Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
права и обязанности супругов.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
36.23 Кб
Скачать

2.4. Мердігер құқылы:

  1. сапалы орындалған Жұмыстарды уақтылы қабылдауды және төлеуді талап етуге;

  2. Тапсырыс беруші орындалған Жұмыстарды Қабылдау-тапсыру актіне қол қоймаған жағдайда, оларды сапалы және уақтылы орындау шарттары кезінде, Тапсырыс берушіден Шартта айтылған, мерзімде орындалған Жұмыстарды қабылдаудан дәлелді бас тартуды ұсынуды талап етуге.

3. Шарт бағасы және есеп айырысулар тәртібі

3.1. Шарт бағасы ___________________________ (__________________________________________________________________________) теңге құрайды, (ҚҚС есебімен/есебісіз. Егер мердігер – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер - мердігер ҚҚС төлеушісі болып табылмайды), (егер мердігер – жеке тұлға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, мөлшерінде жеке табыс салығын ұстаумен) немесе жазылсын: «ұқсас түріндегі шарттарды орындаған кезде қарастырылған, барлық салықтар мен төлемдердің есебімен)».

3.2. Тапсырыс беруші Мердігердің Жұмыстарын/Жұмыстар кезеңін өтеуді Жұмыстардың нақты орындалған көлемі үшін, ескертусіз орындалған Жұмыстардың/Жұмыстар кезеңдерінің Қабылдау-тапсыру актіне Тапсырыс беруші қол қойған және Мердігерден төлеуге шоттар мен шот-фактураларды алу сәтінен бастап 10 (он) банктік күн ішінде төлем жүргізеді.

Ескерту: мердігерлік шарттарын жасау кезінде және төлеудің келесі нұсқалары мүмкін:

1 Нұсқа жазылсын:

«Тапсырыс беруші Шарт бойынша Жұмыстардың/Жұмыстар кезеңдерінің құнын Мердігерге төлеуді келесі тәртіпте жүргізеді:

- 50% (елу пайыз) Шарт Бағасынан/Жұмыстар кезеңінен –төлеуге шотты Мердігер қойған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде алдын ала төлем;

- қалған 50% (елу пайыз) Тапсырыс берушімен Шарт бойынша орындалған Жұмыстардың/Жұмыстар кезеңдерінің Қабылдау-тапсыру актіне Тараптар қол қойю және Мердігерден төлеуге шоттар мен шот-фактураларды алу күнінен бастап 10 (он) банктік күн ішінде төленеді»;

2 Нұсқа жазылсын:

«Тапсырыс беруші Шарт бойынша Жұмыстардың/Жұмыстар кезеңдерінің құнын Мердігерге төлеуді келесі тәртіпте жүргізеді:

- ________________________________(_________________________) теңге, бұл Шарт бағасына кіреді және тек Шартқа келісімді жүргізілетін Жұмыстар/Жұмыстардың кезеңдері бойынша материалдардың, қажетті бөлшектердің сатып алу ж.т.б. құнын құрайды – төлеуге шотты Мердігер қойған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде алдын ала төлеумен;

- ________________________________(_______________________________________) теңге мөлшерінде қалған сома Тапсырыс берушімен Шарт бойынша орындалған Жұмыстардың/Жұмыстар кезеңдерінің Қабылдау-тапсыру актіне Тараптар қол қойю және Мердігерден төлеуге шоттар мен шот-фактураларды алу күнінен бастап 10 (он) банктік күн ішінде төленеді.».

3.3. Шарт бойынша төлеу осы Шартта көрсетілген Мердігердің ағымдағы шотына ақшаны аудару арқылы ақшасыз төлеммен жүргізіледі. Көрсетілген деректемелердің дұрыстығына Мердігер жауап береді. Төлемді өткізу күні Тапсырыс берушінің ағымдағы шотынан ақшалай қаражатты алу күні болып табылады.

3.4. Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша Жұмыстардың көлемдері мен түрлері өзгеру немесе толықтыру кезінде, төлем Тараптармен келісілген, нақты орындалған қосымша жұмыстар үшін жүзеге асырылады, ол Тараптардың қосымша келісімімен рәсімделеді.