Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Dokument_Microsoft_Word

.doc
Скачиваний:
48
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
108.03 Кб
Скачать

Тест

1.Тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының маңызды саласының бірі?

А)молекулалық генетика

В)медициналық генетика

С)медициналық биология

Д)молекулалық биология

Е)биология

2.Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объектілері?

А)ақуыз және нуклеин қышқылдары

В)домендер және аминқышқылдары

С)протеиндер

Д)домендер және протеиндер

Е)жасуша органоидтары

3.Дезоксирибонуклеотид қышқылының (ДНҚ) қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған ғалымдар?

А)Б.Бидл және Е.Татум

В)Ф.Жакоб және Ж.Моно

С)К.Мак Леод және М.Мак Карти

Д)Г.Гамов және О.Эйвери

Е)Ф.Крик және Дж.Уотсон

4.Ақуыздың элементтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин» деген атауды ұсынған голландия химигі және дәрігері?

А)Г.Я.Мульдер

В)Ф.Жакоб

С)Т.Сангер

Д)Г.Гамов

Е)В.Жильберг

5.Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып, үлкенді-кішілі полипептид тізбегін пайда етеді.Мұны не деп атайды?

А)ақуыздың төртінші реттік құрылымы

В)ақуыздың үшінші реттік құрылымы

С)ақуыздың екінші реттік құрылымы

Д)ақуыздың бірінші реттік құрылымы

Е)ақуыздың бесінші реттік құрылымы

6.1902-1919 жылдары ақуыз молекуласының құрылысының полипептидтік теориясын тәжірибе жасап қалыптастырған ғалым?

А)Г.Я.Мульдер

В)Э.Фишер

С)Т.Сангер

Д)Г.Гамов

Е)В.Жильберг

7.Нерв жасушаларында болатын қалыпты ақуыз?

А)приондық ақуыздар

В)гистондық ақуыздар

С)антидене

Д)домендер

Е)прион

8.Нуклеосома денешіктерінің аралығындағы ДНҚ учаскелерін не деп атайды?

А)линкерлік учаске

В)хроматин

С)үзілген учаске

Д)гистондық ақуыздар

Е)приондар

9.РНҚ-ның қызметтері жағынан неше түрі белгілі

А)6

В)5

С)4

Д)2

Е)3

10.ДНҚ молекуласының өздігінен екі еселенуі?

А)трансформация

В)транскрипция

С)репликация

Д)трансляция

Е) информосомалар

11.ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың РНҚ молекуласына көшіріліп жазылуы қалай аталады?

А)трансформация

В)транскрипция

С)репликация

Д)сайлинсинг

Е)трансляция

12.Супрессор дегеніміз не?

а) генотип

в) феноип

с) альтернативті

д) басымдық қасиет көрсететін ген

е)доминантты

13. Бір белгінің көріну дәрежесін айқындай түсуі мүмкін. Мұндай гендерді қалай атайды?

а) полигенді

в) тұқым қуалаушы гендер

с) полимерлік гендер

д) кодоминанттылық

е) көптік аллельдер

14. Аллельді емес гендердің өзара әсерлесуінің типтерін көрсет

а) комплементті, эпистаз, полимерия

в) полимерия, комплементті

с) моногибридті, дигибридті

д) делеция, инверсия

е) эпистаз, полимерия

15.Жынысты көбею дегеніміз не?

а) аналық және аталық гаметалар қосылғанда, жасуша ұрықтанады, ұрықтанған жасушалар

в) сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының өзара қосылуы

с) жасуша ядросының бөлінуі.

д) жасушалардың қосылуы

е) екі аналық жасушаға бөлінуі

16. Цитология ғылымы нені зерттейді?

А.Өсімдіктерді

В.Балдырларды

С. Жасушаны

Д.Ұлпаларды

Е.Саңырауқұлақтарды

17.Ұрықтанған жасушалар қалай аталады?

а)зигота в)мембрана с)протогенез д)митоз е)спора

18.Каспазалар қандай протеазаларға жатады?

А.Сериндік,цистеиндік

В.Пролиндік,лейциндік

С.Сериндік,пролиндік

Д.Валиндік,глутаминдік

Е.Лизиндік,цитеиндік

19.Ұрықтанған жасушалар қалай аталады?

а)зигота в)мембрана с)протогенез д)митоз е)спора

20.Сыртқы факторлар салдарынан болатын апоптоз дегенімз не?

А.Жасушаның арнайы рецепторлары арқылы берілетін жағымсыз сыртқы сигнализация.

В.Жасушаның өзінің қанағаттанарлықсыз күйде болуы.

С.Жасушаның арнайы рецепторлар арқылы берілетін жағымсыз ішкі сингнализация.

Д.Жасушаның өзінің қанағаттанарлық күйде болуы.

Е.Жасушаның ішкі факторлар салдарынан бір-бірін өлтіруі.

21.Апоптоздың ең маңызды қарулары?

А.Эндонуклеазалар

В.Каспазалар

С.Bcl2-ақуызы

Д.Bax ақуызы

Е.Bad ақуызы

22.Апоптоз дегеніміз не?

А. Ағза жасушаларының өзара түрліше ақпараттармен алмасуы және оларға тиесілі жауап қайтаруы болып табылады.

В. Заттардың цитоплазмалық мембрана арқылы сыртқа шығарылуын не жасуша ішіне өткізілуінде маңызды рөл атқарады.

С.Жасушалардың өлуі тек дегенеративтік құбылыстар, табиғи жолдар арқылы болып қоймай, сол сияқты жасушаның өзін-өзі өлтіруі болып табылады.

Д.Жасушалардың табиғи жолдар арқылы өлуі.

Е.Жасушаның өзінің қанағаттанарлықсыз күйде болуы.

23.Мейоздың телофаза сатысында қандай өзегрістер болады?

А. Ядролардағы хромосомалардың саны екі есе азаяды, жасуша цитокенез нәтижесінде екіге бөлінеді.

В. Биваленттер екі хромосомаларға ажырасып олардың әқайсысы қарама-қарсы полюске қарай тартылады.

С. Биваленттер бөлінуші жасушаның экваторына топтасады.

Д. Гамологтық хромосомалардың ширатылуы сәл-сәл жазылып,олар бір-біріне ажырай бастайды.

Е. Гамологтық хромосомалардың ширатылуы сәл-сәл жазылып,олар бір-біріне ажырай бастайды.

24.Мейоздың анафаза сатысында қандай өзгерістер болады?

А. Гамологтық хромосомалардың ширатылуы сәл-сәл жазылып,олар бір-біріне ажырай бастайды.

В. Диплойдты хромосомалар ширатыла бастайды,нашар тығыздалған жіпке ұқсайды.

С. Хромосомалар одан әрі ажырайды өте тығыз ширатылады,ядро қабықшасы ериді,ядрошық жойылады,бөліну ұршығы пайда болады.

Д. Митоздың хромосомалардың ең жоғарғы шебіне жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына шоғырланады.

Е. Биваленттер екі хромосомаларға ажырасып олардың әрқайсысы қарама-қарсы полюске қарай тартылады.

25.Сперматогенез неше кезеңнен тұрады?

А.2

В.3

С.4

Д.5

Е.6

26.Оогенез неше кезеңнен тұрады?

А.2

В.3

С.4

Д.5

Е.6

27.Митоздың анафаза сатысында қандай өзгерістер болады?

А. Митоздық хромосомалардың ең жоғарғы шебіне жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына шоғырланады.

В. Жасуша ядросында хроматин жіпшесі ширатылып,тығыздалып, жуандап, микроскоп арқылы көруге болатындай, жіпше тәрізді құрылымдарға митоздық хромосомаларға конденсацияланады.

С. Хроматидалар конденсацияланған күйде болып, бір-бірінен байланысын толық үзіп, бөлінуші жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай тартыла бастайды.

Д. Жасуша полюстеріне қарай жылжып қозғалушы хромосома жиынтығы өздерінің диплосомасына жақындап барып тоқтайды.

Е.Бұл фазада қосарланған гомологтық хромосомалар ахроматин жіпшелеріне бекиді.Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер жасушаның қарама-қарсы полюсіне ажырайды.

28.Митоздың профаза сатысында әрбір митоздық хромосома бір-біріне екі хроматидадан тұрады.Осы хроматидалар нелер арқылы бір-бірімен байланысады?

А.Тубулин ақуызы арқылы байланысады.

В. Глобулин ақуызы арқылы байланысады.

С. Гистондық ақуыздары арқылы байлансыады.

Д. Альбумин ақуызы арқылы байланысады.

Е.Когезин ақуызы арқылы байланысады.

29.Хромосома терминін кім ашқан?

А. Р.Вирхов

В. В.О.Ковалевский

С. И.П.Павлов

Д. Вальдейер

Е. Г. Мендель

30.Гаметалардың түзілу процесі қалай аталады?

А.Оогенез

В.Гаметагенез

С.Сперматогенез

Д.Сперматагония

Е.Оогония

31.Жасуша циклы дегеніміз не?

А.Өздері тікелей сигналды тізе алатын, бірақ нағыз медиаторлардың сигналды өткізу қабілетіне әсер етпейтін заттар болып табылады.

В.Жасушаның пайда болуы, өсуі, атқаратын қызметтеріне икемделуі және әрі қарай бөлінуі кезеңдерінде байқалатын құбылыстар мен үдерістер жиынтығы болып табылады.

С. Ағза жасушаларының өзара түрліше ақпараттармен алмасуы және оларға тиесілі жауап қайтаруы болып табылады.

Д. Цитоплазма бойымен бір жасушадан екіншісіне өтіп ұлпалардың беріктігін қамтамасыз ететін құрылым.

Е. Центриоль айналасында түзілетін қысқа микротүтікшелі заттар.

32.Жасуша циклы неше кезеңнен тұрады?

А.6

В.5

С.3

Д.4

Е.2

33.Гидрофильді гормондарды ата?

А. Тироксин, стероидтар

В.Ақуыздар, пептидтер және аминқышқылдары өнімдері.

С.Көмірсулар, липидтер, ақуыздар өнімдері.

Д. Норадреналин,окцитоцин

Е.Барлығы гидрофильді гормондар

34.Жасушааралық сигнализация дегеніміз не?

А.Ағза жасушаларының өзара түрліше ақпараттармен алмасуы және оларға тиесілі жауап қайтаруы болып табылады.

В.Өздері тікелей сигналды өткізе алмайтын,бірақ нағыз медиаторлардың сигналды өткізу қабілетіне әсер ететін заттар болып табылады.

С.Цитоплазма бойымен бір жасушадан екіншісіне өтіп ұлпалардың беріктігін қамтамасыз ететін құрылым.

Д.Центриоля айналасында түзілетін қысқа микротүтікшелі құрылымдар.

Е.Өздері тікелей сигналды ткізе алатын,бірақ нағыз медиаторлардың сигналды өткізу қабілетіне әсер етпейтін заттар болып табылады.

35.Эндоцитоз дегенімз не?

А.Заттардың секреторлық көпіршіктер арқылы сыртқа шығарылуы.

В.Түйіршіктердің және ірі молекулалы қосылыстардың жасушадан шығарылуы.

С.Қатты түйіршік заттардың жасушаға енгізілуі.

Д.Заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі.

Е.Еріген макромолекулалық қосылыстардың жаушаға енгізілуі.

36.Экзоцитоз дегеніміз не?

А.Түйіршіктердің және ірі молекулалы қосылыстардың жасушадан шығарылуы.

В.Еріген заттардың секреторлық көпіршіктер арқылы сыртқа шығарылуы.

С.Еріген макромолекулалық қосылыстардың жасушаға енгізілуі.

Д.Заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі.

Е.Қатты түйіршікті заттардың жасушаға енгізілуі.

37.Транслоказалар дегеніміз не?

А.Өздері өткізетін заттарға азды-көпті сай болып келетін интегралды ақуыздар.

В.Дөңгелек түйіршікті, қабырғасы бір қабат липидтерден тұратын шеткі ақуыздар.

С.Еріген рецептор импортталатын молекуланы танып, онымен байланысады да рецептор – лиганд кешенін пайда ететін ақуыздар.

Д.Өздері өткізетін заттарға азды-көпті сай болып келетін құрылымдық ақуыздар.

Е.Өздері өткізетін заттарға белсенділік қасиет беретін шеткі ақуыздар.

38.Заттардың цитоплазмалық мембрана арқылы сыртқа шығарылуын не жасуша ішіне өткізілуін қалай атайды?

А.Транслоказалар

В.Экзоцитоз

С.Мембраналық тасымалдану

Д.Трансмембраналық тасымалдану

Е.Жасушаішілік тасымалдану

39.Цитоскелеттің негізгі үш құрылымдарын ата.

А.Фосфолипидтер,сфинголипидтер,гликолипидтер.

В.Микротүтікшелер, актин филаменттер, аралық филаменттер.

С.Рецепторлы,эффекторлы,медиаторлы.

Д.Пиноцитоз,фагоцитоз,эндоцитоз.

Е.Гистамин,тромбин,интерлейкин.

40.Лизосомалар дегеніміз не?

А.Жасушаішілк асқорыту қызметін атқаратын органеллалар.

В.Өте ұсақ, қос қабат мембранамен шектелген және гиалоплазманы өне бойы тарамданып тесіп өтіп,торланып орналасқан,цитоплазманың үлкен көлемін алып жатқан органеллалар.

С.Көптеген эукариоттық жасушаларда кездесетін,жеке-жеке орналасқан,мембранамен қоршалған органеллалар.

Д.Жасушаның энергетикалық орталығы болып табылатын органеллалар.

Е.Жасушаның ең үлкен органеллалары.

41.Цитоскелет дегеніміз не?

А.Ұзын және түзу,бір ұшымен центромераға байланысқан,Гольджи кешенінің жанында орналасқан құрылымдар.

В.Жеке полимерлерге полимерленген микротүтікшелерден ерекше,бір бірімен әртүрлі актин байланыстырушы ақуыздар арқылы талшықтарға не бумаға топтасқан құрылымдар.

С.Цитоплазма бойымен бір жасушадан екіншісіне өтіп ұлпалардың беріктігін қамтамасыз ететін құрылымдар.

Д.Жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын,ерімейтін ақуыздар кешені.

Е.Барлық жасушаларда кездесетін өте жұқа,жалпақ,мембраналық қалташықтар жиынтығы – диктисома болып табылатын кешен.

42.Эндоплазмалық торды ашқан ғалым.

А.Р.Броун

В.Ч.Дарвин

С.А.Портер

Д. В.О.Ковалевский

Е.И.И.Шмальгаузен

43.Эндоплазмалық тордың құрылысы, қызметтері бойынша қандай түрлері белгілі?

А.Домалақ,сопақша эндоплазмалық тор.

В.Тегіс,кедір-бұдыр эндоплазмалық тор.

С.Ұзын,қысқа эндоплазмалық тор.

Д.Қос жіпшелі,бір жіпшелі эндоалазмалық тор.

Е.Кіші,үлкен эндоплазмалық ор.

44.Зат алмасу барысында қорғаныштық қызмет атқаратын органоиды

А.Лизосома

В.Жасуша орталығы

С.Рибосома

Д.Метохондрия

Е.Жасуша мембранасы.

45.Ақуыздың жасушада синтезделінуі қай органоидта жүреді?

А.Рибосомада

В.Лизосомада

С.Митохондрияда.

Д.Ядрода

Е.Жасуша орталығында

46.Барлық жасушада кездесетін өте жұқа, жалпақ, мембраналық қалташықтар жиынтығы-диктисома болып табылатын органоид.

А.Митохондрия

В.Лизосома

С.Гольджи кешені

Д.Рибосома

Е.Эндоплазмалық тор

47.Эндоплазмалық тор дегеніміз не?

А. Барлық жасушаларда кездесетін өте жұқа,жалпақ,мембраналық қалташықтар жиынтығы-диктиосомасы бар органелла.

В. Жасушаның міндетті органелласы,ол жасушаның энергетикалық орталығы болып табылады.

С.Өте ұсақ,қос қабат мембранамен шектелген және гиалоплазманы өне бойына тарамданып тесіп өтіп,торланып орналасқан,цитоплазманың үлкен көлемін алып жатқан микроарнашықтар мен микроқуыстар жүйесі.

Д. Жасушаның ең үлкен органелласы.

Е. Көптеген эукариоттық жасушаларда кездесетін,жеке-жеке орналасқан,мембранамен қоршалған органелла.

48.Ядроны 1931 жылы кім ашты?

А. А.Портер

В.Р.Гук

С.Р.Броун

Д.И.П.Павлов

Е.С.П.Боткин

49.Ядро құрылысы неден тұрады?

А.ядро қабықшасы,ядро матриксі, хроматиннен, ядро шырынынан,ядрошықтан тұрады.

В.ядро қабықшасынан,митохондриядан,хроматиннен, ядрошықтан тұрады.

С.ядро қабықшасынан, ядро матриксінен, лизосомадан, ядро шырынынан тұрады.

Д.ядро матирксінен,ядро шырынынан,ядрошықтан,лизсомадан,хроматиннен тұрады.

Е.ядрошықтан, ядро шырынынан, митохондриядан,цитоплазмалық мембранадан, ядро матриксінен тұрады.

50.Ядролық пора кешенінің негізгі қызметі?

А.ядро ішіне және ядро сыртына заттардың үнемі өткізілуін қамтамасыз етеді.

В.ядродағы ақуыздың синтезделуіне қатынасады.

С.тірек қызметі мен зат алмасуы қызметін атқарады.

Д.жасушаға қажетсіз зиянды заттарды ыдыратады.

Е.ядро және оның құрамдас бөлігі хромосомалар арқылы генетикалық ақпаратты сақтайды.

51. Энергия көзі – АТФ молекуласын және нәруыз, РНҚ молекулаларын синтездеуші органоид.

А.ядро

В.эндоплазмалық тор

С.цитоскелет

Д.пероксисома

Е.митохондрия

52.Жасуша құрылысына қарай қалай бөлінеді?

А.кедір-бұдырлы және тегіс

В.полимерлі және полигенді

С.прокариотты және эукариотты

Д.гидрофобты және гидрофильді

Е.полярлы және полярлы емес

53.Органеллалар дегеніміз не?

А.тіршіліктің ең ұсақ және құрылымдық-қызметтік бірлігі.

В.ядро қабықшасына жақын орналасқан бос денешік.

С.гистидин аминқышқылының декарбоксилдену өнімі.

Д.жасушада үнемі, тұрақты түрде кездесетін, белгілі құрылысқа ие және нақты қызметтерді атқаратын құрылым.

Е.ұзын және түзу,бір ұшымен центромераға байланысқан,Гольджи кешенінің жанында орналасқан құрылым.

54. Биоценоз дегеніміз не?

а) Өсімдіктердің,жануарлардың,микроағзалардың өзара қарым-қатынаста болып, атмосфера, гидросфера, литосфера компоненттерімен тікелей байланысып,тұрақты не құбылмалы қауымдастық күйнде тіршілік етуі.

в) Екі түр ағзаларының селбесіп тіршілік етіп,өзара пайда келтіруі.

с) Даралардың мекен-жайында оларға әсер ететін элементтер жиынтығы.

д) Бір жерде ұзақ уақыт мекендейтін тірі ағзалар жиынтығы.

е) Адамдардың сыртқы ортаның ұзаққа созылған өзгерістеріне бірте-бірте бейімделіп,ал қысқа мерзімде күрт өзгерістерге бейімделе алмауы.

55. Антропоэкологиялық жүйелердің пайда болуын және олардың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым қалай аталады?

а) Экология

в) Фармакогенетика

с) Адамның экологиялық генетикасы

д) Адам экологиясы

е) Валеология

56. Панмикстік популяциялардағы генетикалық үдерістерді кім сипаттады?

а) И.Кельрейтер, Т.Найт

в) В.Сэттон, К.Корренс

с) К.Мак Леод, М.Мак Карти

д) Дж. Уотсон, Ф.Крик

е) Г.Харди, В.Вайнберг

57.Харди – Вайнберг заңының неше қағидасы бар?

а) 7

в) 3

с) 5

д) 4

е) 2

58. Туысқандар арасындағы некелесу қалай аталады?

а) панмиксия

в) пробант

с) инбридинг

д) генофонд

е) миграция

59. Кейбір шағын популяциялардың ұрпақтар қатарларында аллельдер жиілігінің кездейсоқ өзгерулерін қалай атайды?

а) гендер дрейфі

в) гендер ағыны

с) мутациялық үдеріс

д) инбридинг

е) миграция

60. Гомеозис терминін енгізген кім?

а) К.Корренс

в) В.Иогансен

с) К. Мак Леод

д) У.Бэтсон

е) Ф.Крик

61. Популяциялардың көптүрлілігің және осы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасында, ареалдың бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика саласы?

а) медициналық генетика

в) онкогенез генетикасы

с) жеке даму генетикасы

д) популяциялық генетика

е) адам популяцияларының генетикасы

62. Популяциялық генетиканың мақсатын көрсетіңіз?

а) популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып табылады

в) тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті зерртеп, тіршілікткің заңдылықтарының сырын ашу

с) мекен орта факторларының тұқым қуалаушылыққа тигізетін әсерлерін зерттеу

д) адам ағзасының дәрі – дәрмекке қарсы тұқым қуалайтын реакцияларын зерртеу

е) тұқым қуалайтын ауруларды алдын алу және болдырмау

63. Екі не үш қабатты ұрық пайда болу құбылысы?

а) трофобласт

в) нейрулла

с) гаструляция

д) эмбриобласт

е) гастрюцель

64. Гастроцель сыртқы ортамен қандай тесік арқылы байланысады?

а) астауша

в) бластопор

с) инвагенация

д) бластоцель

е) дискобластула

65. Даралардың ұрықтанбай даму түрін көрсетіңіз?

а) филогенез

в) тура даму

с) түрленіп даму

д) онтогенез

е) партеногенез

66. Жұмыртқа жасушасында тиесілі градиенттер түзілгеннен кейін ол ұрықтанады, содан кейін зигота бөлшектеніп қандай қабат түзеді?

а) гаструлла

в) бластомерлер

с) нейрулла

д) морула

е) бластула

67. Гендердің көптеген полимерлер күйінде көбейтіліп жинақталуы?

а) морула

в) гомеозистық гендер

с) инвагенация

д) гендердің амплификациясы

е) нейруляция

68. Бластула қабатының сұйықтыққа толтырылған қуысын атаңыз?

а) бластодерма

в) амфлибластула

с) бластопор

д) бластоцель

е) инвагенация

69. Ұрық қабаттарын тесіп, жатыр сұйықтығын сорып алып, оның құрамындағы бала жасушаларын зерттеуге арналған әдіс?

а) инвазиялық емес

в) амниоцентез

с) кордоцентез

д) плацентобиопсия

е) ультрадыбыс арқылы зерттеу

70. Ағзаның жеке дамуы?

а) онтогенез

в) прогенез

с) онкогенез

д) популяция

е) филагенез

71. Ұрық пайда болғанға дейінгі кезең қандай сатылардан тұрады?

а) ұрықтық саты

в) спермотогенез, оогенез

с) гастрюляция,

д) инвагенация

е) нейруляция

72. Ағза топтарының, яғни систематикалық топтардың ағза мүшелері мен мүшелер жүйесінің тарихи дамуы қалай аталады?

а) прогенез

в) филагенез

с) онтогенез

д) тура даму

е) ағзалардың өсуі

73. Жүктіліктің 7-16 апталығы арасында хорионның не плацентаның шамалы бөлігін бөліп алып, зерттеуге арналған әдіс ?

а) амниоцентез

в) хорион мен плацентобиопсия

с) кордоцентез

д) ультрадыбысты

е) лаваж

74. Популяциялардың көптүрлілігің және осы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасында, ареалдың бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика саласы?

а) медициналық генетика

в) онкогенез генетикасы

с) жеке даму генетикасы

д) популяциялық генетика

е) адам популяцияларының генетикасы

75. Популяциялық генетиканың мақсатын көрсетіңіз?

а) популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып табылады

в) тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті зерртеп, тіршілікткің заңдылықтарының сырын ашу

с) мекен орта факторларының тұқым қуалаушылыққа тигізетін әсерлерін зерттеу

д) адам ағзасының дәрі – дәрмекке қарсы тұқым қуалайтын реакцияларын зерртеу

е) тұқым қуалайтын ауруларды алдын алу және болдырмау

76. Пренатальдық диагностика дегеніміз не?

а) жүктіліктің 20 аптасында құрсақтағы баланың кіндік бауынан шамалы мөлшерде қан сорылып алыну

в) Ұрықтың жатыр қабырғасына бекінгенге дейінгі диагностикасы

с) жанұяда ауру балалардың дүниеге келуінің алдын алуға бағытталған шаралар кешені

д) ұрық қабаттарын тесіп, жатыр сұйықтығын сорып алу

е) хорионның не плацентаның шамалы бөлігін бөліп алу

77. «Бақытты қуыршақ бейнесіндегі синдром» деп қай синдромды атайды?

а) Прадер – Вилли синдромы

в) «Мысықша мияулау» синдромы

с) Патау синдромы

д) Энгельман синдромы

е) Крейтцфельд – Якоб синдромы

78. Есте сақтау қабілетінің күрт төмендеуі, сөйлеу, жазу, кеңестікте бағдарлау қабілеттерінің бұзылуы қай аурудың сипаттмалары?

а) Альбинизм

в) Эссенциалдық гипертензия

с) Атеросклероз

д) Фенилкетонурия

е) Альцгеймер

79. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің қандай әдістерін қолданады?

а) симптомдық, патогенетикалық, этиотроптық әдістер

в) пренатальдық диагностика

с) мүшелік принцип, тұқым қуалау типі және патогенез тетіктерінің ұқсастығы принциптері бойынша

д) цитогенетикалық әдістер

е) инвазиялық әдістер

80. Митохондриялардың құрылысының және биохимиялық үрдістерінің бұзылулары нәтижесінде дамитын тұқымқуалаушылық ауруларының үлкен тобы?

а) Мендель заңдарынан ерекше тұқым қуалайтын аурулар

в) Қайталанатын үш нуклеотидтер экспансиясы

с) Моногендік аурулар

д) Геномдық импринтинг

е) Митохондриялық аурулар

81. РНҚ –ға тән емес нуклеотидті көрсетіңіз

А) Т

В) Г

С) Ц

Д) У

Е) А

82. Қыз балаларды жатырдың имек болуы, ұлдардың ұмаларының өзгеруыі, ақыл – естерінің кем, тоқ ішектің ауытқуы, қосымша көкбауыр кездесуі қай синдромның сипаттары?

а) Шерешевский –Тернер синдромы

в) Даун синдромы

с) «Мысықша мияулау»

д) Патау синдромы

е) Эдвардс синдромы

83. Бойлары аласа, шүйдесі тегіс, бас сүйектері кішкентай трахицефальді, эпикант дамыған қай синдромның фенотиптік сипаттары?

а) Патау синдромы

в) Эдвардс синдромы

с) Шерешевский – Тернер синдромы

д) Даун синдромы

е) Клайнфельтер синдромы

84. Анеуплоидия дегеніміз не?

а) хромосома санының еселеп өсуіне байланысты геномдық мутация

в) хромосоманың бір учаскесінің түсіп қалуы

с) аутосомдардың не жыныс хромосомаларының сандарының бір немесе бірнеше хромосомағы ауытқуы салдарынан болуы

д) хромосомалардың бір учаскесінің екі еселенуі

е) хромосома санының өзгеруі

85. Хромосома санының өзгеруі мутацияның қай түріне жатады?

а) геномдық мутация

в) хромосомалық мутация

с) гендік мутация

д) мажорлық мутация

е) реттеуші мутация

86. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері ДНҚ,РНҚ молекуларының құрылыстарын,қызметтерін зерттейтін молекулалық биология ғылымының бір бөлігі?

А)протеомика

В)геномика

С)прион

Д)Фолдинг

Е)домендер

88.Жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім?

А)протеомика

В)геномика

С)прион

Д)Фолдинг

Е)домендер

89.Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы қай жылдан басталады?

А)1950 жылы

В)1951 жылы

С)1952 жылы

Д)1953 жылы

Е)1954 жылы

90. Фенотип дегеніміз не?

а) доминантты аллельдің рецессивті аллельдің толық бастырмалай алмауы

в) бір аллельді геннің фенотиптік байқалуының екінші бір аллель арқылы бастырмалануы

с) бір аллельді геннің екінші аллельді геннің әрекетін бастырмалау

д) ағзалардың белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы

е) жасушаның диплоидтық хромосома санындағы гендер жиынтығы

91. Фенотип, генотип терминдерін ғылымғы енгізген кім?

а) В.Иогансен

в) Г.Мендель

с) Т.Морган

д) О.Эйвери

е) Г.Фриз

92. Доминантылық дегеніміз не?

а) бір аллельді геннің фенотиптік байқалуының екінші бір аллель арқылы бастырмалануы

в) екі не оданда көп аллельді емес доминантты гендердің жаңа белгіні дамытуы

с) бірдей аллельге ие дараларда белгінің фенотиптік байқалуы жиілігі

д) бірдей аллельге ие болатын дараларда белгінің байқалу дәрежесі

е) бір аллельді геннің екінші аллельді геннің әрекетін бастырмалауы

93. Рецессивтік дегеніміз не?

а) ағзалардың белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы

в) бір аллельді геннің фенотиптік байқалуының екінші бір аллель арқылы бастырмалануы

с) бірдей аллельге ие дараларда белгінің фенотиптік байқалу жиілігі

д) жасушаның диплоидтық хромосома санындағы гендер жиынтығы

е) доминантты аллельдің рецессивті аллельдің толық бастырмалай алмауы

94. Ағзалардың белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы

а) генотип

в) толық емес доминанттылық

с) аса жоғары доминанттылық

д) комплиментарлық

е) фенотип

95. Генетика нені зерттейтін ғылым?

а) тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті

в) популяциялардың көп түрлілігінің және осы көп түрліліктің ұрпақтар жалғасында ареалдың әртүрлі бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын

с) адам потологиясындағы генетикалық факторлардың рөлін зерттейді

д) әрбір адамның генетикалық ерекшеліктерін

е) ағзаның жеке дамуы

96.Генетикалық материалдың өзгеруі не деп аталады?

А)мутация

В)трисомия

С)моносомия

Д)полиплоидия

Е)анеуплоидия

97.Ата-аналар хромосомасының біреуінің белгілі бір локусын дифференциалды таңбалап, сол жерде орналасқан гендердің экспрессиясын болдырмайтын эпигенетикалық құбылыс?

А)мутация

В)генетикалық импринтинг

С)иондау

Д)полиплоидия

Е)анеуплоидия

98.Молекула құрамындағы қателіктердің, бұзылыстардың жөнделуі қалай аталады?

А) ДНҚ репарациясы

В)репликация

С)мутация

Д)анеуплоидия

Е)полиплоидия

99.Делеция дегеніміз не?

А) хромосоманың бір учаскесінің қиылып 180°-қа айналып орналасуы

В)генетикалық материалдың өзгеруі

С)диплоидтық хромосома жиынтығында бір жұп хромосоманың болмауы

Д)хромосоманың бір учаскесінің жойылып түсіп қалуы

Е) хромосомалардың бір учаскесінің екі еселенуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]