Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тест

.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
61.09 Кб
Скачать

Төменде берілген жауаптардың қайсысы елдегі денсаулық сақтау жағдайын аса дәл анықтайды:

а) туу деңгейі

б) өлім деңгейі

в) жан басына дәрігерлер саны

+г) нәрестелер өлімі

д) бала өлімі

Аса анық кумулятивті қабілеттілік неде байқалады:

а) дигоксинде

+б) дигитоксинде

в) коргликонда

г) строфантинде

д) изоланидта

Өкпе жүрегінің қалыптасуына не қолдау көрсетпейді:

а)муковисцидоз

б) созылмалы пневмония

в) бронх демікпесі

+г) аортальді клапанның жеткіліксіздігі

д) бастапқы өкпе гипертениясы

Ауыз арқылы қабылданатын препараттармен теміртапшылықты анемияны емдеудің жалпы ұзақтығы қанша уақытты құрайды:

а) 1 жыл

+б) 3-6 ай.

в) 1 ай

г) 2-3 ай.

д) 2-3 жыл

5 жастағы балаларда дем алу жиілігі /1 минутта/:

а) 16-20.

+б) 20-30.

В) 30-40

Г) 40-50.

Д) 50-60.

ЭКГ - гипокалиемия туралы куәландыратын белгі:

а)экстрасистолдар

б)синусты тахикардия

в)Гис шоғырының оң жақ ұшының бітеліп қалуы

+г)жүрекшенің фибрилляциясы

г)ST сегменті изосызықтан төмен

Сурфактант туындайды:

а) гепариноцит

б) лимфоциттармен.

в) бокал тәріздес клеткалармен.

г) макрофагтармен.

+д) 2 түрдегі альвеоциттермен

Талған кезде қандай шаралар жүргізілмейді:

а) төсекке жатқызу, төсектің бас жағын түсіру

б) еркін тыныс алуды қамтамасыз ету

в) таза ауаны қамтамасыз ету

г) бетке суық су шашу

+д) несеп айдау құралдары

ЭКГ - гиперкалиемия белгісі

а)экстрасистолдар

б)синусты тахикардия

в) Гис шоғырының оң жақ ұшының бітеліп қалуы

г) жүрекшенің фибрилляциясы

д) +Т жоғары кертеші

Дені сау балалардың перифериялық қанында ретикулоциттердің мөлшері қандай:

а) 25-30%.

б) +0,5-1%.

в) 16-20%.

г) 2-3%.

д) 8-10%.

4-5 жастағы баланың гемограммасында лимфоциттердің қандай мөлшері жастық нормативтерге сәйкес келеді:

а) 30%.

б) +45%.

в) 60%.

г) 70%.

д) 75%.

Бала қанының формуласында екінші физиологиялық қиылысудың мерзімі:

а)туылғаннан кейін 5 күн.

б)10-11 ай.

в)2-3 жыл.

г) +4-5 жыл.

д)5 жыл.

Баланың лейкограммасында алғашқы қиылысу жүретін жасты атаңыз:

а) 5 жыл

б) 15 ай

в) +5 күн

г) 4 жыл

д) 6 жыл

Гипопротеинемия туралы куәландыратын қандағы жалпы белоктың мөлшерін көрсетіңіз:

а) +55 г/л

б)60 г/л

в)65 г/л

г)70 г/л

д)80 г/л

Қандай антикоагулянт қандағы барлық ұю факторларының тежегіші болып табылады?

а) гепарин.

б) альфа2-макроглобулин.

в) антитромбин-1.

г) +антитромбин- 3.

д) антитромбин-4.

Гемограмманың қандай көрсеткіші теміртапшылықты анемияның белгісі болып табылмайды?

а) микроцитоз.

б) эритроциттердің гипохромиясы.

в) анизоцитоз.

г) +бластты клеткалардың пайда болуы.

д) пойкилоцитоз.

Лейкемоидті реакциялардың келесі нұсқалары орын алуы мүмкін, тек біреуінен басқа:

а) эозинофильді түрдегі.

б) лейкопения.

в) лимфоцитарлық түрдегі.

г) +анемиялық түрдегі.

д) лимфоцитарлық-моноцитарлық түрдегі.

Асқынған асқазан-ішек қан кетуі төменде берілгендердің барлығымен сипатталады, тек біреуінен басқа:

а) қан құсу.

б) мелена.

в) тері жабындарының бозарыңқылығы.

г) коллапс.

д) +гипертермия.

Нефроттік синдромның белгілерін атаңыз:

а) +протеинурия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, ісінулер

б) гематурия

в) цилиндрурия

г) артериалық гипертензия

д) анемия

Вирустың этиологияның асқынған ларингиті кезінде стеноз үшін келесі белгілердің біреуі тән емес:

"а) баланың ""айқайы"" және жылауы кезінде дауыстың шығуы."

б) стенотикалық дем алу.

в) кеуде клеткасының жұмсақ жерлерінің тартылуы.

г) инспираторлық ентікпе

д) +экспираторлық ентікпе

Екі жастағы балаға 2 апта бұрын АКДС егілді. Осыдан кейін бір түннің ішінде қыздың барлық арқасы ісініп кетті. Анасарка. Зәрі аз шығады. Болжанған диагноз:

А) Асқынған гломерулонефрит

Б) Аллергиялық реакция

В) +липоидті нефроздың нефротикалық синдромы

Г) Асқынған пиелонефрит

Д) Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Бала 5 жаста. Кеше кешкісін анасы баланың құлағының артында және басының шашты бөлігінде қабыршақты бөртпені байқайды. Таңертең тұмау, арқада бөртпе элементтері пайда болды. Дене қызуы 37,5°С. Сіз қандай диагноз қоясыз:

А) Жұншау

Б) +Шешек

В) Қызылша

Г) Псевдотуберкулез

Д) Аллергиялық бөртпе

10 жастағы балаға дәрігер үйге шақырылды. Бала екінші тәулік бойы сырқаттанып жатыр. Дене қызуы 39,0°С. Іші және белі, сонымен қатар басы қатты ауырады. Терісі таза және боп-боз. 19 сағат бойы дәретке бармаған. Болжаланған диагноз:

А) Жіті пиелонефрит

Б) +Асқынған гломерулонефрит

В) Цистит

Г) Атоникалық зәр қуығы

Д) Көпіршікті-зәрағар рефлюксі

"Қыз 8 жаста. Үйге дәрігер шақырылды. Екі күн бойы қатты ауырып жатыр. Дене қызуы тәулік ішінде 38,0-40,0°С дейін көтерілген; қалтырап тоңып жатыр. Қыз азып кеткен. Дәретханаға жиі барады, зәрі мөлдір емес. Болжанған диагноз:"

А) Асқынған цистит

Б) Асқынған уретрит

В) Асқынған гломерулонефрит

Г) +Асқынған пиелонефрит

Д) Зәр шығару жолдарының инфекциясы

10 жастағы баланы объективті қарау кезінде екі жағынан қабырғаларынан астында бұдырлы, тығыз-созылмалы төзілімдерді байқауға болады. Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің зертханалық белгілері бар. Бірінші кезекте қандай ой келеді:

А) Бүйректердің қосарлануы туралы

Б) Бүйректің поликистозы туралы

В) Бүйректің мультикистозы туралы

Г) Созылмалы пиелонефрит туралы

Д) Бүйректің эхинококкозы туралы

1 жас 7 айлық бала. Кенеттен туындаған жөтелге, 15 минутқа созылған ентікпеге шағым жасалды. Баланы қарау кезінде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, өкпесін тыңдаған кезде, сол жақтан жоғары жағында дем шығарғанда қырылдаған, перкуторлық қорапты дыбыс шығады. Болжаланған диагноз:

А) Бронх демікпесі

Б) Обструктивтік бронхит

В) +Бронхтағы бөтен зат

Г) Бронхиолит

Д) Көкжөтел

Бала 7 жаста. 5 күн бойы сырқаттанып жатыр. Дене қызуы 37,6°С. Шағымы: демалуы киын, инспираторлық ентікпе, әлсіздік. Қарау кезінде: тамағында өңез, сыбырлап сөйлейді, терісі боп-боз, 1 минутта ЖЖЖ 120, қатаң үн, жүректің сол шекарасы емшектің ұшынан 2 см шығып тұр. Болжанған диагноз:

А) Жалған круп

Б) Ангина

В) Ревматизм

Г) ЖРВИ, миокардит

Д) +Дифтерия

Дәрігердің қабылдауында анасы үш айлық баласында белсенді былдырлау жоқ екеніне шағымданады. Осы жағдайдың дұрыс анықтамасын табыңыз:

А) 3 айға дейін белсенді былдырлаудың болмауы қалыпты нәрсе.

Б) Балада құлақ естігіші төмен. Баланы сурдологтың, генетиктің қарауына жіберу керек.

В) ОЖЖ ақау салдарында психомоторлық дамудағы артта қалушылық.

Г) Дамудағы артқа қалушылық физикалық әлсіз балада болуы мүмкін.

Д) +Жоғарыда айтылған барлық нұсқалар.

13 жастағы балада мерзімді түрде көзінің ақ қабығының сарғыштығы байқалады, емделушінің інісі сондай түрдегі сары аурумен 2 рет ауырған. Физикалық тексеріс ешқандай ақау таппады. Бауырды зерттегенде келесілер анықталды: жалпы билирубин - 38,8 мкмоль/л, тіке - 3,5 мкмоль/л, АСТ, сілтілі фосфатаза - норма, сканерлеу - қалыпты. Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін:

А) вирустық гепатит

Б) туа біткен гемолитикалық анемия

В) Дабин-Джонсон синдромы

Г) +Жильбер дерті

Д) Өт-тас ауруы

Туылғанына 7 күн болған нәрестені патронажды қарау келесідей болды: ішінің төмен жағында, аяқ-қолдарында, бүгілген жерлерінде әр алуан даму сатысындағы көпіршіктер анықталды (өлшемдері: диаметрі бойынша 0,5-тен 1,5 см дейін, олар іріңге толы болған, көпіршіктердің негізі эритематоздық дақтардың негізінде біршама сіңген). Никольский синдромы теріс болған. Көпіршіктерді ашқаннан кейін эрозия қалған. Бұрынғы көпіршіктердің орнында қабықтар түзелмеген. Баланың жалпы күйі нашарламаған. Дене қызуы субфебрильді. Сіздің диагнозыңыз:

А) Туа біткен буллезді эпидермолиз

Б) Туа біткен сифилис

В) Лайел синдромы

Г) Эксфолиативті Риттер дерматиті

Д) + Пемфигус (жаңа туылған нәрестенің күлдіреуігі)

Сегіз айлық баланың физикалық дамуын бағалау кезінде оның дене салмағы 7300 г, бойы 68 см құраған. Туылған кезде баланың дене салмағы 3200 г, бойы 50 см болған. 4 айға дейін емшек берілген, содан кейін бейімдендірілген қоспаға ауыстырылған. 5,5 айдан бастап ботқа (манка, сұлы) түріндегі тамақ, 6,5 айдан бастап - көкөністер езбесі, 7 айдан бастап ет беріле бастаған. 5 айға дейін даму жасына сәйкес келген, содан кейін дене салмағы аз қосылатындығы (80-100 г) байқалған, ал 7 айдан кейін бала дене салмағын жоғалтқан. Күніне 2-3 мәрте дәрет сындырады, мерзімді түрде 5 мәрте. Болжаланған диагноз:

А) Муковисцидоз

Б) +Целиакия

В) Галактоземия

Г) Лактазаның жетіспеушілігі

Д) Сахарозаның жетіспеушілігі

10 сыныптағы оқушы күрт тоңғанына, басының сынып ауырғанына, қатты шөлдейтініне шағымданды. Ауырғанына бір күн болды. Дене қызуы 40,0° С. Есі шатасқан. Тері жабындары көк, бөксесін, санын ұсақ нүктелі петехиялардан 3-4 см өлшеміндегі қан құйылысына дейін геморрагиялық бөртпелер басқан. Қарында, арқада, қолдарында бірлі-жарым розеолезді және розеолезді-папулезді элементтер. Шүйде бұлшық еттері қатты, Керниг симптомы күмәнді, тамыр соғуы минутына 120, әлсіз толған, жүректің үні қатаң, АҚ 85/55 мм рт. ст., ЧД минутына 28. Қанда: сол жаққа ауысқан лейкоцитоз 22х10 9 /л, СОЭ 26 мм/ч. Бірінші кезекте қандай ой келеді:

А) Тұмау

Б) Септицемия

В) +Менингококкцемия

Г) Тромбоцитопениялық пурпура

Д) Шенлейн-Генох дерті (геморрагиялық васкулит)

Жеңіл анамнезі бар 4,5 айлық қызға АКДС екпесі + полиомиелит профилактикалық егу жүргізілді. Алдыңғы АКДС+ полиомиелит егуді (3 айында) жақсы көтерді. Укол салғаннан кейін екінші күні қыздың дене қызуы 38 градусқа көтеріліп кетті, мазасыздық, гиперемия орын алып, егілген жер қатайып кетті. АКДС екпесін қайта еккеннен кейін ықтимал реакцияларды атап өтіңіз.

А) қызудың көтерілуі

Б) мазасыздық

В) гиперемияның пайда болуы

Г) екпе егілген жердегі қатаю

Д) + жоғарыда айтылғанның барлығы

"6 жастағы қыз жасына байланысты өсіп, дамып келе жатты. Проф. егулерді егу күнтізбесіне сәйкес алып отырды. Алғашқы рет 4 жасында Манту реакциясы жасалды. Нәтижесі - папула 12см. ""Туб вираж"" анықталды, осыған орай 3 ай бойы химиопрофилактикадан өтті. Осы қызға 6 жаста қандай егулер жасауға болады?"

А) +АДС, ЖКВ-2(қызылшаға қарсы)

Б) БЦЖ, АДС

В) БЦЖ, ЖКВ-2

Г) БЦЖ, АДС, ЖКВ-2

Д) жоғарыда айтылғанның барлығы

6 айлық бала егу күнтізбесі бойынша профилактикалық егулер алып жүрді. Дәрігердің қарауында сол жақтағы қолтық астында лимфатикалық түйіндердің 1 см (фасоль) ұлғайғаны анықталды. Фтизиатр БЦЖ белгіледі. 6 жастағы балаға қандай егулер жүргізуге болады, тек біреуінен басқа:

А) +ЖКВ-2 (қызылшаға қарсы)

Б) ЖПВ (паротит эпид. қарсы))

В) АКДС қайта егу

Г) БЦЖ

Д) АДС

Балаға 8 күн толды, шала туылған, туылған кезде дене салмағы 1000г болған. Жаңа туылған нәрестеге перзентханада қандай егу жүргізуге болады?

А) БЦЖ, ОПВ, ВГВ1

Б) БЦЖ, ОПВ

В) +егілмеуі қажет

Г) БЦЖ, ВГВ1

Д) ВГВ1,ОПВ

12 жастағы қызда бойшаңдық, булимия, шөлдеу, III дәрежедегі семіру, сүт бездерінің, бөксесінің, иығының, қарынының терісінде қызғылт стриялар. Артерилық қысым - 135/ 85 мм рт. ст. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз:

А)конституциялық-экзогенді семіру

Б) +май алмасуы бұзылған гипоталамикалық синдром

В)церебральді семіру

Г)вазоренальді гипертензия

Д)симпатикотоникалық типі бойынша вегетативті дистония синдромы

8 жастағы бала 1 сағат бойы ессіз қалыпта жатыр, Куссмауль тынысы, бет гиперемиясы, терінің құрғақтығы, көздің алмасы жұмсақ, аузынан ацетонның иісі шығады. 3 апта бойы шөлдеу мазасын алған, жиі дәретке барған. 1 кг азған. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз қандай?

А)қант диабеті

Б)қанттың емес диабет

В) +диабеттік кетоацидоттік кома

Г)менингит

Д)гипогликемиялық кома

Бала 1 жаста, қатты ауырып қалған, дене қызуы 38. 9 градусқа дейін көтерілген, тамаққа байланыссыз екі рет құсқан, жалпы мазасыздық, жылай береді, тамақ ішуден бас тартады, жедел жәрдеммен стационарға жеткізілген, тексеру кезінде бөксесінде, аяқтарында ұсақ нүктелі геморрагиялық бөртпе байқалған, тексергенде гиперестезия анықталған, мәжбүрлі жағдай - басты шалғайту, желке бұлшық еттерінің қатаюы. Диагноз туралы сіздің пікіріңіз:

А)нейротоксикоз

Б) +менингококты инфекция, менингококкцемия, менингит

В)қызылша қызамығы

Г)қызылша

Д)геморрагиялық васкулит

"Бала 8 жаста, бас ауруы, бас айналу, бір реттік құсу, жүрек айну, жалпы әлсіздікке шағымданғаннан кейін ауруханаға жеткізілген. Анамнез бойынша: дене шынықтыру сабағында жерге басымен құлаған, аз уақытқа есін жоғалтқан, кері амнезия, неврологиялық жағдай: екі жақтан конвергенцияның бұзылуы, оң жақта мұрын-ерін бөрмесінің тегістігі, гипотония, D>S, анизорефлексия, оң жақтан Бабинский симптомы, менингеальді симптомдар жоқ. 4 - 6 тәулікке қарай неврологиялық белгі кері қайтқан.

Сіздің диагнозыңыз:"

А) + ми шайқалу

Б) жеңіл ауырлық дәрежесіндегі бас миының жарақаты

В) орташа ауырлық дәрежесіндегі бас миының жарақаты

Г) ми қан айналымының бұзылуы

Д) вегетативті пароксизм

"Қыз 13 жаста. 2 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Тамақ ішкеннен кейін эпигастриядағы ауыру және ауырлық, кекірік, жүрек айну, ауыздан шығатын жағымсыз иіс мазалайды. Метеоризм, диарея. Бозарған, склераның субиктериялығы, ""лакталған"" тіл. Кейде тілінің күюі, аяқ-қолдарында түршігу сезімі туындайды. ОАК гиперхромды, макроцитарлы анемия.

Осы клиникалық сипаттамаға созылмалы гастриттің қандай эндоскопиялық суреті сәйкес келетін болады:"

А) +атрофиялық форма

Б) эрозивті форма

В) гипертрофиялық форма

Г) беттік

Д) аралас форма

"Бала 7 айлық - физиологиялық өткен II босану. 2 айлықтан бастап майы алынбаған сиыр сүтімен тамақтандырылған. Көкөніс езбесін онша жемейді. Көбінесе ботқалар жейді. Объективті: өз бетінше отыра алмайды, шеке мен төбе бұдырмақтары айқын, қабырға сүйектері қатты байқалады, Гаррисон жүлгесі. Бұлшық ет тонусы төмен. Бауыры шетінен 2 см шығып тұрады. Бас органдарында ерекшеліктер жоқ.

Болжаланған диагноз:"

А) I рахит, өршіп тұрған кез, асқыну

Б) I рахит, өршіп тұрған кез, сәл асқыну

В) II рахит, өршіп тұрған кез, асқыну

Г) II рахит, өршіп тұрған кез, қайта орын алу

Д) + II рахит, өршіп тұрған кез, сәл асқыну

3,5 айлық балада жеңіл тершеңдік, бұлшық ет гипотониясы, желкесінде шашының түсуі, жеңіл пероральді цианоз байқалады. Рахит диагнозын қою үшін қандай диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет, тек біреуінен басқа:

А) қан сарысуының фосфоры

Б) қан сарысуының кальцийі

В) сілтілі фосфатаза

Г) +Сулкович сынамасы

Д) жалпы қан анализі

"Бала 1 жаста. Ата-аналары шайқалып жүретін ""үйрек"" тәріздес жүріске шағымданады. Баланы қарау кезінде: жағдайы қанағаттандырарлық. Бұлшық ет тонусы қанағаттандырарлық. Маңдайында және төбесінде бұдырмақ, қабырға сүйектері қатты байқалады, сирағының О-тәріздес бұзылуы анық көрінеді. Ішкі органдарында ақау жоқ. Болжаланған диагноз:"

А) +фосфат -диабет

Б) Д дәрумені - тәуелді рахит, псевдотапшылықты, гипокальциемиялық

В) ұршық буынының дисплазиясы

Г) Д дәрумені -тапшылықты рахит

Д) Де-Тони Дебре-Фанкони дерті

"Бала 2,5 айлық. II жартысындағы гестоз фонындағы екінші жүктілік. Туылғанда дене салмағы 3600г., бойы 53см. болған. 3,5 аптадан бастап әр тамақтандырғаннан кейін жиі тамағын шығарып тастаудан ""фонтан"" тәріздес құсуға дейін орын алған. Объективті: Тері жабындары бозарған, құрғақ ""мәрмәр тәріздес"" суреттермен. Тері астындағы май қабаты жұқа, тін тургоры азайған, бұлшық ет гипотониясы. Ішкі органдарының ақауы жоқ. қарау кезінде баланың салмағы 4300г. Диагнозын қойыңыз:"

А) ацетонемикалық құсу

Б) I дәрежедегі гипотрофия

В) +пилоростеноз, II дәрежедегі гипотрофия

Г) постнатальді, эндогенді (пилороспазм), II дәрежедегі гипотрофия

Д) III дәрежедегі гипотрофия

Бала 7 айлық, салмағы 9350г. Объективті: тері жабындары таза, тіннің тургоры артқан. Ішкі органдары тарапынан ауытқулар байқалмаған. Баланың жағдайы туралы сіздің пікіріңіз:

А) +I дәрежедегі паратрофия

Б) II дәрежедегі паратрофия

В) нормотрофия

Г) хондродистрофия

Д) семіру

"3 айлық нәрестеге туылғаннан кейінгі үшінші патронажды жүргізген кезде учаскелік педиатр 1 және 2 патронаждағы кеңестер нәрестеге ешқандай нәтиже бермегенін және анасында сәттің жоғалып кеткенін байқайды, өйткені анасында поллиноз асқынып кеткен және үйдегі жағдай қатты ширыққан. Анасы баласын ""Малютка"" сүт қоспасымен тамақтандыра бастаған. Үшінші күні балада мазасыздық, құсу, іштің кебуі, қорытылмаған үлкен дәрет байқалған. Бетінде гиперемия, басының шаш өсетін бүліктерінде және қасында гнейс пайда болған. Учаскелік педиатр сиыр сүтінің белоктарына айқын төзімсіздікті анықтап, келесі қоспаларды беруді ұсынады:"

А) Малютка, Хумана ГА, Фрисомел

Б) +Нутрамиген, Прегестимил

В) Нутрилон-Соя, Алсой

Г) Нутрилон-антирефлюкс

Д) Нутрилак төмен лактозалы

9 жастағы баланы учаскелік педиатрға көрсеткен. Анамнез бойынша: II жүктілік, алғаш рет босану. Туылған кездегі салмағы 3900, бойы 51 см. Сирек ауырады. Тәттіні, ұннан жасалған тамақты жақсы көреді. Аз қозғалады. Ата-аналары толық. Қарау кезінде: бойы 136 см, салмағы 58 кг, тері астындағы май клечаткаларының таралуы біркелкі, стрия жоқ. АҚ 100/50. Оған қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет, біреуінен басқа:

А) қант пен ацетонды анықтау үшін тәуліктік зәрдің талдауы

Б) бас сүйек рентгенограммасы

В) тәуліктік зәр мөлшеріндегі 17-КС және 17-ОКС

Г) холестериннің, ?-липопротеидтердің, триглицеридтердің деңгейі

д) +жалпы қан белогы және белокты фракциялар

Бала 2300 г. салмақпен туылды, бойы 46 см, жүктіліктің 1 және 2 жартысында токсикоз болған. Бала емшек емеді. Жаңа туылған нәрестені алғаш қараған кезде, бойы және салмағы бойынша кідірісі бар екені анықталған, салмақ-бой көрсеткіші 50 құраған. Құрсақ ішіндегі гипотрофияның дәрежесін анықтаңыз.

А) қалыпты физикалық даму

Б) III дәрежедегі туа біткен гипотрофия

В) + II дәрежедегі туа біткен гипотрофия

Г) I дәрежедегі туа біткен гипотрофия

Д) салмақ бойына сәйкес келеді

Босанғаннан кейін жаңа туылған нәрестеге III патронажды жүргізгеннен кейін баланың анасы учаскелік педиатрға 2 сағат бұрын дене қызуы 37,5 дейін көтерілгеніне, қолмен басып көргенде сол жақ түсінде тығыздалу, аз гиперемия пайда болғанына шағымданды. Сүтті сүзіп алғанда сүттің түсі қалыпты, ешқандай қоспасыз және қансыз болған. Учаскелік педиатрдың әрекеті.

А) емшекпен емізуге тыйым салады

Б) сүтті сүзіп алуға және баланы пастерленген сүтпен тамақтандыруға кеңес береді

В) +емшекпен емізуді жалғастыруға және тамақтандырғаннан кейін қалған сүтті міндетті түрде сүзіп алуға кеңес береді

Г) емшекпен емізуге тыйым салады және сүтті бактериологиялық зерттеуге жібереді

Д) баланы уақытша донорлық сүтке ауыстырады

Туылғанына 7 күн болған нәрестені учаскелік педиатр қарап шықты. Анамнез бойынша: бірінші жүктілік, анасының жасы 18, шешесі шылым тартады, жүктілік барысында I және II жартысында токсикоз болған. Босануға қолдау жасалған, сусыз кезең 8 сағат, кіндігі тамағын бір орап туылған. Шешесі жұмыс істемеген, тұрмысқа шықпаған, ата-аналарымен тұрады, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттандырарлық. Тұқым қуалаушылық ауыр емес. Бала емшек емеді. Бала қандай денсаулық тобына жатқызылады?

А) I денсаулық тобы

Б) + IIA денсаулық тобы

В) IIБ денсаулық тобы

Г) III денсаулық тобы

Д) IV денсаулық тобы

Бала 1 айлық. Емшек емеді. Баланы үйіне келіп қараған кезде, учаскелік педиатр баланың жүйке-психикалық дамуын бағалады және бала қозғалып бара жатқан қызыл шарды бір қалыпты бақылайтынын, дәрігердің сүзін тыңдайтынын, күлетінін, қарнында жатып, басын көтеруге және ұстап тұруға тырысатынын, мамасы сөйлегенде жауап ретінде жеке дыбыстар шығаратынын байқады. Дәрігер баланың жүйке-психикалық дамуын қалай бағалайды?

А) баланың дамуы озық

Б) жылдам даму

В) дамуы 1 эпикризді мерзімге кешеуілдеген

Г) дамуы 2 эпикризді мерзімге кешеуілдеген

Д) +қалыпты даму.

Бала 6 жаста. Мектепте оқуға дайындалып жатыр. Биологиялық жасы құжаттағы жасына сәйкес келеді. Бала бақшаның бағдарламасын белгілі бір қиындықтармен меңгерді. Мектепке жетілу деңгейі - 6-7 балл. Қарсылығы төмен. Сіз оны қандай дайындық деңгейіне жатқызасыз?

А)мектепте оқуға дайын

Б) +мектепте оқуға дайын емес

В)мектепте оқуға шартты түрде дайын

Г)жақсы деңгейде дайын

Д)мамандандырылған мектепте оқуға дайын

Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтауды қашан бастау қажет?

А)3 жастан бастап

Б) +5 жастан бастап

В)6 жастан бастап

Г)7 жастан бастап

Д)8 жастан бастап

"2 айлық баланың жүйке-психикалық дамуын тексеру кезінде анықталды: эмоционалдық реакциялары - сөйлегенге бірден күлімсірейді; жалпы қозғалыстары - білектеріне сүйеніп, басын жоғары көтеріп алып, қарынымен ұзақ уақыт жатады; қолтығынан ұстаған кезде аяғына сүйенеді және тізесі бүгілмей тұрады; ересек адам көтеріп тұрған кезде басын тік күйде ұстап тұра алады, сөйлеу реакциялары - ұйықтамағанда былдырлап сөйлейді; көзбен көру реакциялары - қозғалып бара жатқан затты ұзақ бақылайды, тік жағдайда ойыншықтарға қарайды, есту реакциялары - қатты дыбыс шыққан кезде, қайдан шыққанын іздейді. Жүйке-психикалық дамуын бағалаңыз."

А) қалыпты

Б) + озық

В) кешеуілдету

Г) қалыпты емес

Д) үйлесімді емес

"Бала 5 жаста, стационарға келіп түскен, шағымдары: тамақтан бас тартады, іші ауырады, күніне 2-4 рет сұйық үлкен дәретке барады, ұқсады, бөртпе шығып кеткен. Анықталды: орташа ауырлық жағдайы, улану симптомдары, терінің бозарыңқылығы, папулезді бөртпе, ""қолғап"" және ""шұлық"" симптомдары, эксикоз көрінбейді, күніне 3-4 мәрте дәретке барады, дәреті мол, қою жасыл түсті және жағымсыз иісті. Зоонозға РПГА- 1:400. Сіздің диагнозыңыз?"

А) жұншау

Б) сальмонеллез

В) шигеллез

Г) + иерсиниоз

Д) эшерихиоз

"Бала 12 айлық. Егер бала еңбектесе, орнынан тұрса және тұрып тұрса, отырса, заттарды қозғалтса, бір-бірінен шығарса, бірақ бір-біріне салмаса, ересек адамның айтқанын және сұрағанын орындаса, ""болмайды"" деген сөзді түсінсе, заттарды формасы бойынша айырса, түсінікті сөйлемде заттардың атауын жалпыласа, ""мама"" деп айтса, кеседен ішсе, бірақ оны ұстай алмаса, қалыпты жағдай туралы куәландыратын даму жолын таңдаңыз. Жасқа сәйкес келетін даму жолы:"

А)белсенді сөйлеу

Б) +айтқанды түсіну

В)сенсорлық даму

Г)заттармен әрекеті

Д)дағдылар

Қандай жолдар арқылы 7 айлық баланың жүйке-психикалық дамуы туралы қорытынды жасауға болады. (бір қате жауапты таңдаңыз)

А)жалпы қозғалыстар

Б) заттармен әрекеті

В)айтылғанды түсіну

Г)дағды

Д) +көру және есту реакциялары

"Бала 4 жас 3 айлық. Соматикалық дені сау. Сөйлеу және сенсорлық дамуында тежелу бар. Биологиялық анамнезі жақсы. Отбасы материалдық жағынан қамсыздандырылған. Анасының білімі 8 сынып. Отбасында 21 және 36 айлық тағы екі бала бар. Мамандардың қорытындысы бойынша бала сау.

Бұл баланы дамыту үшін не ұсынуға болады?"

А)үй жағдайларында арнайы жаттығу

Б) +мектепке дейінгі мекемеге жіберу

В)арнайы логопедиялық бала бақша

Г)табиғи жолмен дамуына жол беру

Д)невропатологта емдеу

Антропометрия кезінде балада қысқа бойлылық анықталған. Төменде берілген қай жағдайларда, егер соматикалық патология анықталмаса, бойдың конституционалдық ерекшелігін айтуға болады?

а)ата-анасындағы эндокринді патология

б) +бала ұлттық ерекшелігі бойынша қысқа бойлы халық тобына жатады

в)бала ұзын бойлы халық өмір сүретін аймақта тұрады

г)бала көп балалы отбасынан шыққан

д)шала туған бала, гипосомия, гипотрофия

3 жастағы жиі ауыратын бала үшін арнайы шыңдаудың басым әдісін таңдаңыз, оның генеалогиялық анамнезінде гипертониялық дертке шалдыққан үш туысқаны бар және біреуі қант диабетімен ауырады.

А)қарқынды шыңдау

Б)Иванов әдісі

В)контрастты әдіс

Г) +шыңдау кезінде дене қызуы біртіндеп төмендету

Д)дене қызуын бірден төмендету

Солақай балалардың жүріс-тұрысына қандай ерекшеліктер тән?

"А)""айналы"" ойлау"

Б)кеңістікте көру бағыт-бағдарының төмендігі

В) +жоғары эмоционалдылық, жоғары деңгейдегі мазасыздық, өз жүріс-тұрысын жоспарлаудағы қиындық

Г)анық байқалатын агрессивтік

Д)ой өрісінің төмендігі

Бала 12 жаста, диагнозы: созылмалы холецистит, стационардан шыққаннан соң 6 айдан кейін оң жақ қабырға астында ұстама тәріздес ауру пайда болған және ол оң жақ иыққа және жауырынға таралған, сондай-ақ құсу, жүрек айну, іш қату орын алған. Дәрігерде қаралғаннан кейін аурудың қайталануына қарсы ем тағайындалған. Аурудың қайталануына қарсы емді атаңыз.

А) диетотерапия

Б) өт айдайтын шөптер

В) антибиотиктер

Г) В тобындағы дәрумендер.

Д) +жоғарыда айтылғанның барлығы

Бала 7 жаста, 1,5 жастан бастап атопикалық дерматит диагнозымен бақылауда тұр, орташа-ауыр формасы. 3 жасқа дейін жылына 4-5 асқыну жағдайлары орын алған. Соңғы екі жыл бойы ремиссия байқалуда. Сіз қандай алдын алу шараларын жүргізесіз, тек біреуінен басқа:

А) білім беру бағдарламалары

Б) антигендік ауырлықты шектеу

В) емдік тамақтануды түзету

Г) шынықтыру

Д) +сыртқы терапия

Мектеп дәрігері диспансерлік қарау кезінде 11 жастағы қыздан экстрасистолия анықтаған. Емделуші ештеңеге шағымданбайды. Қарау кезінде науқастың жағдайы қанағаттандырарлық. Жүрек тарапынан: шекаралары қалыпта, жүрек соғу дыбысы сәл қатаңданған, жатқан күйде минутына 6-7 экстрасистол естіледі. Тұрған күйде жүрек соғу дыбысы қарқынды, экстрасистолдар естілмейді, физикалық жаттығудан кейін экстрасистол саны минутына 1 азайған. Учаскелік дәрігердің қойған диагнозы: Функционалдық кардиопатия. Емделудің негізгі жолдарын атап өтіңіз, тек біреуінен басқа:

А) вегетативті тонусты жақсартатын препараттар

Б) миокардтың зат алмасуын жақсартатын препараттар

В) инфекцияның созылмалы ошақтарын санациялау

Г) диетаны және күн тәртібін түзету, емдік физкультура

Д) + жүрек гликозидтері

Бала 7 жаста, тоңып қалғаннан кейін қатты ауырып қалған, дене қызуы 39,00С дейін көтерілген, құрғақ жөтел, бас ауруы пайда болған. Дәрігерде қаралғаннан кейін оң жақтағы пневмония анықталған және бала стационарлық емделуге жіберілген. Бала сауығып кеткеннен кейін емханада қанша уақыт қаралуы қажет?

А) 6 ай

Б) + 1 жыл

В) 2 жыл

Г) 5 жыл

Д) 15 жасқа дейін.

"7 жастағы бала ауруханаға жеткізілді, оның үш күн бойы басы ауырады, беті, жіліншігі ісіп кеткен, ""ет түсті"" зәр болған. Зәрдің жалпы талдауы: мөлшері - 70,0мл, түсі - қызыл, реакция - сілтілі, үлес салмағы - 1023, эритроциттер - өзгертілген, бүтіндей, лейкоциттер- 2-3 п\з, белок 0,99%. Қойылған диагноз: асқынған гломерулонефрит. Нефрологиялық бөлімге жатқызылған. Стационардан шығарылғаннан кейін науқасқа диспансерлік бақылаудың ұзақтығын көрсетіңіз:"

А) 6 ай

Б) 1 жыл

В) 3 жыл

Г) +қайталанбаған жағдайда 5 жыл

Д) 14 жасқа дейін

1 жастағы бала стационарға анық байқалған токсикозбен, аралас сипаттағы ентікпемен, 38С дене қызуымен келіп түскен. Перкуссия кезінде перкуторлық дыбыстық қорап тәріздес реңкі байқалады. Шашыраңқы қырыл естіледі, жауырынның оң жағында - тұрақты ұсақ көпіршікті қырылдар. Алдын ала диагноз қойыңыз:

А) бронхиолит

Б) альвеолит

В) +пневмония

Г) бронх демікпесі, ұстама

Д) обструктивтік бронхит