Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка 1дрыс2013.docx
Скачиваний:
302
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
326.8 Кб
Скачать

Негізгі бөлім

СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАҒА КІРІСПЕ

Медицинаның негізі Гиппократтан бастап осы заманға дейін сол бұрынғы қалпынан өзгеріссіз қалып отыр. Дәрігерлер мен пациенттің алдындағы осыдан мың жыл бұрын тұрған сұрақ осы күнге дейін сақталған. Мысалы: Қандай диагноз? Қалай емдеу керек? Аурудың болжамы қандай?

Сол сияқты медицинаның мақсаттары да өзгеріссіз қалды:

1) аурудан азап шегуді жеңілдету;

2) ағзалардың қызметін қалпына келтіру;

3) мезгілсіз өлімнің алдын алу.

Осы сұрақтарға жауап бергенде негізгі зерттеулер мен жеке клиникалық тәжірибеге сүйенеміз, бірақ барлық клиникалық ақпаратқа тән белгісіздіктің салдарынан қателерді болдырпау, кейде мүмкін болмайды.

Клиникалық сұраққа жауапты дұрыс табу дәрігердің алдында тұрған міндеттің қаншалықты ауырлығына және оның тәжірибесіне байланысты. Дәрігердің күнделікті жұмысы - нақты науқастың проблемасын шешу.

20 - шы ғасырдың соңында денсаулықты жоғары сапада сақтауды қамтамасыз ету үшін әлемнің барлық мемлекеттері медициналық көмекке кететін шығынды бақылауда көптеген қиындықтарға кездесті. Медициналық көмекке қойылатын талаптар мен денсаулық сақтау ресурстарының арасында сәйкестік болмауына байланысты іс-шараларды таңдағанда олардың клиникалық ең тиімдісін қолдану керектігін түсіну қажет. Осы күнге дейін ғылыми ізденістердің стратегиясын құру кезінде де фармацевтикалық фирмалардың ықпалы бар. Мысалы, бірде-бір ғылыми конференция, тіпті, халықаралық конгрестердің өзін өткізу үлкен фармацевтикалық фирмалардың демеушілік көмегінсіз болмайды. Кейде олар ғылыми форумдардың тақырыбын өздерінің жаңа препараттарын жарнамалаумен байланыстырады және көптеген әртүрлі ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, сондықтан оны орындаушылар сол фирмалардың препараттарын еріксіз жарнамалайтын болады. Бұл жағдай медициналық аппаратуралар мен құрал-жабдықтар жасайтын фирмаларға да қатысты.

Осы проблемалардың шешімін табу үшін ХХ ғасырдың 90 - шы жылдары «evidence based medicine» - дәлелдерге негізделген медицина немесе дәлелді медицина (ДМ) пайда болды. ДМ дәрігерге өзінің күнделікті жұмысында ғылыми зерттеулердің ең тиімді нәтижесін таңдауға мүмкіндік береді.

ДМ №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасында «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» мамандықтары бойынша 3-ші курс студенттеріне басқа негізгі пәндермен қатар оқытылады. Себебі клиникалық ойлау қабілеті әлі қалыптаспаған, науқастың емі туралы шешім қабылдауға ескі стереотиптің әсері болмайды.

СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ол - нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану;

  • бұрынғы емдеу, диагноз қою әдістерінен нақты айырмашылығымен ерекшеленетін, дәрігерлерден сыни бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның жаңа бағыты

  • жаңа ғылым емес, бірақ медициналық ақпаратқа талдау жасау, оларды іздестіру, жалпылау, қолданудың жаңа технологиясы

  • ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасына жол салу

  • ДМ клиникалық тәжірибеде дәлелденген және науқастың сұранысы мен талабына сай жасалған ең жақсы ғылыми дәлелдемелердің интеграциясы

  • ДМ – медициналық көмектің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсартуға арналған өмірлік маңызы бар медицинаның дамып келе жатқан бағыты

  • Дәлелді медицина практикасы - ол өмір бойы жалғасатын процесс. Ол науқасқа көмек көрсету барысында клиникалық маңызды ақпаратты алуға, диагностикалауға, болжам жасау, емдеу, алдын алу және тағы басқа проблемалардың шешіміне сұраныс пайда болып отыратын өзін-өзі оқытудың үздіксіз процесі…»

Дэвид Сакетт және басқалар 1997ж.

  • ғылыми - дәлелді медицина шешім қабылдау бостандығына кепілдік береді, егер ол шешіміңіз түсінікті және дұрыс қабылданатын болса.

  • ғылыми-дәлелді медицина, егер дәрігерлер мен басшылар оның мақсаттарын дұрыс пайдалана отырып,бірге жұмыс істес, медициналық көмектің сапасына жақсы жағынан әсер етуі мүмкін.

  • ДМ - әдебиеттердегі мәліметтерді сүзіп, нақты дәлелдерге және жеке тәжірибені ескере отырып, дәлелденген дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

  • ДМ - клиникалық зерттеулердің шынайылығын және олардың нәтижелерінің медициналық тәжірибеде қолданылуын бағалайтын ғылыми әдіснама.

  • ДМ -нің маңызды принципі – медициналық шешімдерді, сенімді деген ақпараттарға сүйене отырып, қабылдау.

  • Дәрілердің спецификалық әсер ету механизмі болуы керек.

  • Олар белгілі бір ауру кезінде сынақтан өткізілуге тиіс.

  • Дәрінің әсер ету уақыты дұрыс анықталған болуы керек.

  • Көп жағдайда дәрінің нәтижесі байқалуы керек.

  • Клиникалық сынамалар адамдарға жүргізілуі керек, себебі арыстанға немесе жылқыға жасалған сынамалар дәрілік препараттың адам организміне әсері жайында мәлімет бере алмайды .

Ибн Сина (987-1037)

СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?

20-шы ғасырда клиникалық зерттеулердің дамуы, атап айтқанда, рандомизирленген клиникалық бақылау (РКБ) әдіснамасының жетілуі қазіргі таңдағы ДМ-нің дамуына негіз болды. 20-шы ғасырдың екінші жартысында медицина ғылымының қарқынды дамуы диагностика мен емдеу саласындағы зерттеулер мен ұсыныстарды бағалауда мәселелердің (проблема) пайда болуына әкеліп соқтырды - деп жазады эпидемиолог Арчибальд Кокран «Действенность и эффективность» деген мақаласында. Клиникалық тәжірибеге клиникалық зерттеулердің енгізілуі 1972 жылы баспаға шыққан «Денсаулық сақтау туралы кездейсоқ ойлар» деген мақаласы түрткі болды. Оның негізгі принципі – денсаулық сақтау ұйымының шектелген ресурстарын, дұрыс жүргізілген зерттеулер мен дәлелденген тиімді медициналық көмек түрлерін орынды қолдану. Ұлыбритания, Швеция, Нидерланд, Канада, АҚШ-та жаңа медициналық технологияларды бағалайтын агенттік ұйымдастырылды. Бұл агенттіктердің міндеттері – диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері туралы бар ақпараттарды жан - жақты зерттеп, сын көзбен бағалау.

20-шы ғасырдың 90-шы жылдары ДМ-нің негізгі талдау әдістері болып табылатын жүйелі шолулар мен мета - анализді жүргізу әдіснамасы пайда болды. Медициналық зерттеулерде ғылыми принциптер маңыздылығының жоғарылауы 20-шы ғасырдың 80-90-шы жылдары дәлелге негізделген медицина (evidence-based-medicine) немесе дәлелді медицина деп аталатын бағыттың пайда болуына әкелді. 1990жылы МакМастер университетінің (Торонто, Канада) ғалымдары (evidence-based-medicine) «Дәлелге негізделген медицина» - деген ұғым енгізді (Дэвид Сакет ұсынған атау). Қазіргі кездегі белгілі бір клиникалық мәселені шешу үшін ғылыми ақпаратты жинау, талдау және бағалау концепциясы бар. Бұл концепция «Дәлелді медицина»- деп аталады.

СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ НЕДЕ?

  • Науқастар ең тиімді, нәтижесі ең жақсы ем алады. Пайдасы аз емнің түрі қолданылмайды және ол туралы ақпарат жасырын болмайды.

  • Пайдасы зор емнің түрлері тәжірибеге тез енгізіледі.

  • Дәрігерлер қолданып жатқан тәжірибенің нақты ғылыми зерттеу негізінде жасалғанына сенімді.

  • Науқастың мүддесі, ерекшеліктері ескеріледі.

  • Заңды қорғалған шешім ең жақсы дәлелдемелерге сүйене отырып жасалған.

  • ДМ әдістерін үйрене отырып, Сіз аз тәжірибелі мамандардың көмегіне, олардың ойына тәуелді болмайсыз.

  • Жеке клиникалық проблемаларды шешкен кезде, Сізге әдебиеттерде жарияланған мағлұматтарды қолдануға, олардың шынайылығы мен маңыздылығын бағалауға мүкіндік туады.

  • Сіздің алдыңызда медицинадағы ең маңызды, нақты ақпаратты қолдануға мүмкіндік ашылады.

Г. Гайятт, Д. Ренни, 2003

  • ДМ әдістерін үйрене отырып, сіз кезкелген тілдегі медициналық мақалаларды түсіне аласыз, шаблон бойынша жұмыс істеуден толық босайсыз.

  • Сіз өзінің дәрілік препараттарын жарнамалаудан жалықпайтын фармацевтикалық компаниялардың диктатынан және нәтижесін бағалауға сіздің мүмкіндігіңіз жоқ, жаңа емдеу әдістері жайында көп естіген науқастардың қысымынан босайсыз.

  • Дәлелді медицина ескі қалыптасқан дағдыны жойып, бізді өзгерістерге даярлайды.

  • Өзгеріс динамикасы қазіргі дәрігерлерден және басқа да денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлерінен нақты ақпаратты қайдан, қалай алу керектігі жайлы білуді талап етеді.

СҰРАҚ: КЛИНИКАЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯНЫҢ ЭРАЛАРЫ ҚАНДАЙ? ОЛАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Клиникалық эпидемиология - бұл қатаң ғылыми әдістерді қолдана отырып, аурулар тобын зерттеу арқылы, ұқсас клиникалық жағдайлардағы ауру ағымын зерттеу негізінде, әрбір науқас сырқатының нақты нәтижесін болжауға мүмкіндік беретін ғылым. Өзінің атына сай бұл ғылым «клиникалық», себебі негізінен клиникалық сұрақтар мен клиникалық шешімдерге жауап береді және өте сенімді фактілерге сүйенеді, оған қоса «эпидемиология» деп аталады, себебі нақты науқастарға көмек көптеген адамдардың ауруының ағымына талдау жасау арқылы негізделеді. Клиникалық эпидемиология – негізінен белгілі бір ауруы бар топтағы науқастардың ауруының ағымына қарау қатаң ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы әрбір пациенттердің болашағын нақты анықтауға мүмкіндік беретін ғылым.

Эпидемиологияның дамуында 3 эра бар:

  • санитарлық статистика;

  • инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы;

  • барлық аурулардың эпидемиологиясы.

Санитарлық статистика – бұл адам ауруының негізгі себебі анық болмағанда, оны миазм теориясымен байланыстырған: су, ауа және жердің залалды әсерінен улану. Аурудың таралуының алдын алу және ауру ошағына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін аурушаңдықты тіркеу қажет болды.

Микробиологияның дамуымен қатар инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы да дамыды. ХХ-шы ғасырдың ортасында эпидемиология енді барлық аурулардың дамуын және себептерін зерттей бастады.

Бұл даму «қара жәшік» теориясы деп аталды, яғни ішкі әсері бар «кіріс» (вход) - деп қаралса, ал аурудың дамуын «шығыс» (выход) - деп қараған, бірақ объектінің ішінде болып жатқан процесс бізге беймәлім.

Эпидемиология – бұл инфекциялық аурулардың туындау себебін, таралу заңдылығын зерттейтін және оларға қарсы күресіп, алдын алу жұмысын жүргізетін медицинаның бір саласы (М.: Астрель 2004ж).

Клиникалық эпидемиологияның негізгі мақсаты – жүйелі және негізгі қателерді жібермей, әділетті қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін клиникалық бақылау әдістерін дайындап, оларды қолдану.

Клиникалық эпидемиологияның мақсаты – клиникалық тәжірибедегі диагностикалық тестілердің маңыздылығын және қалыпты деңгей шектерін анықтау, аурудың ағымы мен оның соңын болжау, емнің тиімділігін және жанама әсерлерін анықтау, аурудың алдын алу,клиникалық бақылаудың және алынған мағлұматты талдаудың тәсілдерін енгізе отырып, дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету. «Клиникалық эпидемиология» термині эпидемиолог Арчи Кокран есімімен байланысты, ол ауру клиникасын және емнің тиімділігін бағалау үшін барлық клиникалық зерттеулердің нәтижесін жалпылайтын эпидемиологиялық әдістерді қолданған.

Клиникалық эпидемиология – бұл күрделі ғылым, биомедицинадағы жаңа бағыт және дәлелді медицинаның негізі болып табылады. Р. Флетчер және әріптестерінің берген анықтамасы бойынша «Клиникалық эпидемиология» аурудың диагностикасын, таралуын, шынайы ағымын, емін және аурулардың алдын алу іс - шараларын зерттейді. Клиникалық эпидемиология клиникаға тән сұрақтар қойып, сенімді факторларға негізделіп клиникалық шешім қабылдайды. Клиницистің тәжірибесі мен аурудың даму механизмінің ерекшелігін ескере отырып, келесі аталғандарды есте сақтау қажет:

  • көп жағдайда белгілі бір науқасқа диагноз қою, оның ауруын емдеп, соңын болжау нақты анықталмаған, тек мүмкіндіктер арқылы білінеді;

  • белгілі бір науқастағы бұл мүмкіндіктерді дәрігер өз тәжірибесінде сол науқастың ауруына ұқсайтын клиникалық жағдайларды салыстыра отырып бағалайды;

  • клиникалық бақылауларды біліктілігі әртүрлі, жеке пікірлері бар дәрігерлер жүргізетіндіктен, олардың нәтижелерінде жүйелі қателер мен қате қорытындылар болуы мүмкін;

  • клиникалық бақылауларда (басқа да бақылаулардағы сияқты) кездейсоқ жағдайлар болуы мүмкін;

  • қате қорытындылар шығармау үшін дәрігерлер жүйелі қателерді төмендету әдістері мен кездейсоқ қателерді тіркеуді қолдана отырып, қатаң ғылыми принциптерге негізделген зерттеулерге жүгінуі керек.

Аталғандардың барлығы клиникалық эпидемиологияның талаптары.

Клиникалық эпидемиология – негізінен белгілі бір ауруы бар топтағы науқастарды ауруының ағымына қарап, қатаң ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы әрбір пациенттердің болашағын нақты анықтауға мүмкіндік беретін ғылым.

Клиникалық эпидемиологияның мақсаты – дұрыс қорытынды жасауға бағытталған клиникалық бақылаулардың нұсқаулары мен қолдану тәсілдерін іске асырудың мүмкіндігін қалыптастыру және жүйелі кездейсоқ қателердің әсерін болдырмау. Ол дәрігерге дұрыс шешім қабылдау үшін әртүрлі ақпараттар алуға мүмкіндік тудырады.

Өзінің атына сай бұл ғылым «клиникалық», себебі негізінен клиникалық сұрақтар мен клиникалық шешімдерге жауап береді және өте сенімді фактілерге сүйенеді. Оған қоса ол «эпидемиология» деп аталады. Себебі нақты науқастарға көмек осындай көптеген адамдардың ауруының ағымына талдау жасау арқылы негізделеді.

Ал аурудың клиникалық болжамын тек аурудың биологиялық механизмдеріне сүйене отырып жасау гипотеза есебінде қаралады, сондықтан кез келген дәрігер қазіргі медицинаның жетістігіне сүйенген клиникалық эпидемиологияны ғылымның «маңызды, негізгі түрі» деп есептегені жөн болады.

СҰРАҚ: КЛИНИКАЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ҚАНДАЙ?

  • КЭ-нің негізгі принципі – бұл зерттеуде белгілі бір клиникалық нәтижені бағалау. Клиникалық нәтиже төмендегідей болады: өлім (Death), ауру (Disease), дискомфорт (Discomfort), мүгедектік (Disability), қанағаттанбағандық (Dissatisfaction) – (ағылшын тілінде – 5 D). Клиникалық нәтиже жанама (суррогаттық) және тікелей болып бөлінеді. Жанамаға қандай да бір зерттелген көрсеткіштердің оң нәтиже беруі жатады (мысалы, төмендеген артериялық қысымның жоғарылауы), қандағы биологиялық субстанцияның деңгейі қалыпты жағдайда болуы, ферменттердің белсенділігінің қалпына келуі және т.б.). Суррогатты соңғы нүкте клиникалық тиімділіктің немесе терапиялық іс-шара зияндылығының тура көрсеткіші болмайды, бірақ сирек кездесетін және соңғы болатын нәтижені болжауы мүмкін. Тікелей критерийге мыналар жатады: сауығу, өлім-жітімнің азаюы және асқынуы, ауруханада емделу мерзімінің қысқаруы, өмір сүру сапасының жақсаруы, асқынудың алдын алу.

  • Клиникалық эпидемиологияда клиникалық құбылысты зерттеу үшін сандық тәсіл қолданылады. Сандық тәсіл дәлелді нәтиже береді, яғни ол қателерді бағалауға, клиникалық нәтижені цифрлық эквивалентте беруге негізделген. Зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір талаптарды сақтау қажет: статистикалық әдістердің мәліметтерін дұрыс пайдалану; зерттеудің сауатты таңдалған дизайны және дұрыс рандомизация әдісі.

  • КЭ-ның келесі принципі – бұл зерттеуді жүргізу үшін белгілі бір ерекшелігі бар популяцияны таңдау. Популяция (population)дегеніміз белгілі бір географиялық аймақта тұратын адамдар тобы немесе белгілі бір ортақ белгісімен топтастырылғандар (мысалы; жасы 65-тен асқандар). Популяция халықтың бір бөлігі болуы мүмкін, мысалы белгілі бір клиникаға жатып шыққан немесе белгілі бір аурумен ауыратын адамдар тобы, сонымен жалпы популяция, госпитальдық популяция немесе белгілі бір нақты ауруы бар пациенттер популяциясы деп айтуға болады. Зерттеудің нақтылық дәрежесін жоғарылату үшін зерттелушілер белгілі бір демографиялық немесе ұқсас клиникалық белгілерімен топтастырылады. Зерттеуге алу немесе шығарудың критерийлері анық болуы керек және міндетті түрде орындалуға тиісті. Іріктеу (Sample)сұрыптау арқылы алынған популяцияның бір бөлігі. Клиникалық зерттеулер әдетте іріктеумен басталып жүргізіледі де, содан кейін популяцияның практикалық себептерінің сипаттамасы беріледі. Сонымен қатар, зерттеуге алу және шығу критерийлері анық белгіленіп, әбден сипатталып және қатаң сақталу керек. Критерийді күнделікті тәжірибеде қолданып жүрген қолжетімді құралмен бағалау керек.

  • Жүйелі қате немесе ауытқу (bias) – қорытындының шынайы мағынасынан жүйелі (кездейсоқ емес, тұрақты) түрде ауытқуы. Айталық А дәрісі Б дәрісінен жақсы әсер етеді десек, ал осы ұғым қате болса, сол қатенің жүйелі түрде ауытқуына қандай қорытындылар әсер етуі мүмкін? А дәрісі аурудың жеңіл түрлеріне тағайындалуы немесе А дәрісінің дәмі Б дәрісінен тәттілеу болуы, әйтпесе, А дәрісі жаңадан шыққан болса, науқастар мен дәрігер оны жақсы әсерлі деп ойлаулары мүмкін. Міне, жүйелі қателердің пайда болу мүмкіндігі анықталды. Жүйелі қателердің барлық зерттеулерде болуы шарт емес, сондықтан оның бар-жоқтығын анықтап және олардың зерттеудің нәтижесіне қалай әсер ететінін білу керек. Клиникалық бақылаудағы жүйелі қателер:

1) Іріктеуге байланысты жүйелі қате. Мысалы: салыстырып отырған топтағы науқастардың негізгі белгісі бірдей емес.

2) Өлшеуге байланысты жүйелі қате. Мысалы: салыстырмалы топтардағы науқастардың көрсеткіштері әртүрлі өлшемдер арқылы анықталған.

3) Әсер ететін факторларға байланысты жүйелі қате.Мысалы: әсер ететін бір фактор, екінші фактордың әсерін өзгертіп жіберуі арқылы туындайды.

Зерттеушілер жүйелі қатемен күресу және оның әсерін болдырмау үшін қатені қайдан және қалай іздеуді білуге тиісті.

  • Кездейсоқ қате. Популяцияны іріктеу кезінде шынайы маңызды бірлі-жарым кездейсоқ қорытындының ауытқуын кездейсоқ вариация дейді, ол клиникалық бақылаудың кез келген сатысында кездеседі. Теориялық тұрғыдан алғанда, кездейсоқ қатені жөндеуге болады. Ол үшін клиникалық бақылауды дұрыстап жүргізу керек. Кездейсоқ қатені болдыртпау кейде мүмкін болмайды, бірақ дұрыс жоспарлау мен зерттеулер арқылы оның әсерін төмендетуге болады. Сонымен, клиникалық эпидемиологияның негізгі мақсаты - барлық медициналық деректердің жиынтығын, жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге ең соңғы жаңалықтарға (дәлелді медицинаға) сүйене отырып, жеткізу арқылы көмектесу.

  • Зерттеудің нақтылығы мен дұрыстығын анықтаудың

«3 негізі»:

  • жасырын рандомизация - зерттеуге алынатындар кездейсоқ жасырын іріктеледі

  • жеткілікті іріктеу – зерттеуге алынатындардың саны көп болу қажет

  • жасырын үш жақты зерттеу

Дұрыс ұйымдастырылған зерттеу жүйелі қатенің болмауын қамтамасыз етеді.

  • Зерттеудің қорытындысын жалпылау - сыртқы сипаттама, басқа топтағыларға зерттеудің нәтижесін қолдану жиілігі қаншалықты екенімен анықталады.

СҰРАҚ: КЛИНИКАЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯДА ҚАНДАЙ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Негізгі әдіс - салыстыру. Математикалық формулалар арқылы төмендегідей көрсеткіштер анықталады:

  • мүмкіндіктер (шанс) қатынасы. Ол –әрекеттің негізгі топта болу мүмкіндігінің бақылау тобында болу мүмкіндігіне қатынасы

  • қауіп-қатер қатынасы. Ол – қауіп факторы әсеріне ұшырағандардың аурушаңдығының қауіп факторы әсеріне ұшырамағандардың аурушаңдығына қатынасы.

Тестілеу әдісінде пациенттерге алғашқыда бір тест (зерттеу) жасалады, содан оң нәтиже алғандарға екінші түрлі тест (зерттеу) жасау арқылы спецификалық сезімталдығын арттырады.

Экспериментальдық әдіс гипотезаларды тексеру, жобаларды ұйымдастыру

СҰРАҚ: БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СҰРАСТЫРУ ӘДІСІНЕ НЕ ЖАТАДЫ?

Бұл әдістерді толықтыру және тереңдету үшін арнайы зерттеулер қолданылады. Мысалы: белгілі бір мамандық бойынша істейтіндердің аурушаңдығы туралы толық мағлұмат алу үшін осы контингенттерді медициналық тексерістерден өткізгенде алынған нәтижелер қолданылады.

Аурушаңдыққа, өлім-жітімге, физикалық дамуға әлеуметтік-гигиеналық жағдайының әсері қаншалықты екенін білу үшін арнайы бағдарлама бойынша сұрастыру әдісі (сұхбат, сауалнама) қолданылады. Сол сияқты сұрастыру әдісі пациенттің жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Скрининг әдісі бойынша тексеру сұрастыру, лабораториялық, физикалық және басқа да тез орындалатын іс-шараларды қолданып, белгілі бір аурудың қауіп факторын немесе ауруды ерте сатысында анықтауға көмектеседі. Сонымен, скрининг жүргізудің мақсаты - аурудың алдын алу. Бұл зерттеудің сипаттау түріне, оның ішінде көлденең зерттеуге жатады.

СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАДА КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЖІКТЕЛЕДІ?

Ұйымдастырылуына және орындалуына байланысты клиникалық зерттеулер 2-ге бөлінеді:

  • обсервациялық;

  • эксперименттік.

Обсервациялық зерттеуде болып жатқан құбылыстарға ешқандай іс-әрекет жасамай, тек бақылау жүргізіледі. Ол 2 түрге бөлінеді:

  • анализдік (сараптау) - оған жағдайды бақылау, когорттық зерттеу жатады. Этиологиясы, себеп-нәтиже байланысы және болжам зерттеледі. Сол сияқты, ауру ағымына ешқандай іс-әрекет жасамай сырттай бақылау жасау арқылы гипотезаның орындалу мүмкіндігі бағаланады. Осервациялық анализдік зерттеулерге жағдай-бақылай зерттеу, когорттық зерттеулер жатады.

  • сипаттау - бір жағдайды сипаттау, бірнеше жағдайды сипаттау, көлденең зерттеу жатады. Аурудың дамуына бақыланбайтын факторлардың әсері зерттеледі. Әртүрлі гипотезалар жасалады. Обсервациялық сипаттау зерттеулерге бірөжағдай сипаттау, бірнеше жағдай сипаттау, көлденең зерттеулер жатады.

СҰРАҚ: ЭКСПЕРИМЕНТІК КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚАНДАЙ МАҚСАТТА ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Эксперименттік клиникалық зерттеулер адамдарға жасалады. Эксперименттің барлық шарттары хаттамада беріледі. Эксперименттік клиникалық зерттеу 2 - ге бөлінеді:

  • Бақыланатын түрі - бақылау және тәжірибе топтары болады. Дәлелділіктің дәрежесін арттыру үшін бақылау тобындағылардың клиникалық нәтижесі тәжірибе тобының нәтижесімен салыстырылады.

  • Бақыланбайтын түрі - бақылау тобы болмайды. Ауру ағымы кезіндегі клиникалық ақпараттар жиналады

Бақыланатын түрі 2-ге бөлінеді:

  • рандомизирленбеген

  • рандомизирленген - бір жақты жасырын, екі жақты жасырын, үш жақты жасырын, мультиорталықтық болып бөлінеді.

Іс-әрекет қолдануға байланысты: зерттеу іс-әрекет қолданылатын және іс-әрекет қолданылмайтын болып бөлінеді. Іс-әрекет күрделілігімен және тәжірибеде қолдануға болатындығымен ерекшеленеді.

СҰРАҚ: УАҚЫТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ?

Уақытқа байланысты зерттеулер бөлінеді:

  • көлденең зерттеу - объект бір кезеңде бір рет зерттеледі. Ол- белгілі бір кезеңдегі аурудың таралуын қарастыратын зерттеу.

  • ұзыннан ұзақ (продольные) - белгілі бір уақыт аралығында істелінетін зерттеу.

Мәліметтерді жинау уақытына және топтарды құрастыру ерекшелігіне байланысты 2-ге бөлінеді:

  • проспективті - мәліметтерді жинау зерттеуге дейін басталып, талдау жасағанға дейін созылады. Зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинауға дейін құрылады.

  • ретроспективті - зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинаудан кейін құрылады.

СҰРАҚ: БІРІНШІЛІКТІ ЖӘНЕ ІКІНШІЛІКТІ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖАТАДЫ?

Барлық зерттеулер біріншілік және екіншілік болып 2-ге бөлінеді:

Біріншілік зерттеулер - автор өзінің жүргізген зерттеу түрін және оның қорытындысын өзі сипаттайды, ол 3 категорияға бөлінеді:

  • эксперименттер - өзі келісім бергендерге немесе жануарларға тәжірибе жасалады.

  • клиникалық сынау - пациенттерге жасалады және олар тұрақты бақылауда болады.

  • зерттеулер - белгілі бір топтағы пациенттердің немесе кез келген топтағы кісілердің денсаулығының көрсеткіші өлшененіп, анықталады.

Екіншілік зерттеулер - біріншілікті зерттеулердің нәтижелерін жинақтап, топтастырып және солардың негізінде қорытынды шығарылады.

Екіншілік зерттеулер де бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • шолу - біріншілікті зерттеулердің қорытындысын топтастырып жинақтайды.

  • клиникалық нұсқаулар - дәрігерлердің іс-әрекетінің талаптарына қатысты біріншілікті зерттеулердің қорытындысын құрастырады.

  • шешімді қабылдауға талдау жасау - біріншілікті зерттеулер қорытындысының негізінде денсаулық сақтау жүйесін басқару, ресурстарды бөлу жөнінде мүмкін болатын жолды құру, дәрігерлердің, басшылардың емдеу әдісін таңдау және ресурстарды бөлу шешімдерін құрастыру

  • экономикалық талдау - біріншілікті зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, қолданылатын іс-әрекетке қаражатты дұрыс бөлу жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жүргізу түріне байланысты 2-ге бөлінеді:

  • ашық - істелетін зерттеу ашық түрде өтеді;

  • жасырын - істелетін зерттеу әртүрлі дәрежеде жасырын өтеді.

СҰРАҚ: ЗЕРТТЕУДІҢ ДИЗАЙНЫ ОНЫҢ МАҚСАТЫМЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСТЫ?

(қойылған сұраққа нақты дұрыс жауапты қандай зерттеу беретінін көрсететін 1 кесте)