Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тлеулес Айгерім СРС

.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
82.38 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

МЕДИЦИНСКИЙУНИВЕРСИТЕТ

ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

СӨЖ


Тақырыбы: Балалардағы безгек ауруы тақырыбына жағдайлық есептер

Орындаған: Тлеулес Айгерім

Топ: 005-1к

Курс: 4

Факультет: ЖМ

Қабылдаған: Умешева К.

Алматы 2015

Жоспары:

  1. Кіріспе 3

Безгек өзектілігі

  1. Негізгі бөлім 4

Жағдайлық есеп

  1. Қорытынды бөлім 7

  2. Пайдаланылған әдебиеттер 8

Кіріспе:

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.

Паразиттің қауіптілігі ХХ ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге алып келеді. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Жаппай 42-72 сағат аралығында шығады. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.

Жиі безгек ауруы Африкадан әкелінеді. «Тропикалық безгек», сирек Азия елдерінен, одан сирек Латын Америкасынан. Қазақстан эндемиялық аймақтардан безгектің келуіне, оның біртіндеп орналасуына, яғни жергілікті жерлерде аурулардың пайда болуына байланысты бағдарламаны іске асыруға ат салысуға келісім берді. Мысалы, 1968 жылдан бастап, Қазақстанда безгек тіркелген жоқ. Ауғанстаннан әскери адамдардың қайтуына байланысты 70 жылдың аяғында 80 жылдар басында ғана эпидемиологиялық жағдай нашарлай бастады. Ал 90 жылы безгекпен ауыратын эндемиялық елдермен қатынастың орнауына байланысты жағдай қайтадан қиындады (Ф.Б.Бисмильдин, Ж.Ж.Шапиева, 2001). Сырқаттылықтың ең жоғарғы көрсеткіші 1996-1998 жж. байқалды.

Жағдайлық есеп

1.

  1. Аурухананың қабылдау бөліміне 4 жасар баласын анасы алып келді. Науқас дене қызуы 40°С дейін көтерілуіне, құсуға, сандырықтауына және денесінің құрысуына шағымданады. Дәрігер қарап тексергенде науқастың терісі ылғалды, бауыры мен көкбауыры үлкейген. Анамнез жинау барысында науқас жазғы демалыста тропикалық аймаққа барғаны анықталды. Науқасқа безгек диагнозы қойылды.

  1. Қандай лабораториялық зерттеу жүргізу керек?

  1. Бактериологиялық

  2. Ликвор сұйықтығын

  3. Вирусологиялық

  1. Қандай ем тағайындаймыз?

  1. Рекомбинатты интерферон

  2. ГК

  3. Гистошизотроптылар

  1. Қандай асқынулар болуы мүмкін?

  1. Менингит, миокардит

  2. Безгектік кома

  3. Болмайды

2.

Ауруханаға науқас, Б. 8 жаста температурасының 40С дейін көтерілуіне, бас ауруына, қалтырауға, құсуға, шөлдеуге шағымданды. Анасының айтуы бойынша баласында сандырақтау және құрысулар болған. Дәрігер қарап тексергендетерісінің беті кедір-бұдыр « үйрек терісі сияқты», аяқ-қолдары салқын. Сұрастыру барысында балаға 2 апта бұрын қан құйылғандығы анықталды.

  1. Сіздің болжама диагнозыңыз?

  1. Безгек ауруы

  2. Түйнеме

  3. Туляремия

  1. Науқасқа делагилдің бірінші күндік мөлшері қанша?

  1. 2 таб. 1 рет

  2. 1 таб. 2 рет

  3. 2 таб. 3 рет

  1. Осы жағдайда жұғу жолын көрсетіңіз?

  1. Тағам арқылы

  2. Ауа арқылы

  3. Донор қаны арқылы

3.

Науқас, С 5 жасар , ауруханаға температурасының бірде жоғарылап бірде төмендеуіне, бас айналуына, басының қатты ауыруына, лоқсу, құсуына, ішінің ауыруына, терлегіштікке, жөтелге шағымданды.Қарап тексергенде бауыр мен көкбауыры ұлғайға, денесінде аллергиялық бөртпелер бар. Анамнез жинау барысында баласын 1 апта бұрын маса шаққаны анықталды.

  1. Сіздің болжама диагнозыңыз қандай?

  1. Оба

  2. Безгек

  3. Қызамық

  1. Осы жағдайда жұғу жолын көрсетіңіз:

  1. Тұрмыстық-контакттық

  2. Трансмиссивті

  3. Құрсақішілік

  1. Зәр анализінен не көреміз?

  1. Белок, цилиндр, микрогематурия

  2. Макрогематурия, белок

  3. Бактериоурия

4.

Балалар жұқпалы ауруханасына 8 айлық бала келіп түсті. Анасының айтуынша дене температурасының жоғарылауына, көп терлегіштікке, мазасыздығына, ішкен асын құсуына, емшектен бас тартқанына, ішінің өтуіне,баласының біраз салмақ жоғалтуына шағымданды. Қарап тексергенде терісі салқын, ылғалды, тері беті кедір-бұдыр «үйрек терісі» секілді. Сұрастыру барысында анасы жүктіліктің екінші жартысында безгек ауруымен ауырған және баласы шала туылған.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

  1. Безгек

  2. Иерсиниоз

  3. Желшешек

  1. Ары қарай баламен не істейміз?

  1. Үй жағдайында емдейміз

  2. Жұкпалы аурулар ауруханасына жатқызамыз

  3. Диагностикалық орталыққа тексеруге жібереміз

  1. Диагноздың дұрыстығын анықтау үшін қандай зерттеу жүргіземіз?

  1. Клиникалық көрінісімен шектелсек болады

  2. Жедел арада вирусологиялық зерттеу жүргіземіз

  3. Жедел арада гемагглютинация және ИФА

5.

Науқас, Қ 9 айлық бала келді. Анасының шағымдары: температурасының жоғарылауына, құсуға, мазасыздыққа, емшектен бас тартуына, жиі көгеру ұстамалардың болуына, терлегіштікке, баласының салмақ жоғалтуына шағымданды. Қарап тексергенде балада менингиальды белгілер анықталды. Анамнез жинау барысында 2 ай бұрын Өзбекстаннан көшіп келген.

1.Сіздің болжама диагнозыңыз?

  1. Листериоз

  2. Токсоплазмоз

  3. Безгек

  1. Қандай перепаратты емдеу барысында қолданбаса болады?

  1. Фансидар

  2. Аскорбин қышқылы

  3. Делагил

Қорытынды:

Безгек өте кең тараған паразитарлық аурулардың бірі сондықтан барлық елдерде осы аурудың алдын-алу шаралары қолданылуы керек. Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады. Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары эпидемиялық процестің барлық бөліктеріне сәйкес үш бағытта – инвазия қоздырғышының көзіне, берілу механизміне және тұрғындардың қабылдаушылығына сай өткізіледі. Әрбір бағыт - шаралардың жиынтығынан тұрады. Ол масаларды, оның личинкаларын жоюды, химиялық дәрілермен тұрғындардың қабылдамаушылығын көтеруді және адамдарды масалар шабуылынан қорғауды қамтиды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғ.Ғ.Құттықожанова Алматы 294-300 бет

  2. Тимченко Инфекционные болезни у детей , Санк-Петербург

  3. Учайкин В. Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. Москва 2001г

  4. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%B7%D0%B3%D0%B5%D0%BA#.D0.AD.D0.BF.D0.B8.D0.B4.D0.B5.D0.BC.D0.B8.D0.BE.D0.BB.D0.BE.D0.B3.D0.B8.D1.8F.D1.81.D1.8B

  5. http://www.eurolab.ua/diseases/2550/#about

  6. http://vse-zabolevaniya.ru/bolezni-infekcionnie-detskie/maljarija.html

7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]