- •Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7- класс. «Атамұра» -2003 ( vі -хvіі ғ.Аралығы) Орта ғасырлық мемлекеттер
- •§ 1,2,3. Мемлекеттерге шолу
- •§ 4, 5, 6.
- •§ 7. Vі –іх ғ. Отырықшы және жартылай көшпелі мәдениет
- •§ 8. Архитектура және өнер (vі –іх ғ.)
- •§ 10, 11.
- •§ 12, 13, 21
- •§ 22, 23, 24
- •§ 25, 26
- •§ 27, 28, 29
- •§ 29. Хіv - хv ғ. Қазақсатнның экономикалық жағдайы
- •§ 33. Қазақстанның хіv – хv ғ. Сәулет өнері
- •§ 14.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
- •§ 15. Ұлы Жібек жолының тармақтары. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемі
- •§ 16. Қалалық мәдениеттің дамуы
- •§ 18. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
- •§ 19. Дін және мәдениет. Исламның таралуы
- •§ 20. Ғылым мен білімнің дамуы
- •§ 34. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары § 35. Қазақ хандығының құрылуы
- •§ 37 ,38 Қасым хан, Хақназан хандар кезіндегі Қазақ хандығы
- •§ 41. Қазақ хандығының басқару жүйесі
- •§ 45. Жоңғар хандығы, Қазақ –орыс қатынастары
- •§ 46. Қазақ халқы мәдениеті
- •§ 47. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
- •§ 47. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
- •§ 48. Хvі- хvіі ғ. Тарихи шығармалар
§ 41. Қазақ хандығының басқару жүйесі
Сатылары |
Басқарушысы |
Ерекшелігі |
Қазақ ханы |
1. Ауыл |
Ауылбасы |
Ол туыстас,қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды. Ауылбасының міндеті –ауылдастар шаруашылығын басқару,көші-қонды реттеу т.б. |
● Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді,сонан соң хан отырған ақ киізді және ханның бар малын бөлісіп алады.Мұндай дәстүр «хан талапай» деп аталды ●Хан болып сайлану үшін Шыңғыс тұқымы болуы тиіс болды ●Қазақ ханы елді басқарумен қатар әскерлердің жоғары басшысы болды ●Ханның өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы болды, оны төлеңгіттер немесе қараша деп атады |
2. Ата –аймақ |
Ақсақал |
Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды. |
●Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз көшіп-қонуға рұқсат етілмеді, тәртіп бұзғандар жазаланды
●Қазақ хандығы негізгі екі топқа бөлінді: 1/ Феодалдар тобы 2/ Қарапайым халық (қараша) ●Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары –ишандар,имамдар,қожалар да жоғарғы топқа жатты. |
3. Ру |
Рубасы |
10 немесе 15 аймақтан құралды.Руба- сы көпті көрген,тәжірибелі, өте білікті,білгір адам болды | |
4. Арыс |
Би |
Бірнеше рудан тұрды.Қауым мүшелері бидің әділ шешімін жоғары бағалады | |
5. Ұлыс |
Сұлтан |
Бірнеше арыстан тұрды.сұлтандар хандар мен ақсүйектердің әулетінен шықты.Олар ханды сайлауға қатынасты,ханмен тікелей қарым –қатынас жасай алды | |
6. Жүз |
Хан |
Бірнеше ұлыстан тұрды.Қазақ жүздері 15-16 ғ. тайпалар одағынегізінде қалыптасты.Жүзді билейтін хандар тек ғана хандар әулетінен шығуы тиіс болды | |
7. Хандық |
Қаған (Ұлы хан) |
Үш жүзден құралды.Ханды ақсүйек шонжарлар сайлады | |
Бағыттар |
§42.Шаруашылығы |
Қысқы көш, Көктемгі көш |
Жазғы көш, Күзгі көш. Егіншілік |
Көшпелі мал шаруашылығы
§42. Шаруашы- лығы |
●ХVІ –ХVІІ ғ. Қазақ хандығының негізгі шаруашылылығы- көшпелі және жарт. көшп. мал шар.
●Маусымды жайы- лым 4 кезеңге бөлінді: 1/ Қыста –қыстау 2/ Жазда–жайлау 3/ Күзде–күзеу 4/ Көктемде –көктеу.
|
●Қазақ халқы батыстан шығысқа 3000км, солтүстіктен оңтүстікке 2000 км-ге созылған аймақта көшіп-қонды ● ХVІ –ХVІІ ғ.қазақтарда шаруашылықтың үш түрі тарады: 1/ көшпелі, таза малмен айналысады 2/ Жартылай көшпелі, аздап егінмен айналысады 3/ Отырықшы, егіншілікпен айналысады Қысқы көш ●Түйе, қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға Қызылқұм шөлі таңдап алынды,малды құдық суымен суарды ●Қыста мал бағатын қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі –жұт болды,жұт деген –малдың жаппай қырылуы ●Малдың жұқпалы аурулары: 1/ Ешкі ауруы –кебенек 2/ Қой ауруы – топалаң 3/ Сиыр ауруы – қарасан, 4/ Жылқы ауруы –жамандат, маңқа 5/ Түйе ауруы - ақшелек Көктемгі көш ●Көктемге көшу мал төлдеу мерзіміне сәйкес келіп,төл алу жұмысымен қатар жүрді ●Көктемгі көштің қозғалысы жас төлдердің жағдайына байланысты күніне 8-10 км. аспады,осындай көшуді қазақтар «қозы көш» деп атады ●Малшылар үшін жауапты кезең –малдың жаппай төлдеуі болды ●Көктеуде қой қырқу жұмысы жүрді: 1/ Қой мен ешкіден –жүн, түбіт алды 2/ Жылқыдан – қыл 3/ Түйеден –шуда алды ●Көктеуден жайлауға көшу мамыр айы басында басталды ●Жас төлдерді түнге қарай көгенде ұстады
|
Жазғы көш ●Ауылдар жайлауда 1,5-2 ай отырды ●Малдың қыстан аман шығуы жайлауға байланысты болды ●Маусым айы аяғында тоқтыларды треңдеу судан айдап өткізген, мұны «тоғыту» деп атаған. ●Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл –«қозы күзем» деп аталды ●Қырқылған жүннен киіз басты,қойдың жүнін түсіне қарай айырып, тулақтың үстіне салып, сабаумен (шыбық) жұмсартты. ●Жайлау –қазақтар үшін көңілді, сауықпен өткізетін мезгіл болды Күзгі көш ●Малшылар суық басталысымен жайлаудан күздеуге көшті. ●Күзгі көштің жүгі ауыр болды
Егіншілік ●Егіншілік орталығы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан болды ●Сырдария, Шу, Талас,Іле өзендері алқабы суармалы егін шаруашылығына қолайлы болды ●Биік жерлерге суды шығырлар арқылы тартып шығарды ●Көшіп –қонуға көлігі жоқ,малы жоқ , егіншілкпен айналысқан кедейлерді жатақтар деп атады ●Бидай, арпа, тары, сұлы өсірді ●Жер жырту саймандары –тесе, ағаш соқа,тіс ағаш, тырма, қол орақ, күрек болды ●Көшпелі халықтың қысы –жазы жейтін,ұзақ сақтайға шыдайтын бағалы тамағы –тары болды ●Піскен астықты қол орақпен орды ●Қырманды атпен. өгізбне бастырды ●Дәнді қолмен септі ●Егінге суды Қаратаудан «кәріз» арқылы (құдық) жеткізді |
§ 42.Сауран |
Сығанақ |
Йасы (Түркістан) |
Сайрам, Отырар (Фараб) |
●Сауран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандығы арасында бір ғасырға созылған шайқастар болды ●Сауран Қазақ хандығына түпкілікті өтті – ХVІ ғ. ●Тартыстың шығу себеі: 1/Сауран сауда жолы үстінде тұрды 2/Айналасында егін шар. дамыды |
●Сырдария бойында ●Дешті Қыпшақ үшін «сауда аймағы» болды ●Қасым хан тұсында хандық ордасы болды ●Ақ Орда, Әбілқайыр хандықтарының астанасы болды Сауран 3/бау –бақша дамыды ●Тәуекел хан тұсында Сауран берік қамал, ірі сауда орталығына айналды
|
●ХІVғ. бастап Түркістан атанды ●ХVІІ ғ. 2-ж.Қазақ хандығына өтті
●Есім хан тұсында астана болды ●Рабиға бегім мен Есім хан кесенелері осы қалада
●Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі мұсылмандардың қасиетті орнына айналды ●Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бар |
Сайрам ●Бұ л қала ХVІ - ХVІІ ғ .Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алды ● ХVІ ғ.аяғында Жоңғар шапқыншылығына ұшырап,құлауға айналды
Отырар (Фараб) ●Ерте орта ғасырлардағы ірі қаланың бірі, 8 ғ.Тарбанд (Трабан) деп аталған ●1219 жылы монғол шабуылынан кейін қайта жанданған ● ХVІІ ғ.дейін өмір сүрген ●Отырар қаласына жақын жерде (3 км жерде) Арыстан баб кесенсесі бар ●Ерзен хан осы қалада мешіт-медреселер салдырған |