Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

56. Өкпенің құрылымдық- функционалді бірлігі.

Өкпе ПУЛЬМО тыныс алу жүйесінің негізігі мүшесі. Ол куде қуысының КАВУМ ТОРАКИС өкпеқаптың ішінде орналасқан жұп мүше. Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді , екі өкпенің өкпе ұшы АПЕКС ПУЛЬМОНИС және өкпе негізі БАЗИС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда : І қабырғадан 3-4 см немесе бұғана сүйегінен 2-3см жоғары орналасады, артқы бетінен қарағанда , ол УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасады. Өкпе негізі БИЗИС ПУЛЬМОНИС жалпак көкетпен беттесіп орналасады. Екі өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті ФАЙИЕС КОСТАЛИС ойыстау келген төменгі көкеттік беті ФАЙИЕС ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық беті ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС ажыратылады. Сонымен қатар , екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР доғалдау келіп вертикальді орналасқан артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР ажыратылады.

Өкпенің қабырғалығ беті ФИЦИЕС КОСТАЛИС дөңестеу келіп қабырғалардың ішкі бетімен және қабырғааралық бұлшықеттермен беттесіп орналасқандықтан, қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады.

Өкпенің медиальді беті ФИЦИЕС МЕДИАЛИС ойыстау келіп артында омыртқалық бөлікке ПАРС ВЕРТЕБРАЛИС алдында көкірекаралық бөлікке ПАРС МЕДИАСТИНАЛИС бөлінеді. Медиальді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батыңқысы немесе өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан.

58.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпенің шекаралары.

----Өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР ол өкпенің қабырғалық беті мен ФИЦИЕС КОСТАЛИС көкірекаралық бетінің ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС аралығында орналасқан. Сол өкпенің алдыңғы жиегі , ойыса келе , жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап , өкпенің төменгі диегіне жалғасады.

-----Өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР өкпенің қабырғалық беті ФАЦИЕС КОСТАЛИС пен көкірекаралық бетін ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС көкеттік бетінен Фициес фИАФРАГМАТИКА бөледі.

-----Өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР омыртқа бағанасының бүйір қапталында өкпе ұшынан ХІІ қабырғаның басына дейінгі аралықта , вертикаль бағытта орналасқан. Сонамен қатар екі өкпенің бетінде қиғаш саңылау ФИССУРА ОБЛИГУА мен горизантальді саңылау ФИССУРА ХОРИЗОНТАЛИС орналасқан.

Екі өкпенің көкірекаралық бетінің ортаңғы бөлігінде өкпенің қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан. Өкпе қақпасы арқылы өкпенің терең қабатына өкпенің басты бронхтары БРОНХИ ПРИНЦИПАЛИС пен өкпе артериялары АА.ПУЛЬМОНАЛИС ДЕКСТРА ЕТ СИНИСТРА және өкпе нервтері өтіп , өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лифа тамырлары шағады. Өкпе қақпасы арқылы өтетін анатомиялық құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі РАДИКС ПУЛЬМОНИС деп аталады.

--------Оң өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС ДЕКСТРА сол өкпе қақпасына қарағанда қысқа және көлемді. Ол У кеуде омыртқасы мен ІІ қабырғаның аралығында орналасқан. Оң өкпе қақпасында, жоғарыда оң басты бронх, БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС ДЕКСТРА оның астында өкпе артериясы а.ПУЛЬМОНАЛИС одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПУЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

---------Сол өкпе қақпасының ХИЛУС ПУЛЬМОНИС СИНИСТРА жоғарғы жағында өкпе артериясы а.ПулЬМОНАЛИС төменірек сол басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС СИНИСТРА Одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПуЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]