Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_4_каз.DOC
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.04 Mб
Скачать

I. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

ІІ. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  • Компьютерлік вирустар және олардың классификациясы

  • Зиянды программалардың түрі мен әрекеттерін

  • Ақпаратты қорғаудың ұйымдастыру шараларын

  • Компьютерлік вирустармен күресу әдістерін

  • Антивирустық программаларды

  • Kaspersky Anti-Virus антивирустық программасын

  • WinRAR программасының көмегімен файлдарды архивтеу

  • Дискілік кеңістікті дефрагментациялау

  • WinRAR архивтеу программасы?

  • WinRAR мүмкіндіктері?

  • WinRAR жүктелуі мен күйлеу?

  • Дискілік кеңістікті дефрагментациялау?

  • Windows жүйесінің құрамына кіретін дискіні дефрагментациялау қызметтік программасының жұмыс ерекшеліктері?

Қосымша 1

Ақпараттық-дидактикалық блок

«Компьютерлік вирустар және олардың классификациясы. Зиянды программалардың түрлері және олардың әрекеттері. Ақпаратты қорғаудың ұйымдастыру шаралары. Антивирустық программалар. WinRAR архивтеу программасы және Windows-тың қызметші программаларының ішіндегі дефрагментациялау программасы. Осы программалармен жұмыс»

1. Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирус – бұл компьютердің жүйелік аймағына еніп, өзінің көшірмесін жасап, басқа программа ретінде атын өзгерте алатын, шағын көлемді (200-ден 5000 байтқа дейінгі), арнайы құрылған программа, сонымен қатар компьютерде өз бетінше зиянды әрекеттер жасай алады.

«Компьютерлік вирус» термині 1984 жылы пайда болды, оның авторы Лехайский университетінің қызметкері Ф.Коэн (АҚШ).

Ішінде вирусы бар программа "бүлінген программа" деп аталады. Ондай программалар іске қосылса, онда алдымен вирус баскаруды қолына алады. Вирус басқа программаларды тауып әрі бүлдіреді, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекеттер жасайды (мысал, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадқа орналасады). Вирустардың бүлінген басқа программалар арқылы әрекет етуі және зиянды әрекеттер жасау үшін белгілі бір шарттар орындалуы керек.

Мысалы, Anti-MIT вирусы қатты дискідегі барлық ақпараттарды жыл сайын 1 желтоқсан күні бүлдіреді, Tea Time вирусы 15:10 бастап 15:13 дейін ақпаратты пернетақта арқылы енгізуге бөгет жасайды, ал танымал One Half вирусы жыл бойы аралап жүріп, қатты дискідегі мәліметтерге білдірмей өзгеріс енгізеді (шифрует). 1989 жылы американдық студент АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігінің 6000 компьютерін істен шығарған вирус құрастырған. 1991 жылы танымал Dir-II вирусы кең тарады. Бұл вирус оригиналь жаңа технологияға қолданылды және жаңа антивуристық өнімдердің болмауы салдарынан алғашқы кезде кең тарады. Кристофер Пайн Pathogen мен Queeq вирустарын құрды, сонымен қатар Smeg вирусын құрды. Соңғысы өте қауіпті вирус болды, оны алғашқы екі вирусқа да жатқызуға болады және осы себебтен әрбір программаны жүктеген сайын олар конфигурациясын өзгертеді. Сондықтан оларды жою мүмкін емес болды. Пайн вирустарды тарату үшін компьютерлік ойындар мен программаларды көшіріп алып, оларға вирустар жұқтырып, сосын кайтадан кері желіге жіберген. Пайдаланушылар өзінің компьютеріне бүлінген программаларды көшіріп алды және дисклерін бүлдірді. Пайн вирустарға қарсы күресетін программаларға да вирус жұқтырды. Осы программаларды жүктеу арқылы пайдаланушылар вирустарды жоюдың орнына үстіне вирустар қосып алды. Осының нәтижесінде көптеген фирмалардың файлдарын жойды, шығындары бірнеше миллион фунт стерлингіге жетті.

Американдық программист Морристе өте танымал болды. Ол 1988 жылы қараша айында Internet-ке қосылған 7 мың дербес компьютерлерге жұққан вирустарды құрастырушы ретінде танымал болды.

Эксперттер бүгінгі күні вирустардың 20 мыңнан астам түрлері бар деп санайды, сонымен қатар күн сайын алтыдан тоғызға дейін «Жабайы» жаңа вирустар пайда болады, яғни осы уақытта нақты 260 вирустардың түрлері айналымда жүр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]