Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы экзамен.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
185.34 Кб
Скачать

1.Қайта өндіріс процесінің төменде келтірілген стадияларынан"Қаржы" категориясына тән сипаттамасын анықтаңыз:

бөлу

2.Төменде келтірілген операцияларды қайсысы қаржыға тікелей қатысты:

Заңды тұлғалардың корпоративтік табыс салығын төлеуі

3. Қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады:

Ақшалай нысанда

4. Қаржылық жоспарлаудың әдістері:

Коэффициенттер, нормативтік, баланстық, заттық-мақсатты, математикалық үлгілеу

5. Қаржылық бақылау нысандары:

Алдын-ала, ағымдағы, кейінгі

6. Кооперация жұйесінде кооперативтің негізгі екі түрі қызмет етеді:

Өндірістік және тұтыну

7. Жұмылдыру әдісіне байланысты мемлекеттік кірістер жіктеледі:

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған

8. Бюджет жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары:

Біріңғайлылық,толымдылық,реалистік,дәйектілік,дербестік

9. Бюджет тапшылығын жабу тәсілдері:

Мемлекеттік қарыздар,салық салуды ұлғайту,ақша эмиссиясы

10. Қаржылық бақылаудың жүргізілуі нысаны:

Ақша нысанында

11. Қаржылық функциялары (қызметі):

Бөлу, бақылау

12. Табыс бойынша ертерек алынған қарыздардың шарттарының өзгеруі (+-):

Конверсия

13. Бағаның жылына 100% артық өскенде пайда болатын инфляция түрі:

Гиперинфляция

14. Бағалар тұрақты немесе аз мөлшерде өседі,бірақ тауар тапшылығын тудыратын инфляция түрін атаңыз:

Жасырын

15. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің буындарын атаңыз:

Мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, коммерциялық ұйымдардың қаржысы, коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы, үй шаруашылығының қаржысы, сақтандыру саласы

16. Жеке табысқа салық салудың фискалдық мәнімен, қатар әртүрлі әлеуметтік топтардың табыстарын теңестіретінін көрсеткен ғалым:

Лоренц

17. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама әдістеріне жататындары:

Салықтар, кедендік төлемдер, валюта бағамы, әлемдік бағалар, проценттік ставкалар, облигация бағамы

18. Өндірістің негізгі факторлары:

А, В, С жауаптары дұрыс

19. Аз шығын жұмсай отырып, пайда табу мақсатын көздейтін шаруашылықты жүргізу әдісі:

Коммерциялық есеп

20. Өзара бекітілген заңмен байланысты,экономикалық қатынастар мен құқықтық нормалармен негізделген, елдің барлық бюджет түрлерінің жиынтығы:

Бюджеттік жүйе

21. Әлеуметтік-экономикалық дамытуда жағымды жағдай жасау мақсатында қаржылық қатынастарда ұйымдастыру әдістерінің жиынтығы:

Қаржылық механизм

22. Алынған және белгілі-бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың , сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы (олар бойынша есептелген пайызларды қоса) бұл-:

Мемлекеттік борыш

23. Төменгі бюджеттің жоғарыда тұрған бюджеттен шектік мөлшерде алынған, мақсатты шығындар мен мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған бекітілген сома,ресми трансферттер:

Субвенция

24. Өндірістің материалдық негізгі болып табылады:

Өндірістік қорлар

25. Қаржылық жоспарларды орындау процесінде жүргізілетін бақылау:

Ағымдық қаржылық бақылау

26. Есепті кезеңнен кейін жүргізілетін бақылау:

Кейінгі қаржылық бақылау

27. Есептілік, баланстық және шығыс құжаттары негізінде жүргізілетін, қаржылық тәртіптің бұзылуындағы кемшіліктерді жою шараларын жүргізілетін бақылау әдісі:

Тексеру

28. Өткен белгілі-бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделейтін, терең тексеретін бақылау әдісі:

Ревизия

29. Мемлекеттің қарамағындағы қаржы қорларын қалыптастырумен байланысты, қоғамдық өнім құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастарының жиынтығы:

Мемлекеттің қаржысы

30. Мемлекеттің кірістерді қалыптастырудың негізгі көзі:

Ұлттық табыс

31. Бюджет тапшылығын жабудың ең тиімді әдісі:

Қарыздар

32. Мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған табыстарын пайдаланумен туындайтын қаржылық қатынастарындың бөлігі:

Мемлекеттік шығыстар

33. Кәсіпорынның шығыстары мен шығындарын өзінің меншікті қаржылық ресурстары есебінен жабу:

Өзін-өзі қаржыландыру

34. Бюджетті қалыптастыратын салық қызметі:

Фискальды

35. Мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты болатын салық қызметі:

Реттеуші

36. Салық төлеушінің мүлкіне немесе табысына тікелей салынатын салықтар:

Тікелей

37. Тауар немесе тариф бағасына үстеме түрде қосылатын және тұтынушымен төленетін салықтар:

Жанама

38. Акциздер, кедендік баждар жатады:

Салықтық түсімдерге

39. Бюджеттің кіріс көзінен шығыстарының артуы:

бюджеттік тапшылық

40. Еліміздегі бюджет тапшылығының өсімі әкеп соқтырады:

Мемлекеттік қарыздардың өсуіне

41.Тұтыну қоры ненің есебінен құралады:

Таза пайдадан

42. Бюджеттік қаржыларды бюджет жүйесінің буындары арасында немесе заңды тұлғаларға мақсаты шығындарды жүзеге асыруға қайтарымсыз негізде беру, бұл:

Субвенция

43. Бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын жабу мақсатында қайтарымсыз сипатта берілетін, сонымен қатар төменгі бюджеттерді теңдестіру мақсатында берілетін ақша қаражаттары:

Дотация

44. Бюджет, бюджеттен тыс және әлеуметтік қорлары есебінен іс шараларды қаржыландыруға үлестік негізде қайтарымсыз сипатта ақшалай және заттай нысанда берілетін төлемақылар:

Субсидия

45. Аумақтық принципке сәйкес мемлекеттік шығыстар бөлінеді:

Экономикалық аймақтар бойынша

46. Мемлекеттік резервтер жасалады:

Мемлекеттік бюджет арқылы

47. Қорғаныс шығындарына жатпайтын шығындар:

әскери қызметкерлерді медициналық сақтандыру

48. Төменгі бюджеттен жоғарғы бюджетке ақша аудару:

Бюджеттік алып қою

49. Олардың арасындағы ара-қатынастарды мемлекеттік бюджет сипаттайды:

Мемлекет және қоғамдық өндіріс қатысушылар

50.Бюджеттің атқарылуы келесі экономикалық нысандар арқылы жүзеге асады:

Бюджет кірістері мен шығыстары

51. Бюджеттің бірыңғайлық принципі:

Бірыңғай құқықтық база, бюджеттік сыныптама

52. Бюджеттің толымдылық принципі:

Барлық кірістер мен шығыстарды міндетті түрде толық көрсету

53. Бюджеттің транспаренттілік принципі –

Бюджеттің атқарылуы туралы есептерді жариялау

54. Эмиссия құқығына сәйкес мемлекеттік ішкі займдар бөлінеді:

Орталық үкімет және жергілікті органмен шығарылатын

55. Қаржылық бақылау обьектісі:

А, В, С

56. Қазақстан Республикасының бюджеттік жыл:

1 Қаңтар – 31 желтоқсан

57. Сақтандыру сомасы:

Мүлік, өмір, денсаулықты сақтандырудың нақта ақша қаражаттары көлемі

58. Ревизия тәсілдері:

Дұрыс В), С)

59. Салық төлеудің бұл тәсіліне салық салу обьектілерінің тізімі құрылып, кіріс нормасы көрсетіледі:

Кадастр бойынша

60. Құнның жалпы эквиваленті:

Ақша

61. Секвестер дегеніміз не:

Бюджет шығындарын қысқарту

62. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітеді:

Парламент

63. Қаржы қайта өндірістік процестің келесі кезеңінде пайда болады:

Бөлу

64. Қаржылық қатынастардың материалдық негізі:

Қаржылық ресурстар

65. Жалпы мемлекеттік қаржыға кірмейді:

мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қаржысы

66. Қаржы жүйесінің принциптеріне кірмейді:

Үздіксіздік

67. Қаржылық саясат жүзеге асады:

Қаржылық механизм арқылы

68. Белгілі нәтижелерге жету мақсатында қаржылық қатынастарға әсер ету тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы:

Қаржыны басқару

69. Аудиторлық бақылауды өткізу негізі:

Шарт

70." Мемлекеттік кірістер""мемлекеттік бюджет кірістері"ұғымдары:

Мемлекеттік кірістер мемлекттік бюджет кірістерінің құрамына кіреді

71. Мемлекеттік бюджет функциялары:

Бөлу, бақылау

72. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі:

Тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналарына негізделген

73. Міндетті зейнетақы жарнасының ставкасы:

10%

74. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы:

Мемлекеттік займ

75. Мемлекеттік несиені қаржы жүйесіне жатқызатын себебі:

А, В

76. Мемлекеттік несие функциялары:

Реттеу және қайта бөлу

77. Мемлекеттік займ:

Мемлекеттің бағалы қағаздарын шығару және орналастыру

78. Мемлекеттік несиеде мемлекет атқаратын рөлі:

Қарызалушы

79. Орналастыру әдістеріне сәйкес займдардың түрлері:

Еркін айналыстағы, жазылым бойынша

80. Кіріс төлеу нысанына байланысты займдар түрлері:

Проценттік, лотереялық, ұтысты

81. Орналастыру орнына байланысты займдар түрлері:

Ішкі, сыртқы

82. Өтеу мерзіміне байланысты займдар түрлері:

Қысқа, орта, ұзақ мерзімді

83. Ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары:

Мемлекеттік шығыстарды көбейту және салықтарды азайту

84. Тежегіш(сдерживающая)фискалды саясат:

Мемлекеттік шығыстарды азайту және салықтарды көбейту

85. Сақтандыру қорларын құрудағы бюджеттік әдіс мазмұны:

Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорының қаражаты арқылы қор құру

86. Сақтандыру қорларын құрудағы сақтандыру әдісі:

Кәсіпорындар, ұйымдар мен халық жарналары көмегімен қор құру

87. Жеке сақтандыру:

Жеке тұлғаның денсаулығы мен өміріне қатысты қызығушылықтарын сақтандыру

88. Сақтандыру бойынша белгіленетін қамтамасыз етудің нақты көлемі:

Сақтандыру сомасы

89. Зиянды өтеу үшін жасалатын төлемдер:

Сақтандыру өтемі

90. Жойылған және бұзылған мүліктің құны:

Сақтандыру зияны

91. Сақтандыру резервтері келесі мақсаттарға пайдаланылады:

Сақтанушының өз міндеттемелерін орындау

92. Сақтандыру компанияларының жарғылық қоры қажет:

А, В

93. Бағалы қағаздарды сату арқылы уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруға байланысты экономикалық қатынастар:

Қаржы нарығы

94. Бағалы қағаздарға жатпайды:

Лотерея билеті

95. Акционерлік қоғам шығаратын мерзімі белгіленбеген және дивиденд алуға құқық беретін бағалы қағаз:

Акция

96. Акционерлерге дивиденд алуға басымдық беретін бағалы қағаз:

Акция

97. Республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, ҚР-ның Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры:

Шоғырландырыған бюджет

98. Бюджет түсімдерінің құрамы:

Бюджет кірістері, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар

99. Бюджет құрылымына кірмейді:

Бюджеттік инветициялар

100. Бекітілген бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді және ҚР-ның бюджет заңнамасы саласындағы ақпаратты міндетті түрде жариялау принципі:

Транспаренттілік

101. Араларындағы өзара өтелелтін операцияларды есепке алмағанда облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы:

Жергілікті бюджет

102. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдерге жатпайды:

Спирттің барлық түріне акциздер

103. Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдерге жатпайды:

Жер салығы

104. Аудан бюджетіне түсетін салықтық түсімдергек жатпайды:

ҚР аумағына импортталатын тауарларға акциздер

105. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер:

Бюджеттік алып қою

106. Экономиканың шикізат секторына тәуілділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендеуге үшін құрылған мемлекеттің қаржылық актив түріндегі қоры:

ҚР Ұлттық қоры

107. Бұл көрсеткіш арқылы тұтыну корзинасының құнына тең болатын бір адамға қажетті минималді табыс көрсетіледі:

өмір сүру минимумы

108. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту:

Бюджетті түзету

109. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау түрі:

Үстеме бақылау

110. Республикалық бюджетті кім бекітеді:

Парламент

111. Бюджет кірістерінің құрамы:

Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер

112. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару принципі:

Нәтижелілік

113. Араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет-бұл:

Мемлекеттік бюджет

114. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер:

Субвенция

115. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдерге жатпайды:

Мұнай секторы ұйымдарының корпаративтік табыс салығы

116. Аудан бюджетіне түсетін салықтық түсімдерге жатпайды:

Қосылған құнға салынатын салық

117. Республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығы:

Бюджет жүйесі

118. ҚР Ұлттық қордың функциялары:

Жинақтау, тұрақтандыру

119. Әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін жеңілдіктер орнына енгізілген ақшалай төлем -бұл:

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

120. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру:

Тақырыптық бақылау

121. Аудан бюджетін кім бекітеді:

Маслихат

122. Мемлекеттің халық пен заңды тұлғалардан займ алғанын куәландыратын бағалы қағаздар:

Барлық жауаптар дұрыс

123. Бағалы қағаздар шығару:

Эмиссия

124. Бағалы қағаздардың айналысына жағдай жасайтын ұйым:

Биржа

125. Өз атынан және өз қаражаттары есебінен бағалы қағаздарды алып-сату операцияларымен айналысатын тұлға:

Диллер

126. Қаржыны таратудың обьектісі:

Жалпа ұлттық өнімнің құны

127. Мемлекет пен халық арасындағы қаржылық қатынастарға жатады:

Зейнетақы, жәрдемақыларды төлеу

128. Қаржының ерекше сипаты:

Бөлу, ақша сипаты және қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану

129. Қаржы қажеттілігі:

Шаруашылық субьектілер мен мемлекеттің өз қызметтерін қамтамасыз ету үшін ресурстарды қажет етеді

130. Ақша қорларының айырмашылығын білдіретін сипат:

Максатты сипаты

131. Экономикалық және қаржылық қатынастарының ара-қатынасы:

Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бөлігі

132. Қаржылық ресурстар қандай нысанда пайдаланылады:

Қор нысанында

133. Қаржыны сипаттаған кезде ақша қаражаттарының қозғалысы:

Сыртқы мазмұны

134. Қай экономист қаржының бөлу, бақылау және өндірістік функцияларын белгіленген:

Сенчагов В.К.

135. Қаржының бөлу функциясының обьектісі:

Жалпы ұлттық өнімнің құны

136. Қай экономист қаржының ақша қорларын құру, пайдалану және бақылау функцияларын белгіленген:

Вознесенский З.А.

137. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау түрі:

Үстеме бақылау

138. Республикалық бюджетті кім бекітеді:

Парламент

139. Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру:

Тақырыптық бақылау

140. Қаржының пайда болуы немен байланысты:

Мемлекеттің пайда болуымен

141. Бұл - ақша қаражаттарының қорларын құруға,пайдалануға арналған қатынастардың,сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы:

Қаржы жүйесі

142. Бұл - мемлекеттің қаржы саласындағы өз функциялары мен міндеттерін шешуге арналған мақсатты шаралардың жиынтығы:

Қаржы саясаты

143. Жалпы мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылық, қоғамдық, парламенттік-бұл:

Қаржылық бақылау принциптері

144. Коммерциялық есеп, жоспарлылық, меншік нысандарының теңдігі, қаржы резервтерінің болуы, бұл:

Коммерциялық кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру принциптері

145. Қызмет саласы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілер жіктеледі:

Материалдық және материалдық емес өндіріс саласындағы

146. Қаржылық бақылау келесілерге жіктеледі:

Жүргізу тәсілдеріне, уақытына және субъектілеріне қарай

147. Қаржылық қызмет түріне байланысты шаруашылық жүргізуші субьектілер жіктеледі:

Коммерциялық және коммерциялық емес саладағы

148. ҚР қаржы жүйесінің құрылымы:

Жалпы мемлекеттің қаржысы, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы, халықтың қаржысы

149. Экономиканың ірі ауқымды міндеттерін және қоғамның әлеуметтік дамуына бағытталған қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы:

Қаржы стратегиясы

150. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған принциптерді үйлестіру, бірлік, үздіксіздік бұл:

қаржылық жоспарлаудың принциптері

151. Бұл-қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықша қызмет:

Қаржылық бақылау

152. Бюджеттің құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

Кірістер, шығыстар, таза бюджеттік кредиттеу, қаржы активтерімен операциялық сальдо, бюджет тапшылығы (профицит), бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

153. Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша сақтандыру жіктеледі: Жинақтаушы және жинақтаушы емес

154. Үй шаруашылықтарының қаржысының атқаратын функциялары:

Отбасының қажеттіліктеріне ақшамен қамтамасыз ету және бөлу

155. Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны:

Мемлекеттік қарыз

156. Салықты салық салу обьектілеріне қарай жіктеледі: табысқа және тұтынуға салынатын салықтар

157. Салықты есептеу мен оны алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылатын салық салу тәсілі:

Кадастрлық

158. Бұл - бюджеттердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы:

Бюджет жүйесі

159. Бұл салық салу бірлігіне бектітілген салық көлемі, ол салық салудың нормасын сипаттайды:

Салық ставкасы

160. Халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны,мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады:

Субвенция

161. Жинақтаушы өз еңбекақысынан неше пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аударады:

10

162. Бұл қаржы жүйесін ұйымдастыру принципі, яғни мемлекеттік саясатты жүзеге асырғанда ұлттық және аумақтық ерекшеліктерді есепке алу:

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау

163. Қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылатын,қаржы саясатының қозғаушы күші:

қаржыны механизмі

164. Қаржылық бақылау келесілерге жіктеледі:

Жүргізу тәсілдеріне, уақытына және субъектілеріне қарай

165. Қаржылық мазмұнына байланысты мемлекеттік кірістер жіктеледі:

Салықтық және салықтық емес

166. Мемлекеттің несиенің түрлері:

Ішкі, сыртқы және шартты

167. Бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы:

Мемлекеттік борыш

168. Сақтандыру обьектісі бойынша сақтандыру жіктеледі:

Жеке және мүліктік

169. Қазіргі таңда ҚР-да салықтың неше түрі бар:

13

170. Сақтандыру обьектісі бойынша сақтандыру жіктеледі:жинақтаушы және жинақтаушы емес

171. Қаржы нарығының негізгі функциялары:

Реттеушілік, ақпараттық, бөлу, коммерциялық, баға белгілеу

172. Қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы:

Ақша нарығы

173. Бұл қаржылық бақылаудың принципі, яғни бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау обьектісінің өзге де құжаттарымен растау:

Анықтық

174. Ревизия тексеру обьектісіне қарай жіктеледі:

Құжаттық, нақты, таңдаулы

175. Қаржылық бақылау өткізілу мерзіміне байланысты бөлінеді:

Алдын-ала, ағымдағы, кейінгі

176. Бұл-қаржыны жоспарлау әдісі, яғни қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтау:

Экстрополяциялық (көрсеткіштер) әдісі

177. Стратегиялық мақсаттарды анықтап, шұғыл және ағымдағы міндеттерді шешуге бағытталған, қаржы саясатының бағыты:

Қаржы тактикасы

178. Бұл қаржы жүйесін ұйымдастыру принципі, яғни мемлекеттік қаржы органдары тарапынан орталықтандырылған басқарумен қатар жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субьектілерге кең құқық пен дербестік беру:

Централизм мен демократизмнің үйлесуі

179. Қазіргі уақытта қаржының қандай екі тұжырымдамасы (концепциясы) танылып отыр:

Бөлу және қайта өндіру

180. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға:

Акционерлік қоғам

181. Бұл - қаржылық бақылаудың әдісі, яғни кәсіпорынның, ұйымның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін толық зерттеу:

Ревизия

182. Бюджеттің кіріс бөліміне жатпайтыны:

Бюджеттік несиелер

183. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгілентін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланағаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің , сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджеттен есеп айырысудың ерекше тәртібі:

Арнаулы салық режимі

184. Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылауды қандай орган жүргізеді:

Есеп комитеті

185. Мемлекеттік меншік түрлері:

Республикалық меншік және коммуналдық меншік

186. Салықты жинайтын органдарына қарай салықтар жіктеледі:

Орталық және жергілікті

187. Бұл тәсіл негізінде салықты табысты алған жердегі бухгалтерия есептеп төлейді:

Кіріс алу көзінен

188. Санау үшін белгіленген салық обьектісінің өлшем бірлігі(1 теңге, табыс және т.б.):

Салық өлшем бірлігі

189. Өзінің қызметін жұзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға:

Акционерлік қоғам

190. Қазақстан Республикасының салық салу принциптеріне жатпайтыны:

Салық салудың нақтылығы

191. Обьектінің экономикалық сипаты бойынша салықтар жіктеледі:

Табысқа және тұтынуға салынатын салықтар

192. Бұл тәсіл арқылы салық әртүрлі қызметтен табыс алуға байланысты төленеді:

Патент

193. Қаржылық бақылау келесілерге жіктеледі:

Жүргізу тәсілдеріне, уақытына және субъектілеріне қарай

194. Қаржылық қызмет түріне байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер жіктеледі:

Коммерциялық және коммерциялық емес саладағы

195. Мемлекет қаржысының буындары:

Мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік кәсіпорындар қаржысы

196. Жұмылдыру әдісіне байланысты мемлекеттік кірістер жіктеледі:

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түсімдер

197. Пайдалану сипатына қарай салықтар жіктеледі:

Жалпы және арнайы

198. Бұл тәсіл негізінде салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсете отырып, салық сомасын есептеп, төлейді:

Мағлұмдама, декларация бойынша

199. Заңды түрде төлеушілерді салық төлеуден толық не жартылай босату:

Салық жеңілдігі

200. Бюджеттің кіріс көздеріне жатпайтын кірістер:

Кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан түсетін түсімдер

201. Бұл ҚР бюджет жүйесінің принципі, яғни – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану:

Бірыңғайлық принципі

202. Өндіріс және өнімді, жұмыстарды сату барысында ақша қорларын, жинақтарын құру, тарату, пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, бұл:

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

203. Мөлшеріне байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер жіктеледі:

Шағын, орта және ірі

204. Салықтар салық салу объектілеріне қарай жіктеледі:

Тікелей және жанама

205. Қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы ҚР-сының Үкіметі немесе ҚР-сының резиденті болатын қарыз қатынастары:

Ішкі қарыз

206. Сақтандыру міндеттілік дәрежесі бойынша жіктеледі:

Ерікті және міндетті

207. Құрылу саласына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі:

Материалдық және материалдық емес өндіріс саласында құрылған табыстар

208. Мемлекеттік шығыстарға жатпайтыны:

Материалдық өндіріс сфераларының шығыстары

209. Инфляцияға қарсы саясат түрлері:

Дефляциялық және кірістер саясаты

210. Бұл – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қоғамның әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу кезінде туындайтын ақша қатынастарының жиынтығы:

Қаржы ұғымы

211. Өндірістік және өндірістік емес қорларға инвестицияланатын ақша қаражаттары:

Негізгі құралдар

212. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық мақсатқа жету әдістерін сипаттайтын және олардың кірістері ммен шығыстары көрсететін құжат:

Қаржылық жоспар

213. Шаруашылық субъектілердің қарамағындағы қаржылық міндеттерді орындауға және негізгі қызмет бойынша шығындарды жабуға бағытталған, ақшалай табыстар мен түсімдер, бұл...

Қаржылық ресурстар

214. Перспективаға есептелінген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы:

Қаржылық стратегия

215. Қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы:

Қаржылық механизм

216. Мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға байланысты болатын несиелік қатынастардың жиынтығы:

Мемлекеттік несие

217. Мемлекет пен мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдырумен байланысты пайда болатын қаржылық қатынастардың бөлігі:

Мемлекеттік кірістер

218. Сыртқы экономикалық қызметтен табыстар, тұрғындар төлемдері және салықтық түсімдер есебінен қалыптасады:

Орталықтандырылған мемлекеттік кірістер

219. Мемлекеттің кәсіпорындармен, қоғамдармен, тұрғындармен болатын қатынас:

Бюджеттік

220. Мемлекеттік бюджеттік қалыптастырудың көзі болып табылатын, белгілі бір тәртіппен алынатын, бюджетке төленетін міндетті төлемдер:

Салықтар

221. Пайдаға әсер ететін факторлар:

А, В жауаптары дұрыс

222. Кәсіпорынның жинақ ақшаларының негізі:

Өнімді сатудан түскен түсімдер

223. Өндірістік емес саланың қаржыларына қандай қаржылық қатынастар жатады:

Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету қаржылары

224. Материалдық өндіріс сферасының қаржыларына қандай қаржылық қатынастар жатады:

Өндірістік кәсіпорындардың қаржылары

225. Қандай қаржылық қатынастар жалпы мемлекеттікке жатпайды:

Коммерциялық ұйымдардың қаржысы

226. Қандай қаржылық қатынастар кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысына жатады:

Ауыл шаруашылығының қаржылары

227. Қандай қаржылық қатынастар өндірістік емес сфераның қаржыларына жатпайды:

Құрылыс ұйымдарының қаржылар

228. Мемлекет және кәсіпорындардың ақша қаражаттарының қорларын құруға және пайдалануға байланысты қаржылық қатынастар буындарының жиынтығы –

Қаржылық жүйе

229. Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдерге жатпайды:

Корпоративтік табыс салығы

230. Аудан бюджетін кім бекітеді?

Маслихат

2102-нұсқа

1. Қаржы туралы жазған алғашқы қаржы жұмыстарының авторлары:

С) Аристотель

D) Ксенофонд

F) Ж.Боден

2. Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері:

С) бюджетке төленетін басқадай төлемдер

D) Ұлттық банктің ішкі несиелері

Н) салықтар

3. Функционалдық өлшем бойынша қаржы жүйесінің қамтамасыз етуші қосалқы жүйелері:

С) Нормативтік-заңнамалық

D) Қаржылық бақылау

Н) Қаржы жоспарлары

4. Қаржы құнды бөлу үрдісіне қатыса отырып қандай категориялармен байланысады:

В) несие

F) баға

G) жалақы

5. Қаржы механизмінің қосалқы жүйелерінің бөліктері:

С) Ұйымдық құрлым және құқықтық режим

Е) Қаржылық жоспарлау (болжау)

G) Қаржылық тұтқалар мен ынталандыру

6. Қаржылық саясатты жүзеге асырудың қағидаттары:

D) Кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі

Е) Қаржылық резервтерді жасау

G) Қаржылық ресурстарды оңтайлы бөлу

7. Қорлану қоры ұдайы өндірісті қаржыландыру үшін қолданылады:

С) өндірістік инфрақұрылымды салуға

G) ғылыми техникалық прогресті дамытуға

Н) негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға

8. Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындар:

С) копперативтер

Е) біріккен кәсіпорындар

Н) шаруашылық серіктестіктер

9. Мемлекеттік шығыстар экономикалық мазмұны бойынша негізгі бөлінетін топтар:

Е) Материалдық өндіріс шығындары

F) Резервке кететін шығындар

G) Өндірістік емес сала шығындары

10. Ұйымдық құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер

А) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдері

В) халықтың салық төлемдерінен

D) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстары

11. Салық жеңілдіктері:

В) табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер

G) салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома және салық мөлшерлемесін төмендету

Н) салық салынбайтын минимум

12. Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау амалдарына қарай салықты алудың әдістері:

А) Кадастрлық әдіс

С) Мағлұмдама әдісі

Н) Патенттік әдіс

13. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

В) жергілікті бюджет

С) республикалық бюджет

F) Ұлттық қор

14. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы:

С) экономикалық категория

F) мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры

Н) негізгі қаржы жоспары

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрамы:

А) Қазақстан Республикасының Президенті

F) Премьер министр, Сенаттың төрағасы

Н) Парламент Мәжілісінің төрағасы, Ұлттық банктің төрағасы

16. Бюджеттен тыс қорлардың органдары:

А) тексеріс комиссиясы

Е) атқарушы органдар мен қордың аймақтық бөлімшелері

G) инвесторлар

17. Мемлекет кредит ресурстарын:

F) күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру үшін

G) бюджет тапшылығын қаржыландыру

Н) елдің ақша айналысын реттеу үшін

18. Мемлекеттік борышты басқарудың әдістері, бұл:

А) Мерзімді ұзарту

F) Сәйкестендіру және жаңғырту

G) Қайта қаржыландыру

19. Үй шаруашылықтары түсімі сенімділігіне қарай бөлінеді:

А) Шартты кепілденілген

D) Кепілденілмеген

F) Кепілденілген

20. Үй шаруашылықтарының жинақтау қорының жұмсалу мақсаты:

В) Ғимарат сатып алу

С) Алтын және бағалы заттар сатып алу үшін пайдалану

D) Болашақ үшін жиналады

21. Қазақстан Республикасындағы ерікті сақтандырудың түрлері, бұл:

А) Мүлікті сақтандыру

Е) Медициналық сақтандыру

Н) Өмірді сақтандыру

22. Құлдырау кезіндегі ынталандырушы фискалдық саясаттың қарастыратын бағыттары:

D) Фискалдық саясат бағыттарының үйлесімдігі

G) Мемлекет шығыстарының көбеюі

Н) Салықтардың төмендеуі

23. Инфляция:

D) тауарлар мен қызметер көрсетуге бағаның өсуі

Е) ақша айналыс заңының бұзылуы

G) ақшаның құнсыздануы

2104-нұсқа

1. Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторлары:

В) Жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдігі

F) Еңбек өнімділігін арттыру

Н) Материалдық заттай құрлым

2. Басқару деңгейі бойынша қаржы қорлары бөлінеді:

С) Жергілікті

G) Мемлекетаралық

Н) Ұлттық

3. Қаржы жүйесіндегі халық қаржысының түрлері мен құрамы:

С) Дивиденттер мен пайыздар

D) Еңбек ақы мен сыйақылар

G) Жәрдемақы мен зейнетақылар

4. Қаржы жүйесін қамтамасыз етуші қосалқы жүйелері:

А) Қаржылық бақылау

С) қаржылық нормативті заң актілері

G) қаржыны автоматтандырылған жүйеде басқару

5. Қаржы тұтқалары:

С) амортизациялық аударымдар

F) дивидендтер

G) қаржы санкциялары

6. Қаржы жүйесі қаржының мәнділік сипаттамасына қарай үш бөлікті қамтиды:

А) ақша қорларының жиынтығын

В) қаржы қатынастарының жиынтығын

С) басқарудың қаржы аппаратын

7. Коммерциялық есептің айқындаушы қағидалары:

А) қаржы шаруашылық қызметінің қортындысына ынталылық

D) өзін-өзі өтеушілік

Н) өзін-өзі қаржыландыру

8. Қаржы қатынастарының көмегімен:

А) ақша қорларын бөлінеді

В) ақша қорлары қалыптасады

D) ақша қорлары пайдаланылады

9. Нысаны белгілері бойынша мемлекеттік шығыстар бөлінеді, бұл:

А) Өнеркәсіпке

С) Қорғанысқа және басқаруға

F) Ауыш шаруашылығы өндірісіне

10. Мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметінің қаржымен тікелей қатысты функциялары:

D) Ресурстарды қайта бөлу

F) Табыстар мен байлықты қайта бөлу

Н) Экономиканы тұрақтандыру

11. Салық салудың негізгі базалары:

В) Капиталға салынатын салықтар

С) Тауарға салынатын салықтар

Н) Табысқа салынатын салықтар

13. Жергілікті бюджеттерің экономикалық мәні көрінетін арналымдар:

В) қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салаларына бөлу

С) халықтың арасында қайта бөлу

D) билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру

14. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері:

В) республикалық және жергілікті

F) жеке дара және бөлінетін

G) ағымдағы және дамудың бюджеттік бағдарламалары

15. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттарының жасалу көздері:

D) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары

Е) ерікті зейнетақы жарналары

Н) жеке тұлғалар салымдары

16. Бюджеттен тыс қорлар жіктемесі:

В) әлеуметтік

D) мемлекеттік және аймақтық

Е) уақытша

17. Мемлекет кредит ресурстарын:

В) бюджет тапшылығын қаржыландыру

F) елдің ақша айналысын реттеу үшін

Н) күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру үшін

18. Ішкі борыштың өсуі кезіндегі келеңсіз жағдайдан болатын теріс зардаптар:

А) «Инвестицияларды ығыстыру» нәтижесі

В) Бюджет есебінен қарызды өтеу

С) Салық есебінен қарызды азайту

19. Үй шаруашылығы қаржысының байланысы:

А) Орталықтандырылмаған

F) Қаржылық нарық

G) Орталықтандырылған қор

20. Үй шаруашылығының қаржылық ресурстар құрамы:

В) дивидент, пайыз

Е) бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары

G) меншік қаражаттар

21. Сақтандырудың экономикалық мәніне осы категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде функциялар сәйкес келеді:

D) Бақылау

F) Жинақтық

G) Бөлу және өтемдік

22. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің түрлері:

D) кедендік – тарифтік және мемлекеттік – кредиттік

Е) валюталық – қаржылық

Н) салықтық және бюджеттік

23. Қаржы нарығының құрылымы:

А) несие капиталының нарығы

F) айналыстағы қолма-қол ақша нарығы

G) қор нарығы

24. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері:

С) тура

Е) экономикалық және әкімшілік

Н) жанама

25. Инфляцияның классикалық көзі:

С) Қаржылардың артуы

F) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

G) Өнім көлемінің қысқаруы

2103-нұсқа

1. Қоғамдық өнім құнындағы қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері:

В. Қажетті өнім

F. Қосымша құн

Н. Материалдық шығындар

2. Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың бюджеттік әдістері:

В) мемлекеттік күрделі жұмсалымдар

D) мемлекеттік көтере сатып алу

Е) субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар)

3. Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сала қаржысының қалыптасу көздері:

А) Қоғамдық ұйым қаржылары

В) Арнаулы мақсатты қорлар

Е) Саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржысы

4. ҚР қаржы жүйесіндегі жалпы мемлекеттік қаржының бөліктері:

С) Мемлекеттік бюджет

F) Бюджеттен тыс қорлар

G) Мемлекеттік несие

5. Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидалары:

А) Өзіндік және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу

Е) Экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу

Н) Нақты тарихи жағдайды есепке алу

6. Қаржы механизмінің қаржылық ынталандыру топтары, бұл:

А) Ресурстарды инвестициялаудың тиімді бағыттары

С) Арнаулы қаржылық жеңілдіктер

G) Көтермелеу қорларын пайдалану

7. Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері:

А) өзін-өзі қаржыландыру

D) өзін-өзі өтеушілік

Н) шаруашылық коммерциялық есебі

8. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастырудың қағидалары:

С) Коммерциялық есеп және жоспарлылық

F) Қаржылық резервтердің болуы

G) Қаржылық қызмет дербестігі

9. Мемлекеттің тікелей қатысуымен халыққа ұсынылатын:

В) Қоғамдық тауарлар

Е) Жалпы ішкі өнім

Н) Әлеуметтік қызметтер

10. Таза табыс өсуінің басты факторлары:

В) өнім өндіруге жұмсалатын материал мен ақша ресурстарын үнемдеу

D) еңбек өнімділігін арттыру

G) арзан жұмыс күшін пайдалану

11. Қазіргі кезде салықтар орындайтын функциялар:

Е) фискалдық

G) реттеуші

Н) қайта бөлу

12. Салықтың негізгі базасы:.

А) тауарларға салынатын салықтар

В) табысқа салынатын салықтар

С) капиталға салынатын салықтар

13. Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы:

В) бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру

D) бюджеттік механизм

Е) операциялық сальдо және таза бюджеттік кредит беру

14. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы:

С) ерекшелік

D) санат

Н) сынып және ішкі сынып

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес:

D) Премьер министр, Сенаттың төрағасы

Е) Парламент Мәжілісінің төрағасы, Ұлттық банктің төрағасы

F) Қазақстан Республикасының Президенті

16. Зейнетақы қорының қаражаттарының жасалу көздері:

D) ерікті зейнетақы жарналары

Е) шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары мен арнаулы салықтар

G) міндетті зейнетақы жарналары

17. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың:

А) қайтарымдылығы

В) ақылығында

С) мерзімділіг

18. Мемлекеттік кредиттің түрлері:

А) сыртқы кредит

С) Шартты кредит

Н) Ішкі кредит

19. Үй шаруашылықтарының тұтыну қорының жұмсалуы:

С) Болашақ үшін жиналады

D) Алтын және бағалы заттар сатып алу үшін пайдалану

Н) Жинақтаушы зейнетақы қорларын аудару

20. Үй шаруашылықтарын қаржысының бөлгіштік функциясы келесі үш баспандақты кірістіреді:

В) Ақшалай қорларды пайдаланады

D) Ақшалай қорларды қалыптастыру

F) Ақшалай қорларды бөледі

21. Сақтандыру қызметтері:

D) бөлу

G) өтемдік

Н) жинақтық және бақылау

22. Бюджеттегі қаржылық реттеудің нысандары:

В) Әкімшілік

С) Кредиттік

D) Салықтық

23. Қаржы нарығында уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және оларды инвестициялау қандай айналым құралымен жүзеге асырылады:

В) Қаржылар

С) Бағалы қағаздар

D) Ақша

24. Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі көрінетін бағыттар:

А) қаржы көздерін іздестіру және әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарын жұмылдыру

С) халықаралық қатынастардың және тікелей қатысушыларын ынталандыру

Е) халықаралық ықпалдастық үрдістерін реттеу

25. Қаржының инфляциялық үрдіске әсер ету факторлары:

В) мемлекет шығыстарының өсуі

Е) табысқа салынатын салықтың көбеюі

Н) бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары

1 – нұсқа

Қаржы

1.Ұдайы өндірістік тұжырымдама бойынша қаржының функциялары:

В) бақылау

С) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану

Н) ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастыру

2. Функционалдық өлшем бойынша қаржы жүйесінің базалық қосалқы жүйелері:

А) Бюджеттік

В) Салықтық

F) Сыртқы экономикалық қатынастар

3. Қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттер:

D) қаржы механизмін жасап оны үнемі жетілдіріп отыру

E) қаржы ресурстарын ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу

F) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында белгілі бір мақсаттарға бағыттау