Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
виз диагностика.docx
Скачиваний:
475
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.68 Mб
Скачать

13. Ортаңғы бөліктің төменгі шегарасы ның деңгейі

  1. V - қабырға алдыңғы бөлімі деңгейінде

  2. +VI - қабырға алдыңғы бөлімі деңгейінде

  3. V - қабырға артқы бөлімі деңгейінде

  4. VI - қабырға артқы бөлімі деңгейінде

  5. VII - қабырға артқы бөлімі деңгейінде

14. Кіші жастағы балалардың тура бағыттағы кеуде рентгенограммасы ерекшеліктері

  1. +Аралық енді, қабырғалары горизонталды , көк ет күмбездері бір деңгейде

  2. Аралық енсіз, қабырғалары горизонталды , көк ет күмбездері бір деңгейде

  3. Аралық енді, қабырғалары қиғаш , көк ет күмбездері бір деңгейде

  4. Аралық енді, қабырғалары горизонталды , көк ет күмбездері бір деңгейде емес

  5. Ересектерден ерекшеліктері жоқ

15.Өкпе алаңы көлемінің кішіреюі

  1. +Пневмофиброзда, ателектазда

  2. Эмфиземада

  3. Эксудатты плевритте

  4. Пневмоторакста

  5. Көк ет күмбезі төмен орналасқанда

16. Өкпе алаңы көлемінің ұлғаюы

  1. Пневмофиброзда ,ателектазда

  2. Көк ет күмбезі төмен орналасқанда

  3. Өкпе паренхимасының қабынуында

  4. +Эмфиземада

  5. Өкпе циррозында

17.Өкпе суретінің молаюы

  1. +Ашық боталл өзегінде

  2. Фалло тетрадасы

  3. Эмфиземада

  4. Өкпе күре тамырының дара тарылуы

  5. Қолқаның іштей туа тарылуы

18. Бронх өткігіштігі бұзылуы.Бронх қабырғасынан экзофитті өскен ісіктің көлеміне байланысты сатылары

  1. Гипервентиляция , ателектаз ,гиповентиляция

  2. +Гиповентиляция, гипервентиляция , ателектаз

  3. Ателектаз , гиповентиляция ,гипервентиляция

  4. Ателектаз , гипервентиляция , гиповентиляция

  5. Гиповентиляци, ателектаз , гипервентиляция

19. Ателектаздың рентгенологиялық белгілері

  1. +Өкпе алаңында біркелкі қою, шеттері тегіс , ойысталған көлеңке

  2. Өкпе алаңында әркелкі , орташа қоюлықтағы , шеттері тегіс көлеңке

  3. Өкпе алаңында біркелкі , орташа қоюлықтағы, шеттері анық емес көлеңке

  4. Өкпе алаңында әркелкі , қою шеттері тегіс емес анық көрінетін көлеңке

  5. Өкпе алаңында біркелкі , шеттері тегіс емес көлеңке

20. Бір өкпе түбірінің өзгеруі

  1. +Оң немесе сол өкпе қабынуы, туберкулезі,алғашқы қатерлі ісікте, метастаздарда

  2. Созылмалы бронхитте

  3. Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктерінде ( лимфогранулематоз т,б)

  4. Жүректің туа біткен ақауларында( жүрекше , қарыншалардың перде ақауларында )

  5. Митральді қақпақша жетіспеуі және митральдық тесіктің тарылуы

21. Екі өкпе түбірінің көлеңкесінің өзгеруі

  1. Оң немесе сол өкпе қабынуы

  2. Оң немесе сол өкпе туберкулезі

  3. Өкпедегі метастаздар

  4. Өкпе күре тамыры гипоплазиясы

  5. +Екі өкпенің қабынуы және туберкулезі, лимфа түйіндері қатерлі ісіктері, жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары

22.Өкпе тінінен сыртта болған көлеңкенің орналасқан орны көрсетіледі

  1. Өкпе бөлігі бойынша

  2. Өкпе сегменті бойынша

  3. +Қабырға деңгейімен

  4. Омыртқа деңгейімен

  5. Аралық көлеңкесі қабаттарының деңгейімен

23.Өкпе туберкулезінің жиі орналасатын орны

  1. Өкпе IV- V сегментінде

  2. Өкпе VI – VII сегментінде

  3. +Өкпе I – II – III сегментінде

  4. Өкпе VIII – IX – X сегментінде

  5. Өкпе түбірінде

24. Дөңгелек немесе сопақша пішіндегі көлеңке

  1. Өкпенің крупозды қабынуында

  2. Плевриттерде

  3. Ателектаз

  4. Өкпе циррозында

  5. +Қатерлі және қатерсіз ісіктер, туберкулома, метастаздарда

25. Сақина тәрізді көлеңке

  1. Ателектаз , циррозда

  2. Эксудатты плевриттерде

  3. Өкпе крупозды қабынуында

  4. +Өкпе абсцессі,туберкулездік кавернада

  5. Асқынбаған қатерсіз ісікте

26. Сызық тәрізді көлеңке

  1. Өкпе қабынуында

  2. Ателектазда

  3. Өкпе циррозынды

  4. Өкпе қатерсіз ісіктерінде

  5. +Плевра қабынуында және фиброздануында

27. Ұсақ ошақты көлеңкелердің диаметрі

  1. 1 – 2 мм

  2. +3 – 4 мм

  3. 5 – 8 мм

  4. 9 – 15 мм

  5. 15 – 30 мм

28. Орташа ошақты көлеңкелердің диаметрі

  1. 1 – 2 мм

  2. 3 – 4 мм

  3. +5 – 8 мм

  4. 4 9 -15 мм

  5. 15 – 30 мм

29. Ірі ошақты көлеңкелердің диаметрі

  1. 1 – 2 мм

  2. 3 – 4 мм

  3. 5 – 8 мм

  4. +9 – 15 мм

  5. 15 – 30 мм

30. Жұмсақ , қоюлығы төмен көлеңке

  1. Көлеңке қабырғаның қатпарлы қабаты көлеңкесіндей болса

  2. Көлеңке қабырғаның кемігіндей болса

  3. Қан тамырдың кесе көлденең көлеңке деңгейіндей

  4. +Көлеңке қан тамырдың ұзына бойы көлеңкесіндей

  5. Көлеңкеде қабырға - артқы бөлігі, аралық , көлеңкенің шегарасы анықталмайды

31.Түгел және түгелге жақын көлеңкелену

  1. +Пневмония және эксудативті плевриттерде

  2. Бөлік ателектазында

  3. Бөлік циррозында

  4. Сегментэктомиядан кейін

  5. Өкпе гипоплазиясында

32. Ошақты көлеңке

  1. Крупозды қабынуында

  2. Туберкулома

  3. +Туберкулезде, бронхопневмонияда

  4. Эксудативті плевритте

  5. Циррозда

33. Линза тәріздес (сопақша) көлеңке

  1. Туберкулома

  2. Өкпе циррозда

  3. Өкпе ателектазында

  4. +Бөлік аралық қалталанған плевритте

  5. Пневмонияда

34. Гидропневмоторакстың рентгенологиялық белгісі

  1. Түгелдей және түгелге жақын көлеңкелену

  2. Көк ет контурының анықталмауы

  3. Қабырға - көк ет және жүрек көк ет синустарының анықталмауы

  4. Аралық көлеңкенің сау жаққа ығысуы

  5. +Қою, біркелкі көлеңке және горизонталды деңгейдің пайда болуы көк ет күмбезі және синустарының анықталмауы

35. Паренхиматозды (крупозды) жедел өкпе қабынудың қызыл - сұр бауырлану кезеңінің рентгенологиялық белгісі

  1. Өкпе суретінің молаюы өкпе алаңының сәл күңгірттенуі

  2. +Орташа қоюлықтағы , біркелкі емес, шеттері анық емес көлеңке

  3. Қою , біркелкі, шеттері анық көлеңке

  4. Қоюлығы төмен , біркелкі, шеттері анық емес көлеңке

  5. Жоғары қоюлықтағы , әркелкі, шеттері анық көлкңке

36. Рентгенограммада - өкпе алаңында пішіні дөңгелек шекарасы анық емес , тегіс емес , көлемі 3 – 4 см біркелкі көлкңке өкпе сурет молайған өкпе түбірі ұлғайған Ауру тарихында жедел остеомиелит бар

  1. Туберкулома

  2. +Жедел абсцесс , бронхқа ашылмаған

  3. Өкпе қатерсіз ісігі

  4. Өкпе қатерлі ісігі

  5. Өкпедегі метастаз

37. Рентгенограммада - сол өкпе төменгі бөлігі көлемі кішірейген, дөңгелек пішінге жақын көлеңкелердің құрамы әркелкі, айналасында жұлдыз тәрізді шашыраған көлеңке (дәнекер тіндер) өкпе суреті бұзылған, өкпе түбірінде ұлғайған лимфа түйіндердің көлеңкесі , көк ет көтерілген, аралық көлеңкесі ауру орналасқан жаққа ығысқан

  1. +Өкпенің созылмалы қабынуы

  2. Өкпенің жедел қабынуы

  3. Өкпе туберкулезі

  4. Өкпе қатерсіз ісігі

  5. Өкпе қатерлі ісігі

38. Бронх іші қатерсіз ісіктерін зерттеудің негізгі рентгенологиялық әдістері

  1. Флюорография

  2. Рентгенография

  3. +Сызықтық томография

  4. Рентгеноскопия

  5. Ангиография

39. Ауру Н. 52 жаста КТ – сканда өкпенің барлық алаңында домалақ пішінді шеттері анық емес қою көлеңкелену бірнешеуінің ішінде сұйықтық анықталады

  1. Крупозды пневмония

  2. Туберкулездің диссеминациясы

  3. +Стафилакоккты іріңді қабыну

  4. Өкпе қатерсіз ісігі

  5. Өкпе қатерлі ісігі

40. Ауру Ф. 32 жаста Кеуденің КТ – сканда оң өкпенің жоғарғы бөлігінде ұшбұрыш пішінде қою инфильтративті көлеңке, өкпе бөлігі көлемі ұлғайған қарауытқан бронх көлеңкесінің жолақтары анықталады

  1. Ошақты қабыну

  2. Крупозды қабыну

  3. +Инфильтративті туберкулез

  4. Өкпе ателектазы

  5. Өкпе циррозы

41. Ауру Т. 40жаста Кеуденің КТ – сканда оң өкпенің жоғарғы бөлігінде төрт ошақты көлеңке анықталған көлемі 1 - см -ге дейін орташа және төмен қоюлықтағы шеттері анық емес Айналасында өкпе суреті өзгермеген

  1. Ошақты пневмонияда

  2. Милиарлы туберкулез

  3. +Ошақты туберкулез

  4. Өкпе қатерлі ісігі

  5. Өкпе абсцессі

42. Ауру Н. 26 жаста КТ – сканда екі өкпе алаңы барлық бөлігінде көптеген шашыранды, ұсақ ( көлемі 0,3 – 0,4 см) көлеңкелер анықталған, шеттері тегіс. Бұл:

1. Ошақты пневмонияда

2. + Диссеминатты туберкулез

3. Қатерлі ісікі метастаздары

4. Өкпенің созылмалы қабынуы

5. Милиарлы туберкулез

43. Өкпе эмфиземасын анықтаудағы Соколов сынағы

1. Рентгенограмма терең дем алғанда, демді шығарғанда жасалады 2 – сурет)

2. Рентгенограмма терең дем алған кезінде және демді тоқтатқанда (2 – сурет)

3. Рентгенограмма терең дем шығарғанда және демді тоқтатқанда (2 – сурет) 4. Рентгенограмма терең дем алу кезінде демді тоқтатқанда және толық шығарғанда (3 - сурет)

5. + Рентгенограмма демді тоқтатқанда, терең дем алғанда және толық шығарғанда (3 - сурет)