Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 -SSS-pat.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
86.02 Кб
Скачать

9

ҚММУ Ф 4/3-04/02

2007 Ж. 14 маусым №6 нх

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

жалпы фармакология кафедрасы

Дәріс

ЖТЖ патологиясында қолданылатын дәрілік заттардың сипаттамасы және жіктелуі.

Far-2 3214 «Фармакология –2» - пәні

5В130100 «Жалпы медицина» - мамандығы

III курс

Уақыты 1 сағат

Қарағанды - 2012

Кафедраның мәжілісінде бекітілген

28.08.2012 ж. № 1 Хаттама

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _______________ С.К. Жаугашева

Тақырып: ЖТЖ патологиясында қолданылатын дәрілік заттардың сипаттамасы және жіктелуі.

Дәріс мақсаты: ЖТЖ патологиясында қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық және фармакокинетикалық ерекшеліктерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

Жүрек – тамыр жүйесінің патологиясында қолданылатын заттардың жіктелуі.

Жүрек – тамыр жүйесінің патологиясында қолданылатын препараттардың сипаттамасы.

  1. Кіріспе алу жолдары, химиялық құрылысы, құрамы.

  2. Жүрек гликозидтерінін фармакокинетикасы.

  3. Жүрек гликозидтері. Әсер ету механизмдерінің ерекшеліктері.

  4. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, ерекшеліктері.

  5. Қолданылуы, кері әсерлері, улануда көмек көрсету.

Қан айналымды қалпына келтіретін заттар тәжірибелік медицинада жүрек қызметінің бұзылыстары кезінде және тамыр тонусының патологиялық өзгерістері кезінде өте жиі қолданылады. Клиникада қолданылуына байланысты бұл препараттарды келесідей топтарға бөлуге болады.

  1. Жүрек қызметінің бұзылыстары кезінде қолданылатын заттар:

а) жүрек жеткіліксіздігі кезінде

б) жүрек жиырылуының ырғағы бұзылған кезде

в) миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі кезінде

2. Артериялық қысымның өзгерістерімен қатар жүретін патологиялық жағдайлар кезінде қолданылатын заттар:

а) артериялық гипертензия кезінде

б) гипертензивтік жағдайлар кезінде

Кардиотоникалық заттар

Бұл топқа оң инотропты әсер ететін препараттар жатады. Жүрекке тоникалық әсер ететің препараттар 2 топқа бөлінеді:

1 – Жүрек гликозидтері

2 - Оң инотропты әсер ететін гликозид емес препараттар

Оған жататындар:

  1. Бета-адреномиметиктер /добутамин, допамин/

  2. Диуретиктер /фуросемид, этакринді қышқыл, буметанид, хлорталидон/.

  3. Ангиотензинге айналдыратын ферменттің ингибиторлары / каптоприл, эналаприл, рамиприл, периндоприл, мизиноприл, цилазаприл/.

  4. Альфа-1-аденозин рецепторларының блокаторлары /амринон, милринон, эпоксимон/.

  5. Перифериялық вазодилататор /нитроглицерин/ натрий изосорбиді, гидралазин, моноксидил, натрий нитропруссиді, празозин/.

  6. Глюкагон.

Жүрек гликозидтері өсімдіктерден алынған заттар. Олар кардиотоникалық әсер етеді. Жүрек гликозидтерін 18-19 ғ. ғалымдар тапты. Жүрек гликозидтерінің тарихы глиозды өсімдік қызыл оймақ гүлмен байланысты. Қызыл оймақ гүл медициналық тәжірибеде 1875 ж. ағылшын дәрігері және ботаник Витерлинг қолданған. Ол қызыл оймақ гүлді зәр айдағыш дәрі ретінде пайдаланған. Эксперименталді фармакологиянын дамуы кезінде қызыл оймақ гүл жүрек гликозиді деп дәлелденді. Алғаш рет клиникалық дәрісте С.П.Боткин қызыл оймақ гүл қолданған. 1865 ж. профессор медико-хирургиялық академик Е.Я.Пеликан 1-ши рет жүрек гликозидтерінен строфантин дәрісін зерттеген. Басқа орыс фармакологтары мен клиницистер бір неше жүрек гликозидтерін зерттеген. Меруерт гүлді – Л.Н.Бубнов, ландышты – Ф.И.Иноземцев және Н.П.Богоявленский, обвойникті – Е.А.Леман – зертеп тапкан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]