Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ТЕСТ Экз. тест каз 2012 сонгы 1001 00

.doc
Скачиваний:
430
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.28 Mб
Скачать
  • +2 аптаға дейін

  • 2 тәулікке дейін

  • 1 тәулікке дейін

  • жарты айдан 1,5 айға дейін

  • 3 аптаға дейін

! Доғалы протездің кламмерлері қандай бөліктен тұрады?

  • иық, дене, окклюзиялық бастырма

  • дене, өскін, иық

  • +дене, иық, өскін, окклюзиялық бастырма

  • окклюзиялық бастырма, өскін, доға

  • өскін, иық, доға

! Егер тіс сауытының пішіні дұрыс болса, бірақ тіс қатарындағы басқа тістерге қарағанда қисайып тұрса немесе қисайған қалпында бұрылып тұрса, тірек тістегі «шолу сызығы» қандай топографиялық жағдайда болады?

  • бел ортада болады

  • төменде болады

  • биікте болады

  • +диaгональді бағытта болады

  • жоғарыда болады

5.1. Толық алмалы-салмалы пластиналы протезді отырғызғаннан кейін сөйлеу қызметі бұзылса не істеу керек?

1. жаңа протез дайындау керек

2. протез жиегін қысқарту керек

3. ауызды шаю керек

4. +жоғарғы жақ протездің алдыңғы тістер аймағына коррекция жасау керек

5. протезді жылтырату керек

5.2. Науқас К-ға толық алмалы-салмалы пластиналы протезді отырғызғаннан кейін сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Курляндский бойынша бейімделу фазасын көрсетіңіз?

    1. тітіркендіру

    2. +жартылай тоқтау

    3. толық тоқтау

    4. қозу

    5. тежелу

5.3. Толық алмалы-салмалы пластиналы протездің бекітілуі (фиксациясы) мен орнығуы (стабилизациясы) неге байланысты емес?

    1. тірек тістер санына

    2. кламмердің орналасуына

    3. қатты таңдай күмбезінің тереңдігіне

    4. альвеола өсіндісінің семуіне

    5. +тісжегі дәрежесіне

5.4. Функциональді сорғыш қағидасы неге негізделген?

    1. шырышты қабықтың макро және микро бедерінің ізін алуға негізделген

    2. +протез астынан ауаның сорылып алуына негізделген

    3. сілекейдің желімдегіш қасиетіне негізделген

    4. протез базисінің бедеріне сәйкес келуіне негізделген

    5. протез базисінің көлемін үлкейтуге негізделген

5.5. Жоғарғы жақтың вестибулярлы бетіндегі протез базисінің шекарасы қандай болу керек?

    1. +шырышты қабықтың жылжымалы тұсын шамалы жабатын болу керек

    2. шырышты қабықтың жылжымалы тұсын айтарлықтай жабатын болу керек

    3. шырышты қабықтың жылжымалы тұсына шамалы жетпеу керек

    4. өтпелі қатпар күмбезін жабатын болу керек

    5. өтпелі қатпар күмбезін толық жабатын болу керек

5.6. Алмалы-салмалы протездің бекуі (фиксациясы) дегеніміз не?

    1. +бет-ауыздың тыныштық күйінде протезді жақ сүйекке салу, бекіту

    2. протезді функционалді сорғыштық әдіспен жақ сүйекке салу,бекіту

    3. тамақты шайнаған кезде протездің жақ сүйектен шығып кетуі

    4. жақ сүйектің қосымша қимыл-қозғалысы кезінде протездің жақ сүйектегі тұрақтылық күйі

    5. тамақты шайнаған кезде және шайнамаған тыныштық күйдегі жақ сүйектің күйі

5.7. Тісі түгел түсіп қалған науқастың түрі өзгере ме?

    1. өзгереді, жұмсақ тіндердің домбығуынан беті қисаяды

    2. өзгереді, иегі мен астыңғы ерін бір шама шығып кетеді, астыңғы жақ сүйегі ұзарып кетеді, жоғарғы ерні салбырап кетеді

    3. өзгереді, бетінің төменгі жағы үлкейеді, жоғарғы ерні ашық болады немесе жұқарады, мұрынның екі жағындағы қатпар қисаяды, аузы сәл ашық болады

    4. +өзгереді, беті кәрілік кейіпке түседі, мұрынның екі жағындағы және иегінің астыңғы қатпарлары ойылып кетеді, екі езуі салбырап кетеді, бетінің төменгі үштен бір бөлігі әжептәуір қысылады

    5. өзгермейді, науқастың келбеті қалыпты жағдайда болады

5.8. Тісі түгел түсіп қалған науқасты тексеріп қарағанда неге азу тістің сырт (ретромоляр) жағына көңіл бөлінуі тиіс?

    1. өйткені ол жақты тексеру қиын

    2. +өйткені ол протездің мөлшерін ұлғайту үшін керек

    3. өйткені ол араға қасық жетпейді

    4. өйткені ол арада патологиялық түзілістер жиі кездеседі

    5. өйткені ол арада жара болуы мүмкін

5.9.Жоғарғы жақтағы шырышты қабықтың ең батымды жері қайсы?

    1. қатты таңдайдың алдыңғы үштен бірі

    2. қатты таңдайдың ортаңғы үштен бірі

    3. +қатты таңдайдың артқы үштен бірі

    4. алвеола өсіндісінің қыры

    5. жұмсақ таңдайдың беті

5.10. Жоғарғы жақтан алынған анатомиялық қалыпты қарап бағалағанда алвеола төмпешігі түспей қалғандығы байқалады. Енді не істеу керек?

    1. жеке-дара қасық жасау үшін қалыпты тіс техникалық зертханасына беру керек

    2. көлемі кішілеу қасықпен қайта қалып алу керек

    3. басқа қалыптық жадығатпен қайта қалып алу керек

    4. +қалыптық қасықтың дистальді шетін балауызбен жиектеп барып қайта қалып алу керек

    5. қасықтың ернеуін (бортын) базисті балауызбен ұзарту керек

5.11. Толық алмалы-салмалы протезді зертханада жасаудың ретін атаңыз:

A) ғаныштан мүсін құю тістем биіктері бар балауыз базис жасау

B) жасанды тістерді орналастырып шығу

C) мүсін құю, жеке дара қасық жасау

D) базисті соңғы рет мүсіндеу, балауызды пластмассаға ауыстыру

E) дайын протезді өңдеу, тегістеу орын жылжытуын атау

1. B, A, C, D, E

2. C, D, E, A, B

3. D, E, A, B, C

4. +C, A, B, D, E

5. E, D, C, B, A

5.12. Қай ғалым электронды-вакуумды аспап көмегімен шырышты қабықтың басымдылығын (податливость) анықтаған?

    1. Катц

    2. Оксман

    3. Гаврилов

    4. +Кулаженко

    5. Курляндский

5.13. Қатты таңдай шырышты қабығының басымдылығы (податливость) неге байланысты?

    1. протезді пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты

    2. шайнау бұлшықет қызметтерінің өзгеруіне байланысты

    3. альвеолалық өскіннің семуіне байланысты

    4. науқастың жасына байланысты

    5. +қан тамырларының қызметіне байланысты

5.14. Жеке-дара қасықты қалай, қайда жасауға болады?

    1. зертханалық (лабораториялық) жолмен жасауға болады

    2. клиникада жасауға болады

    3. +клиникалық және зертханалық (лабораториялық) жолмен жасауға болады

    4. жасамауға болады

    5. құю бөлмесінде жасауға болады

5.15. Жеке-дара қасықты жасау үшін қандай жадығаттар (материалдар) жиі пайдаланылады?

    1. балауыз

    2. +пластмасса

    3. шеллак

    4. металл

    5. ғаныш

5.16. Бірінші клиникалық кезеңде қандай қалып алынады?

    1. функционалды қалып

    2. компрестік қалып

    3. +анатомиялық қалып

    4. қысымды ыдырататын қалып

    5. қысым алынатын қалып

5.17. Функциональді қалыпты алғанда қандай масса қолданылмайды?

    1. звгеномырышты сықпа

    2. +силиконды масса

    3. тиоколды масса

    4. эластикалық масса

    5. альгинатты масса

5.18. Мүлде тісі жоқ науқасты тексергенде қандай әдіс негізгі әдіске жатпайды?

    1. сұрау әдісі

    2. тексеру әдісі

    3. пальпация әдісі

    4. +R – графия әдісі

    5. сырқатнама толтыру

5.19. Протезді бекіте алатын қандай әдіс ең маңызды болып саналады?

    1. физикалық әдіс

    2. +физикалық-биологиялық әдіс

    3. механикалық әдіс

    4. хирургиялық әдіс

    5. физикалық-механикалық әдіс

5.20. Жеке-дара қасық не үшін керек?

    1. анатомиялық қалып алау үшін керек

    2. тістем білігі бар балауыз базисті әзірлеу үшін керек

    3. функциональді қалып әзірлеу үшін керек

    4. +функциональді-сорғыш қалып әзірлеу үшін керек

    5. протездің базисін жасау үшін керек

5.21. Функциональді-сорғыш қалыптың ернеуі қалай қалыптасуы керек?

    1. +Гербстің функциональді сынамасының көмегімен қалыптасуы керек

    2. ауыз тіндерінің емін-еркін қозғалысының көмегімен қалыптасуы керек

    3. шайнау қозғалысының көмегімен қалыптасуы керек

    4. ымдау қозғалысының көмегімен қалыптасуы керек

    5. тыныштық күйде қалыптасуы керек

5.22. Функциональді қалыпты аларда нені ескерген жөн?

    1. +әр аймақтағы шырышты қабықтың қалпына келгіштігін ескерген жөн

    2. альвеолалық өскіннің сему дәрежесін ескерген жөн

    3. томпақ сүйектер (торус) мен экзостардың (шордың) болуын ескерген жөн

    4. мұндайда адамның қатты құсқысы келетінін ескерген жөн

    5. шырышты қабықтың өткізгіштігін ескерген жөн

5.23. Жеке-дара қасықтың алшақтау (дистальді) шетінің шекарасы жоғарғы жақ сүйектің қай бөлімінде анықталады?

    1. «А» сызығында 1-2 мм жетпей аяқталуы керек

    2. +қасықтың шеті тұйық тесіктерді 1-2 мм-ге жабуы тиіс

    3. «А» сызығының бойында аяқталады

    4. «А» сызығын жұмсақ таңдайға қарай 5-6 мм-ге жабуы тиіс

    5. торустың тұсында

5.24.Суппле жіктемесі шырышты қабықтың қандай қасиетін танып білуге негізделген?

    1. қалған тістердің жағдайына негізделген

    2. +протез орнындағы шырышты қабықтың түріне (типіне), батымдылығына

    3. таңдайдағы томпақ сүйек (торус) жағдайына негізделген

    4. жоғарғы жақ сүйек төмпешіктерінің жағдайына негізделген

    5. альвеоларалық өсінділер қырының жағдайына негізделген

5.25. Люнд шырышты қабықтың қандай қасиетін анықтады?

    1. жылжымалы қасиетін анықтады

    2. +басымдылық (податливость) қасиетін анықтады

    3. түсін анықтады

    4. семуін анықтады

    5. шырышты қабық бетіндегі түзілісті анықтады

5.26. «Бейімделу» атауы (термині) қандай мағына береді?

    1. артикуляция деген мағына береді

    2. +протезге үйрену деген мағына береді

    3. физиологиялық тістем деген мағына береді

    4. тітіркену деген мағына береді

    5. жиырылу деген мағына береді

5.27. Дайын болған протездің сапасы, тиімділігі қалай анықталады?

    1. сөздің анықтығына, тазалығына қарап анықталады

    2. оның жақ сүйекке дұрыс бекуіне қарап анықталады

    3. науқастың сыртқы пішінін қаншалықты келтіруіне қарап анықталады

    4. +науқастың протезбен ішетін тағам түріне қарап анықталады

    5. науқастың түріне қарап анықталады

5.28. Қандай аймақты Люнд орталықты фиброзды аймақ деп атаған?

    1. қатты таңдайды атаған

    2. жұмсақ таңдайды атаған

    3. альвеолалық өсіндіні атаған

    4. таңдайдың томпақ сүйегін (торусты) атаған

    5. +сагитальді жік аймағын атаған

5.29. Қандай аймақты Люнд бездік аймақ деп атаған?

    1. қатты таңдайдың алдыңғы үштен бір бөлігін солай атаған

    2. +қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігін солай атаған

    3. қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігін солай атаған

    4. сагитальді жік аймақ бөлігін солай атаған

    5. вертикалды жік аймақ бөлігін солай атаған

5.30. Буферлік аймақ деген не?

    1. жұмсақ таңдай аймағы

    2. +қатты таңдайдың шырышты қабығының қан тамырлары жағы

    3. альвеолалық өскіннің шырышты қабығы

    4. жоғарғы жақ сүйек төмпешігі

    5. төменгі жақ сүйек төмпешігі

5.31. Тіссіз жақ сүйекке И.М.Оксман қандай жіктеу ұсынды?

    1. жоғарғы жақ сүйекке

    2. +жоғарғы және төменгі жақ сүйекке

    3. төменгі жақ сүйекке

    4. жоғарғы жақ сүйектің шырышты қабығына

    5. төменгі жақ сүйектің шырышты қабығына

5.32. Оксман тіссіз жақ сүйектің қанша түрін ұсынды?

    1. +4 түрін

    2. 5 түрін

    3. 3 түрін

    4. 6 түрін

    5. 2 түрін

5.33. Жақ сүйектің қай түрінде тіссіз жақ сүйектің альвеоларалық өскіні мен төмпешігінің биіктігі байқалады?

    1. 3-түрінде

    2. 4-түрінде

    3. 5-түрінде

    4. 2-түрінде

    5. +1-түрінде

5.34. Тіссіз жақ сүйектің қай түрінде альвеоларалық өсінді әр түрлі болып семеді?

    1. 1-түрінде

    2. 2-түрінде

    3. 3-түрінде

    4. +4-түрінде

    5. 5-түрінде

5.35. Жымию сызығы неге сәйкес келеді?

    1. +жоғарғы тіс мойындарына, сәл одан жоғары болуы мүмкін

    2. жоғары тіс мойындарына, сәл одан төмен болуы мүмкін

    3. жоғары тістердің кесу қырына тең болуы мүмкін

    4. төменгі тістердің кесу қырына тең болуы мүмкін

    5. төменгі тіс мойындарына, сәл одан төмен болуы мүмкін

5.36. Жымию сызығы қандай мақсатпен жүргізіледі?

    1. тістерді түсіне қрай таңдау мақсатымен

    2. тістерді еніне қарай таңдау үшін

    3. +тістерді биіктігіне қарай таңдау үшін

    4. тістерді түріне қарай таңдау үшін

    5. тістерді көлеміне қарай таңдау үшін

5.37. Төменгі жақ сүйектің альвеолалы өсіндісінің сему ерекшеліктері қандай?

    1. өсіндісінің ерінге қараған беті көбірек семеді

    2. +өсіндісінің тіл жақ беті көбірек семеді

    3. өсіндісінің ерінге қараған беті де, тіл жақ беті де бір қалыпты семеді

    4. сему альвеола өсіндісінің ұшында анығырақ байқалады

    5. сему өсіндісінің табанында байқалады

5.38. Кәрілік кем иектің («старческая прогения») қалыптасуына қандай жағдайлар себеп болады:

    1. +жоғарғы және төменгі жақ сүйек альвеолалық өсіндісінің сему ерекшеліктері себеп болады

    2. төменгі жақ сүйектің алға қарай жылжуы себеп болады

    3. буын шұңқырындағы буын басының орналасу жағдайының өзгеруі себеп болады

    4. төменгі жақ сүйектің артқа қарай жылжуы себеп болады

    5. шықшыт буынының ауруы себеп болады

5.39. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектегі барлық тісі түгел жоқ науқастың бет-келбетін не үшін анықтау керек?

    1. жалпы анықтаудың керегі жоқ

    2. +әр бет-келбетке тістердің түрі сәйкес болғандықтан анықтау керек

    3. протездің құрылымын таңдау үшін керек

    4. тістем (прикус) биіктігін анықтау үшін керек

    5. жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін керек

5.40. Кіші азу тіс тұсындағы экзостозы бар төменгі жақ сүйекке толық алмалы-салмалы протез салынғанда науқас оның аузын жарақаттағанын айтқан. Протезді жасау жолының қай кезеңінде (клиникалық, зертханалық) қателіктер кеткен?

    1. +ғаныштан мүсін жасағанда экзостоз фольгамен бөлінбеген, протезде экзостоз жатқан жерге сай кертпе жасалмаған, протезді шақтап кигізіп көру әрі тапсыруды, көшірме қағаз арқылы тексермеген

    2. жақ сүйектегі экзостаздар көшірме қағазбен бөлінбеген

    3. протез жасағанда оның кіші азу тіс тұсында қызыл етке бататындай етіп жасалған

    4. дұрыс құйылмаған мүсінде экзостоз көрінбей қалған

    5. функциональді қалыптың дұрыс шықпауы, протез табанының бедерінің анық болмауы

5.41. Тіссіз ауыздың протезіне жасанды тіс салғанда қандай әдіс жиі қолданылады?

    1. Гизи әдісі қолданылады

    2. Сфералық жазықтық әдісі қолданылады

    3. Ганау әдісі қолданылады

    4. +Васильев әдісі қолданылады

    5. Гельфанд-Катц әдісі қолданылады

5.42. Тіссіз жақ сүйектен жұмыстық қалыпты алу не үшін керек?

    1. окклюзиялық білігі бар балауыз табанды (базисті) жасау үшін керек

    2. +жеке дара қасықты дайындау үшін

    3. модельді (мүсін) құю үшін керек

    4. орталық окклюзияны анықтау үшін керек

    5. жақ сүйектің ара қатынасын анықтау үшін

5.43. Тіссіз жақ сүйектің қызыл еті «салпық жота» болғанда қалыпты қандай әдіспен алған дұрыс?

    1. кәдімгі анатомиялық қалып әдісімен алған дұрыс

    2. компрессиялық қысым әдісімен алған дұрыс

    3. +қысымды жеңілдету әдісімен алған дұрыс

    4. құрамалы әдіспен алған дұрыс

    5. функционалды қалып әдісімен алған дұрыс

5.44. Мүлде тісі жоқ жақтан анатомиялық қалып алғанда қандай қасық қолданылады?

    1. жеке дара қасық

    2. +мүлде тісі жоқ жаққа арналған темір қалыпты (стандартты) қасық

    3. балауыз қасық

    4. пластмасса қасық

    5. тесігі бар пластмасса қасық

5.45. Тіс түгел түсіп қалғанда қандай қосымша тексеру әдістерін қолдануға болады?

    1. +шайнау бұлшықеттерінің электормиографиясын қолдануға болады

    2. ЗОД-ты қолдануға болады

    3. эхоостеометрияны қолдануға болады

    4. Рубинов сынамасын қолдануға болады

    5. гнатодинаметрияны қолдануға болады

5.46. Кампердің горизонталь сызығына түсінік беріңіз:

    1. тіс қатарының окклюзиялық бетіндегі сызық

    2. мұрын қанатынан құлақ сақиналығына дейінгі сызық

    3. +мұрын қанатынан сыртқы құлақ жанына дейінгі сызық

    4. езуден құлақ ортасына дейінгі сызығы

    5. мұрын қалтасының түбінен көз шарасына дейінгі сызық

5.47. Кампердің горизанталь сызығының маңызы қандай?

  1. орталық окклюзияны анықтауға арналған бағыт-бағдар (ориентир) сызық

  2. тістемнің түрін анықтауға арналған бағыт-бағдар сызық

  3. тіссіз жақтардың тістемін анықтайтын бағыт-бағдар сызық

  4. +тістерді шыны бойына орналастырып шығуға арналған бағыт-бағдар (ориентир) сызық

  5. сагитальді буын жолын анықтауға арналған бағыт-бағдар сызық

5.48. Дайын болған толық алмалы-салмалы протездің сапасын тексеру барысында базистегі кеуектер байқалады. Қандай технологиялық қателіктер жіберілген?

    1. протез толық полимеризацияланбаған

    2. полимер мен мономердің ара қатынасы дұрыс емес

    3. кювета салқын суға салынған

    4. +полимеризация бұзылған

    5. ішінде протезі бар кюветаны тез салқындатқан

5.49. Не нәрселер тіс қатарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді?

A) түйісу нүктелері

B) пародонт пен альвеола өсіндісі

C) қызылиек

D) түбірдің ұзындығы

E) науқастың жеке-дара ерекшеліктері

1. B, C

2. C, D

3. E, D

4. E, A

5. +A, B

5.50.Тіс доғасын құрастыру үшін не нәрселерді бағыт-бағдар (ориентир) ретінде аламыз?

    1. жымию сызығын және сүйір тістер сызығын

    2. сүйір тістер сызығын және ортаңғы сызықты

    3. жымию сызығы және ортаңғы сызық

    4. +жоғарғы жақ тістем білігінің сыртқы беті, алвеола өсіндісінің орталықпен өтетін сызық, протетикалық сызықтыққа, сәйкес орналастырылған шыны

    5. протетикалық жазықтық пен белгіленген бағыт-бағдар сызықтар

5.51. Сыртқы есу жолының төменгі жиегімен мұрын қырын байланыстыратын сызықты не деп атайды?

A) Шпеяның қисық сызығы

B) +Кампердің горизонталь сызығы

C) базальді доға

D) кламмерлік тік сызық

E) горизонтальді сызық

5.52. Фронтальді беттегі протетикалық жазықтықты қалыптастыру үшін қай сызықты бағыт-бағдар (ориентир) ретінде алады?

A) +көз қарашығы сызығын

B) мұрын құлақ сызығын

C) еріндердің түйіскен сызығын

D) физиологиялық тыныштық биіктігін

E) ортаңғы сызықты

5.53. Тістер толық жоқ болған жағдайда беттің төменгі биіктігі қалай өзгереді?

A) биіктемейді

B) +төмендейді

C) өзгермейді

D) төменгі жақ оңға жылжиды

E) төменгі жақ жылжиды

5.54. Пластиналы протезді жөндеу үшін қай пластмассаны пайдаланады?

A) этакрил, фторакс;

B) +протакрил, редонт;

C) бокрил;

D) АКР-5;

E) боксил

5.55. Толық пластиналы протез базисінің орташа қалыңдығы қанша?

A) +2 мм

B) 0,9-1 мм

C) 0,5 мм

D) 1,5 мм

E) 4-5 мм

5.56. Жасанды тістерді сфера жазықтығы бойынша орналастырғандағы жазықтық радиусы қаншаға тең?

A) 5-6 см

B) +9см

C) 15-20 см

D) 3-4 см

E) 25-30 см

5.57. Толық алмалы-салмалы протездің құрамындағы элементтерге не кіреді?

A) базис, тістем біліктері

B) жасанды тістер

C) тіреп-ұстап тұрушы кламмерлер

D) +базис, жасанды тістер

E) доға тістер

5.58. Жеке-дара қасық жасау үшін пайдалынатын пластмассалардың түрлерін атаңыз:

A) синма

B) ортосил, боксил

C) ортопласт

D) фторакс

E) +протакрил, редонт

5.59. Толық алмалы-салмалы протездің бекітілуі мен тұрақтануына ненің қатысы жоқ:

A) анатомиялық ретенцияның

B) адгезияның

C) функциональді сорылудың

D) жасанды тістерді орналастырудың

E) +кламмер жүйесінің

5.60. Окклюдаторға орналастырып шыққан тістерді қандай мақсатпен окклюдатордың ішкі жағынан қарап тексереді?

A) +шайнау тістердің таңдай және тіл төмпешіктер түйісу жағдайын тексеру үшін

B) ортаңғы тістердің орталық ара қатынасын тексеру үшін

C) балауыз базисті мүсіндеу үшін

D) анатомиялық құрылысқа сәйкестендіру мақсатында

E) жасанды тістердің түрін тексеру үшін

5.61. Толық алмалы-салмалы пластиналы протезді жасау қанша зертханалық кезеңнен тұрады?

A) 5

B) 3

C) 2

D) +4

E) 6

5.62. Біздің кафедра қолданылатын протез асты шырышты қабық жіктемесін ұсынған кім?

A) Кеннеди

B) Джексон

C) Курляндский

D) +Суппле

E) Гавлилов

5.63. Жоғарғы жақ сүйекке жеке дара қасықты кигізіп көргенде қасықтың алшақ (дистальді) жатқан шеті таңдайда қалай орналасуы керек?

A) қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың шекарасына жетпеу керек

B) жұмсақ таңдайға 2-3 мм жетпеуі керек

C) +қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың шекарасындағы тұйық тесіктерді 1-2мм жабуы керек

D) жұмсақ таңдайда жатуы керек

E) қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігінде жатуы керек

5.64. Төменгі жақ сүйекке жеке дара қасықты кигізіп көргенде науқас екі ұртын тілімен кезек-кезек түртсе қасық орнынан жылжиды. Қасықтың қай жерін жөндеп түзету керек?

A) қасықтың төменгі жақ сүйек төмпешігінен 2-азу тіске дейінгі сыртқы қырын қырнау керек

B) қасықтың ұрт қатпар сызығына дейінгі сыртқы қырын қырнау керек

C) +қасықтың тіл мен ауыз түбі бұлшық еттерінің жақ сүйекке бекіген тұсына дәл келетін жерін қырнау керек

D) қасықтың иек асты – тіл бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекіген тіл үзбесінің айналасына дәл келетін жерін қырнау керек

E) қасықтың ұрт және иек асты бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекіген төменгі ерін үзбесінің айналасына дәл келетін жерін қырнау керек

5.65. Протетикалық жазықты анықтағанда оны қалыптастыру неден басталады?

A) төменгі біліктің окклюзиялық бетінен басталады

B) жоғарғы біліктің барлық окклюзиялық бетінен басталады

C) +жоғарғы біліктің алдыңғы бөлімінен басталады

D) жоғарғы біліктің бүйір бөлімінен басталады

E) жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің бөліктерімен бір жолы, бір

мезгілде басталады

5.66. Протетикалық жазықтықты бүйір тұста қалыптастырғанда неге қарай қалыптастырамыз?

A) қарашық сызығына қарап қалыптастырамыз

B) +мұрын-құлақ сызығына қарап қалыптастырамыз

C) тістердің бір-бірімен түйісу сызығына қарап қалыптастырамыз

D) физиологиялық тыныштық кезіндегі биіктігіне қарап

қалыптастырамыз

E) ортаңғы сызығына қарап қалыптастырамыз

5.67. Экзостоздар – дегеніміз не?

A) төменгі жақтың алвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешіктері

B) жоғарғы жақтың алвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешіктері

C) ішкі қиғаш сызық тұсындағы сүйек төмпешіктері

D) қатты таңдайдың жиегі тұсындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері

E) төменгі бірінші үлкен азу тістің вистибулярлы тұсындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері

1. +A, B

2. B, C

3. C, D

4. D, E

5. E, A

5.68. Торус дегеніміз не?

A) төменгі жақ сүйек альвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешіктері;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]