Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
190.46 Кб
Скачать

Шарын ұлттық табиғи паркі

Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. “Қамалдар аңғары” атауымен мәлім Шарын шатқалы (Алматыдан 200) Талғардан шығысқа қарай 180 шақырым жерде, орналасқан.  “Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы көлемі жағынан шағын болса да, Әдемілігі бойынша орын бермейді. Сол себепті Сіз Шарын шатқалына саяхатқа баруды жоспарласаңыз, алдымен Шарын шатқалының үстінен жүріп өтіп, содан соң төмендегі Шарын өзеніне түсіп ағаштардың көлеңкесінде демалуға болады. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады. Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде – Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. 

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Солтүстік Тяньшань физика-географиялық провинциясының құрамына кіретін Іле-Алатау жотасының солтүстік беткейінде орналасқан.  Түрген - Шамалған өзендерi аралығындағы орнласқан.   Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 1996 жылы 22 ақпанда құрылған және 200 мың гектардай жерді алып жатыр. Саябақтың басты көрнекті жері табиғаттың тазалығы қалтқысыз сақталуы. Дегенмен, соңғы 80 жылда Алматы қаласына тиеп тұрған ойпатының табиғаты индустриалды өркениеттің және қоршаған ортаның ластауына байланысты өзгерді. Осы мәселе қазіргі таңда, саябақ экологиялық жүйесінің тұтастығын сақтауда қауіп келтіріп тұр. Дегенмен, өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шындары, биік таулары, көк- жасыл ормандары, альпі шалғындарымен ерекшеленген саябақ, адамдарды еріксіз өзіне тартады. Бұл жерде көгерген Шренка шыршалары 45 метрге дейін бой көтеріп 2 метрлік диаметрге дейін жетеді. Бұл сымбатты шыршалар 205-300 жылға дейін өмір сүрсе, тау биігінде өскен шыршалар 600 жылға дейін өмір сүреді. Қылқанды орманның төменгі бөлігінде араласқан орман бой көтерген. Бұл жерде кәдуілгі өрік, Семенов аққайыңы, Янчевич қара қарақат, Сиверс алмасын кездестіруге болады. Саябақтағы барлық өсімдіктің түрі 1000 жуық. орналасқан.

Көкшетау ұлттық табиғи паркі

«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы Солтүстік-Қазақстанның бірегей орманды-тауларын және көлдік экожүйелерді, тарих ескерткіштерін, археологиялық және ұлттық мәдениетін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша 1996 жылдын сәуірінде құрылған болатын. Оның негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 182 000 гектардан аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына Зеренді, Шалкар және Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері енеді. Оның ландшафты әлемін жылтыр көлдер еліне ұқсатқандықтан Көкшетау ұлттық саябағын «Қазақстандық Швецария» деп атайды.Бұл шетсіз-шексіз даладағы әдемі таулар, шатқалдар мен жалтылдаған таза көгілдір сулы көлдер, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да бар. Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төселген, аң-құстар мен балықтардың, жәндіктер мен көбелектердің сан алуаны кездеседі.

 Ұлттық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялык, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар: қорғандар, қоныстар, қалашықтар, сонымен қатар, әлемдік атаққа ие болған неолит дәуірінің Ботай қонысы. Қазіргі таңда Ботай ескертіштері Әлемдік Мәдениет құндылықтар тізіміне енген және ЮНЕСКО-ның қорғауында.