Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontr_na_kaz (1).doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

Есеп № 19

Науқас М. 43 жаста, шахтыда 18 жыл бойы көмір қазушы болып жұмыс істейді. Кезекті медициналық тексеруде өкпе ренгенограммасында өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінде өкпе суретінің күшеюі және деформациясы сияқты өзгерістер анықталған. Өкпенің базальды бөлігінде өкпе аймағының мөлдірлігі жоғарылаған. Өкпе түбірі өзгеріссіз.

Қарағанда: өкпедегі перкуторлық дыбыс өзгермеген, тыныс қатайған, кейде аздаған құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары өзгеріссіз, тондары анық, таза. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, көк бауыр өлшемдері қалыпты. Дизуриялық бұзылыстар жоқ.

Сыртқы тыныс көрсеткіштері: СТК 82 %, Тиффно сынамасы 76 %, ЭКГ қалыпты. КЖА, КЖА – өзгеріссіз.

Тапсырма: диагнозды тұжырымдаңыз. Диагнозды дәлелдеу үшін қосымша зерттеулер қажет пе? МСЭК жүргізіңіз.

Есеп № 20

Науқас М., 30 жаста емхананың егу бөлмесінде 3 жылдан бері медбике болып жұмыс істейді. Бронх демікпесімен ауруына байланысты профпатологқа, ауруының кәсібіне байланысты екіндігін анықтауға жолдама берген. Бір жыл бұрын пенцилинмен жанасуға байланысты түшкіру, тамағының жыбырлауы байқалған, кейінірек ұстамалы жөтел, соңында тұншығу ұстамасы пайда болған. Ұстама теофедрин таблеткасынан немесе сольбутомол ингаляциясынан, сирегірек эуфиллин инъекциясынан кейін басылатын болған. Соңғы айларда ұстама ауырлай түскен, бұрынғыдай пенциллинмен жанасуға байланысты. Респираторлық аурулармен сирек ауырады. Аллергиялық аурулар өзінде, жақын туыстарында болған емес, антибиотиктерді қабылдамаған.

Медициналық құжаттарының арасында пенциллинмен инъекция жасау барысында бронх демікпесінің анықталуы, пенциллин ертіндісімен терілік, канъюктивальді сынамалардың оң нәтеже беруі туралы мәліметтер бар.

Тапсырма: Науқаста, бронх демікпесінің кәсіби екендігін шешу үшін көрсетілген мәліметтер жеткілікті ме, осыны анықтаңыз. Егер жеткіліксіз болған жағдайда, тағы қандай мәліметтер қажет.

Есеп № 21

Науқас Щ., 38 жаста емхананың егу бөлмесінде 3 жылдан бері медбике болып жұмыс істейді. Бронх демікпесімен ауруына байланысты профпатологқа, ауруының кәсібіне байланысты екіндігін анықтауға жолдама берген. Бір жыл бұрын пенцилинмен жанасуға байланысты түшкіру, тамағының жыбырлауы байқалған, кейінірек ұстамалы жөтел, соңында тұншығу ұстамасы пайда болған. Ұстама теофедрин таблеткасынан немесе сольбутомол ингаляциясынан, сирегірек эуфиллин инъекциясынан кейін басылатын болған. Соңғы айларда ұстама ауырлай түскен, бұрынғыдай пенциллинмен жанасуға байланысты. Респираторлық аурулармен сирек ауырады. Аллергиялық аурулар өзінде, жақын туыстарында болған емес, антибиотиктерді қабылдамаған.

Медициналық құжаттарының арасында пенциллинмен инъекция жасау барысында бронх демікпесінің анықталуы, пенциллин ертіндісімен терілік, канъюктивальді сынамалардың оң нәтеже беруі туралы мәліметтер бар.

Тапсырма: Науқаста, бронх демікпесінің кәсіби екендігін шешу үшін көрсетілген мәліметтер жеткілікті ме, осыны анықтаңыз. Егер жеткіліксіз болған жағдайда, тағы қандай мәліметтер қажет.

Есеп № 22

Кәсіби аурулар клиникасына науқас бронх демікпесінің ұстамасы тоқтатылғанан кейін түскен. Науқас 53 жаста, 20 жыл бойы фармацевтік өндірісте аппаратшы болып жұмыс істеген, аминазин, сульфаниламидті перпараттардың таблеткасын, түиіндерін жасаумен шұғылданған. Жұмыс орнының шаңдануы қажетті көрсеткіштен 1,2 – 1,5 есе жоғары. 10 жыл бүрын суық тиіп ауырғаннан кейін жөтел пайда болған. Алғашқы кезде жөтел құрғақ болған, кейінірек іріңді-шырышты қақарықты жөтел мазалаған. Науқаста физикалық күрт түсуге байланысты ентігу, кейде субфебрильді температура пайда болған. Біртіндеп жөтел күшейген. Қазіргі кезде шаңды ортада болуына, физикалық күш түсуге, жылы жерден суыққа шығуына байланысты, алыстан сырылдардың естілуімен байқалатын ұстама пайда болған.

Қараған кезде шырышты қабықтардың цианозы байқалады, тынысы қатайған, тыныстың шығуы ұзартылған. Өкпенің екі жағынан ызыңды сырылдар, оң жақта аздаған ысқырықты сырылдар, оң жақ жауырын айында ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Инекция-аллергиялық бронх демікпе

  2. Кәсіби бронх демікпе

  3. Дәрігерлік ауру

  4. Атопиялық бронх демікпе

  5. Түйінді полиартрит

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]