Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

25242test

.DOC
Скачиваний:
8
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
451.07 Кб
Скачать

,Фирмалар үшін ой-өрісті іске асыру әдісі ретінде мақсатты бекітіп, оған жету жолдарын анықтайтын бағдарлама:

тіке стратегия

жанама стратегия

тізбекті стратегия

интеграциялық стратегия

сатылай стратегия

,Стратегиялық жоспарлау процесінің ортаны талдау кезеңіндегі макроорта факторларына не жатады?

ҒТП, саяси, әлеуметтік жағдай

қазіргі және потенциалды жетістіктер

фирманың негізгі қорлары

кадрлар саясаты, олардың кәсіби деңгейі

қаржы қорлары

,Стратегиялық жоспарлау процесінің ортаны талдау кезеңіндегі бәсекелестер ортасын талдау қандай мәселелерді қарастырады:

орын баса алатын тауарлар өндірісі

әлеуметтік-мәдени жағдай

қоғам дамуының технологиясы

ғылыми ізденістер мен жобалар

заңдар мен заң актілер

,Фирмаішілік мүмкіндіктердің қазіргі және болашақ жағдайларын талдау қандай бағыттарда жұреді?

материалдық және еңбек қорларын бағалау

орын баса алатын тауарлар өндірісі

әлеуметтік-мәдени жағдай

қоғам дамуының технологиясы және ҒТП

заңдар мен заң актілері

,Жабдықтаумен айналысатын құрылымдарды қосып алу немесе қатаң бақылауға алу арқылы жүзеге асатын даму стратегиясы – бұл:

кері тіке стратегия

тіке алға басатын интеграция

интенсивті даму стратегиясы

көлденең интеграция

диверсификациялық стратегия

,Өндірістік бағдарламаны жасау үшін пайдаланылатын негізгі ақпарат:

кәсіпорынның өндірістік қуаты

өнімнің өзіндік құны

кезек ауыстыру коэффициенті

өнімнің нарықтық бағасы

бәсекелестер өнімнің бағасы

.Кәсіпорынның өндірістік қуаты дегеніміз не?

өнім өндірісінің ең жоғарғы мүмкіндігі

өнім өндірісінің ең төмен мүмкіндігі

өнім өндірісінің орта жылдық көрсеткіші

жылдық нақты өндірілген өнім көлемі

тұтынушылар тапсырыстарының көлемі

.Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеуде қолданылатын мәліметтер:

кәсіпорынның жұмыс режимі

календарлық уақыт қоры

айналым коэффициенті

тұтынушылар тапсырыстарының көлемі

уақыт мөлшері

.Экологиялық-экономикалық жүйе - бұл:

табиғи-өндірістік кешен

қоршаған табиғи орта

ірі өнеркәсіптік қала

жеке өнеркәсіптік кәсіпорын

кәсіпорынның өндірістік қызметі

.Өндірістік кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін әсерінің мүмкін мөлшерлері немен бекітіледі?

шектеулі мүмкін коцентрациялар арқылы

ластаушы объектілердің жалпы санын белгілеу арқылы

ластаушы қалдықтардың түрін белгілеу арқылы

ресурстар мен қалдықтарды қайта пайдалану арқылы

қалдықтар құнының өзгерісін анықтау арқылы

.Табиғат ресурстарын пайдалануды реттеудің негізгі экономикалық құралы:

қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем

табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыру

салық төлеу

өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтеру

табиғи ресурстарды пайдалануға келісім-шарт жасау

.Қоршаған ортаға ластаушы қалдықтарды шығарғаны үшінтөлемдер ненің есебінен жүзеге асады?

өнімнің, жұмыстардың өзіндік құнынан

банк несиелерінен

банк депозиттерінен

бюджеттік емес қорлардан

пайда есебінен

.Фирма дамуы өндіріс тізбегі мен маркетингте өзіне ұқсас өндірістерді (бәсекелестерді) сатып алу арқылы жүзеге асатын стратегия қалай аталады?

көлденең интеграция

тіке кері интеграция

тіке алға басатын интеграция

көлденең диверсификация

қаныққан диверсификация

.Фирма дамуы сол фирма мен соңғы тұтынушылар арасында орналасқан құрылымдарды сатып алу немесе оларды қатаң бақылауға алу арқылы жүзеге асатын стратегия қалай аталады?

алға басатын тіке интеграция

көлденең интеграция

көлденең диверсификация

кері тіке интеграция

қаныққан диверсификация

.Бұрынғы өндіріс бизнес тұтқасы ретінде қалып, ал жаңа мүмкіндіктер (жаңа нарыққа шығу, жаңа технологияны пайдалану сияқты) қосымша жүргізілетін стратегия қалай аталады?

қаныққан диверсификация

көлденең диверсификация

қалыпты жағдай стратегиясы

көлденең интеграция

тіке интеграция

.Қалыптасқан өнім өндірісінің көлемі, нарықтағы кәсіпорынның жағдайы фирма басшылығын толық қанағаттандырған кезде қолданылатын стратегия түрі:

қалыпты жағдай стратегиясы

даму стратегиясы

қорғаныс стратегиясы

диверсификациялық стратегия

интенсивті даму стратегиясы

.Ұзақ мерзімді дамудан кейін өндіргіш күштердің қайта топталу қажеттігі туған кезде жүзеге асатын стратегия:

қорғаныс

даму

интенсивті даму

диверсификация

қалыпты жағдай

.Материалдық ресурстардың жұмсалуын, олардың қосымша қорының қоймада сақталуын, өндірістік тұтынуға уақтылы және толық дайындалуын бақылауды ұйымдастыру қай жоспардың мазмұны:

материалдық-техникалық жабдықтау

қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспары

өнім өндірісі мен өткізу жоспары

еңбек пен жалақы жоспары

қаржы жоспары

.Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын жасау үшін алдын-ала қандай мәліметтер қажет:

материалдардың жоспарлы жұмсалу мөлшері

өнімнің өзіндік құны

қор пайдалану көрсеткіштері

еңбек өнімділігі

пайда мен ретабельділік көрсеткіштері

.Кәсіпорын өндірісінің, күрделі құрылысы мен өндірістік емес шаруашылықтарының жоспарлы жылға материалдық ресурстардағы қажеттілігі қалай аталады?

жұмсалу контингенті

дайындалу контингенті

пайдалану контингенті

қолдану контингенті

жинақтау контингенті

.Күрделі салымдардың құрамына қандай қорлар кіреді?

инвестициялық қорлар

барлық ақшалай қорлар

амортизациялық бөлінулер

кәсіпорынның табыстары

кәсіпорынның таза пайдасы

.Ғимараттардың құрылысы, реконструкциялау және қайта жабдықтау қай жоспарда жоспарланады?

күрделі салымдардың жоспарында

қаржы жоспарында

маркетингтік жоспарда

еңбек және жалақы жоспарында

өзіндік құн жоспарында

.Фирманың қаржы ресурстары негізінен мыналар есебінен құралады:

негізгі және басқа да іс-әрекеттен түскен пайда

бюджеттік төлемдер

банк несиелері

бюджеттен тыс қорлардың қаржылары

демеушілердің қаржылары

.Іс-әрекеттегі кәсіпорындағы қаржы ресурстарының негізгі көзі:

өткізілген өнімнің құны

бюджеттік қорлар

банк несиелері

бюджеттен тыс қорлар

демеушілердің қорлары

.Экономика-математикалық есептеуге, графикалық және аналитикалық есептеулерге негізделген жоспарлау әдісі:

торлы жоспарлау әдісі

баланстық әдіс

математикалық модельдеу

нормативтік әдіс

статистикалық әдіс

.Шетке жіберуге арналған өнім:

тауарлы өнім

өткізілетін өнім

жалпы өнім

жартылай фабрикаттар

таза өнім

.Жоспарлы жылда дайындауға тиісті материалдық-техникалық қамсыздандыру заттарының санын қай көрсеткіш көрсетеді?

дайындау контингенті

жұмсау контингенті

материалдардың жұмсау мөлшері

кәсіпорындағы материалдардың қалдығы

тауарлы өнім

.Болжау дегеніміз:

жоспарлаудың алғашқы сатысында атқарылатын кәсіпорынның болашақ дамуын ғылыми түрде негіздеп, бағалау жұмыстары

жалпы өндірістің және оған қатысатын, яғни, құрамындағы жеке процестер мен факторлардың абсолюттік көлемін көрсетеді

бір немесе бірнеше өзара байланыстардың көрсеткіштерінің ара қатынасын белгілейді.

бұл салыстырмалы көрсеткіш, ол еңбек құралдарының, еңбек заттарының пайдалану деңгейін көрсетеді

жоспарлауда прогрессивтік техника экономикалық нормативтер мен мөлшерлерді пайдалануды көздеу.

.Болжау әдістері:

формальды емес әдістер,

сандық әдістер, сапалық әдістер

баланстық әдістер

нормативтік әдіс

математикалық есептеу статистикалық әдіс

.Болжаудағы вербалды ақпарат:

радио, теледидар хабарлары арқылы мәжілістерде, жиналыстарда айтылған сөздерден т.с.с. –дан жинақталған ақпараттарға негізделеді

газет-журналдардан, ақпараттық бюллетендерден, анықтамалардан алынады

әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау арқылы, әлеуметтік-экономикалық даму концепциялары арқылы негізделеді

негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы

ұлттық бағдарламалар арқылы негізделеді

.Болжауда сандық әдістердің екі түрі бар:

өткен кезеңдегі дамудың бағытын келешекке жалғастыру, каузальдық әдістер

қазылар алқасының пікірі, каузальдық әдістер

сатушылардың жиынтық пікірі, каузальдық әдістер

тұтынушылар талабының моделі, каузальдық әдістер

эксперттердің бағалауына сүйенетін әдіс, каузальдық әдістер

.Болжауда сапалық әдістер:

қазылар алқасының пікірі, сатушылардың жиынтық пікірі, тұтынушылар талабының моделі, эксперттердің бағалауына сүйенетін әдіс

формальды емес әдістер, сандық әдістер, сапалық әдістер

экономикалық топтастыру әдісі, тікелей есептеу әдісі

әлеуметтік зерттеу әдісі

жүйелік, кешендік

.Болжам түрлері:

технологиялық даму болжамы, экономикалық болжамдар, кәсіпорынның арасындағы бәсекенің дамуын болжау, сұраныс пен ұсынысты зерттеуге негізделген болжамдар, әлеуметтік болжамдар

макроортаны талдауды болжау, бәсекелестер ортасын болжау

ішкі ортаны болжау тұтынушылардың тапсырыстарын болжау

кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің өндірістік қуатын болжау

техникалық-экономикалық нормативтерді болжау

.ҒТП жетістіктерін ендіру жоспарында келесі іс-шара қамтылмайды:

тұтынушыға өнімді жөнелтуді ұйымдастыру

өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату

жаңа және жетілдірген өнім түрлерін игеру

ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар

негізгі қорларды күрделі жөндеу

.Ғылыми-техникалық даму жоспарын дайындау үшін қажетті мәліметтердің бірі:

ғылыми-техникалық болжамдар

материалдық ресурстардың қоймадағы қалдығы

өндірілген өнім қалай сатылады

технологиялық қалдықтарды лабораториялық бақылаудан өткізуді ұйымдастыру

жұмысшылардың кезекті демалыс мерзімі

.Ғылыми-техникалық даму жоспарын дайындаудың ең күрделі және қиын мәселесі:

шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау

өнім сапасын аттестациялау

тазартушы құрал-жабдықтарды орнату

шикізат, материалдар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу

жобаны орындау графигін құру

.Ғылыми-техникалық даму жоспарын дайындаудың алғашқы кезеңінде кәсіпорынның бөлімдері мен цехтары алдымен нені ұсынады:

кәсіпорын үшін қызығушылық туғызатын мәселелерді, ғылыми-зерттеудің тақырыптарын

жоспарды орындаушыларды

жоспардың орындалу мерзімін

күтілетін экономикалық тиімділікті

қаржыландыру көздерін

.Ғылыми-техникалық даму шараларын қаржыландыру көздері:

кәсіпорынның өндірісті, ғылымды және техниканы дамыту қоры, банк несиелері

бюджеттен тыс қорлар

демеушілердің қаржылары

аммортизациялық қор

сақтандыру қоры

.Қазақстан Республикасындағы жоспарлау жүйесі:

индикативтік жоспарлау

регулятивтік жоспарлау

директивтік жоспарлау

индирективтік жоспарлау

бірмезгілдік жоспар

.Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарындағы жұмсалу контингенті қалай анықталады?

Рк=QnHр

Рк=Qn/Hр

Рк=Qn-Hр

Рк=Hр /Qn

Рк=Qn+Hр

.Жобаның іріленген техника-экономикалық негіздемесі инвестициялық жобаны өткізудің қай сатысында жүргізіледі?

инвестициялау алдындағы

нақты инвестициялау

эксплуатациялық

инвестициялаудан кейінгі

меркетингтік зерттеулер

.Кәсіпорынның көмекші шаруашылығына жататындар:

жөндеу, тара шаруашылығы

құрама цех

асхана

цех ғимараты

әкімшілік ғимарат

.Халық шаруашылығының түрлі салалары мен аймақтың қоғамдық өндірудің сәйкестілігін өзара ұтымды, әрі үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін бағыттарды және оларды жүзеге асыру үшін қажетті нақты шаралар мен ресурстарды белгілейтін шаруашылық механизмінің маңызды буыны:

жоспарлау

болжау

талдау

экономикалық топтастыру

ұлттық бағдарлама

.Жоспарлау ғылымының теориялық негізі:

саяси экономика

еңбек экономикасы

нарықтық экономика

директивтік экономика

математика

.Нарықтық кезеңінде жоспарлау барысында қолданылатын принциптерді жүзеге асыру үшін келесі тәсілдер пайдаланылады:

жүйелік, кешенділік, мақсатты-бағдарламалық

жалпы, нақты

оперативті

индикативтік

сандық, сапалық, формальді емес

.Материалдық, еңбек қорларының мөлшері мен олардың пайдалануы жөніндегі көрсеткіштерді пайдалануға негізделген әдіс:

баланстық әдіс

тікелей есептеу әдісі

әлеуметтік зерттеу әдісі

эксперттік бағалау әдісі

экономикалық топтастыру

.Өнім данасын өндіруге немесе белгілі бір жұмысты орындауға жұмсалатын шикізат, материалдар, отын, энергия, жұмыс уақыты т.с.с. абсолютты шығындардың максималды мүмкін көлемі:

мөлшер

еңбек сыйымдылығы

еңбек өнімділігі

баланс

жұмыс күнінің ұзақтығы

.Салыстырмалы түрде еңбек құралдарының, еңбек заттарының пайдалану деңгейін көрсетеді:

норматив

мөлшер

еңбек өнімділігі

баланс

жұмыс күнінің ұзақтығы

.Жылдық жоспарды бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі:

өндірістік бағдарлама

қаржы жоспары

индикативтік жоспар

оперативтік жоспар

стратегиялық жоспар

.Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының ғылыми негізделген мақсаттары және оларға қол жеткізу әдістеріне сәйкес келетін параметрлер жүйесін бейнелейтін құжат:

индикативтік жоспар

бизнес-жоспар

стратегиялық жоспар

оперативтік жоспар

ағымдық жоспар

.Әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер ететін мемелекеттік реттеу шаралары:

салық, квота, лицензия, амортизация мөлшері, несие қорлары, инвестиция.

өнім, нарық, сала, технология.

интенсивті даму стратегиясы, интеграциялық даму стратегиясы.

жалпы экономикалық, статистикалық, математикалық.

салыстыру, графикті, баланстық, логарифмдік, интегралдық.

.Бәсекелестік күреске түскен әрбір фирма өзіне қолайлы қандай стратегияны таңдау керек:

тіке, мақсатты, жана немесе тізбекті сатылай енгізілетін.

өнім, нарық, сала, технология.

салыстыру, графиктік, баланстық, логарифмдік, интеграциялық.

жалпы экономикалық, статистикалық, математикалық.

мақсатты қысқарту, жеміс жинау.

.Жоспардың алғашқы сатысында атқарылатын кәсіпорынның болашақ дамуын ғылыми түрде негіздеп бағалау жұмыстары:

болжау

талдау

экономикалық топтастыру

ұлттық бағдарлама

индикативті жоспар

.Болжам түріне жатпайды:

технико-экономикалық мөлшер

экономикалық

әлеуметтік

сұраныс пен ұсынысты негіздеуге болжам

бәсекелестік дамуды болжау.

.Болжам әдісі:

формальды емес, сандық, сапалық

экономикалық топтастыру, тікелей есептеу

баланстық

нормативтік

оптималдау

.Вербальды ақпарат болжаудың қай әдісіне жатады?

формальды әдіс

сандық әдіс

сапалық әдіс

каузаль әдісі

математикалық модельдеу әдісі.

.Болжаудың сандық әдісіне жататын түрі:

даму бағыттарын келешекке жалғастыру

қазылар алқасының пікірі

сатушылардың жиынтық пікірі

тұтынушылар талабының моделі

эксперттердің бағалауына сұйенетін әдіс

.Белгілі бір уақытта ұлттық экономиканың қажетті жағдайын қалыптастыру мақсатында мемлекеттің атқаратын саналы іс-әрекеті:

макроэкономикалық жоспарлау

бизнес жоспарлау

стратегиялық жоспар

оперативтік жоспар

ақпараттық жоспар.

.Ұзақ мерзімде, келешекте пайда көру мақсатында негізгі қорларды қалпына келтіруге және өсіруге бағытталған материалдық, еңбек және қаржы қорлары:

күрделі салымдар мен инвестициялар

күрделі құрылыс

айналмалы қаржылар

ағымдық қаржы

айналыс қорлары

.Негізгі қорлардың ұлғаймалы ұдайы өндірісінің негізгі түрі:

күрделі құрылыс

жай құрылыс

жаңа құрылыс

күрделі жөндеу

барлық жауабы дұрыс.

.Жаңа алаңдарда жаңа кәсіпорындар, ғимараттар, өндірістік орындар құрылысы күрделі құрылысын қай түріне жатады?

жаңа құрылыс

іс-әрекеттегі құрылыс

техникалық қайта жабдықтау

реконструкция

жай құрылыс

.Сол кәсіпорынның территориясында немесе соның жанындағы алаңда қосымша өндірістік қуат құру мақсатында негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші цехтар мен объектілерді салу күрделі құрылыстың қай түріне жатады?

іс-әрекеттегі өндірісті кеңейту

жаңа құрылыс

техникалық қайта жабдықтау

реконструкция

күрделі жөндеу

.Кәсіпорынның шаруашылығын, көмекші қызметін жетілдіру, өнімнің сапасын жақсарту мақсатында кәсіпорынды толығымен немесе оның жекелеген өндірістерін қайта құру ол:

реконструкция

жаңа құрылыс

техникалық қайта жабдықтау

іс-әрекеттегі өндірісті кеңейту

күрделі жөндеу

.Кәсіпорынның жекелеген өндірісінде, цехтарында, техникалық деңгейін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар кешені ол:

техникалық қайта жабдықтау

жаңа құрылыс

іс-әрекеттегі өндірісті кеңейту

реконструкция

күрделі жөндеу

.Инвестицияландырудың қажеттілігін экономикалық жағынан негіздеп, инвестицияландыру объектісін анықтап, бұл іс-әрекеттерді қаржыландыру мәселелерін шешу жоспары:

инвестициялық жоспар

индикативті жоспар

стратегиялық жоспар

қаржылық жоспар

өндірістік бағдарлама.

.Жобаның өмірлік циклы дегеніміз:

жобаның пайда болғаннан бастап, толық орындалуына дейінгі уақыт

жоба жасау кезеңі

жобаны орындау кезеңі

жобаны орындап болғаннан кейінгі уақыт

жобаны жасауға дайындық кезеңі

.Жобаның өмірлік циклының алғашқы сатысы:

инвестицияландыру алдыңдағы кезең

инвестицияландыру сатысы

пайдалану сатысы

тұтыну сатысы

инвестицияландырудан кейінгі кезең

.Жобаның өмірлік циклының алғашқы сатысында қандай жұмыстар жұргізіледі (инвестицияландыру алдындағы кезең):

инвестициялық жобаның мақсаты, оған қол жеткізу жолдары анықтайды, жобаны технико-экономикалық негіздеу жұргізіледі, инвесторлармен, орындаушылармен келісім-шарттар тұзіледі

инвестицияландыру басталады, құрал-жабдықтар алына бастайды, құрылыс жұмыстары орындалады, әр тұрлі жұмыстарға шығындар жұмсалады

өнім өндіру және қызмет көрсету басталады

өнімді сорттау мен маркілеу жұмыстары жұргізіледі

инвестицияландыру нәтижелері анықталады, пайдаланылады

.Жобаның өмірлік циклының қай сатысында инвестицияландыру басталып, құрал-жабдықтар алына бастайды, құрылыс жұмыстары орындалады, тұрлі шығындар жұмсалады:

инвестицияландыру сатысы

пайдалану сатысы

тұтыну сатысы

инвестицияландыру алдындағы кезең

инвестицияландырудан кейінгі кезең

.Жобаның өмірлік циклының соңғы сатысында (пайдалану сатысы) қандай жұмыстар атқарылады:

инвестицияландыру нәтижелері анықталады, пайдаланылады

өнім өндіру мен қызмет көрсету басталады

инвестициялық жобаның мақсаты, оған қол жеткізу жолдары анықталады

инвестицияландыру басталады, құрал-жабдықтар алына бастайды, шығындар жұмсалады

орындаушылармен келісім-шарттар тұзіледі.

.Макроэкономикалық жоспарлау дегеніміз не?

белгілі бір уақытта ұлттық экономиканың қажетті жағдайын қалыптастыру мақсатында мемлекеттің атқаратын саналы іс-әрекеті

стратегиялық жоспарлау

фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау

ұлттық бағдарламаларды дайындап, ендіру

кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекетін жоспарлау

.Макроэкономикалық жоспарлаудың мақсаты:

нарық механизмін ұлттық экономиканың дамуына толық жұмылдыру

фирманың миссиясын анықтау

өндірілген өнімдер үшін жаңа нарықтар табу

жоспарлау органдарының жұмысын талдау жасап, реттеу

макроэкономикалық баланстарды талдау жасау

.Ұлттық бағдарламалар қандай сипатқа ие?

индикативтік және директивтік

инвестициялық

үздіксіздік

белгісіздік

өзгермелі

.Индикативтік жоспарда сипатталады?

әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

технико- экономикалық нормативтер

кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

мемлекеттік бюджет

жергілікті бюджетті қалыптастыру көздері

.Құрамында макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарланатын жоспар қалай аталады?

индикативтік

бизнес-жоспар

функционалдық

бір мезгілді

ағымдық

.Индикативтік жоспардың мақсаты:

кәсіпкерлерге мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің шығындары туралы жүйелі ақпараттар беріп, олардың тиімді шешімдер қабылдауына ықпал ету

кәсіпорындардың орындалуына міндетті тапсырыстар беру

өндірілген өнімдер үшін жаңа нарықтар іздеу

еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау жасау

басқа елдермен іскерлік қарым-қатынастар орнату

.Еңбек және еңбекақыны жоспарлаудың негізгі мақсаты:

еңбеккерлердің барлық категорияларының толық және тиімді жұмыс бастылығын қамтамасыз ету

еңбеккерлердің еңбекақысын төлеуге кететін шығындарды көбейту

өнімнің өзіндік құнын төмендету

еңбек өнімділігін төмендету

өнімнің еңбексыйымдылығын, материалсыйымдылығын жоғарылату.

. Жоспарлау дегеніміз не?

нақты мерзім ауқымындағы мақсатты анықтап, оған жету жолдарын белгілеу;

өндірісті қажетті қорлармен қамтамасыз ету;

өндіріс барысын реттеу;

өндіріс барысын бақылау;

басқарылушы жүйелердің мақсатын анықтау.

.Стратегиялық жоспар дегеніміз не?

мақсатқа жету үшін қабылданған кешенді жан - жақты шешімдер жиынтығы;

бөлімдердің іс – шаралар жоспары;

мәселелерді шешу жолдары;

өндірістік бағдарлама;

бір жылға арналған жоспар.

.Ұйымның мақсатын және оған жету жолдарын басқарудың қай функциясы анықтайды?

жоспарлау;

ұйымдастыру;

бақылау;

мотивация;

реттеу;

.Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы сыртқы ортаның тікелей әсер ететін ортасына жатады:

бәсекелестер;

экономика жағдайы;

ғылыми – техникалық прогресс;

әлеуметтік мәдени жағдай;

саяси жағдай.

.Ұйымның сыртқы ортасы немен сипатталады?

факторлардың өзара байланыстылығымен;

қиындылығымен;

айқындығымен;

тұрақтылығымен;

мақсаттың айқынсыздығымен;

.Сыртқы ортаның фирмаға тікелей әсер ететін факторы:

жабдықтаушы;

мақсат;

құрылым;

экономикалық жағдай;

технология;

.Фирманың іс - әрекетіне сыртқы ортадан жанама әсер ететін фактор:

ғылыми – техникалық прогресс;

бәсекелестердің іс - әрекеті;

жабдықтаушылардың іс - әрекеті;

технология;

фирманың құрылымы.

.Жылдық жоспарды бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі:

өндірістік бағдарлама;

қаржы жоспары;

индикативтік жоспар;

стратегиялық жоспар;

бизнес – жоспар;

.Нарық кезеңінде жоспарлау барысында қолданылатын принциптерді жүзеге асыру тәсілдері:

жүйелілік;

баланстық, нормативтік;

сандық, сапалық;

индикативтік, директивтік;

жалпы, нақты;

.Еңбекті және еңбекақыны жоспарлаудың негізгі мақсаты:

еңбеккерлердің барлық категорияларының толық және тиімді жұмысбастылығын қамтамасыз ету;

жұмыс орындарын ұйымдастыру;

еңбеккерлердің еңбекақысын төлеуге кететін шығындарды көбейту;

өнімнің өзіндік құнын төмендету;

өндірісті реконструкция жасау;

.Қызмет көрсетуші персонал – бұл:

тазалықты, тәртіпті, күзетті қамтамасыз ететін жұмыскерлер;

қаржылардың есебі мен бақылауын қамтамасыз ететін жұмыскерлер;

компьютерлік техника облысындағы мамандар инженерлер;

кеңселік жұмыскерлер, мөлшерлегіштер мен хатшылар;

конструкторлар, техниктер;

.Еңбек өнімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіш:

еңбек сиымдылығы;

қор сиымдылығы;

орташа жылдық өндірістік қуат;

энергосиымдылық;

рентабельділік;

.Жұмысшылар категориясына жататындар:

өндіріспен тікелей айналысатын тұлғалар;

жинау және күзетпен айналысатын тұлғалар;

жалпы басқаруды қамтамасыз ететін жұмыскерлер;

өнеркәсіптік емес шаруашылықтарда қамтылған тұлғалар;

кеңселік жұмыскерлер, мөлшерлегіштер мен хатшылар;

.Еңбек сиымдылығы - бұл:

өнім бірлігін дайындау үшін шығындалатын жұмыс уақытының көлемі;

уақыт бірлігінде өндірілген өнім көлемі;

бір ортатізімді жұмыскердің шығаратын өнім көлемі;

барлық кәсіпорынмен шығарылған өнім көлемі;

барлық өткізілген, сатылған өнімнің көлемі.

.Пайданың өсу жолдары:

өнімнің сапасын жоғарылату және оның өзіндік - құнын төмендету;

құрал – жабдықтар және машиналарды рационалды пайдалану;

кадрларды дайындау және алдын – ала дайындау, іріктеу;

өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу;

өндірісті оперативті бақылау.

.Сапа – бұл:

өнімнің жарамдылығын анықтайтын қасиеттердің жиынтығы;

жоғарғы еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін шешімнің тиімдісі;

өнімді арналуы бойынша қолданатын пайдалы тиімділік;

кәсіпорындарда қолданылатын ресурстардың барлық түрлерінің үнемділігі;

өндіріс тиімділігінің өсуі;

.Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша классификацияның арналуы:

өнім бірлігінің нақты түрінің өзіндік құнын есептеу;

бұйымды дайындауға бағаны анықтау;

тура және жанама шығындарды есептеу;

шығындар сметасын құру үшін негіз;

шартты – тұрақты шығындарды анықтау;

.Өнімнің материал сиымдылығы қалай анықталады?

материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде;

еңбек шығындарының шығарылған өнім көлеміне қатынасы ретінде;

пайданың күрделі салымдарға қатынасы;

ағымды шығындардың күрделі салымдарға қатынасы ретінде;

пайданың өзіндік құнға қатынасы;

.Өндірістік қуат қалай есептелінеді?

біртипті құрал – жабдық санының олардың сағаттық өнімділігіне және жұмыс істеуінің тиімді уақыт қорына көбейтіндісі;

өндіріс көлемінің жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасы;

өндіріс көлемінің негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнына қатынасы;