Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Экономикалы-су-.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

Реферат

Диплом жұмысы: «Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде» тақырыбы жүйесінде орындалған. Жұмыс көлемі 55 беттен құралған, кіріспе, 2 негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылғаен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломның бірінші тарауында қоғамның әл-ауқатын қамсыздандырудағы экономикалық өсу теорияларының буржуазиялық және қазіргі жаңа көзқарастарының негізінде қарастырылады. Теориялық мәселеде экономикалық өсу ұғымының мәнін ашу және оған әсер етуші факторлардың ерекшеліктерін көрсетіп, талданды.

Екінші бөлім Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсуі жайында және ұлттық экономикалық өндірістің тиімділігін арттыру мақсат-міндеттерінің негізінде айқындалды. Мұнда ҚР экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялық саясатын алдын-ала анықтап оның іске асырылуын бағдарламалық негізде жан-жақты қарастырылды. Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру басымдылықтарының макро және микроэкономикалық деңгейінде сараптама жүргізілді. Сонымен бірге Қазақстан экономикалық, әлеуметтік жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарлама бойынша жаңатехнологиялық өндірісті қалыптастыруға және онда өндірілу тиімділіктерін арттыруды мақсат етіп қойдық.

Диплом жұмысында экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндіріс тиімділігін арттыру негізі ретіндегі мәселеде шетелдік экономист ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп, сонымен қатар қазақстандық ғалымдардың экономикалық теориялық жетістіктерін атап айтсақ, Я. А. Әубәкіровтың, Ө. Қ. Шеденовтың, Е. Б. Жатқанбаевтың, Д К. Кабдиевтың, С. Сатыбалдиннің және бірқатар танымал экономистердің еңбектері пайдаланылды.

Әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің нұсқаларын сараптап ұлттық экономикамыздың ерекшеліктеріне тән қасиеттеріне назар салып экономикалық өсуді одан әрі жетілдіре отырып әлеуетімізді толық тиімді пайдалануымызды қажет етеді. Бүгін Қазақстан тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша әлемге паш етті.

Сонымен экономикалық өсудегі қоғамның әл-ауқаты мен өндіріс тиімділігін арттыруда экономикалық теория, қоғамдық өндіріс қатынастарының негізгі байланыстарын зерттеп, оның негізгі бағыттарының өзара байланыстарын ерекшелеп атап көрсеттік.

Жұмысты жазу барысында қолданылған негізгі экономикалық терминдер: рынок, экономикалық өсу, экономикалық даму, кәсіпкерлік, бәсеке, қызмет көрсету рыногы, экономикалық реформа, рыноктық инфрақұрылым, өндірістік тиімділік, мемлекет, ұлттық инновациялық жүйе және т.б.

Мазмұны

Кіріспе

Ι-бөлім.Қоғамның әл-ауқатын қамсыздандырудағы экономикалық өсу теориялары

1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары

1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары

ΙΙ-бөлім.ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері

2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялық саясаты

2.2 Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру

2.3 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі