  165. Ш.Уәлихановтың білім алған орны: Сібір кадет корпусы

  166. 1864 жылы Ш.Уалихановтың генерал Н.Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекініс: Әулиеата

  167. Ш.Уалихановтың шыққан тегі: ақсүйек Шыңғыс тұқымы

  168. Шоқан Уәлиханов Сібір кадет корпусында білім алған жылдар:1847-1853 жылдары

  169. Ш.Уәлихановтың шын есімі:Мұхамед-Қанапия

  170. Ш.Уәлихановтың Құлжаға барған жылы: 1856 жыл

  171. Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі:Ел билеу ісіне тарту үшін.

  172. Семейдегі Абай білім алған оқу орны:«Ахмет Риза» медресесі

  173. Абай Құнанбаев өмір сүрген жылдар:1845-1904 жж.

  174. Абайдың ұлы Әбдірахман бітірген Петербургтегі оқу орны:Артиллерия училищесі

  175. А.Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс:Шыңғыс болысы

  176. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы:А.Құнанбайұлы

  177. Ы.Алтынсарин өмір сүрген жылдар:1841-1889 жылдары

  178. Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына арнап интернат ашқан қала: Ырғыз

  179. Жас Ы.Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балғожаның

  180. 1879 жылы Ыбырай мектеп инспекторлығына тағайындалған облыс:Торғай

  181. Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздаған кәсіп:Егіншілік

  182. Ы.Алтынсариннің негізгі оқу құралы:«Қырғыздарды орыс тілге үйретуге негізгі басшылық»

  183. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог:Ы.Алтынсарин

  184. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Алтай, Жетісу өлкелерін жан-жақты зерттеген дүние жүзіне әйгілі ғалым: Семенов-Тянь-Шаньский

  185. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Жетісуды зерттеген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик:В.Радлов

  186. «Орынбор ведомствасының қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: К.Мейер

  187. 1847-1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны: Шевченко

  188. Т.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым»

  189. Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл:1845 жылы

  190. XIX ғ. қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала:Мәскеу

  191. Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы: Ханбазар

  192. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші:Тәттімбет

  193. Тәттімбеттің төрелердің халықты жәбірлеуіне арнап шығарған күйі:«Бестөре»

  194. Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер:Жаяу Мұса

  195. Өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған ыза-кекке толы Біржанның өлеңі: «Жанбота»

  196. Құрманғазының дүниеге келген жері: Бөкей Ордасы

  197. Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі: «Кішкентай»

  198. Құрманғазының туған жерді, кең байтақ даланы сипаттайтын күйі: «Сарыарқа»

  199. Құрманғазының би күйі:«Балбырауын»

  200. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы:Дәулеткерей

  201. Күйші Дәулеткерейдің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен азаттық күрес:1836-38 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс

  202. ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші:Тәттімбет

  203. Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған сазгер,әнші: Жаяу Мұса

  204. «Балқадиша», «Маңмаңкер», «Құлагер» әндерінің авторы: Ақан Сері

  205. XIX ғ. күйші Ықыластың патша шенеуніктерін сынап шығарған күйі:«Жарым патша»

  206. ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің шығармасы: «Қырғыз» поэмасы

  207. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түсетіні: С.Гросс

  208. Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен: Құнанбаймен

  209. XIX ғ. аяғында саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі: Шығыс,Орталық Қазақстан

  210. Абайдың 1900 жылы жарық көрген «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» деген еңбегінің мазмұны:Семей облысы қазақтарының рулық құрамы туралы

  211. ХІХ ғасырда Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген ғалым: Е.Михаэлис

  212. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент

  213. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған:М.Тынышпайұлы

  214. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі: кен өндірісі

  215. 1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер: Успен кеніші

  216. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл:1906 жыл 10 қаңтар

  217. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған:Ш.Қосшығұлов

  218. Семейден мемлекеттік Думаға сайланып, кейін өзінің сайлаушыларына берген уәдесінен бас тартқан зерттеуші:Н.Коншин

  219. 1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты:революцияны тұншықтыру

  220. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл: 1911 жыл

  221. А.Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар:1910-1917 жылдар

  222. М.Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген туындысы:«Терме»

  223. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері:600 мың сом

  224. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы:20 тиын

  225. І дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі: 50 % -ға дейін

  226. 1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер:Риддер кен байыту орны

  227. ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының кітабы: «Мұсылмандық шарты»

  228. ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал: «Айқап»

  229. Халық дастандарының ел арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттаған халық ақыны:Н.Байғанин

  230. ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы:Естай

  231. ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы:Үкілі Ыбырай

  232. Абайдың аса дарынды шәкірті: Ш.Құдайбердіұлы

  233. ХХ ғасырдың басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы: М.Шамсутдинова

  234. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы:1909 жылы

  235. Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында енгізген экономикалық саясаты: Жаңа экономикалық саясат

  236. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды: Еңбек міндеткерлігі

  237. 1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген салықтың негізгі ауыртпалығы мойынына түсті: Кулактар мен байлардың

  238. Жаңа экономикалық саясат жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам: «Қосшы одағы»

  239. 1924-1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы: Тракторлар

  240. 1928 жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны: 41 млн

  241. Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы болды: Кенді Алтай

  242. Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берген өнеркәсіп: Риддер қорғасын зауыты

  243. Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінеген өнеркәсіп саласы: Түсті металлургия

  244. Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді: Жеке саудаға

  245. 1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат: Қарсақбай комбинаты

  246. ХХ ғасырдың 20-жылдарында халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында жүргізілген шара: Сауатсыздықты жою

  247. Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы

  248. Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдары ндағы Қазақстанда маңызды мәдени өзгерістердің бірі: Халықты жаппай сауаттандыру

  249. ХХ ғасырдың 30-жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алды: Қазақстан комсомолы

  250. Қазақстанда көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді: 1931 жылдың көктемінде

  251. 1931-1932 жылдары балалар үйіне орналастырған бала санының көп болуының басты себебі: 1931-1932 жылдардағы аштық

  252. Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны: Қазақ педагогикалық институты

  253. 1931-1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары: Орал, Қызылорда

  254. 1929-1931 жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орындары: Ауылшаруашылық және медициналық

  255. Республикада инженер-техник кадрларды даярлауға негіз болған, 30-жылдары ашылған жоғары оқу орны: Қазақ кен-металлургия институты

  256. Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі: 1920-1930 жылдар

  257. 1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым: М.Е.Массон

  258. 1932 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасындағы алғашқы ғылыми секторлар: Зоологиялық, ботаникалық

  259. 1935 жылы жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы: С.Асфендияров

  260. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик: А.Н.Самойлович

  261. 1913 жылы «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген белгілі ақын: М.Жұмабаев

  262. 1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы позияға серпін берген ақын-жазушы: С.Сейфуллин

  263. М.Жұмабаевтың эпостық құлашпен жазылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғаны суреттейтін дастаны: «Батыр Баян»

  264. С.Сейфуллиннің қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері, азамат соғысына қатысуын шынайы тұрғыда бейнелеген тарихи романы: «Тар жол, тайғақ кешу»

  265. С.Сейфуллиннің 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романында қазақтардың қатысуын суреттеген тарихи оқиғалардың бірі: Азамат соғысы

  266. 1920-1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар: Ж.Саин, Қ.Аманжолов

  267. ХХ ғасырдың бірінші жартысында төңкеріс, кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы өлеңдер мен дастандар жазған көрнекті қазақ ақыны: Иса Байзақов

  268. М.Лермонтовтың, А.Пушкиннің шығармаларын және «Интернационалды» қазақ тіліне аударған белгілі ақын: Ж.Аймауытов

  269. 1930 жылдары қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор зиянын тигізген қасіретті оқиға: Сталиндік жазалау

  270. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинақтың авторы: А.Затаевич

  271. 1927 жылы Париж қаласында өткен концертке қатысып ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі: Ә.Қашаубаев

  272. 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш қазақ театрының алғашқы басшысы, дарынды режиссер: Ж.Шанин

  273. 1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған мәдени мекеме:Ұлттық қазақ театры

  274. 1926 жылы Қызылордада ашылған қазақ театрында алғаш қойылған пьеса: «Еңлік – Кебек»

  275. 1933 жылы Алматы қаласында ашылған аз ұлттар театры: Ұйғыр музыкалық-драма театры

  276. 1937 жылы корей театры ұйымдастырылған қала: Қызылорда

  277. 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы жасап шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі: «Амангелді»

  278. 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгер: А.Жұбанов

  279. П.Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі, қазақтың белгілі суретшісі: Ә.Қастеев

  280. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған әйгілі әнші: К.Байсейітова

  281. 1936 жылғы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген опера: «Қыз Жібек»

  282. 1930 жылдары театрлар ашылған Қазақстан қалалары: Семей, Қарағанды

  283. Қазақстан кино өнері бастау алатын кезең: 1930 жылдары

  284. А.Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды: 1939 жылы

  285. Қ.И.Сәтбаевқа 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілді: Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін

  286. Қазақ КСР ғылым академиясы ашылды: 1946 жылы

  287. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны: Шымкент технология институты

  288. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны: Авиация институты

  289. Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер-офицер: Б.Бұлқышев

  290. Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген кино-картина: «Абай әндері»

  291. 1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар: 22 делегация

  292. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған С.Мұқановтың повесі: «Өмір мектебі»

  293. Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны: Шет тілдер институты

  294. КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді: 1926-1927 жылдары

  295. Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы: Ә.Бөкейханов

  296. Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы берілген атақ: Қазақ академиялық драма театры

  297. Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылар саны: 100-ге жуық

  298. С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды: 1934 жылы

  299. 1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам: Қазақстанды зерттеу қоғамы

  300. 1920-1930 жылдары зерттелген Қазақстанның мұнайлы ауданы: Ембі мұнайлы ауданы

  301. 1920-1930 жылдары ғылыми тұрғыда зерттелген түсті металл кеніші: Ащысай қорғасын кеніші

  302. 1938 жылы қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасаған киностудия: «Ленфильм»

  303. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ.Сәтбаев

  304. Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А.М.Панкратова

  305. Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны: 900-ден астам

  306. Көшпелілердің қола дәуірдегі тарихы мен мәдениетіе зерттеген белгілі ғалым: Ә.Марғұлан

  307. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пән: Партия тарихы

  308. М.Әуезовтың КСРО мемлекеттік сыйлығын алған шығармасы: «Абай»

  309. 1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі болған Ғ.Мүсіреповтың романы: «Оянған өлке»

  310. 1949 жылы Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде әдеби қауымның назарын аударған Ғ.Мұстафиннің орыс тіліне аударылған повесі: «Шығанақ»

  311. Одаққа танымал болған «Тың игерушілер» атты очерктер кітабының авторы: И.Шухов

  312. «Гүлстан» повесінің авторы, ұйғыр жазушысы: Х.Абдуллин

  313. Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалының лаураеты атанған шығармашылық ұйым: Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі

  314. Республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болған, 1946 жылы қойылған опера: «Біржан – Сара»

  315. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «Жамал», «Атамекен» сияқты суреттерді дүниеге әкелген жас суретші: Қ.Телжанов

  316. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды: КОКП ХХ съезінен кейін

  317. Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: 1950 жылдар ішінде

  318. 1950 жылдары шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин

  319. 1946 жылғы республиканың мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға: Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы

  320. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер: Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер

  321. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар: Өскемен, Қарағанды, Шымкент

  322. 1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасы: «Ризвангүл»

  323. Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты: Неолит

  324. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарының жаңа түрлері – дәнүккіш, келі, балта, т.б. ойлап тапқан уақыт: Неолит.

  325. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеру

  326. Ежелгі адамдардың ең әуелде отты қайдан алғанын анықтаңыз: Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан

  327. Жер бетінің күрт сууына байланысты алып мұздық пайда болған аймақтар: Еуропа мен Азияның солтүстігінде.

  328. Ғалымдардың айтуы бойынша бұдан 100 мың жыл бұрын жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы: 2км.

  329. Алғашқы адамдардың киім тігуге жіп орынына пайдаланған материалы: Жануарлардың сіңірлері

  330. Алғашқы адамдардың киім тігу үшін инені қандай заттан жасағанын анықтаңыз: Үшкір сүйектен

  331. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қандай заттар екенін анықта: Қашау мен үшкір заттар

  332. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген тұрғындардың қоғамдық құрылысын анықтаңыз: Рулық-тайпалық құрылым

  333. Жеке меншік қалыптасты: Қола дәуірінде

  334. Қола дәуірінің екі түрге бөлінетін тұрғын үйлерін атап көрсетіңіз: Жартылай жертөле үйлер, жер бетіне салынған үйлер.

  335. Бұқар жыраумен замандас Қанжығалы қарт Бөгембайды жоқтау және оның өлімін Абылайға естірту сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей

  336. С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған туындысы: «Қамар сұлу»

  337. КСРО дәуірінде кертартпа ұлтшыл буржуазияшыл басылым ретінде сипатталып келген басылым: «Қазақ» газеті

  338. Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зертеп, карта дайындаған оқымысты: Е.Михаэлис

  339. Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған: Ш.Құдайбердиев

  340. Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығармашылық мұрасы ерекше орын алатын тұлға: А.Байтұрсынұлы

  341. XX ғасырдың басында демократияшыл, ағартушылық, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылған: Ш.Құдайбердіұлы

  342. 1906 жылы патша үкіметі қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелерінің Қазақстанға әсері: Орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады

  343. Ауыз әдебиетінің алыбы, суырып салма ақын: Жамбыл Жабаев

  344. «Қазақ» газеті шығып тұрған мерзім: 1913-1917 жылдардың аралығында

  345. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінің» авторы: Ш.Құдайбердіұлы

  346. XX ғасырдың басында Ресей әкімшілігі Орта Азияны экономикалық орталықпен байланыстыру мақсатында салған шойын жол: Орынбор-Ташкент

  347. 1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мың

  348. 1853-1905 жылдар арасында қазақтардан тартып алынған жер көлемі: 4 млн. десятина

  349. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптатырған оқиға: 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар

  350. 1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды: Орынборда

  351. XX ғасырдың басындағы өлкедегі революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түскен интернационалдық бой көрсету: Успен (Нілді) кенішіндегі оқиға

  352. «Түземдік халық» арасынан Патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар: Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанұлы, М.Тынышпайұлы

  353. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы

  354. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым: «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»

  355. 1906 жылы қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен семей облысындағы уезд: Қарқаралы

  356. Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл

  357. 1914 жылы Қазақстанға қоныстанған әр тілдес халықтардың санының бірден 211 есеге көтерілуінің себебі: Ресейден қоныс аударған шаруалардың есебінен

  358. 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды: Мақта, ет, жылқы, түйе

  359. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әскери тұтқындардың алғашқы топтары әкеліне бастады: 1914 жылдың тамыз айынан бастап

  360. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болды: Славян тектестер

  361. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғарыдан төмен қарай, иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналған ұйым: Кеңес Одағының коммунистік партиясы

  362. 1950 жылдары Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі: Соколов-Сарыбай комбинаты

  363. Ж.Шаяхметовтің республиканың партия ұйымын басқарған жылдары: 1949-1954 жылдар аралығы

  364. Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы: Пионер ұйымы

  365. КСРО кезінде жергілікті өкімет билігі қолында болды: Еңбекшілер депутаттарының жергілікті кеңестері атқару комитеттерінің

  366. Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы: «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы

  367. БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы жарық көрді: 1946 жылы

  368. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарық көрді: 1947 жылы

  369. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» қаулысы бойынша зерттеуге шек қойылды: Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы рухани мұрасын

  370. Е.Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болған, «Правда» газетінде жарияланған мақала: «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық»

  371. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов бас еркіндігінен айрылды: 25 жылға

  372. 1950-ші жылдары көзқарасы ғылымға «жат» деп танылған ірі ғалым: Ә.Марғұлан

  373. 1950-ші жылдары Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған дарынды жазушы: Ю.Домбровский

  374. Сталиннің жеке басын айыптаған КОКП-ның съезі: XX -ші

  375. 1950 жылы жұмысшылар мен қызметшілердің орташа еңбекақысы: 62 сом

  376. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер: Еңбек резервтері мектептері

  377. 1950 жылдарыдың басындағы ұжымшар мүшелерінің орта есеппен айлық жалақысы: 16,4 сом

  378. 1950 жылдары жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан маман жұмысшылардың азаюының басты себебі: Жергілікті ұлт өкілдерінің қалалардан жаппай ауылды жерлерге көшуі

  379. КСРО кезіндегі барлық Одақтас Республикалардың ақша бірлігі: Сом

  380. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар»

  381. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ»

  382. 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны: О.Сүлейменов

  383. КОКП-ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы: Салалық ұстаным бойынша басқару

  384. Ашық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілетін кәсіпорын орналасқан: Екібастұзда

  385. Өзеннен алғаш мұнай алынды: 1965 жылы

  386. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында

  387. Суының тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне апат әкелген су айдыны: Арал теңізі

  388. Батыс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом полигоны: Капустин Яр

  389. 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында ауада жасалған жарылыстардың саны: 113

  390. 1964 жылдан 1989 жылдың қазанына дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жарылыстардың саны: 343

  391. 1960-1980 жылдары түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан

  392. 1960 жылдардың екінші жартысында Атырауда салына бастаған зауыт: Химия-металлургия зауыты

  393. 1960 жылы Павлодарда машина жасау зауытының негізінде құралған кәсіпорын: Трактор зауыты

  394. Экологиялық дағдарыс шиеленіскен, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Қарағанды, Шымкент, Өскемен

  395. Әдістемесі «социализмге жат, зиянды», деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры: И.Худенко

  396. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған комиссия басшысы: И.И.Бутков

  397. А.П.Безактың отставкаға кетуіне байланысты оның орнына Н.А.Крыжановский тағайындалды: 1864 жылы

  398. 1867 ж.11 шілдеде ІІ Александр патша бекіткен ереже: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже»

  399. Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап еткен: Ш.Уәлиханов

  400. 1867-1868 жж. Реформа бойынша Ақмола облысына енген уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл

  401. 1867-1868 жж. Реформа бойынша уездер аймақтық принципке негізделіп бөлінді: болысқа

  402. 1867-1868 жж. ереже бойынша 100-200 шаңырақтың атауы: ауыл

  403. 1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек

  404. Ресей үкіметінің Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды: 1864 жылы

  405. 1863 жылы Ресейдің құрамына енген бестаңбалы рудың саны: ) 5 мың шаңырақ

  406. Орыс әскерлеріне қарсы Бұхар хандығымен одақ жасауға тырысқан Қоқан билеушісі: Әлімқұл

  407. 1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады: Ресейдің

  408. Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер: атты әскер

  409. 1804-1815 жылдары атты әскер үшін Бөкей ордасынан сатып алынған жылқы саны: 48 мыңға жуық

  410. Соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында құрылған полктердің саны: 40 кавалериалық полк

  411. 1812 жылы шілденің 6-ы күні Ресейде манифест-үндеу қабылдаған:І Александр

  412. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған: Б.Тілекұлы

  413. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде елтон тұз өндірушілерінің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері: бір миллион пұт

  414. 1812 жылы Ертіс шебінің полктері қатысқан қанды шайқас: Бородино түбіндегі

  415. 1812 жылы Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс алған қазақ жауынгері: Майлыбайұлы

  416. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде көгілдір ленталы медальмен марапатталған: Қарынбай Зындағұлұлы

  417. 1 тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлына берілген орден: «Қасиетті Анна»

  418. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Башқұрт полкі құрамында қатысқан Әмен Байбатырұлы: жауынгер ақын

  419. 1812 жылы соғысқа қатысқан «шоқынған» қазақ: Яков Беляков

  420. 1886 жылы маусымда бекітілген ереже: «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы»

  421. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінде құрылған облыстар: Сырдария, Ферғана, Самарқан

  422. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінің басқару орталығы: Ташкент

  423. 1886 жылғы Ереже бойынша Ферғана облысына енген уезд саны: 5

  424. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Дала генерал- губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу

  425. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының орталығы: Омбы

  426. 1886 жылғы Ереже бойынша облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот: бітістіруші сот

  427. 1873 жылы Қазақстан алтын өнеркәсібіндегі әйелдердің үлесі: 12 пайыз

  428. 1849 жылы жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өткен жер: Көкшетауда

  429. Өскемен кен өндірісінде ереуіл өткен жыл: 1888 ж

  430. Жетісу өңіріне алғаш қоныс аударылған ұйғыр саны: 45 мың

  431. 1881-83 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы: Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңірі

  432. Қазіргі Алматы облысының жерінде ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны: 6

  433. 1867-1877 жылдардағы ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресі бағытталған әулет: Маньчжур-Цин әулеті

  434. 1905 жылы басылып шыққан Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі: «Он екі мұқам»

  435. Верный уезінің Жаркент болысындағы ауқатты ұйғыр көпесі: Вали Ахун Юлдашев

  436. XIX ғасырдың 80 жылдары Жетісуға қоныс әрбір дүнгенге берілген жер көлемі: 3 десятина

  437. XIX ғасырдың екінші жартысында Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы: Шыңжаң

  438. 1905 жылы «Он екі мұқам» басылып шыққан қала: Қазан

  439. 1883 жылы қоғамдық кітапхана ашылған облыс: Семей

  440. Семей облысынан шыққан Петербург университетінің степендиаты: Ж.Ақбаев

  441. 1868 жылы құрылған ститистикалық комитет: Түркістанда

  442. 1861 жылы орыс-қазақ мектебі ашылған қала: Троицк

  443. 1878 жылы ашылған Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшесінің бірі: А.Құнанбайұлы

  444. Суретші Н.Хлудовтың шығармалары: «Көш», «Мал айдау»

  445. «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» картинасының авторы: В.Верещагин

  446. Париждегі дүниежүзілік көрмеге қазақ зергерлерінің заттары қойылған жыл: 1868 жыл

  447. Шертпе күйдің негізін салушы: Тәттімбет Қазанғапұлы

  448. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы

  449. Ф.И.Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар: 1925-1933 жылдар

  450. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н.С.Курнаков

  451. Жезқазған мыс кенін зерттеген, жас инженер-геолог: Қ.И.Сәтпаев

  452. Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастаған жыл: 1927 жыл

  453. 1930 жылы Түрксібтің солтүстік және оңтүстік учаскелері түйіскен станция: Айнабұлақ

  454. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шыққан жыл: 1928 жыл

  455. 1927 жылы желтоқсанда ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялаған съезд: ХҮ съезд

  456. Ұжымдастыруға дейінгі республикадағы мал саны: 40,5 млн.

  457. 1931-1932 жылдары малдың 80 пайызын етке өткізген аудан:Шұбартау

  458. 1931-1933 жылдары республикада аштықтан қырылған адам саны: 2,1 млн

  459. 1932 жылы БК(б)П өлкелік комитетіне, Ф.Голощекинге жазылған ашық хат: «Бесеудің хаты»

  460. 1933 жылы наурызда И.В.Сталинге хат жазған қайраткер: Т.Рысқұлов

  461. «Ұлы жұт» жылдары: 1930-1932 ж.ж

  462. Осакаров ауданында 25 қоныс обсервация құрылған жыл: 1931 жыл

  463. 1936 жылы 5 желтоқсанда болған оқиға: КСРО Конституциясы қабылданды

  464. 1938 жылы маусымда Қаз КСР жоғары кеңесіне депутаттыққа сайланған қазақ саны: 152

  465. 1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған мұнайшы: С.Зұрбаев

  466. 1930-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы өткен толқулар мен көтерілістер саны: 372

  467. 1930 жылы атуға үкім шығарылған, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі: Ж.Аймауытов