Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava_kaz_2_kred_gotov.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
313.59 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: _Құқық негіздері _________ Кредит саны:__2_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Халықаралық құқық негіздері Факультет_____________

Оқытушы _Спанов А.К.____________ Академиялық жыл_2013/2014________

Курс 2_________________________ Семестр_4_________

1. Дәрістің мақсаты: Халықаралық құқықтың пәні, қағидалары, қайнар көздері және жүйесінің мазмұнын ашып, түсінік беру.

2. Жоспары:

  1. Халықаралық құқық түсінігі

  2. Халықаралық құқық субъектілері

  3. Халықаралық шарт құқығы

  4. Халықаралық ұйымдар құқығы

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастың өзара тығыз байланыста болуы мемлекеттердің халықаралық құқық нормалары мен егемендіқ құқығын сақтауы болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық өзара қарым-қатынастан басталады. Халықаралық құқық кез-келген қоғамның өміріне үлкен мағынасы бар, халықаралық өзара қарым-қатынастың дамуы мен өсіп жетілуін реттейді. Халықаралық өзара қарым-қатынастар халықаралық құқықтық норманың мазмұнын анықтайды.

Айрықша зерттеуді қажет ететін түбегейлі мәселелердің (проблемалардың) бірі болып, ең алдымен халықаралық құқықтың және халықаралық өзара қарым-қатынастың халықаралық жүйедегі алатын орны белгілі. Мысалға, халықаралық өзара қарым-қатынасты зерттеушілер негізінен халықаралық өзара қарым-қатынасты маңызды және анықтаушы деп алып, оны жүйе ретінде қарайды (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.П.Саканаев, Д.Г. Томашевский және т.б.).

Халықаралық жүйе тар мағынада мынаны құрайды:

біріншіден, мемлекет және мемлекетке ұқсас құрылымдар;

екіншіден, мемлекетті құру жолындағы, өзінің тәуелсіздігі үшін қүресіп жүрген халықтар және ұлттар;

үшіншіден, халықаралық қоғамдар;

төртіншіден, мемлекеттердің бірлестігі;

бесіншіден, осы элементтер арасындағы байланыстар.

Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйе, халықаралық өзара қарым-қатынаста қолданылып жүрген басқа да, халықаралық-құқықтық және әлеуметтік нормаларды құрайды. Халықаралық жүйе анықталған бір-тұтастық және басқа да құрамдас бөліктермен салыстырмалы біртұтастыққа тән. Халықаралық жүйенің өзіне тән сипаты болып, біріншіден оның негізгі элементі мемлекеттің халықаралық. жүйенің бөлігі болып табылатындығы.

Осыдан, халықаралық құқықтың даму мәселесін анықтай отырып, халықаралық жүйе ұғымы мен құрамдас бөлігін және қазіргі қезендегі халықаралық өзара қарым-қатынастың өзіне тән ерекшелігін анықтау қерек.

Осы, жоғарыда қөрсетілген тұжырымдардан, халықаралық озара қарым-қатынастардың, олардың құқықтық табиғаттағы ұғымы туралы жалпы қорытынды шығаруға болады.

Халықаралық өзара байланыс — бұл саяси, эқономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және мемлекеттер арасын жалғайтын басқа да байланыстардың жүйесі.

Халықаралық өзара қарым-қатынастарға, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ұлғайту, бейбітшілікте және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі туындайтын жаңа түйінді мәселелер, ядролық, соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың ролін қөтеру тән қасиет.

Халықаралық құқық — бұл құқықтың әр түрлі: саяси, экономиқалық және мемлекеттер арасындағы басқа да өзара қарым-қатынасты, сонымен қатар халықаралық өзара қарым-қатынасқа қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқық саласы. Ол мемлекет ішіндегі басқа да құқықтар саласынан өзгеше болатын құқтың айырықша жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық халықаралық, озара қарым-қатынасты реттейтін және мемлекетің келісім еркін білдіретін келісім және жай нормалар қағидаларының жүйесін білдіреді.

Құқық нормасы жалпы субъектілер тәртібінің норманың реттеуші әсері шеңберінде қамтылатын барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті тәртібінің стандарты. Жоғарыда қелтірілген анықтама ішкімемлекеттік құқыққа тән, дегенмен мұндағы "құқық" деп ортақ міндеттілік сипатыңдағы дұрыс зандардың нормалары жайында айтылса қерек. "Халықаралық қуқықтың нормасы" ұғымының "жалпы құқық нормасы" ұғымынан біршама айырмашылығы бар. Олардың айырмашылығы мынада, яғни халықаралық қуқықтық қатынастардың негізгі реттеу тәсілі болып, екі жақтың келісімге келуі (қонсенсус) танылады. Осыған сай, халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі екі жақтың келісімін бекітетін акт болып табылады, яғни халықаралық шарт. Сонымен, халықаралық шарттың нормалары бүкіл халықаралық жария құқықтың нормативтік механизмінің едәуір үлкен бөлігін құрайды. Соған сәйкес, халықаралық шарттың нормалары ретінде қөрсетілген "халықаралық құқық нормасы" ұғымының сол бір болігіңдегі тәртіп ережесінің ортақ міндеттілігі жайында айтылуы мүмкін емес-ті. Әрине, халықаралық нормалардың құрылуы. халықаралық шарттың негізінде ғана жүрмей, сондай-ақ, халықаралық құқықтық. әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан (Jus cogens нормалары), құқықтың ортақ қағидаларынан т.б. шығып қалыптасады1.

Аталған нормалар (яғни, мұндағы халықаралық құқықты әдет-ғұрыптар мен халықаралық құқықтың ортақ қағидалары негізінде қалыптасатын нормалар) халықаралық құқықтың барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті реттеуші әсеріне ие.

Халықаралық құқық субьектілері:

Бұл тақырып қазіргі кездің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені, Казахстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып, көптеген мемлекеттердің тануы мен қолдауын алып, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды. Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім-шарттарға отыру — Казахстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды, қажетті факторы.

Казахстан Республикасын қазір 117 мемлекет танып отыр және олардың 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Казахстан БҰҰ мен Халықаралық кайта құру және даму банкі, сондай-ақ, Халықаралық валюталық қор, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ИКАО-ны қоса алғанда, 51 халықаралық ұйымға мүше болды. Сондықтан да, Казахстан Республикасын халықаралық құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.

Ал халықаралық құқық субьектісі деген сұраққа қалай жауап беруге болады?

Халықаралық құқықтың субъектісі дегеніміз – халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралық құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар.

Халықаралық құқықтың субъектілері төмендегідей түрлерге бөлінеді:

- негізгі субъектілерғе мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, азаматтар (бірақ, бұл даулы мәселе) жатады;

- туынды субъектілерғе мемлекетке ұқсас құрылымдар, еркін қалалар, халықаралық ұйымдар жатады.

Халықаралық субъектілердің алғашқы қатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл — саяси биліктік сипаттағы күрделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайдың болуы қажет. Біріншіден, мемлекеттің халқы, яғни, нәсіліне, тіліне және діни қөзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан, қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты адамдар тобының, болу қажеттігін айтамыз. Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы. Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни, елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет. Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі. Қорыта келгенде, құқықтың тек толық субъектісі мемлекет қана тұрақты бейтарап мәртебеге ие бола алады.

Халықаралық ұйымдар – бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйым болып БҰҰ саналады.

Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар, олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды.Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.

Халықаралық ұйымдар өз міндеттерін орындамаған жағдайда жауаптылыққа тартылады. Кез-келген халықаралық ұйым мүше мемлекеттердің бастамасымен өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Мысалы, Ұлттар Лигасы өз жұмысын 1939 ж. тоқтатты.

Жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық мәртебесі. Индивидтің халықаралық құқық субъектісі ретінде танылуы не танылмауы осы субъектіге қойылған мінездемеге байланысты. Егер индивидті халықаралық құқықтың субъектісі десек, онда бұл тұлғаға халықаралық құқықтың нормалары тікелей әсер етеді, яғни, халықаралық құқық нормалары субъектінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Жеке тұлғаларға тікелей әсер ететін көптеген халықаралық құқықтық нормалар бар. Мысалы, 1966 ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт, 1989 ж. Баланың құқықтары туралы конвенция т.б. Бірақ қалай болғанымен де, жеке тұлғаны халықаралық құқықтың толық субьектісі ретінде қарастыра алмаймыз.

Халықаралық шарттар құқығының субъектілері халықаралық жалпы құқықтың субъектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында "келіссөздерге қатысушы мемлекет", "келісуші мемлекет", "келіссөздерге қатысушы ұйым", "қатысушы", "үшінші мемлекет" және "үшінші ұйым" ұғымдары қолданылады. Келіссөздерге қатысушы мемлекетшарт мәтінін дайындауға және қабылдауға қатысушы мемлекет; келісуші мемлекет - күшіне енбегендігіне қарамастан, шарттың озінің міндетгілігіне келіскен мемлекет, қатысушыларкүшіне енген шарт бойынша міндеттілік алған мемлекеттер, үшінші мемлекеттер - шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер (1 -бап). Айтылған ұғымдар халықаралық ұйымдарға да қолданылады.

Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі заңдары да көп үлесін қосады. Казахстан Республикасында 1995 жылы 12 желтоқсанда қабылданған "Казахстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы" Казахстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда (әрі қарай Жарлық). Бұл Жарлық халықаралық шарттардың ұғымын, түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.

Халықаралық ұйымның белгілеріне мыналар жатады:

- халықаралық Жарғылық шарттың болуы;

- белгілі бір мақсаттардың болуы;

- сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб-пәтері болуы;

- мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттерінің болуы;

- халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес құрылуы;

- үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады

1969 ж. конвенцияға сәйкес мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және сыртқы істер ведомстволарының басшылары келісім-шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді. Өкілеттіліктің берілуі мемлекеттің ішкі заңымен реттеледі. Казахстанның заңына сай Президентке, Премьер-министрге, Сыртқы істер министріне шартты арнайы өкілеттіксіз жасауға құқық берілген. Шет елдегі Казахстан Республикасының елшілері немесе халықаралық ұйымдардағы өкілдіктің басшысы арнайы рұқсатсыз сол мемлекеттің шеңберінде немесе халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық шарт жасасу туралы келіссөз жүргізуге құқылы. Ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсаттың негізінде жүргізеді. Ведомстволық шарттарға министрліктер, мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарынын, сондай-ақ, Президентке тікелей бағынышты органдардың басшылары өз өкілеттілік шеңберіндегі мәселелер бойынша арнайы рұқсатсыз шарт жасасу туралы келіссөз жүргізеді және оларға қол қоя алады.

Глоссарий (терминдер): халықаралық құқық, халықаралық шарт, халықаралық құқық субьектілері, халықаралық ұйымдар, декларативтік теория, конститутивтік теория, заңды тану, іс жүзіндегі тану, де-юре тану, де-факто тану, аd hoc, Ad referendum, парафирлеу және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Эссе. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі Эссе жазу. Эссе құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Эссе: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде Эссе тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Эссе ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Эссеты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Эссе тақырыптары:

  1. Халықаралық құқықтың жүйесі.

  2. Халықаралық құқықтың қағидалары.

  3. Халықаралық құқықтың нормалары, оның түсінігі мен түрлері.

  4. Халықаралық-құқықтық қатынастардың субъектілері.

  5. Халықаралық құқықтың даму тарихы.

  6. Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың жағдайы.

  7. Жеке тұлғалар халықаралық құқықтың субъектілері ретінде.

  8. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде.

  9. Мемлекеттер - халықаралық құқықтың субъектісі ретінде.

  10. ҚР-нің Конституциясының халықаралық құқық қағидаларына негізделуі.

  11. Халықаралық дипломатиялық құқық

  12. Халықаралық консулдық құқық

  13. Халықаралық құқық және адам құқықтары

2 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Халықаралық дипломатиялық және консулдық құқық тақырыбын талқылау.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде халықаралық шарттың жасалу жолын кесте түрінде көрсетіңіз.

Нормативтік-құқықтық актілер:

    1. ҚР Конституциясы. Алматы, 1995.

    2. «Дипломатиялық қызмет туралы» 1997 ж. 12 қарашадағы ҚР Заңы. Егемен Қазақстан, 1997, 18 қараша.

Әдебиеттер:

  1. М.А. Сарсембаев. Международное право. Алматы, 1996 ж.

  2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

  3. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Алматы: Заң әдебиеті, 2002.

  4. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы. Жеті Жарғы, 2006.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

    1. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен мәнін айтып беріңіз.

    2. Халқықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасын көрсетіңіз.

    3. Халықаралық құқық жүйесін сипаттаңыз.

    4. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.

Аралық бақылаудың сұрақтары

  1. Мемлекет, құқық және өкіметтің шығу тегін түсіндіретін теориялардың жалпы сипаттамасы: теологиялық, патриархалдық, күш көрсету, келісімдік, тарихи-материалистік және т.б.

  2. Мемлекет мәні және оны түсіндіретін теорияларға сипаттама.

  3. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі қызметтеріне сипаттама.

  4. Мемлекет нысаны: түсінігі, түрлері.

  5. Мемлекет және қоғамның саяси жүйесі.

  6. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

  7. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен практикасы.

  8. Құқық түсінігі, мәні және мазмұны.

  9. Әлеуметтік норма түсінігі және түрлері.

  10. Құқық қоғамды нормативті реттеу жүйесінде.

  11. Құқық мәнін түсіндіретін теорияларға сипаттама.

  12. Құқық нысандары.

  13. Нормативті-құқықтық акт: түсінігі, түрлері.

  14. Құқық нормасының түсінігі, негізгі белгілері.

  15. Қазақстан Республикасындағы құқықшығармашылық.

  16. Құқықтық қатынас түсінігі, құрамы.

  17. Құқықтық қатынас субъектілеріне жалпы сипаттама.

  18. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

  19. Құқықбұзушылық түсінігі, құрамы және түрлері.

  20. Заңды жауапкершілік белгілері, түрлері.

  21. Конституциялық құқық негіздері.

  22. Конституциялық нормалардың ролі және маңызы, олардың тікелей әрекеті.

  23. Адам және азамат құқықтарының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілуі.

  24. Адам құқықтары мен бостандықтары жүйесі.

  25. Мемлекеттік билік органдары түсінігі және жүйесі.

  26. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармақтарға жіктелуі құқықтық мемлекет қалыптастыру шарты.

  27. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі.

  28. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы өкілді орган.

  29. Қазақстан Республикасы үкіметі атқару билігінің басшы органы.

  30. Конституциялық Кеңестің орны мен ролі.

  31. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылу және әрекет ету тәртібі.

  32. Қазақстан Республикасындағы сот органдары.

  33. Мемлекеттік қызметтің мақсаты және міндеттері.

  34. Қазақстан Республикасы атқару билігі органдарына сипаттама.

  35. Жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдары.

  36. Азаматтық құқық жүйесі, белгілері және принциптері.

Емтихан сұрақтары

1. Мемлекет, құқық және өкіметтің шығу тегін түсіндіретін теориялардың жалпы сипаттамасы: теологиялық, патриархалдық, күш көрсету, келісімдік, тарихи-материалистік және т.б.

2.Мемлекет мәні және оны түсіндіретін теорияларға сипаттама.

3.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі қызметтеріне сипаттама.

4.Мемлекет нысаны: түсінігі, түрлері.

5.Мемлекет және қоғамның саяси жүйесі.

6.Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

7.Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен практикасы.

8.Құқық түсінігі, мәні және мазмұны.

9.Әлеуметтік норма түсінігі және түрлері.

10.Құқық қоғамды нормативті реттеу жүйесінде.

11.Құқық мәнін түсіндіретін теорияларға сипаттама.

12.Құқық нысандары.

13.Нормативті-құқықтық акт: түсінігі, түрлері.

14.Құқық нормасының түсінігі, негізгі белгілері.

15.Қазақстан Республикасындағы құқықшығармашылық.

16.Құқықтық қатынас түсінігі, құрамы.

17.Құқықтық қатынас субъектілеріне жалпы сипаттама.

18.Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

19.Құқықбұзушылық түсінігі, құрамы және түрлері.

20.Заңды жауапкершілік белгілері, түрлері.

21.Конституциялық құқық негіздері.

22.Конституциялық нормалардың ролі және маңызы, олардың тікелей әрекеті.

23.Адам және азамат құқықтарының Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілуі.

24.Адам құқықтары мен бостандықтары жүйесі.

25.Мемлекеттік билік органдары түсінігі және жүйесі.

26.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармақтарға жіктелуі құқықтық мемлекет қалыптастыру шарты.

27.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі.

28.Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы өкілді орган.

29.Қазақстан Республикасы үкіметі атқару билігінің басшы органы.

30.Конституциялық Кеңестің орны мен ролі.

31.Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылу және әрекет ету тәртібі.

32.Қазақстан Республикасындағы сот органдары.

33.Мемлекеттік қызметтің мақсаты және міндеттері.

34.Қазақстан Республикасы атқару билігі органдарына сипаттама.

35.Жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдары.

36.Азаматтық құқық жүйесі, белгілері және принциптері.

37Азаматтық құқық субъектілері және объектілері.

38.Жеке кәсіпкерлік түсінігі және түрлері.

39.Заңды тұлға түрлері және нысандары.

40.Мәміле түсінігі, түрлері және жасалу нысандары.

Глоссарий

  1. Теология – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,

дамып келеді деген мағынаны білдіреді.

  1. Антагонист – қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды

қанауға негізделген қоғамдық экономикалық формацияда болады.

  1. Нормативтік құқықтық акт – биліктік құқық нормаларын

белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.

  1. Патриархалдық теория – бұл теорияның отбасы басшысы әке,

мемлекеттің басшысы – монарх.

  1. Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын

экономикалық тұрғыдан түсіндіреді.

  1. Күштеу теориясы – күшті тайпалардың әлсіз тайпаларды жаулап

алудын нәтижесі.

  1. Құқықтық дәстүр – адамдардың санасында болатын, ұдайы

қолданудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқтыратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс-тұрыс ережесі.

  1. Сот прецеденті – нақты іс бойынша қабылданған және кейінде осыған

ұқсас істерді шешуде қолданылуы міндетті болатын соттың шешімі.

  1. Құқықтың қайнар көздері – мемлекеттің ресми түрде бекітіп

белгіленген және санкцияланған құқық нормалары.

  1. Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті

қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді.

  1. Диспозиция – мінез- құлық (жүріс-тұрыс) ережелерінің мазмұнын

көрсететін, яғни субъектілердің құқықтар мен заңды мінедеттерін анықтайтын құқық нормасының бөлігі.

  1. Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның

жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы.

  1. Құқықтық норма – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-

құлықтарын анықтайтын жалпы ереже.

  1. Құқықтық қатынас – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары

мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.

  1. Салыстырмалы айқын санкция – минимум мен максимумның

арасындағы жауапкершілік.

  1. Альтернативтік санкция– санкцияның көрсетілген түрлерінің

қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

  1. Демократия – грек тілінен халық билігі деген мағынаны білдіреді.

  2. Конституция – латын тілінен жарғы, заң деген сөзден шыққан.

  3. Декларация– мемлекеттің негізгі қағидаларын жариялайтын, оны

анықтайтын саяси құқықтық акт.

  1. Ведомство – орталық атқарушы органның қызметінің негізінде

арнайы атқару және бақылау - қадағалау міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ішкі саласына салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның комитеті.

  1. Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты

жұмыс орнынан тыс жерге еңбек міндеттерің орындау үшін жіберу.

  1. Өтемақылар – жұмыс режимі мен жағдайларына, жұмысты

орындаған кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер.

  1. Біліктілік разряды – қызметкердің өзі орындайтын жұмыстарының

күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі.

  1. Абырой мен қадір-қасиет – азаматтың немесе ұйымның жағымды

әлеуметтік бағасы, қадір-қасиеті тұлғаның өзін-өзі бағалауы.

  1. Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа

мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдары жеке тұлғалар болып ұғынылады.

  1. Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару

құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

  1. Объект – заң бойынша қол сұғушылықтан қорғалатын қоғамдық

қатынастарды айтамыз.

  1. Объективтік жақ – құқық бұзушылық объектісіне бағытталған

құқыққа қарсы іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

  1. Субъективтік жақ – субъективтік жағы бұл кінәнің қасақана не

абайсызда жасалған көрінісі.

  1. Субъект –өзінің іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) жауап бере алатын жасы

16 толған жеке тұлға.

  1. Суррогат ана - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт

бойыша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.

  1. Репродукциялық денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға

қабілетін көрсететін денсаулығы.

  1. Патронат – уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге

алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.

  1. Алимент – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті

болатын асырау қаражаты.

  1. Инвестициялық жоба – белгіленген тәртіппен ресімделген

құжаттарға сәйкес белгілі бір мерзімде жүзеге асырылатын және материалдық объектілерді жасау немесе жетілдіру жолымен мемлекеттің активтерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешені.

  1. Бюджет шығындары – бюджеттен қайтарымсыз негізде бөлінетін қаражат.

  2. Субсидия – заң актілерімен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен берілінетін тегін және қайтарымсыз төлемдер.

  3. Субвенция – жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттерге заң

актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде беретін ресми трансферттері.

  1. Дивиденд – акционердің меншігінде акция санының мөлшеріне тең

келетін акционерлік қоғамның таза пайдасының бөлігі.

  1. Салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары.

  2. Қаржылық құқықтық жауапкершілік – қаржылық құқықтық нормалардың әмірді талаптарын атқаруға байланысты өз міндеттерін орындамағандары үшін қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, негізінен алғанда, материалдық сипатта болатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.

  3. Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.

  4. Сақтандыру оқиғасы –туындаған кезінде сақтандыру шартында сақтандыру өтемін төлеу көзделінген жағдай.

  5. Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектілері сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.

  6. Уақытша жер пайдаланушылар – бастапқы жер пайдалану мәртебесін сақтап қалатын пайдаланушылардан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.

  7. Сервитут – бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану және басқа да мұқтаждар үшін пайдалану құқығы.

  8. Жер иелену құқығы – жерді нақты иеленуді жүзеге асырудың заң арқылы қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

  9. Банктердің ақша қорлары – жарғылық қор, резервтік қор, банкті дамыту қоры, валюталық аударым қоры, қысқа мерзімге несиелеу қоры, ұзақ мерзімге несиелеу қоры, материалдық марапаттау қоры жатады.

  10. Банктік операциялар – депозиттерді қабылдау, кассалық операциялар, аудару операциялары, есептеу операциялары, ссудалық операциялар, трастық операциялар, клирингтік операциялар, факторингілік операциялар, форфейтингілік операциялар сияқты қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

  11. Банктердің ақша қорлары-жарғылық қор, резервтік қор ,банкті дамыту қоры, валюталық аударым қоры,қысқа мерзімге несиелеу қоры, ұзақ

мерзімге несиелеу қоры,материалдық марапаттау қоры жатады.

Оқу пәнінің бақылау түрлері

І Аралық бақылау түрлері

Бақылау түрлері

Бағалау өлшемдері (критерии %)

1

Дәріске қатысуы

20%

2

Семинар (тәжірибе)сабақтарына қатысуы

20%

3

СОӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды уақытылы тапсыруы және сапалы орындауы

10%

4

Семинар (тәжірибелік) сабақтарға белсенді қатысуы

20%

5

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді ат салысуы

10%

6

Пәндер бойынша силлабустарға сәйкес СӨЖ-ын сапалы және уақытылы орындау

10%

7

Рейтингтік апта кезеңінде кіріспе бақылау

10%

ҚОРЫТЫНДЫ (%)

100%

ІІ Аралық бақылау түрлері

Бақылау түрлері

Бағалау өлшемдері (критерии %)

1

Дәріске қатысуы

20%

2

Семинар (тәжірибе)сабақтарына қатысуы

20%

3

СОӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды уақытылы тапсыруы және сапалы орындауы

10%

4

Семинар (тәжірибелік) сабақтарға белсенді қатысуы

20%

5

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді ат салысуы

10%

6

Пәндер бойынша силлабустарға сәйкес СӨЖ-ын сапалы және уақытылы орындау

10%

7

Рейтингтік апта кезеңінде кіріспе бақылау

10%

ҚОРЫТЫНДЫ (%)

100%

Білім бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллардың цифрлік эквивалент

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

өте жақсы

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағат

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағатсыз

Пән бойынша қорытынды баға проценттік мазмұнда былай анықталады:

А1 + А2

Қ% = ------------------- Х 0, 6 +ЕХ 0,4,

2

А1 – 1 рейтингтің проценттік мазмұны

А2 – 2 рейтингтің проценттік мазмұны

Е – емтихан бағасының проценттік мазмұны

Қ% қорытынды проценттік мазмұндағы баға ең соңында жоғарыда көрсетілгендей (жалпы шкала) Қоэф.цифрлік эквиваленттік бағаға ауысады.

3. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)Дәрістік кешен

№ 1 Тақырыбы: Мемлекет және құқық теориясы негіздері

Мемлекет және құқық теориясы- қоғамдағы саяси – экономикалық, мәдени- әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс- тәсілдерін, объективті заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория- мемлекет пен құқықтың өмірге келуі, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді.

Сонымен мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың , мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылым мен мақсаты.

Мемлекет пен құқық теориясы ілгері- терең ғылым ретінде бірнеше функцияларды атқарады:

Онтологиялық функция – адам қоғамның тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.

Гносеологиялық функция - таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.

Эвристикалық функция – заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс- тәсілдердің жетілдіріп қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.

Методологиялық функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми- тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.

Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі- сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.

Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.

Тәжірибелік - ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыру қажет.

Болжау функциясы – жалпы қоғамдағы саяси - құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп-басқару бағдарламасын дайындауы қажет.

Жалпы теорияның әдісі, оның мазмұны.

Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми- методологияның негізі- материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми, зерттеу әдіс- тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория мен методика. Теория- ғылым нені зерттейді? – деген сұраққа жауап береді. Метод – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? –деген сұраққа жауап береді. Методологияның екі түрі болады: жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі.

Материализм – философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеолизмге қарама-қайшы ғылыми философиялық бағыт.

Диалектика – табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті күрделі заңдылықтардың, қажеттігін қарама - қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама- қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.

Жекелік ғылыми – зерттеу әдіс – тәсілдерінің түрлері: жүйелік , функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру теңестіру т.б.

Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.

Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу. Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы,жауапкершіліктің түрлерін т.б. құбылыстарды зерттеуде пайдаланады.

Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактлеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу. Оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.

Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап сол арқылы істің мазмұнын , көлемін жобалап келтіріп барып зерттеу жүргізу.

Социологиялық тәсіл - жүйелік функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілетін зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.

Салыстырмалы-теңестірмелі әдіс - бірнеше мемлекеттерді , құқықтарды салысмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдістермен зерттеу жүргізу.

Математикалық әдіс – ЭВМ, компьютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы зерттеулердің әдіс- тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отырады.

2 Тақырыбы: Конституцилық құқық негіздері

Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі;

2. Тыйым салу әдісі;

3. Рұқсат ету әдісі;

4. Тану әдістерді қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.

Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:

1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6. Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.

Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтармен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтармен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.

Негізгі құқықтармен еркіндіктерге төн заңдық ерекшеліктер мыналар:

1.Конституциялық құқықпен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқықсалаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.

2.Негізгі құқықтармен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.

3.Негізгі құқықтармен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты-бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.

4.Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.

5.ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтароған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтаразаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.

6.Негізгі құқықтармен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.

7.Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтың Актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғаріы заңдық күші бар топтама-ел Конституциясы болып көрініс табады.

Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:

Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады.

Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының конституциялык, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны ҚР-сы конституциясының 14-ші бабында айтылады. Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.

Конституциялық құқықтармен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтарәрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқықоған туылған кезінен бастал тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табғги құқығы жатады. Бұл құқықадамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15-ші бап), жеке басының бостандығы құқығы (16-шы бап),мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17-ші бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке меншік құқығы (26-шы бап) еңбек қатынастары, демалыс салалары (24-ші бап) денсаулық сақтау (29-шы бап) білім алу (30-шы бап) әлеуметтік қамтамасыз ету (28-ші бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31-ші бап). Осы адамның және азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз ҚР-ның Конституциясының 34-38-ші баптарында бекітілген.

№ 3 Тақырып . Әкімшілік құқық негіздері.

1. Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Оның белгілері:

  • құқықтың дербес саласы;

  • мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеуші;

  • негізгі мазмұны – қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының басқару қызметі болып табылады.

Әкімшілік құқықтың пәнін басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды. Құқықтың қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынандай үш мүмкіндіктерді пайдаланады: өкілеттіліктер беру, тыйым салу, міндеттеу. өкілеттіктер беру – құқықтық нормада көрсетілген жағдайда осы немесе басқа іс-қимылды өз еркіне байланысты жасауға заңды түрде рұқсат беру. Тыйым салу – құқықтық нормада танылған осы немесе басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Міндеттеу – әрекеттің белгілі бір түрін жасауға міндет жүктеу.

Әкімшілік құқық қызметтері:

  1. Реттеушілік қызметі, онда атқару билігінің орталық және жергілікті органдарының әрекеті тәртіпке келтіріледі.

  2. Құқық қорғау қызметі, тағайындалған құқықтық режимдерді сақтау және субъектілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік құқығы өз қызметтерін мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асырады: бақылау, қадағалау, тексеру, әкімшілік мәжбүр ету.

Әк!мш!л!к құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті мен үкіметі туралы, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдар қарастырылады. Онда әкімшілік құқықтық нормалар бекітіледі. Олармен реттелетін басқармашылық қоғамдық қатынастар әкімшілік-құқықтық қатынас деп аталады. Ол субъектілерден, объектіден және субъективті құқықтар мен заңды міндеттерден құралады.

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері мемлекет, жеке тұлға, мемлекеттік орган, мекеме, кәсіпорындар. Олар өзара әрекеттестік дәрежесіне байланысты екіге бөлінеді: вертикалды, горизонталды.

2.Атқару билігі біртұтас мемлекеттк биліктің заңға бағынышты тармағы. Оның құрамына үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынның әкімшілігі жатады. Оның белгілері:

-жан-жақты, әмбебап сипатта болады;

-заң негізінде және соған сүйене отырып жүргізіледі;

-мемлекеттік қызметкерлер көмегімен іске асырылады;

-қаржылық, мәліметтік, экономикалық, техникалық, идеологиялық, ұйымдастырушылық ресурстарға ие.

Қазақстан Республикасы атқару билігі органдарының құрылу және әрекет ету тәртібі туралы 5 тақырыптағы лекцияда толығырақ көрсетілген.

3.Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері 16 жастан асқан азаматтар болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері мен оларға қатысты қолданылатын жауапкершілік шараларына тоқталу керек.

Әкімшілік мәжбүр ету деп әкімшілік билікті жүзеге асырудағы арнаулы өкілеттілігі бар атқару органдары мен лауазымды тұлғалардың ұйымдастырушылық, психологиялық және тікелей әсер ету шараларын айтамыз. Ол мемлекеттік мәжбүр етудің құрамдас бөлігі болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, жою үшін немесе оған сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін жүргізіледі.

Әкімшілік мәжбүр ету шараларының түрлері:

1). Әкімшілік ескертпе шаралары: тексеру, бақылау, мүлікті немесе жеке тұлғаны қарау, құжаттарды тексеру, әкімшілік қамауға алу, карантин шараларын енгізу, қоғамдық қауіпсіздік жағдайында көлік жүретін жолдарды жабу, мемлекеттік шекараны жабу.

2). Әкімшілік алдын-алу шаралары: құқық бұзушылықты тоқтату туралы талап қою, қару қолдану, ауру адамды мәжбүрлеп емдеу, техникалық түзу емес көліктерді жолдан алу, мекеме мен кәсіпорынды жабу.

3). Әкімшілік қалпына келтіру шаралары: бұзылған құқықты қалпына келтіру (өз бетінше салынған құрылысты жою, өздігінен кірген үйден шығару), кәмелетке толмаған балалардың келтірген зияндарын әке-шешесінің өтеуі.

4). Әкімшілік жауапкершілік шаралары: ескертпе, айып, мүлікті тәркілеу, арнаулы құқығынан айыру, әкімшілік тұтқынға алу, лицензиясынан немесе патентінен айыру, кәсіпкерлік әрекетке бақылау тағайындау.

4.Жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде аудандық, облыстық мәслихаттар танылады. Оның депутаттары әкімшілік-аумақтық бөліністің халқымен төте және жасырын дауыс беру жолымен төрт жыл мерзімге сайланады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мәселелері шешіледі, Конституцияны, заңдарды орындау, Президент, үкімет актілерін іске асыру мәселелері қаралып шешімін табады.

Жергілікті атқару билігі органдарына әкімияттар жатады. Ол бөлімдерден құралады. өкілеттілігіне Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттің, үкіметтің актілерін жүзеге асыру кіреді. Әкімдер жоғарғы органдармен тағайындалады. Қазіргі кезде жергіліті әкімдерді сайлау қажеттілігі туралы мәселе көтерілуде.

4 Тақырып. Азаматтық құқық негіздері

Азаматтық кұқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі. Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін коғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Қазакстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар кұрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік катынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды кағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдык қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың, өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құкық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыкқа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, катысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.

Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.

Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің, 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі "байланыстылық" деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік катынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық кұқық нормаларымен реттеледі.

Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.

Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияньщ II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құкықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне, осындай.

Азаматтық құқықтың принциптері

1. "Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (кағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтык реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны колдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағадаттары) арқылы мүмкін болады.

Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқыктық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).

Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің рөлі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды:

  • Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі.

  • Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі.

  • Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң, принциптері басшылыққа алынады.

  • Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмүнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарын қараңыз).

  • Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады.

Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.

Азаматтык құқықтың мынандай принциптері бар:

1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;

2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

3) шарт еркіндігі;

4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;

5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялык және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі. Азаматтық құкықтың басты кағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек. Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі темендегідей жәйттерді білдіреді:

1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-құқықтық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары);

2) заңды тұлғалардық құқылық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, казіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін таңдауга ерікті; заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға хақысы бар;

3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті (АК-тің 3-бабының 7-тармағы).

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің құқын қорғауға байланысты теңдік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың бұзылуына қарсы қорғану құралын субъектілер бірдей қолданады дегенді білдіреді.

Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де жоғары кояды.

Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай жағдайды қамтамасыз етеді.

Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтық дамуына және бәсекеге қажетті алғы шарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабының б-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.

Шарт дегеніміз — шаруашылық кызметінің негізгі құралы. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез келген шарт жасасуына мүмкіндігі бар.

Шарт еркіндігін шектеуді тек мемлекет қана емес, сонымен бірге азаматтық айналым де жүзеге асырады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 11-бабына сәйкес заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған монополистік және қандай болса да басқа қызметке жол берілмейді.

Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады. Азаматтық кұқықтың бұл нормасы Конституцияның 18-бабында бекітілген: "әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясы болуына, арнамысы мен абыройлы атының корғалуына кұқығы бар" деген талапты алға тартады.

Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік және басқару органдарының, ата-аналадардың, қызмет орны жетекшілерінің және басқа адамдардың әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым салады. Егер заңда көзделмесе, әлде біреудің рұқсаты, келісім беруі, ақпарат ұсынуы талап етілмейді. Жеке, отбасылық, коммерциялық құпиялары бар мәліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.

Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар" (Конституцияның 26-бабының 4-тармағы). Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты. Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Бір айта кететін жайт, олардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған коса іскерлік, әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.

Азаматтық құқық жүйесі

Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құкықтық нормалардың жиынтығын камтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құкыктық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның кұрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға

жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.

Ішкі салалардың "жалпы бөлімі" мен "жалпы ережелерін" бір-бірінен бөліп карау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле койған жоқ. Аталған саланың "жалпы бөлімі" жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың "жалпы ережелерінде" мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.

Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларға бөлінеді: "Міндеттемелік құқық", "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар", "Интеллектуалдық меншік құкығы", "Мұрагерлік кұқығы", "Халықаралық жеке құқық", осындай әрбір ішкі саланың өз нормаларына сай келетін "Жалпы ережесі" болады. Оның әркайсысы өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс міндеттемелік институты деп бөлінеді.

Қазакстан Республикасы азаматтық-құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

1. Жалпы бөлім:

І-бөлім. "Жалпы ережелер" (тараулары: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; азаматтық құқықтар объектілері; мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; талап кою мерзімі).

ІІ-бөлім. "Меншік құқығы және өзге де заттық құкықтар" (тараулары: меншік құқығы. Жалпы ережелер; шаруашылык жүргізу құқығы; оралымды басқару құкығы; ортақ меншік; бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік); меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу; меншік құқығы және өзге де заттық құқыктардың тоқтатылуы; меншік құқығы мен өзге де заттық құкықтарды қорғау).

III-бөлім. "Міндеттемелік құқық" (І-бөлімше: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болуы негіздері; міндеттемені орындау; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету; міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық; міндеттемені тоқтату. II-бөлімше: "Шарт туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: шарт ұғымы және оның ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту және бұзу).

Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының Ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:

IV-бөлім. Міндеттемелердің жекелеген түрлері: сатып алу — сату; айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау (аренда); тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану; мердігерлік; өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік экспедициясы; заем; ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік кызмет көрсету; сақтау; сақтандыру; тапсырма; басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг); конкурстық міндеттемелер; зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер; негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

V-бөлім. "Интеллектуалдық меншік құқығы" (тараулары: жалпы ережелер; авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнер-табысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге құқық; интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар; ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы; азаматтық айналымға тауарларға және қызмет көрсетуге қатысушылардың дараландыру құралдары).

VІ-бөлім. "Мұрагерлік құқық" (тараулары: мұрагерлік туралы жалпы ережелер; өсиет бойынша мұрагерлік; заңды мұрагерлік; мұра алу).

VІІ-бөлім. "Халықаралық жеке құқық" (тараулары: жалпы ережелер; коллизиялық нормалар).

Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. Әлемдік азаматтық-құкықтық жүйе ғылымында қалыптасқан институционалдық және пандектілік тәрізді екі жүйе бар. Оның біріншісі бүкіл кұқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік және оның түрлерінің өзгеруі; б) меншікке ие болу тәсілдері деп бөледі. Франция Азаматтық кодексі мен оның тұжырымдарын қолдаушылар осы жолды таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді, соның нәтижесінде кодекстің арнайы бөлімдері қайталаудан, басы артық сілтемелерден және т.б. арылады. Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік, отбасылық және мұрагерлік құқықтар тәртіптеледі. Мұндай жүйені Германияның азаматтық заңдары колданады және де осындай тәсіл бразилиялықтардың, гректердің және басқалардың азаматтық заңдарында бар.

№ 5 Тақырып. Еңбек құқығы негіздері

Еңбек құқығы – бұл құқық саласы ретінде нормалар мен тәртіп жиынтығы. Олар мемлекетте енбек қатынастарын реттейді. Еңбек құқығының қайнар көздері болып ҚР Конституциясы мен ҚР Еңбек Кодексі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 1 тармағына сәйкес “әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар».

Еңбек құқығының пәніне өндірістік қызметте жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланудан туған қоғамдық қатынастар., яғни еңбек қатынастары мен олармен тығыз байланысты еңбектік емес қатынастар жатады, соңғыларына а) ұйымдық басқару қатынастары; ә) қызметке орналасу мен қызметті қамтамасыз ету қатынастары; б) өндірісте мамандарды тікелей дайындау; в) зиян орнын толтыру; г) еңбек дауларын қарау бойынша процесуальдық қатынастар; д) еңбекті қорғау және еңбек заңын сақтау бойынша қатынастар жатады.

Еңбек құқығының қағидалары:

1. Еңбек шартының бостандығы;

2. Жұмысқа негізсіз қабылдамаудан және жұмыстан заңсыз шығарудан қорғау;

3. Еңбектің саламатты және қауіпсіз талаптарын қамтамассыз ету.

4. Мемлекетпен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне құқық;

5. Еңбек күнін заңдық шектеу, демалыспен қамтамасыз ету;

6. Заңмен бекітілген жеңілдіктермен еңбекті біріктіру;

7. Еңбек тәртібін жұмысшылардың сақтауы, мекеме мүлкін сақтау;

8. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету. Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру;

9. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының және жұмысшылардың қатысуы;

Еңбек құқығының қайнар көздеріне Конституция, ҚР «Еңбек туралы» заң және еңбек шарттары, т.б. актілер жатады. Еңбек шарты (контракт) – жұмыс беруші (мекеме) мен еңбекші арасындағы шарт. Ол бойынша жұмысшы еңбек етуге, еңбек тәртібіне бағынуға тиіс, ал жұмыс беруші (мекеме) еңбекақы төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Еңбек шартының талаптары; 1) қажетті талаптар, яғни, а) қабылдану бойынша өзара келісім мен жұмыс орны туралы келісім; ә) жұмысының еңбек функциясы туралы талап; б) жұмыстың басталу сәті, ал қысқа мерзімділер үшін жұмыстың аяқталу сәті де; в) еңбекақы төлеу шарттары туралы талаптар. 2) факультативті (қосымша, толықтырма) талаптар – бұлар еңбек шартын жасау фактісіне әсер етпейді. Тағайындалуы бойынша әртүрлі болады. Мысалы, жұмысты орындау тәртібін қосымша регламентациялау, міндеттер көлемін нақтылау, мамандық пен лауазымды сәйкестендіру, сынау мерзімі және т.б.

Жеке еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісім. Яғни, келісім бойынша жұмысшы өзінің мамандығы, квалификациясы бойынша еңбекті орындауы және ішкі еңбек тәртібін бұзбауы қажет. Ал, жұмыс беруші өз тарапынан жұмысшыға еңбек жасауға жағдай туғызып, уақтылы айлығын төлеп беруі қажет. Жеке еңбек келісім-шарты мына негіздерден тұрады- тараптардың реквизиттері ( жұмыс берушінің толық ақпараты, заңды тұлғаның орналасқан жері, жұмыс берушінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының номері мен тіркеу күні, еңбек функциясын ( арнайы мамандық, мамандығы бойынша жұмыс), жеке еңбек келісім-шартының мерзімі, еңбек жауапкершілігінің басталу мерзімі, еңбек жағдайының сипаттамасы, жұмысшылырдың кепілдігі мен төлемдері, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жұмысшының құқықтары, жеке еңбек келісім-шартын өзгерту, бұзу мен ұзартудың тәртібі.

Келісім шартты құрғаннан кейін жұмыс беруші жұмысшыны жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысшыға қол қойдырып таныстыруға міндетті. Жұмысқа алу туралы бұйрықта жұмыс беруші міндетті түрде жұмысшының жұмысқа кім ретінде қабылданғандығы көрсетілуі тиіс ( яғни, қызметі, квалификациясы, мамандығы көрсетілуі тиіс), қандай мерзімге және қандай уақыттан бастап жеке еңбек келісім шартын, кей жағдайларда жұмыс беруші еңбек ақысының мөлшерін көрсетуі мүмкін. Жұмысшыға еңбек ақысы жұмыс берушінің қалауынша белгіленеді, бірақ ол ҚР заңдарында белгіленген ең төменгі еңбек ақысынан кем болмауы қажет.

ҚР заңдарымен жеке еңбек келісім шартының үш түрі көзделген 1) белгісіз мерзімге құрылған жеке еңбек келісім шарты, 2) белгілі бір уақытқа құрылған жеке еңбек келісім шарты 3) жұмысшының жоқ болуына байланысты уақытша жұмыс істеу немесе белгілі бір жұмысты орындау үшін құрылған жеке еңбек келісім шарты.

Еңбек шарты тек жазбаша жасалуы тиіс. Еңбек шартының тоқтатылу негіздері; 1) жақтардың өзара еркі арқылы (мысалы, тараптар келісімі басқа жұмысқа жұмысшы келісімімен ауыстыру, сайланбалы лауазымға ауысу) 2) әкімшіліктің инициативасы бойынша; 3) жұмысшы өтініші бойынша; 4) өзгенің инициативасы бойынша (әскерге шақыру, кәсіподақ органының талабымен жұмыстан босату, сотталғанда заң үкімінің күшіне енуі).

Жұмыс уақыты еңбектің экстенсивті мөлшері болып табылады. Оның мынадай түрлері бар:

1) қалыпты жұмыс уақыты (заңмен бекітілген ортақ, жалпы жұмыс уақыты) – аптасына 40 сағат;

2) қысқартылған (заңмен қарастырылған жағдайда тағайындалады) – аптасына 36 сағаттан аспау керек. Бұл уақыт кәмелетке толмағандарға, зиянды, ауыр жағдайда жұмыс істейтіндерге, жекелеген жұмысшылар категориясына (мұғалімдер, дәрігерлер және т.б);

3) толық емес, яғни тараптар келісімі бойынша жүктеме бекітілетін және еңбекақы істеген уақытқа пропорционалды түрде төленетін жұмыс уақыты;

4) нормаланбаған жұмыс күні – қызметтің ерекше қажеттілік жағдайында атқарылатын уақыты. Ол қалыпты және қысқартылған жұмыс уақытымен істейтіндерге қолданылуы мүмкін.

Жұмысты уақыттық жағынан шектеу – еңбек құқығының қағидасы. Оған сәйкес мынадай жалпыға ортақ демалыс түрлері бар: а) жұмыс уақытындағы үзілістер; ә) күнаралық үзілістер; б) апта аралық демалыс күндері; в) мейрам күндері; г) жыл сайынғы демалыс.

Еңбекақы төлеу ешқандай кемсітусіз болуы тиіс. Еңбекақы төлеуді реттеу негізінде еңбекақы төлеу тарифтері жатады. Тәртіп бойынша еңбекақы тарифтік жүйе негізінде төленеді. Бірақ, тарифсіз жүйелер де пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, шартты коэфиценттер: 1) еңбектік қатысу коэфиценті; 2) еңбектік үлес коэфиценті; 3) еңбек тиімділігі коэфиценті; қолданылуы мүмкін. Басшылардың, мамандардың , қызметкерлердің еңбегін төлеу лауазымдық кесімді қызметақы негізінде жүргізіледі.

Еңбек тәртібінің негізгі бекітілімдері ішкі еңбек тәртібі ережелерінде мазмұндалады. Ол жұмысшылардың жалпы жиналысымен қабылданады. негізгі бекітілімдерді әкімшілік ұсынады. онда әкімшіліктің, ұжымның және жұмысшылардың негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Жұмысшылардың негізгі міндеттері:

  1. шынайы және адал ниетпен жұмыс істеу;

  2. еңбек тәртібін сақтау;

  3. әкімшіліктің үкімдерін өз уақытында және нақты орындау;

  4. еңбек өнімділігін өсіру;

  5. өнім сапасын жақсарту;

  6. техникалық тәртіпті, еңбек қорғау талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитарий ережелерін сақтау;

  7. кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның мүлкіне күтіммен қарау.

Әкімшіліктің міндеттері: 1) жұмысшылардың еңбегін дұрыс ұйымдастыру; 2) еңбектік және өндірістік тәртіпті қамтамасыз ету; 3) еңбек заңы мен өндірістік тәртіпті бұлжытпай сақтау; 4)жұмысшылардың қажеттіліктері мен сұраныстарына назар аудару, олардың еңбектік, тұрмыстық жағдайын жақсарту.

Тәртіптік жауапкершілік – жұмысшылардың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік өндіріп алу жолымен жүзеге асырылатын әкімшілік алдындағы жауап беру міндеті.

Тәртіптік теріс қылық – құқық бұзушылықтың ерекше түрі – бұл жұмысшының еңбек міндеттерін құқыққа қайшы, кінәлі орындамауы немесе дұрыс орындамауы.

6 Тақырып. Отбасы құқығы негіздері

Адамдар арасында неке фактісімен, қандық туыстықпен, асырап алудан, балаларды тәрбиеге алудан туатын жеке және олардан шығатын мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын отбасы құқығы дейміз.

Отбасы негізгі қағидалары: неке қатынастарының еріктілігі, бірнекелік, жұбайлар теңдігі, балаларға отбасы тәрбиесін берудің басымшылығы, балалардың мүдделері мен құқықтарын сөзсіз қорғауды қамтамасыз ету және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерін қорғау.

Отбасы мүшелеріне заң тәртібімен некеде тұрған күйеуі мен әйелі, балалары және ортақ ата – анадан тараған туысқандар, асырап алушылар мен асырап алғандар және т.б. жатады.

Отбасы құқығының қарым – қатынасы объектілеріне отбасы мүшелерінің іс - әрекеттері және мүліктері жатады.

Отбасы құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерінде заңдық факілер, яғни іс-әрекеттер мен оқиғалар жатады. Бұлзаңдық фактілер отбасы құқығының нормалары көрсеткен нақты өмірлік жағдайлар жатады. Іс-әрекеттер құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Мысалы, заңға сәйкес, баланы мектепке орналастыру құқықтық, ал еңбекке қабілетсіз әке-шешесін бағып-қағудан бас тарту – құқықсыз іс-әрекет. Мұндағы заңдылық факт – бала асырап алу фактісі, қартайған әке-шешенің материалдық қажеттілігі.

ҚР Неке және отбасы заңдылығы азаматтарға отбасы құқықтарын үз қалауларынша пайдалануға рұқсат берілген. Бірақ оларды бұрыс пайдалануға немесе асыра пайдалануға тыйым салған.

Азаматтардың отбасы құқықтарын қорғау сотпен жүзеге асырылады, ал заңда қарастырылған жағдайда қамқоршылық пен қорғаушылықты жүзеге асыратын органдармен жүзеге асырылады.

Отбасы құқығының негізгі бір ұйымына неке түсінігі жатады. Неке -әйел мен ер адамның еркін, ерікті және тең құқықты одағы. Бұл одақ белгілі бір заңдық салдарды туғызатындықтан, белгілі бір ережелерді сақтау жолымен жасалуы тиіс. Жүбайлардың міндеттері мен құқықтары неке қиюды азаматтық хал актілерін жазу мекемесінде тіркеген кезден бастап туады. АХАЖ-да, сонымен қатар, туу, аты-жөнін өзгерту, адамның қаза болуы тіркеледі.

«Неке және отбасы туралы» заң неке қиюдың заңдық тәртібі мен шарттарын бекіткен. Неке қию кезінде жұбайлардың екеуі де қатысуы міндетті, отбасы одағын құруға өзара келісім болуы тиіс. Олар неке жасына (18 жас) жетуі тиіс. Белгілі бір себептерге байланысты бұл жас екі жылға дейін төмендетілуі мүмкін.

Неке тұлғалардың азаматтық әрекет қабілеттілігі болғанда ғана заңды деп танылады.

Неке мына жағдайларда заңсыз: тұлғаның вирустық жүқпалы аурумен ауыруы, туысқандарарасында, асырап алушы мен асыралушы арасында.

Ажырасу жұбайлар арасындағы отбасылық қатынастардың тоқтауына негіз болады.

Некеге отырған әйел мен еркек жеке мүліктік емес құқықтарға, сонымен қатар мүліктік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Некеге отыру бір жақтың құқықтарын шектеуге себеп бола алмайды. ҚР неке және отбасы заңдылығында «отбасы басшысы» деген ұғым жоқ. Неке қию кезінде ата-текті әйелінің немесекүйеуінің атына немесе егер екеуінің некеге дейінгі ататектері ұқсас болмаса, тектерін қосуға рұқсат.

Ата-аналарына тиісті мүлікке балаларының меншік құқығы болмайды. Заңда некедегілердің екі мүлкі ажыратылған: 1) некеге дейінгі, 2) неке кезінде пайда болған ортақ меншік.

Ортақ мүлікпен иелік ету жұбайлар келісімімен жүргізіледі. Бұл жағдай неке шартымен жұбайлардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Неке шарт нотериалдық куәландыруға жатады. Ол неке кензінің кез-келген уақытында жасалып , өзгертіле алады және тоқтатылуы мүмкін. Және де кез-келген азаматтық шарт сияқты заңсыз деп танылуы мүмкін. Неке шарты неке бұзылғанда өз әрекетін тоқтатады.

Ата-ана міндеттері: кәмелетке толмаған және еңбекқабілеттігі жоқ балаларын қамтамасыз ету, тәрбиелеу, физикалық дамуын , оқуын қамтамасыз ету, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау.

Баланың құқықтары:Отбасында өмір сүру,тәрбиелену, өз ата-анасын білу, олармен қатынасу, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау, аты-жөнге құқық, өз ойын білдіру,қамтамасыз етілу құқығы.

Неке бұзылғаннан кейін 300 күн ішінде туған баланың әкесі ратінде арыз беруші ер адам танылады. Егер ол өзінің биологиялық әкесі емес екеніне күманданса, дауласуға құқығы бар.

Ата-ана өз баласына қатысты міндеттерін орындамаса, тәрбиесіне , өсуіне теріс ықпал етсе олар сот арқылы ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Оны тек онжасқа толған баланың өз келісімімен қайтаруға болады.

Ата-аналық құқығын шектеу балаларды қамтамасыз ету міндетінен айырмайды. Егер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, қамқоршылық және қорғаушылық органы баланы алып қоя алады.

Алимент(лат –ауқат, қамтамасыз ету, асырау) міндеттілігі көбіне неке бұзылғанда туады. Ол балаға тиесілі. Алимент қолма қол, пошта арқылы. Есеп аудару арқылы, т.б. жолмен төлене алады. Алимент мөлшері туралы келісім болмаса, ол соттық жолмен алынады. Заңда бекітілген жалпы мөлшері мынадай: 1) балаға алимент төлеушінің табысының ¼ мөлшері, екі балаға - 1/3, үш және одан көп болса ½ . Сот алимент мөлшерін еңбекақы немесе өзге де табыс арқылы не болмаса қатаң ақша соммасында анықтауға құқығы бар.

Келісім бойынша алимент мүлік арқылы беріле алады (пәтер, үй, жер участогі және т.б).

Ата – ана қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің төмендегідей нысандары бар:

1) асырап алу; 2) қамқорлыққа алу; 3) асырап алған отбасында тәрбиелеу (тәрбиелеушілерге ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады).

7 Тақырып. Қаржы құқығының негіздері

Қаржы құкығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және занды тұлғалардың табысының, пайдасынын бір бөлігі занда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылау-мен айналысатын кептеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары - Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа да кептеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.

Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын субъектілердін каржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес тексеру-бақылау органдары - аудиторлар жүзеге асырады.

Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің 6арысынд,а материал-ды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.

Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет, дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен камта-масыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Кұкықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталык және жергілікті денгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-кұқықтық акті.

Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, карау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, соңдай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасынын бюджет заң-дарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жуйесін кұрайды.

Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі мөлшерде жүргізетін, қайтармсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер.

Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салыктың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салыктар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салык төлудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салык тікелей оның мүлкінің, еңбекакысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыкка жеке табыс салығын жаткызуға болады.

Казақстан Республикасында төмендегідей салықтың түрлері колданылады: 1. Корпорациялык табыс салығы; 2. Жекетабыс салығы; 3. Косылған құн салығы; 4. Акциздер; 4-1. Экспортталатын шикі мүнайға, газ конденсатына рента салығы; 5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері; 6. Әлеуметтік салық; 7. Жер салығы; 8. Көлік кұралдары салығы; 9. Мүлік салығы.

8 Тақырып. Экология құқығының негіздері

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834—1919) енгізген. Экалогия тірі организмдер мен коршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаган орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиын-тығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экология-лық кауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экалогиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мудделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаган ортаны қоргау — табиғат пен адамның озара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағыт-талған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаган ортаның ластауы — коршаған ортаға ықтимал кауіпті химиялык және биологиялык затгардың, радиоактивті материал-дардың, өңдіріс пен тұтыну калдықтарының түсуі, сондай-ак қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондықтан адам-заттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайда-лану талап етіледі. Ал табигатты пайдалану дегеніміз адамнын шаруашылық және озге де қызметінде табиғи ресурстарды пай-далануы. Табиги ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін коршаған ортанын шаруашылық және езге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.

Экологиялық кұқыктық нысаны (объектісі) қоғам мен таби-ғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдык қаты-настар. Экологиялык құқықтын окытатын пәні: 1) қоршаған та-биғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, занды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялык құқықтары мен мүдделерін корғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.

Экологиялык кұқыктық әдістер дегеніміз нақгы бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалык және теориялык жағынан игерудің амал-айлаларының жиын-тығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдар-дың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-қщықтық және аза-маттық-қуқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер эко-логиялық құқық саласында да пайдаланылады.

Әкімшілік-қуқықтық әдістер құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушы-лар қатынасынан туындайды (бастық, директор және бағыныш-тылар, полиция және кұқык бұзушы).

Азаматтық-қуқықтық әдіс құқықтық қатынастың субъекті-лерінің заң алдында езара тендігіне негізделген (экологиялык құқык бұзғаны үшін жеке және занды тұлғалардың тең жауап-тылығы). Сонымен бірге императивтіжәне диспозитивтіәдістер қолданылады. Императивті экологиялық құқьіктық катынастар-дын субъектілерінің кұзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, жазу, тыйым салу нормалары қолданылады. Диспозитивтік әдіс ол экологиялық кұқыктық қатынастардың субъекті-лері өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амаддардың негізінде әрекет жасауы.

9 Тақырып. қылмыстық құқықтың негіздері

Қылмыстылықты және іс-әрекеттердің жазалылығын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, жаза жүйесін, оны тағайындау тәртібі мен шарттарын, сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату негіздерін анықтайтын, мемлекеттік жоғары органдарымен бекітілген заңдық нормалар жинағы қылмыстық құқық деп аталады.

Қылмыстық құқық пәніне қылмыстың жасалуымен байланысты туатын қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстылықты, қылмыстың жасалуына заңдық тиым салу мен олардың жазалылығын анықтаудан тұрады.

Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім – бұл қылмыстық заңдылық пен оның қағидалары, қылмыстық жауапкершілік негіздері, қылмыстық заңның кеңістіктегі, уақыттағы, тұлғалар шеңберіндегі әрекетін анықтайтын, қылмыс түсінігі мен категорияларын, кінә нысанын, қылмыстық құқықтық жас мөлшерін, қылмысты жоққа шығаратын мән – жайларды, қылмысқа қатысуды, жаза мақсаттары мен түрлерін, олардың тағайындалу тәртібі мен мазмұнын, жауапкершіліктен босату негіздерін, сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жазасының ерекшеліктерін көрсететін бөлім.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс түрлері мен олардың жазалары, істеуші тұлғалар көрсетілген.

Қылмыстық құқық мынадай қағидаларға сүйенеді: заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі, кінә үшін жауаптылық, әділеттік пен гуманизм.

Қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болып қылмыстық заң табылады. Тек қана қылмыстық заң қоғамға қауіпті іс - әрекеттердің қылмыстылығын және жазалануын тағайындайды. ҚР – да қылмыстық заңды ҚР қылмыстық Кодексі құрайды. Жаңа қылмыстық заңдар қылмыстық Кодекске қосылуға жатады.

Қылмыс дегеніміз жазалаумен ескертілген, ҚР ҚК – мен тиым салынған, қоғамға аса қауіпті іс - әрекет. Іс - әрекетті қылмыс деп тану үшін оның мынадай белгілері болуы қажет:

а) қоғамға аса қауіптілігі;

ә) қылмыстың құқыққа қайшылығы;

б) кінәлілік;

в) жазалауға жататындығы.

Қылмыстар әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты сарапталады. Қылмыстарды сараптау – бұл қоғамға аса қауіпті іс - әрекеттерді олардың мәнді белгілеріне байланысты өзара байланысқан топтарға бөлу. Ол қоғамға аса қауіптііс - әрекеттердің қоғамға қауіптілік сипаты мен деңгейіне байланысты бөлінеді.

Қоғамға қауіптілік сипаты – бұл іс - әрекет қол сұғатын қоғамдық қатынастың маңыздылығы мен қылмысты жасау әдісі бойынша анықталатын қылмыстың әлеуметтік қасиеті.

Қоғамға қауіптілік деңгейі – бұл жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән – жайларды есепке ала отырып анықталатын қылмыстың әлеуметтік қасиеті.

Бұларға байланысты қылмыстар төрт категорияға бөлінеді:

1) жеңіл қылмыстар – қасақана жасалған жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылатын қылмыстар;

2) орташа ауырлықтағы қылмыстар – 2 - 5 жыл;

3) ауыр қылмыстар – 5 – 12 жылға дейін;

4) аса ауыр қылмыстар – 12 жылдан көп және өлім жазасы қарастырылған қылмыстар.

Осында көрсетілген алғашқы үш категорияда қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, соңғысында 14 жастан бастап қарастырылған.

Студенттер ҚР қылмыстық заңдылығы ережелері туралы толық мәліметті 1998 жылдың 1- қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР қылмыстық кодексінен және «Қылмыстық құқық » курсы бойынша арнайы әдебиеттерден таныса алады.

10 Тақырып. Халықаралық құқық негіздері

Мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастың өзара тығыз байланыста болуы мемлекеттердің халықаралық құқық нормалары мен егемендіқ құқығын сақтауы болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық өзара қарым-қатынастан басталады. Халықаралық құқық кез-келген қоғамның өміріне үлкен мағынасы бар, халықаралық өзара қарым-қатынастың дамуы мен өсіп жетілуін реттейді. Халықаралық өзара қарым-қатынастар халықаралық құқықтық норманың мазмұнын анықтайды.

Айрықша зерттеуді қажет ететін түбегейлі мәселелердің (проблемалардың) бірі болып, ең алдымен халықаралық құқықтың және халықаралық өзара қарым-қатынастың халықаралық жүйедегі алатын орны белгілі. Мысалға, халықаралық өзара қарым-қатынасты зерттеушілер негізінен халықаралық өзара қарым-қатынасты маңызды және анықтаушы деп алып, оны жүйе ретінде қарайды (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.П.Саканаев, Д.Г. Томашевский және т.б.).

Халықаралық жүйе тар мағынада мынаны құрайды:

біріншіден, мемлекет және мемлекетке ұқсас құрылымдар;

екіншіден, мемлекетті құру жолындағы, өзінің тәуелсіздігі үшін қүресіп жүрген халықтар және ұлттар;

үшіншіден, халықаралық қоғамдар;

төртіншіден, мемлекеттердің бірлестігі;

бесіншіден, осы элементтер арасындағы байланыстар.

Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйе, халықаралық өзара қарым-қатынаста қолданылып жүрген басқа да, халықаралық-құқықтық және әлеуметтік нормаларды құрайды. Халықаралық жүйе анықталған бір-тұтастық және басқа да құрамдас бөліктермен салыстырмалы біртұтастыққа тән. Халықаралық жүйенің өзіне тән сипаты болып, біріншіден оның негізгі элементі мемлекеттің халықаралық. жүйенің бөлігі болып табылатындығы.

Осыдан, халықаралық құқықтың даму мәселесін анықтай отырып, халықаралық жүйе ұғымы мен құрамдас бөлігін және қазіргі қезендегі халықаралық өзара қарым-қатынастың өзіне тән ерекшелігін анықтау қерек.

Осы, жоғарыда қөрсетілген тұжырымдардан, халықаралық озара қарым-қатынастардың, олардың құқықтық табиғаттағы ұғымы туралы жалпы қорытынды шығаруға болады.

Халықаралық өзара байланыс — бұл саяси, эқономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және мемлекеттер арасын жалғайтын басқа да байланыстардың жүйесі.

Халықаралық өзара қарым-қатынастарға, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ұлғайту, бейбітшілікте және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі туындайтын жаңа түйінді мәселелер, ядролық, соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың ролін қөтеру тән қасиет.

Халықаралық құқық — бұл құқықтың әр түрлі: саяси, экономиқалық және мемлекеттер арасындағы басқа да өзара қарым-қатынасты, сонымен қатар халықаралық өзара қарым-қатынасқа қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқық саласы. Ол мемлекет ішіндегі басқа да құқықтар саласынан өзгеше болатын құқтың айырықша жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық халықаралық, озара қарым-қатынасты реттейтін және мемлекетің келісім еркін білдіретін келісім және жай нормалар қағидаларының жүйесін білдіреді.

Құқық нормасы жалпы субъектілер тәртібінің норманың реттеуші әсері шеңберінде қамтылатын барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті тәртібінің стандарты. Жоғарыда қелтірілген анықтама ішкімемлекеттік құқыққа тән, дегенмен мұндағы "құқық" деп ортақ міндеттілік сипатыңдағы дұрыс зандардың нормалары жайында айтылса қерек. "Халықаралық қуқықтың нормасы" ұғымының "жалпы құқық нормасы" ұғымынан біршама айырмашылығы бар. Олардың айырмашылығы мынада, яғни халықаралық қуқықтық қатынастардың негізгі реттеу тәсілі болып, екі жақтың келісімге келуі (қонсенсус) танылады. Осыған сай, халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі екі жақтың келісімін бекітетін акт болып табылады, яғни халықаралық шарт. Сонымен, халықаралық шарттың нормалары бүкіл халықаралық жария құқықтың нормативтік механизмінің едәуір үлкен бөлігін құрайды. Соған сәйкес, халықаралық шарттың нормалары ретінде қөрсетілген "халықаралық құқық нормасы" ұғымының сол бір болігіңдегі тәртіп ережесінің ортақ міндеттілігі жайында айтылуы мүмкін емес-ті. Әрине, халықаралық нормалардың құрылуы. халықаралық шарттың негізінде ғана жүрмей, сондай-ақ, халықаралық құқықтық. әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан (Jus cogens нормалары), құқықтың ортақ қағидаларынан т.б. шығып қалыптасады1.

Аталған нормалар (яғни, мұндағы халықаралық құқықты әдет-ғұрыптар мен халықаралық құқықтың ортақ қағидалары негізінде қалыптасатын нормалар) халықаралық құқықтың барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті реттеуші әсеріне ие.

Халықаралық құқық субьектілері:

Бұл тақырып қазіргі кездің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені, Казахстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып, көптеген мемлекеттердің тануы мен қолдауын алып, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды. Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім-шарттарға отыру — Казахстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды, қажетті факторы.

Казахстан Республикасын қазір 117 мемлекет танып отыр және олардың 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Казахстан БҰҰ мен Халықаралық кайта құру және даму банкі, сондай-ақ, Халықаралық валюталық қор, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ИКАО-ны қоса алғанда, 51 халықаралық ұйымға мүше болды. Сондықтан да, Казахстан Республикасын халықаралық құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.

Ал халықаралық құқық субьектісі деген сұраққа қалай жауап беруге болады?

Халықаралық құқықтың субъектісі дегеніміз – халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралық құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар.

Халықаралық құқықтың субъектілері төмендегідей түрлерге бөлінеді:

- негізгі субъектілерғе мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, азаматтар (бірақ, бұл даулы мәселе) жатады;

- туынды субъектілерғе мемлекетке ұқсас құрылымдар, еркін қалалар, халықаралық ұйымдар жатады.

Халықаралық субъектілердің алғашқы қатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл — саяси биліктік сипаттағы күрделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайдың болуы қажет. Біріншіден, мемлекеттің халқы, яғни, нәсіліне, тіліне және діни қөзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан, қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты адамдар тобының, болу қажеттігін айтамыз. Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы. Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни, елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет. Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі. Қорыта келгенде, құқықтың тек толық субъектісі мемлекет қана тұрақты бейтарап мәртебеге ие бола алады.

Халықаралық ұйымдар – бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйым болып БҰҰ саналады.

Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар, олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды.Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.

Халықаралық ұйымдар өз міндеттерін орындамаған жағдайда жауаптылыққа тартылады. Кез-келген халықаралық ұйым мүше мемлекеттердің бастамасымен өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Мысалы, Ұлттар Лигасы өз жұмысын 1939 ж. тоқтатты.

Жеке тұлғалардың халықаралық құқықтық мәртебесі. Индивидтің халықаралық құқық субъектісі ретінде танылуы не танылмауы осы субъектіге қойылған мінездемеге байланысты. Егер индивидті халықаралық құқықтың субъектісі десек, онда бұл тұлғаға халықаралық құқықтың нормалары тікелей әсер етеді, яғни, халықаралық құқық нормалары субъектінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Жеке тұлғаларға тікелей әсер ететін көптеген халықаралық құқықтық нормалар бар. Мысалы, 1966 ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт, 1989 ж. Баланың құқықтары туралы конвенция т.б. Бірақ қалай болғанымен де, жеке тұлғаны халықаралық құқықтың толық субьектісі ретінде қарастыра алмаймыз.

Халықаралық шарттар құқығының субъектілері халықаралық жалпы құқықтың субъектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында "келіссөздерге қатысушы мемлекет", "келісуші мемлекет", "келіссөздерге қатысушы ұйым", "қатысушы", "үшінші мемлекет" және "үшінші ұйым" ұғымдары қолданылады. Келіссөздерге қатысушы мемлекетшарт мәтінін дайындауға және қабылдауға қатысушы мемлекет; келісуші мемлекет - күшіне енбегендігіне қарамастан, шарттың озінің міндетгілігіне келіскен мемлекет, қатысушыларкүшіне енген шарт бойынша міндеттілік алған мемлекеттер, үшінші мемлекеттер - шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер (1 -бап). Айтылған ұғымдар халықаралық ұйымдарға да қолданылады.

Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі заңдары да көп үлесін қосады. Казахстан Республикасында 1995 жылы 12 желтоқсанда қабылданған "Казахстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы" Казахстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда (әрі қарай Жарлық). Бұл Жарлық халықаралық шарттардың ұғымын, түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.

Халықаралық ұйымның белгілеріне мыналар жатады:

- халықаралық Жарғылық шарттың болуы;

- белгілі бір мақсаттардың болуы;

- сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб-пәтері болуы;

- мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттерінің болуы;

- халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес құрылуы;

- үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады

1969 ж. конвенцияға сәйкес мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және сыртқы істер ведомстволарының басшылары келісім-шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді. Өкілеттіліктің берілуі мемлекеттің ішкі заңымен реттеледі. Казахстанның заңына сай Президентке, Премьер-министрге, Сыртқы істер министріне шартты арнайы өкілеттіксіз жасауға құқық берілген. Шет елдегі Казахстан Республикасының елшілері немесе халықаралық ұйымдардағы өкілдіктің басшысы арнайы рұқсатсыз сол мемлекеттің шеңберінде немесе халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық шарт жасасу туралы келіссөз жүргізуге құқылы. Ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсаттың негізінде жүргізеді.

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау

Егер бақылау нысаны Эссе болса онда төменде көрсетілген әдістемелік нұсқауға жүгініңіз.

Эссе жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

Эссе - заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.

Эссе – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.

Эссе жазудың мақсаты мен міндеттері

Эссе жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

  • Теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

  • Жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру жұмыста қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйренуі тиіс.

Эссетың жоспары мен құрылымы

Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен Эссета қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығыырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зертеу қажет, ал гере мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.

Жоспар Эссетың бөлімдері мен параграфтардың аттарынан ғана емес, сонымен қатар әр бөлімде ашып көрсетілетін негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек.

Жасалған жоспарды оқытушымен талқылау керек, оқытушы жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана Эссеты жазуды бастау керек.

Эссе жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

  • титулдық бет

  • мазмұны

  • кіріспе

  • негізгі бөлім

  • қорытынды

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Эссетың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Келесі беттер нөмірленеді.

Эссетың кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен Эссе құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.

Эссетың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді.

Қортындыда тақырыптың сипатына және Эссетың зерттелу тереңдігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.

Эссеты рәсімдеу

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Эссе таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс.

Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 5-7 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегль – 14, шрифт—Times New Roman немесе KZ Times New Roman.. Беттер барлық қосымшаларымен бірге бірыңғай номерленуі тиіс.

Эссетың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ - мазмұны. Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және Эссетың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Егер де бақылау нысаны баяндама түрінде берілсе онда төмендегі әдістемелік нұсқауға жүгініңіз.

Баяндама түріндегі бақылау нысаны студенттің қарастырылып отырған тақырып шеңберінде өзекті деп есептеген тақырыптың маңыздылығын, мәнін, оның теориялық және тәжірибелік қажеттілігін негіздеп, қарастырып отырған тақырыбы шегінде мәселелерді ғылыми, тәжірибелік деңгейде көтеріп қарастырған авторлардың пікірлеріне сүйеніп, сын көзқараспен талдау жасап, өз ұсыныстарын беруі қажет.

Әдетте баяндаманың құрылымы автордың жеке сөйлеу мәдениетімен, стилімен ерекшеленеді . Баяндаманың көлемі әдетте 5-7 минуттық уақытқа сәйкес дайындалады немесе баяндама оқылатын іс-шарадағы регламенттің көлеміне ыңғайланып дайындалады.

Баяндамада Эссетағыдай қатаң құрылымдық тәртіп жоқ, ол баяндама жасаушының жеке, индивидуалдық ерекшеліктерге ие болады.

5. Білім алушылардың білімдерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар, тақырыптар бойынша тест тапсырмалары)

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтары:

  1. Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері

  2. Мемлекеттің пайда болу заңдылықтары

  3. Мемлекет мәні және оны түсіндіретін теорияларға сипаттама

  4. Мемлекет қызметі түсінігі және түрлері.

  5. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі қызметтеріне сипаттама

  6. Мемлекет нысаны түсінігі

  7. Басқару нысаны түсінігі, түрлері

  8. Мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі, түрлері.

  9. Саяси режим түсінігі, түрлері.

  10. Қоғамның саяси жүйесі түсінігі, элементтері

  11. Саяси жүйедегі мемлекеттің орны

  12. Мемлекеттік орган түсінігі, түрлері

  13. Қазақстан Республикасы Президенті

  14. Қазақстан Республикасы Парламенті

  15. Қазақстан Республикасындағы сот органдары

  16. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

  17. Қазақстан Республикасы Прокуратурасы

  18. Құқық түсінігі, белгілері

  19. Нормативті реттеу жүйесіндегі құқықтың орны

  20. Құқық мәні және мазмұны

  21. Құқықтық нормалар түсінігі, түрлері

  22. Құқықтық норма құрамы: гипотеза, диспозиция, санкция

  23. Құқықтық норма түрлері

  24. Құқық нысандары

  25. Нормативті-құқықтық акт түсінігі, түрлері

  26. Құқықшығармашылық түсінігі, сатылары

  27. Қазақстан Республикасындағы құқықшығармашылық органдары

  28. Құқық жүйесі. Құқық салалары, институттары

  29. Құқықтық қатынас түсінігі, түрлері

  30. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

  31. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастыру

  32. Құқықбұзушылық түсінігі және түрлері

  33. Заңды жауапкершілік түсінігі, түрлері

  34. Конституция түсінігі және түрлері.

  35. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының жалпы сипаттамасы.

  36. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің түсінігі. Азаматтық.

  37. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары.

  38. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері.

  39. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, зерттеу әдістері.

  40. Әкімшілік құқықбұзушылық және жауапкершілік түсінігі, түрлері.

  41. Қазақстан Республикасы атқару билігінің орталық және жергілікті органдары.

  42. Мемлекеттік қызмет: түсінігі, өткеру принциптері.

  43. Азаматтық құқық түсінігі. Реттеу пәні және әдістері.

  44. Мәмілелер түсінігі, жарамды болу талаптары.

  45. Міндеттемелер түсінігі.

  46. Шарт түсінігі және түрлері.

  47. Азаматтық құқық субъектілері. Құқыққабілеттілік, әрекет қабілеттілік. Құқық субъектілік.

  48. Жеке кәсіпқойлық түсінігі және түрлері.

  49. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынас субъектілері ретінде.

  50. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.

  51. Қазақстан Республикасындағы меншік түсінігі және түрлері.

  52. Еңбек құқығының пәні және әдістері. Еңбек құқығының қайнар көздері.

  53. Жеке және ұжымдық еңбек шарты: жасалу және тоқтатылу тәртібіі.

  54. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

  55. Еңбек тәртібі түсінігі және тәртіпшілік шараларының түрлері.

  56. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері.

  57. Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері және отбасы заңдары.

  58. Ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттері.

  59. Ата-ана мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар.

  60. Қылмыстық құқық түсінігі. Қылмыстық заң.

  61. Қылмыстық жаза түсінігі және түрлері.

  62. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.

  63. Интеллектуалдық меншік түсінігі.

  64. Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқық негіздері.

  65. Қаржы құқығы. Мемлекеттің қаржылық әрекетінің түсінігі.

  66. Бюджет түсінігі, бюджеттік жоспарлау.

  67. Салық төлемеу және кірісті жасыруға заңдық жауапкершілік.

  68. Қазақстан Республикасында салық алудың құқықтық негіздері.

  69. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері.

  70. Инвестиция түсінігі.

  71. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру.

  72. Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы мен жәрдем ақы түсінігі және түрлері.

  73. Сыбайлас жемқорлық түсінігі, субъектілері және күресу шаралары.

  74. Экологиялық құқық принциптері және пәні.

  75. Іс жүргізу құқығының негіздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]