Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМТ.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Заңдық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайлықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады.

Барлық заңдық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады: теориялық-заңдық, тарихи-заңдық, салалық-заңдық, қолданбалы-заңдық.

Теориялық заңдық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді.

Тарихи заңдық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси және құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.

Мемлекет және құқықтың пайда болу және даму заңдылықтарын оқып-үйрену әрбір заңгердің дүниетанымына, кәсіби деңгейіне әсер етеді.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы пәні шет елдердің мемлекеттік-құқықтық институттарының тарихын зерттеу барысында төрт тарихи кезеңге бөліп қарастырады: Ежелгі дүниедегі мемлекет және құқық (б.э.д.ІҮмың.ж.-б.э. Үғ.), орта ғасырдағы мемлекет және құқық (Үғ.-ХҮІІ-ХҮІІІғғ.), жаңа дәуірдегі мемлекет және құқық (ХҮІІ-ХҮІІІғғ.-ХІХғ. аяғы), жаңа ғасырдағы мемлекет және құқық (ХХ-ХХІ ғғ.). Бұл кезеңдерге бөлу мемлекет және құқық маңызды бөлігі болып табылатын адамзат қоғам дамысының төрт дәуіріне сай келеді. Осы кезеңнің әр қайсысы әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық үрдістерінің өзгермелілігімен, құбылмалылығымен және күрделілігімен сипатталады.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының пәні дегеніміз жылнамалық кезектілігімен нақты-тарихи кезеңдердегі жеке елдердегі мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы және ерекше заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы пәнін зерттеу үшін келесі әдістер тобы қолданылады:

-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері;

-жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

8. Пәннің мазмұны

Шет елдердің мемлекет және құқық теориясы екі бөлімнен тұрады. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы курсына 30 сағат дәріс арналады. Бірінші кезекте ежелгі және орта ғасырдағы мемлекеттердің мемлекеті мен құқық тарихы оқытылады, оған 16 сағат арналған, аяқталған соң студенттер 1 аралық бақылау тапсырады. Екінші кезекте жаңа және ең жаңа дәуірдегі мемлекет және құқық тарихы оқытылады. Бұл курсқа 14 сағат дәріс арналған, дәріс аяқталған соң 2 аралық бақылау өткізіледі.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің оқытылатын бөлімдері

Мақсаты

Міндеттері

Нәтижесі

Ежелгі және орта ғасырдағы мемлекеттердің мемлекеті мен құқық тарихы

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәнi, әдiс-тәсiлдерi, кезеңдерi. Ежелгi және орта ғасырдағы мемлекеттердiң құрылысы мен құқығы қарастыру.

1.Шет елдердің мемлекеттері түсінігін және құрылысын ашып түсіну.

2.Шет елдер мемлекеттерін мәнін талдау.

3. Ежелгi Вавилон мемлекетiнiң құрылысы мен Хаммурапи заңдар жинағын сипаттау.

4. Ежелгi Үндiстан мемлекетiнiң құрылысы мен Ману заңдар жинағы ашып көрсету.

5.Ежелгi Грекиядағы Афина мемлекетiнiң құрылысы мен құқығы және Спарта мемлекетiнiң құрылысын қарастыру.

6.Ежелгi Рим мемлекетiнiң құрылысы мен 12 кесте заңдарын сипаттау.

7.Орта ғасырдағы Франция мемлекетiнiң басқару жүйесi және құқығы, Орта ғасырдағы Англия мемлекетiнiң басқару жүйесi және құқығы, Орта ғасырдағы Германия мемлекетiнiң басқару ерекшелiктерi мен құқық жүйесi, Орта ғасырдағы Араб Халифатының мемлекеттiк құрылысы мен құқық жүйесi

І аралық бақылу өткізіледі.

Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады.

Студенттер шет елдер мемлекеттерінің құрылысын құқығын, кең түсінік алуы керек.

Жаңа және ең жаңа дәуірдегі мемлекет және құқық тарихы

жаңа және ең жаңа дәуірдегі мемлекеттің құрылысы және құқығын қарастыру

Жаңа дәуiрдегi және қазiргi замандағы Англия мемлекетiнiң құрылысы мен құқығы, Жаңа дәуірдегі және қазіргі замандағы Франция құқығының құрылысы мен құқығы, Жаңа дәуiрдегi және қазiргi замандағы Америка Құрама Штаттарының құрылысы мен құқығы, Жаңа дәуiрдегi және қазiргi замандағы Германия мемлекетiнiң құрылысы мен құқығын ашып жан жақты сипаттап қарастыру.

ІІ аралық бақылау өткізу.

Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады.